Қазақстанның ТӨлем жүйелерін



жүктеу 1.51 Mb.
бет1/11
Дата02.05.2016
өлшемі1.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің




ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН

ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ)





Дайындаған: Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті

Алматы, 2011 жылғы маусым


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 3

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ 4

ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ (ОВЕРСАЙТ): ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН 9

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ 15

БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМЫ ЖҮЙЕСІ 17

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылқы 21 қарашадағы № 242 қаулысымен бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесi. 19

БАНКАРАЛЫҚ КЛИРИНГ ЖҮЙЕСІ 27

32

БАНКТЕР АРАСЫНДАҒЫ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ 33


35

ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ 36



ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ 39

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМДАРЫ ЖҮЙЕСІ 54

ТАУАР АЙНАЛЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТӨЛЕМДЕР 56

ҚОРЫТЫНДЫ 63




КІРІСПЕ

Сенімді және қауіпсіз төлем жүйелері тұтастай алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік жасайды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылар арасында уақтылы есеп айырысуға кепілдік береді. Төлем жүйесін жетілдіру, оның ордан әрі дамуын таңдау Қазақстан Ұлттық Банкінің маңызды басымдығы болып табылады.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінің біріне жатқызылған.

Шаруашылық жүргізетін субъектілер арасында уақтылы есеп айырысуды қамтамасыз ететін және ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде ең төменгі тәуекелдермен сипатталатын төлем жүйелерін құру бойынша жұмысты Ұлттық Банк 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін бастады және жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша он жылдан астам бойы Қазақстан аумағында мынадай екі ұлттық төлем жүйесі ойдағыдай жұмыс істеуде және даму үстінде: Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) және Банкаралық клиринг жүйесі. Бұл ретте халықаралық қаржы ұйымдарының (Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк) сарапшылары ақша төлемі мен аударымын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ететін Қазақстанның төлем жүйелерінің жоғары тиімділігін және сенімділігін бірнеше рет атап өтті. Халықаралық Валюта Қоры консультанттарының бағалауы бойынша Қазақстанның төлем жүйелері жүйелік маңызды төлем жүйелері үшін Халықаралық Есеп айырысу Банкі белгілеген барлық 10 Басты қағидатқа (төлем жүйелері саласындағы халықаралық стандарттар) толық сәйкес келеді.

Төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету және жетілдіру мақсатында Ұлттық Банк ақша төлемі мен аударымының жекелеген мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді бекітеді. Бұл ретте төлем жүйелерінің техникалық сипаттамаларын жетілдіруге, жаңа төлем құралдарын ендіруге бағытталған іс-шаралар, сондай-ақ инновациялық төлем құралдарын пайдалануға арналған жеткілікті құқықтық базасын қамтамасыз ету бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Ұлттық Банктің ақша төлемі мен аударымы саласындағы негізгі функцияларының бірі төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) болып табылады, бұл елде төлем жүйелерінің жұмыс істеу деңгейін бағалауға, сондай-ақ төлем механизмдерінің қандай да болсын нарықтарының даму тиімділігін талдауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) жинағы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған және ұлттық төлем жүйелері мен өзге төлем механизмдерінің соңғы он жылдағы даму нәтижелерін көрсетеді.

Осы жинақта төлем жүйелерін реформалау бойынша негізгі қадамдар көрсетілген, Ұлттық Банктің төлем жүйелерін қадағалау бойынша функциялары ашып көрсетілген, ұлттық төлем жүйелерінің жұмысы жөніндегі статистикалық деректер, Қазақстан банктері арасындағы корреспонденттік қатынастар жүйесінің жұмысын және ел аумағында төлем құралдарын пайдалануды талдау берілген. Сондай-ақ төлем карточкалары нарықтары мен халықаралық ақша аударымы жүйелерінің дамуы туралы ақпарат берілген.




ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Қазақстанның егемендігін жариялау, нарықтық қатынастарға көшу елдің экономикасын, оның ішінде қаржы жүйесін құрылымдық реформалауға себепші болды. Бұл ретте сенімділігімен және жоғары тиімділігімен ерекшеленетін түбегейлі жаңа төлем жүйесін құрудың маңызды мәні болды. Қазақстан Республикасының төлем жүйесі реформасының негізгі мақсаттары банктер және олардың клиенттері арасындағы төлемдердің өтуін жеделдету (90-шы жылдардың басында бір төлемнің өту мерзімі 3-12 күнді құрады), сондай-ақ әртүрлі төлем құралдарын (тапсырмаларды, чектерді, төлем талаптарын) айналысқа неғұрлым кеңінен ендіру болып табылды. Қазіргі заманғы төлем жүйесін құру кезінде Қазақстанның Ұлттық Банкі Еуропа Одағы, Шығыс Еуропа, Балтық Жағалауы елдерінің және ТМД елдерінің тәжірибесін зерделеді.

Төлем жүйесін реформалаудың алғашқы қадамы 1991 жылы коммерциялық банктердің филиаларалық айналымдарының (ФАА) шоттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында ашылған корреспонденттік шоттарға көшіру болып табылды, бұл ФАА жабуға, банкаралық есеп айырысуларды реттеуге және коммерциялық банктерге (Кредсоцбанк, Промстройбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Жинақ банкі) кассалық қызмет көрсетудің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

КСРО-ның тарауына және кеңестік кеңістіктен кейінгі елдердің мемлекеттік тәуелсіздік алуына байланысты 1992 жылы ТМД елдерінің ұлттық/орталық банктері үшін сауда-экономикалық есеп айырысуларды жүзеге асыру мақсатында корреспонденттік шоттар ашылды. Осы шоттар бойынша операциялар 1992 жылғы 1 шілдеден бастап жүргізіле бастады.

1992 жылы банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк барлық ауданда, қалаларда, облыс облыстарының қалалық аудандарында және Алматы қ. есеп айырысу-кассалық орталықтарын құрды. 1992 жылдың ортасында Ұлттық Банктің 19 облыстық және 274 аудандық есеп айырысу-кассалық орталықтары жұмыс істеді.

1993 жыл ішінде Ұлттық Банк ел ішінде және сол сияқты одан тысқары шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара берешекті есепке алуды жүргізді. Осы жылы техникалық құралдардың дайын болуына орай жалға авизоларды пайдалануға жол бермеу және төлемдерді жеделдету мақсатында Қазақстан облыстарының арасындағы есеп айырысу кезінде электрондық төлемдерді ендіру басталды.

1994 жылы тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерінің шығарылымы жүзеге асырылды. Осы жылы Мемлекеттік бағалы қағаздардың орталық депозитарийі құрылды.

1995 жылы Қазақстанда тұңғыш Алматы клирингтік палатасын (АКП) құру маңызды қадам болды, ол көпжақты өзара есеп айырысу әдісі бойынша жұмыс істеді. Осы жүйенің кемшілігі қатысушы банктердің күннің аяғында төлем тапсырмаларын қағаз тасымалдауыштармен алмасуға тура келуі болды. Сол 1995 жылы Ұлттық Банк рубль аймағы елдерімен шоттарды салыстырып тексеруді және ұлттық банктердің корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды реттеуді жүзеге асырды, сондай-ақ тиісті мемлекетаралық келісімдерді дайындады.

Ұлттық Банк 1996 жылы төлем жүйелерін дамыту жөніндегі мынадай бірқатар іс-шараларды жүргізді:

- Ұлттық Банктің облыстық филиалдары жанында аймақтық клиринг палаталарын құру, олар ішкі аймақтық төлемдердің банкаралық клирингін жүзеге асырды;

- «электрондық төлем тапсырмасы» ұғымын нормативтік бекіту, төлем жүйесінің қатысушылары арасында ақпарат алмасу үшін электрондық хабарлардың SWIFT тәріздес форматтарын әзірлеу және ендіру;

- Алматы клиринг палатасын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (ҚБЕО) етіп қайта ұйымдастыру, ол осы уақытқа дейін төлем жүйелерінің операторы болып табылады.

1996 жылы ҚБЕО-да жиынтық негізде есеп айырысуды жүзеге асыратын және нақты уақыт режимінде жиынтық есеп айырысудың перспективалық жүйесінің (RTGS – real time gross settlement system) сипаттамалары бар ірі төлемдер жүйесін құру банкаралық төлемдердің өтуін жеделдетуге себепші болатын сәт болды. Ірі төлемдердің Қазақстандық жүйесінің негізі ретінде Швейцария тәжірибесі, атап айтқанда SIC (Swiss Interbank Clearing) жүйесін құру тәжірибесі алынды. Ірі төлемдер жүйесі қысқа мерзім ішінде қағаз нұсқасымен растай талап етілмейтін электрондық құжат айналымы нәтижесінде ақша аударымдарының жылдамдығы мен сенімділігі, сондай-ақ жоғары қауіпсіздік деңгейі бойынша барынша танымал болды.

Төлем жүйесін жетілдіруге себепші болған маңызды іс-шара Ұлттық Банктің орталық аппаратында екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттарын орталықтандыру болып табылды, орталықтандыру 1998 жылғы қазан – қараша аралығында жүргізілді. Корреспонденттік шоттарды орталықтандыру Ұлттық Банкке есеп айырысу банкінің және банктердің банкінің функцияларын жедел жүзеге асыруға, төлем жүйесін және тұтас банк жүйесін бақылау функцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Бөлшек төлемдерді нарығында бәсекелестікті құру және банк қызметінің осы саласында қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 1999 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының аумағында Ұлттық Банкінің облыстық филиалдары жанындағы клирингтік палаталардың қызметі тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстанда Америка автоматтандырылған клиринг жүйесінің түрі бойынша жүйе клиринг жүйесін (қатысушылардың жалпы жүйедегі таза позицияларының түпкілікті есебімен қаражатты алдын ала депонирлемей жұмыс істейтін, қарама-қарсы міндеттемелерді көпжақты өзара есепке алу жүйесін) – осы уақытта ойдағыдай жұмыс істеп тұрған Банкаралық клиринг жүйесін құру туралы шешім қабылданды.

1998 жылғы маусымда «Ақша төлемi мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, бұл Қазақстан Республикасындағы ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейтiн негізгі құжат және Ұлттық Банктің осы саладағы нормативтік құқықтық базасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.

Нормативтік және технологиялық базаны жетілдіру нәтижесінде банктік және қаржы секторларының сол күнгі түпкілікті есеп айырысулары бар тиімді және қауіпсіз жүйеге өсіп отырған қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ірі төлемдер жүйесі 2000 жылы нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін және Қазақстанның жүйелік маңызы бар төлем жүйесі болып табылатын Банкаралық ақша аударымы жүйесі (БААЖ) болып қайта құрылды.

Кез келген ел үшін RTGS жүйесін құрудың қаржы саласында ең жоғары басымдығы бар. Осы жүйенің болуы мемлекеттің банк жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін сипаттайды. Бүкіл әлемде осындай жүйелерді құруға қойылатын тиісті талаптарды белгілейтін жалпыға ортақ стандарттар қолданылады. Осылайша, БААЖ-ды ендіру жүйеге қатысушы банктердің мониторинг жүйесінің механизмдерін және өтімділік тәуекелдерін басқаруды жетілдіруге мүмкіндік беретін, Қазақстанның төлем жүйесінің дамуының келесі маңызды кезеңі болып табылды.

2003 және 2005 жылдары Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің сарапшылары Қазақстанның төлем жүйелеріне бағалау жүргізді, оған сәйкес Қазақстанның төлем жүйелері халықаралық стандарттарға, оның ішінде Халықаралық Есеп айырысу Банкі жүйелік маңызды төлем жүйелері үшін белгіленген 10 Басты қағидаттарға сәйкес келеді деп танылды. Сондай-ақ, 2003 жылғы қарашада Қазақстанның төлем жүйелері жұмысының негізгі ерекшеліктерін ашатын Төлем жүйелері жөніндегі Қызыл кітап жарияланды. 2006 жылғы сәуірде Қазақстандағы төлемдер, клирингтік және есеп айырысу жүйелері жөнідегі күміс кітап шығарылды.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қ. жаңа Резервтік орталығын салу бойынша жұмыстар басталды. Ұлттық Банк Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 51 қаулысымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік Орталығы» акционерлік қоғамы құрылды», оны құрудың негізгі мақсаты Резервтік орталықтың үйін салу және оны одан әрі пайдалануға беру болып табылады.

Ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік тілді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан төлем жүйелерінің ҚР СТ 1048-2002 стандартына негізделген қазақ тілінің символдары бар жаңа код кестесін пайдалануға көшу жүзеге асырылды.

2009-2010 жылдары Ұлттық Банк Қазақстан төлем жүйелерінің операциялық сенімділігін және өндірістік тиімділігін арттыру мақсатында ұлттық төлем жүйелерінің техникалық инфрақұрылымын түрлендіру және жаңа бағдарламалық-техникалық платформаға көшу бойынша жұмыс жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 2010 жылғы 7 маусымда олардың төлем жүйелерінің жаңа нұсқаларына (БААЖ-2, Банкаралық клиринг жүйесі-2) миграциясы жүзеге асырылды, миграция жоғары қауіпсіздік деңгейімен және өткізу мүмкіндігінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталады. Жаңа төлем жүйелерінің барлық компоненттері ресурсты үнемдеу және барынша пайдалану талаптары, қорғаныш пен рұқсат етудің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржы саласында қолданылатын стандарттармен үйлесімдігі ескеріле отырып әзірленді. Негізгі және резервтік орталықтардың бір тұтас ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін кластерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді теңшеу және тәжірибелік пайдалануға енгізу жүзеге асырылды.

Сондай-ақ 2009 жылы төлем жүйелерінің басым бағыттары және Қазақстанның төлем жүйелерінің инфрақұрылымына қатысты жалпымемлекеттік мәні бар жобалары іске асыру кезінде тиімді іс-әрекет жасау бойынша келісілген саясатты әзірлеу мақсатында Ұлттық Банк жанында консультациялық-кеңесші орган – Ұлттық төлем кеңесі құрылды.

Ұлттық Банктің соңғы жылдардағы негізгі жобаларының бірі клиенттердің банк шоттарының реформасы болды, ол 2005 жылы басталып, 2010 жылы ойдағыдай аяқталды. Банк клиентінің шоты (клиенттің жеке сәйкестендіру коды) төлем құжатының міндетті деректемесі болып табылады және клиентті сәйкестендіру үшін қажетті ақпарат бар. Банктің клиенттері шоттарының реформа жүргізу үшін пайдаланылған құрылымы 9 символдан тұрды және оған баланстық шоттың нөмірі, банктің немесе ұйымның шартты нөмірі және банктік сәйкестендіру коды негізінде есептелген бақылау кілті кірді. Алайда, шоттың 9 разрядты құрылымы банктердің осы құрылымдағы ақпаратқа қажеттілігін толық мөлшерде көрсеткен жоқ. Осыған байланысты, Ұлттық Банк құрылымды және банк клиентінің шоты мен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде қаржы ұйымдарын сәйкестендіретін банктік сәйкестендіру кодының разрядтығын жетілдіру қажеттігі туралы мәселе қойылды.

Болашақ интеграциялық үрдістер үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында банктің клиенті шотының жаңа құрылымы және банктік сәйкестендіру кодының негізі ретінде тиісінше ISO 13616: IBAN (International Bank Account Number – банк шотының халықаралық нөмірі) және ISO 9362: BIC (Bank Identifier Codes – банктік сәйкестендіру кодтары) алынды. Қаржы қоғамдастығында банктік деректемелердің стандарттарын кеңіне қолдану Қазақстанның төлем жүйелеріндегі банктер мен олардың клиенттерін сәйкестендіру жүйелерін жетілдіруге, ішкі және халықаралық төлемдерді өңдеуді автоматтандыруға және жеделдетуге, STP (Straight through processing – төлемді тікелей өңдеу) қағидатын сақталуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Осы реформаны ойдағыдай іске асыру мақсатында бес жыл бойы ауқымды жұмыс жүргізілді, оған мынадай негізгі кезеңдер кіреді:

– 2005-2006 жылдары – материалдарды зерделеу және банктер өз клиенттеріне беретін жаңа банк шотының нақты құрылымы туралы мәселені шешу мақсатында Ұлттық Банктің, екінші деңгейдегі ірі банктердің, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК-ның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдерінен Жұмыс тобын құру;

– 2007-2008 жылдары – клиенттердің банк шоттарының жаңа нөмірлерін және банктік сәйкестендіру кодтарын беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, бекіту және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу, сондай-ақ клиенттердің жаңа банк шоттарына көшу бойынша қажетті дайындық жұмыстарын жүргізу;

– 2008-2009 жылдары – қаржы ұйымдарының, оның ішінде Ұлттық Банктің клиенттерге берілген жаңа банк шоттарын қозғалысқа келтіру, клиенттермен банктердің жаңа банк шоттар беру туралы хабарлама бөлігінде қосымша келісімдер жасау, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМҚК-мен және зейнетақы қорларымен зейнетақы, жәрдемақы және басқа әлеуметтік төлемдер алушылармен банктер берген банк шоттарының жаңа нөмірлері туралы ақпарат алмасу схемасын айқындау, техникалық тапсырмалар әзірлеу бойынша қызметті үйлестіру;

– 2009-2010 – қаржы ұйымдарының, ҚБЕО және Ұлттық Банктің жаңа банк шоттарына көшу бойынша жүйелі тестілеуге қатысу, қажетті үйлестіру және түсіндірме жұмыстарын жүргізу, басқару құжаттарын әзірлеу.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 2010 жылғы 7 маусымда Қазақстанның банктік және төлем жүйелерінің банк клиентінің банк шоттарының жаңа нөмірлеріне және банктік сәйкестендіру кодтарына көшуі жүзеге асырылды.

2009-2010 жылдары Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) бірлесіп ұлттық төлем жүйелерін және екінші деңгейдегі банктердің ақпарат жүйелерін жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік ақпарат жүйелерінде мемлекеттік сәйкестендіру жүйесін бірегейлендіруге бағытталған «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы нормаларын іске асыру шеңберінде сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН/БСН) пайдалануға көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.

Осы жұмыстар шеңберінде 2010 жылы мынадай құжаттар қабылданды:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшуге байланысты дайындық іс-шараларын жүргізу туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 101 қаулысы;

2) Ұлттық Банк Төрағасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу және Қазақстан Республикасының төлем жүйелеріне тестілеу жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2010 жылғы 25 қарашадағы № 96 өкімі;

3) Қазақстан Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелерінің, төлем жүйелерін пайдаланушылардың және «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешенінің сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу бойынша өзара іс-қимыл жасауын тестілеу жоспары.

2011 жылдың басында Қазақстанның төлем жүйелерінің, Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелерінің, төлем жүйелерін пайдаланушылардың жеке сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшуге дайындығын тексеру бойынша бірқатар тестілеу жүргізілді.

Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету саласындағы басым бағыттарының бірі Астана қ. негізгі орталық орналасқан ауданда төтенше және авариялық жағдайлар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің және төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кепілдік беретін жаңа резервтік орталығын құру болып табылады. Ұлттық Банктің резервтік орталығын құру географиялық орналасқан жеріне қарамастан өзге (адам, әлеуметтік-саяси, кәсіпкерлік) тәуекелдер болған кезде Ұлттық Банктің және ҚБЕО ақпараттық жүйелерінің үзіліссіз орнықты жұмыс істеу деңгейін деректерді резервтеу, аса маңызды ақпараттық жүйелердің бағдарламалық-техникалық кешендерін және телекоммуникациялық жабдығын қайталау арқылы көтеруі тиіс. Резервтік орталық мынадай міндеттердің шешілуін қамтамасыз етуі тиіс: ақпарат жүйелерінің ақпаратының барынша ықтимал көлемін резервтеу, жергілікті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Орталық аппараттың пайдаланушыларын Резервтік орталықта қалпына келтірілген жекелеген аса маңызды ақпарат жүйелеріне қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету, Алматы қ. Орталық аппараттың үйі толық жойылған жағдайда аса маңызды ақпарат жүйелерін және Резервтік орталықтағы оларға арналған жұмыс орындарын қалпына келтіруді қамтамасыз ету. Тұтастай алғанда, Резервтік орталық тек күшті жер сілкінісі болған жағдайда ғана емес, сонымен қатар негізгі орталық орналасқан ауданда өзге төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Ұлттық Банк жұмысының қауіпсіздік және сенімділік деңгейін артыруға алып келеді.

2010 жылы жаңа Резервтік орталықты салу бойынша жұмыстар жалғастырылды, банктік емес ұйымдардың Ұлттық Банктің Резервтік орталығының жоспарланып отырған үйінде олардың ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтауға арналған қосымша алаңдар бөлуге арналған өтінімдері қарастырылды, мәселелерді талқылау үшін, оның ішінде Дата – орталықтарды жобалауға және салуға мамандандырылған компаниялармен бірқатар кездесулер жүргізілді. Резервтік орталықты жобалау алдындағы, жобалау жұмыстарына, салуға және енгізуге арналған консультациялық қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша техникалық ерекше нұсқаманың жобасы қарастырылды.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет