ҚазақТҰтынуодағЫ



жүктеу 2.44 Mb.
бет11/31
Дата03.04.2016
өлшемі2.44 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
: attachments -> article
article -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
article -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
article -> Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
article -> Аты-жөні (жұбайы, зайыбы)
article -> 1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
article -> Комбинаторика и текст Целые числа
article -> Комбинаторика Целые числа

3.5 Мальтустың саяси экономиясы және қазіргі мальтузианистер.


Томас Роберт Мальтус (1766-1834 жж) XIX ғасырдың бірінші жартысындағы англияның экономика ілімінің өкілі. Оның негізгі еңбектері: «Халықтың орналасу заңының ережесі» (1718 ж), «Табиғат және жер рентасының өсуін зерттеу» (1815 ж), «Саяси экономияның бастауы» (1820 ж). Ол бұл еңбектерінде лендлордтардың, жер иеленушілердің және капиталистердің жекелік құқыларын қорғап, олардың бұқара халықтың кедейлігіне жауапкер еместігін дәлелдеді.

Мальтус халықтың өсімінің әр түрлі үрдістері мен оның өмір-сүруіне керекті қаражаттардың ара қатынастарының сәйкесіздігін дәлелдеуге тырысты. Мәселен, оның есептеуі бойынша, халықтың саны әрбір 25 жыл сайын геометриялық прогреспен екі еселеп өседі (1,2,4,8,16,32,64 және т.б.), ал олардың өмір сүру жабдықтары тек қана арифметикалық прогреспен (1,2,3,4,5,6,7 және т.б.) өседі. Мұндай жағдайда 2 жүз жылдың ішінде жер шарындағы халық саны мен оның өмір сүру жабдықтарын салыстырғанда 256-ның 9-ға, 3 жүз жылда 4096-ның 13-ке қатынасындай болған болар еді.

Мальтустің бас пікірлері, - кедейлік байлықтың әділетсіз, тең бөлінбегендігінен тумайды, оған халықтың өзі кінәлі, «жұмысты жаман істейді»; - «халық өзін-өзі кінәлауы тиіс» және «ешқандай төңкерістер мен реформалар оған көмектесе алмайды» халықтың шамадан тыс көбеюіне қарсы шаралар: «адамгершілікті ауыздықтау», «кедейлердің некеге отырудан бас тартуы» деді.

Мальтустың пікірі бойынша табиғаттағы халықтың саны мен өмір сүру жабдықтарының арасындағы сәйкестікке эпидемиялар, аштықтар, соғыстар, адамдардың жаппай бөлігін күштеп ауыр еңбекке салу арқылы қол жеткізуге болады деді.

Халықтың шамадан тыс өсу проблемасын Т. Мальтус еңбекақыны өзгерту арқылы шешті. Халықтың өсуі еңбек ақының төмендеуіне әкеледі бұл болашақтағы халықтың өсуін шектейді. Басқаша айтқанда, жұмысшылар өмірінің төмен деңгейі әлеуметтік проблемалармен емес, биологиялық заңдармен анықталады.

Т. Мальтус кедейлерге мемлекеттік қолдау көрсетуге қарсы күресті, ол мұны еңбек сүйетін азаматтардан салық арқылы жалқауларға демеу көрсету деп түсіндірді.

Мальтустың көзқарасы бойынша халықтықтың өсуі- тек қана тамақ өнімдерінің жетіспеушілігімен, аштық үрейімен шектеледі. Ал әлемдік тәжірибе бұны басқаша көрсетеді, өмір деңгейінің өсуі демографиялық ахуалдың өзгеруіне, туудың кемуіне, отбасы санын сапалы жоспарлауға әкеліп соғады.

Мұндай ойларды айта отырып, мынаны да байқауға болады, Мальтустың бір кезде айтқан проблемасы, өзінің өзектілігін бүгінгі күн де сақтауда. Өмірдің төмен деңгейінің сақталуы тек қана «үшінші әлем» елдерімен ғана байланысты емес. Экономикалық процестерді жаһандандыру (глобализация) демографиялық үрдістерге талдау жасауда кең-ауқымда жол табушылықты талап етеді.

Соңғы 10-15 жылда әлемдік өндіріс динамикасында жаңа әдістер пайда болды, бірсыпыра себептерге байланысты жер шарында жан басына шаққанда негізгі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі қысқаруда. Демографтардың болжамдарына сәйкес, планета халқы 2030-шы жылдары 6-дан 9 млрд. дейін көбейеді. Сол кезде азық-түлік ресурстарының тапшылығы пайда болу мүмкін, дегенмен бұлардың барлығы Мальтус теориясының дұрыстығын әлі де дәлелдемейді.

ТҮЙІН


Аталмыш тақырып классикалық саяси экономияның пайда болу мен дамуына арналған еркін, жеке кәсіпкерлік проблемаларын шешуге арналған. Ол еңбек құны теориясында негізделген.

Англиядағы классикалық саяси экономия бастауында У. Петти тұрды, бұл ілімнің дамуы А. Смитпен, оның ізбасары Д. Рикардомен байланысты.

Д. Рикардоның еңбектері классикалық саяси экономияның шыңы болып саналады. Оның пікірі бойынша, еңбекақыға, пайдаға, процент пен рентаға негізделген жұмысшы еңбегі қандай да бір байлықтың көзі болып саналады.

Классикалық мектеп, капиталистің бас мақсаты – ең жоғары пайда табу деді, байлықты көбейту факторы – капиталды жинақтау, ал ақша тауарлар айырбасының процесін жеңілдетуші құрал (қару) деген анықтама берді.

Мальтус, халықтың өсуіндегі геометриялық прогресті, тамақ ресурстары қорларының арифметикалық өсуімен салыстыру бойынша халық санының теориясын жасады. Сондықтан ол өмір сүру жабықтарын шектеу жолымен халық санының өсуін қатаң шектеуді ұсынды, яғни жұмысшылар өмірінің төмен деңгейі әлеуметтік проблемалармен емес, биологиялық қорлармен (запастармен) байланысты деген идея қалдырды.

Негізгі терминдер


Классикалық саяси экономия.

Методология ілімі.

Еңбек құны теориясы.

Дифференциалды жер рентасы.

Жердің бағасы.

Ссудалық процент.

Экономикалық Адам.

«Көрінбейтін қол».

Еңбек бөлінісі.

Ақша теориясы.

Мемлекеттің экономикалық саясаты.

Пайда туралы ілім.

Еңбекақы туралы ілім.

Капитал туралы ілім.



Практикум

§ 1 Енді Сіз білесіз:


  1. Классикалық саяси экономияның тарихи пайда болу жағдайын;

  2. У. Петтидің экономикалық ілімінің негізгі ережесін;

  3. А. Смиттің саяси экономия мен оның методологиясын дамытудағы экономикалық либерализм тұжырымдамасын жасаудағы еңбегін.

  4. А. Смиттің экономикалық ілімінің негізгі мазмұнын;

  5. Д. Рикардоның саяси экономиясының ерекшеліктерін;

  6. Д. Рикардоның басты экономикалық көзқарастарын;

  7. Т. Мальтустың халық саны теориясының негізгі.



§ 2 Қайталау үшін сұрақтар:


  1. Негізінде табиғи баға (құн) бар, еңбек құны теориясының бірінші авторы кім?

  2. Байлықтың құрылуы материалдық өндіріс аясында, ал оның еңбек арқылы пайда болады деген анықтаманы берген кім?

  3. А. Смит бойынша «Экономикалық адам» анықтамасының мазмұны.

  4. «Смит догмасының» мәні неде?

  5. Д. Рикардоның басты еңбегі және оның мәні.

  6. Д. Рикардоның экономикалық көзқарастары.

  7. Т. Мальтус қандай еңбегінде халық саны теориясын және оның мазмұнын берді?



§ 3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер.


  1. «Дифференциалды жер рентасы» түсінігін бірінші болып енгізген кім?

  1. Француа Кенэ;

  2. Пьер Буагильбер;

  3. Адам Смит;

  4. Давид Рикардо;

  5. Карл Маркс;

  6. Уильям Петти;

      1. Классикалық саяси экономия ілімінің негізі:

  1. Еңбекақы;

  2. Ақша айналымы;

  3. Жалдамалы еңбекті пайдалану;

  4. Еңбек құн теориясы;

  5. Жер рентасы;

          1. Материалдық өндіріс өнімі ұлттық байлықтың негізі деген анықтаманы берген кім?

  1. Ф. Кенэ;

  2. П. Буагильбер;

  3. У. Петти;

  4. А. Смит;

  5. Д. Рикардо;

4. Еңбек құн теориясының бірінші авторы:

  1. П. Буагильбер;

  2. Ф. Кенэ;

  3. Ж. Б. Сэй;

  4. К. Маркс;

  5. У. Петти;

5. Төмендегі берілген еңбекақы анықтамасының қайсысы шынайы болып саналады?

  1. Бұл жалдамалы жұмысшының табысы;

  2. Бұл «еңбек өнімі»;

  3. Бұл «еңбекке ақы»;

  4. Бұл «еңбек үшін сыйлық»;

  5. Барлық жауаптар шынайы.

6. Экономия теориясын зерттеудің «модельдік әдісі» теориясының авторы кім?

  1. А. Смит;

  2. Ф. Кенэ;

  3. Д. Рикардо;

  4. Ж. Тюрго;

  5. К. Маркс.


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет