ҚазақТҰтынуодағЫ



жүктеу 2.44 Mb.
бет23/31
Дата03.04.2016
өлшемі2.44 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
: attachments -> article
article -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
article -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
article -> Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
article -> Аты-жөні (жұбайы, зайыбы)
article -> 1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
article -> Комбинаторика и текст Целые числа
article -> Комбинаторика Целые числа

7.2 Фольклор – экономикалық ойлардың бастау бұлағы


Фольклор мен әдебиет – әр халықтың сөз өнерінің екі түрі. Дегенмен, фольклор бұл тек сөз өнері емес, сонымен бірге халықтың тұрмыс-салтының құрамды бөлігі. Сөз өнері ретінде – фольклор әдебиеттен өзгешелең. Бұл айырмашылық тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде мызғымас болып қалмайды.

Әдебиет – жеке адамдар жасайтын өнер, ал фольклор – ұжымдық болып саналады. Әдебиет – жаңашылдықтың, ал – фольклор дәстүрдің алдыңғы негізгі соқпақ жолдары.

Фольклор тарихы, адамзат дамуының көне дәуірлерінен бастау алады. Фольклор еңбек процессінде туады, адамдардың көңілді және еркін өсуі үшін әрқашанда олардың көзқарастары мен мүдделерін білдіреді.

Әдебиет жазба түрде өмір сүрсе, фольклор ауызша тілде шығарылады және халықтың жадында сақталады. Әрбір халықтың фольклоры, оның тарихы, салттары мен мәдениеті сияқты қайталанбас өнер туындысы.

Фольклорлық ең қысқа шығармалар – мақалдар мен мәтелдер, әрбір халықтың сол бір ойын өзінше білдіреді.

Қазақ фольклоры – экономикалық ойлардың қайнар көзі. Қазақтың бүкіл мәдениеті, сандаған дәстүрі мен мал бағу, тұрмыс жағдайлары қазақ фольклорінде жинақталған.

“Асыл тастан – ақыл жастан”. Абайдың бұл таңғажайып сөзі орыс тілінде де жағымды үндестікте естіледі: “Драгоценность в камнях – ум у молодежи”;

“Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар”; “Көз қорқақ – қол батыр”; “Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” т.б.;

Мақал мен мәтелдер – қазақтың ауызша халық шығармашылығының жанры, фольклордың құрама бөлігі. Мақал аяқталған жеке ойды білдіреді. Мәтел толық ойдың мәтінінде берілетін аяқталмаған сөйлем болып табылады.

Қазақтың мақал-мәтелдерінің маңызы аңшылық, малшылық, жер өңдеу, қол өнері тағы басқа да шаруашылық қатарды сипаттайды. Олар адамдарда батылдық, әділеттік, еңбекке деген сыйлық, білім, өнер, туған жер мен халыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу құралы болып саналады.

Көптеген ғасырлар бойы мақал –мәтелдер жаттауға ыңғайлы түрде құралып, экономикалық ойдың таңқаларлық жиындары болып, малшы өмірін көрсететін фольклорде, номадизмде шоғырланған.

Қазақ даналылық адамға үш абырой әкеледі дейді. Олар шөл далада қазылған құдық, өзен үстінен салынған көпір, жол шетінде отырғызылған ағаш. Осыны дәлелдеу үшін тек бірнеше мақалдар келтіруге болады;

Еңбек қасіретін көрмей, ешқашан да жетістікке жетпейсің;

Еңбек өмірдің сәні;

Білімсіз жұмыстың көркемі жоқ;

Жұмыссыз адам тоқ болмас;

Еңбек көзін тапқан-байлықты да табады;

Тек біліммен ғана адам бай болады, тек біліммен ғана ғасыр алға жылжиды;



7.3 Әл - Фараби ілімі, Тәуке ханның “Жеті жарғы” –

заң ескерткіші.


Шығыстың оқымысты ғұламасы, аса көрнекті философы - Әбу Насыр Мухаммед Әл – Фарабидің (870-950 жж) ғылыми қызметі ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстанның мәдени дамуына айқын дәлел бола алады. Сондықтан да, халық арасында ол “Елдің мұғалімі”, “Шығыстың Аристотелі” деген құрметті атаққа ие болды. Әл – Фараби бірсыпыра материалистік идеялардың авторы, адамзаттың ақыл – ойы мен тұрмысының тұтастық диалектикасын ашып көрсетті. Өзінің ғылыми көзқарастарымен, уақыттан озып туған Әл – Фараби ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика т.б.) және практикалық этика, (политика, философия) деп екіге бөлді. Әл – Фараби өзінің ғылыми трактаттарында дүние мен оның мән – маңызы, сезім мен ақыл – ой органдары арқылы танылады деп дәлелдеді. Көне Қазақстан ғылымына Әл – Фарабидің қосқан үлесі аса зор және жемісті болды. Логика, медицина, анатомия, философия және юриспруденция, математика – ұлы ойшыл өзінің терең ақыл – ойымен қамтыған, оның білім салаларының шеңбері болып саналады. Оның негізгі шығармалары: “Кемеңгерлік гаммалары”, “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактаттары”, “Ғалымды саралау туралы трактат”, оның оқымыстылығының, кең таным шеңберлігін және қазақ малшыларының көшпелі өмір салтын салыстыру ойлары тағы да бір дәлел.

Мысалы Әбу Насыр Әл-Фарабидің “Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы тракттары” ғылыми тұжырымдар ретінде қазақстанның экономикалық теориясының негізі. Мұнда бір адамның қажетін екіншінің қанағаттандыруы, қоғамдық тұтастыққа әкеліп, өзара қарым қатынастар туғызып, адамзат қоғамын құру жолдары көрсетілген. Әл-Фарабидің экономикалық категориясында қала тұрғындары жай ғана адамдар тобы ғана емес, өндіргіш күш және адамзат қоғамын құрушы фактордың негізі, олар бірлікке, қайрымдылыққа шақырған. Әл-Фарабидің бұл идеясы бүгінгі күн үшін де актуалды, оны талдау, зерттеу, қазіргі экономистердің міндеті.

Ұлы «Жібек Жолының» Қазақстанның жерімен өтуі мал шаруашылығының дамуымен қатар, қалалардың өсуіне, басқа елдермен сауда-саттықтың ұлғаюына, елімізде жаңа экономикалық ой-сананың қалыптасуына, жаңа халықаралық қарым-қатынастардың орнауына, үлкен әсері тиді. Экономика ілім тарихы осы «Жібек Жолмен» қандай тауарлар тасылды, олардың түрлері мен бағалары, айырбастау құны мен әділетті сауда-жүргізуді т.б. теориялық проблемалардың ғылыми ізденістерді жүргізуде.

Қазақстанның экономикалық тарихында және халық шаруашылығын қалыптастыруда хандар мен олардың ақылшы, кеңесші билері қазақ хандылығының институттарың дамытушы. Мысалы, “Қасым ханның қасқа жолының”, “Есім ханның ескі жолының” қосындысы ретінде Тәуке ханның (1680-1718) “Жеті жарғы” - әлеуметтік-экономикалық және құқылық энциклопедиясы туды. Ол хан заманындағы экономикалық ой-пікірдің, көзқарастардың нақты көрінісі. Бұған қоғамдағы адамдардың қарым-қатынастары, мінез-құлықтағы кемшіліктері, құқық бұзғандары экономикалық жазалау тәсілдері кірген. Олардың көбін осы күндері де пайдалануға болады. Бұл маңызы жағынан Египеттегі Хаммурапи патшаның заңынан кем емес. Қазір отандық экономикалық ғылымның міндеті – осыларды теориялық жағынан негіздеп, қазақтың көшпелі шаруашылығында меркантилистік, классикалық, институцианалистік экономикалық теориялар белгілерінің бар екендігін дәлелдеу.

Бір жорамал бойынша Тәуке хан кеңесу үшін қазақтың үш Төбе билері: Ұлы жүзден – Төле бидің, Орта жүзден – Қазыбек бидің, Кіші жүзден - Әйтеке бидің бастарын қосып, заң сипатында неғұрлым жиі кездесетін мәселелерді талдайды. Олар заң жасап және заң ережелерін бекітіп «Жеті Жарғыны» дүниеге әкелді.

“Жеті жарғыда ” орта ғасырдағы қазақ қоғамының негізгі құқық принциптері мен нормалары бекітілген. “Жеті жарғы” келесі 7 заңнан тұрады:



  1. жер заңы, жайылымдар мен суаттар туралы дауларды келістіру шешімдері;

  2. отбасы – неке заңы;

  3. әскери заң;

  4. сот процессі туралы ереже, сот талқылауларының тәртібі;

  5. қылмыс заңы. Әртүрлі қылмыс түрлеріне берілетін жазаларға қосымша түсініктер;

  6. құн туралы заң. Өлім және ауыр дене жарақатын салғаны үшін жазалар белгілері;

  7. жесірлер туралы заң. Жесірлер мен жетімдердің мүлік және құқықтардың тәртібін белгіледі.

“Жеті жарғы бойынша, ең жоғарғы билік хан қолында болуы тиіс. Заңдардың жекелеген тармақтарына қарағанда, хан жоғарғы сот қызметін де атқарып, қылмыс пен теріс қылық жасағандарды жазалап, соттай алатын, салық салу тәртібін жариялайтын болды. Хан мен билер пайдасы үшін жиналатын алым-салықтар да заңдастырылды. Заңдардың бір ережесінде былай делінген: “Сұлтандардан басқа, қару алып жүретін әрбір адам ханға және халықты билеушілерге жыл сайын салық ретінде өз мүлкінің 20-дан бір бөлігін беруі тиіс”.

Бұл заң жинақтарында қылмыстық құқық нормаларына ерекше орын берілген. Қылмыстық іс-әрекеттер тізіміне мыналар жатқызылған: кісі өлтіру, біреуді жарымжан ету, зорлау, тіл тигізу, балалық ізеттілік ережелерін сақтамау, ұрлық, зинақорлық (ерлі – зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы) және т.б. Бұл қылмыстар үшін жазаның түрлері мынандай: құн төлеу, өлім жазасы, мүлкін тәркілеу (конфискация), аластау, құғындау, көпшілік алдында масқаралау, т.б.

Азаматтық қатынастар: семьялық – некелік құқықтар және мұрагерлік мәселелері бұл заңдарда толық жетілдірілмеген. Мұның себебі, адамдар арасындағы қарым қатынастардың көпшілігі белгілі, дәстүрлі құқықтарды реттеп отыруымен байланысты болса керек. Тәуке заңдарының негізгі мақсаты – қазақ феодалдарының билігін, саяси үстемдігін, феодалдық меншігін қорғап, мұсылман дінін қолдау болды.

“Жеті жарғы” – қазақ хандығының тарихи жазба ескерткіштері, заңдылық пен тәртіпті нығайта отырып, қазақ хандығының бүкіл аумағында қолданылды. “Жеті жарғының” тұпнұсқасының бірі, Қазақстанның ХVІІ ғасырдағы тарихи құжаты ретінде, былғары тыспен қапталған Италияның тарихи Мұражайында сақталуда.





1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет