ҚазақТҰтынуодағЫ



жүктеу 2.44 Mb.
бет25/31
Дата03.04.2016
өлшемі2.44 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
: attachments -> article
article -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
article -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
article -> Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
article -> Аты-жөні (жұбайы, зайыбы)
article -> 1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
article -> Комбинаторика и текст Целые числа
article -> Комбинаторика Целые числа

7.5 Қазақстанның мемлекеттік социализмнен рынок қатынастарына өту кезендегі экономикалық ғылымның дамуы.


ХІХ ғасырда Қазақ даласында қанат жайып, әлеуметті- экономикалық дамуды зерттеп, патриархалды – феодалдық құлдыққа қарсы тұрған халық ағартушылары ХХ ғасырдың басында елі үшін, патшаның колониалдық саясатына қарсы күрескен, көптеген демократ-зиягерлерді әкелді. Солардың алдыңғы қатарында Мыржақып Дулатұлы болды

Мыржақып Дулатов (1885-1935 жж) Қазақ ақыны, публицист және аудармашы. Қазіргі Қостанай облысының Сарықопа өңірінде, дүниеге келген

1905 жылғы революциялық дүмпу күндерінде ол Қарқаралыда, демонстранттар қатарында болды. Кейіннен Оралдағы қазақтардың конституциялық – демократиялық партиясы съезінің жұмысына қатысты (1906ж.), осы съезд делегаттарының құрамында Петербургке барды.

1907 жылы “Серке” газетінің алғашқы нөмеріне жарияланған “Жастарға” атты өлеңінде ақынның бірінші орыс революциялық баскөтеруінде басынан кешірген сезімдері суреттелген. М. Дулатұлының ұлттық өлкелердегі патша саясатының сұрқиялығын әшкерелеген “Біздің міндеттеріміз” атты мақаласы “Серкенің” екінші номерінде жарияланды. Сол себептен бұл газетті шығаруға тыйым салынды.

М. Дулатұлының “Оян қазақ” атты тұңғыш жыр жинағы 1909 жылы жарық көрді. Кітап сол кездегі жастардың манифесіне айналды. Жандарма қуғындау бастады. Ақын бір жарым жылын Семей түрмесінде өткізді. Жинақ негізінен отаршылыққа қарсы өлеңдерден тұрды.

1910 жылы М. Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” атты романы, ал 1913жылы “Азамат” өлеңдер жинағы жарық көрді. 1915 жылы ақын “Терме” деп аталатын әдеби- публицистикалық кітабын жариялады.

М. Дулатұлының Ш. Уәлиханов, А. Кунанбаев, А. Байтұрсынұлы туралы мақалалары, екі бөліктен тұратын “Қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткіші”, т.б. туындылары нәзік эстетикалық талғамымен және тереңдігімен ерекшеленеді.

1913 жылдан Орынборда шығатын “Қазақ” атты газетінде Мыржақып А. Байтурсынұлымен бірге белсенді еңбек етті. М. Дулатұлы “Алаш” партиясының бағдарламасын түзеушілердің бірі болды. “Қазақ” газетін басқарды, “Алашорда” үкіметінің Әскери Кеңесінің мүшесі болды, Кеңес үкіметіне қарсы соғысқа қатысты.

1919 жылы Мыржақып көптеген алашордалық қозғалыс қайраткерлерімен бірге Кеңес үкіметі жағына шықты.

20-30 жылдары М. Дулатұлы “Ақ жол”, “Еңбекші қазақ” газеттерінің, “Қызыл Қазақстан” журналының редакцияларында еңбек етті, аудармашылық қызметпен айналысты.

Қазақ зиялыларына қуғындау басталған кезде М. Дулатұлы да тұтқындалды, 1930 жылы ату жазасына кесілді. Бірақ бұл жаза 10 жыл түрмеге отырғызумен ауыстырылды. М. Дулатұлы Соловецк лагерінде 1935 жылы 5 қазанда көз жұмды. 1988 жылдың қарашасында ақталды.

М. Дулатұлы соңына асыл мұра қалдырды. Ол әдеби тілдің кемеңгер білгірі болды. Оның шығармалары азаматтық пафоспен қатар, көркемдік шеберлігінің қуатымен де ерекшеленеді. М. Дулатұлы – халықтың саяси санасын оятқан үркердей шоғырдың жарық жұлдыздарының бірі.

Тұрар Рысқұлов (1885-1938 жж.), мемлекет қайраткері, Қазақстанның экономикасының қалыптасуы мен дамуына, ұлттық дәстүрлері мен салттарды ескере отырып, ол мәдениет пен тұрмысты қайта құру, жаңа экономикалық саясат негізінде өлкенің экономикасын қайта түлеу шараларын тез және тиімді жүзеге асырды. Жер – су, салық реформалары жедел жүргізілді, соның арқасында орта – кедей шаруалардың қыстақтардағы тұрғындарының экономикалық жағдайлары жақсарды.

Т. Рысқулов, ЖЭС саясатын тұтастай қолдай отырып, өзінің жеке ойларын айтты. Ол ЖЭС жағдайында ұлт мәселесінің барынша өткір сипатқа ие болатынын білді, өйткені өнеркәсіп пролетариаты жоқ, тек артта қалған басым көпшілік шаруалардан тұратын, шалғай аймақтардың көптігін көрсетті. Сондықтан да ол өндіріс құралдарына шикізаттарды ауыстырудың жақтасы болып қатысты.

“Біз өзіміздің теориялық ұсыныстарымызды айттық деп атап өтті ол – кеңестік биліктің патшалық үкіметтен өзгешелігі, патша кезінде патша капиталы болады, нақтылай алғанда, орталық тоқыма өнеркәсібі шет аймақтарды басты шикізат көздеріне айналдырды, жергілікті өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік бермеді, біздің тапқан табыстарымызға бақылау да, есеп те жоқ. Осыған қарсы шаралар қолдану талап етіледі және республиканың бүкіл құндылықтарын есепке алу керек. Олар орталықтан басқарылсын, ал олардың бір бөлігін Түркістанға беру қажет. Ішкі заем ол да маңызды мәселе. (“Түркістан” газеті, 1992, 12 желтоқсан).

Бұл тезис біздің қазіргі өмір сүріп жатқан кезеңге де көкейкесті болып саналады. Ол шығындарды қысқарту, оларды кірістерге сәйкестендіру, республика мен аймақтардың бюджеттік өзара қатынастарын күшейту.

Т. Рысқұлов Монголиядан (1924) оралғаннан соң, ауылдағы әлеуметтік – экономикалық процестер туралы пікір таласқа белсенді түрде кірісті. Ол қазақ қоғамының көшпелі және жартылай көшпелі сатыдан жоғары индустриалды қоғамға секіріс жасауына қарсы тұрды, себебі мұндай шешім шаруаларға қысым жасауға, зорлық – зомбылық жасауға, ауыр салық салуға, ауылдың кедейленуіне әкетінін көрді. Т. Рысқұловтың осы түсінігі қазіргі уақытта, күштеп ұжымдастырудың нәтижелерінің қандай болғандығын дәлелдеді.

Т.Рысқұлов Қазақстандағы ұжымдастырудың аса қиын нәтижелеріне жаны күйзеліп, тебірене отырып, алған бағыты өзгертудің қажеттігі туралы Сталин мен оның төңірегенділерді сендіруге тырысты, бірақ та ол нәтиже бермеді. Ол, 1926 жылдың өзінде былай деп жазды: “Қазақ халқы тұтастай түрде отырықшылыққа, егіншілік жағдайына көшуге тиіс деп кім белгіледі және қандай негізде? Бұл жаққа қарай даму үрдісі, жақын арада аяқтала қоймайды және әзірге табиғи жағдай қалыптасып отыр деп және мүмкіндіктер біршама өзгерген арақатынасын білдірмейді” (Т. Рысқұлов Таңдамалы шығармалары .. 125-б).

Тұрардың қызметі мен шығармашылық мұрасын зерттеу, бұл жеке тұлғаның тағы да бір ерекше қорын салмақтауға мүмкіндік береді. Бұл – оның экономикалық мұралары, халық шаруашылығын дамыту жөніндегі тәжіребелік қызметі.

Қазақстан экономикасының қалыптасуы мен дамуына Т.Рысқұловтың қосқан үлесі, оның экономикалық проблемаларға көзқарастары, оларды мұқият ой елегінен өткізген жағдайлары, қазір егеменді мемлекеттің негізі қаланып, оның экономикалық базасы қалыптасып жатқан кезеңде өз пайдасын беруі мүмкін.



Смағұл Сәдуақасов (1900-1933 жж) Қазақстан тарихының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ жастар қозғалысының көсемдерінің бірі, Батыс Сібір мен Қазақстандағы кооперативтік қозғалыс белсендісі, экономист, оратор, жазушы. Омбы ауыл шаруашылық училищесінің студенті (1916-1918) Сәдуақасов жасырын “Бірлік” жастар қоғамының жұмысына, одан кейін “Жас азамат” жастар ұйымының жұмыстарына белсене қатысты. Ол “Өмір үшін күрес” деген мақаласында қазақ жастарын, саясатпен ғана айналыспай, өз шаруашылықтарын тиімді жүргізуге шақырды.

Он сегіз жасар Смағұл Германиядағы өмір құрылымына сол кездің өзінде таңқалғанын білдіріп, қазақтар мен немістердің шаруашылық жүргізу нәтижелерін салыстыра отырып, қазақтардың артта қалышулығын жою үшін ол, саяси еркіндікке қол жеткізіп шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері мен жолдарын іздестірді. Сәдуақасов мұндай қиын жағдайдан шығудың жолы халыққа төмен баға мен киім, шай, ыдыс – аяқ сату үшін лавкалар ұйымдастыру, өте қажетісінушілерге ссудалар беру үшін несие серіктестіктерін құруды, халықтың мал тұқымы мен егіншілікті жақсартуға, сондай – ақ тері, жүн, май, малдың басқа да өнімдерін тиімді жағдайларда айырбастауға көмектесу үшін ауыл шаруашылық кооперативтерін құруды көздеді.

Бұл қазіргі жағдаймен үйлесімдік тауып тұр деумізге болады.

Батыс Сібірдің “Центрсибирь” Кооперативтік бірлестік Одағының аппаратында жұмыс істеген кезде Смағұл былай деп жазды: “Өз өмірімді, күшім мен білім қуатыма қарай өзімнің туған халқым жолында қызмет етуге арнаймын”. Халқының тағдыры оны әрқашанда толғандырды. Өз халқының мүддесін қорғауға әрқашанда дайын екендігі, оның болашағы мен әділеттік үшін күресі – Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл саналы ғұмырының айрықша белгілері болып қалды.

Көрнекті жазушы С. Мұқановтың растауы бойынша, Қазақстанды сол кезде (1925 ж.) Қазақ Өлкелік Комитеті бюросының екі мүшесі Сүлтанбек Қожанов пен Смағұл Сәдуақасов басқарды дейді. Бірақта, осы кезде билікке келген Ф. Голощекин (1925 жылдың жазынан бастап Өлкелік Комитеттің бірінші хатшысы) бұған төзе алмады. Сондықтан ол Қожановты Мәскеуге оқуға жіберіп, оны Өлкелік Комитеттің екінші хатшылығы міндетінен босатты.

Көшпелі халықтың өмірінің ерекшеліктерін, оның тұрмысы мен салтын білмейтін Голощекиннің халық мүддесін ескерусіз қалдырып, өз саясатын жүргізетіндігіне түсінген принципті, өткір тілді Сәдуақасов экономикалық мәселелер бойынша ғана емес, Қазақстандағы ұлт саясатын жүргізудегі идеологиялық жұмыс мәселелері бойынша да қарамақайшы өз пайымдауларын да жиі айтып отырды.

Голощекиннің Қазақстанда “Кіші Октябрь” саясатын жүргізу идеясына қарсы шыққан Сәдуақасовқа ол мынадай анықтама берді: “Сәдуақасовшылдық – бұл партияның ықпалынан сытылып шыққан, ұсақ буржуазиялық идеологтардың ағымымен жүретін кеңестік аппарат, сәдуақасовшылдық – бұл демократия шеңберіндегі “өзін - өзі айқындау”, бұл - өзін - өзі басқарушы, КСРО – дан бөлінуші Қазақстан”. (Бүкіл қазақстандық партконференцияның өлкелік комитетінің есебі. Голощекиннің баяндамасы мен қорытынды сөзі. Қызыл – Орда,1982 ж.).

Әрине, Голощекин мен оның жақтастарына қарсы қазақ халқының ұлттық мүдделерін табанды қорғаушылар аянбай күресті, бірақ кейін толық жеңіліспен аяқталды.

Голощекиндік “Кіші Октябрь” саясатының ауыр зардаптары, ауыр қалдықтары бәрімізге мәлім.

1928 жылы Қызыл – Ордадан, Ташкентке қуылған С.Сәдуақасов Мәскеу көлік инженерлері институтында оқыды, оны аяқтағаннан кейін Мәскеу – Донбасс темір жолы құрылысында мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1933 жылы күзде жұмбақ жағдайда өндірісте “уланып”, Кремль ауруханасында жатып қайтыс болды.

Ондаған жылдар бойы С. Сәдуақасов есімі ұмыт болды, ал егер еске алынса Қазақстандағы социалистік құрылыс пен партия бағытына қарсы шыққан ұлтшыл ретінде ғана аталды.

Сәдуақасов есімін атағаны үшін газет редакторы мен оның орынбасары, белгілі ақын – майдангерлер С. Мәуленов, Ж. Молдағалиевтармен бірге өзге көрнекті әдебиетшілер де қуғындауға ұшырады.

Оқымыстылардың, қоғам қайраткерлерінің, журналистердің С.Садуакасов атын орнына келтіруге бағытталған жұмыстарына қарамастан оның аты әлі айтылмай келді.

Тек қана 2003 жылдың қантарында, осы алаш ардасы – Смағұл Садуақасыпқа Солтүстік Қазақстан обылысы, Ақжар ауданының орталығы Таушық кентінде, фермер Аманжол Атығожин өз қаржысына Омбы қаласында жасатқан ескерткішті халық болып обылыс, аудан әкімдерінің қатысумен ашты.

Аудан орталығының ажарын кіргізген ескерткішті ашу рәсімі «Қазақтың дара ұлы Смағұл» атты, 105 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияға ұласып, онда Садвокасов туралы баяндамаларда оның рухани мұрасы әр қырының талқыланды.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938 жж)

Үлкен ағартушы, ірі ғалым – лингвист, қоғам қайраткері. Тоғыз жасынан бастап ауыл мектебінде, кейіннен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училишесінде оқыды. Одан соң Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі мектептерде, орыс-қазақ училищелерінде мұғалім болып қызмет атқарады.

Патша өкіметінің отаршылық саясатына қарсы күресті тым ерте бастаған Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылы Семей түрмесіне қамалды. Кейін қазақ жерінен тысқары жерлерге жер аударуға үкім шығарылып, ұзақ жылдар бойы “саяси сенімсіз” адам ретінде патшалық күзет қызметінің бақылауында болды.

“Қазақ” атты апталық газет ұйымдастырып, ол қазақ мемлекетін ұйымдастыру үшін күрескен “Алаш” партиясы көсемдерінің бірі болды. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін А. Байтұрсынұлы бірқатар ғалым-зиялылармен бірге Кеңес үкіметіне қызмет істеді. Ол қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық комитеттің (ВРК) мүшесі болып сайланады. 1922-1925 жж. Халық ағарту комиссариатының ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болды, Халық ағарту комиссары болып сайланады, Бүкіл Ресейлік Орталық Атқару Комитетінің Қазақ Орталық Атқару комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің газеті “Ақ жолда” еңбек етті.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті мен сөз өнерінің дамуына айрықша еңбек сіңірді, оның көпке белгілі “Қырық мысал” және “Маса” жинақтары жарияланды . Ол халықтық көркем сөз өнерінің қорын жинаушы, зерттеп, бастарушы ретінде де көптерген құнды жұмыстар істеді. “Ер Сайын” атты эпостық жырының кіріспе мақаласын және түсіндірмесін жазды, сондай-ақ “Жоқтау” деп аталатын жинақ (1926), “Әдебиет танытқыш” деп аталатың оқу құралын шығарды. Бұл еңбек - әдебиеттің тарихы мен теориясы туралы қазақ тіліндегі тұңғыш көлемді, толымды еңбек.

Байтұрсынұлы қазақ балаларын ана тілінде оқыту ісіне арнап тұңғыш оқулықтар жазды: “Оқу құралы” (1912), “Тіл құралы” (1914), “Әліпби” (1914), “Жаңа әліппе” (1926-1928) және “Баяншы” (1926) деп аталатын әдістемелік оқу құралдары балаларды оқыту барысында маңызды рөл атқарды. Бүкіл бір халықтың ұлттық тілін түрлеп, әдебиетін жасап, ғылымын жетілдіріп қоғамдық санасын қалыптастырып, ойын оятқан Ахмет секілді алып тұлғалар сирек.

ХХ ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялыларын жаппай қуғындаудың басталған кезінде Сталиндік жазалау машинасының қармағына іліккендердің ішінде А.Байтұрсынұлы да болды. 1938 жылы ол әуелі тұтқындалып, кейіннен атылды, 1988 жылы ақталды.

Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының үркердей жарқыраған жарқын шоғырының келбетті өкілдерінің бірі. Оның өмірі өз халқына деген, ел жұртының мәдениеті мен әдет-ғұрпына деген айнымас махаббаттың айқын үлгісі.



Әлихан Бөкейханұлы (1866-1937 жж), көрнекті қазақ оқымыстысы және қоғам қайраткері. Ол толымды, сапалы білім алды: Омбы техникалық училищесін және Санкт-Петербург орман техникалық институтының экономикалық факультетің бітіріп, Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушы болып қызмет істеді, ғылыми жұмыстарымен айналысты. Ол кең көлемді 18 томдық “Ресей. Біздің Отанымыздың жалпы жағрапиалық жазбасы” атты еңбектің авторларының бірі болды. Бөкейханұлы Ресей шаруаларын Қазақстанға жаппай көшіруге әзірлік жұмыстарымен айналысқан Ф.А. Щербинин экспедициясына қатысты (1904 ж.).

Бөкейханұлы Қарқаралыдағы отаршылдыққа қарсы бұқаралық қозғалысқа белсене қатысты және саяси талаптар қойған петицияны (14500 адам қол қойған) құрастырушылардың бірі болды. Отаршылыққа қарсы әрекеті үшін ол Семейде және Павлодарда түрмеге де жабылды.

1905 жылы Семей облысының қазақ тұрғындарынан

І Мемлекеттік Думаның депутаты болды. Ол Мемлекеттік Думаны тарату туралы патша жарлығына қарсы бағытталған Выборг шақыруын құрастырды.

1905-1907 жж. Ә. Бөкейханұлы кадет партиясының Омбы губерниялық комитетінің мүшесі бола жүріп “Ертіс” (Иртыш), “Омбылық” (“Омич”), “Дала үні” (Голос степи”) газеттеріне редактор болды.

Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлына қосылып “Қазақ” газетін шығарып оның беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту, хақына көптеген құнды дүниелер туралы еңбектер жарық көрді.

1916 жылы Бөкейханұлы Бүкілресейлік Жер одағының (Всеросийский Земский союз) жұмысына қатысты. 1917 жылдың 7 көкегінде Уақытша үкімет құрған Түркістан комитетінің мүшесі ретінде Ә. Бөкейханұлы Торғай облыстық комиссары болып тағайындалды. Осы жылдың шілде айында кадет партиясынан шығып “Алаш” партиясының атқару комитетіне кіріп “Алаш” партиясының бағдарламасының авторларының бірі болды. “Алаш” партиясының екінші съезінде Бөкейханұлы “Алашорда” үкіметінің төрағасы болып сайланып аумақтық автономия жариялап, Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрес бастады. Бірақ бұл әрекет екі жылдан кейін “Алашорда” үкіметін таратуы мен түйінделді.

Бұрынғы алашордашыларды Кеңес үкіметі органдарының жұмысына тарту туралы БОАК қаулысынан кейін Ә. Бөкейханұлы 1920 жылы Халықтық жер комитетінің (Наркомзем) құрамына кірді. 1922 және 1926 жж. Бөкейханұлы контрреволюциялық іс- әрекеттері үшін айыпаталды, бірақ дәлел болмағандықтан, қамаудан босатылды. 1937 жылы ол тағы да қамауға алынды, осы жылдың қырқүйек айында ату жазасына кесілді Ә.Бөкейханұлы 1989 жылы ақталды.

Аса көрнекті саяси және қоғам қайраткері бүкіл өмірін өз халқын отаршылдықтың құлдық қамытынан босатуға, ел жұрттына білім беруге, оны гүлдендіруге арнады.

Сақтаған Бәйішев (1909-1988 жж), көрнекті экономист, тарихшы, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА акдемигі, Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.

Ақтөбе облысының Байғани ауданындағы Ақжар ауылында туған. 1927 жылы Темір орыс – қазақ жетіжылдық мектебін бітіріп, Қарсақпайда жас пионерлер аудандық бюросының төрағасы, ал 1930 жылы Түркістан қаласында БЛКЖО аудандық комитетінің хатшысы болып істейді. Осы жұмыстарда жүргенде-ақ Сақтаған Бәйішев экономикалық зерттеулермен шұғылдана бастайды. Журналистикаға деген құштарлық жас жігітті республикалық жастар газеті – “Лениншіл жасқа” алып келеді. Мұнда ол алғашқыда бөлім менгерушісі, сосын редактордың орынбасары қызметтерін атқарады. Содан кейін Қызыл Армия қатарына шақырылады, одан оралған соң Алматыдағы Марксизм – ленинизм институтына оқуға түседі.

С. Бәйішев 1937-1941 жылдары бірқатар жоғары оқу орындарында сабақ берді, Қазақтың Марксизм-ленинизм ғылыми – зерттеу институтының директоры (1937-1938), “Социалистік Қазақстан” газетінің жауапты редакторы (1938-1941), ал 1941-1945 жылдары Совет Армиясы қатарында - әскери құраманың комиссары, саяси бөлім бастығы, Совет Армиясының Саяси Басқармасы аппаратында жауапты қызметкер болды. 1946-1956 жж. КПСС ОК жанындағы Марксиз-ленинизм институты Қазақ филиалының, Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры, 1956-1968 жж. Қазақ КСР ҒА-ның вице-призиденті болды. Ол алпысқа жуық кандидаттар мен докторларына ғылыми жетекші болды.

С. Бәйішев Карл Маркс “Капиталының” І – томының тарауларын, В.И. Лениннің “Рессейде капитализмнің дамуы”, “Империализм – капитализмнің жоғары сатысы” деген күрделі еңбектерді тұңғыш рет қазақ тіліне аударды. Ғалым 1959 жылы Республиканың Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Ғылыми және қоғамдық қызметі кезінде 300-ден астам зерделі зерттеулер, соның ішінде 7 монография жариялады.

Өмірінің соңғы жылдарын академик Сақтаған Бәйішев оқутышылық жұмысқа арнап, ғылыми кадрлар мен экономистердің жаңа ұрпағын даярлау саласында ұланғайыр іс тындырды.

1988 жылы дүние салғаннан кейін, Қазақ КСР ҒА академигі С. Бәйішевті мәңгі есте қалдыру жөнінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қаулы қабылдады.



Қаныш Сатпаев (1899-1964 жж.) - геолог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР ҒА ұйымдастырушысы және оның бірінші Президенті, геология-минерология ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), КСРО ҒА академигі (1946), Тәжік ҒА құрметті мүшесі (1951), қазіргі Баянауыл өңірінде туған.

1926-1929 жж. “Атбасцветмет” тресінің геологиялық бөлімін басқарған, 1929-1941 жж. – Қарсақпай комбинатының геология-барлау бөлімінің бастығы және бас геологі, 1941-1964 жылдары – Қазақ КСР Геология ғылымдары институтының директоры (1946 жылға дейін КСРО ҚазҒАФ), КСРО ҚАЗҒАФ (1941-46) Президиумының Төрағасының орынбасары, Төрағасы, Қазақ КСРҒА Президенті (1946-1952 және1955-1964). Геологияның көкейкесті мәселелерімен айналыса жүріп, Қаныш еліміздегі металлогеникалық ғылымдардың негізін қалаушылардың бірі болды. Қазақстан метталогендік мектебін құрушы. Өзінің ғылыми ізденістерінің көпшілігін ол Қазақстанның кен орындары мен минералдық ресурстарының геологиясын зерттеу мәселелеріне арнады. Ғылыми мұраларының ішінде Жезқазған кен орындарын зерттеудегі және Орталық Қазақстанның болжау металлогендік картасын жасауға арналған еңбектері жоғары бағалы болып табылады. Сәтбаев Жезқазған кен орнының осы типтегі әлемдегі ең ірілер разрядына жататындығын дәлелдеді. 1923-1931 жылдары Жезқазған, Ұлытау аймақтарында оның айтуымен Жезқазғанның болашағын қайта қарауға мүмкіндік берген кеңейтілген жаңа зерттеу бағдарламасы белгіленді. Геология – барлау қызметін озық теориямен қаруландырды, іздеу – барлау жұмыстары бағытын айқындап берді.

30-жылдары Жезқазғанда мыс кенінің түзілуінің нақты өлшеуішін ұсынды, ол түгелімен тәжиребеде нақтыланған болатын және кен орнындағы қалыпқа түсірілген кешенді геология бақылау жұмысының негізіне сүйеленген. Қаныш Орталық Қазақстандағы геологиялық дамудың, сондай-ақ осы аймақтағы әрбір алты геотектоникалық сатыларының мерзімдеріндегі геологиялық құрылым мен металлогендік ерекшеліктің басты белгілерін сипаттайтын негізгі құрылымдық элементтерді анықтады. Көмекші палеогеографиялық металлогендік және басқа карталардың кешені жасалды.

Өзінің зертеулерінің келесі сатысын ғалым жекелеген пайдалы қазбалардың кен орындарының генетикалық табиғатының ерекшеліктеріне арнады, геохимиялық, минералогиялық, геологиялық - құрылымдық қатынастағы ерекшеліктерін, олардың түзілулеріндегі геологиялық жағын анықтады. 50 металлогендік формацияны бөліп ала отырып, Орталық Қазақстанның әрбір металдық тобы үшін жеке болжамдық картасын жасады, оны еңгізудің нәтижесінде 1954-1958 жылдары әртүрлі металдардың жаңа кен орындары мен кен түзілулері ашылды. Қаныш Имантайұлы басшылығымен осы карталарды жасағаны үшін бір топ ғылымдар Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958) болды, І Бүкілодақтық маталогения мәжілісіңде Қазақстан геологиясы мектебінің көш бастап тұрған рөлі мойындалды.

Жезқазғандағы тау-кен металлургия комбинатының құрылысы, Қарағандыдағы, Балқаштағы металлургия зауыттары, Ертіс - Қарағанды, Манғыстаудағы, Мұғалжар, Торғайдағы табиғи байлықтарды ашу жөніндегі ірі зертеулерді ұйымдастыру, республикадағы минералды-шикізат базаларының ірі объектілерін игеру, Кенді Алтай, Қаратау фосфориттері және басқа көптеген кен орындары Сәтбаев есімімен байланысты. Ол Қазақстанның экономикалық аудандарында өндіріс күштерін зерттеу мен игеруге арналған республика ҒА жоспарлық сессиясын өткізудің қозғаушысы болды.

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942), Қаныш Сәтбаев төрт Ленин орденімен, Отан соғысының орденімен және көптеген медалдармен марапаталған. Жоңғар Алатауындағы мұздық пен пик жоталарына, Қазақ КСР ҒА Геология институтына, Жезқазғандағы таукен – металлургия комбинатына, республикамыздағы қалалар мен селолардағы көптеген көшелер мен мектептерге ұлы ғалымның есімі берілген. Оның есімін нөмірі 2402 шағын ғаламшары алып жүр (1929 жылғы 31 шілдеде). Белгілі ғалым-астроном Николай Степанович Черных сансыз жұлдыздардың арасынан осы ғаламшарды ашқан еді. Шағын ғаламшар Жерге әрбір бір жыл бес айда жақын келеді. Бұл ғаламшар оны ашушы Н. Черныхтың ұсынысымен «Сәтбаев»-деп аталған. Халықаралық ғаламшарларды зерттеу орталығы бұл есімді бекіткен.



Дінмұхамед Қонаев (1912-1993 жж). Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері, 1952 жылдан Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, ал 1968 жылдан техника ғылымының докторы.

1936 ж. Мәскеудегі түсті металдар мен алтын институтын бітіріп, “Прибалхашстройда”, бұрғылау станогінің машинисінен бастап Қоңырат руднигінің директорына дейінгі жолдардан өтеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында “Алтай полиметалл” комбинатының бас инженерінің орынбасары және техника бөлімінің бастығы, сондай-ақ Лениногор кен басқармасының Риддер кенінің директоры болады. 1942 жылдан 1952 жылға дейінгі аралықта Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметін атқарады. 1952 ж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Президенті болып сайланады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып екі рет тағайындалған (1955-1960 және 1962-1964 жж.) 1960-1962 жж. және 1964-1986 жж. – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 20 жылдан аса уақыт – СОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 25 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, 27 жыл бойы - Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, СОКП ХІХ – ХХVІІ съездерінің делегаты, 3-ден 11 – ге дейін шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаты болды.

Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриалды мемлекет ретінде қалыптасуында Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Қонаевтың қайраткерлік мезгілінде Өскемендегі қорғасын-цинк және титан-магний, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Балқаш, Жезқазған таукен-металургия комбинаттары құрылды және дамыды. Оның көмегімен химия, металлургия инститтутары ашылды. Қазақстандағы ВАСХНИЛ, Ақмоладағы Бараев институты әлеуметтік тапсырыс пакеттерін алды, ядролық физика саласындағы интенсивті жұмыстар басталды, орта азиялық әскери округ, әскери-инженерлік база құрылды. Алматыдағы құрылыс пен жағдайластыруда да ол аз нәрсе жасаған жоқ. Оның бастамасы бойынша бой көтерген Республика Сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, “Медеу” спорт көшені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет Сарайы, Республик алаңы, “Қазақстан”, “Жетісу”, “Алматы”, “Алатау” мейманханалары, цирк, аэровокзал, аэропорт және көптеген басқалары Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалды.

Қонаев республика мәдениетінде бағалады және қолдады. Ол Е. Серкебаевтың, Б. Төлегенованың таланттарын көтерді, О. Сүлейменовтың “АЗ и Я” атты зерттеуінің философиялық мәнін түсінді, оны “орталықтың” жаласынан қорғай білді.

Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен тәжиребесінің маңызды мәселелеріне арналған.1948 ж. кандидаттық, ал 1968 ж. докторлық диссертация қорғады. 1952 жылдан – Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі. 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.

1992 ж. оның “Өтті дәурен осылай” атты естелік кітабы жарық көрді, 1994 жылы ол “Сталиннен Горбачевка дейін” деген атпен қайта басылды. Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін Қонаев 8 Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталған. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері. 1994 жылы Дінмухаммед Ахметұлы Қонаевтың есімімен колледж, таукен ісі институты, көше аталды. 1978 ж. Алматыда бюстісі орнатылды. Д.А. Қонаев атында қайырымдылық қоры құрылған.

Қазақстанның экономикалық ойларын зерттеуде және экономикалық дамудың заңдылықтарын ғылыми жинақтап қорытуда, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерін айқандауда Қазақстан Республикасының ғалым экономистері Ж. Әубакиров, Т. Әшімбаев, А. Кошанов, Н. Мамыров, Д. Қабдиев, С. Сатубалдин Ө. Шеденов, Р. Елемесов С. Досмагамбетов, Т. Абдразаков, Е. Аймагамбетов және т.б. өлшеусіз үлес қосты және қосып келеді.

ХХ ғасырдың 90 жылдары көпшілік қазақстандықтар біздің рРеспубликамыз тарих дәурлік шебінде тұрғандығына күмән келтірген жоқ болатын. Посткеңестік өндірісті қайта құру уақытында аймақтар арасында экономикалық байланыстардың бұзылуымен, азық – түлік және өнеркәсіп тауарларының тапшылығын халық. бастарынан кешірді.

Соған қарамастан, көптеген қазақстандықтардың жүрегінде жақсы болашаққа деген сенім болды – және тәуелсіз, егеменді даму жолымен дербес жүру үшін күрес бастады.

Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаев, елде, экономиканың барлық саласында нарықтық қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған саяси және қоғамдық экономикалық қатынасқа ауысуы туралы халыққа бірбеткейлік пен мәлімдеді.

Өмір үнемі даму үстінде. Қазақстандағы реформалауды одан әрі ұлғайту және тереңдету үшін, мәдениетті және өркениетті диалог қажет. Осылардың бәрінде экономика саласындағы идеологияның негізгі принциптерін ескеру және қисымдай білу мыналарға бағытталған:


  • әлеуметтік – бағдарланған аралас нарықтық экономика жасау;

  • тікелей материалдық игіліктер өндіретін салаларда жеке кәсіпкерлікке басымдық бере отырып, оның барлық формаларында жеке меншікті кәсіпкерлікке қолдау көрсету;

  • өндірісті құрылымдық тұрғыда қайта құру;

  • мемлекет аралық байланыстарды экономикалық – саяси әріптестерді таңдаудағы прагматизм;

Мұндай тәжірибе елде де оны басқарушыларыңда да болмады. Осындай саяси – экономикалық ауыр жағдайда еліміздің Бірінші Президенті Н.Назарбаев жекешелендіру туралы әдейі Президенттің заңы мен ұлттық бағдарлама қабылдады. Меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру үш кезеңге бөлінді:

1 кезең – 1992-1993 жылдар;

2 кезең – 1994-1995 жыдар;

3 кезең – 1996-1998 жылдар.

Осы уақыттар ішінде жекешелендіру процессінің тәсілдері мен механизмдері анықталды.

Жалпы рынокке өтуде республикаға шетелдердің, Әлемдік халықаралық ұйымдардың, әсіресе, Әлемдік банк, Европалық даму және реконструкция банктердің ықпалы өте үлкен болды. Халықаралық Валюта қорынан және басқалардың қаржы алу үшін, олардын тілектерін орындап, әуелі экономикалық тұрақтылық, бағаны либерализациялау (ырықтандыру), инфляцияны ауыздықтау, және т.б шарттарды орындауға тиіс болдық.

Осылардың ішінде, ең қыйыны, ол біз таңдаған рыноктық экономика үлгісі англо-американдық-монетарлық (Фридмен) теориясына ұқсас болды. Сөйтіп, “бәрін ақша шешеді”, “экономикалық дағдарыстан да монетарлық теория шығу жолын көрсетеді” дегенге сендік. Осындай жағдайда, тағыда Н. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” стратегиялық дамуы рынок экономикасына өту теориясын туындады. Онда, шетел инвестициясын келтіру, әлемдік рынокқа шығуы проблемаларының бағыттары анықталды. Елімізде рыноктық экономиканың өмірге келгенін Батыс Еуропа елдері, АҚШ мойындады. Бұл Қазақстанның – тәуелсіздігінің он жылдығының маңызды жетістігі еді.

Қазақстанның әлеуметтік экономикалық өсуінің “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Н. Назарбаев мынадай қорытынды жасады: “Біз - өзіндік тарихы мен өзіндік болашағы бар евразиялық елміз. Сондықтанда біздің модель ешкімге де ұқсамайтын болады. Ол өзіне әртүрлі өркениеттің жетістіктерін жинақтайтын болады. Біздің модель қоғамдық дамудың әртүрлі моделдерінің конвергенциясын көрсетуі тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, біз әлеуметтік нарықтық экономика құрудамыз. Бізге қажеті де, міне осы”. (“Қазақстан – 2030” Н. Ә. Назарбаев бағдарламасы).

Қазақ зиялыларыда орыс және шетел ғалымдарының шығармалары негізінде жалпы тарихымызды, оның ішіне экономикалық өміріміздің бұрынғысы мен бүгінгісі, болашағы туралы ғылыми қорытындылар, көзқарастар, теориялық тракттатар ұсынуда.

Н.Ә.Назарбаев “Тарих толқынында” (1999) деген еңбегінде бұдан 1300-1100 жылдар бұрын қазақ халқының шаруашылық өмірін, тіршілікті түзеудің жолын, мақсатын мойындап, Күлтегі абыз бабамыздың сөзін келтіреді: “Өлімші халықты тірілттім, жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым”. Осындай өсиет экономика ілімінің тарихын оқып білу арқасында қандайды болмасын барлық саясаткерлерге, экономистерге ақыл-кеңестер бола алады.

ССРО тарап, жоспарлы экономика тоқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы егемендік алып (1991) елімізде экономикалық реформа жедел жүргізіліп, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы қабылданды. Рынокты экономикаға көшуде шет елдің, әлемдік институттарының қаржылық техникалық көмектерінде пайдаландық.

Трансформациялық көшу барысында әлеуметтік – экономикалық дағадрыс қатар жүрсе де, рыноктық инфрақұрылым дамыды. Осының арқасында, қысқа мерзімде экономиканы тұрақтындырып, инфляцияны ауыздықтап, дұрыс инвестициялық саясат ұстап, шетелдермен сыртқы экономикалық байланыстарды ұлғайтып біріккен кәсіпорындарын құрдық. Сонда да, рынок экномиясына өтуі адамдардың ой-санасына, мінез – құлқына, көзқарастарына терең өзгерістер енгізді. Енді адамдар өз өміріне өздері тікелей жауапты: тез байып кетуге де, тез кедей болып, құрып кетуге де экономикалық жол ашық.

Өтпелі кезең экономиясы мен оның аралас экономикалық проблемалар-казіргі теориялық тәжиребелік зертеу мәселелерінде. Себебі, Қазақстанның рыноктық экономикаға көшуінде трансформациялық қозғалыс пен институционалдық реформалардың ойдағыдай жүргізіліуінде әсіресе, жекешелендіру процессінің көптеген қиыншылықтарына Елбасы Н. Назарбаев аса үлкен көңіл аударды, Осы реформадан халықтың күтетін нәтижелері: экономикалық реформаға көзқарас; жаңа экономикалық саясатқа; рыноктық экономиканың жаңа жолдарына; шағын бизнеске; Қазақстанның ХХІ ғасырда әлеуметтік экономикалық даму болжамы.

Қазақстанда рынок қатынастарын қалыптастыру кәсіпкерлікті, шағын бизнесті, агробизнесті дамыту арқылы жүзеге асуда Н. Назарбаевтің еңбектері мен қаулылары, парламент пен үкіметтің заңдары кәсіпкерлікке жол ашып, салық саясатын ұтымды жүргізуге бағытталды. Бұл проблемалардың теориясы мен тәжірибесіне арналған бірнеше регионалдық, республикалық, халықаралық ғылыми конференциялар өткізіліп, кәсіпкерліктің теориялық негіздері тарихы, шетелдердің тәжірибелері терең зерттелді. Осындай глобалды ғылыми зерттеу жүргізудің негізгі себебі ол экономикалық реформаның бас шарты мемлекеттік социализмді жойып, жоспарлы экономикадан бас тартып, әміршілік әкімшілік басқарудан шығып тәуелсіз ел болу үшін керек еді.

Рыноктық экономикалық қатынастар Қазақстан Республикасы тұрғындарының тұрмысында, сана-сезімінде түбірлі өзгерістер туғызды. Дәстүрлі әкімшілік басқару орнына рыноктағы сұраныс пен ұсыныс және баға келді, енді өз күнін өзі көріп, өз күшіне, өз қабілетіне, еңбегіне сену сынақты жаңа менталиттетер қалыптасты.

Бұрынғы қазақтар кездескенде “мал - жан аман ба?” деген сұрақтың қазір мал сөзі азайтылып, жан сақтаудың амалын көп сөз қылатын болуда. Себебі, нарық заңы қатал, мемлекет “түнгі күзетші” болумен қатар рыноктық қатынастарды кеңейтті. Атақты Баласағүн айтқандай “іс айлаға жүреді, сауда пайдаға жүреді» дегендей, нарық «қолының ебі, аяғының желі бар» адамдардың заманы болды. Сондықтан баға, сұраныс, ұсыныс, акция, бәсеке және т.б. рынок категорияларын терең біліп, күресу, әркімнің міндеті болды.

Жинақтап айтқанда, қазіргі отандық экономиканы, оның ғылыми - экономикалық қатынастарын классикалық, неоклассикалық, синтез тәсілдерімен бағалап, инфрақұрылымдарына қарай оны реформалап, құқылық заңдарын қабылдау сатысындамыз.

ТҮЙІН

Қазақ халқының қоғамдық даму эволюциясы, экономикалық өмірі мен ой – санасының қалыптасуы, салты мен тіршілік тынысы, шаруашылық жүргізу тәсілі- номадтар дәуірінен басталып, ренессанстан өтіп, қазіргі егеменді, бостандығы дамыған тарихи ел болдық.

Қазақ халқының экономикалық дамуы, оның мәдениеті, дәстүрі, әдебиеті, фольклоры, мақал-мәтелдері осыған ашық куә. Қазақ фольклоры - экономикалық ойлардың қайнар көзі.

Шығыстың атақты оқымысты, аса көрнекті философы Әл-Фараби, Қазақстанның мәдени дамуының дәлелі, бірсыпыра материалистік идеялардың авторы, адамзаттың ақыл-ойы мен тұрмысының тұтастық диалектикасын ашты, қоғамды құру жолдарын көрсетті.

Қазақстанның экономикалық тарихында шаруашылықты қалыптастыруда хандар мен олардың ақылшы, кеңесші билері қазақ хандығының институтарын дамытуда үлкен орын алды. Дәлел «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолының» қосындысы Тәуке ханның «Жеті жарғы» - әлеуметтік – экономикалық және құқылық энциклопедия.

ХІХ-ХХ ғасырларда қазақтың тарихи деңгейіне орысша білім алған, еуропалық мәдениетке енген, сонымен қатар туған жеріне қызымет етуді мақсат қойған ұлттық қайраткерлер шықты. Олар оқымысты, ағартушы Шоқан, Ыбрай, Абай рухани төңкеріс жасады. Абай – ақын, классик және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, Шығыс пен Батыс Еуропа мәдениеттерінің арасындағы көпірі болды.

Қазақ даласында қанат жойып, әлеуметтік экономикалық дамуды зерттеп, патриархалды – феодалдық қалдыққа қарсы тұрған халық ағартушылары, ел үшін патшалық колониалдық саясатқа қарсы күресті. Көптеген демократ – зиягерлер М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханұлы т.б. саяси және қоғам қайраткерлері, бүкіл өмірлерін өз халқын отаршылықтың құлдық қамытынан босатуға, ел жұртына білім беруге жұмсады.

Совет дәуірінде, қазақстанның экономикалық ойларын зерттеуде және экономикалық дамудың заңдылықтарын ғылыми жинақтап қортуда, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жолдары мен әдістерін айқындаған көрнекті мемлекет және саяси характерлер, ғалымдар, академиктер Сақтаған Бәйішев, Қаныш Сәтпаев, Дінмұхамед Қонаев т.б. ерекше орын алады.

Өмір үнемі даму үстінде. Посткеңестік құру уақытында аймақтар арасында экономикалық байланыстардың бұзылуымен, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының өндірістің ыдырауы инфляцияның күшейген кезінде де, елімізде жүріп жатқан Қазақстандағы реформаларды одан әрі ұлғаюда және тереңделуде, рыноктыққа көшуде Президент Н. Назарбаевтың еңбегін, оның қайраткерлігін жеке бағалау керек. Президенттің «Қазақстан-2030» стратегиялық даму жобасы рынокқа өту теориясын туындап, халыққа жағдай жасауда.
Негізгі терминдер

Номадизм;

Ренессанс;

Фольклор;

Мақал-Мәтел;

«Жеті – жарғы»;

Ағартушы;

ЖЭС;


Алаш теориясы;

Әліпби;


Өлшеуші.
Практикум

§1 Енді Сіз білесіз:

  1. Номадизмнің ерекшелігін;

  2. Ренессанс деген не?

  3. Әл-Фарабидің ілімін;

  4. Тәуке ханның “Жеті – жарғы» заң ескерткішін;

  5. ХІХ ғасырдағы Қазақ-демократтарының көзқарастарын;

  6. ХХ ғасырдағы Қазақстанның демократ-зиягерлердің отаршылық қарсы күрестерін;

  7. Совет дәуіріндегі қазақтың экономикалық дамуына қосқан мемлекеттік, қоғамдық саяси қайраткерлерінің еңбектерін;

  8. Экономикалық реформаларды жүргізіп, Қазақ халқына саяси экономикалық бостандық алудағы Бірінші Президент Н. Назарбаевтың еңбегін;


§2 Қайталау үшін сұрақтар:

  1. Номадизм мен ренессанстың қазақ халқының дамуында алатын орындары;

  2. Экономикалық ойлардың туына, дамуына фольклордің тигізген әсері;

  3. Әл-Фарабидің әлеуметтік экономикалық ойлардың дамуындағы еңбегі

  4. “Жеті жарғы” - занының қоғамдық – құқық қатынастарының дамуындағы орны.

  5. Шоқан Уәлихановтың көшпелі халықтар шаруашылықтарын жүргізу туралы берген кеңестері.

  6. Қоғам, мемлекет қайраткерлері, профессор, академиктер С.Бәйішев, Қ.Сатбаев, Д. Қонаевтардың Қазақстан Республикасының дамуына қосқан негізгі үлестері.


§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:

  1. Қазақстан экономикасындағы номадизмнің ерекшеліктері:

  1. көп ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысу;

  2. көшпелі өмір салты;

  3. егін егу шаруашылығымен айналысу;

  4. өндірісті дамыту.

  5. А,Б, жауабы шынайы.

  6. В,Г, жауабы шынайы.

  1. Ұлы «Жібек Жолының» Қазақстан үшін мал шаруашылығының дамуы мен қатар.

  1. Қалалардың өсуімен бірге басқа елдермен сауда –салттықтын өсуіне әкелді;

  2. елімізде жаңа экономикалық ой-сана қалыптасты, халықараылқ қарым – қатынас пайда болды;

  3. экономикалық ілім тарихы дамыды;

  4. хандар мен олардың ақылшы, кеңесші билерінің институттарын дамыды;

  5. барлық жауаптар шынайы.

3. “Жеті жарғы” – Қазақ құқы принциптеріқандай толықзаңдардан тұрады:

  1. Жер заңы, жайылымдар мен суаттар заңы;

  2. отбасы – неке заңы, әскер заңы;

  3. сот процессі туралы ереже, қылмыс түрлеріне берілетін жазалар заңы, құн туралы заң, өлім, ауыр жарақаттар үшін жазалар;

  4. жесірлер туралы заң, олардың мүлік;

  5. а,б,с жауабы шынайы;

  6. бар жауаптар шынайы.

4. ХІХ ғасырдағы патшаның колониалдық саясатына қарсы күрескен Қазақтың ағартушы – демократтары:

  1. Шоқан Уаиханов;

  2. Шоқан Уалиханов, Абай Құнанбаев;

  3. Ыбрай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов ;

  4. Абай Құнанбаев, Ыбрай Алтынсарин;

  5. Абай Құнанбаев;

5. ХХ ғасырдың басындағы Қазақтың қай саясый демократтары “Алаш” партиясына мүше болып, артынан Қеңес одағына қызмет етті?

  1. Міржақып Дұлатұлы, Ахмет Байтурсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы;

  2. Ахмет Байтурсынұлы, Смағұл Садуакасов;

  3. Әлихан Бөкейханұлы, Тұрар Рысқұлов;

  4. Смағұл Садуакасов, Тұрар Рысқұлов;

  5. Тұрар Рысқұлов, Міржақып Дұлатұлы ;




1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет