ҚазақТҰтынуодағЫ



жүктеу 2.44 Mb.
бет7/31
Дата03.04.2016
өлшемі2.44 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
: attachments -> article
article -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
article -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
article -> Регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
article -> Аты-жөні (жұбайы, зайыбы)
article -> 1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
article -> Комбинаторика и текст Целые числа
article -> Комбинаторика Целые числа

2.4 Утопиялық социализм және оның дамуындағы эволюцияның жалпы сипаттамасы.


Социализм – негізінде теңдік (материалдық игілік, құқық және міндеттемелер көлемі) және меншік бірлігі теория. Бұл социалистік ағым қоғамда бақытты және әділ өмірге қол жеткізуді мақсат қойды.

Социалистік доктрина – бақытты өмір туралы адам арманының ажырамас элементі. Бірден бір алғашқы ұғымдар негізделген социалистік идеялар Платон философияында да айтылған. Содан бері көптеген идеялар пайда болды және жоғалды.

Утопиялық социализм – ХІХ ғасырдың бірінші жартысында туған және қоғамдағы қанауға қарсы күреске арналған ағым. Утопиялық социализм еркін еңбекке негізделген және ғылым мен техниканың жетістігін жоспарлы түрде пайдаланатын, ірі қоғамдық өндірістер құрудағы қоғамдық өзгерістердің алғашқы міндетін байқады. Ол қоғамның болашағын адам қажеттілігін қанағатандыруды қамтамас ететін молшылық қоғамы ретінде бейнеледі.

Бұл ағым үшін гипотетикалық әдісті қолдану тән, яғни гипотез ұсыну – “не болар еді, егер”,”осылай ұйғарамыз” т.б.

Утопиялық социализмнің даму эволюциясы Платоннан бастап Т.Мордың, Т. Кампанельдің және басқалардың шығармаларында адамгершілік тұрғыда жеке меншікті сынау туралы болды. Олардың утопиялық тұжырымдамалары шындығынан тұтыну теңдігі мен қабілеттік теңдігі принциптерінде қоғамдық құрылымның қарапайым идеялары тартылу көрінді.

Алайда ХІХ ғасырдың бірінші жартысында классикалық саяси экономия өкілдерінің еңбегінің әсерімен социалист-утопистер доктриналары елеулі, сапалы өзгерістерге ұшырады. Утопиялық социализм үшін өнеркәсіп өзгерістерінің бітуімен байланысты, бұл кезен осы экономикалық идеялар мектептерінің Англиядағы Р.Оуэн, Франциядағы К. Сен-Симон мен Ш. Фурье сынды жаңа экономикалық шындықты ұғыну талдау мен әйгілі.

Осы авторлар мен олардың ізбасарлары өз идеяларын ХІХ ғасыр басындағы экономикалық шарттармен және сондағы саяси экономияның үстемдік еткен принциптерімен орайласты. Жекелей алғанда олар техникалық ойлап табу мен ғылыми жаңалықтарды және қоғамдық өндірістің барынша өсуін одан әрі экономикалық саясаттың басты мақсаты деп санап, соны жақтады. Олар табиғи тәртіптегі тұжырымдаманы ұстады, яғни қоғам мен әрбір адамның мінсіз әлеуметтік құрылымының үлгісін ұсынды.

Осы тұрғыда социалист – утопистердің классиктерден айырмашылығы-олардың өнеркәсіп өзгерісі кезеңін қабылдамайтынын (Р.Оуэн), немесе жеке меншік институтын сынайтынын (К.Сен-Симон және Ш.Фурье), сол сияқты адамды адам қанау себебін ғана емес, шаруашылық өмірдің және экономикалық дағдарыстың шарасыз монополиялығын көре отырып, экономиканың идеясы мен тәжиребесінде бәсекелестіктің шексіз бостандық алуын айыптайтыны жайында болды.

Осыдан кейін негіз ретінде, олар әркім өзі үшін өз еңбегінің толық өнімін сақтайтын, еңбектерін ұсынып ассоцианистивтік білім аясында, өндірістің бостандығы мен сұрауын сақтауда, антогонистік таптар мен бәсекені жоюдағы мақсатқа жетуге бағытталған, жаппай үгіт-насихат жүргізу міндетін ұсынды.

Жаңа буынның социалист - утопистер бір жағынан оның негізін салушылардай эволюциялық саяси-экономикалық өзгерудің жақсылыққа әкелуі сияқты “қанаушы” қоғамның өзгерістерін күштеуді, төңкерісті «қажет» ететуін де теріске шығарады. Бірақ екінші жағынан, олардың социализмге қатысты әлеуметтік - әділеттік идеяларын үгіттеу мен насихаттауды тірек ететін доктриналарына орай, табиғи жағдайда барлық әлем қазіргі әділетсіздіктен бірден бас тартады деп сенім білдірсек – бұл доктриналар тіршілікті тек утопияға ғана қарсы емес, нарыққа да қарсы деп табады.

Ақырында, ХІХ ғ. бірінші жартысындағы утопиялық социализмнің нарыққа қарсы доктриналарының мазмұнындағы жинақталған айырмашылықтарды көрсету маңызды. Осыдан, бұл мектептің авторларының өздері көрсеткеніндей, біріншіден-индивидуализмді коллективизммен алмастыру механизмі, екіншіден-ұжымдық ұйымдарға еңбешілерді біріктіру қағидасы ескеріледі. Осы жағдайларға көңіл қоя отырып Ш.Жид және Ш.Рист мысалға төмендегідей тұжырымдар жасады.

К.Сен-Симон және оның пікірлестері “ұлттардың барлық мүшелерін ұжымдық ұйымдарға алуға” және мұндай бірігуді жоғарыдан, яғни саяси үкіметті “ауыстыру” “экономикалық үкіметтің” басқа әрекеттері мен және “мемлекет мүлкіне айналдырудың” құралы ретінде болжап, қанша тырысқанымен ”ұжымдастырудың нағыз жаршысы” болып табылмайды;

Р.Оуэн мен Ш. Фурье және олардың ізбасарлары – “социалист-ассоцианистердің”, «әсем-симондықтардан» айырмашылығы – “индивидтердің көпшілікте жоғалмауын” қалайды және «оның көмегімен шағын жекелеген топтар ұйымдарын сақтауды қолдайды», яғни “бірігу... жоғарыдан емес, төменнен келеді” деп болжайды.

Жоғарыда айтылған әйгілі социалист-утопистердің көзқарастарын қарастырайық.



Клод Анри де Рубруа Сен-Симон (1760-1825 жж) – францияның социалист-утописті, социалистік идея үшін, өзінің саяси сенімі негізінде дворяндық атақ пен графтық титулдан бас тартқан, осы бағыттағы экономикалық ойлардың көрнекті авторларының бірі. Оның қаламынан “Женеваны мекендеушілердің замандастарына хаты” (1803) “Өнеркәсіп жүйесі туралы” (1821), “Өнеркәсіп қожаларының катехизисы” сияқты маңызды ғылыми еңбектер туды.

Сен-Симон үшін экономикада еркін бәсекесі бар әлеуметтік жүйе – бұл өтіп бара жатқан феодализмен әлі жетпеген, екі қоғамдар арасындағы өтпелі жәй кезеңдер ғана емес, бұл өнеркәсіптік теңдікке ”төңкеріссіз бейбіт және барынша тез көшу” үшін, «индустриалды тең» “әлеуметтік әділет қоғамы”.

Өзінің талқылауларында ол ескіден жаңа әділ өнеркәсіптік қоғам құруға көшу тарихи шарасыздық деп жариялады, сондықтан басқа социалист-утопистер сынақты ол “антигонистік таптар жойылып, үкімет саяси биліктің орнына экономикалық үкімге ие болады деп болжады.

Утопиялық социализмнің басқа өкілдерінен К.Сен-Симонның айырмашылығы –“меншік пен оны пайдалануды реттейтін заңның” қажет екенін және “тек осы институт қоғамдық мекеменің негізі болып қызмет ететінін” айта келіп, социализмде жеке меншікті жоққа шығармады.

Оның пікірі бойынша болашақ ірі өнеркәсіптік өндіріске және өнеркәсіптік топтарға (кәсіпкерлер, жұмысшылар мен ғалымдар одағына) жатады деді. Ірі өнеркәсіп бір орталықтан, бір жоспармен басқарылады, бәсекені ассоциация алмастырады деді. Қоғамда еңбектенуге бәрі міндетті, ал еңбек “әрқайсысының – икемділігі бойынша, әрқайсысына – оның ісі бойынша” деген қағидамен бағалады. Мұндай әділ қоғамды құру үшін өмірдің тек материалдық шарттарын өзгерту жеткіліксіз, адамдарды рухани қайта тәрбиелеу де.

Шарль Фурье (1772-1832 жж) францияның социалист-утописі, өзінің замандасы К. Сен-Симоннан болашақтың “әділ” әлеуметтік құрылымы туралы үлгіні аз айтпады. Бұл ғалымның маңызды еңбектері – “Төрт қозғалыстың және жалпы тағдыр теориясы” (1808), “Жаңа шаруашылық және социетар әлемі немесе ескі серияда бөлінген қызғылықты және табиғатқа тән еңбек тәсідерін ашу” (1829), “Үш сыртқы бірлік туралы” (қайта болғаннан кейін, 1845) және т.б.

Көпес отбасынан шыққан Ш.Фурье өз еңбектерінде классикалық саяси экономияны және еркін бәсеке экономикасын, оны мақтан тұтатын өкілдерімен бірге ызалана сынады. Ол содырлы қанау жүйесін жойып, ассоциативтік білім – “фалангстерлердің” жетістіктерін ерте сезініп (үгіт –насихат және жеке мысалдың арқасында), жаңа “социетарлық әлемге” көшуді ұсынады. Оның ойынша жалдамалы еңбекке орын болмайды, ал жұмысшы акционер болып, кіріске қатыса алады және басқару қызметінің қалаулысы болады. Меншік ортақтастырылады, бірақ бүкіл қоғам аумағында емес, 1-2 мың адамнан тұратын еңбек ұжымдары бірге тұратын, жұмыс істейтін және демалатын еңбек серіктісстіктері аумағында болады. Түскен кіріс бірен-сарандап әрқайсысың еңбек акциясына бөлінеді және солай тұтынудың қоғамдық қорына түседі.

Фалангтарда, жұмыскерлер жұмыс түрін күніне бірнеше рет ауыстыратындықтан адамға белгілі еңбек түрін бекіту жойылады. Бәсекеде біреу ұтып, қалғандар ұтылса оның орнына, бәрі ұтатын жарыс келеді. Дене және ой еңбегі арасындағы қайшылықтар біртіндеп жоғалады деді. Ш.Фурьенің ойынша фаланг ұйымы үшін керекті қажет жабдықтарды капиталистердің өздері беру керек. Фаланг мүшелері болып, олар оның акционері болады. Фалангте өндірілген өнім еңбек акционерлік капитал мен білім аралығында 5:4:3 қатысына қарай бөлінеді. Фурьеде мемлекеттің рөлі тіпті елеусіз қалады, сондықтан оны анархизмнің негізін салушы деп жиі атайды.

Осы пікірлерден кейін Ш.Фурье төмендегідей қорытынды жасайды: ерікті бәсеке экономикасы өзіне “барлық негізгі таптарды... тіпті үкіметті де” бағындыра отырып “арамтамақ” және “қосалқы тап” өкілдері болатын “саудагерлер және сауда агенттері” қатарын сөзсіз кеңейтеді.

Фурье саяси төңкеріс идеясын (ол қасқүнемдерді байыту үшін ғана байларды тоңайды) қолдамады, бірақ барлық социалистерге тән нарыққа жиіркене қарады.

Оның пікірінше, жеке меншік анархияны, бәсекені тудырады, байлықты бөлуде теңсіздікті және ресурстар ысырапшылдығын болдырады. Сауда бәсеке арқылы монополияға және “сауда феодализміне” апарады. Жұмысшыларды қанауды ол алдымен олардың тұтынушы болып алдануынан байқады. Қоғам экономикалық дағдарысқа шарасыздықтан баратын байлар мен кедейлерге бөлінеді. Фурье мен Сен-Симонның “утопиялар” тек қана таза ой жору болды, сондықтан ештеңе қабылдамай-ақ оны жүзеге асу деңгейі туралы шексіз дауласуға болатын. Дауды таза практикалық тұрғыда аударуға үшінші ұлы утопист Роберт Оуэн ұмтылты.



Роберт Оуэн (1771-1858 жж)-ағылшын социалист-утописі, “Адам мінезінің білімі туралы” (1813-1814), “Нью-Ланарк графствосына баяндама” (1820), “Жаңа адамгершілік әлемі туралы кітап” (1836-1844), сияқты бірқатар еңбектердің авторы.

Оның құн теориясы классиктерге, әсіресе Д.Рикардо жақын. Ол олардың құнның еңбек теориясын алғанымен, тауардың бағасы өзіне кірісті де қосады деген ережені болдырмаумен ерекшеленеді. Оның көзқарасынша кірістің пайда болу әділетсіздігінен жұмыскерлерді үлестен құр қалуы экономикалық дағдарыстар себебінен болады деді.

Р.Оуэн мальтусовтық халық өсу теориясын қабыл дамиды бөлген жоқ. Ол “дене еңбегін дұрыс басқару елдің барлық тұрғындар үшін тиімді халық санының шексіз өсуіне болдыратын керекті тәсілдер, тиімді заттар ұсына алады” деп ойлады. Болашақ социалист ретінде Оуэн барлығына зиянды, соның ішінде дүние құмарларға зиянды қоғамдағы жеке меншіктің негізін жатуды аңғарды. Жеке меншіктің және жеке қажетіліктің орнына қоғамдық меншік, жалпы еңбек, құқықтар мен міндеттемелердегі теңдігі керек деді. Ақшаны қанау құралы ретінде алып тастады. Олардың орнына жұмыскер тауарды дайындауға қандай мөлшерде еңбек жұмсағанын куәландаратын квитанциялар кіргізу керек деді. Қоғамдық қоймадан алынған квитанция бойынша олар еңбек мөлшеріне тең, өзіне қажетті тауарды ала алады деді.

Р. Оуэн өз идеяларын тәжиребеде жүзеге асыруға ұмтылды. Ол 1800 жылы Нью-Ленарктегі (Шотландия) шағын кәсіпорнының меңгеруішісі және менеджері болды.

Екі жылдан соң кәсіпорын тұрақты кіріс әкелді, ал жұмысшылары тазалыққа, тәртіп пен ұйымшылдыққа кітапханасы мен мәдени орталық, санитарлық қадағалау, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру қызметтері, тұтыну кооперациясын құрды.

Тәртіпті қолдау бойынша халықтық жасақ жұмыс істей бастады. Қылмыстық жаза қолданылмады.

Таза коммерциялық кәсіпорын жоспарда өркендеді және Оуэн мақта дағдарысынан тұрып қалған кезең де барлық жұмыскерлерге толық еңбекақы төлей алды. Жұмыскерлердің санасына өзгеріс енді, олардың еңбек және әлеуметтік белсенділіктері арта түсті. Ұрлық, ішкілікке салыну, төбелестер жойылды. Ауыл әдемі және күтілген болды. Басқа кәсіпорындарға қарағанда шынайы кіріс әлдеқайда жоғары болды. Жұмыс күні сол кезендегі 16 сағаттың орнына небәрі 10,5 сағатты құрады. Оуэн сол сияқты 10 жастан төмен балалардың еңбегін пайдаланудан бас тартты және сол кезде үйреншілікті болған айып-пұлдарды жойылды.

Алайда бұл бір поселкенің аясында шектелген мұндай жетістік басқарушының өзінің жекебасының кемшілігінен бүтіндей кіріптар болды. Басқалармен тартыстан соң Оуэн Нью-Ленаркты тастап кетуге мәжбүр болғанда бәрі құлдырады, Оуэннің тамаша эксперименті сәтсіз аяқталды.

Р. Оуэн, классиктерге қарамастан қарапайым көптеген мәселерді болжай білді.

“Әділетсіз қоғам құрылысының “ алмасу “ғылыми бастамаларды іске асыру жағдайында біртіндеп бейбіт және ақылмен” жүзеге асады деп ойлады ол. Мысал үшін, жерді біртіндеп “сатқысы келетіндерден нарықтық бағамен сатып алып, болашақта қоғамдық меншікті мемлекеттік кірістің қайнар көзіне айналдыру” және т.б. ұсынды.

500-3000 адамнан тұратын Оуэндік ассоциативтік “дербес поселкелерді” құру үшін сәйкес “ақылды жағдайлар” қажет. Р. Оуэн оларды рационалды конституция деп аталатын 26 заңда төмендегідей жүйеледі:


  • ассоциаияларда түрлі аяда, үй шаруашылығын қоса қол еңбегін ауыстыру үшін машиналарды кеңінен қолдану;

  • еңбекті құндылықтың өлшеміне айналдыру;

  • өзінің жеке сыртқы бағасын ақшамен табуда, оның “темір мен болаттың құнынан барынша төмен” болуы;

  • адамзат металл ақшаларды жойып, оларды еңбек бонасына, яғни “ұлттық ақшаға” ауыстырған соң, мол байлықты қамтамасыз ету;

  • халықты ағартуда, әсіресе, кезеңдік таңба құралын пайдалануда түрлі әдістерді қолдану;

  • “пайдасыз жеке меншікті” жою, соған сәйкес делдалсыз өндірушілер байланысы арқасындағы кіріс үшіл де болдырмау.т.б.



ТҮЙІН


Орта ғасырдағы экономикалық көзқарастар (феодалдық қоғамдағы) айқын діни сипатқа ие болды. Бұл кезеңнің рухани идеологтарының ғылыми мұралары, оның ішінде шаруашылық саясаты аумағында қоғамның сословиялық сипаты мен иерархиялық құрылымы, ақсүйек және шіркеу феодалдарында саяси билік пен экономикалық құдіреттілік күшінің өсуін айқындайтын схаластика, софистік талқылау, діни-этикалық нормалар толықтырады. Олардың доктриналарына экономика тауарының аумағын кеңейтуге қажетті екі ойлы түрткілер, нарықтық қатынастардың негізгі қағидаларында шаруашылыққа қабылданбайтын басқа белгілер мен өсім алушылық тән.

Феодализм кезеңінде саяси экономияның алғашқы мектебі меркантилизмнен қалыптасқан ғылыми теорияда жекелеген экономикалық идеяларды дайындау басталды.

Меркантилизмді дамытудың бірінші кезеңі-ақшалай байлықты таза заңдық жолмен арттыруға бағытталған саясаты орнықтыратындай, “ақша балансы” теориясын анықтаған-ертедегі меркантилистердің монетаризм теориясы болды.

Кейінгі меркантилизмнің орталық пункті-шығарылған және әкелінген тауарлардың құн арасында үлкен айырмашылық болған сайын, мемлекет те бай түседі деп саналатын – “сауда балансы жүйесі” болды.

Меркантилизм сауданың белең алуы мен өндірістің шектелуін бағдарлай отырып, кемшіліктерден де құр қалмады, бірақ келешектегі экономикалық ойлардың да белгілі прогрессивтік роль болды.

Утопиялық социализм-ХІХ ғаырдың бірінші жартысында пайда болған және қоғамдағы қанаушылыққа қарсы күреске арналған ағым. Утопиялық социализм бірінші кезекте ғылым мен техниканың жетістіктерін жоспарлы пайдаланып, еркін еңбекке негізделген ірі қоғамдық өндірісті құрудағы қоғамдық өзгерістердің міндетін аңғарды.

Ол адам қажеттері мен жеке бастың өркендеуін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін молшылық қоғамның болашағын елестетті.

Негізгі терминдер


Құранның аяттары.

Сали шындығы.

Канондықтар.

Венециандық есеп.

Меркантилизм.

Тракттатар.

Саяси экономия.

Утопиялық социализм.



Практикум

§ 1 Енді Сіз білесіз:


  1. Феодализм кезеңіндегі экономикалық ойлардың дамуындағы өзгешілікті түсіндіру, оның орта ғасырдағы Европа және Азия елдерінде дамуын жалпы және ерекше белгілерін айыруды;

  2. Меркантилизм тұжырымдамасының мәнін түсіндіруді, бұл ағымның басқа экономикалық көзқарастардың негізін салушылардың ерекшелінетін анықтауды;

  3. Меркантилизмнің кезеңдерін нақты ажыратып, оның дамуындағы эволюциялық «сатыны» құруды;

  4. Прогрессивтік және шектелу жақтарын айқындай отырып, экономика тарихындағы меркантиолистердің үлесін анықтауды;

  5. Бүкіл социалистік доктриналардың бөлігі ретінде утопиялық социализмге мінездеме беруді;



§ 2 Қайталау үшін сұрақтар:


  1. Феодализм кезеніндегі экономикалық көзқарастардың жалпы белгілерін сипаттаныз;

  2. Конондықтарға берілген «әділ бағаның» анықтамасын берініз;

  3. Ж. Кальвин доктринасының мәнісін түсіндірініз;

  4. «Мекрантилизм» дегеніміз не және бұл түсінік қалай пайда болды?

  5. Экономикалық саясатты жүргізуді меркантилистер басшылыққа алып, ұсынған жалпы принциптерді атаныз;

  6. Ертедегі және кейінгі меркантилизм ұстанымдарының айырмашылығы неде

  7. Ертедегі және кейінгі меркантилизмнің өкілдерін атаңыз

  8. Меркантилистер ілімнің шектелугіне көзқарастар немен ерекшеленеді?

  9. Сіздің пікірініз бойнаша утопиялық теорияны тәжиребеге мейлінші жақындатқан социалис-утопист кім?

  10. Утопиялық социализм идеяларының шынайы шаруашылық өмірдегі қолданылу ережесін анықтаңыз.



§3 Білімді өзіндік тексеруге арналған тестер:


  1. Құранда қандай ережелер көрініс тапты?

  1. Сарандық пен ашкөздкті көпшілік алдында бетіне басу;

  2. Ысырапшылдықты бетіне басу;

  3. Өсуге ақша беруді тыйым салу;

  4. Еңбекке жоғары көңіл бөлу;

  5. Бүкіл жауап дұрыс.

2. Канондықтардың, феодалдық құрылыс идеологтарының, соның ішінде Фома Аквинскийдің орталық экономикалық идеялары.

  1. Белсенді ақша балансы;

  2. Құдай белгілеген «әділ баға»;

  3. Дұрыс сауда балансы;

  4. Экономикалық либерализм;

  5. Құл иеленушілік қатынастарды қорғау.

3. Меркантилистер іліміндегі ерекшелік

  1. Мемлекеттік билік көмегімен жиналған ақшаны байлықпен теңестіру;

  2. Өндірістік қатынастар аясындағы түбегейлі зерттеулер;

  3. «Әділ ақшаны» анықтаудың негізгі белгісі;

  4. Экономикадағы ауыл шаруашылығының жетекші рөлін мойындау;

  5. экономикалық іс жүргізудегі мемлекеттің араласу қажеттілігін теріске шығару.

4. Кейінгі меркантилизмнің ең маңызды белгілері:

  1. Белсенді сауда балансының саясаты;

  2. Ақшаны елден шығаруға үзілді – кесілді тыйым салу;

  3. Ауыл шаруашылық өндірісін марапаттау;

  4. Еркін сауда саясаты

5. «Саяси эконмия» деген терминің авторы кім?

  1. Аристотель;

  2. Ф. Аквинский;

  3. А. Монкретьен;

  4. А Смит;

  5. К. Маркс.

  1. Меркантилизмнің негізгі пәні

  1. Айырбастағы қатнас;

  2. Өндірістегі қатнас;

  3. Өндіріс пен айырбастауда пайдаболатын қатнас;

  4. Еркін сауда саясаты.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет