Азық-ТҮлік қауіпсіздігі- қазақстан республикасы экономикасының ТҰРАҚты даму факторы ретінде а. Б. Айтбембетова, Б. А. Бекмурзаев



жүктеу 106.13 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі106.13 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
А.Б. Айтбембетова, Б.А. Бекмурзаев
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы

Е-mail: b.bekmurzayev@mail.ru

Қазіргі таңда адамзат алдында бірқатар күрделі мәселелер тұр, солардың арасында маңызды болып халықты азық-түлік қауіпсіздігімен ғаламдық, мемлекеттік және аймақтық деңгейде қамтамасыз ету. Жер шары тұрғындарын ғылыми-техникалық ілгерілеу көмегімен теориялық тұрғыдан азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жүзеге асқанымен, әлемдік азық-түлік мәселесінің жағдайы өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ, керісінше жоғары деңгейге көтеріліп барады.

Азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болып табылады. Елдегі тұрғындарың керекті және сапалы деңгейде азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілуі, бірінші кезекте адамдардың денсаулығына, өмір сүру деңгейінің сапасы мен ұзақтылығына әсер етіп, өз кезегінде тұрақты экономикалық өсу мен ұлттық қауіпсіздіктің тұрақты болуына тікелей әсер етеді.[1]

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында: “Болашақ – аграрлық секторда! Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет”-, деп атап өткен болатын.[2]

Азық-түлік қауіпсіздігіне әсер ететін факторлар:


  • Климаттың өзгеруі

  • Экологиялық ортаның өзгеруі

  • Энергия көздеріне бағаның өсуі

  • Егінді жерлерді техникалық дәнді дақылдарды өсіру үшін қарқынды түрде пайдалану(жанармай-отын өндірісі)

  • Егін жерлерінің қысқаруы(дамушы елдердегі жер қорының қысқаруы)

  • Урбанизация үрдісінің қарқынды жүруі( ғалымдардың есебі бойынша 20 жылдан кейін тұрғыгдардың 65-70% қалада тұратын болады)

Бүгінгі күнде азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі халық санының өсуі мен әлемдік азық-түлік қорларының азаюынан күннен күнге қиындап барады. БҰҰ-ның есебі бойынша 2010 жылы жер бетінде 1 млрд. жуық адам аштықты басынан кешірген болатын. Шамамен Жер шарының 1/6 бөлігі терең азық-түлік дағдарысына ұшырап отыр.[3]

Ұлттық деңгейде азық-түлік қауіпсіздігіне басым назар берілетін құнды тағам түрлеріне бидай, қант, өсімдік майы, балық, сүт және ет өнімдері.

XX ғасырдың 90- жылдарынан бастап әлемдік нарықта бидай қорының азаюы үдерісі орын алып отыр. Ең жоғары бидай қорының көрсеткіштері 1987 жылы тіркеліп, аталған бидай қоры 104 күнге жеткілікті адам қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын. 1994 жылы бұл көрсеткіш 64 күнге түскен болатын. Азық-түлік өндірісінің азаюы азық-түлік нарығына кері әсерін тигізіп жатыр. Ағымдағы болжамдарға сәйкес 2011/2012 жылдарда бидай өнімдерін тұтыну азайып келеді және бұл әлемдік азық-түлік өндірісі айтарлықтай өсім көрсетпейтіні анықталып отыр.[3]

Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы және тағам өнеркәсібінде өндірістің интенсивті факторларын пайдалану қиын, әрі халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету күрделеніп барады. 2050 жылға қарай жердегі адам саны 9 млрд. жетіп, адамдарды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету қиындауы мүмкін. Біршама жағымды даму үрдісінің өзінде бидайдың тапшылығы 526 млн. т., ет 40 млн. т., балық өнімдері 68 млн. т. құрауы мүмкін.



XXI ғасырдағы әлемдік азық-түлік өндірісінің негізгі даму үрдісін анықтайтын нәрсе- ауыл шаруашылығындағы өнімділікті көбейтетін капиталистік және ғылымды қажетсінетін салада тектік инженерияның дамуы. Мысалы, гендік-модификацияланған өнімдер өндірісінің көлемі соңғы 8 жылда есеге көбейіп 67,7 млн. га аумақты құраған. Аталған аумақтың 42,8 млн. га (63%) АҚШ-қа, 13,9 млн. га (21%) Аргентинаға, 4,4 млн. га (6%) Канадаға, 3 млн. га (4%) Бразилияға, 2,8 млн. га (4%) Қытайға және шамамен 0,4 млн. га (1%) Оңтүстік Африкаға тиесілі.[4]

Бүкіләлемдік ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының БҰҰ(ФАО) есебі бойынша 2011/2020 жылдарда әлемдік азық-түлік нарығында келесі үрдістер орын алады:

  1. Дәнді өсімдіктерге (жүгері) деген бағананың шынай өсімі 20%, ет

(құс) 30% дейін өседі.

  1. Азық-түлікке деген ифляцияның және тұтыну бағаларына жалпы

инфляцияның өсуі, аталған жағдай бірқатар дамушы мемлекеттердегі халықтың сатып алу қабілетілігінің төмендігінен экономикалық және азық-түлік жағдайының тұрақсыз болуы.

  1. Шығыс Еуропа, Азия және Латын Америкасында табыстардың

жоғарылауына байланысты тұтынудың адам басына шаққандағы өсуі, бірақ халық саны өсімінің баялауы.

Әлемдік азық-түлік нарығындағы кері әсер ететін факторлардың бірі болып азық-түлік өнімдері бағасының өсуі, өз кезегінде бұл құбылыс азық-түлік жағдайына әсер етпей қоймайды. Бағалардың өсуінің негізгі себептері мынада: ірі ауыл шаруашылық өндірістік аймақтардағы өнімнің кем алынуы, қордағы төмен деңгейдің салдарынан тапсырыстың төмендеуі және дамушы мемлекеттердегі экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында тауарлық сұраныстың төмендеуі. Бағалардың осы қалыпты өсім үрдісі сақталатын болса әлемдік деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін сақтау қиынға түсіп, әлемде аштыққа ұшырайтын аз қамтамасыз етілген адамдардың саны ұлғая береді.

Азық-түлік қауіпсіздігі кез келген мемлекеттің стратегиялық бағыты болып табылады. Ұлттық шаруашылық кешеннің қалыпты дамуы үшін дамыған ауыл шаруашылық кешені, сонымен қатар ішкі дамыған өңдеу және азық-түлік саласы қажет. Импорталмастыруды қамтамасыз ету мен экспортты дамыту үшін терең сатылы өңдеу өндірісі және тамақ өндірісін дамыту, онымен қоса сауда-саттықты ұйымдастыру және тауар өндіру жүйесін дамыту қажет. “Алтын миллиард” мемлекеттерінде нарық заңдары

жұмыс істегенімен, ауыл шаруашылық саласы мемлекет тарапынан жоғары деңгейде қолдау көрсетіліп реттеледі. Ауыл шаруашылығы үшін қолайлы жағдайлар дамыған мемлекеттер үшін әлемдік және ішкі азық-түлік нарығында бәсекеге қабілетті басымдықтар береді.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылық және азық-түлік нарықтары келесі 3 мемлекет топтарымен анықталады:

  1. Дамыған нарықтық мемлекеттер

  2. Дамушы мемлекеттер (оның ішінде “жаңа индустриалды мемлекеттер”)

  3. Экономикасы өтпелі мемлекеттер ( ТМД-на мүше елдер, Балтық жағалауы мемлекеттері және Шығыс, Орталық Еуропа мемлекеттері).

Негізгі өндіруші және тұтынушы болып дамыған мемлекттер болып табылады. Бұл мемлекеттер әлемдік азық-түлік өнімдерінің 2/3 бөлігін тұтынып өндіреді. Олардың әлемдік экспорттағы салыстырмалы үлесі- 64%, ал импорттағы үлесі- 67%. Дамыған мемлекеттер әлемдегі бидай, ет, қант, сиыр еті, құс еті және сүт өнімдері бойынша ірі экспорттаушылар болып табылады. Олар әлемдік бидайдың 75%, еттің 80% экспортқа шығарады. Әлемнің ірі азық-түлік өнімдерін импорттаушы және экспорттаушы мемлекеттері 1-кестеде көрсетілген.[4]
1-кесте. Әлемнің ірі азық-түлік өнімдерін импорттаушы және экспорттаушы мемлекеттері, %, 2011-2012 ж.ж [4]

Экспорттаушы мемлекеттер

Экспорт үлесі, %

Импорттаушы мемлекеттер

Импорт үлесі, %

АҚШ

12,1

АҚШ

11,3

Франция

7,2

Жапония

10,2

Нидерланды

6,2

Герпания

7,6

Канада

6,0

Ұлыбритания

5,9

Германия

5,1

Франция

5,4


Ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдерінің (бидай) импорты мен экспорты әлемдік экономиканың маңызды саласы болып табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаны сақтау үшін әлемнің дамыған мемлекеттері ауыл шаруашылығын қолдау мақатында белсенді мемлекеттік саясат жүргізеді. Мемлекеттің қолдауы болмаса ауыл шаруашылығы кешенінің тиімді әрекет ету қиындайды. Әр мемлекет өзіне тән қолдау көрсеткенімен, дамыған мемлекеттердегі мемлекттік қолдау пұрсатты тәртіп бойынша жүзеге асады, яғни реттелетін бағалар, квоталар, демеуқаржы, салықтық жеңілдіктер, төмен пайызды несиелер және субсидялар түрінде көмек көрсетіледі.

Мемлекеттің ауыл шаруашылығы кешенінің өндірістік инфрақұрылымына әсері жоғары: мелиорациялау жобаларын жүзеге асыру, транспорттық желілерді құру, топырақ құнарлығын қайта қалпына келтіру жұмыстары, ферма және құс фермасы, ауыл шаруашылық қоймалары, өндірістік желі, мал дәрігерлік зертханалар, техника жөндеу станция құрылыстарын жүргізу.

Дамыған мемлекеттерде ауыл шаруашылығы бюджеттің негізгі тұтынушысы болып табылады. Еуропалық Одақ мемлекеттері, АҚШ және Жапония осы салаға миллиардтаған ақша бөлу арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін біршама көтеріп, бәсекеге қабілетті өңдірістің экогологиялық талаптарға сай және қоршаған ортаны қорғау бағытында жақсы жетістіктерге жеткен.

Аталған факторлардың барлығы Қазақстанды айналып өтпесі анық. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік экономикаға барынша интеграцияланған мемлекет болып табылады. Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігіне кері әсер ететін факторлар бар, яғни ондағы еңбек өнімділігі Дүниежүзілік Банктың есебі бойынша Қазақстандағы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі Шығыс Еуропа елдерімен салыстырғанда 5 есе кем. Топырақ құнарлығы өзінің табиғи күйінде төмен өнімділік деңгейіне жеткен және үнемі жақсартуды қажетсінеді. Егінді жерлер өзінің қарашірік жамылғысының 1/3 бөлігін жоғалтқан. Ауыл шаруашылығы мамандарының пікірі сүйенсек еліміздің егіндік жерлеріне миллионнан астам минералды тыңайтқыш себу керек. 35 киллограмдық норма бойынша Қазақстанда бар болғаны гектарға 4 кг себіледі, яғни 13% ғана енгізіледі.[5]

Ауыл шаруашылғы саласының техникалық жарақтану деңгейі де көңілді қуантпайды. Әлемнің дамыған елдерінен біздің еліміз артта қалып қойған. Республикада 1000 га шабындық жерге 8,3 трактор келеді, ал аталған жағдай АҚШ-35, Италия-70, Ұлыбритания -86, Франция-85, Франция -124 дана трактормен қамтамасыз етілген (2-кесте). Ауыл шаруашылық жұмыстарды өз уақытында орындау үшін шабындық жерлер үшін 40 трактор немесе 4,8 есе қажет. Қазақстандағы бір тракторге келетін жүктеме- 101 га ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді құрайды, ал бұл көрсеткіш АҚШ- 40 га, Францияда-28 га, Италия және Германияда-18-20 га, Өзбекстанда-29 га жерді құрайды. Осыған ұқас жағдай бидай жинайтын комбайндармен қайталанып отыр. Бір бидай жинайтын комбайнға келетін жүктеме 357 га дейін жетеді, норма бойынша 100 га, ал 65-70 га болатын болса тіпті жақсы. Негізгі ауылшаруашылық жұмыстарды орындауды кешіктіруден өнімділіктің орташа 20-25% төмендеуіне әкеліп соғады.
2-кесте. 1000 га шабындық жерге жарақталған тракторлар саны, 2011-2012 ж.ж[5]

Әлем елдері

Трактор саны

АҚШ

35

Италия

70

Ұлыбритания

86

Франция

85

Германия

124

Қазақстан

8,3

Азық-түлік өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруімен ел халқының өсуі орын алуда. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет Басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты 2012 жылғы


27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.[6]

Қазіргі кезде АӨК-ні дамытуды мемлекеттік реттеу саясаты мынадай нысандарда іске асыру қажет:

  1. АӨК субъектілері арасында субсидиялар, мемлекеттік сатып алулар және т.б. түрінде әртүрлі мемлекеттік қолдау нысандарын ұсыну;

  2. негізгі өндірістік құралдарды – ауыл шаруашылығы техникасының паркін, жабдықтарды, мал басын жаңартуға арналған жағдайларды қолдайтын қаржылық құралдарды қолдану;

  3. АӨК субъектілері үшін қаржылық-кредиттік құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  4. АӨК-ні дамыту жобаларына инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау;

  5. өнім экспортын қолдау;

  6. ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

  7. ҚР АӨК дамыту үшін қажетті көлік, су, сақтау, қайта өңдеу және өзге де инфрақұрылымдарды сақтау және дамыту;

  8. салалық ғылымды дамыту және агротехнологиялық білімді тарату;

  9. бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау.

Сол себепті, азық-түлік қауіпсіздігі бірінші кезекте мемлекеттің белгілі



бір шикізаттық әлеуеті бар, өзінің тұрғындарын сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыз ете алатын, азық-түлік өнімдерінің импортына тәуелді емес күшті экономика құруы басты міндет болып табылады. Әр мемлекет өзінің тұрығынына қажетті, сапалы және жеткілікті көлемде азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп, оның физикалық және әлеуметтік тұрғыдан тұлға болып қалыптасуына әрекет жасауы керек. Кең мағынада азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттің демографиялық, адамдардың өмір сүру деңгейін көтеретін, мемлекетте жағымды әлеуметтік климатты қалыптастыратын басты фактор болып табылады.Дамыған мемлекеттер ауыл шаруашылығы саласын стратегиялық тұрғыдан өте маңызды орынға қояды. Мемлекетте азық-түлік қауіпсіздігінің қажетті деңгейін ұстап тұру үшін ауыл шаруашылық зеттеулерге, ұйымдастыру жұмыстарына және инфрақұрылымға инвестиция салу, яғни өнімділікті көбейту, осы саланың тұрақтылығын сақтау және бағалардың өсуін қағалау басты назарда тұруы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ковалев Е. Новые аспекты мировой продовольственной проблемы// Мировая экономика и международные отношения. – 2005. - № 3.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан жолы– 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар.

  3. Бүкіләлемдік ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының ресми сайты. Режим доступа: http://www.fao.org/statistics/en/

  4. Солодуха, М.В. Продовольственная безопасность как фактор устойчивого развития экономики / М.В. Солодуха/ Новая экономика. №2. – 2011. – С.52-58. Режим доступа: http://www.elib.grsu.by/katalog/160949-356187.pdf

  5. Александр КАЙГОРОДЦЕВ: Зависимость государства от поставок продуктов питания рано или поздно приводит к потере суверенитета. Статья в газете Мегаполис 03.06.2013г. Режим доступа: http://www.megapolis.kz/art/Aleksandr_KAYGORODTsEV_Zavis

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет