Қазының да Өмiрi қыл үстiнде Адайбек бейiмбетов



жүктеу 67.62 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі67.62 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> e165aa117cb6d1b8462572650023285d -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Алмастыру – ротация алогизм, қисынсыздық
ТАҒДЫР
Қазының да Өмiрi

қыл үстiнде...
Адайбек БЕЙIМБЕТОВ, Алматы қалалық сотының судьясы
Әр кәсiптiң өзiндiк қиындығы болады. Дегенмен, қылмыс пен заңсыздыққа төрелiк айтады дейтiн судьялардың да өмiрi қауiп-қатерге толы екенiн екiнiң бiрi бiле бермеуi мүмкiн. Олай дейтiнiм, қызмет бабында оларға әр түрлi қысым мен қысастық, қастандық та жасалып, тiптi кейде жұмыстың ауыртпалығынан жүрек шiркiн де сыр берiп жатады. Жүрек шiркiн, демекшi, қай бiр жылдары Жоғарғы Сотта судья болып жүрген Қазкен Кенжебаев, Қанат Көмеков және Айтмағамбет Баймұханбетов дейтiн азаматтар елу жасқа жетпей-ақ көз жұмды.

Бұдан бiраз жыл бұрын Алматы қалалық сотының судьясы Алтай Зияданов өзi соттаған қаскөйдiң оғынан мерт болды. Ол небәрi 33 жаста ғана едi. Артында аңырап ата-анасы, жары және екi бiрдей бүлдiршiнi қалды. Осы оқиға бiрге қызметтес болған менiң жан-дүниеме қатты әсер еттi. Сондай iшкi толғаныстан туған мына бiр өлең жолдарын Алтай iнiмнiң рухына бағыштап, оқырман назарына ұсынғанды жөн көрiп отырмын.

Осындай жәйттерге мән берiп, еске алып отыру бiз секiлдi тiрiлердiң парызы деп бiлемiн.
Батыр өттi ел үшiн атқа қонған,

Билер өттi халқына тұтқа болған.

Қара қылды қақ жарған кесiмiне

Дос түгiл, дұшпаны да құлдық ұрған.


Дана билер бiрлiктi тәлiм еткен,

Халқымен бiрге тоңып, жанып өткен.

Есiмнiң ескiрмейтiн «Ескi жолы»,

Қасымның «Қасқа жолы» бiзге жеткен.


Қаншама жаралса да шын асылдан,

Ешкiм би бола алмайды туасынан.

Қайран билер! Қисынды шешiмiне,

Хан тоқтап, ел тентегi жуасыған.


Жоқ бұған менiң алып-қосарым да,

Жасаған Шыңғыс ханның «Жасағын да»

Билер ғой, «Жетi жарғы» жол көрсетер,

Елiмнiң Ата заңын ашарымда.


Көсемдер қай кезде де елден шығар,

Шешендер, түйетұғын сөзден тұмар.

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,

Кiм бiлсiн? Iшiмiзде жүрген шығар.

Халқымыз әдiл биге кеңде де емес,

Дуалы сөзбен берген елге кеңес.

Ақ сөйлеп, әдiл шешiм айтқан биге

Жаман сөз қай кезде де ерген емес.


Әр пенде арман қуып талаптанған,

Алдынан жiгерсiздiң таңы атпаған.

Ақсудан балаң жiгiт келе жатты,

Бабалар батасымен қанаттанған.


Жiгiт едi жүрегi от боп жанған,

Әр таңы арманменен баққа оранған.

Сүйрейдi ар-намысы алға қарай,

Маманби бабасынан бастау алған.


Мұқалтпай жан-жiгерiн тасқа жанып,

Туған ел қош айтысып артта қалып.

Аудан, аймақ... сүрiнбей келе жатты,

Қызметте әдiлдiктi ту қып алып.


Жанары жамандықтан қаймықпаған,

Жүрегi зұлымдықтан шайлықпаған.

Келе жатты, ананың адал сүтi,

Әке үлгiсi – ақ жолдан айнытпаған.


Қашан да айтылмаған сөз өледi,

Әдiлдiктi пiр тұтқан қазақ елi.

Нелiктен жайсаңдар мен жақсыларға,

Қанжары қараулықтың кезенедi?


Болмаса да көзсiз ер жүрек жұтқан,

Әрқашан алғыс алған дүйiм жұрттан.

Төле, Әйтеке, Ескелдi, Қазыбек би,

Балпық би бабаларын пiр деп ұққан.


Көп сөзден қайғы сiрә ортаймайды,

Кiмге де кездеседi жол тайғағы,

Сөз қозғайын, Әдiл би – осы жолда

Мерт болған марқұм iнiм Алтай жайлы.


Ер едi ол, сiрә атаққа iсiнбеген,

Алпауыттар алдында кiшiрмеген.

Әдiл сөйлеп, ақ айтып қазылықта,

Ар намысын қолынан түсiрмеген.


Асылын жамандыққа қия алар кiм?

Көз жасыңды қалайша тия аларсың.

Ағып өткен жұлдызы қазылықтың,

Сөз арқауы – ұрпағы Зияданның.


Арқалап өмiр жүгiн ауырсынбай,

Ұмтылған әдiлдiк деп алға тынбай.

Үлкендi құрметтеген әкесiндей.

Кiшiнi жақын тартқан бауырындай.


Бойында жоқ мысқалдай қарау қылық,

Жүрушi ед адалдықты жалау қылып.

Жүрушi ед әдiлдiктi таразылап,

Жабыққанға жүрегiн «жамау» қылып.


Жанының ауылы шет қиянаттан,

Лебiзi жүрекке иман ұялатқан.

Келбетiңде бiр мiн жоқ асылым-ай,

Бар тұрысы тұрғандай ұлағаттан.


Туған ғой ұлдарымыз ақылы асқар,

Ерлiкке жүрегiнiң оты бастар.

Амал не, еркiн құлаш жая алмаймыз,

Жүргенде арамызда Батыраштар.


Дес берiп сот iсiнiң «таяғына»,

Қайраты серiк болған талабына...

Арысты аңдып жүрдi, өштiгi де,

Қаскүнемнiң сотталған баяғыда.


Кезiнде оны соттап ед қылмысы үшiн,

Көрсетiп айыптыға заңның күшiн.

Қыз намысын қорлаған жексұрынның,

Әшкерелеп арсыздық бар болмысын.


Әдiлдiктi кiм қалай қарсы алады,

Қаншама сақталса да заң талабы.

Жәбiркеш оны әулие тұтса дағы,

Зорлықшыл мәңгiлiкке жау санады.


Қаралы түн. Алтысы қыркүйектiң,

Бiр жамандық болардай, күркiреп күн...

Бұқпалап келе жатқан қаскүнемнiң,

Сұлбасынан жетiм тай үркiп өттi.


Үй алдында отыр ед жайбарақат,

Ақсудың үнiн тыңдап жанға рахат...

Құрығы сұм ажалдың сарт еттi де,

Өн бойын жаншып өттi бiр алапат.


Дүр сiлкiндi Ақсудың қамысы да,

Ыңырсыды жақыны, алысы да.

Күңiрендi қосылып Қоңыртау да,

Қансырап сұлап жатқан арысына.


Жығылды қоға жерге жағалауда,

Көк төбет алас ұрып абалауда.

Асылдың қиналғанын көрмейiн деп,

Ай барып бұлт арасын сағалауда.


Дiр еттi үй алдында ақ қайың да,

Судырлап жапырағы батсайыдай...

Жаңадан бiр әңгiме бастап едi,

Шорт үзiлдi бауырына айтпағы да.


Шамырқанды Ақсудың құла белi,

Аңырап қалды артында жылап елi.

Мерт болды зұлымдықтың құрбаны боп,

Көз жұмды қазылықтың Құлагерi.


Есiл ер, нар тұлғасы сұлап жатты,

Күлкiсi сыңғыр Ақсу жылап ақты.

Жағадағы шiлiктер шуылдасып,

Бәйтеректер теңселiп, дабыл қақты.


Жазылып аяныштан жер бедерi,

Тулады күрең айғыр кермедегi.

Көзiнде қалып кеттi жан жары мен,

Қос қызы – Айжан, Арай бейнелерi.


Ай күрсiнiп аспанда өкiнiштен,

Қою түн сығалады бекiнiстен.

Кете барды серiк қып ақ арманын,

Ендi ғана асқанда отыз үштен.


Жол қоймай жан айқайға парасаты,

Санасынан зулады алыс-жақын.

Ата-ана, бауырлары зар еңiреп,

Үзiлдi мәңгiлiкке болашағы.


Көз жұмды, нанбайсыз ба – нанасыз ба?

Үзiлдi ол қас пен көздiң арасында.

Би жаны қыл үстiнде жүретiнiн,

Ескертiп саналыға, санасызға.


Үзiлдi ашпай жатып күн түндiгiн,

Сездiрiп мына өмiрдiң «бiр күндiгiн»

Жәриялап әрбiр бидiң тағдыры да,

Дәл осындай болуы мүмкiндiгiн.


Осылай бұл пәниден өте барды,

Өмiрге құштар едi, бейқам қалды.

Жаңа ғана бiрге ойнап, серпiлген ел,

Алтайсыз қарсы алды атқан таңды.


Алтай-ау, қызыл тiлiм тұрмас дәйiм,

Қозғайын елдiң жайын, соттың жәйiн.

Бiрге жағып, бiреуге жақпаса да,

Өзiңмен бiразырақ мұңдасайын.


Демеймiн түн қатамыз, iз кесемiз,

Қылмыскермен атысып, жүздесемiз.

Бiрақ та шешiлместей көрiнетiн

Iстердiң тағдырын тек бiз шешемiз.


Тұрмаса да жау қаптап жан-жағыңнан,

Түспесек те қаскүнем қармағына.

Кейбiрiмiз мерт болдық сол iстердiң,

Жүйкемiзге түсiрген салмағынан.


Болған соң сот төрелiк ұша басы,

Әрбiр би қаскүнемдер нысанасы.

Бiлмейсiң қай тараптан оқ келерiн,

Әр бұта – «Бекежанның қос обасы».


Қалайша бар жауыздан сақтанарсың,

Би болып, босағадан аттағасын.

Осынша билiк берген мына қоғам,

Сол бидi қорғайтын кiлт таппағасын.


Өмiр деген өтедi, өзгередi,

Өзгергендi сөнбесе көз көредi.

Қастандықтан қорғалған дей алмаймын,

Кәзiр жүрген қазыңның кез келгенi.


Қайтемiн басқалардың қас-қабағын,

Бәлкiм мен басқа жолда дос табармын.



Көңiлдiң кiлтипанын тiзбелеуге,

Би де болсам, билiктен жасқанамын.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет