«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 442.25 Kb.
бет1/2
Дата01.05.2016
өлшемі442.25 Kb.
  1   2
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙДІҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16.1.22/03-2014




ПОӘК

«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



«____» _______ 2014 жылғы № 1 басылым







5 В 020500 – «Филология: қазақ тілі » мамандығына арналған


«Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ-2014



Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық жұмыс (жоба)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ
1.1 Аралас құрмалас сөйлем – сыңарлары әрі салаласа, әрі сабақтаса байланысқан, кемінде үш жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемнің бір түрі.

1.2 Синтаксистік компоненттер – әдеттегі жай сөйлемдерден ажырату үшін құрмаластың құрамындағы жеке сөйлемдерді айтады.

1.3 Сабақтас сөйлем – құрамындағы сыңарлардың бір-біріне бағына немесе

бірін-бірі бағындыра, сабақтаса байланысқан құрмаластың бір түрі.

1.4 Салалас сөйлем – предикативтік бөліктерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, сыңарлары тең дәрежеде байланысқа түскен құрмалас сөйлемнің бір түрі.

1.5 Реалды, ирреалды шарт бағыныңқы – шарттық болмыстың болымдылығын, орындалатынын, немес керісінше орындалмайтындығын көрсетеді.

1.6 Құрмалас сөйлем – екі не одан да көп предикативтік бөліктен құралған мағыналық, құрылымдық және интонациялық тұтастық. Құрмалас сөйлемдердің негізгі ерекшелігі – полипредикатиті болуы, күрделі ойды білдіруі

2 ДӘРІСТЕР

* Модуль 1. Құрмалас сөйлемнің грамматикалық белгілері


* Тақырып 1. Құрмалас сөйлемнің грамматикалық белгілері

* Дәріс жоспары:

1. Құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.

2. Құрмалас сөйлемнің даму жолдары.

Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлерін тану принцибі.

Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принцибі. Құрмалас сөйлем құрылысы мен пікірдің қарым-қатынасы. Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасы. Құрмалас сөйлем жүйесіне коммуникативтік мақсаттардың әсері, оның көрінісі. Құрмалас сөйлем жүйесінің қалыптасуы. Бұл процесте тілдің таңба жүйесінің қалыптасуымен байланысы.

Құрмалас сөйлем – синтаксистік тұлға, оның грамматикалық, семантикалық сипаты. Құрмалас сөйлемнің формасы. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтік. Құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстыратын, тұтастыратын тіл амалдары. Құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстырудағы жалғаулықтардың, септеуліктердің, анафористік сөздердің, орын тәртібінің, блин, морфологиялық тұлғалардың т.б. жұмсалу сипаттары. Құрмалас сөйлемді бір синтаксистік тұлға ретінде тұтастыруда, оның грамматикалық түрлерін саралауда интонацияның атқаратын рөлі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш мүшелерінің үйлесу сипаты.

Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлерін тану принципі.. Бұл принциптің қалыптасу тарихы.

Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принципі. Түркологияда, қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату принципінің айқындалуы. Бұл принциптің тіл-тілдердің құрылыс ерекшеліктеріне сай көрінуі.

Құрмалас сөйлем құрылысы мен пікірдің қарым-қатынасы және құрмалас сөйлемнің тілге тән тұлға ретінде ерекшеленуі.

Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасы.

Құрмалас сөйлем жүйесіне коммуникативтік мақсаттардың әсері, оның көрінісі.


Құрмалас сөйлем – синтаксистің үлкен бір саласы. Тіліміздегі жай сөйлемдер мен оның күрделенген түрлері де бір предикаттық қатынастың негізінде құрылса, құрмалас сөйлемдер ең кем дегенде екі предикаттық қатынастың негізінде құрылады.


Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесін зерттеуге арналған алғашқы еңбектер, олардың мазмұны. А.Байтұрсынұлының құрмалас сөйлемдер құрылысын зерттеуге арналған еңбектері. С.Жиенбаевтың құрмалас сөйлемдердің грамматикалық типтерін тануға арналған еңбегі. С.Аманжоловтың, С.Сауранбаевтың қазақ тілі синтаксисін оның қатарында құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуі, негізгі еңбектері.

*Негізгі ұғымдар

Құрмалас сөйлем

Даму жолдары

Жалпы сипаты

*Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесін зерттеуге арналған алғашқы еңбектерге шолу жасаңыз

2.Құрмалас сөйлемнің даму жолдарын баяндаңыз

3.Құрмалас сөйлем синтаксисінің түркі тіл білімі мен орыс тіл білімінде зерттелу жайын салыстырып көріңіз.

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)

2. Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (9-15бб.)


*Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем

*Тақырып 2. Салалас құрмалас сөйлем

*Дәріс жоспары:

1. Салалас құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері

2. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері.


Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, олардың түр-түрге топтасу принцибі. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер. Олардың грамматикалық, семантикалық сипаты, ыңғайластық салалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтар, олардың түр-түрлерінің жұмсалу ерекшеліктері. Жалғаулықты ыңғайластық салалас сөйлемдердің тыныс белгілері.

Белгілі бір грамматикалық категориялардың өздеріне тән айырым белгілері, грамматикалық көрсеткіштері болады. Бұл оны өзгелерден саралап, өзіндік қасиетін даралап тұрады. Осыдан келіп әрбір грамматикалық категория өзіне тән заңдылықтарымен қалыптасып, дамып, жетіліп отырады. Құрмалас сөйлемнің өзі жай сөйлемдерден өрбіп шыққаннан кейін оның өзіне тән айырым белгілері, зерттеу объектілері келіп шығады. Ондай айырым белгі ең алдымен құрмалас сөйлем синтаксистің өз алдына үлкен бір саласы боліудағы негізінен шығып жатады.

Құрмалас сөйлемнің айырым белгілері дегенде ол оны жай сөйлем синтаксисіне ажырата алатындай болу керек. Сонда ғана құрмалас сөйлем синтаксистің жеке бір саласы ретінде танылады.

Лингвистикалық ғылымда құрмалас сөйлемдерді таптастырудың бірнеше түрі қолданылып келеді. Олардың негізгілері: дәстүрлік, құрылымдық-семантикалық және функциялық таптастырулар.

Дәстүрлік немесе логика-грамматикалық таптастыру бойынша құрмалас сөйлемдер салалас құрмалас, сабақтас және аралас құрмалас болып бөлінеді. Мұндай топтастыру кезінде таза логикалық, яғни сөйлемде қамтылған ой ғана ескерілмей, ол сөйлемнің грамматикалық жағы, морфологиялық тұлға мен синтаксистік құрылымы да ескеріледі.

Құрылымдық-семантикалық таптастырудың негізінде құрмалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз түрлерге жіктеледі, өйткені мұндай жағдайда жалғаулықтардың қолданылуынан немесе қолданылмауынан туатын мағына негізге алынады.

Функционалдық жағынан таптастырғанда, құрмалас сөйлемдер, жай сөйлемдер тәрізді хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер болып бөлінеді.

*Негізгі ұғымдар

Салалас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

*Бақылау сұрақтары:

1. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлерін көрсетіңіз

2. Құрмалас сөйлемнің өіндік айырым белгілерін көрсетіңіз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (26-32бб. )
*Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем

*Тақырып 3. Қарсылықты салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық, семантикалық сипаты

*Дәріс жоспары:

1. Қарсылықтық салалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтар, олардың түр-түрлерінің жұмсалу ерекшеліктері. 2.Жалғаулықты себептік салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жеке сөйлемдер бір-бірімен әр түрлі синтаксистік қарым-қатынаста болады. Бірде ондағы сөйлемдер өзара тең дәрежеде байланысса, енді бірде олар бір-біріне бағына құрмаласады. Осыған орай да құрмалас сөйлемнің жеке түрлері ажыратылады. Проф. Н.Т.Сауранбаев құрмаластың құрамындағы жеке сөйлемдерді әдеттегі жай сөйлемдерден ажырату үшін оларды синтаксистік компоненттер деп атаған.

Салалас сөйлемнің құрамындағы синтаксистік компоненттер өзара теңдік дәрежеде байланысады. Мұндай байланыс алғашқы синтаксистік компонент заңдылығына негізделеді. Бұл – заңдылық салалас құрмалас сөйлемнің басты грамматикалық көрсеткіші. Мұндайда жеке сөйлемдердің аралық байланысында сондай-ақ ұласпалы интонация да елеулі қызмет атқарады.

Салалас құрмалас сөйлем алғашқы компонент баяндауышының тиянақты тұлғада аяқталуымен ажыратылады. Бұл заңдылық олардағы синтаксистік компоненттердің сөйлемдік қасиетін сақтап тұруына да септігін тигізеді. Синтаксистік компоненттердің алғашқысының баяндауышы тиянақты тұлғада аяқталуымен байланысты олардың өзара теңдестік дәрежеде келген түрін салалас құрмалас сөйлем дейді.

Салалас құрмаластың айырым белгілері жалпы құрмалас сөйлемге тән заңдылықтардың негізінен шығып жатады.

Салалас құрмаластың өзіне тән негізгі белгілері:

– Салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттерін байланысқа түсіретін баяндауыш сөздері тиянақты тұлғамен аяқталады. Мұндай “байланыстырғыш баяндауыш” салалас құрмаластың алғашқы компоненттерінен орын алады.

–«Байланыстырғыш баяндауыштың» осылайша аяқталуына байланысты салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері тұлғалық жағынан бір-бірімен теңдестік дәрежеде жұмсалады.

– Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыш пен баяндауыштары әр уақытта да жақ жалғауы арқылы өзара қиыса жұмсалады.

– Салалас құрмалас сөйлем синтаксистік компоненттерінің аралығында интонациялық кідіріс айқын сезіліп, молынан сақталады. Салалас сөйлемнің алғашқы компонентінің, соңғысындай, дауыс кідірісі жағынан созыңқылай айтылуы оның баяндауышының тиянақты тұлғада жұмсалуымен тығыз байланысты келеді.



*Негізгі ұғымдар

Қарсылықты салалас сөйлемдер

Грамматика

Семантика

*Бақылау сұрақтары:

1.Салалас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама беріңіз

2.Салалас құрмалас сөйлемнің айырым белгілерін көрсетіңіз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (20-1-25бб.)


*Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем

*Тақырып 4. Жалғаулықты себептік салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.
*Дәріс жоспары:

1.Себептік салалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтар.

2.Олардың түр-түрлерінің жұмсалу ерекшеліктері.

3. Жалғаулықты себептік салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері.

Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары алғашқы компонент баяндауышының тиянақты тұлғада аяқталуы.

Предикативтік бөліктерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, компоненттері тең дәрежеде байланысқа түскен құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас сөйлем деп аталады.

Салалас құрмалас сөйлемнің жасалуында аналитикалық принцип айрықша мән атқарады. Салалас құрмаластың жеке компоненттері сондай-ақ әр мәндегі жалғаулықтар арқылы да байланысады. Осыған орай салалас құрмаластар жалғаулықсыз салалас және жалғаулықты салалас деп ажыратылады.

Салалас құрмалас сөйлемдердің өзара іштей жіктелу түрі олардың жасалу жолдары мен ондағы синтаксистік компоненттердің өзаралық мағыналық қарым-қатынастарына негізделеді. Өйткені салалас құрмаластың синтаксистің компоненттері бір бүтіннің қарамағына түсу үшін олар бір-бірімен әр түрлі мағыналық қарым-қатынастарда болып отырады.

Салаластың ыңғайлас салалас түрі компоненттеріндегі ой іс-әрекетінің жүзеге асу, орындалу кезеңдерімен, мезгілмен тығыз байланысты болып келеді. Бір ыңғайда предикативтік бөліктің біріндегі қимыл әрекет бұрынырақ орындалып, екіншісіндегі одан сәл де болса кейін, іле-шала орындалуы мүмкін.

Себеп-салдарын жеткізу сөйлеу арқылы іске асады. Қажеттілікті білдіретіндей сөйлемдер жалғаулықсыз да, жалғаулық арқылы да байланысқа түседі.

Себеп-салдар мәнді салалас сөйлемдердің құраушы компоненттері тиянақты болады да, олар бір істің бастамасына негіз болса, екіншісі соның аяқталуына байланысты нәтиже салдарға құрылады және керсінше болмақ. Өйткені салдарлы сөйлем себепті сөйлемнен бұрын да тұратыны болады.

*Негізгі ұғымдар

Жалғаулықты

Себептік


Салалас

*Бақылау сұрақтары:

1. Салалас сөйлемнің жасалу жолдарын көрсетіңіз

2. Салалас сөйлемнің түрлеріне мысалдар келтіріңіз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (25-29бб.)
*Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем

*Тақырып 5. Жалғаулықты талғаулық салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты

*Дәріс жоспары:

1.Талғаулықты салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар, олардың түр-түрлерінің жұмсалу ерекшеліктері.

2.Тыныс белгілері

Тіліміздегі шартты салалас сөйлем соңғы кездерге дейін еленбей келді. 30 жылдары проф. Қ.Жұбанов көрсеткен еді: шарт-жағдай салалас.

Шарттылық мәндегі сөйлемдер құрмаластың қай түрінде болса да кездесе береді. Салалас құрмаласта оның өзіне тән арнаулы жолдары болады. Шартты салалас сөйлемдерде компоненттердегі оқиға мазмұны бір-біріне шарттастық мәнде құрылады. Жасалуы жағынан олар әрі жалғаулық арқылы, әрі жалғаулықсыз да келе береді. Мағыналық көрінісі жағынан жалғаулықсыз түрінің жалғаулықты шартты салаластан ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек мұнда компоненттер арасында ешқандай жалғаулық қолданылмайды.

Салалас сөйлемнің салыстырмалы түрі қазақ тіл білімінде соңғы жылдары саралана бастады. Алайда тіліміздің табиғатында осындай мәндес сөйлемдер бұрынннан да бар. Олар көбінесе мақал-мәтелді сөйлемдердің заңдылықтарынан шығып жатады.

Талғау мәнді салалас сөйлемнің синтаксистік компоненттеріндегі оқиғалардың орындалу барысы бір-бірімен талғау, таңдау ретінде жұмсалады. Осыған орай да бұларда хабарланған іс-әрекеттердің екеуінде бірдей орындалмай, тек біреуінде ғана жүзеге асатындығы көзделеді. Салалас сөйлемнің бұл түрінің талғаулы деп аталуының себебі де осындай заңдылықтың негізінен шығып жатады. Талғаулы салаластың бұдан бұрын талданған салалас сөйлемдерден өзіндік айырмашылығы бар. Ол айырмашылық – талғаулы салалас сөйлем тек қана жалғаулықтар арқылы жасалады. Мұның жалғаулықсыз түрі болмайды.

Талғаулы салалас сөйлемді алғашқыда А.Байтұрсынов айырыңқы деп атаса, кейіннен проф. С.Аманжолов бейтарап деп саралаған болатын. Талғау мәндегі салалас сөйлемдердіжасауға қатынасатын жалғаулықтар – не, немесе, я, яки, я болмаса, әлде, мейлі, құй.

Талғаулы салалас сөйлемдерде оқиға, әрекеттердің орындалу барысы жағынан екінің бірі ғана болып отырады.

*Негізгі ұғымдар

Жалғаулық

Грамматика

Семантика

*Бақылау сұрақтары:

1. Шартты салалас сөйлемге мысал келтіріңіз

2. Салыстырмалы салалас сөйлемге мысал келтіріңіз

3. Талғаулы салалас сөйлемге мысал келтіріңіз.

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (40-45бб.)
*Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем

*Тақырып 6. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, функционалдық сипаты

*Дәріс жоспары:

1.Грамматикалық, семантикалық топтары. Жалғастық қатынасты білдіретін іргелес құрмалас сөйлемдер. Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

2.Қарсылықтық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Талғаулықты қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

Кезектес салалас сөйлем туралы ең алғаш сөз қозғаған проф. С.Аманжолов.

Құрамындағы жай сөйлемдердің білдіретін қимылы алмасып отырады. Кезектес салаластардың мағынасында мезгілдік қатынас та бар сияқты. Бірақ мұндағы мағына сөйлемде амал әрекеттің өту мезгілін білдірмейді, керісінше сол әрекеттің кезек-кезек өзара ауысып келетінін көрсетеді. Кезектес салаластардың тек қана жалғаулықты болатыны айтылып жүр. Жай сөйлемдердің арасы жалғаулықты. Кезектес салалас сөйлемдердегі компоненттердің арасын байланыстыратын кейде, бірде, біресе жалғаулықтары осындай қызметті атқару үшін сол жалғаулық әрбір әрбір компоненттің құрамында қайталануы керек. Алайда осы шарт үнемі бола бермейді.

Жалғаулықсыз салалас сөйлемдердің ерекшеліктерінің бірі – компоненттердің интонациялық тұтастығы. Егер жалғаулықты салалас сөйлемдердегі предикативтік бөліктердің дербестігі айқын сезіліп тұрса, жалғаулықсыз салалас сөйлемде ондай дербестіктен гөрі интонациялық тығыздық, байланыс басым болады.

Салалас құрмалас сөйлемнің түсіндірмелі түрінде бірінші предикативтік бөлікте жалпылай айтылған ой екінші предикативтік бөлікте нақтыланып, дараланып, айқындалып тұрады. Түсіндірмелі салаластың бір компонентінде баяндауыш та жалпы айтылып, келесі компоненттерде нақтыланады. Түсіндірмелі салалас сөйлем, бір жағынан, сөйлемнің қай мүшесі болсын жалпылық ұғым береді де, екінші жағынан, соны дәлдей, тарамдай түсетін ұғым береді.

* Негізгі ұғымдар

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

Грамматикалық сипаты

Функционалдық сипаты

*Бақылау сұрақтары:

1. Кезектес салалас сөйлемге мысал келтіріңіз

2 Түсіндірмелі салалас сөйлемге мысал келтіріңіз

3. Қарсылықты салалас сөйлемге мысал келтіріңіз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(12-20 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (39-55бб.)
*Модуль 2. Салалас құрмалас сөйлем

*Тақырып 7. Себептік, шартты айқындауыштық, обьектілік, теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер

*Дәріс жоспары:

1.Олардың грамматикалық, семантикалық сипаты. Тыныс белгілері.

2.Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Грамматикалық, семантикалық сипаты. Тыныс белгілері.


Құрмалас сөйлемнің дәстүрлік немесе логика-грамматикалық принцип бойынша таптастырылатын екінші түрі – сабақтас сөйлем. Егер салалас сөйлемде оның құрамына енетін компоненттер баяндауыш орындағы сөздердің тұлғалық жағынан тиянақтылығымен аяқталып отырса, сабақтас сөйлемнің, әсіресе, бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келеді. Осыған байланысты ол компоненттердің арасындағы интонация да тиянақсыз, яғни құрмаластырушы, ұластырушы интонация болады.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің предикативтік бөліктерінің белгілі дәрежеде ой дербестігі болуы – құрмалас сөйлемнің бұл түрінің тағы да бір ерекшелігі. Демек, әр компоненттің өзінше сөздердің байланысынан құралған мазмұны, соған сай айтылған ойы болады. Бірақ бағыныңқы сыңарда берілген ой тікелей қатысы бар келесі бір ойды қажет етіп тұрады. Осыдан келіпбасыңқы сыңарлардың бірігуінен тиянақты мағына мазмұнға ие болады да, ол конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады. Осыдан келіпбасыңқы сыңарлардың бірігуінен тиянақты мағына мазмұнға ие болады да, ол конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады.

Сабақтас сөйлем де өзіне тән айырым белгілері арқылц құрмаластың басқа түрлерінен ажыратыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі айырым белгілері:

Сабақтас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері бір-біріне тұлғалық, мағыналық жақтарынан тәуелді болып келеді.

Мұндай тәуелділік, негізінен алғанда, алғашқы сөйлем байланыстырғыш баяндауышының тиянақсыз тұлғада аяқталуынан шығады. Осы арқылы соңғы сөйлеммен тығыз байланысқа түседі.

Осыдан келіп сабақтас құрмалас өз құрылысы жағынан бағыныңқы және басыңқы сөйлемдерден тұрады.

Бағыныңқы сөйлемнің байланыстырғыш амалы ретінде етістіктің шартты рай тұлғасы, есімше, көсемше формалары және есімшемен тіркесетін түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер жұмсалады.

Сабақтас құрмаластағы ұласпалы байланыстырғыш интонация салаластағыдай емес, өте әлсіз, солғын болады.

Егерде салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері бір-бірімен теңдестік дәрежеде байланысса, сабақтас құрмаласта – керісінше, олар өзара теңдестік емес дәрежеде, тәуелділік сипатта құрмаласады. Бұл – сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік бетін айқындайтын басты көрсеткіш.

Сабақтас құрмаластағы тәуелділік сипат оның бағыныңқы компонентінен орын алады. Өйткені байланыстырғыш баяндауыш осы компоненттің бойынан шығады да, ол тиянақсыз қалыпқа түседі.

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасауда ұйымдастырушы орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып есептеледі. Осы баяндауыш өзінің түрлі формалық өзгерістерге түсуі арқылы сабақтас сөйлем жасалатын болады. Бұған қатысты басқа да жолдар осы бағыныңқы баяндауышышың негізінен өрбіп отырады.

Бағыныңқы компненттің баяндауышы етістік сөздермен беріледі. Алайда қандай етістік сөздері бағыныңқының баяндауышы ретінде жұмсалады деген мәселеде түркологияда тиянақталған пікір жоқ. Өйткені кейбір ғалымдар сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда тек қана етістіктің шартты рай тұлғасы қатынасады деп түсіндіреді. Мұндағы бұлардың дәлелі – сабақтас құрмалас сөйлем болу үшін оның бағыныңқысының баяндауышы өз бастауышымен әр уақытта да жақ жалғауы арқылы байланысып тұруы қажет.

*Негізгі ұғымдар

Себептік


Шартты

Айқындауыштық

Салалас құрмалас сөйлемдер

*Бақылау сұрақтары

1. Сабақтас құрмалас сөйлем жайлы жазылған пікірлермен танысыңыз

2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілерін көрсетіп беріңіз.

*Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б.(35-47 бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (40-45бб.)

3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176 б. (55-56бб.)

*Модуль 3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер

*Тақырып 8. Сабақтас құрмалас сөйлемдер

*Дәріс жоспары:

1.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сабақтас құрмалас сөйлемдерді нақты танытатын белгілері.

2.Есімше формаларының қатысуымен құралатын сабақтас құрмалас сөйлемдер.

3.Шартты рай формалы етістіктің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолында негізгі орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болуымен қатар, сол баяндауыш сөздеріне қосымша ретінде шылау, қатыстық сөздері де елеулі қызмет атқарады. Сондай-ақ сабақтас құрмалас сөйлемнің ұйымдасуында интонация мен орын тәртібінің де өзіндік үлестері болады.

Сабақтас құрмаластың жеке түрлері оның бағыныңқы компонентінің ыңғайына қарай ажыратылады. Осыған орай да бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы дегенімізде жалпы сабақтас құрмаластың жеке түрлерін түсінетін боламыз. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жіктеуде тіл білімінде соңғы кездерде құрылымдық-семантикалық принцип өріс алды. Бағыныңқы сөйлемдерді өзара жіктеуде мағыналық принцип те қолданылды. Бұл әсіресе С.Аманжоловтың еңбегініе орын алды. Автор аталған еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық көріністеріне қарай 18 түрге бөлді.

Бағыныңқы сөйлемдерді жіктеудегі соңғы кездерде қолданылып жүрген принцип – құрылым-семантикалық принцип. Осы принцип бойынша сабақтас құрмаластың жасалу жолдары мен олардың бағыныңқы және басыңқы компоненттерінің бір-бірімен аралық тығыз байланысынан туындайтын мағыналық көріністері басшылыққа алынады. Осы негізде тіліміздегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді ең алдымен жалпы үлкен үш салаға бөліп қарастырған жөн.

Қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің дені өз басыңқыларымен қарым-қатынасына орай пысықтауыштық ыңғайда жұмсалады.

Қорытындылай келе, бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы төмендегідей болып келеді: шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем, себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем, амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем, мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем, салыстырмалы сабақтас сөйлем, түсіндірмелі сабақтас сөйлем, үлестес сабақтас сөйлем.

*Негізгі ұғымдар

Сабақтас құрмалас сөйлемдер

Бағыныңқы компонент

Басыңқы компонент

*Бақылау сұрақтары:

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын көрсетіңіз

2.Бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы жайындағы пікірлерді саралаңыз

*Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ақбұзауова, Б. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті анықтауыштар.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2008.- 165 б. (60-75бб.)

2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. (70-85бб.)


*Модуль 3. Сабақтас құрмалас сөйлемдер


  1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет