«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана



жүктеу 450.26 Kb.
бет2/2
Дата01.04.2016
өлшемі450.26 Kb.
1   2
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

Жазушы, ұстаз Тайыр Жомартбаевтың туғанына 130 жыл


(1884-1937)
Қазақтың педагог жазушысы Тайыр Жомартбаев Абай ауданында 1884 жылы туған. Уфа қаласындағы Медресе – Ғалияны бітірген соң (1910-11) Семей қаласындағы медреселерде сабақ берді, революциядан кейін өмірінің ақырына дейін совхоз мектептерінде, техникумдарда ұстаздық етті. 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің сапалы жаңалық – прозаның, оның ішінде романның тууы еді. Бұл жанрға алған қалам тартушылардың бірі – Абай төңірегінде болып, жастайынан ұлы ақынның өлеңдерін жаттап өскен белгілі педагог, ақын-жазушы Тайыр Жомартбаев еді.

1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан оның «Балаларға жеміс», «Қыз көрелік» атты кітаптары жарияланды. Алғашқы еңбегі ағартушылық қызметімен тікелей байланысты - өлеңдер, аудармалар жинағы болса, соңғысы қазақ прозасының тұңғыш көлемді ізденістерінің бірі болуымен ұлттық әдебиетіміздің тарихынан өзіндік орын алады.

«Қыз көрелік» - әйел теңдігі, ағартушылық тақырыбын заманында ешкімге ұқсатпай, өзіне тән көркемдік ізденіспен өрнектеген шығарма. Бұл туындыда М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы» болса, С. Торайғыровтың «Қамар сұлуындағыдай» қазақ халқы тіршілігінде әлеуметтік теңсіздік, жастардың бақытқа жетуіне кесе көлденең тұрған ескі әдет-ғұрып, қатал озбырлық пен қиянат жайы негізгі мотив етіп алынбайды.

Туындының негізгі ой қазығы – оқығаны арқасында өз басының теңдігін сақтап, бақытына қол жеткізген әдепті қыз Ғайникамал тәрізді қазақ қызын дәріптеу.

Роман өлең үлгісімен жазылған. Әйел теңдігін сол кездегі туындыларда кеңінен айтылғаны мәлім. Осы сәйкессіздікті, жағымсыз өмір салтын сынауда ақын өзгеше логикалық қисын табады. «Кәріні жас құшақтау мін болмаса, кемпірді жас жігіттер неге алмайды?» деген дәлелді сауал тастайды. Ғалым Б. Кенжебаев белгілі монографиясында 20 ғасыр басындағы әдебиеттің дамуында әйел теңдігі тақырыбын жазуда екі концепцияның болғандығын айтады. Бірі – ескілік әдет-ғұрып әлі де күшті, жастардың махаббат еркіндігіне жетуіне мүмкіндік жоқ деп келетін трагедиялық шығармалар жүйесі болса, екіншісі заман өзгеріс үстінде, өз еріктері үшін бел шешіп күресе білген жастар мақсаттарына жетуіне болады деп келетін оптимистік үлгідегі туындылар еді.

«Қыз көрелік» романы сол кездегі қазақ романдарының алғашқы қарлығаштары деп аталуы заңды құбылыс. Ол туралы ғалым-аудармашы С. Талжанов былай дейді: «Ұлы Октябрьден кейін туашақ қазақ романының толғағы бұрынырақ басталған. Нәресте проза – «Қыз көрелік» пен С. Көбеевтің «Қалың малы» еді. Бұл екеуі де роман деп атала береді»


Әдебиеттер:
Зұлхаров Ғ. Қазағым-қандасымды еркелеттім: (алғашқы қазақ романының бірі - "Қыз көреліктің" авторы Т.Жомарбаевтың шығармашылығы хақында)// Ертіс өңірі. - 2010. - 24 наурыз. - 12-13 б.

Зұлхаров Ғ. Қазағым -қандасымды еркелеттім: алғашқы қазақ романдарының бірі -"Қыз көреліктің" жарық көргеніне 100 жыл) // Семей таңы . - 2013. - 15 қаңтар. - Б. 6

Қабышев Т. Абайдың поэзия дәстүрін дамытушы // Семей таңы.- 2004.- 26 қараша.- б.4

Қабышев Т. Заман жайлы жырлаған// Семей таңы.- 2004.- 25 маусым.- б.4

Құлбарақов С. «Қыз көрелік» – қазақ прозасының қарлығашы // Абай.- 2002.- №1.- 472

Қазақ совет энциклопедиясы т.4.- Алматы, 1974.- 472 б.

Қазақ халқының атамұралары.- Алматы, 1999.- 830 б.

Мұхамедханов, Қ. Тайыр Жомартбайұлы // Кітапта: Көп томдық шығармалар жинағы 4 том. –Алматы: «Алаш», 2005.-160 б.



Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер Райымжан Мәрсековтің

туғанына 135 жыл (1879)
Райымжан Мәрсеков 1879 жылы бұрынғы Семей облысы Өскемен уезі Айыртау болысында дүниеге келген. Райымжан Мәрсеков - ұлтымыздың жарқын болашағы үшін күрескен ірі қоғам қайраткері, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген жоғары білімді заңгер, Семей географиялық қоғамы бөлімшесіне мүше (1902-1911) болып, далалы өлкені зерттеу ісіне өз үлесін қосқан тарихи тұлға.

1908-1912 жылдары Р.Мәрсеков Омбы сот палатасының шақыртуымен сонда қоныс аударып, адвокатура саласында қызмет жасады.

Райымжан Мәрсековтің алғашқы зерттеу мақалалары 1899 - 1900 ж.ж. «Дала уалаяты» газетінде жарияланып тұрды. Райымжан Мәрсеков 1902 жылы 22 желтоқсанда Семей орыс географиялық қоғамына мүше болуға өтініш беріп, мүше-қызметкер ретінде қабылданған. 1917-1919 жылдары Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетіне Х.Ғаббасовпен бірге редакторлық етті.

Р.Мәрсеков 1917 жылы күзде Алаш партиясы атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиылысына депутат болып сайланды.

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен арыстарымыз А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақпаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедовтермен бірге Райымжан Мәрсеков те Алаш автономиясын құруға бар жан-тәнімен кіріскен.

Қалың елі қазағының сауат ашу, қоныстану, жер мәселесі, шаруашылық, ел билеу ісі, сайлау, тіл, дін сияқты саяси-әлеуметтік өзекті мәселелеріне қаламымен де, қызметімен де үн қоса отырып Р.Мәрсеков жас Алашорда үкіметінің Семей облысындағы басшыларының бірі болды. Алашорда төрағасы Ә.Бөкейхановтың 1918 жылдың 25 маусымындағы «Әскери полк туралы» Жарлығына сәйкес Р.Мәрсеков Алаш милициясын құру ісіне басшылық етті.

Р.Мәрсеков Семей облыстық Қазақ комитетінің төрағасы қызметіне қоса, облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланған. Сонымен бірге ол жаңадан құрылған Облыстық қазақ сотының төрағасы лауазымын қоса атқарған. 1918 жылы ол Семей облыстық Земствосының төрағасы қызметін атқарды.

Большевиктік үкімет тарапынан қуғын көріп, тәркілеуге ұшыраған Р.Мәрсеков 1923 жылы Қытайға өтуге мәжбүр болды. Қоғам қайраткері 1937 жылы ұсталып, хабар-ошарсыз кеткенге дейін, соңғы демі таусылғанша халқына қызмет етті.


Әдебиеттер:
Әлина Р. Райымжан Мәрсеков – алыстағы жылдардың қасіретті тағдыры: (адвокат) // Дидар.-1999.-10 шілде.-2 б.

Мәрсеков Р. // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 6- том.-Алматы, 2004.-427 б.




Халық ақыны Төлеу Көбдіковтің туғанына 140 жыл

(1874-1954)
Кемеңгер Абайдың дидарын көріп, аузынан ұлағатты сөз естіп, қолынан дәм татқан адамдардың бірі – халық ақыны, Жазушылар Одағының мүшесі Төлеу Көбдіков 1874 жылы 15 наурызда бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезінің Дағанды болысында туды. Әкесі Көбдік кедей шаруа, шешесі ақын болды. Нағашысы атақты ақын Сабырбайдың қиыннан қисындыратын тапқырлығы, шешесі Қуандықтың ақындығы арқасында кезінде Абай көріп, одан үлкен әсер алды. Шешендігі, пысықтығы арқасында жасында біраз жыл ел басқарды.

Жаңа заманды ақын шын жүрекпен тебірене қарсы алды. Өлеңдері Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана бағаланып, республикалық, облыстық, аудандық газеттерде жариялана бастады. 1948 жылы «Алып күшті Отаным», 1953 жылы «Өмір жыры», 1955 жылы «Өлеңдер» атты жинағы басылып шықты.

Ақынның ең дарынын танытқан «1916 жыл» атты тарихи толғауы. Оның шығу тарихы мынадай: Азамат соғысы кезінде балаларын майданға жібермеу үшін халықтың бір тобы Қытай асып кетпекші болады. Сонда Төлеу атамыз осы өлеңі арқылы туған жер топырағының, туған елдің қасиетін сипаттап, халқын босатыпты.

Коллективтендірудің асыра сілтеу саясаты Төлеу ақынның да өміріне ащы зардабын тигізіпті. Содан 1938 жылы академиядан «1916жыл» жинағы шығарылған соң жоғарыдағы көркем толғаудың авторына іздеу салынады. Ақырында Абайдың інісі Әрхам Ысқақов Барнауыл түбінен іздеп тауып, елге көшіріп әкеледі. Ақынның Шұбартауға бармай, жолда Шарда қалып қоюына бір себеп Құлжабек есімді баласы Шарда дүние салған. Сүйікті тұңғышының мәңгілік орнынан қашықтамауды қалаған.

1922-1941 жыл аралығында ақын шығармашылығындағы толас кезең осымен түсіндіріледі. Шарға көшіп келіп орныққан соң ақынның өлең-жырлары облыстық «Екпінді» газетінде жиі жариялана бастайды. Зая кеткен жылдарының қарымтасын қайтарған іспетті.

Төлеу Көбдіковтің көзі тірісінде үш өлеңдер жинағы шықты. Ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы Мұрат Төлеуов әкесінің «Жырларым» атты төртінші өлеңдер жинағын бастырып шығарды. 1954 жылы ақынға «Қазақстанның халық ақыны» деген атақ берілді.

Төлеу Көбдіков 1954 жылы 81 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Шар қаласының бір көшесі, орта мектеп ақын атымен аталды. 62-ші мектепте атамызға арналған мұражай бар. Ақынның зираты жаңартылып, мемлекеттік қорғауға алынды. Ұрпақтары Шар қаласында тұрады.

Әдебиеттер:


Көбдіков Т. Жырларым: Таңдамалы өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1975. – 207б.

Азизова М.Жыр дүлдүлі:(Т.Көбдіковтың туғанына 125 жыл) // Дидар.-1999.-1 желтоқсан.

Алтаев К.Төлеу ақынның өлеңдері: ("Жырларым" атты таңдамалы өлеңдер жинағы туралы) // Семей таңы. - 1975. - 24 мамыр

Әміренов Т. Мінез бітімі // Семей таңы.- 1974.- 7 июнь.

Иманжапар, М.Бір суреттің сыры // Ертіс өңірі. - 2009. - 3 маусым. - 12 б.

Құлжанбеков Е. Біз Төлеудің ұрпағымыз // Семей таңы. – 1999. – 10 маусым.

Кашаку Г.Төлеу Көбдіковтің елінде... (Ұлы Абайдың алдын төрт рет көрген айтыскер ақын Т.Көбдіков туралы) // Мәдениет жаршысы. - 2011. - № 8. - 4-8 б.

Мұхаметханов Қ. Төлеу ақын // Семей таңы. – 1974. – 15 марта.

Сәрсекеев М. Ел ардагері // Семей таңы.-1974.- 7 июнь

Төкенқызы , Ү. Халық ақынын еске алды: (Абай атындағы кітапханада өткізілген өлкетану оқуы туралы) // Семей таңы. - 2009. - 30 сәуір. - 12 б.

Төлеуұлы М. Әкемді ресейден көшіріп алған Мұхтар Әуезов болатын: [Ақын Төлеу Көбдіков туралы.] // Дидар. - 2012. - 6 сәуір. - Б. 5.

Төлеу ақынның туған жерге оралуы // Жаңа өмір. – 1989. – 12 сентября.


Тұғанбай К.А. Абайдың алдын көрген батагөйім // Семей таңы. – 1994. – 26 ақпан.

Тұраров М. Ақынға деген ілтипат // Семей таңы.- 1974.- 8 июнь


Ұлы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағының жарыққа шыққанына 105 жыл

(1909 жыл), ал сол Абай мұрасын тұңғыш бастырушы Кәкітай

Ысқақұлы Құнанбаевтың туғанына 145 жыл (1869-1915 ж.)

2014 жылы Ұлы Абайдың шығармалар жинағының алғаш шыққанына 105 жыл толды. Бұл абайтанушы ғалымдар мен әдебиет, мәдениет саласының зиялы қауым өкілдері үшін атап өтер, айтулы оқиға. 1904 жылы Абай дүниеден өткен соң ақын ұрпақтары, оның артында қалған мол шығармашылық мұрасын жинауға ден қояды.

1909 жылы ұлы ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы Санкт-Петербургтегі И.Бораганский баспасынан жарық көреді. Ең алдымен бұл істе өлшеусіз еңбек сіңірген Кәкітай Ысқақұлы болды. Ол жиналған Абай өлеңдерін мұқият қарап, текстологиялық түзетулер жасап, өлеңдерін топтастырып, тақырыптар тауып қояды. Ең бастысы Кәкітай Ысқақұлы тұңғыш рет Абайдың өмірбаянын қағазға түсіріп, шығармаларын жүйелеген.

Кәкітай (Ғабдүлхакім) Ысқақұлы Құнанбаев (1869-1915) - Абай мұраларын тұңғыш бастырушы. Абайдың інісі Ысқақтың баласы 8 жасынан бастап ауыл молдасынан 4 жылдай сауатын ашып, түрікше, арабша хат таныған. Оның ерекше дарындылығын байқаған Абай оны өзіне бала етіп алады. Семейге жіберіп орыс тілін үйретеді. Сонымен 1-2 жылдың ішінде орыс және шетел әдебиеті классиктерінің шығармаларын оқи алатындай дәрежеге жетеді. Абайдың кеңесімен Тұрағұл екеуі қарасөз, аударма, көңіл күйі тақырыбындағы өлеңдер жазумен айналысқан. Ол өзінің Абай ағасына ризашылығын білдіріп, 24 жыл ішінде ол кісінің үйретуімен терең білім нәрімен сусындағанын жазады. Ол Абай ағасы қайтыс болғаннан кейін ақынның баласы Тұрағұлмен бірге ақын мұраларын жинастырып баспаға әзірлеп, осы істердің ұйытқысы бола білді.

«Қазақтың мәдениет тарихына, Абай мұрасына еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп баулыған жас, жұртышылықтың көрнекті өкілі болған Кәкітай Ысқақұлының еңбегін ерекше айту керек» – деп жазады М. Әуезов. Кәкітайдың алғаш бастырған Абай жинағы өзгеріссіз күйде 1922 жылы Қазанда және Ташкентте қайта басылып шыққан. Кәкітай ақындық өнерге құлай берілмесе де, Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманға өлеңмен хаттар жазған.

Ұлы Абайдың талантты баласы, аудармашы Тұрағұл Абайұлы «Әкем Абай туралы» деген құнды естелік жазып қалдырды.

Абай шығармаларын жинап, кітап етіп шығаурға еңбегі сіңген үшінші жан - Әнет ұрпағы Мүрсейіт Бікеұлы. 1961 жылы шыққан Абай Құнанбаевтың Академиялық толық шығармалар жинағындағы анықтамалық сілтемелерде «Мүрсейіт Бікеұлының жазуымен» деген сөздер жиі кезігеді.

Абай шығармаларын жинауға ұлы Шәкәрімнің қатысқаны да дау тудырмайды. Ұлы М.Әуезовке Абай жайлы көп материал берген Шәкәрім екені қазір айтылып та, жазылып та жүр.


Әдебиеттер:


Абай: Энциклопедия / Бас ред. Р.Нұрғали.- Алматы, Атамұра, 1995.- 720 б.

Абайдың балалары // Абай Құнанбаев.- Алматы, 1995.- 38-40 б.

Бейсенбаев М. абай және оның заманы.- Алматы, Жазушы, 1988.-114 б.

Ердембеков Б. Кәкітай: (Ақын жинағын алғаш бастырушы, ақын шәкірті Кәкітайдың өмірі мен шығармашылығы туралы) // Семей таңы. - 2009. 22 қазан. – 3 б.

Досжан Д. Абай айнасы. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 368 б.

Ибраев М. Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов // Семей таңы. – 1991. – 30 наурыз.

Құнанбаев Қ. Абай // Абай. – 1992. – N 3. – Б. 11-12.

Кәкітай Ысқақұлы Құнанбай немересі // Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: Дәуір, 1994.- 336 б.

Кәкітай Ысқақұлы Құнанбай немересі //Абайдың ақын шәкірттері.-Алматы, Дәуір, 1994.-336 б.

Медеуханұлы Ә. Асыл жандарды ұмытпайық: Кәкітай Ысқақұлының туғанына 140 жыл // Семей таңы.-2008.-18 желтоқсан.-3 б.

Мұхаметханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. 2-кітап.– Алматы: 1994.-5-20 б.

Ысқақұлы Қ. Абайдың өмірі // Абайды оқы таңырқа. – Алматы, 1993. – 33 – 37.


Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер Райымжан Мәрсековтің туғанына 135 жыл (1879)
Райымжан Мәрсеков – (1879-ө.ж.б.) Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер, публицист. Өскеменде орыс-қазақ мектебін бітіріп, 1897 жылы Омбыда классикалық гимназияны, 1902 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірді. 1902-08 жылдары Семейдің округ сотында, 1908-12 жылдары Омбының сот палатасында қызмет етқарды. 1908-1911 жылдары Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің белсенді мүшесі және 1912-17 жылдары Семейде заңгер-адвокат болды.

1917 жылы Семей облысы қазақ комитетінің төрағасы және уақытша үкіметтің облыстық атқару комиетінің мүшесі болды. Семей облыстық қазақ сиезін ұйымдастырушылардың бірі, Алаш партиясы атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутат болып сайланды. Семейде «Сарыарқа» газетін ұйымдастыруға қатысып, оның алғашқы редакторларының бірі (1917-19) және Алашорданың осы облыстағы мүшесі болды. 1918-19 жылдары Семей облыстық Земство басқармасының төрағасы, Семейде «Алаш» полкын жасақтауға араласты.

Қазақ автономиясы жарияланған соң 1920-22 жылдардың маусым айына дейін Семей губерниялық атқару комитетінің ақпарат нұсқау бөлімінде нұсқаушы тексеруші қызметін атқарған. Осыдан кейін қоғамдық саяси өмірден шеттетіліпкеңес өкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған Мәрсеков 1912 жылдары Қытайға кетуге мәжбүр болды.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әлина Р. Райымжан Мәрсеков – алыстағы жылдардың қасіретті тағдыры: (адвокат) // Дидар.-1999.-10 шілде.-2 б.

Мәрсеков Р. // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 6- том.-Алматы, 2004.-427 б.



Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 210 жыл (1804-1886)
Құнанбай Өскенбайұлы– Абайдың әкесі, аға сұлтан, қоғам қайраткері. Тобықты елін билеген беделді адам болған. Әкесі Өскенбай Ырғызбайұлы Тобықты елін билеген беделді адам болған. Өскенбайдан басталған билікті оның ұрпағы 150 жыл бойы, кеңес өкіметі келгенге дейін қолдарынан шығарған жоқ. Құнанбай әуелі шағын ауылды басқарды, кейін болыс басқарушысы болып сайланып, тобықты елін биледі. Келе-келе дуанды басқаратын аға сұлтан дәрежесіне дейін жетіп, даланың беделді де, білікті әкімдердің қатарына көтерілді.

Құнанбайдың қоғамдық қызметіндегі игілікті қызметінің бірі – оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол өзі дінді мықтанып ұстанып қана қоймай, қара танудың, сауат ашудың, ескіше ғана емес, орысша оқудың заман ағымына өте қажетті екенін ұғынып, өз ауылынан қазақ балаларына арнап тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845 жылы шекара басқармасына мұғалім жіберуді сұрап, хат жолдайды. Кейін орысша сауатты Ғабитхан деген татарды мұғалім етіп тағайындайды.


Бүгiнде қасиеттi Қарқаралы шаһарындағы тарихи һәм қасиеттi мекен, 160 жылдық тарихы бар еңселi мешiт тiкелей осы Құнанбай қажының есiмiмен байланысты. Қазақтың бас ақыны Абайдай ұлы кемеңгердi өмiрге келтiрген Құнанбай бабамыз ел билеген әдiлеттi де беделдi әкiм ғана емес, мұсылманның бес парызын мүлтiксiз атқарған аса иманды кiсi болған. Бұған дәлел – ол кiсiнiң қажылық жолмен қасиеттi Меккеге барып, мұсылман елдерiнен барған адамдар түсетiн "Үй-Тақия" ("Тәкие") қонақүйiн салғызуы мен Қарқаралы қаласында мешiт құрылысының бой көтеруiне тiкелей мұрындық болуы. Бүгiнде осы бiр қайраткер тұлғаның елi үшiн еңсерген елеулi iстерiн бiрiмiз бiлсек, бiрiмiз, өкiнiшке қарай, бiле бермеймiз.

Мұрағат деректерiне үңiлер болсақ, мешiт салу жөнiндегi алғашқы әрекет сол кезде Қарқаралыда аға сұлтан болып тұрған Құспек Тәукиннiң басшылығымен басталғанымен, мешiт құрылысын қашан бастап, қай жерге салу, жұмыс күшiн қайдан алу сияқты мәселелерде Құнанбай қажының есiмiнiң көбiрек аталатындығына куә боламыз. Ұлы жазушы М. Әуезовтың пiкiрi бойынша, Құнанбай 1849 жылға дейiн Кiшiк-Тобықты болысының болыс управителi қызметiнде болып, одан кейiн 1849-1852 жылдары Қарқаралы округiне аға сұлтандыққа сайланған кезiнде мешiт тұрғызылған. Бұл жөнiнде ХIХ ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмiр сүрген аягөздiк қазақ тарихшысы Құрбанғали Халид өзiнiң 1910 жылы Қазан қаласында жарық көрген "Тарауих Хамса" деген кiтабында былай деп жазады: "Қарқаралыда Құспек алынған соң, орнына Тобықты Құнанбай мырза Өскенбайұлы 1849 жылы сайланады.


Құнанбай аға сұлтан сайланысымен сол жылы-ақ мешiт салдырып, құрбандық шалдырып, рәсiм жасады. Оның тәуiр-ақ әдiлеттiлiгi мен жомарттығы бар едi. Осы мешiтке бiрiншi болып имам Хасан Сейфоллаұлы тағайындалған едi".

Қабырғасы қаланған күннен сан алуан кезеңдi басыннан өткерген бiр жарым ғасырдан артық уақытты қамтитын тарихы бар, сол кездегi Орталық Қазақстандағы бiрiншi мешiт саналатын қасиеттi мекеннiң тағдыры да оңай болмады. Алғашында халықтың ыстық ықыласына бөленiп, рухани сұранысын қанағаттандырып отырған Алла үйiнiң жағдайы Кеңес үкiметiнiң қызыл жалыны шарпыған кезiнде тiптен нашарлап кеттi. Дiндi қастерлеген ел ақсақалдарына "дiншiл" деген күйе жағылып, халық мешiттен қашып, бес мезгiл намазын жасырынып үйде оқуға көштi. Соның салдарынын халық қастерлеген қасиеттi мекен иесiз қалды...

М. Әуезовтың «Абай Құнанбаев» атты ғылыми зерттеу монографиясында Құнанбай 1804 жылы туған, 80 жасқа келіп қайтты деп баяндалған. Құнанбайдың дәуіріне ең жақын дерек 1835 жылғы архив анықтамасы. Оны Семей қаласынан кездестіріп, бірінші рет пайдаланған М. Әуезов болатын. М.О. Әуезовтің сөзімен айтқанда «Құнанбай басының қайшылығы көп болған. Ол – феодалдық дәуірдің, өз табының бел баласы, ісі мен мінезінде заманның айқын таңбасы бар».

Құнанбай жайындағы өмірлік ақиқат материалдар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында көркемдік шешімін тапқан. Тобықты елінің Құнанбайынан - әдебиеттік кейіпкер Құнанбай бейнесі жасалған. Құнанбайды толық танып білу – Абайды да мұқият оқып-зерттеуімізге септігін тигізеді.


Әдебиеттер тізімі:
Абай : Энциклопедия..- Алматы,1995.- 720 б

Арғынбаев Х. «Абай жолы» - қазақ тұрмысының айнасы// Абай.- 1997.- №1.-54-58 б

Жолдасова Т. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Құнанбай бейнесі.-Алматы,38 б.

Аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткіші:


Әбжанов М.

Еркебаев Қ.

Достоевский Ф.

Ибрагимов Т.С.

Жанғалиев Т.

Жомартбаев Т.

Жүнісова К.

Кәрменов Ж.

Көбдіков Т.

Құнанбаев К.

Манабаев А.

Мәрсеков Р.

Сәтбаев Қ.

Сейсенұлы Д.

Толғанбаев Ә.

Төлегенова Б.

Тілегенов Б.

Тлеуханов Т.

Туғанбаев Қ.

Шайжүнісов Ж.

Шәкеев Н.

Мазмұны:

Құрастырушылардан -1

Негізгі бөлім -2

Айы-күні белгісіз даталар -2

Анықтамалар мен әдебиеттер берілмеген,

Аталып өтілетін және еске алынатын күндер -4



Семейлік Кеңес Одағының батырлары -5


Аталып өтілетін есімдердің әріптік көрсеткіші 28



1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет