Азия – тынық МҰхит аймағындағы экономикалық интеграция economic integration in the asia-pacific region мажинбеков С. А., Аребаева А



Дата25.04.2016
өлшемі84.87 Kb.
УДК 339.92

UDK 339.92


АЗИЯ – ТЫНЫҚ МҰХИТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ
ECONOMIC INTEGRATION IN THE ASIA-PACIFIC REGION
Мажинбеков С.А., Аребаева А.

Majinbekov S.A., Arebaeva A.

Южно-казахстанский государственный университет им. М. Ауэзова, Шымкент, Казахстан

M.Auezov South-Kazakhstan State University, Shymkent, Kazakhstan
Түйін

Азия Даму Банкі Атқарушы кеңесінің жыл сайынғы 47-ші кеңесінің ашылуында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев: «Бізге Азия елдері мен өзге интеграциялық ұйымдармен ынтымақтастық серіктестікті арттыру қажет. Бірлік пен екіжақты табыстың арқасында құрылған аймақтық интеграция қарқынды дамудың негізгі өзегі. Бүгін біз Азия-Тынық мұхиты аймағы ішіндегі интеграциялық үрдіске куә болып отырмыз», деп атап өтті. Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі аймақтық экономикалық интеграция тәжірибелерін зерттеудің тәжірибелік маңызымен және экономикалық салада қарқынды түрде дамып келе жатқан АТА аймағымен Қазақстанның екіжақты және көпжақты әріптестігінің маңызының арта түсуімен айқындалады.
Abstract

President Nursultan Nazarbayev at the opening ceremony of the 47th Annual Meeting of the Asian Development Bank said that "Kazakhstan needs to expand the scope of cooperation between the countries of Asia, as well as between other integration associations. Regional integration, based on the principles of openness, equality, mutual benefit, is a reliable tool for successful development. Today we are witnessing increasing regional integration within the Asia-Pacific region. " Thus, the relevance of the study is determined, on the one hand, the potential value of studying the practical experience of regional economic integration and the growing importance that has for Kazakhstan cooperation on a bilateral and multilateral basis in the largest dynamic economic regions in the world.
Keywords: The Asia-Pacific region, economic, integration, foreign policy, ASEAN, socio-economic development

Кілтті сөздер: Азия-Тынық мұхит аймағы, экономика, интеграция, сыртқы саясат, АСЕАН, әлеуметтік-экономикалық даму
Азия -Тынық мұхиты аймағы – біріккен сауда қатынастарымен байланысқан елу елді қамтитын экономикалық саяси аймақ. Бұл аймақтың жетекші рөлде болуының басты себептері - әлемдік шаруашылықтағы мықты экономикалық серіктестігі, аймақтағы «Азиялық айдаһарлар» - Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур, Гонконг және «Азиялық жолбарыстар» - Тайланд, Малайзия, Индонезия, Филиппины мемлекеттерінің орналасуы. Территориясы жер шарының тең жартысын алып жатқан аймақтың ерекше қарқынмен дамуы саясаткерлермен ғалымдардың «XXI ғасыр Азия-тынық мұхит аймағы ғасыры» деген болжам айтуына себеп болды. Бүгінгі таңда әлемнің басты назары осы аймаққа бағытталып отыр. Аймақ жалпы әлемдік саясатта бірнеше ерекшеліктерге ие: Біріншіден, аймақтың әскери-саяси бейнесі, екіншіден аймақтың мұхит жағалауындағы мемлекеттерден құралғандығы, мұның бәрі Азия-тынық мұхиты аймағы елдерінің теңіз инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамуына жол ашады.

Азия-Тынық мұхиты негізгі 4 субаймақтан құралған:

1 Солтүстік – Шығыс Азия

2 Оңтүстік - Шығыс Азия

3 Оңтүстік Азия

4 Тынық мұхитының оңтүстік жағалауындағы елдер тобы.

Австралиялық профессор Берни Бишоп, (2002 ж Владивосток) АТЭС 7-ші инвестициялық форумында АТЭС ке кіретін елдер өзінің экономикалық даму жағынан 4 топқа бөлінетінін атап өткен:

1) дамыған экономика (АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия);

2) жаңа индустриалды экономика (Тайвань, Оңтүстік Корея, Мексика, Сингапур және Гонконг);

3) дамушы экономика Индонезия, Малайзия, Таиланд, Филиппин, Папуа-Жаңа Гвинея, Бруней, Чили, Перу);

4) өтпелі экономика (РФ, Вьетнам, Қытай) [1, 65].

Азия аймағының экономикасы бірқатар интеграциялық бірлестіктердің ықпалына байланысты, атап айтқанда:



  • Азия – Тынықмұхит экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық форум (АТЭС);

  • Тынықмұхиттық Экономикалық Кеңес (ТЭС);

  • Сауда және даму бойынша Тынықмұхиттық конференция (ПАФТАД);

  • Солтүстік – Шығыс Азия елдерінің Аймақтық әкімшілік Ассоциациясы (АРАССВА);

  • Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы (АСЕАН);

  • Шығыс азиаттық қауымдастық Саммиті (ВАС);

  • Азиаттық Даму Банкі (АзБР).

Аймақтағы интеграциялық бірлестіктердің бірі, 1989 жылы Канберрада Австралия және Жаңа Зеландия премьер-министрлерінің бастамасымен құрылған Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) – халықаралық экономикалық ұйымы болып табылады. [2,129].

АТЭС пен қатар аймақта Тынықмұхиттық Экономикалық Ынтымақтастық бойынша Кеңес үкіметтік емес ұйым болып табылады. Ол 1980 жылы Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Охира және Австралия премьер-министрі Фразер бастамаларымен құрылған.

АТА аймағындағы келесі бір интеграциялық ұйым, 1967 жылы 8 тамызда Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппиндер мемлекеттері құрған АСЕАН ұйымы болып табылады.

АСЕАН шеңберіндегі интеграциялық процесстер төмендегі бағыттарды қамтиды:



  1. 1977 жылғы преференциалды сауда аумағын құру туралы Келісімге сәйкес қатысушы елдерге сауда жеңілдіктерін жасау.

  2. АФТА (ASEAN Free Trade Arrangment) Келісіміне сәйкес, - еркін ауда аумағын құру.

  3. АСЕАН кәсіпорындық ынтымақтастығы.

  4. АСЕАН инвестиция аумағы шеңберлік келісіміне сәйкес капитал қозғалысының либерализациясы [3, 18].

ХХ ғасырдың соңына қарай Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау саласында Азиялық елдердің күш-жігерлерін біріктіру үшін қажет жағдайлар жасалды. Олар мына факторлармен сабақтасады:

Біріншіден, ірі державалар мүдделерінің қақтығысымен және құрлықты екі лагерге бөлумен сүйемелденген биполярлық әлемнің дәуірі аяқталды.

Екіншіден, жаһандану капиталдың, еңбек және интеллектуалды ресурстар мен ақпараттың еркін қозғалуы үшін шекараларды ашып, елдердің өздерінің күш-жігерлерін өңірлік деңгейде біріктіруге ұмтылысын туындатты.

Үшіншіден, Азиядағы елдерде бәсекеге қабілеттіліктің және қазіргі заманғы жағдайларда тіршілікке бейімділіктің міндетті шарты-диалог негізінде әлеуметтік-экономикалық зәру проблемаларды бірлесіп шешу болып табылатынын түсіну ұғымы пісіп жетілді [4,121].

Экономикалық интеграциядағы аймақтық Жобаларға төмендегілерді жатқызуға болады:



  • Үлкен Меконг Субаймағы (СБМ);

  • Оңтүстік Азиялық Субаймақтық Экономикалық Ынтымақтастық (ЮАСЕС);

  • «Индонезия-Малайзия-Таиланд» - дамуының үшбұрышы (ТР-ИМТ);

  • АСЕАН Шығыс бөлігі (Бруней-Индонезия-Малайзия-Филиппин ) дамуының аймағы (ОРВА-БИМФ).

Азия –Тынық мұхит аймағының экономикалық интеграция үрдісінде ірі державалардың ұстанымдары да интеграция үшін маңызды мәселе болып табылады. Атап айтқанда, Азия – Тынық мұхит аймағы АҚШ сыртқы саясатының басым бағыттарына айналып отыр. 1994 жылы «АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» құжатында АТА-ның америка үшін экономикалық маңызы айқындалған.

1993 ж Токио қаласының Васэдо университетінде баяндама жасаған Б. Клинтон Pacific Community тұжырымдамасына сипаттама беріп, онда экономикалық, саяси және әскери-стратегиялық аспектілер көрсетілген. Оның ойынша жаңа қауымдастық бес блокка негізделуі қажет: «АҚШ және Жапония арасындағы әріпестікті жандандыру», «экономиканың ашықтығы және сауданың кеңеюі»; «одақтастар алдындағы АҚШ міндеттемелерін орындау»; «демократияға қолдау көрсету» және «АҚШ-тың Жапония, Корея елдерінің аймақта әскери қатысуын қамтамасыз ету». 1994 ж АҚШ ұлттық қауіпсіздік стратегиясында АҚШ президенті жаңа Тынық мұхит қауымдастығы шеңберінде интеграциялық стратегияның жүргізілуін қарастырады деп аталып өткен. 1995 жылы Клинтон әкімшілігі «кеңею стратегиясы» (Strategy of Enlargement) шеңберінде, нарықтық демократиялық әлемдік қауымдастықты кеңейтуді көздеді.

Карнеги қорының Қытай бағдарламалары орталығының директоры Дуглас Паал пікірінше: Азиядағы АҚШ мүдделерін жүзеге асыру үшін төмендегілерді жүзеге асыруы қажет:

Б. Обаманың АТА бағытындағы сыртқы саясатында төмендегілерді атап өтуге болады:

-Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Таиланд және Филиппин мемлекеттерімен әскери одақты нығайту;

- Қытаймен, «әріптестік саласын кеңейту» принципіне негізделген жаңа әріптестікті қалыптастыру;

- АҚШ-тың АТЭС форумына және АСЕАН мен диалогына белсенді қатысуы

- Солтүстік Корея бойынша «алты жақты процесс» шеңберінде ядролық қарумен күрес, Вашингтон Пхеньянға жаңа келісімдер ұсынып отыр

- елдегі саяси өмірде демократияландыру бойынша Мьянма үшін жаңа келісімдер пакетін ұсыну;

-ғылым және технология саласында транстынықмұхиттық әріптестікті нығайту [5, 216].

Жапония үшін Азия-тынықмүхиты аймақтың ынтымақтасу концепциясы өте маңызды, өйткені ол болашақ жапон дипломатиясының экономикалық және саяси бағытына байланысты мәселелерді жүзеге асырмақ. Осы концепцияға сүйене отрып Жапония АСЕАН елдерімен серіктестік үшін жаңа, қолайлы жол тауып алды. Осы концепцияны жүзеге асыруда АСЕАН елдеріне жүргізуші рөлін беруге сүйене отрып, Жапония аталған концепция шеңберінде ынтымақтасу түріндегі жапон-асеандық диалогтың дамуына дипломатикалық күш салды. 1985 жылы мамырда Токиода Жапония АСЕАН министрлерінің қатысуымен сыртқы саяси және экономикалық мәселелер жөніндегі кездесуі болды. Онда АСЕАН елдерінде техникалық кадрларды дайындауға жапондықтардың қатысуы мәселесі қарастырылды. Осындай аймақтың серіктестік идеясына байланысты Нокасонэ үкіметі «XXI ғасыр достық бағдарламасын» ұсынды [6].

Қытай аумақтық лидер роліне үміттеніп Азияда өз позициясын нығайтуда. Пекин Оңтүстік Корея мен АСЕАН елдерімен 2002 жылы олардың экспорт өнімінің басты тұтынушы бола отырып және «АСЕАН-Қытай» еркін сауда зонасын құру мақсатында өз қарым-қатынастарын тұрақтандырды. Осака қаласында (Жапония) 1995 жылы қараша айында өткен Азия-Тынық мұхит аймақтарының Экономикалық Кеңесінің кезекті бір кездесуі болған кезде, ҚХР бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминь бес пунктен құралған ұсыныстарын ортаға салды. Олар:

1. Басты мақсат - ең алдымен Азия-Тынық мұхит аймағында экономикалық дамуының тұрақты деңгейіне жету және бейбітшілікті сақтау;

2. Азия-Тынық мұхит Экономикалық Серіктестігінің дамушы елдерінің экономикалық өсуіне жақсы тиімді жағдайды жасау керек;

3. Өзбеттілік және еркіндік принциптерін ұстану; АТЭС мүшелері дамушы елдердің даму деңгейіне сәйкес Азия-Тынық аймағына инвестицияның салынуына және сауданың либерализациялануының рационалды қарқының айқындау қажет;

4. Сауданың либерализациялануына және инвестициялауға, экономикалық және техникалық қарым-қатынас жүргізуге бірдей көп көңіл бөлу керек.



Осылайша, Азия-Тынық мұхит аймағында ХХ ғасырдан бастап, экономикалық негізде шоғырланған қарқынды интеграциялық процесстер күтілуде. Оңтүстік-Тынықмұхиттық аймақ және Шығыс Азия елдері өзара экономикалық тығыз байланыс орнатып, болашақта экономикалық саладағы ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсуге ұмтылып отыр.
Жалпы, Қазақстанның Азия Тынық мұхит аймағы шеңберіндегі интеграциялық процестерге қатыуы, аймақта және еліміз үшін тиімді халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесін және кооперациялық қатынастардың қалыптасуына ықтималдығын тигізеді. Бұл ынтымақтастық ғылыми-техникалық қызмет бағытында, экспорт және импорт құрылымын жетілдіруде, еліміздің экономикасын арттыруда үлкен рөлді атқаруы мүмкін. Ынтымақтастық шеңберінде шетел инвестициясын тартудың жаңа мүмкіндіктері ашылып, сауда-экономикалық ынтымақтастық шеңберінде тәжірибе және ақпаратпен алмасу тиімді жүреді.
Әдебиеттер

  1. Гарусова Л.Н. Тихоокеанская политика США в 80–90 е гг. ХХ века. Американские экономические и военно-политические интересы в АТР// Россия и АТР. 2001. № 4. С. 62–73.

  2. М. Потапов Перспективы АТЭС и экономическая интеграция в Восточной Азии (заметки с Делового саммита АТЭС) // Проблемы Дальнего Востока. - № 1. – 2007. – С. 125-136

  3. АСЕАН в начале ХХІ века. Актуальные проблемы и перспективы / Л.Е. Васильев и др.-М.: ФОРУМ.-2010.- 368 с

  4. Арин О.А.А. Азиатско-тихоокеанский регион: мифы, иллюзии и реальность, М.:Флинта, Наука, 1997. – 435 с.

  5. М. Мамонов. Политика США в Азиатско-Тихоокеанском регионе.// http://observer.materik.ru/observer/N11_2012/088_096.pdf

  6. Азиатско-Тихоокеанские реалии, перспективы, проекты :XXI век. Под ред. В. Н. Васильева. -Науч. изд. - Владивосток :Изд-во Дальневосточного университета,2004. -448 с.


References

  1. Garusova L.N. Tihookeanskaja politika SShA v 80–90 e gg. HH veka. Amerikanskie jekonomicheskie i voenno-politicheskie interesy v ATR// Rossija i ATR. 2001. № 4. S. 62–73.

  2. M. Potapov Perspektivy ATJeS i jekonomicheskaja integracija v Vostochnoj Azii (zametki s Delovogo sammita ATJeS) // Problemy Dal'nego Vostoka. - № 1. – 2007. – S. 125-136

  3. ASEAN v nachale HHІ veka. Aktual'nye problemy i perspektivy / L.E. Vasil'ev i dr.-M.: FORUM.-2010.- 368 s

  4. Arin O.A.A. Aziatsko-tihookeanskij region: mify, illjuzii i real'nost', M.:Flinta, Nauka, 1997. – 435 s.

  5. M. Mamonov. Politika SShA v Aziatsko-Tihookeanskom regione.// http://observer.materik.ru/observer/N11_2012/088_096.pdf

  6. Aziatsko-Tihookeanskie realii, perspektivy, proekty :XXI vek. Pod red. V. N. Vasil'eva. -Nauch. izd. - Vladivostok :Izd-vo Dal'nevostochnogo universiteta,2004. -448 s.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет