«Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ Қаражатының есебінен оқуына ақы төлеу үшін кандидаттарды іріктеудің ережесі п-25-34



жүктеу 380.59 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі380.59 Kb.
: data -> nws -> kaz
kaz -> Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету орындары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мекенжайы
kaz -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің ведомствалық бағынысты мекемелерінің тізімі
kaz -> Мәдениет саласы Саланың инфрақұрылымын 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет ұйымдары
kaz -> Ақпараттық хабарлама «ҚазМұнайГаз»
kaz -> 2011 жылы 5 мамырда 10 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы
kaz -> «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының хаттамасы 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, мекен-жайы бойынша орналасқын «ҚазМұнайГаз»
kaz -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне бағынысты ұйымдардың тізімі
kaz -> Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты Жалпы ережелер
kaz -> № исх: 395 от: 29. 04. 2013 Қазақстан Республикасы



Ықпалдастырылған Басқару Жүйесі



«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БӨ» АҚ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЕСЕБІНЕН

ОҚУЫНА АҚЫ ТӨЛЕУ ҮШІН КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ

ЕРЕЖЕСІ

П-25-34

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»



акционерлік қоғамы

Астана қ. 2012 жыл

МАЗМҰНЫ:




Атауы

Беті

1

Мақсаты және қолданылу саласы

3

2

Қысқарған сөздер

3

3

Жауаптылық

3

4

Ереженің сипаттамасы

4

4.1

Оқуына ақы төлеу үшін үміткерлерді іріктеу конкурсына қатысудың шарттары

4

4.2

Оқуына ақы төлеу үшін үміткерлерді іріктеудің критерийлері

5

4.3

Оқуына ақы төлеу үшін үміткерлерді іріктеудің тәртібі

6

4.4

Шарт жасасу тәртібі

6

4.5

Оқуға ақы төлеудің тәртібі

8

4.6

Салық төлеу тәртібі

8




1-қосымша. Білім беру ұйымдарының тізімі (жоо және оаоо)

9




2-қосымша. Студенттердің оқуларына ақы төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі

10




3-қосымша. Үлгерімді бағалаудың басқа шәкілдерінен бес балдық үлгерімді бағалау шәкіліне ауыстырудың әдістемесі

12




4-қосымша. Өтініштің нысаны

13




5-қосымша. Қоғам қаражатының есебінен оқуға ақы төлеуге арналған шарттың нысаны

14




6-қосымша. Келісу парағы

19




7-қосымша. Танысу парағы

20




8-қосымша. Тарату парағы

21


1 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкестікте әзірленді, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде білім беру ұйымдарында Қоғам қаражатының есебінен оқуға ақы төлеу үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.

1.2 Ереже Қоғамның олардың оқуын өтеуі үшін үміткерлерді іріктеу кезінде лауазымды тұлғалардың жауаптылығын айқындайтын Қоғамның ішкі нормативтік құжаты болып табылады.

1.3. Осы Ереженің талаптары Қоғамның және оның филиалдарының барлық жұмыскерлеріне таралады және Қоғам Басқармасының шешімімен бекітілген сәттен бастап күшіне енеді.
2 ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
2.1 Осы Ережеде мынадай қысқарған сөздер қолданылады:

Қоғам

-

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы

ҚБДД/ҚББ

БЭТД


-

-


орталық аппараттың қызметкерлерді басқару және дамыту жөніндегі департамент / Қоғамның филиалдары мен өкілдіктерінің қызметкерлерді басқару бөлімі

Бюджеттеу және экономикалық талдау департаменті



ОА

-

Орталық аппарат

Филиал

-

Қоғамның филиалдары

ҰБТ

-

Ұлттық бірыңғай тестілеу

Ереже

-

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ қаражатының есебінен оқуына ақы төлеу үшін кандидаттарды іріктеудің ережелері

Білім беру ұйымы

-

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім және жоғары білімнің (жоо, аооо) білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымы

Жоо

-

Жоғары оқу орны

Аоо

-

Орта білімнен кейінгі оқу орны

Студент

-

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім және жоғары білімнің (жоо, аооо) білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда білім алатын тұлға

Оқу шарты

-

Қоғам мен Студенттің арасындағы оқуға ақы төлеуге байланысты ақша аударуға негіз болатын кәсіптік даярлық және Қоғам есебінен оқуға ақы төлеу шарттары туралы жазбаша келісім, оқуға ақы төлеуге байланысты ақша аударуға негіз болып табылады

Комиссия

-

Қоғамның қызметкерлер құрамын кәсіби дамыту жөніндегі комиссия



3 ЖАУАПТЫЛЫҚ
3.1 Бас директор (басқарма бастығы) осы үдерісті барлық қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін жауапты.

3.2 Осы процестің жетекшісі ҚБДД директоры, ол:



  • Осы Ережені уақытында жаңарту, қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

  • Құжаттарды қабылдау және оқу ақысын төлеу үшін үміткерлерді бастапқы іріктеу жұмыстарын ұйымдастыру (Атырау және Маңғыстау облысының үміткерлерінен басқа);

  • Филиалдар бастапқы іріктеуден өткізген үміткерлердің құжаттарын жинақтау және жиынтықтау;

  • Қоғамның кәсіптік дамуы жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

  • Қоғам Басқармасының қарауына Комиссияның оқуға ақы төлеу жөніндегі ұсыныстарын қарауға енгізу;

  • Оқыту шартын жасасу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін жауапты.

    1. ҚББ бастығы:

  • Үміткерлерден – сәйкесінше Атырау және Маңғыстау облысының тұрғындарынан – Қоғам есебінен оқуға ақы төлеу үшін құжаттар қабылдау:

  • Қоғам есебінен оқуға ақы төлеу үшін үміткерлерді бастапқы іріктеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

  • Оқыту шарттарын келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін жауапты.



4 ЕРЕЖЕНІҢ СИПАТТАМАСЫ
4.1 ОҚУЫНА АҚЫ ТӨЛЕУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕРДІ

ІРІКТЕУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУДЫҢ ШАРТТАРЫ
4.1.1 Қоғам есебінен оқуға ақы төлеу үшін кандидаттарды іріктеу байқауына қатысуға Қазақстан Республикасы азаматтарының келесі санаттары жіберіледі:

  • жер қойнауын пайдалануға контрактылық міндеттемелері шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық азаматтары.

  • күндізгі оқу бөлімінде білім алып жүрген және тек бірінші рет жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім алып жүрген студенттер. Егер Қоғам орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқуы үшін студентке ақы төлеген болса, онда ол одан әрі жоғары оқу орнында оқуына Қоғам есебінен ақы төленуіне үміттене алады.

  • Қағидалардың 4.2 тарауында көрсетілген критерийлерге сай келетін бірінші оқу жылы (бірінші курс) оқып жатқан студенттер;

  • Қағидалардың 4.2 тарауында көрсетілген критерийлерге сай келетін екінші және одан кейінгі оқу жылы оқып жатқан, сонымен қатар Қоғам оқу бойынша бұрын келісімшарт жасасқан студенттер;

  • жетім балалар;

  • айрықша жағдайларда басқарма шешімі бойынша.

4.1.2 Қоғам студенттердің білім беру ұйымдарында оқуына ақыны 1-қосымшада көрсетілген тізімге байланысты төлейді.

4.1.3 Оқу ақысы келесі жағдайларда төленбейді:



  • дайындық, тіл курстарында оқу үшін (foundation);

  • шынайы емес ақпарат пен түпнұсқалығы күмән келтіретін құжат тапсырған студенттердің оқуы үшін.

4.1.4 Қоғам тек кәсіптік білім беру бағдарламасының ғана ақысын төлейді.

Міндетті болып табылмайтын қосымша оқу бағдарламалары, қосымша курстар (жазғы семестрлер), кітапхана депозиті, сонымен қатар тұруға, жолға және т.б. (accommodation) жұмсалатын шығындарды студент өз бетінше төлейді.



4.2 ОҚУЫНА АҚЫ ТӨЛЕУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУДІҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ
4.2.1 Қоғамның есебінен оқуына ақы төлеу үшін үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийі үлгерім баллы болып табылады:

  • Бірінші жыл оқитын студенттердің ҰБТ қорытындысы бойынша балл саны мынадай болуы тиіс:

    • Жоғары оқу орнына түскендер – ҰБТ бойынша барынша жоғары балл санының 80%-нан кем емес;

    • орта арнайы оқу орындарына түскендер - ҰБТ бойынша барынша жоғары балл санының 50%-нан кем емес;

  • орта арнайы оқу орындарына 9-шы сыныптан кейін түскендердің негізгі орта білім туралы куәлігіндегі орташа үлгерім баллы бес баллдық шәкіл бойынша 4,5 баллдан кем болмауы тиіс;

  • шетелдік жоғары оқу орындарына түскен студенттердің (ҰБТ нәтижелері жоқ болған жағдайда) жалпы орта білім туралы аттестатындағы орташа үлгерім баллы бес балдық шәкіл бойынша 4,5 балдан кем болмауы тиіс;

  • жоғары оқу орындарына орта арнайы оқу орындарынан кейін түскен студенттердің дипломындағы орташа үлгерім баллы бес баллдық шәкіл бойынша 4,5 баллдан кем болмауы тиіс;

  • екінші және одан кейінгі оқу жылы оқып жатқан студенттердің соңғы оқу жылындағы орташа үлгерім баллы бес баллдық шәкіл бойынша немесе үлгерімді бағалаудың басқа шәкілдеріндегі балама бағасы келесідей болуы тиіс:

    • ҚР жоғары оқу орындарының студенттері - 4,5 баллдан кем емес;

    • шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері - 4 баллдан кем емес;

    • орта арнайы оқу орындарының студенттері - 4,5 баллдан кем емес.

Үлгерім бойынша критерийлер жетім балалар болып табылатын студенттерден басқалардың барлығына қолданылады.

4.2.2 Екінші және одан кейінгі оқу жылы оқып жатқан студенттер – оқуға ақы төлеу үшін кандидаттар Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген құжаттардың барлығын үстіміздегі жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей ҚБДД/ҚББ тапсыруы тиіс.

4.2.3 Бірінші жыл оқитын - оқуға ақы төлеуге кандидат-студенттер Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген құжаттардың барлығын үстіміздегі жылдың 01 қыркүйегінен кешіктірмей ҚБДД/ҚББ тапсыруы тиіс.

4.2.4 Үлгерімді бағалау басқа шәкілдерінен бес балдық үлгерімді бағалау шәкіліне аудару Ереженің 3-қосымшасында келтірілген.

4.2.5 Екінші және одан кейінгі оқу жылы оқып жатқан студенттердің үлгерім баллдары тең түскен жағдайда, артықшылық студенттік конференцияларға, бейіндік пәндер бойынша дөңгелек үстелдерге қатысқан, сонымен қатар шет тілін білетін және оны растайтын құжаттары бар үміткерлерге беріледі.

4.2.6 Бірінші курс студенттерінің ҰБТ бойынша баллдары тең болса, артықшылық бейіндік пәннен алған балл саны көп (пән бейіні таңдалған мамандыққа сәйкес болуы керек), пәндік олимпиадалар мен байқауларға қатысқан, сонымен қатар шет тілін білетін және оны растайтын құжаттары бар үміткерге беріледі.

4.2.7 Басқа тең түскен жағдайларда артықшылық жетім, көп балалы жанұядан, күн көрісі төмен жанұядан, толық емес жанұядан шыққан студенттерге, Атырау және Маңғыстау облысының студенттеріне беріледі.
4.3 ОҚУЫНА АҚЫ ТӨЛЕУГЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУДІҢ ТӘРТІБІ
4.3.1 ҚБДД мен БЭТД бірлесіп қазақстандық мамандар дайындауға қаражат көлемін жер қойнауын пайдалануға келісімшарттық міндеттемеге сәйкес белгілейді.

4.3.2 Жыл сайын Комиссия жер қойнауын пайдалануға келісімшарттық міндеттемеге сәйкес қазақстандық мамандар дайындауға бөлінген қаражаттың шегінде студенттерді оқытуға квота белгілейді. Квотада көрсетілген сандар қол жеткізудің бағдары болып табылады, сондықтан өтінімдердің сандық және сапалық көрсеткіштеріне байланысты көрсеткіштер белгіленгеннен өзгешелене алады.

4.3.3 Жыл сайын ҚБДД Қоғамның Интернет-сайтына алдағы оқу жылына оқуға ақы төлеу үшін кандидаттар іріктеу туралы хабарландыру орналастырады. Хабарландыруда іріктеу критерийлері, қажетті құжаттар тізбесі мен тапсыру мерзімі, байланыс телефондары мен құжаттар тапсырылатын мекенжай көрсетіледі.

4.3.4 ҚБДД және ҚББ Ереженің 4.2 и 4.3-бөлімдеріне сәйкес құжаттар қабылдайды және оқуға ақы төлеу үшін үміткерлерді іріктейді, мұнда ҚББ сәйкесінше Атырау және Маңғыстау облысында, ал ҚБДД – басқа өңірлерде тұратын үміткерлерден құжаттар қабылдайды.

4.3.5 ҚБДД/ҚББ оқуға ақы төлеу үшін үміткерлерді бастапқы іріктеуді жүзеге асырады. Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген қажетті құжаттардың барлығы тапсырылмаған жағдайда ҚБДД ҚББ құжаттарды қарау үшін қабылдамауға құқылы.

4.3.6 Студенттерді батапқы іріктеу рәсімі аяқталғаннан кейін, ҚББ құжаттарды ҚБДД-не Комиссияның және Қоғам Басқармасының отырыстарында одан әрі қарай қарау үшін табыстайды.

4.3.7 Комиссия шешім қабылдайды және барлық құжаттарды Қоғам басқармасының қарауына шешім қабылдау үшін береді.

4.3.8 Комиссияға Ережеде белгіленген шарттарды бұзып ұсынылған құжаттар Комисияның қарауына жатпайды.

4.3.9 Комиссия берген құжаттар мен ұсыныстардың негізінде Қоғамның Басқармасы студенттердің ағымдағы оқу жылындағы оқуына ақы төлеу жөнінде шешім қабылдайды.

4.3.10 Басқарма шешімінің негізінде ҚБДД және ҚББ бірлесіп студенттермен оқуға келісімшарттар жасасуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді.


4.4 ШАРТ ЖАСАСУ ТӘРТІБІ
4.4.1 Қоғамның есебінен оқуға ақы төлеу жөнінде шешім қабылданған тұлғаларға қатысты оқыту шарты жасалады (5-қосымша), оған сәйкес Қоғам осы тұлғалардан оқуды аяқтағаннан кейін Қоғамда немесе оның еншілес/тәуелді ұйымдарында шартта келісілген мерзім бойы жұмыс істеуін талап етуге құқылы.

Оқыту шарты Ереженің 4.4.3-тармағында белгіленген жағдайлардан басқа жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылса, Қоғам студентті немесе оқушыны оқыту үшін кез келген шығын жұмсаған жағдайда, оқу аяқтағаннан кейін ол осы тұлғалардың Қоғамда немесе оның еншілес/тәуелді ұйымдарында шартта келісілген мерзім бойы жұмыс істеуін талап етуге құқылы.

4.4.2 Шарт бір оқу жылына жасалады.

4.4.3 Қоғам Ережеге сәйкес мына жағдайларда шарт жасасқан тұлғалардың жұмсалған шығындарды өтеуін талап етуге құқылы:



  1. студенттің оқу ұйымынан академиялық үлгермеушілігі үшін оқудан шығарылуы;

  2. студенттің оқу ұйымынан оқу ұйымындағы қағидаларды сақтамағаны үшін оқудан шығарылуы;

  3. студенттің оқуды аяқтағаннан кейін шартта көрсетілген мерзім ішінде Қоғам ұсынған жұмысты істеуден бас тартуы немесе Қоғам ұсынған мамандық бойынша жұмыс істеуден бас тартуы;

  4. оқуды аяқтағаннан кейін шетелде тұруға рұқсат алуы, басқа мемлекеттің азаматтығын алуы себепті және басқа жағдайларға байланысты Студенттің Қазақстан Республикасына қайтпауы;

  5. Студенттің бір оқу түрінен басқа бір оқу түріне, бір мамандықтан екінші бір мамандыққа Қоғаммен келісусіз ауысуы;

4) Қоғамның немесе студенттің бастамасымен студенттің кінәлі болуы;

5) мшартта қарастырылған басқа жағдайларда.

Қолданыстағы оқу шарттарын бұзу туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия хабарламаны филиалдарға жібереді, олар жоғарыда аталған шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізеді.

4.4.4 Студентпен оқу шарты бұзылған жағдайда, сонымен қатар оқу шарттарына білім беру ұйымының атауына, мамандыққа, оқу мерзіміне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, келісімдер Қоғам Басқармасының қарауына шығарылмай жасалады.

4.4.5 ҚБДД қазақстандық мамандарды оқытуға және дайындауға ақы төлеуге бөлінетін қаражаттың мақсатымен пайдаланылуына бақылауды осы Қағидаларда қарастырылған және жасасқан шарттарда көрсетілген тәртіпте және шарттар бойынша жүзеге асырады, сонымен қатар Қоғам есебінен оқытылып жатқан студенттердің үлгеріміне жыл сайын мониторинг жүргізеді.
4.5 ОҚУЫНА АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ
4.5.1 Қоғамның есебінен оқуына ақы төлеуге Қоғам Басқармасының шешімі мен оқу шарты негіз болып табылады, ақша соларға сәйкес алушының шотына аударылады.

4.5.2 Студенттерді оқытуға ақы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттық міндеттемелерде қарастырылған қаражаттың есебінен және осы Ережеде белгіленген рәсімдерге сәйкес жүргізіледі.

4.5.3 Қоғам оқуға ақыны білім беру ұйымдарының шоттарына немесе студенттердің немесе олардың ата-аналарының/қамқоршыларының жеке шоттарына ақша аудару жолымен ақша аударылған мезеттен бастап үш ай ішінде немесе оқыту шартында көрсетілген мерзімдерде білім беру ұйымына ақшаның аударылғандығын растайтын құжаттардың көшірмесін беру шартымен төлейді.

4.5.3 Студенттің білім беру грантымен оқуға ауысуы жағдайында студент бұл туралы жазбаша түрде Қоғамға хабарлауға және оқу үшін Қоғам аударған игерілмеген ақшалай қаражатты өзара келіскен мерзім ішінде, бірақ білім беру гранты берілген мезеттен бастап үш айдан кешіктірмей, қайтаруға міндетті.



5. САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ
5.1 Оқуға ақы төлеу кезінде салықтар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндетті төлемдер Қоғамның есебінен төленуге жатады.

1-қосымша
Білім беру ұйымының (жоғары оқу орындары, арнайы орта оқу орындары) тізімі
Студенттердің оқуына ақы төлеу басымдылық тәртіппен мына білім беру ұйымдарында (жоғары оқу орындарында, арнайы орта оқу орындарында) жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасы:


Қазақстан-Британия техникалық университеті;

Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

Қазақстан экономика менеджменті және болжау институты;

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті;

Атыраудың мұнай және газ институты;

Алматының энергетика және байланыс институты;

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

Қазақ гуманитарлық-заң университеті;

Атырау политехникалық колледжі;

О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзеннің мұнай және газ колледжі;

Жаңаөзеннің политехникалық колледжі;

Шетелдік жоғары оқу орындары:


И.М. Губкин атындағы Мемлекеттік мұнай және газ академиясы (Ресей Федерациясы);

Уфаның мемлекеттік мұнай-техникалық университеті (Ресей Федерациясы).

Басқарманың шешімі бойынша басқа білім беру ұйымдары (жоғары оқу орындары, арнайы орта оқу орындары).

2-қосымша

Оқуына ақы төлеу үшін студенттер тапсыратын құжаттардың тізбесі
1. Конкурсқа қатысу үшін бірінші жыл оқитын студенттер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдері ішінде мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Бас директордың (Басқарма төрағасының) атына жазылған оқуға ақы төлеу мүмкіндігі жөніндегі өтініш (4-қосымша);

2) жеке куәлігінің көшірмесі үш данада, жеке бірегейлендіру номерін көрсетумен (ЖБН);

3) салық төлеушіні тіркеу номерінің көшірмесі (СТН) – үш данада;

4) туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5) жалпы орта білім туралы аттестатының көшірмесі;

6) ҰБТ өткендігі туралы барлық пәндер бойынша нәтижелері көрсетілген сертификат көшірмесі;

7) негізгі орта білімі туралы диплом/куәліктің көшірмесі (студент ЖОО-на арнайы орта оқу орнынан/немесе арнайы орта оқу орнына 9-шы сыныптан кейін түсетін жағдайда);

8) студент пен білім беру ұйымының арасындағы шарттың көшірмесі мамандығын, оқу мерзімін, ағымдағы оқу жылына оқу бағасын және оқу орнының банктік деректемелерін көрсете отырып;

9) сәйкесті оқу жылына оқу ақысын төлеуге шоттың немесе оқудың бағасын растайтын кез келген құжат;

10) таяу және алыстағы шетелдердегі білім беру ұйымдарында оқитын кандидаттар үшін төлем карточкасының (теңгеде) көшірмесі банктің ресми хаты мен оның үміткерлерге арналған деректемелерді тіркеумен;

11) отбасының құрамы туралы анықтама;

12) ҚР азаматтарын тіркеу кітабының көшірмесі (тұрған жерінен анықтама);

13) ата-анасының орташа айлық жалақысы туралы анықтама;

14) бар болса - байқауларға, олимпиадаларға және т.б. қатысқандығы туралы құжаттардың көшірмесі.

2. Конкурсқа қатысу үшін екінші және одан кейінгі курс студенттері құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Бас директордың (Басқарма төрағасының) атына оқуға ақы төлеу мүмкіндігі жөніндегі өтініш (4-қосымша);

2) жеке куәлігінің көшірмесі бір данада, жеке бірігейлендіру нөмірін көрсетумен (ЖБН);

3) салық төлеушіні тіркеу номерінің көшірмесі (СТН) – бір данада;

4) білім беру ұйымының оқу бөлімі куәландырған сынақ кітапшасының көшірмесі немесе транскрипт түпнұсқасы;

5) сәйкесті оқу жылына оқу ақысын төлеуге шот немесе оқу бағасын растайтын кез келген құжат;

6) таяу және алыстағы шетелдердегі білім беру ұйымдарында оқитын кандидаттар үшін төлем карточкасының (теңгеде) көшірмесі банктің ресми хаты мен оның үміткерлерге арналған реквизиттерін тіркеумен;

7) ата-анасының орташа айлық жалақысы туралы анықтама;

8) бар болса - байқауларға, олимпиадаларға және т.б. қатысқандығы туралы құжаттардың көшірмесі.

3. Қажет болған жағдайда, Қоғам қандай да бір фактіні (қамқоршылық, жетімдік, мүгедектік, толық емес отбасы және т.б.) растау үшін, сонымен қатар оқуға ақы төлеу кезінде қаржылық операцияларды жүргізу үшін қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.



3-қосымша

Үлгерімді бағалаудың басқа шәкілдерінен үлгерімді

бағалаудың бес балдық шәкіліне ауыстырудың әдістемесі


5 баллдық шәкіл

Кредиттік жүйе

Әріптік жүйе

Пайыздық шәкіл

GPA KIMEP

GPA

5

А, А+

А

100% -95%

4,33– 4,00

4,00-3,68

4.7

А-

-

94% - 90%

3,99-3,67

3,67

4,5

B+

-

89% - 86%

3,66-3,33

3,66-3,33

4,2

B

-

85% - 83%

3,32-3,00

3,32-3,0

4

B-

B

82% - 80%

2,99-2,67

2,9-2,67

3,7

C+

-

79% - 76%

2,66-2,33

2,66-3,33

3,5

C

-

75% - 73%

2,32-2,00

2,31-2,0

3

C-

C, D

72% - 73%

1,99-1,67

1,99-1,67

2

D, F

E

69% - 0%

1,66-0,00

1,66 – 0,00


4-қосымша
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Бас директоры

_____________________________ мырзаға

_____________________________________

__________________________________дан

Т.А.Ә. толығымен

мына мекен-жай бойынша тұратын: ___

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________

(нақты тұратын мекен-жайы)

Менің __________________________________________________________________

(жоо/аооо толық атауы)

________ курс үшін ______________________________________________ мамандығы бойынша оқуыма ақы төлеу мүмкіндігін қарастыруыңызды өтінемін.

Оқу мерзімі _______________________ жыл.

(оқу ұзақтығы)

20___-20___ оқу жылындағы оқу бағасы _________________ _____________________________________________________________________________

(сома санмен және жазбаша

_____________________________________________________________________ құрайды.

шот берілген валютаны көрсету керек)


Өткен оқу жылындағы орташа үлгерім баллы _______ баллды құрайды/бірыңғай ұлттық тестілеудің нәтижесі ____ баллды құрайды.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ есебінен оқуға ақы төлеуге үміткерлерді іріктеу қағидаларымен таныстырылдым және толығымен келісемін.

Студенттің Т.А.Ә. ______________________

Күні ______________________

қолы ______________________

байланыс деректемелері

(телефондары, электрондық адрес)

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________


5-қосымша

Оқыту шарты
Астана қ. «___»___________20___ жыл

Бірге Тараптар, ал жекелеме Тарап деп аталатын, ___________________________ сенімхаттың негізінде іс-әрекет ететін ___________________________________________________ тұрғысында бұдан әрі Қоғам деп аталатын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы бір жағынан және бұдан әрі Студент деп аталатын _________________________________________________________________________,

(студенттің тегі, аты, әкесінің аты)
жеке куәлігінің № ____________, _______________«___» ________ ж. берілген, ЖБН _____________________________________ СТН ____________________ екінші жағынан мына төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
1.1. Қоғам басқармасының шешіміне сәйкес (хаттама № ______ «___» ___________________ 20___ жыл), Қоғам Студенттің _____________________________________________________________________________

(жоо, аооо атауы)

(бұдан әрі – білім беру ұйымы) «___________________________________» мамандығы бойынша 20___ -20___ оқу жылына оқуына ақы төлеуге міндеттенеді, ал Студент осы Шарттың талаптарын орындауға міндетті.

1.2. Студентті оқыту _____________ 20___ жылы басталады және ____________20___ жылы аяқталады.


1.3. Студент Шарттың 2.4-тармағының талаптарын сақтауы шартымен, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес қазақстандық мамандарды даярлауға бөлінетін тиісті жылға арналған қаражаттың бар болуы жағдайында, Студент пен білім беру ұйымының арасындағы тиісті оқу жылына арналған шарттың және/немесе Студент ұсынған білім беру ұйымының оқуға төлем төлеу шотының/шот-фактурасының негізінде Қоғам Студентке 20___-20___оқу жылында оқуы үшін __________________________________________________________________ сомада ақы (сома цифрмен және жақшада сөзбен),

төлеуге міндеттенеді.


2. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері
2.1. Қоғам:

2.1.1. Студенттен осы келісімшарт бойынша міндеттемелердің барлығының дұрыс орындалуын талап етуге;

2.1.2. Студенттен білім беру ұйымының шот-фактурасын немесе тиісті оқу жылы оқу бағасын растайтын басқа да құжатты оқу ақысын төлеу үшін талап етуге;

2.1.3. Мына жағдайларда Студентті алдын ала хабардар етусіз осы Шартты біржақты тәртіпте бұзуға және Суденттен оны оқытуға бойланысты шығындарды өтеуді талап етуге:

1) осы Шарттың 2.4-тармағында көрсетілген шарттарын Студент орындамаса;

2) оқу дәлелсіз себептермен тоқтатылса;

3) Студенттің кінәсі бойынша ол білім беру ұйымынан шығарылса;

4) Студенттің академиялық үлгермеуі себепті ол білім беру ұйымынан шығарылса;

5) Студент білім беру ұйымының ережелерін бұзғаны үшін оқудан шығарылса;


  1. Студент оқуын аяқтағаннан кейін Шартта көрсетілген мерзім бойы Қоғам ұсынған жұмысты істеуден жалтаруы немесе Қоғам ұсынған мамандығы бойынша лауазымда жұмыс істеуден бас тартуы;

  2. Студенттің Қазақстан Республикасына оқуды аяқтағаннан кейін шетелде тұруға рұқсат алуы, басқа мемлекеттің азаматтығын алуы себепті және басқа жағдайларға байланысты қайтпауы;

  3. Студенттің бір оқу түрінен екінші бір оқу түріне, бір мамандықтан екінші бір мамандыққа Қоғаммен келіспей ауысуы кезінде;

9) тиісті қаржы жылында Студенттің оқуын қаржыландыруға қаражаттың болмауы.

2.1.4. Білім беру ұйымында оқуды бітіргеннен кейін Студентпен алған мамандығы бойынша Қоғам белгілеген мерзімге еңбек шартын жасасуға құқылы.

2.2. Осы Шарттың 2.4-тармағында көрсетілген шарттарды Студент орындаған жағдайда, Қоғам осы Келісімшарттың 1.3-тармағына сәйкес Студенттің оқуына ақы төлеуге міндеттетенеді.

2.3. Студент:

2.3.1. Қоғамнан білім беру ұйымында оқуына осы Шарттың талаптарына сәйкес ақы төлеуін талап етуге құқылы.

2.4. Студент:

2.4.1. білім беру ұйымының студенттерге қоятын талаптарын орындауға:

2.4.2. Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес болуға;

2.4.3. Білім беру ұйымында оқу нәтижесін растау ретінде оқу жылы аяқталғаннан кейін (жазғы оқу сессиясы аяқталған соң), бірақ ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей, Қоғамға білім беру ұйымының оқу бөлімі куәландырған сынақ кітапшасының көшірмесін немесе транскрипттік түпнұсқасын беруге;

2.4.4. оқуды уақытша тоқтатуды талап ететін дәлелді себептер (дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасымен расталған Студенттің науқастануы, ата-анасының, қамқоршысының қайтыс болуы және т.б.) пайда болған жағдайда оқуды тоқтатқаннан кейінгі 10 күннен кешіктірмей Қоғамға бұл туралы хабарлауға;

2.4.5. оқуға ақы төлеуге құжаттарды уақытылы беруге;

2.4.6. оқуды аяқтағаннан кейін Қоғамнан ұсыныс түскен жағдайда Қоғаммен және/немесе оның еншілес/тәуелді ұйымдарымен еңбек шартын жасасуға және Қоғамды немесе оның еншілес/тәуелді ұйымдарында олар белгілеген мерзімде жұмыс істеуге;

2.4.7. осы келісімшарт Шарттың 2-тарауының 2.1-тармағының 2.1.3-тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша, сонымен қатар осы Шартпен белгіленген мерзімге дейін Студенттің бастамасымен немесе Қоғамның бастамасымен Студенттің кінәсі салдарынан бұзылған жағдайда, Студент Қоғамға оны оқытуға байланысты шығындарды Шарт бұзылғаннан кейінгі 3 (үш) ай ішінде өтеуге;

2.4.8. Қоғаммен бір оқу түрінен екінші оқу түріне, бір мамандықтан екіншісіне ауысуды келісуге. Нәтижесінде тиісті оқу жылындағы оқыту сомасы Қоғам басқармасының шешіміне сәйкес Студенттің оқуына төлеуге бөлінген сомадан асатын ауысу туралы Қоғамның келісімі алынған жағдайда, Студент білім беру ұйымына пайда болған айырманы өз есебінен төлеуге;

2.4.9. Студент білім беру гранты бойынша оқуға ауысқан жағдайда бұл жөнінде Қоғамды хабардар етуге және осы Шарт бойынша оқу үшін Қоғам аударған игерілмеген ақшалай қаражатты өзара келіскен мерзімде, алайда басқа білім беру грантын иеленгеннен кейінгі үш айдан кешіктірмей қайтаруға;

2.4.10 оқудың ақысы Студенттің /ата-анасының карт-шотына аудару жолымен төленген жағдайда, Студент ақша аударылған мезеттен бастап екі айдың ішінде білім беру ұйымына ақшалай қаражаттың аударылғандығы жөнінде растайтын құжаттарды беруге міндетті.


3. Есеп айырысудың тәртібі
3.1. Қоғам Студентке оқу ақысын Студент пен білім беру ұйымының арасындағы шартты немесе шот фактураны/фактураларды немесе тиісті оқу жылына оқу ақысының бағасын және Студенттің осы Шарттың 2.4-тармағын дұрыс орындайтындығын растайтын білім беру ұйымының кез келген басқа ресми құжатын Студент берген жағдайда төлейді.

3.2. Оқуға ақы ақшалай қаражатты білім беру ұйымына не болмаса Студенттің/Студенттің ата-анасының шот-картасына аудару жолымен төленеді.

3.3. Салықтар және басқа міндетті төлемдер Қоғам қаражатының есебінен есептеледі және жүргізіледі.

3.4. Оқу бағасы шетелдік валютада көрсетілген жағдайда, оқуға ақы төлеу Қазақстан Рсепубликасының Ұлттық Банкінің ақша аудару мезетіндегі курсы бойынша теңгемен жүргізіледі.


4. Жеңуге болмайтын күш жағдайлары
4.1. Егер міндеттемелер Шарт жасалғаннан кейін туындаған, Тараптар алдын ала болжай алмайтын және тоқтата алмайтын, Шарт бойынша міндеттетемелердің орындалу мүмкіндігіне тікелей әсер ететін жеңуге болмайтын күштің салдарынан орындалмаса, Тараптар Шарт бойынша міндеттетемелердің жартылай немесе толық орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатылады.

4.2. Жеңуге болмайтын күштің туындағанына сілтеме жасайтын Тарап жеңуге болмайтын күш жағдайы туындаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарлуға міндетті. Қарсы тұруға болмайтын күштер туындаған кезде жеңуге болмайтын күштің туындағанына сілтеме жасайтын Тарап жеңуге болмайтын күштің туындағанын растайтын құзыретті орган берген құжатты көрсетуі тиіс.

4.3. Тарап жеңуге болмайтын күш тоқтаған күннен бастап 3 күнтізбелік күннің ішінде жеңуге болмайтын күштің тоқтағаны туралы жазбаша түрде хабарлуға міндетті, мұнда осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі жеңуге болмайтын күш жағдайының әрекеті мерзіміне сәйкес ұзартылады.


5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың орындамауы немесе дұрыс орындамауы үшін Тараптар Қазақстан Рсепубликсының қолдананыстағы заңнамасына және осы Шартқа сәйкес жауапкершілікте болады.

5.2. Осы Шарттың 2.4-тармағының 2.4.7-тармақшасында көрсетілген мерзімде Студентті оқытуға жұмсалған шығындардың уақытында өтелмегендігі үшін Студент Қоғамға осы шығындардың 0,1 пайызы мөлшерінде әрбір кешіктірілген күн үшін тұрақсыздық (пеня) төлейді.


6. Қорытынды ережелер
6.1. Осы Шарт оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Тараптардың осы Шартта көрсетілген міндеттемелерінің барлығы толық орындалғанға дейін күшінде болады.

6.2. Осы Шартқа өзгерістердің/толықтырулардың барлығы олар жазбаша түрде жасалған және Тараптардың қолдары қойылған жағдайда ғана күшіне енеді.

6.3. Студентпен жасалған оқу шарты бұзылған жағдайда, сонымен қатар Шартқа білім беру ұйымының атауына, мамандыққа, оқу мерзіміне қатысты өзгерістер енгізілген кезде келісімдер Қоғам басқармасының қарауына шығарусыз жасалады.

6.4. Тараптардың арасында осы Шарттан туындаған немесе оған байланысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптардың келісімімен шешіледі.

Келісуге қол жеткізілмеген жағдайда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген сот тәртібімен Астана қаласында қаралады.

6.5. Осы Шарт Тараптардың әр қайсысы үшін бір-бір данадан бірдей заң күші бар қазақ және орыс тіліндегі екі данада жасалды.


7. Тараптардың мекен-жайы, деректемелері және қолдары



«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы»

________________________________

(ұйымның мекен-жайы)

СТН ____________________

________________________________

________________________________

(банктің атауы)

ИИК ___________________________

БИК ___________________________
________________________________

______________________________________


________________ /_______________/

(қолы) (тегі, инициалдары)





Жеке куәлік № ______________ ___________________________ берілген ______________________________ жылы,

______________________________________

(үйінің мекен-жайы және телефондарының №)
ИИН _________________________________

СТН _________________________________

ӘИК _________________________________


________________ /___________________/

(қолы) (тегі, инициалдары)






6-қосымша
Келісу парағы



Лауазымы

Т.А.Ә.

Қолы

Күні

Ескерту



































































7-қосымша
Танысу парағы


Реттік №

Т.А.Ә.

Лауазымы

Күні

Қолы

Ескерту

1

2

3

4

5

6


































































































































































































































































































































































































































































































































































































8-қосымша
Тарату парағы


Реттік №

Т.А.Ә.

Лауазымы

Күні

Қолы

Ескерту

1

2

3

4

5

6







































































































































































































































































































































































































































































































































































































©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет