ҚазҰУ түлектерінің өз қауымдастығы бар



жүктеу 16.66 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі16.66 Kb.
: content -> files -> pages -> folder146
folder146 -> Выпускники – родному университету
folder146 -> Үш рет әлемдік жаңалық ашқан қазақ ғалымы Хабибулла Оспанов кезекті алтын медальмен марапатталды
folder146 -> Ертай Ашықбаев, «Журфактың студенттері»
folder146 -> Өмір мен өлең Каз гу-дің Қалашығы эссе Алматы, Каз гу, Алмабек
folder146 -> «Дала мен қала» газеті 14 қыркүйек 2009 ж. Қансейіт Әбдезұлы
folder146 -> Егемен Қазақстан газеті №325-326 (25723) 03 Қазан сенбі 2009 жыл alma mater
folder146 -> Альма-матер: встреча поколений Казну собрал выпускников Торжественная и красочная, богатая разнообразными мероприятиями – именно такая встреча выпускников состоялась в Казахском национальном университете им
folder146 -> «Ана тілі» газеті Өмір мен өлең аудитория эссе
folder146 -> «Егемен Қазақстан» газеті №333 (25730) 10 Қазан сенбі 2009 жыл
folder146 -> Қарашаңырақта қос студия ашылды
«Егемен Қазақстан» газеті

ҚазҰУ түлектерінің өз қауымдастығы бар
Кеше ҚазҰУ түлектер қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Қайрат Мәмидің басқаруымен қауымдастық төралқасының алғашқы отырысы өтті. Жиналыс алдында университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов Қайрат Мәмиге еліміздегі ең ірі оқу орнының түлектер қауымдастығының «1 нөмірлі» президенті куәлігін ресми түрде табыс етті.

Осыдан бірнеше күн бұрын ғана ҚазҰУ түлектерінің мерейтойлық кездесуінде қауымдастықтың төралқасы мен президенті сайланған болатын. Қайрат Мәми төралқаның Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Кенжеғали Сағадиев, Игорь Рогов, Ақмарал Арыстанбекова, Өмірзақ Айтбай, Жұмабек Кенжалин, Сауытбек Абдрахманов, Александр Тараков және басқа да белгілі қайраткерлер енген салмақты құрамын көріп, қауымдастықтың ірі көлемдегі жұмыстарды дереу әрі дамылсыз бастап кетуге мүмкіндігі барын айтты.

Алғашқы жиналыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес ҚазҰУ-ды әлемдік бәсекеге қабілетті ортаға және әлемдік рейтингке кіру жолында Қауымдастық алдындағы мақсаттар мен міндеттерді талқылауға арналды.

ҚазҰУ түлектер қауымдастығының президенті әріптестері алдында нақты міндеттерді қойды. Ең басты мәселе – түлектерді жұмыспен қамту. Қайрат Мәми бірде-бір түлек қауымдастық назарынан тыс қалмауы керектігін, Жоғарғы Сот Төрағасы кезіндегі 100 заңгер түлекті жұмыспен қамту бастамасын жалғастыратынын, сонымен қоса мұндай шараны барлық факультеттерде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов Елбасының тапсырмасына сәйкес университетте халықаралық деңгейге көтеру керектігін айтты. Өйткені бүгінде ҚазҰУ түлектері жақын және алыс шет ел компанияларында, жетекші оқу орындарында жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар академик Өмірзақ Айтбай қазақстандық білім беру саласын мойындату үшін, университеттің үздік түлектерін кеңінен насихаттау қажет деп есептейді. Осы ойды жалғаған Алматы технологиялық университетінің ректоры Құралбек Құлажанов Қазақ ұлттық университетінің ірі ғалымдары мен қайраткерлерінің атаулы стипендиясын тағайындау керек дегенді қозғады.

Алғашқы жиынның қорытындысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер қауымдастығының 10 атаулы стипендиясын тағайындаумен шығарылды.


«Егемен ақпарат».



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет