Б. А. Исмаханбетова



жүктеу 71.24 Kb.
Дата29.04.2016
өлшемі71.24 Kb.
: books -> files
files -> ТҮркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер түркістан-2007 Редакциялық алқа
files -> Становление европейской науки
files -> Балуан баба аннотация халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры»
files -> Ббк қ Редакция алқасы

А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013

ӘОЖ 155.412: 4



Б.А.ИСМАХАНБЕТОВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы


АНОРЕКСИЯ: ОНЫҢ АДАМ ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ
Анорексия адамның психикасына қатты әсер ететін ауру. Ол көбінесе тамақтың асқазанда дұрыс қорытылмауы салдарынан пайда болады. Оның басты белгісі – баланың тамаққа деген тәбетінің қашуы. Күнделікті тұрмыста дұрыс тамақтануға немқұрайды қарап, тиісті көңілдің бөлінбеуі біртіндеп келеңсіз жағдайға алып келеді. Және ең қауіптісі оның бала психологиясына, оның ойдағыдай өсіп-жетілуіне кері ықпалын тигізуінде болып тұр. Бұл мақалада осы аурудың алдын-алу үшін жеткіншектің күн сайынғы өміріне қолайлы жағдай жасау, оның тамақтану рационына көп болып көңіл бөлу мәселелері қарастырылған.
Кілт сөздер: адам психикасы, аутодеструктивті мінез-құлық, анорексия, тәбетсіздік, тазалау, шектеу.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту - қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғалымдардың коммерциялық желілерге шығуы» - деп атап көрсетілген. Мұның тиімді шешімі мемлекеттік деңгейдегі ресми құжаттарда қарастырылды: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007 ж.), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазіргі таңда аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында  мектепте жүйелі жұмыстар жүргізіледі.  Оқу жылының басында қиын оқушылар тізімі анықталып, олармен жүргізілетін  жұмыс жоспарлары құрылады. Жоспар бойынша оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіруге арналған түзету жұмыстары жүргізіледі, жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, зерттеу қорытындылары бойынша түзету жұмыстары жүргізіледі. Соның ішінде жасөспірімдер арасында алаңдататын мәселелердің бірі – Анорексия [1].

Анорексия - ағзаның тағамдық орталығы қызметінің бұзылуы салдарынан тамақтануға физиологиялық қажеттілік бола тұра тәбеттің болмауы.




А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013

Қазіргі өмір сүру ағымы мен образы адамдардың сыртқы көрінісіне өте жоғары талап қойып отыр. Соның ішінде әрине, әйелдердің сыртқы келбетіне көбірек көңіл бөлетіні анықталған. Әйелдердің өзі де бұл жағдайға аса мән бере қарайды және өз бойынан, сыртқы көрінісінен мүмкін еместі қалайды. Қазіргі кездегі әдеміліктің этолоны керемет фигура болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес: журналдардағы суреттер, көгілдір экрандағы көрсетілімдер, ғаламтордағы жүгіртпелер жан­жағымыздан қоршап алған. Онымен қоса сәнгерлердің өмір сүру образы мен арықтығы әйелдердің қызығушылығын арттырады. Осының барлығы дәрігерлердің анорексия деп атайтын ауруының алғашқы қадамы: оның белгілері алғашқыда қарапайым азатын әйелдердің мінез­құлқымен бірдей болып көрінеді.

Өкінішке орай, табиғаттың өзі кейбір әйелдерді осы ойлап тапқан стандартқа сай етіп жаратқан. Соның салдарынан көптеген нәзік жанды арулар үнемі артық килограммен, сантиметрлермен, денедегі буылтықтармен ерлікпен күресіп жатады. Азу үшін аштық, дәрі­дәрмектер, аздыратын шәйлер пайдаланады. Бұның ақыры өкінішке әкеліп соқтыратынын ол кезде ойламайды да.

Әңгіме мектептік үлкен жүктемеде, тамақтану мәдениеті болмағанда, әр түрлі және қолжетімді фас-фудтардың көптігінде және т.б. барысында оқушылардың дұрыс, үйлесімді тамақтануы, төңірегінде болды. Азық-түлікпен адамдар тамақтанады, олар денсаулыққа тікелей әсер етеді. Дұрыс тағамдармен тамақтану арқылы адамдар көптеген ауруларды болдырмаулары және дендері сау болып өмірлерін ұзартулары мүмкін. Дұрыс тамақтану тек қана денсаулыққа әсер етпейді, ол сыртқы келбетке де – сымбатқа, теріге, шашқа, оның көңіл-күйіне, энергиясына, жұмыс істеу қабілетіне, өмір сүру сапасына әсер етеді. Дұрыс тамақтану ағзаның тозуын төмендетеді. Бала және жасөспірім кезде дұрыс тамақтану есейгенде денсаулыққа ықпал етеді, дәл осылай жаңа туған сәбидің денсаулығы жүктілік кезіндегі анасының тамақтануына байланысты. Тамақтану туралы ғылым бір орында тұрған жоқ, соңғы он жылдықта бұл мәселеге адамдар өте үйлесімді қарай бастады. Біз барлығымыз дұрыс тамақтануды және салауатты өмір салтын ұстануды ниет етеміз.

Бірақ көбі аталған ниет, мақсатқа дұрыс жетудің жолын біле бермейді, ал ол қайтарылмас нәтижеге алып келуі мүмкін. Дұрыс тамақтанбаудың ең күрделі бұзылуларының бірі анорексия болып табылады.

Қазіргі сәнді медиамәдениет өкілдері бекітіп жатыр. Жас қыздар оларға киім, келбет жағынан ұқсағылары келеді, тіпті олардың сыртқы келбеті және өздерін ұстаулары мамандармен жасалған образ екендігін ойланбайды да. Қыздар әсіресе жасөсіпірім жастар сол жаққа, фотошоп, дефилеге түскісі келеді, олар ойлайды егер олар өте арық, аяқтары ұзын болса оларды сәттіліктер ғана күтіп тұр деген пікірде. Ең басты мақсат – тез жүдеу. Бұл ретте өте ауыр ауру Анорексия пайда болады. Неліктен ауыр және неліктен ауру? Бұл өте қарапайым.



А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013

Анорексия – бұл артық дене салмағын жинап алуға қорқыныш тудыратын  психиканың ауруы. Аталған психологиялық ауытқудың белгілері: ұйқының бұзылуы, салмақтың тез түсуі, аппетиттің төмендеуі, қалыпты нормаланған салмақты қаламау, күйзеліс; кейін бұлшық ет ауруы, жүйкенің тозуы, шашытың түсуі, ағза оған қажетті кальциді алмайды. Қыздарда етеккір айналымы бұзылады, ерлерде (18 аурудың ішінде – біреуі еркек) сексуалды салада проблемалар, бұл психикалық ауру, артық салмақ жинаймын деген даурықпа қорқыныш.

Анорексияның пайда болу белгілері. Елімізде анорексияға 14-20 жас аралығындағы қыздар көп шалдығады Дәрігерлердің айтуынша, анорексиядан әлем бойынша жыл сайын мың адам көз жұмады екен. Бұл дертке көбінесе артық дене салмағын жинауға қорқатын, психологиялық ауытқушылығы бар адамдар шалдығатын көрінеді [2].

Елімізде аталған індетпен 14-20 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың ауыратындығы байқалған. Соңғы жылдары 40-тан асқан әйелдер де осы ауруға бой алдырыпты.

Өзін-өзі семіз сезінген Айжан диетаның көп түрін қолданған. Артық дене салмағынан арылуға көмектесетін дәрілер ішкен. Тез жүдеп, әдеттегі салмағынан арыла бастағанымен, сыртқы келбетіне көңілі толмаған. Одан кейін тағамға деген тәбеті қашып, асқазаны сыр беріпті.

Анорексия салмақты тастауға деген құштарлық және семіріп кету қорқынышынан туған психологиялық ауру.Анорексиямен ауыратын аурулар негізінде салмақ тастаудың екі жолын таңдайды:

1. Шектеу. Салмақ тастау үшін, қабылдайтын тамақтың көлемін қатаң диета арқылы төмендету, күнде шектен тыс спортпен шұғылдану жолымен.

2. Тазалау. Барлық процедураларды пайдалану жолымен: асқазанды жуу, клизма жасау т.б. арқылы.

Анорексияның қандай белгілері болады?

Анорексияның негізгі белгілеріне жататындар: Салмақ тастау; Толып кетуге деген даурықпа қорқыныш; Қаншалықты төмен болса да салмақтың түсуін тоқтатпау; Денесінің белгілі бір бөліктерінен үнемі толықтықты сезіну; Тамақтану тәсілі: түрегеліп тұрып тамақтану, тамақты майда бөліктерге бөліп жеу; Ұйқының бөлінуі; Тамақтануда, ашыққанда үнемі өзін кінәлі санау; Депрессия, көпшіліктен бойын аулақ салу.

Бұл аурудың адам ағзасына тигізетін әсері, белгілі бір деңгейде адамның физиологиялық жағдайының бұзылуы, терінің бозаруы, салқындықты сезінуі, етеккір циклының бұзылуы, артимия, үнемі әлсіздікті сезіну, сіңірдің тартылуы. Сонымен қатар жоғары деңгейде тітіркену, себепсіз ашулану, басқаларға реніште жүру.

Анорексиядан емделу жолдары

Бұл ауруды жазуға болады, бірақ ол үшін туыстардың және жақындардың қолдауы қажет. Дәрігерлер ақырындап тағамның үлесін арттыруды ұсынады. Бірақ кей кезде зорлап тамақтандыру қажеттілігі туады. Психотерапия цейанстары кезінде (жеке, топ, отбасылық) салмақты түсіруге


А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №1, 2013

ықпал еткен уәжді анықтау қажет. Өкінішке орай, көбінесе анорексия соңына дейін жазылмайды. Егер толық емделмесе аталған ауру, онда өлімге алып келуі мүмкін (өлімнің 5% осы аурудың салдарынан болады) [3].

Осылайша, жас қыздарға сәнді диеталармен мүлдем қызығуға болмайды, олар психологиялық ауруларға дейін алып келеді, яғни тікелей дәрігерлік араласуға алып келеді. Тіпті ең пайдалы әрі тиімді диетаның өзі бекітілген уақытқа дейін ғана ұсталуы тиіс және қаралып жүрген дәрігермен келіспей оның уақытын созуға болмайды. Ара-тұра дәрігеріңізден кеңес алып тұрыңыз, ол Сізге денсаулығыңызға зиян келтірмес үшін көмектеседі.

Жүйкелік анорексияның нақты диагнозы, физиологиялық жолмен азудың тежелуі, неврологиялық, гастроэнтрологиялық, эндокринологиялық (гормондық) аурулармен қоса тәбеттің өзгеруіне әкеліп соғуы.

Жүйкелік анорексиямен ауыратындардың туысқандары аурудың алдын алу үшін, олармен дұрыс қарым­қатынас жасай отырып медициналық және психологиялық көмек көрсетулері керек.

Жеке және топтық танымдық-тәртіптік психотерапия өзін-өзі бақылауды үйренуге бағытталған: ойлануға, сезімге, мінезіне және тәбетіне.

Анорексиямен ауыратындарға арналған жаңа диета дозасының колориясы, макронутиенттен, мультивитаминнен, мнералды қоспалардан тұрады.

Оганизмнің қызметінің бұзылуының ең қысқа мерзімдік қалпына келуіне шамада бір айдай уақыт кетеді.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Змановская Е.В. Девиантология. – Москва, 2004. –288 с.

  2. Котляров А.В. Другие наркотики или Homo Addictus: Человек зависимый. –М.: Психотерапия, 2006. – 460 с.

  3. Миллер А. Драма одаренного ребенка и поиск собственного Я. – М.: Академический Проект, 2001. – 144 с.


РЕЗЮМЕ

Анорексия психическое заболевание пищеварительного тракта, то есть отказ от приема пищи при сохранении аппетита под влиянием психопатологических расстройств. В статье рассматриваются вопросы влияния этой болезни в психику человека.



(Исмаханбетова Б.А. Анорексия – его влияние на психику человека)
SUMMARY

Anorexia is a mental disorder of digestive tract, i.e. this is the aversion to food with saving of appetite under the influence of psychopathologic disorders. This article deals with the questions about impact of this illness in mentality of the human being.



(Ismahanbetova B.A. Anorexia, its influence on mentality of the person)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет