Б. А. Рскелдиев 4 30. 09. 2011 ж. №2 басылым орнына енгізіліп отыр



жүктеу 149.62 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі149.62 Kb.
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

УМКД 042-16-13.1.12/01- 2013



ПОӘК

Студенттерге арналған «Циклді қосылыстар»

пәннің бағдарламасы


№ 2 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Циклді қосылыстар»
«5В072100» – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013


1 ӘЗІРЛЕНГЕН


ҚҰРАСТЫРУШЫ « 29 » 08 2012 ж. Дінжұманова Р. Т., химия ғылымдарының кандидаты, доцент‚ «Химия» кафедрасы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Химия кафедрасының отырысында
« 29 » 08 2012 ж., № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі, доцент Яшкарова М.Ғ

2.2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында



« 07 » 09 2012 ж. № 1 хаттама
Төрайымы, доцент Төлеубекова С.С.
2.3 Инженерлік-технологиялық факультеттің Ғылыми кеңесінің отырысында

« 10 » 09 2012 ж. № 1 хаттама
Төрайымы, т.ғ.д. Касенов А.Л.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған


« » 09 2012 ж. № 1 хаттама

ОӘК төрайымы,

бірінші проректор Б.А.Рскелдиев
4 30.09.2011 ж. № 2 басылым орнына енгізіліп отыр

Мазмұны







  1. Жалпы ережелер

  1. Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

  1. Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

  1. Курс форматы

  1. Курс саясаты

  1. Баға қоюдың саясаты


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:

Дінжұманова Раушан Тлеугазиновна, химия ғылымдарының кандидаты‚ доцент

Кафедра Химия

Байланыс ақпараты – тел:35-05-90, оқу ғимараты №9, кабинет № 418

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 403

Берілген пін бойынша кредиттер саны - 3
1.2 Пәннің мазмұнын қысқаша сипаттау:

Органикалық химияны көмірсутектің (СН) құрамына периодтық жүйедегі барлық элементтер кіретін туындылардың химиясы деп қарастырамыз.

Органикалық химия барлық ғылымдармен өзара терең байланысқан: биологиямен, медицинамен, физикамен, ауылшаруашылық ғылымдарымен‚ және одан арығарай дамуы үшін осы ғылымдардың жетулерін кеңінен қолданады‚ ал басқалар үшін – жаңа ғылыми бағыттардың толық жетілдіруіне арналған негізі болып келеді. Бейорганикалық қосылыстарға қарағанда‚ органикалық қосылыстар ерекше қасиеттерге ие, адам және жануарлар ағзасы үшін маңызы зор.

1.3 Пәннің мақсаты:

Циклі қосылыстар пәнің оқу барысында органикалық молекулалардың құрылымы (химиялық, электрондық, кеңістіктік); әртүрлі типті реакциялардың механизмдерін және негізгі заңдылықтарын, органикалық қосылыстардың негізгі кластарының алу тәсілдерін және олардың құрылымы мен қасиеттерінің тәуелді екенін, сонымен қатар экология проблемалары туралы тұтас ұсынуын, табиғат күзеттері және табиғатты орынды қолдануы жайында білім алу тиісті.



Студенттің келесі түсініктерді қабылдауы:

  1. Органикалық қосылыстардың шикізат табиғи қайнарлары және олардың табиғатта таралуы.

  2. Органиқалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасының принциптері.

  3. Органиқалық қосылыстар негізгі кластарының құрылысын. s – және p - байланыстарының табиғатын, гибридтену құбылысын.

  4. Органикалық қосылыстардағы эффекттердің (индуктивті, қосарлану) табиғатын.

  5. Реакциялардың (типі, сатысы, механизмі бойынша) және реагенттердің жіктелуін.

  6. Әртүрлі типті органикалық реакциялардың жүргізуінің негізгі заңдылықтарын.

  7. Органиқалық молекуланың изомериясының барлық түрлерінің табиғатын (құрылымдық, геометриялық цис-, транс-изомерия, оптикалық изомерия, таутомерия).

  8. Органикалық қосылыстардың қасиеттерінің химиялық, электрондық және кеністіктік құрылысына байланысы.

  9. Органикалық қосылыстардың алу әдістері және негізгі кластардың химиялық қасиеттері.

  10. Органикалық қосылыстардың қышқыл – негізгі қасиеттерінің көріну себептері және қышқылдық немесе негіздік мөлшерінің құрылымымен өзара байланысы.

  11. Циклді жүйелердің ароматтық күйінің жағдайлары. Резонанс энергиясы .

  12. Органикалық қосылыстардың бөлек өкілдерінің халық шаруашылығында қолдануы.

  13. Органикалық синтез зертханасында жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техника ережелері.

  14. Органикалық қосылыстарды бөліп алу және тазалау әдістері (экстракция, қайта кристалдау, айыру, айдау).


1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

  • студенттердің дүние танымының дамуына әсер ету ;

  • қоршаған ортаға көзқарастарын қалыптастыру;

  • химиялық құбылыстар арқылы материалдық философияның заңдарын түсіндіру;

  • бір заттың екінші затқа айналу механизмін түсіндіру.

  • органикалық қосылыстар номенклатурасының, жіктелуінің теориялық негіздерін білу

  • органикалық қосылыстардың химиялық табиғатын білу;

  • органикалық қосылыстарды синтездеу әдістерін білу;

  • органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін және құрылыстарын анықтау әдістерін білу.



1.5 Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды :

  • органикалық қосылыстардың жіктелуін;

  • органикалық қосылыстардың теориялық негіздерін;

  • органикалық қосылыстардың кез келген класының жалпы формуласын бейнелеу;

  • органикалық қосылыстардың атауы бойынша құрылыстық формуласын құрастыру және керісінше;

  • электрондық эффектердің әсерінен органикалық молекуладағы электрон тығыздығының таралуын көрсету;

  • химиялық, электрондық және кеңістіктік құрылымы бойынша органикалық қосылыстардың қасиеттерін алдын ала болжау;

  • органикалық заттармен (сұйықтықтар , қатты, жанатын, улы, хош иісті) жұмыс істей алу;

  • химиялық реакциялар теңдеулерін (молекулалық, иондық, ионды-молекулалық, тотығу-тотықсыздану реакцияларының ) құрастыра білуі;

  • негізгі стехиометриялық және фундаментальды заңдарды меңгеруі;

  • зертханалық құрал-жабдықтарды, аспаптарды игеруі;

  • зертханалық тәжірибелерді істей алуы;

  • концентрациялары дәл ерітінділер дайындай білуі;

  • зертханалық тәжірибелер нәтижелерін өңдей білуі, талдай білуі, графиктер мен диаграмалар сала білуі тиіс.


1.6 Курстың пререквизиттері:

Курсты меңгеру үшін студент «Бейорганикалық химия», «Аналитикалық химия», «Физика»‚ «Математика»‚ «Алифатты қатарыныі органикалық химиясы» курстарын терең біілуі қажет.


1.7 Курс постреквизиттері:

1. Көп ядролы ароматты және ароматты емес қосылыстардың химиясы;

2. Гетероциклді қосылыстардың химиясы
2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

1 кесте


т/б


Тақырыб атауы

Сағаттар

Әдебиет

Д

ЗС

ОСӨЖ

СӨЖ

1.

Кіріспе. Органикалық қосылыстардың молекулаларын бейнелеу әдістері молекулалық, құрылымдық және электрондық формулалар. Көміртек қанқасының түрлері ациклді, циклді және гетероциклді қосылыстар.

2

1

3

3




2.

Ациклді қосылыстар. Циклоалкандар. Жіктелуі. Кернеу энергиясы. Кернеу түрлері, циклдердің бөлінуі. Циклопропан, циклобутан, циклопентан, циклогексанның құрылысы. Циклогексанның конформациялық анализі, аксиалды және экваториалды байланыстар. Циклопропан, циклобутан, циклопентан, циклогексан және олардың туындыларын алу әдістері. Циклопропанның химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктер

2

1

3

3




3.

Ароматты қосылыстар. Ароматтылық. Кекуленің формуласы. Бензол құрылысы. Бензол және оның гомологтары.

2

1

3

3




4.

Бензолдың гомологтық қатары. Изомериясы. Номенклатурасы. Аром.қосылыстардың шығу тегі.

2

1

3

3




5.

Ароматты қосылыстарының галоген туындылары. Гомолог қатары. Номенклатурасы. Изомериясы. Синтез тәсілдері. Хим. Қасиеттері. Нуклеофилді орны басу реакциялары. Металлорганикалық қосылыстардың түзілуі, орг. Синтезде олардың қолданылуы. Хлорбензол, бензилхлорид, бензилиденхлорид‚ бензотрихлорид.

2

1

3

3




6.

Сульфо қышқылдар. Номенклатурасы. Изомериясы. Алу әдістері. Сульфирлейтін агенттер. Хим.қасиеттері. Функционалды туындылары: туздар, галогенангидридтер, амидтер, эфирлер. Олардың алынуы, қасиеттері, қолданылуы.

2

1

3

3




7.

Нитроқосылыстар. Номенклатурасы. Изомериясы. Алу әдістері. Хим.қасиеттері. Ароматты қатарының полинитроқосылыстары.

2

1

3

3




8.

Ароматты аминдер. Изомериясы. Номенклатурасы. Алу әдістері. Хим. қасиеттері. Анилин, п-толуидин, N-метиланилин, N,N-диметиланилин, алу әдістері, қолданылуы.

2

1

3

3




9.

Диазо- және азоқосылыстар. Диазоттау реакциялары, механизмі. Құрылысы. Хим. қасиеттері. Азобірігу реакциялары. Азоқосылыстардың маныздылығы. Бояуыштар ұғымы.

2

1

3

3




10

Фенолдар және хинондар. Бір-, екі-, көп атомды фенолдар. Алу әдістері. Хим. қасиеттері. Хинондар. П-бензохинон. Қасиеттері. Таутомериясы. Диендік синтездегі хинондар.

2

1

3

3




11

Альдегидтер және кетондар. Номенклатурасы. Изомериясы. Алу әдістері. Хим.қасиеттері. Бекманның қайта топтасуы, оның механизмі және практикалық манызы.

2

1

3

3




12

Ароматты карбон қышқылдары және олардың туындылары. Номенклатурасы. Изомериясы. Алу әдістері. Хим.қасиеттері. Дикарбон қышқылдары. Оксиқышқылдар.

Аминоқышқылдар: антранил, п-аминобензой. Алу әдістері‚ құрылысы, қасиеттері‚ қолданылуы.

2

1

3

3




13

Полиядерлы ароматты қосылыстар.

2

1

3

3




14

Бес мүшелі гетероциклді қосылыстар

2

1

3

3




15

Алты мүшелі гетероциклді қосылыстар


2

1

3

3







БАРЛЫҒЫ:

30

15

45

45






3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Курсты оқу 4 өзара байланысты оқу түрлерінен тұрады – дәріс, зертханалық сабақ, СОӨЖ және СӨЖ. Осылардың ішінде маңыздысы дәріс болып табылады, себебі онда пәннің маңызды да аса күрделі сұрақтары қарастырылады. Практикалық сабақтар теориялық материалды қамтуды қарастырады. СОӨЖ және СӨЖ күнделікті әрі міндетті дайындық болып табылады, олар нақты тапсырмалар бойынша орындалады және мұғалімнің тұрақты бақылауында болады. Аудиториядан тыс өздік жұмыс оқу әдебиетімен, үй тапсырмасын орындау және ағымдағы зертханалық жұмыстарға дайындық сияқты жұмыстарды қарастырады.


4 КУРС ФОРМАТЫ

Берілген нақты пән бойынша аптасына 2 рет 50 минуттық дәріс, аптасына 1 рет 50 минуттық зертханалық сабақ және аптасына бір рет 50 минуттық СОӨЖ жүргізу қарастырылған.


5 КУРС САЯСАТЫ

Сабаққа қатысу: Дәрістерге, практикалық сабақтар және СОӨЖ қатысу қатаң түрде міндетті болып табылады. Егерде әлдебір себептермен сабаққа қатыса алмасаңыз, сізге барлық босатқан сабақтардағы қабылданбаған материалдар үшін жауапкершілік жүктеледі.

Тәртіп: Сабақ барысында ұдайы тәртіпбұзушылық аудиториядан қуылумен жазаланады және сәйкесінше сабақ босатқаны үшін рейтінгілік бағасы төмендетіледі.

Зертханалық сабақтар: Студент зертханалық сабақтарға зертханалық жұмыстың конспектісі болып, жұмысты орындау барысын және жұмыстың теориялық негіздемесін білген жағдайда ғана жіберіледі. Студент зертханалық жұмыстарды және эксперименттің нәтижелерін өңдеуді өзбетінше орындайды, дайын нәтижелерді қолдануға тыйым салынады. Зертханада студент халатпен жүруге міндетті және қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауы керек.

Межелік аттестация: Межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде СӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптарымен, тестілеу нәтижелерімен және межелік бақылауды ескере қойылады.

Емтихан: Ауызша емтихан немесе компьютерлік тестілеу жүйесі негізінде рұқсат алған барлық студенттерге қорытынды емтихан жүргізіледі. Емтиханның әрбір тест сұрағы 5 жауаптан тұрады, соның ішінде бір дұрыс жауабымен. Тест сұрақтары барлық өткен курс бөлімдері бойынша құрастырылған.

6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ

Апта және бақылау түрлері бойынша балдардың бөлінуі 2-кестеде көрсетілген.

2 кесте


Апта

Бақылау түрі

Балдардың барлығы

Қосымша

1

2

3

4

1-15

Дәріс сабақтарына даярлық және қатысу ( 1 аптадан 7 аптаға дейін)

Дәріс сабақтарына даярлық және қатысу ( 8 аптадан 15 аптаға дейін)




30
30




1-15

Зертханалық жұмыстарды орындау

және қорғау



60 (по 4б на 1 ЛЗ)




1-15

Тақырып бойынша есептерді шығару

150




1-15

Оқытушымен студенттің өздік жұмысы

60




4,7

10,13


Студенттің өздік жұмысы

35+40

35+40






6,14

Межелік бақылау1, 2

60+60







оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

600




Емтихан балдарының барлығы

400




Академиялық мерзімде балдардың барлығы

1000














СОӨЖ және СӨЖ мазмұны

1. Циклоалкендер, циклоалкадиендер, алынуы, қасиеттері, қолданылуы. Декалин, геометриялық изомериясы, конформациясы. Өткізу мезімі - 4 апта

2. Хлорбензол, бензилхлорид, бензилиденхлорид‚ бензотрихлорид, олардың алынуы, қасиеттері, қолданылуы. Өткізу мезімі - 7 апта

3. Ароматты қатарының полинитроқосылытары. Өткізу мезімі - 10 апта

4. Азоқосылыстардың маныздылығы. Бояуыштар ұғымы. Өткізу мезімі - 11 апта

5. Диендік синтездегі хинондар. Өткізу мезімі - 13 апта

6. Аминоқышқылдар: антранил, п-аминобензой. Алу әдістері‚ құрылысы, қасиеттері‚ қолданылуы. Өткізу мезімі - 15 апта

7. Әдебиеттер тізімі:

7.1.Негізгі

8.1.1.В.Ф.Травель. Органическая химия. М.: ИКЦ «Академкнига», 2008. Т.1,2.

8.1.2. В.Л.Белобородов, С.Э.Зурабян, А.П.Лузин, Н.А.Тюкавкина. Органическая химия. М.: Дрофа, 2008. Кн.1: Основной курс.-638 с.

8.1.3. В.Л.Белобородов, С.Э.Зурабян, А.П.Лузин, Н.А.Тюкавкина. Органическая химия. М.: Дрофа, 2009. Кн.2: Специальный курс.-592 с.


7.2.Қосмша

8.2.1.В.А. Смит, А.Д.Дильман. Основы современного органического синтеза. М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009.- 750 с.

8.2.2. Дж. ДЖоулб, К. Миллс. Химия гетероциклических соединений. М.: Мир, 2009.- 728 с. (Лучший зарубежный учебник).







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет