B бөлімі 3 -тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



Дата19.10.2019
өлшемі125.29 Kb.

Ескалиева Зухра Сансызбаевна Тыңдаушының портфолиосы В бөлімі

Атырау қ. «ПШО» ЖМ филиалы «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу

және сараптау» бойынша курстар


B бөлімі

3 -тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Ұзақтығы: 40 минут

Тыңдалым – 8 минут

Оқылым – 12 минут

Жазылым – 20 минут

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)

Балл саны: 30

Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар



Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады.Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент – айтылым дағдыларын тексеруге арналған.



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма-лар түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы

Орындау уақыты

Балл

Тыңдалым

1 – 4

Оқылым

1 – 5


Жазылым

Айтылым


5.1.6.1. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру;

Көп таңауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 140-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді 2рет тыңдайды. (аудио құралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді.

Екінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай келетін екі ақпаратты белгілейді.

Үшінші, төртінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға сөйлеммен жауап береді.

Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алуын бағалайды.



8

5

5.3.1.1.Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау;

Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 140-160 сөзден тұратын мәтінді оқиды.

Бірінші, екінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға 1 сөйлемнен жауап жазады.

Үшінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді.

Төртінші тапсырмада берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазады.

Бесінші тапсырмада мәтіндегі оқиғалардың ретін сандармен көрсетеді. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты анықтай алуын бағалайды.


12

5

5.4.3.1.Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу;

5.5.1.6.Мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану;

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Компьютердің пайдасы мен зияны тақырыбында 60-80 сөзден тұратын эссе жазады.

Мәтін мазмұнында білім алушының мезгіл және мекен үстеулерін қолдануы тиіс. Жазылым жұмысында эссе құрылымын сақтауы, мезгіл және мекен үстеулерін қатыстырып сипаттау, бейнелеуді дұрыс қолдануы, тақырыпқа қатысты лексикалық минимумды қолдануы бағаланады.




20


10

5.2.6.1.Тірек сөздерді қолданып,иллюстрацияларды сипаттау;

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Білім алушыларға бөлімдердің әрқайсысына қатысты иллюстрациялық суреттер беріледі (суреттер мен тірек сөздер әр бөлімге дайындалу керек). Мұғалім білім алушының суреттерді сипаттауда тірек сөздерді дұрыс қолдануын бағалайды.

Тыңдалым сабақтан тыс,қосымша уақытта өткізіледі(әр білім алушыға 2минут беріледі)

10













40 минут

30

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3 -тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық – табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті өмірде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ,өзіміз білетін дәрі –дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?

Ең алдымен,спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс.Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар.Әсіресе, жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себепкер болып табылады.Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы – адамның рухы мен ұрпағын жояды», - деген болатын.

Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе, жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу – денсаулықты жақсартады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе,таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

(testent.ru,өңделген)



1. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады ма?

A) Жүгіруге болмайды

B) Майлы тамақтарды көп жеуге болмайды

C) Көкөністерді жеуге болмайды

D) Серуендеуге болмайды

[1]


2. Мәтін бойынша Шын (+) / Жалған (-) тасырмасын орындаңыз.

ж/р

Сөйлемдер

Шын

Жалған

А

Денсаулық – табиғаттың ең қымбат сыйы.







В

Сүт,көкөніс тамақтарын пайдаланған дұрыс емес.







С

Таза ауада серуендеуге болады.







[2]
3. Кез келген аурудың алдын алуға бола ма?

____________________________________________________________________

[1]

4. Дұрыс тамақтанудың маңызы қандай ?

____________________________________________________________________

[1]

Оқылым

Мәтінді мұқият оқып,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Болашақтың қаласы – Астана

Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып,бас-аяғы төрт – бес жылда да астана салған мемлекет болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік.

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, маңдайға біткен бақ емес пе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі – Астанамызды да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала – жас қаламыз – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.

(www.zharar.com өңделген)

1.Қазақ елі болашағының қаласы қалай аталады ?

__________________________________________________________________

[1]

2.Болашаққа бастайтын бас қала қандай ордаға айналды?

А) ғылым ордасы

В) өркениетті орда

С) әлемдік орда

D) тарихи орда 1]

3.Не себепті бойды азаматтық сезім билейді?

____________________________________________________________________

[1]

4. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз.



Байрақ - __________________

Болашақ - _________________ [1]



5. Мәтіндегі сөйлемдерді ретімен орналастырыңыз.

Сөйлемдер

Реті

Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді.




Астана – Қазақ елі болашағының қаласы.




Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік.




Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы.




[1]

Жазылым

«Компьютердің пайдасы мен зияны»тақырыбында эссе жазыңыз. Жазылым жұмысында мезгіл және мекен үстеулерін қолданыңыз (60 – 80 сөз).



________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

[10]


Айтылым

Берілген суреттерді пайдаланып, «Компьютердің тиімділігін» тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут).



Тірек сөздер: электронды оқулық, техникалық қауіпсіздік, ақпарат, маңызды роль,компьютерді меңгеру.

[10]

Балл қою кестесі

Тыңдалым, оқылым

Дағды

Жауап

Балл

Жалпы

балл

Қосымша

ақпарат

Тыңдалым

В

1

5 балл



Тек дұрыс

жауабы көрсетілген



А, С

2

Кез келген аурудың алдын алуға болады.Ол үшін спиртті ішімдіктер мен темекінің зиянын білген дұрыс.

1

Оқушының өз

жауаптары да

ескеріледі


Жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды.

1

Оқылым

Қазақ елі болашағының қаласы – Астана

1

5 балл





А

1

Алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше сезім билейді.

1

Оқушы

жауабы


ескеріледі

А.байрақ – ту

В.болашақ - келешек



1




Оқиғалар

Реті

Әнұранымызды естігенде ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді

3

Астана – Қазақ елі болашағының қаласы

1

Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік

4

Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы

2




1




10балл

Жазылым



Балл

Мазмұны (5 балл )

Тіл сапасы (5 балл)

5

Өте жақсы

Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.



Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


4

Жақсы

Мәтін құрылымы ( кіріспе, негізгі және қорытынды ), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.



Жаксы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


3

Қанағаттанарлық

Мәтін құрылымын ( кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын стилін сақтауға жұмыстанған. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады,стильдік қолданысы орташа.


Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателері көп, бірақ ойды түсінуге кедергі жасамайды.


2

Төмен

Мәтін құрылымын ( кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стилдік қолданысы төмен.


Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергілер келтіреді.



1

Өте төмен

Мәтін құрылымы ( кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген.

Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізбеген.Лексикалық минимумды қолдаеуы шектеулі.



Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп,ойды түсіну өте қиын.



Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы

Сөз қолданысы

5

Өте жақсы

Тұжырымдарды өте жақсы түсіндіреді. Тақырыпты және ашады. Өз көзқарасын жүйелі және нақты дәлелдермен көрсетеді.



Өте жақсы

Жауабы нақты және орынды. Арасында елеусіз қателер жіберілгенімен, ойды түсінуге кедергі тудырмайды.



4

Жақсы

Тұжырымдарды нақты тауып ашады және түсіндіреді Өз көзқарасын көбіне жақсы дәлелдермен көрсетеді



Жақсы

Жауабы көбіне нақты, тіл қолданысында кездейсоқ қателіктер кетіреді. Қателер түсінуге кедергі келтірмейді.



3

Қанағаттанарлық

Қарапайым идеяларды ашады және түсіндіреді. Өз көзқарасын дәлелдеуге негіз шамалы. Қажетті ақпаратты талдауы қанағатсыз.



Қанағаттанарлық

Жауабы нақты,тіл қолданысында қателіктер кетіреді. Жалпы қателіктер түсінуге кедергі келтірмейді.



2

Төмен

Қарапайым ойларды түсіндіреді негізгі ойды ашуы шектеулі. Өз көзқарасын бірнеше дәлелмен немесе дәлелсіз жеткізеді. Қажетті ақпаратты талдауға тырысады, бірақ көбіне сәтсіз.



Төмен

Қарапайым сөз қолданысында анық қателіктер кетіреді. Қателіктер түсінуге біршамам кедергі келтіреді.



1

Өте төмен

Өте аз ой жеткізеді, түсініксіз немесе негізгі ойлар ашылмаған. Тек негізгі ақпаратты береді. Көбіне ақпарат қажетсіз.



Өте төмен

Жиі қате кетіреді. Қателіктер түсінуге кедергі келтіреді.



0

Идеясын, ойын жеткізе алмайды.

Сөз қолданысы сәйкес емес.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет