«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі Жалпы ережелер



жүктеу 207.66 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі207.66 Kb.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің


2015 жылғы « 29 » желтоқсандағы

№ __ бұйрығымен

бекітілген

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың үлгілік әдістемесі

1. Жалпы ережелер


  1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

  2. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

  3. Бағалау қызметшінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей (бағалануы 10 желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

Қызметшіні бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.

Әлеуметтік демалыстағы қызметшілер бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің 4 тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.



  1. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және қызметшінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атқарушы органдарының басшыларын бағалауды облыс, астана, республикалық маңызы бар қаланың әкімі не қалып бойынша оның орынбасарларының бірі жүргізеді


  1. Жылдық бағалау:

  1. қызметшінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

  2. қызметшінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;

  3. айналмалы бағалаудан құралады.

  1. Қызметшінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.

Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері және ведомство басшыларының қызметін бағалау жөніндегі комиссия мемлекеттік органның бірінші басшысымен құрылады, кем дегенде үш мүшеден және төрағадан (мемлекеттік органның басшысынан) тұрады, және мемлекеттік орган басшысының орынбасарларынан, жауапты хатшыдан (аппарат басшысынан) құралады.

Өзге қызметшілерді бағалау жөніндегі комиссия «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау және лауазымнан босату құқығына ие тұлғамен (бұдан әрі – лауазымды тұлға) құрылады, кемінде бес мүшеден құралады, олардың үштен бірі, соның ішінде төраға, бағалау жүргізіліп жатқан мемлекеттік органның түрлі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен болуы тиіс.

Өзге қызметшілерді бағалау жөніндегі комиссияның басшысы болып мемлекеттік органның жауапты хатшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген мемлекеттік органдарда - аппарат басшысы табылады.


  1. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

Бағалау жөніндегі комиссияның Төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

  1. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

  2. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметінің қызметшісі табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Қызметші жұмысының жеке жоспарын құрастыру


  1. Қызметші жұмысының жеке жоспары қызметшімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

Қызметшінің тікелей басшысы болып ол өзінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.

  1. Қызметші лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы қызметші жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде құрастырылады.

  2. Қызметші жұмысының жеке жоспары:

  1. қызметші туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);

  2. мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес қызметшінің жұмыс іс-шараларының атауын.

Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, қызметші жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады.

Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады.



  1. қызметшінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.

  1. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана қызметшінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.



3. Бағалауды жүргізуге дайындық


  1. Персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалауға жататын қызметшіні және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалу туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау


  1. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

  2. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

  3. Көтермелеу баллдары мемлекеттік органда белгіленген ағымдағы жұмыс көлемі нормативтерінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

  4. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстын көлемі мен күрделігінің қсу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасыда. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін қызметші бекітілген шкалаға сәйкес «+1»-ден «+5» баллға дейін иеленеді.

  1. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

  2. Орындау тәртібін бұзуға:

  1. жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттарды орындау мерзімдерін бұзу;

  2. тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды сапасыз орындау жатады.

  1. Еңбек тәртібін бұзуға:

  1. дәлелді себепсіз жұмыста болмауы;

  2. дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

  3. қызметшілердін қызметтік әдеп нормаларын бұзуы жатады.

Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі, қызметшінің тікелей басшысы, әдеп бойынша уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.

  1. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қызметшіге әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

  2. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, қызметші тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.

  3. Тікелей басшы қызметшінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару қызметі және әдіп бойынша уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

  4. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы қызметшімен расталады.

Қызметшінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және қызметшінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау


  1. Жылдық бағалауды өткізу үшін қызметші тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

  2. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету еңгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

  3. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын қызметші растайды.

Қызметшінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және қызметшінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау


  1. Айналмалы бағалау

1) тікелей басшыны;

2) қызметшіге бағыныштыларды;

3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады.


  1. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.

  2. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.

  3. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.

  4. Персоналды басқару қызметі айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді.

  5. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға




  1. Қызметшінің тікелей басшысы қызметшінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:


,
– тоқсандық баға;

a – көтермелеу баллдары;

в – айыппұл баллдары.


  1. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:

80 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»

80-нен 105 баллға дейін – «қанағаттанарлық»

106-дан 130 баллға дейін – «тиімді»

130 баллдан астам – «өте жақсы»



  1. Персоналды басқару қызметі қызметшінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:


,
– жылдық баға;

– тоқсандық бағалардың жиынтық мәні. Бұл ретте тоқсандық қорытынды баға осы Әдістеменің 37 тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,

«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,

«тиімді» мәнге (106-дан 130 баллға дейін) – 4 балл,

«өте жақсы» мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;

ИП – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән);

– айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән).


  1. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

3 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»;

3 баллдан бастап 4 баллға дейін – «қанағаттанарлық;

4 баллдан бастап 5 балға дейін – «тиімді»;

5 балл – «өте жақсы».



8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы


  1. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

  1. толтырылған бағалау парақтарын;

  2. толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);

  3. қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;

  4. осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

  1. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

  1. бағалау нәтижелерін бекітеді;

  2. бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:

  1. егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;

  2. қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе

  3. бірдей баға болған жағдайда бағалау нәтижелерін мәжбүрлі түрде саралау кезінде. Бұл ретте Комиссия қызметшілердің қол жеткізген нәтижелерінің мәні, маңыздылығы және өлшемдестігін есепке ала отырып, бағалау қорытындыларын түзетуге құқылы.

  1.   Құрылымдық бөлімшенің басшысын және өзге қызметшілерін бағалаудың нәтижелері мынадай қатынаста үлестіріледі:

«қанағаттанарлықсыз» – құрылымдық бөлімшенің бағаланған қызметшілерінің (бұдан әрі – бағаланған қызметшілердің) 5% дейін;

«қанағаттанарлық» – бағаланған қызметшілердің 40%-тан 50% дейін от оцененных служащих;

«тиімді» – бағаланған қызметшілердің 35%-тен 45% дейін;

«өте жақсы» – бағаланған қызметшілердің 10% дейін.

Бағаларды үлестірудің нәтижелері осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша саралау парағында көрсетіледі.


  1. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.

Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.



  1. Осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану




  1. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

  2. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

  3. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  4. Қызметші бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.



10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау


  1. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

  2. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар қызметшілерге төленеді.

  3. Қызметшіні оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

Қызметші Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

  1. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлемгер ретінде бекітілмейді.

  2. Қызметшінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметші заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

  3. Қызметшілерді бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың үлгілік әдістемесіне

1-қосымша

Нысан


«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің

жеке жұмыс жоспары
жыл

(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________
Қызметшінің лауазымы: __________________________________

Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _______________________________________________________







р/с

Шаралардың аталуы*

Іс-шараның нәтижесі

1

Іс-шара




2

Іс-шара




3

Іс-шара




4






Ескертпе:

- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс


Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________


күні ____________________________
қолы ________________________

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың үлгілік әдістемесіне

2-қосымша

Нысан


Бағалау парағы
_____________________тоқсан_____жыл

(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _______________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________


Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:


р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеле-нетін көрсеткіш

тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер



Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеле

нетін көрсеткіш

тер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер


Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер




1






















2






















3
























Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:






Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________


күні ____________________________
қолы ________________________

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың үлгілік әдістемесіне

3-қосымша

Нысан

Бағалау парағы
__________________________________________________жыл

(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _______________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________


Жеке жоспарды орындау бағасы:


р/с

Аталуы

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін










2

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін










3

Іс-шара

2-ден 5 ке дейін










4

















Қызметші
Т.А.Ә. (болған жағдай__________
күні _______________________
қолы ____________________

Тікелей басшы

Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________


күні ____________________________
қолы ________________________

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың үлгілік әдістемесіне

4-қосымша

Нысан

Айналмалы бағалау нәтижелері


__________________________________________________жыл

(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):_______________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________

Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ___________________________________________________________________





р/с


Құзіреттін аталуы

Маңызы

Баға

(балл)

Тікелей басшы

1.

Бастамашылығы

2-ден 5 ке дейін



2.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5 ке дейін




3.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5 ке дейін






БАРЛЫҒЫ:



Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай білу

2-ден 5 ке дейін



2.

Жұмысқа негіздей білу

2-ден 5 ке дейін



3.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5 ке дейін






БАРЛЫҒЫ:



Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей білу

2-ден 5 ке дейін




2.

Қызметтік этиканы сақтау

2-ден 5 ке дейін







БАРЛЫҒЫ:




«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалаудың үлгілік әдістемесіне

5-қосымша
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_____________________________________________________________

(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)
I. Бағалау нәтижелері



р/с


Қызметшілердің

Т.А.Ә.

(болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның бағалау нәтижелерін түзетуі

(болған жағдайда)

1.










2.










...











II. Саралау парағы (жылдық бағалау кезінде)


Таратудың сипаттамасы

Берілген тарату

Қызметшілердің Т.А.Ә.

(болған жағдайда)

Комиссияның ұсынымдары

Өте жақсы

10% дейін







Тиімді

35%-тен 45% дейін







Қанағаттанарлық

40%-тан 50% дейін







Қанағаттанарлықсыз

5% дейін






Комиссия қорытындысы:


________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

    Тексерген:

    Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________

(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

Комиссия төрағасы: _____________________ Күні: ____________



(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

    Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________



(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет