Б. О. Сыздықова



Дата03.05.2016
өлшемі86.6 Kb.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Б.О.Сыздықова

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
Болашақ «Технология» пәні мұғалімдерін бакалавр деңгейінде даярлаудағы техникалық шығармашылық элементтерін қалыптастыру мүмкіндіктері
В данной статье рассмотрены вопросы развития технического творчества бакалавров при изучении дисциплины «Отраслевое материаловедение и технология конструкционных материалов». Сделана общая классификация составляющих творчества и даны определения некоторым из них.
The items of development of technical creativity of bachelors during studying ”Branch materials technology and technology of constructional materials„ discipline are considered in the given article. The general classification of components of creativity is made and definitions of some of them are given.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және азаматтық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін және тәрбие беруді дамыту» - деп көрсетілген [1].

Осы кездегі техникалық процестің қарқынды дамып, ХХІ ғасыр компьютер мен күлтемірлер заманы болған шақта жастарды техникалық шығармашылыққа баулу, олардың шығармашылық қабілеттерінің қалыптаса бастауына негіз болары сөзсіз.

Қазақша-орысша соңғы (2008 ж.) шыққан сөздікте «шығармашылық – творчество» делінеді [2]. Жалпы алғанда шығармашылық ұғымы адам өмірінің барлық сатысында, барлық салаларында қолданысқа ие. Мысалы, музыкалық, спорттық, әдеби жанрлық, дизайндық т.с.с.

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын техникалық шығармашылыққа баулудың бірден-бір жолы ХХІ ғасырдың басында Мемлекеттік «Рауан» баспасынан шығарылған 5-9-сынып оқушыларына арналған «Технология» пәні оқулығын тиісті деңгейде оқыту мен машықтандыру деп есептейміз.

050120-«Кәсіптік білім» мамандығын бітірушілер жоғарыда аталған «Технология» оқулығы арқылы мектеп түлектеріне дәріс беру құқығын иеленеді. Осы орайда «Технология» пәнін оқытуда орын алатын негізгі кедергілерді атап өткен жөн деп білеміз, олар:

- еліміздің көптеген мектептерінде материалдық-техникалық базаның нашарлығы немесе жоқ болуы;

- пәнді оқытатын мұғалімдер дайындығының жеткіліксіздігі;

- оқу және көрнекілік құралдардың жетіспеуі;

050120-«Кәсіптік білім» мамандығы студенттеріне болашақ «Технология» пән мұғалімі ретінде оқытылатын техникалық пәндер мазмұнын жетілдірумен қатар, әрбір тақырып бойынша дәріс пен машықтану сабақтары жоспарлы түрде оқытылғаны жөн. Базалық пәндер қатарына «Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» пәні жатады. Бұл пәнді игеру мектеп қабырғасында «Технология» пәнін тиісті деңгейде оқытқанда нәтиже береді.

Осы пәнді оқыту арқылы студенттердің техникалық шығармашылығы қалыптасатынын, оқулық мазмұнындағы әрбір тақырыпты дидактикалық талдау арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, құю өндірісінде әртүрлі құрамды қорытпалардан құйма жасаудың технологиялық процесін студенттерге үйрету. Ол үшін ең алдымен тақырыпқа қатысты ұғымдарды [3] түсіндірген жөн.

- Құю-алдын ала дайындалған қалыпты балқыған металмен шөміш арқылы қолмен құйып толтыру;

- құйма – балқыған металды қалыпқа құйып, суынып, қатайған соң алынатын өнім (дайындама немесе бөлшек);

- құйма жасау тәсілдері – металл, қабыршықты, құмды қорамаға құю; үздіксіз, күйдірілетін үлгімен, балқытылған үлгімен құю; қысыммен және центрден тепкіш күшпен құю сияқты 50 ге тарта түрлері қолданылады. Осыдан студенттер құйма жасау үшін, балқыған металды қалыпқа құюдың ондаған тәсілдері бар екеніне назар аударады. Сапалы құйма жасау мақсатында құйма жасау тәсілдері талданып, әр тәсілдің жақсы және нашар жақтары түсіндіріледі. Айталық центрден тепкіш күшпен құю арнайы машиналар жәрдемімен іске асады. Сол сияқты қысым күшімен құю да арнайы жабдықты (компрессор) қажет етеді.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
Сыздықова Б.О. Болашақ «Технология» пәні мұғалімдерін бакалавр деңгейінде даярлаудағы...

Құйма жасау процесінде мыналарға баса назар аудару керек:



  • дәстүрлі қолмен құю арқылы және басқа тәсілдермен құюды технологиялық және экономикалық тұрғыдан салыстыру арқылы ең тиімді тәсілді таңдау;

  • құйма материалының химиялық құрамын балқытудан бұрын шихта құрамында реттей білу;

  • алынған дайындама қабырғалары қалыңдығын ғылыми тұрғыдан есептеулер жүргізу арқылы белгілеу;

  • құйылған дайындамаларды құмбалшықтан ажырату, тазарту, түйдектерін кесу мәселелерін сапа тұрғысынан бағалау және т.с.с.

Адам өз өмірінде көптеген мамандықтардың бір-екеуін ғана меңгеруі мүмкін. Білім дәрежесі өсіп, өзінің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін, әртүрлі іс-әрекеттерді орындап жетілдіре беруі қажет. Бірақ олардың барлығын бір адамның меңгеруі де мүмкін емес, оның үстіне іс-әрекеттердің көптеген түрін игерудің нәтижесі де жоғары болмайды. Сондықтан да адамға кәсіптік мамандық алудың қажеттігі туады, сонда ғана ол өз мамандығы бойынша орындайтын іс-әрекеттерді әрі шапшаң, әрі нәтижелі орындап, іскер қызметкер бола алады. Демек, ол сонда ғана көздеген мақсатына жетіп, өзінің кәсіби қызметінен қанағат алады [4].

В.В.Чебышеваның зерттеулері бойынша жастарды тәрбиелеп дамытуда еңбек ептіліктерін қалыптастырудың маңызы зор. Ондай ептіліктер адамның белсенділігі, өздігінен ойлауы, жұмысқа жауапкершілігі, өз іс-әрекетіне талдау жасау сияқты қасиеттерін өрістетуге зор ықпал етеді [5].

Санкт-Петербургтік ғалым Н.В.Кузьминаның арнаулы зерттеулерінің нәтижесінде педагогтің жалпы кәсіптік іс-әрекетінің психологиялық құрылымы анықталып, оның конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және гностикалық ептіліктер сияқты төрт компоненттен тұратындығы дәлелденген және ол іс жүзінде кеңінен қолданылуда [6].

Ғалым П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін кезеңдерге бөліп қалыптастыру жөніндегі теориясын педагогикалық ептіліктер мен дағдыларды меңгерудің психологиялық ғылыми негізі деуге болады. Оның теориясы бойынша [7] ондай кезеңдер бесеу:



  • орындайтын әрекетпен алдын ала танысу;

  • эскиз, схема, сурет, үлгі т.с.с. формаға келтіру;

  • әрекет мазмұнын ауызша немесе жазбаша бейнелеу;

  • әрекеттер қорытындысы мен тұжырымдарды баяндау;

  • ақыл-ой әрекеті іске аса бастайды (қалыптасу кезеңі)

Осы кездегі білім беру негізінің бірі жастардың техникалық шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Жоғарыда аталған белгілі ғалымдардың педагогикалық-психологиялық тұжырымдарын талдай келе, осы ғылыми мақалада негізгі мәселе болып қарастырылатын жастардың техникалық шығармашылық қабілеттерін график түрінде былайша бейнелеуге болады.




1-сурет. Адам қабілеттіліктерінің жіктелуі.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
Сыздықова Б.О. Болашақ «Технология» пәні мұғалімдерін бакалавр деңгейінде даярлаудағы...

Осы 1-суретте көрсетілгендей қабілеттіліктің жалпы және арнаулы түрлерінен басқа дарындылық пен талант деп аталатын жоғары деңгейден орын алатын түрлері бар.

Дарындылық деп даңқы әлемге жайылған адамдар аталады. Мысалы, композитор Моцарт 7 жасында төрт соната жазған. Тоғыз жастағы Гете неміс, латын, грек тілдерінде өлең жазатын болған.

Бұрынғы Арыс станциясының бастығы болған, қазіргі кезде зейнеткер, «Құрметті теміржолшы» Социалистік Еңбек Ері Әуесхан Салықбаевтың Қазақстан экономикасының күре тамыры – теміржол саласын дамытуға қосқан үлесін дарындылық деп айтпасқа болмайды. Оның ұсынған ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижелері бұрынғы КСРО-ның теміржол саласында кеңінен қолданысқа ие болғанына тарих куә.

Қабілеттіліктің жоғары түрінің бірі – талант. Талант – күрделі, қиын іс-әрекетті өзіндік ерекшелікпен, нәтижелі орындай алуға мүмкіндік беретін әр түрлі қабілеттердің жиынтығы.

Кез-келген машина, агрегат, механизм өз міндетін атқара отырып, ұдайы жетілдіріп отыруды қажет етеді. Мысалы, өткен ғасырдың 20-жылдары ауыл шаруашылығы саласында қол еңбегі кеңінен қолданылып келді. Шаруа адамы жер жырту үшін соқаны пайдаланды және оған ат, өгіз жекті. Ал, 50-жылдары қуатты тракторлар мен көптеген ауыл шаруашылық машиналары дүниеге келді. Осы аралықта және одан кейінгі уақытта да әйгілі конструкторлардан бастап қарапайым жұмысшыларға дейін көптеген жаңалықтар ашыла бастағаны белгілі. Әрине, бұларды біз адамзаттың даму тарихындағы заңдылық деп қарауымыз керек [4].

«Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» пәнінен студенттердің өлшеу құралдарымен жұмыс атқарғанда қалыптасатын ептіліктері мен дағдылары мына жүйе бойынша кезең-кезеңімен іске асырылады:

1-кезең. Өлшеу құралдарын меңгеру, ол өлшеу құралдары мен қондырғыларының жарамдылығын тексеру, техникалық қондырғыны жинай білу ептіліктері мен дағдылары.

2-кезең. Қарапайым өлшеулерді жүргізу, ол әрбір өлшем мәнін талдай білу, өлшеу құралдары межесінің сандық мәнін дұрыс есептеу ептіліктері мен дағдылары.

3-кезең. Кешенді өлшеулерді жүргізу, олардың нәтижелерін өңдеу. Мұндай қабілеттер П.Я.Гальпериннің адамның ақыл-ой әрекетін кезеңдерге бөліп қалыптастыру теориясының өміршеңдігін көрсетеді.

Металды металкесу станоктарында өңдеу кезінде өлшеу іс-әрекеттері өте күрделі және шығармашылық тұрғысынан қарауды қажет етеді. Мысалы, тетікті алдымен бұрғылау арқылы тесік жасалып, онда бұрандалы қосылыс жасалатын бұранда салу қажет. Тесілетін тесік өлшемі бұрғы диаметрімен қамтамасыз етіледі дедік. Сол кесетін бұрғыны қайрау кезінде ұштары тиісті

етіп қайралмаса, онда тесік диаметрі не кіші, не үлкен болып шығады, нәтижеде ақаулы бұранда жасалады. Стандартты бұрандаларда бұранда адымдары көрсетіледі, егер басқа адымды бұранда қолданылса, онда бұрандалы қосылыс сапасы мүлдем жарамсыз болып шығады.

Осылайша металкесу станоктарында өңдеудің барлық кезеңдерінде және барлық технологиялық операциялар жасағанда студент өте сезімталдық танытпаса, ақау тетік немесе тіпті төмен нәтиже алынады. Осындай келеңсіз жағдайлар орын алмауы үшін, шәкірттердің техникалық шығармашылық қабілеттері жоғары болуы керек.

Бұл жерде «Салалық материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» пәні техникалық шығармашылықты қалыптастыруға құрал ретінде қарастырылады.

Жалпы алғанда және қорытындылай келе студентті шығармашылық іс-әрекетке жетелейтін факторларды былайша қарастыруға болады:

- адамның іс-әрекеті тәжірибе негізінде қалыптаса бастап, шыңдала түседі;

- жеке адамның дамуы қоғамның дамуымен байланысты;

- қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына байланысты адамның қабілеттілігі дамиды;

- адамның қабілеті үнемі жетілдіруді, дамытуды қажет етеді;

- адамның қабілеттілігі ептіліктің қалыптасуына сәйкес дамиды;

- адамның қабілеттілігіне оның зейінділігі, тапқырлығы, ойлау ерекшелігі, зеректігі, дарындылығы жатқызылады.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010
Сыздықова Б.О. Болашақ «Технология» пәні мұғалімдерін бакалавр деңгейінде даярлаудағы...

Осындай биік адами қабілеттері бар балалар техникалық шығармашылыққа өте бейім болып келеді.


әдебиеттер


  1. ҚР «Білім туралы» заңы. Заң актілерінің жинағы. –Алматы: Юрист, 2004. -37 б.

  2. Казахско-русский словарь /Под ред. чл.-корр. НАН РК Сыздыковой Р.Г., проф. Хусаина К.Ш. –Алматы: Дайк –Пресс. 2008. -962 с.

  3. Сыздықов О. және т.б. Конструкциялық материалдар технологиясы. Оқулық. Алматы: РБК, 1993. -290 б.

  4. Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. –Алматы: Қазақстан, 1986. -118 б.

  5. Чебышева В.В. Психология трудового обучения. М., 1969. С. 28-32.

  6. Кузьмина Н.В. Формирование педагогических способностей. Л., 1965.

  7. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1976.



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет