Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы



жүктеу 3.97 Mb.
бет1/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті



Б.Серіков


Кәсіпорын экономикасы

(тәжірибелік сабақтарға арналған

оқу құралы)

Алматы 2012

ОӘЖ: 65.0

ББК 65.290

0 65 Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті Ғылыми Кеңесімен ұсынылған

(№ хаттама 2012ж)
Пікір жазғандар: Әбуов Қ.Қ – э.ғ.д., С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ

профессоры

Ертазин Х. – э.ғ.д., профессор, ҚазАҰУ
0 65 Серіков Б.

Кәсіпорын экономикасы (тәжірибелік сабақтарға арналған оқу құралы) Алматы, ЖШС almaprint, 2012 - бет


ISBN

Оқырманға ұсынылып отырған оқу құралында кәсіпорын экономикасы теориялық негіздерін қысқа анықтамалар және кейстермен қайталау, солардың мәні мен мазмұны бойынша ой-пікірін кеңейту және есептер шығаруға дағдыландыру мақсаты қойылған. Рыноктық экономика жағдайында жұмыс жүргізетін кәсіпорындардың, бизнесті ұйымдастыру іс-тәжірибесіне қажетті болжамдар, есептер шығару тәсілдері келтірілген. Сонымен қатар пән бойынша теориялық-тәжірибелік мәселелерді сабақтастыратын бақылауға арналған және тест сұрақтары, түсіндірме сөздер (глоссарий), олардың анықтамалары нақтыланған.

Оқу құралы кредиттік технология бойынша экономика мамандықтарында оқитын академиялық бакалаврларға, магистрлерге және жоғарғы, орта оқу орындарының оқытушыларына арналған.

ISBN
Серіков Б., 2012

Almaprint, 2012

Кіріспе

Рыноктық экономика жағдайында кәсіпкерлікті өңірлік, салалық және жалпы экономиканы дамытудың негізгі және орталық шаруашылық субьектісі кәсіпорын (бастапқы тауар өндіруші ұйым) екендігі белгілі.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты қоғамға қажетті өнім өндірумен бірге түрлі өндірістік, тұрмыстық, әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады. Сонымен қатар табиғи, еңбек және басқа ресурстарды үнемді пайдалану, жаңа өнімділігі жоғары техниканы, озық инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, инновациялық технологияны пайдалана отырып еңбек өнімділігін жоғарылату, кәсіпорынның пайдалылық және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру. Бұл міндеттерді нәтижелі атқару үшін кәсіпорынның кадрлар персоналының экономикалық білімі мен біліктілігі қазіргі рыноктық экономиканың талаптарына сәйкес болуы, жауап беруі маңызды мәселе. Оларды нақты бизнес-жоспар әзірлеу, өндіріс факторларын тиімді пайдаланудың есептеулерін дайындау, қазіргі озат менеджменттің басты қағидаларын менгеруі, өндірісте нақты қолдана білуге дағдыландыру қажет.

Біздің пікіріміз бойынша атап көрсетілген басыңқы мәселелерді кәсіпорын экономикасының теориялық негіздерімен қатар практикалық мәселелерін жетік менгерген маман, менеджер дұрыс шешім дабылдау қабілетіне ие болады.

«Кәсіпорын экономикасы» пәні мәселелерді микроэкономика ғылымымен тығыз байланыста қарастырады. Мұнда өндіріс салалары, кәсіпорындар, ресурстар рыногы, тауарлардың өндіріс көлемі, шығындарды басқару жолдары, еңбекке ақы төлеу жүйелері бойынша білімін бақылау сұрақтары, есептер шығару әдістері жан-жақты келтірілген.

Рыноктық экономиканың негізгі құрамдас бөлігі микроэкономиканы, кәсіпкерлікті ұйымдастыру қағидалары қарастырылған. Бұған бизнесті ұйымдастыру және құқықтық негіздері, фирманың шаруашылық-экономикалық іс-әрекеті, өнімді өндіру және өткізу шығындарын есептеу, тұжырымдар жасау әдістері келтірілген. Осы орайда кәсіпорын экономикасы пәні бағдарламасы бойынша практикалық сабақтар өткізу, кәсіпорынның және кәсіпкерліктің өндірісте жиі кездесетін мәселелерін оңтайлы шешу жолдарын үйретуге көңіл бөлуді қажет ететін маңызды мәселе. Ұсынылып отырған оқу құралы «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша практикалық сабақтарды (ОБСӨЖ,ОБМӨЖ) оқытуға арналған «Экономика», «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жазылған.

Оқулықты әзірлеу барысында «Микроэкономика», «Макроэкономика» және «Өндірісті ұйымдастыру» пәндерімен тығыз байланыстырылған.

Ұсынылып отырған оқу құралы жоғарғы және орта оқу орындарының білім алушыларына және оқытушыларына, кәсіпорын мамандарының пайдалануына қолайлы, олардың біліктілігін арттыруға көмектеседі.



1 – Бөлім. Кейстер

Тапсырма - 1. Қазақстанның 2010-2020 жж. үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасы
І. 1997 жылғы алғашқы жолдауы: 2030 жылғы Стратегиялық бағдарлама, кейбір аталған межелге 33 жылда емес бір мүшел уақытта қол жеткіздік:

1. ЕҚЫҮ – ның 56 ел бас қосқан Саммиті ;

2. Осы жылдары 800 мыңнан астам отандастар елге келді, бұл шара дүнежүзінде 3 мемлекетте іске асырылады, халықтың саны 1,5 млн арқан;

3. Астана құрылысы;

4. ҚР халқаралық разреві 60 млрд доллар;

5. 120 млрд доллар инвестиция тартылды;

6.126 елге 200 ден астам өнім түрін шығарамыз;

2010 жылы ІЖӨ – 7 %, өнеркәсіп өндірісі - 10 %, өңдеу өнеркәсібі – 19 % жетті, орташа айлық 2007 жылы - 53 мың болса 2010 жылы 80 мыңды құрады. Ұлттық әл- ауқат деңгейі 110 ел арасында 50 орынға көтерілді. Орташа айлық жалақы 5,5 есеге, зейнетақы 4 есеге көбейді.

Денсаулық саласында 500 жуық нысандар құрылған, білімге бөлінген қаражат 10 есеге көбейді, 750 жаңа мектеп салынды, 1117 балабақша, 4185 орталықтар ашылды.

ІІ. Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы:



  1. 1994 жылы жан басына шаққанда ІЖӨ – 700 доллар болса 2010 жылдың 1 қарашасында 9000 доллар немесе 12 есеге артқан;

  2. Индустриалдық – иновациялық даму бойынша бір жылда 152 кәсіпорын қосылып, 24 мың жұмыс орны ашылды.

  3. 2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 трлн. теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, 164 мың тұрақты құрылсқа 207 мың құрылысшыларға жұмыс орны ұйымдастырылды.

ІІІ. 2020 жылға қарай қол жеткізетін межелер:

1. ІЖӨ өсуі 30 % болса, өңдеуші салалар алда болады;

2. Ұлттық қордың активтері ІЖӨ – нің 30 % құрайды;

3. Экономиканың шикізаттық емес салаларын инвестиция 30% артады;

4. ІЖӨ ШОБ үлесі 40 % жетеді;

5. Халықтың саны 18,0 млн адам болады;

6. Жұмыссыздық деңгейі 5 % дейін төмендейді;

- 2014 жылы ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 2 есеге, 2020 жылы 4,0 есеге өседі;

- аграрлық секторда мал шаруашылығына басымдық беріліп, 2016 жылы ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, бұл 4 млн. тонна бидай экспортымен тең, осы мақсатқа 130 млрд, теңгелік несие ресурсы бөлінеді, ауылдық жерден 20 мың жұмыс орындары ашылады., 100 мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналды. бұл шараның мультипликаторлық ықпалы бар машина жасау, химия, тамақ өнеркәсібі, жем-шөп, техника жөндеу т.б.

- қуат тиімділігін арттырып, шығындарды азайтатын кешенді жоспары бекітіледі;

- өндіріс саласының жаңа парадигмасын, яғни, дамыту бағдарламасын бекіту қажет;

- бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты;

- меншікті қорғаудың құқықтық тетіктері енгізіледі, аса қауіпті емес қылмыстарға бостандығынан айырмау, 2000 жуық адам босатылады;

- құқық қорғау органдарының аппараты саны 15 % қысқартырылды;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалғастырылуда, соңғы 2 жылда

40 тан астам республикалық деңгейдегі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылған, солардың арасында 39 әкіммен олардың орынбасарлары бар;

-қр бизнес мүддесі үшін реформа жүргізуде көшбасшы мемлекттер қатарында табылды, осы көрсеткіш бойынша 183 елдің ішінде 59- шы орынды иеленген;

- кедендік одақ: Ресей және Беларусиямен сауданы 38 % артқан, экспорт 52,4 %, кедендік баж 25,0 % артқан. бизнесті бәсекелестікке ықпалдандарады.



Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Қазақстан экономикасын қазіргі макроэкономикалық көрсеткіштері;

  2. үдемелі инновациялық бағдарламаның 2014 жылға қол жеткізетін көрсеткіштері;

  3. 2020 жылға қарай қол жеткізетін межелерін атап беру және түсіндіру;

  4. Аграрлық саладағы бірінші кезекте орындалатын мақсаттар;

  5. Өнеркәсіп және бизнес саласында орындалатын міндеттер.

Тапсырма -2. Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламадағы жаңа әлеуметтік саясат

Біздің бағдарламамыздың басты мақсаты – халықтың әл –ауқатын нығайту;



  • осы бағытта : білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту;

  • 1 мамыр 2011 жыл мынадай жаңа бағдарламалар әзірледі;

а) жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы

б) тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық

в) халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

Білім беру:



  • білім берудің 12 жылдық моделі;

  • кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңғырту;

  • жоғары білім берумен ғылымды дамыту, білім сапасын арттыру бойынша шаралар.

Үкіметке тапсырма:

  • ЖОО – ның иновациялық қызметке көшу тетігін қалыптастыру;

  • білім берудің сапасын арттыру, жаңа құқықтық – экономикалық құралдарын ендіру, тұрғын үй құрлысындағы жинақ банкі тәсілін ендіру;

  • мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтылатын балалар үлесі 2015 ж 74 %, 2020 ж -100 % ға жетеді;

  • 2020 жылы оқудың 12 жылдық жүйесіне торлықтай өту, ол үшін 2015 жылға қарай 400 мектеп құру;

  • 2015 жылы білім беру ұйымдары 50 %, ал 2020 жылы 90 % электронды оқытуға өту;

  • 2020 жылы ЖОО – 30 % тәуелсіз аккредитациядан өтеді;

  • иновацияны және ГЗ нәтижелерін өндіріске ендіретін ЖОО үлесі 5 % артады.

Денсаулық сақтау:

  • қаржыландыру 2002 жылы іжө 1,9 % нан 2010 жылы 3,2 % ұлғайды.

  • шетелдік клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина орталықтары құрылды;

  • бала туу 25 % артты, адам өлімі 11 % кеміп, халықтың табиғи өсімі 1,7 % артқан;

  • 2013 жылы біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізу аяқталады;

  • аурудың алдын алу жүйесі ендіріледі;

  • көліктік коммуникацияны дамыту, поездар ұйымдастыру, жұмылғыш медициналық кешенді 50 бірлікке жеткізеді;

  • санитарлық авиацияға 16 тікұшақ алу тапсырылды;

  • жол бойындағы медицина;

  • 2015 жылы өмір сүру денгейі 70 жасқа, ал 2020 жылы 72 жасқа ұзарту көзделді;

  • 2015 жылы 350 дәрігерлік амбулатория, фельдакуш пункті және емханалар салынады.

Тілдерді дамыту:

  • 2017 жылы – 80 % жеткізу, 2020 жылы – 95 % ;

  • үш тілді білуі керек. 2020 жылы – 20 % тұрғындар ағылшын тілін білуі керек.

Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы:

  • «Жол картасы» жұмыссыздықты азайтуға ықпалы болды және қалалар мен ауылдарда инфрақұрылымды жақсартты:

  • экономикаға білікті кадрлардың жаңа генерациясы қажет, оның резерві өзін-өзі еңбекпен камтып отырғандар ішінде;

  • 2011 жылы 1 мамырына дейін халықты еңбекпен қамтудың жаңа бағдарламасын әзірлеу тапсырылды;

а) әрбір қазақстандық елді индустриаландыруға қатнасу үшін оларды тегін оқытып жұмысқа тарту мүмкіндігін жасау қажет;

б) «Жол картасын» жалғастырып әрбір отбасына әсерін жеткізу қажет;

в) селолық кәсіпкерлікті дамыту шараларын көру қажет;

г) селолық инфроқұрылымдар дамытылып ағын суға, микро несиелер және табиғи гранттарға қол жетімділік кеңейтілді;

д) микро несие беруде еңбекпен қамту жағынан басымдық беру керек;

е) 2011 жылы 3 млрд. 2012-2015 ж.ж. 10-15 млрд. теңге бөлінетін болды;

ж) жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алуға грант беріледі.

Мемлекет тек еңбекке қабілетсіздер мен аз қамтамасыз етілгендерге ғана көмек береді.

ТКШ – ны жаңғырту:


  • соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 30 млн. ш/м ұлғайды, яғни 1 млн, адам пәтер алған;

  • сумен, жылумен, электр және газбен қамтамасыз ету жүйелеріне кең ауқымды жаңғырту жүргізім 2015 жылы 31 мың км көп пәтерлі тұрғын үйлерді иеленді.

Сапалы ауыз су:

  • соңғы 8 жылда орындалған жұмыстардың нәтижесінде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету ауылда – 41 %, қалаларда 71 % дейін өскен;

  • дегенмен ауылда да, қалада да сумен қамтамасыз ету жұмыстары жетерлік;

  • 2020 жылы орташа республика бойынша ауыз суға қол жетімділік 98 % жету керек, ал қалаларда 100 %, ауылда 80 % құрау қажет;

Табыстарды арттыру:

  • үстіміздегі жылы зейнетақылар, степендия көлемі, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақыларын 30% өсіреміз;

  • осы табыс көздері 2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге өседі;

  • үш жылдық әлеуметтік даму бағдарламасы жасалғаны белгілі;

  • 2011 жылы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» деп жарияланды.

Сыртқы саясат:

  • Ресей, Қазақстан және Беларусь Кеңес Одағы дамытуы;

  • Қазақстан – ЕО 2020 энергетикалық партиясын жасап қабылдауды ұсынамыз, энрегия тасымалын тұрақтандыруға қол жетеді;

  • Ауғаныстан бойынша арнайы донорлық конференция өткізуге бастамашылық танытпақпыз;

  • Каспидегі тұрақтылық пактісін қабылдау жоспарланған;

  • БҰҰ жалпыға ортақ ядросыз әлем деклорциясын қабылдауды ұсынамыз;

  • Қырғызстанға көмек бағдарламасын қабылдау;

  • үстіміздегі жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына жетекшілік етеді, осы ұйымның азиялық векторын күшейту алға тартылады.

«Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады».

Талқылауға арналған сұрақтар



  1. Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламадағыжаңа әлуметтік саясат;

  2. денсаулық сақтау саласында қол жеткізетін межелер;

  3. жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы;

  4. сапалы ауыз су бағдарламасы;

  5. табыстарды арттыру шаралары;

  6. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

Тапсырма -3. М. Әуезовтың «Құн» повесі

Әбіш бай – байлығы көп, қолында билігі шоғырланған адам. Оның еркімен, тағдырдың жазмышы бір десе болады. Көрші ауылдардың тұрғындарына Әбіш сөзін бұлжытпай орындайды, бәрін басқаратын, қыстауға көшуді де, жайлауға қоныстандыратын да, шөп шабу, оның уақыты және орны Әбіштің бұйрығымен орындалады. Қалаға барғын келсе Әбішке бас иіп рұхсат алу керек, рұхсат берема, жоқ па белгісіз. Мұқтар Әуезовтың осы сөздерінде қазақ жеріндегі байлардың, атақты адамдардың күші мен ықпалы айқын көрсетілген. Бұл шығармада кедей Жақсылық туралы айтылады, ол байдың қатаң билігіне бағынғысы келмейді, ауылдан бөлініп шығуды аңсайды. Сүйтіп жайылымы нашар, қонысқа жайсыз Ақкүрек деген жерге көшіп барып жер өңдеумен, егіншілікпен шұғылданады. Бірінше кезеңде екі өлшем (екі пұт) астық себіп, қысқы азық-ауқатқа жететін және келесі жылға тұқымдыққа қалатын өнім жинайды. Осылай жылдан жыл өтеді. Сонда оның айтқаны: «Қанша уақыт босқа тер төгіп жүрген екенмін. Байлық аяқ астындағы жерде жатыр екен ғой. Тек еңбек етсең болды, құдайдың өзі жер арқылы ырызқыңды береді. Осы күннен бастап мен егін салатын диқанмын, тек осы кәсіпке сенемін» деген екен.

Осы уақиғаға қазіргі жағдайдың көзқарасымен баға берсек Жақсылық – толыққанды егіншілікпен айналысатын жеке кәсіпкер. Ол өзінің мойнына барлық қиыншылықты және тәуекелділікті алып өзінің құралдарымен іскерлікпен айналысқан тұлға. Бірақ ол егіншілік жасаған жер оның меншігі емес еді, ол кезде мүндай түсінік жоқ болатын. Солай етіп жерге меншік құқығы болмаса да еңбек етуге ықпалы болып оның өнімділігін арттыруға бар күшін салды.

Ол жерде жай ғана өзінікі сияқты өңдеуге ықпалы болып, сол жерден барынша көп жеміс табуға барлық іс-әрекетті жасады. Солай етіп Жақсылықтың жұмысы алға басты , қарапайым адамдардың арасында көзге ілікті, көреалмаушыларда болды. Жақсылық өзі аяққа тұрып қойған жоқ, кедей көршілеріне қайрымдылық жасай бастады. Бұл жаңартпашылық кең далаға, елге тарқалды. Бұл әнгіме Әбіш байдың құлағына да жетті. Ол нашар «қажетсіз» жерді бергеніне өкінеді. Ол Жақсылықтың бұлай тез уақытта оның билігінен шығып кетеді деп ойламаған. Енді бай туысқандарымен қосылып жер өңдеуші диқанға қиянат жасай бастады. Ол өзінің інісі Құрманға Жақсылықтың егістігіне бір үйір жылқыны айдап салып, егінді ысырап қылады.

Жақсылықтың байдан әрнәрсені күткен, бірақ мұндайды күтпеген еді. Қараңғы түнде емес, айдың ашық тал түсте үлкен табын жылқы бидай алқабын таптап жоқ қылады, аттардың аяғының астында үзіліп түскен бидайдың басақтары қышырлайды. Аттар осқырынып, бас көтермей бидайды жеп кетеді. Көз алдында тер мен қан төккен бидай өнімі жоқ болып, болашаққа сенім, жанұяның сенімі шайқалады.

Осындай жағдайға ызаланған Жақсылық сол табыннан жылқы ұрлауға бел байлайды, бірақ мұның дұрыс еместігін тез түсінеді. Сүйтіп жұрттан естіп жүрген қаладағы билік өкілдеріне арыздануға барады. Оның алдына Құрманмен жағаласып төбелесіп, қан болып қала билігінен, байдың зорлығынан, зомбылығынан құтқаруды өтінеді.

Бірінше ол милиция бастығына арызданып «Қайда барамын, барлық үмітім сізде. Егер араша түспесеңдер бала-шағаммен дүниені тентіреп кетемін. Енді мені Ақкүректе жұмыс істеуіме байлар жол бермейді, олардың барлығының ой-пікірі бір» дейді.

Милиция бастығы тыңдап болып, бұл мәселені шешуге менің құзыретім жетпейді, жоғарыдағы билікке бар реп шығарып салады. Жақсылық күнімен әр есікті бір қағып жүріп әділдікті орнатуға көмек сұрайды. Ақыры бір шенді қабылдап, тыңдап «аулыңа бара бер, жауапты қызметкер адам жіберіп тексеремін, мәселені шешеміз» дейді. Жақсылықтың көңілі жібіп көзі ашылып ауылға қайтады, әрі күтеді, бері күтеді ешкім ауылға келмейді.

Сол кезде атақты байлар жиналып Жақсылықты бұл жерден қуып жіберуге, еш жерге қоныстануға рұқсат бермеуге келіседі. Жақсылықтың сағы сынып «бастық көмек беруге уәде беріп еді ғой» - деп, амалсыздан басының ауған жағына тентіреп кетеді.

Осы жағдайды талдау биліктің монополиялық, бюрократиялық және лоббизмге берілгендігін аңғаруға болады.

Билік бар жерде бюрократия бар. Бюрократия адамдарға заңдардың билігінің тек бір ғана формасы. Қоғамда оның кейбір жақтары жағымсыз, жойушы жағдайларға алып келеді. Бюрократияның ғасырлар бойы қалыптасқан түрлері: ат-үсті қарау, созылмалылық, консервативтік және мәселеге жеңілдікпен қарау. Бюрократия – жазылмайтын ауруға ұқсайды, ол билік және басқару аппараты бар жерде тұрақты орын алады.

Тағы бір атап өтетін мәселе бұл лоббизим проблемасы. Жақсылықты құрту үшін бай барлық аумақтағы атақты әріптестерін шақырып өзінің дегеніне көндірген.



Лоббизим – билікке қысым көрсетуге әрекеттенеді, Әбіш бай өзін қолдағаны үшін байларға сыйақылар беруге уәде еткен.
Талқылау үшін сұрақтар

  1. Лоббизим мен бюрократияның арасы қандай байланыста болады.

  2. Бюрократияны жеңу шаралары бар ма?

  3. «Мемлекетте міндетті түрде бюрократия болады деген» ұғым дұрыс па?

  4. Осы кейсте жазылған жағдайды «қоғамдық таңдау теориясымен» байланыстыруға бола ма?

Тапсырма -4. Т.Драйзер «Қалқан» романы «Қалқан» американың атақты жазушысы Т.Драйзердің жазған белгілі романы

Т.Драйзер өзінің басты кейіпкерін «квакер» ролінде яғни «Достар қоғамы» атындағы діни қозғалыстың мүшесі ретінде көрсетеді. Бұл қозғалыс Пенсильванияда дамыған оның бастамашысы Вильям Пенна, оның «күнделігі» квакерлердің күндіз-түні оқитын кітабына айналған.

Квакерлердің қағидасы баюға, қымбат заттар сатып алуға қарсы болған. Олар еңбек сүйгіш, қатаң тәртіп сақтайтын, бір-біріне көмектесетін қоғам құрған. Оларда мейірімділік, достық қатынас басым болып тек құдайға сеніп мүнәжат жасауды, ішкі дүниесін көңіл күйін осы қағидамен қолдаған.

Оның персонажы Салон Баржа – адал, әділ және жақсылық пен өнегелілікпен ерекшеленетін. Оның өмірінің мәні адамдарға жақсылық жасау, адамдардың өзара қатынасында әділ болу, өзінің жақын адамдарына ұстын болу, құдайдың жақсылыққа бастайтын жолын қолдау болатын.

«Қалқанда» екі драмалық сюжет бар. Олардың біреуі жалпылама: квакерлердің өнегелілік жүйесіндегі және қоғамдық күш ретіндегі тағдыры; екіншісі жеке бастың яғни Салон Баржаның трагедиялық тарихы.

Романның басты конфликті – өнегелілік идеясын немесе әдепті мінез-құлық нормасының қоғамды бақылауға алған, адамдардың «жаңа мінездерімен» қақтығысы. Бұл қақтығыс екі деңгейде болады: әлеуметтік-тарихи және жеке бастың.

Романда Сало Баржа – біреуге бала, біреуге әке, біреудің ері, әрі квакер және банктің қазынашысы болып жұмыс атқарады. Ол МЭН штатының ең бір түпкіріндегі жерінде қызмет атқарады, ол жерге жаңа ұғымдар жетпестен, ескіше тәртіптер ұзақ сақталған.

Содан бір күндері жанұялық жағдаймен Баржа Пенселванияға көшеді, бұл тез дамып келе жатқан штат еді, орталығы Филаделфия. Жанұяның жағдайы жан-жақты өзгеріске ұшырайды: бұрынғы кішігірім ферманың орнына үлкен зәулім сарайдай үй, әкесінің жұмысы бұрынғы ауыр жер өңдеу жұмысының орнына коммерциялық іс-әрекеттер дамиды, үй-тұрмыс күрт көтеріліп жақсарады, туған туыстары мен достары тек ауқатты адамдар болады, оларда байлығы мол, зәулім үйлерде өмір сүретіндер болады.

Өмір өте келе Салон үйленеді, балалы-шағалы болады, өзінің үйіне ие болып едәуір материалдық жетістіктерге қол жеткізеді. Оның қасіреті мынада болады, ол ескі квакерлік жағдайының моральдық рухын сақтай отырып сонымен бірге коммерциялық әлемде алдынғы қатарда болуға ұмтылады. Өзіне қарым-қатынастағы ортаға белгісіз жағдайда, бір жағдайдан екінші жағдайға өте отырып оның санасында коммерцияның заңдылықтары құдайдың құдыретімен қалыптасады деген ой пікір билейді. Ол айналасына квакерлік қағидаларды ұсынып жеткізуге дәрменсіз жағдайға жетеді. Ол өз үйінде өзіне тән тәртіп, өзіне жағымды жағдай орнатады. Бірақ мұндай тәртіп, әдеп-ғұрып оның балаларына ұнамайды, мұндай жағдайды олар ұят санайды, жаумен теңестіреді. Олар басқа әлемде өсе бастайды, оларды басқа мәселелер қызықтырады. Сондықтан оларға үй-тұрмысы қапасқа айналады, сондай жағдайға шыдамай масқара өлім (стю арт), жалғыз бастылық (Айсобел), остранизм (Этта), рухсыз өмір (Доротея және Орвилл). Солон оларды қатты сүйеді, бірақ көмек беруге әлжуаз. Оларға жақсылық тілей отырып зұлымдық жасайды.

Жазушы оқырмандарға елдегі банктерді және монополияны, биржалық алыпсатарлықты, мемлекеттік аппараттағы адам төзгісіз сыбайлас жемқорлықты, өндіріс пен капиталдың шоғырлануын, техникалық жетістіктермен қатар сауатсыздықты, фантастикалық байлық пен кедейшілікті, бұл жерде байлардың саны ондаған болса, кедейшілік миллиондардың тағдыры еді.

Солон Баржаның жұмыс орны сауда құрылыс банкі болатын, оның мақсаты- ақша қаражатының эмиссиясына құқық алу. Сол кезде ақшаға сұранысты қанағаттандыру үшін Үкімет «Банктік жеңілдіктер Актісі» шығарылады. Бұл құжат бойынша имидж жоғары банкілерге өзінің негізгі капиталынан үш есе артық сомаға бағалы қағаздар шығаруға рұқсат берілген. Осыған байланысты банкілер 400 мың долларға банкнот шығарып адам есітпеген үлкен пайызбен алыпсатарларға таратады. Осы операцияның нәтижесінде қаржылық тоқырауға ұшырайды, жекеменшік іскерлерді кедейлендірумен аяқталады.

Мұндай жағдайдың негізгі себебі банкілерде нормативті-құқықтық база болмаған, шығарылған ақшаның алтын эквиваленті жоқ болған. Екінші мәселе банк өзінің құзырындағы қаржының 75% артық сомаға ссуда беруі мүмкін емес еді, яғни жекеменшік капиталы және салым сомасынан аспауы керек еді.

ҚР заңдары бойынша екінші деңгейдегі банкілер өзінің негізгі қорының мөлшерінің 20% артық несие беруіне болмайды. Осы шаралар ақша-несие және монетарлық саясаттың негіздерін құрайды, оларға жататындар:


  • қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

  • қор биржасындағы операциялар;

  • ең төменгі резервтер саясаты;

  • банкілердің еркін келісімдері.

«Қалқан» романы жазылған кезде монетарлық саясат түсінігі болмаған, сондықтан онда бұл құрам жоқ. Бұл түсінік кейіннен эволюциялық жолмен шықты, ал бізде банктік реформалар ревалюциялық жолмен жүзеге асырылған..
Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Сіздің пікіріңіз бойынша квакерліктің оңтайлы жайлары болған ба? Болса олар қандай?

  2. квакерліктің негізгі қағидалары қандай және олардың коммерциямен қарама-қайшылықтары;

  3. не себепті капитализмнің монополистік кезеңі келгенде квакерлік ағым жойылып кетті?

  4. сол кездегі заңнамалар бойынша берілетін ссуданың ең жоғарғы мөлшері қанша еді?

  5. Қазақстанда мемлекет пен екінші деңгейлі банктердің арасындағы қарым-қатынас қалай реттеледі?



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет