Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы



бет14/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Қайтқан қалдықтар деп - өнімді өндіру үрдісінде қалыптасқан, бастапқы қасиеттерін толығымен немесе жарым – жартылай жоғалтқан және осыған байланысты жоғары шығынымен (өнім шығыны азайғанда) пайдаланылатын немесе өз орында тіпті пайдаланылмайтын шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар және материалдық ресурстардың және т. б. түрлерінің қалдықтарын айтады.

Тағайындалған технологияға сәйкес басқа өнім түрлерін өндіру үшін толық бағалы материал ретінде өзге цехтарға жіберілетін, материалдық ресурстардың қалдықтары өндірістік қалдықтарға жатпайды.



Жалақы шығындары элементінде негізгі өндірістік персоналдың жалақысы, оған қоса өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар, ынталандырушы және орнын толтырушы төлемдер, сонымен бірге негізгі қызметке қатысатын, кәсіпорынның штатында тіркелмеген жұмысшылардың жалақысының шығындары бейнеленеді.

Еңбекақы шығындарының құрамына мыналар кіреді:



  • кәсіпорында қабылданған еңбекақы төлеу тәсілі мен жүйелеріне сәйкес, кесімді бағалар, тарифтік ставкалар мен лауазымдық мөлшерлеріне қарай белгіленетін, орындалған жұмыс үшін жалақы төлемдері, жұмыскерлерге еңбектері үшін натуралды түрде берілетін өнім құны;

  • ынталандырушы сипаттағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар, кәсіптік шеберлігі және т. б. үшін тарифтік ставкалар мен жалақыға қосылатын үстемелер;

  • жұмыс тәртібі және еңбек жағдайларымен байланысты орнын толтырушы сипаттағы төлемдер, соның ішіндегі түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс, көп ауысымдық тәртіптегі жұмыстар, демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс, бірнеше жұмысты қатар атқарғаны үшін, ауыр, зиянды және ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін тарифтік ставкалар мен жалақыларға қосылатын үстемелер мен қосымша төлемдер;

  • заңға сәйкес тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтер, тамақтандырудың және кәсіпорын жұмыскелеріне берілетін тегін үй шығындарының құны;

  • кезекті және қосымша демалыстар ақысы (пайдаланылмай қалған демалыстың), сонымен қатар мемлекеттік міндеттерді орындау мен медициналық байқаудан өтуге байланысты кеткен уақыттың ақысын төлеу;

  • жеке иелікке тегін берілетін (арнайы киім, киім – кешекті қоса алғанда) заттардың құны;

  • жұмыскерлер санының қысқаруымен байланысты төлемдер; көп жылғы еңбегі үшін берілетін біржолғы сыйақылар (кәсіпорында мамандығы боынша жұмыс стажы үшін қосылатын үстемелер);

  • басқа кәсіпорындардан ауысып келген жұмыскерлерге нақты бір мерзім ішінде лауазымдық жалақы нормасын сақтауға байланысты төлнетін жалақы айырмасы.

Әлеуметтік мұқтаждықтарға, мысалы әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар белгілі бір мөлшерлер бойынша еңбекақы қорынан жүргізіледі. Бұл мөлшерлердің көлемі заң тәртібімен тағайындалады және қайта қаралуы мүмкін.

Негізгі қорлар амортизациясына барлық амортизациялық аударымдар жатады.

Бастапқы төрт элемент өзінің экономикалық мазмұны жағынан толығымен біртектес болып табылады. Шартты түрде “тағы басқа шығындар” деп аталатын соңғы топ өзінше ерекше. Бұл топқа шығындардың өзге элементтердің қай – қайсысына да қосуға болмайтын, өздерінің экономикалық құрамы жағынан әртүрлі шығындар кіреді. Бұл – пайыз бойынша төлемдер, материалдық емес активтердің тозығы, іс – сапар шығындары, өкілдік шығындары, жарнама шығындары, кадрлар дайындау шығындары және т. б.

Шығындар элементтері бойынша есептелген өзіндік құн өнімнің қандай нақты түріне пайдаланылғанына байланыссыз өндірістік бағдарламаны орындау үшін тұтынылған ресурстардың жалпы көлемінің құндық өлшемін бейнелеуге мүмкіндік береді. Экономикалық элементтер бойынша жіктеу, сонымен қатар, шығындардың қалыптасуы кезіндегі әр элементтің мәнін анықтауға және өзіндік құнды төмендетудің, айналым құралдарына қажеттіліктерін есептеуге және инвестициялар мен несиелерді экономикалық орналастыру үшін, яғни бизнес – жоспар құру кезінде шығындар сметаларын есептеуге мүмкіндік береді.

Тамақ өнеркәсібіндегі шығындар құрылымы


Шығындар баптары

Шығындардың үлес салмағы %

Материалдық шығындар

60-80

Еңбек шығындары

10-20

Амортизациялық аудармалар

5-10

Тағы басқа шығындар

5-10



Бақылауға арналған тест сұрақтары


    1. Өнімнің өзіндік құнына тікелей шығынды жатқызуды (мысалы, шикізат, материал шығындарын) не деп атаймыз?

  1. жанама;

  2. тура;

  3. кешенді;

  4. өндірістік;

  5. жауап жоқ.

Кәсіпорынның бір өндіріс бөлімшесінде өнімді дайындауға кеткен барлық шығынды есептеуді қандай өзіндік құн деп атайды?

  1. толық өзіндік құн;

  2. өндірістік өзіндік құн;

  3. жоспарлы өзіндік құн;

  4. цехтың өзіндік құн;

  5. коммерциялық өзіндік құн.

Өнімді сатудан түскен пайданың өнімнің өзіндік құнына пайыздық қатынасы нені сипаттайды?



  1. жалпы пайдалылықты;

  2. өнім пайдалылықты;

  3. есепті пайдалылықты;

  4. жалпы пайданы;

  5. жалпы табысты.

Баға дегеніміз не?

  1. тауардың өзіндік құны;

  2. тауардың ақшаға тұрарлық құны;

  3. тауардың баланстық құны;

  4. тауардың сұраныс пен ұсыныс арақатынасы және деңгейі;

  5. тауардың нарықта болуы.

Әртүрлі жай шығындардан, әртүрлі шығын элементтерінен тұратын, бір баппен өзіндік құнға ендірілуін қандай шығын деп атаймыз?



  1. шығын жиынтығы;

  2. жай шығын;

  3. шартты – тұрақты шығындар;

  4. тура шығындар;

  5. шығын элементтері.

Өнімді өндіру және сатудағы барлық шығындарды қосқаннан кейінгі өзіндік құн шығындарын не деп атаймыз?



    1. өндірістік өзіндік құн;

    2. цехтық өзіндік құн;

    3. толық өзіндік құн;

    4. тауарлы өнімнің салыстырмалы өзіндік құны;

    5. өнім бірлігінің өзіндік құны.

Кәсіпорын жұмысына байланысты емес және өзіндік құнның деңгейіне әсер ететін факторлар қайсысы?



  1. өндірістен тыс;

  2. өндіріс ішіндегі;

  3. ішкі цехтағы;

  4. ішкі зауыттағы;

  5. барлық жауаптары дұрыс.

Шығын баптары бойынша өнім бірлігіне өзіндік құн есебін жүргізгенде, қандай құжат керек болып қалады?



  1. шығын сметасы;

  2. калькуляция;

  3. шығын калькуляциясы;

  4. өндірістік өзіндік құн;

  5. цехтың өзіндік құны.

Есеп:

Есепті жылда тауарлы өнімнің өзіндік құны 450,2 мың теңгені құрады, яғни тауарлы өнімнің 1 теңгесіне-0,89 теңге шығын белгілі болды. Бизнес-жоспарда 1 теңге тауарлы өнімге 0,85 теңге белгіленген. Өнімді өндіру көлемі 8% өсіру көзделген. Ағымдағы жылы тауарлы өнімнің өзіндік құнын анықтау керек.

Шешімі:


  1. тауарлы өнімнің 1 теңгесіне келетін шығынды есептеу үшін төмендегі формуланы пайдаланамыз:

Ш=

ТӨҚ

VТӨ

Мұнада: Шт- тауарлы өнімнің 1 теңгесіне келетін шығыны, теңне;

ТӨҚ – тауарлы өнімнің өзіндік құны, теңге

Vтө – тауарлы өнімнің көлемі,теңге


Vтө1=

ТӨҚ

=

450.2

=505.843 мың теңге

Шт

0.89



  1. Vтө2=1,08 х Vтө1= 1,08 х 505,843 = 546,31 мың теңге

  2. Бизнес-жоспарда тауарлы өнімнің өзіндік құны тең болады:

ТӨҚ2= Vтө2 . Ш2= 546,31 х 0,85= 464,364 мың теңге

  1. Пайда 546,31-464,364=81950 мың теңге


  2. ПД

    81.950

    . 100=17,65%

    464,364
    Пайдалылық деңгейі



Есеп:

Есепті жылдың мәліметінде материалдардың мөлшерін 8%-ға төмендету арқылы бағаны 3% арзандату жоспарланған. Тауарлы өнімнің өзіндік құны есеп бойынша 120,6 мың теңге, шикізат және материал шығыны-80,8 мың теңгеі құрады. Осы көрсетілген факторлардың өнімнің өзіндік құнына тигізетін әсерін анықтау керек.

Шешімі:


  1. Өнімнің өзіндік құны құрамындағы материалдық шығынның үлесі:



Үм=

80.8

.100=67.3%

120

Есеп:


Акционерлік қоғамға кіретін А және Б деген кәсіпорындарының – жарты жылдық жұмыстарының қорытындылары төмендегідей:


Көрсеткіштер

А

Б

Тауарлы өнім көлемі, мың теңге

250

390

Тауарды шығарудың толық өзіндік құны, млн. теңге

200

300

Соның ішінде:

Тұрақты шығындар

Айнымалы шығындар

20

140


180


120

Шешу керек:



  1. А және Б тауар өнімінің 1 тг шаққандағы үлестік шығынын анықтаңыз,

  2. А және Б өнімдерінің пайдалылық деңгейін

  3. Қай кәсіпорынның еңбекті негізгі қорлармен қамтамасыз етілу деңгейі неғұрлым жоғары?

Шешімі:

  1. 200:250=0.8; 300:390= 0,77;

  2. 50:200=0,25 немесе 25%;

90:300=0,30 немесе 30 %

в) Б кәсіпорнының тұрақты шығындарының айнымалы шығындарына қатынасы 180/120=1,5; 60/140=0,44; тұрақты шығындар негізінен НӨҚ көлемімен анықталады.


19 – тапсырма. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
Жоспарлы калкуляция фирманың экономикалық бөлімімен белгілі бір мерзімге (жыл, тоқсан, ай) жасаланып, жұмыс уақыты, материалдар, электроэнергия және т. б. шығыындар нормасы негізінде құрастырылады. Жоспарлы калькуляция мынадай мақсатпен пайданылады:

  • өнімнің нақты түрлеріне шығару бағаларын белгілеу, фирманың материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына қажеттіліктерін анықтау үшін;

  • жоспарлы калькуляцияның мәліметтерін есептік калькуляцияның мәліметтерімен салыстыру жолымен өндірісті басқарудың сапасын бақылау үшін.

Мөлшерлік калькуляция фирманың қызмет ету жағдайында нақтылы қол жеткен анағұрлым үдемелі нормалары мен нормативтеріне қарай отырып есептеледі.Өндірісті басқару тәжірибесінде нормативтік калькуляция өзгеше эталон ретінде қолданылады, онымен мәліметтерді салыстыру арқылы өнімнің әр түрінің өзіндік құнын төмендету, шығындарды азайту жолдары мен пайданы көбейту көздерін табуға болады.

Есептік калькуляция фирманың бухгалтерлік бөлімімен құрастырылады және ол жоспарлы мәліметтермен салыстырудан басқа, ресурстардың әр түрлерінің тиімді пайдалануын бақылау құралы болып табылады.

Өзіндік құнды калькуляциялаудың бірнеше әдістері бар:



  • шығындарды толық бөлу арқылы өзіндік құнды калькуляциялау;

  • айнымалы шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау;

  • өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым тәсілі;

  • өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі;

  • өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлу әдісі;

  • дамыған рыноктық қатынастары бар елдерде қолданылатын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері

Шығындарды толық бөлу кезінде өнімнің өзіндік құны барлық өндірістік факторлар шығындарымен анықталады: оларға материалдар, еңбек, энергия, амортизация, сақтандыру және т.б. жатады.

Өндірістегі шығындарды есептеумен өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапаиым тәсілі біртектес өнім шығаратын (көмір, газ руда өндіру) кәсіпорындарда қолданылады.

Шығындарды есептеумен өнімнің өзіндік құны калькуляциясының тапсырыстық әдісі аз сериялы және дара өндірісті кәсіпорындарда, жөндеу кәсіпорындарында және тәжірибелік цехтарда қолданылады.

Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькулияциялаудың қайта бөліс әдісі көлемді өндірісі бар кәсіпорындарда қолданылады.

Дамыған рыноктық экономикалық елдерде шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялаудың келесідей жүйелері қолданылады: стандарт-кост жүйесі және директ-кост жүйесі.

Өзіндік құн калькуляциясы өндірістік үрдіске тікелей байланысты шығындарды өндірісті басқару мен оған қызмет көрсету шығындарынан бөлуге және мұны жеке өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға пайдалануға жол береді.

Шығындардың типтік топталуы келесідей түрде болады:



    1. Шикізат және материалдар;

    2. Көмекші материалдар;

    3. Қайтарылатын қалдықтар;

    4. Технологиялық мақсатқа арналған отын;

    5. Технологиялық мақсатқа арналған энергия;

    6. Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы;

    7. Өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы;

    8. Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар;

    9. Өндірісті даярлау және оны игеру шығындары;

    10. Жалпы өндірістік шығындар:

  • жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындары;

  • цехтік шығындар;

    1. Жалпы шаруашылық шығындар;

    2. Тағы басқа өндірістік шығындар;

    3. Коммерциялық шығындар.

Бұрынғы кезде цехтік құрылымды кәсіпорындарда бірінші 10 бап жинағы цехтік өзіндік құнды, 12 бап жинағы - өзіндік құнды, барлық 13 бап жинағы - өнімнің толық өзіндік құнын құрайды деп есептелетін. Соңғы жылдары Қазақстан “Директ - костинг” жүйесіне көшті, онда шығындар бөлімінде тек айнымалы шығындар есепке алынады.

Өзіндік құнды жоспарлау мен калькуляциялаудың салалық нұсқауларында шығындар баптарының келтірілген типтік номенклатурасына өзгерістер енгізілуі мүмкін екені көрсетіледі. “Материалдар” бабында мыналардың құны бейнеленеді:



  • өнімнің заттық негізін құрап немесе оны дайындаудың (қызмет көрсету, жұмыс жүргізудің) қажетті бөлігі болып табылып, өндірілген өнімнің құрамына кіретін, шет жақтан әкелінген шикізат, негізгі материалдардың, оған қоса транспорттық – дайындау шығындарының құны;

  • өнімді өндіру барысында қалыпты технологиялық үрдісті қамтамасыз ету үшін және өнімді буып – түюге пайдаланылатын немесе өзге де өндірістік және шаруашылық мұқтаждықтарға жұмсалатын, сатып алынатын бұйымдардың құны;

  • осы субъектіде қосымша өңдеуден өтетін жартылай фабрикаттардың, сатып алынатын бұйымдардың құны;

  • қорларды қоймаларға жеткізуде шеттен келген транспорт қызметінің құны.

Шикізат, материалдар, сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттарды (көмекші материалдар мен отынды) субъектінің өз транспорты және оның персоналының жеткізілуімен (тиеу – түсіруді қосқанда) байланысты шығындар өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (жалақы, материалдар, отын және т. б.) кіреді.

Транспорттық –дайындау шығындарына олардың келесі түрлері жатады:



  1. Өткізуші – жабдықтаушы ұйымдарға төленген үстеме бағалар;

  2. Барлық қосымша жинақтары мен қоса тасымалдау төлемі;

  3. Субъектінің қоймаларына материалдарды жеткізу және оларды түсіру шығындары;

  4. Дайындау орындарында ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймаларын және агенттіктерін ұстау шығындары;

  5. Дайындау орындарынан субъектінің қоймаларына материалдарды жеткізумен және оларды дайындаумен байланысты іссапарлар шығындары (субъектінің жүкшілері мен көлік жүргізушілерінің жүкті жабдықтаушылардан жеткізу кезіндегі іс-сапарларының шығындары және т.б.).

Көмекші материалдар бабында өнім шығару барысында қалыпты технологиялық үрдісті қамтамасыз ету үшін пайдаланатын көмекші материалдардың (технологиялық мақсаттағы материалдар) құны бейнеленеді. Егер олардың өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызу қиындаса, олардың құны өзіндік құнға келесі тәртіппен қосыла алады: өнімнің әр түріне технологиялық мақсатқа арналған көмекші материалдар шығынының мөлшерлері анықталып, осы шығын мөлшерлеріне және материалдардың жоспарлы өзіндік құнына сәйкес өнім бірлігінің сметалық ставкасы тағайындалады. Көрсетілген ставкалар материалдар шығыны, нормалар және бағалардың өзгеру шамасына қарай қайта қаралып отыруы тиіс. Көмекші материалдардың нақтылы шығындары өнімнің жеке түрлерінің, тауарлы өнімнің, аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына сметалық ставкаларға пропорционалды түрде қосылып отырады.

Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық шығындардың қайтарылатын қалдықтар құны кірмейді.



Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы бабына кесімді бағлар бойынша жұмыстар мен операцияларды орындау ақысы, жеке дара технологиялық операцияларды орындаумен айналысушы мерзімді жұмысшылардың жалақысы, сонымен қатар еңбекақы төлеудің кесімді және мерзімді сыйақылық жүйелері бойынша өндірістік жұмысшыларға берілетін қосымша төлемдері жатады.

Қосымша жалақы негізгі жалақысы нормативтері бойынша анықталады. Ал бұл нормативтер кәсіпорында қарастырылған төлемдер нормаларына қарай кәсіпорынның бөлімшелері бойынша бөлек – бөлек анықталады.

Әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдар – бұл негізгі және қосымша жалақы салаларынан жүргізілген әлеуметтік сақтандыруға арналған аударымдар.

Өндірісті даярлау және оны игеру шығындары – жаңа кәсіпорындар мен цехтарды меңгеру (бастапқы шығындар), өнімнің жаңа түрлері мен жаңа технологиялық үрдістерді даярлау мен игеру шығындары.

Жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар қосымша шығындарға жатады.

Жалпы өндірістік қосымша шығындар – бұл өндірісті басқару және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар бірнеше ортақ сипаттарға ие: кешендік сипатта болады, олардың құрамында шығындардың барлық экономикалық элементтері бейнеленеді.

Екі немесе одан да көп бұйым шығару кезінде бұл шығындар бұйымға тікелей жатқызыла алмауы мүмкін және бір жағынан, дайын өнім арасында, сосын жанама түрде бұйымдар арасында да бөлінеді.

Жабдықтарды күту және пайдалану шығындарына өндірістік және көтергіш – көліктік құрылғыларды, цехтік транспортты, жұмыс орнын күту, жөндеу және олардың амортизация шығындары, сонымен қатар құралдар мен аспаптары қалпына келтіру шығындары және олардың амортизациясы жатады.

Цехтік транспортты ұстау шығындарының өнімнің өзіндік құнындағы үлес салмағы елеулі болған жағдайларда, мысалы , астық қабылдау пунктерінде бұл шығындар жеке позицияға “ Шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар мен өнімдерді ішкі зауыттық тасымалдау” деп топтаған жөн. Бұл топта автокар, электокар, автомәшине, автотиегіштер және технологиялық көліктің және т.б түрлерін ұстау және күту (ағымдағы жөндеу мен амортизацияны қоса) шығындары бойынша мәліметтер жинақталар еді.

Құрылғыны ұстау және күту шығындарын өндірілген өнім түрлерінің арасында бөлу өнімінің сәйкес түрінің бірлігін дайындау кезінде құрылғының жұмыс істеу уақыты мен оның жұмыс ұзақтығы шығындарына қарай жүргізуі тиіс (құрылғының құнын, күрделілігін, қуаттылығын және т.б. сипаттамалары есепке алып отырып). Бұл үшін мәшине – сағат нормасы туралы мәліметтер негізінде есептелетін сметалық (нормативтік) ставкалар анықталады. Сметалық ставкаларды есептеудің еңбек сыйымдылығын азайту мақсаты мен экономикалық зертханалар, құрылғыларының топтарына арнап шығындардың бірыңғай коэффициенттерін қолдануға жол беріледі.

Жабдықтарды ұстау және күту шығындарының сметалық ставкаларының есептеу әдістемесі және олардың бөлу тәртібі субъектінің есептік саясатында келтіріледі.

Біртектес өнім шығаратын өндіріс механикаландырылуының деңгейі шамамен бірдей көмекші өндіріс цехтарында құрылғыны ұстау және күту шығындарын жеке тапсырыстар мен жұмыс түрлерінің арасында өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысына пропорционалды түрде бөлуге болады.

Өнеркәсіптің кейбір салаларының субъектілері үшін олардың өндіріс техникасы, технологиясы және ұйымдастырылуының ерекшіліктерін ескере отырып, құрылғыны ұстау және күту шығындарын бөлудің басқа тәсілдері де белгіленуі мүмкін.



Цехтік шығындар бабы – бұл құрамына цехті басқару аппаратының жалақысымен бірге әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдары, ғимараттар мен үй – жай амортизациясының шығындары, ғимараттар мен үй – жайды жөндеу шығындары, арнайы жұмыс киімі шығындары, құны төмен және тез тозатын құралдардың тозығы және өндірістік бөлімшелерді (цехтарды) басқару мен байланысты басқа да шығындар кіретін цехтік қосымша шығындар.

Әр цехтің қосымша шығындары осы цех дайындайтын өнімнің ғана өзіндік құнына кіреді. Өздерінің көмекші бөлімшелері үшін орындалатын жұмыстарға (қызметтерге) жататын қосымша шығындар үлесін анықтау барысында олардың ішінен осы жұмыстар (қызметтер) өндірісімен байланысты емес шығындар алып тасталынады. Қосымша шығындардың осы топтарының әрқайсысының ерекшелігі бар – бұл бөлімнің жеке түрлерінің арасында жанама түрде бөлінетін кешенді шығындар.



Жалпы шаруашылық қосымша шығындар – бұл өндірістік емес шығындар, олар кәсіпорынның, жалпы фирманың шеңберінде жүзеге асырылатын басқару қызметімен байланвсты.

Олардың құрамына мына шығындар кіреді:



  • кәсіпорынды басқару аппаратының жұмыскерлерін ұстау, олардың жалақысының, әлеуметтік мұқтаждықтарға аударымдарының, олардың жұмысына материалды – техникалық және көліктік қызмет көрсету, іс – сапар шығындары;

  • басқарудың техникалық құралдарын ұстау және күту, жарықтандыру және жылу беру шығындары;

  • аудиторлық және кеңес беру қызметтерін төлеу, банк қызметін (соның ішінде банк несиесі бойынша пайыздар) өтеу шығындары;

  • кадрларды дайындау және қайта даярлау, жұмысшы күшін жинау шығындары;

  • экология шығындарына байланысты қаржылар;

Есеп:

Кестедегі келтірілген мәлімет бойынша кәсіпорында шығарылған өнімнің өзіндік құн құрылымына кіретін шығын түрін (%) анықтаңыз.



Өнімнің өзіндік құн құрылымы.


р/с

Калькуляция баптары

Сомасы,мың теңге

Құрылымы%



Материалдық шығындар

145300






Еңбекақы төлеу шығыны

20000






Әлеуметтік мұқтаждыққа аударым

7700






НӨҚ амортизациясы

21000






Электроэнергия

6000






Өнімнің өзіндік құны

200000





: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет