Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы


Тапсырма -5. Экономикалық реформалаудың «Қазақстандық жолы»



бет2/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Тапсырма -5. Экономикалық реформалаудың «Қазақстандық жолы»

Әлем тарихында капитализмнен социализмге өткен елдердің тәжірибесі бар, оның керісі яғни социализмнен капитализмге көшкен бірде бір ел жоқ, ондай тәжірибе болмаған. Осы бағыттағы алғашқы қадамды Қазақстан және басқа Кеңес одағының құрамында және ықпалында болған республикаларға жасау қажет болды. Жалпы олардың саны 28 мемлекет еді.

Осы орайда АҚШ, дамыған Батыс елдері, Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Бүкіләлемдік банк (ББ) оларға рынокқа өтудің екі жолын ұсынды.


  1. «Шоковая терапия» (есеңгірету емі) яғни мемлекеттің экономика саласындағы құзырын барынша шектеу, қоғамдық мүлікті жаппай жекешелендіру, бағаны босатып жіберу, экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттелмей әрбір кәсіпорын және кәсіпкерлердің өз еркіне беру тетіктері.

  2. «Вашингтонский консесус» (Вашингтондық бәтуа) яғни ХВҚ,ББ және АҚШ қаржы министрлігі бірігіп нашар дамыған мемлекеттерге рынокқа өту үшін жасаған үсынысы. Олар: жаппай жекешелендіру, әлеуметтік көмекті барынша шектеу, бюджет тапшылығын азайту, ұлттық ақшаны оның долларға қатынасымен есептеу, еңбекақыны үнемдеу т.б.

Халықаралық ұйымдар осы шараларды орындаған жағдайда ғана көмек беретін болды. Қазақстан, Ресей, Украина, Орталық Азия және Кавказ мемлекеттері бірінші жолды таңдады, оның шарттарының орындалуына қарап ХВҚ қаржылай жәрдем көрсетті. Егемендік алған 20 жылдың жартысы рынокқа өтудің «Шоковая терапия» жолының қиыншылықтарын жеңуге кетті. Бірден ЖІӨ 40% төмендеп кетуі, бағалардың он-жүз есе өсуі, инфляция деңгейінің жоғарылығынан бәсекелестік орта қалыптаспады, сыбайлас жемқорлық етек жайды, халықтың жинаған қорының көбінен айрылды, тұрмыс жағдайы төмендеді. Нәтижесінде жаппай бұқара кәсіпорындар, жер телімін сатып алуға толығымен қатыса алмады. Оның орнына шетел капиталы ең тиімді салаларды иеленуге қол жеткізді.

Осыған қарамастан Президенттің басшылығында Қазақстан ашық демократиялық қоғам құрып жатқан ел екендігіне шетелдің дамыған мемлекеттері, халықаралық ұйымдар көз жеткізді.

Осындай сенімділіктің нәтижесінде Қазақстанға тәуелсіздік жылдары 120 млрд. доллардан артық инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш ТМД елдерінің арасында ең жоғарысы еді және еліміздегі реформаларды тоқтатпай жүргізуде шешуші рөл атқарады.

Қазақстанда реформалардың тоқтамай және жедел жүруіне Қазақстан халқының, қоғамның таңдаған бағытынан таймауы, көрсеткен табандылығын сипаттайды. Сонымен қатар көптеген қиыншылықтарды жеңуде 1997 жылы жарияланған «Қазақстан -2030» Даму стратегиясы маңызды рөл атқарды.

Бұл стратегияның басты бағыттары:


  • ұлттық қауіпсіздік;

  • ішкі саяси тұрақтылықты сақтау;

  • ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу;

  • Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау;

  • әл-ауқатын өсіру;

  • энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану;

  • инфрақұрылым, көлік және байланыс салаларын дамыту;

  • кемелді мемлекет құру.

Орындалу мерзімі 4 кезеңнен тұратын Стратегия аяқталғанда Қазақстан дамыған елдер санатына қосылуы керек.

1-кезең: 1997-2009, 2-кезең: 2010-2014, 3-кезең: 2015-2020, 4-кезең: 2021-2030 жж.

Еліміздегі сан алуан реформалардың ішінде: бірінші басымдық осы экономика саласында түйінді халыққа жария етті. «Алдымен экономика» стратегиялық тұжырымдамасы дүниеге келді. Осы тұжырымдаманы орындау үшін заңнамалық базасын Президент өз қолына алып 140 астам жарлықтары жарияланды.

Қазақстан халқы реформалардың жемісін көре бастады, шетелдік мамандар реформалардың нәтижелік ерекшеліктерін бағалай отырып біздегі реформаға «Қазақстан жолы» деген ат қойып айдар тақты.

Қақазстан әлемдегі 170 елмен экономикалық байланыс орнатқан, солардың ішінде алдыңғы 50 елдің қатарына қосылу мақсатында «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деп атауымен 2004 жылы жарияланған жолдауының маңызы зор. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны тұрақты ұстап тұру мүмкіндігі осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Егемендіктің 20 жылында еліміз әлем елдерінің орташа табысы бар елдердің қатарына қосылды. Осы жылдары Қазақстанның ЖІӨ 12 есе өсіп, әлемдегі 180 елдің бел ортасынан орын алдық.

2003-2015 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы экономиканы технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, «Қазақстан жолының» өте күрделі тармағын дамытуға арналған. Осы бағдарламада Қазақстанның индустриалды елге айналуы көзделген. Мұның негізінде білім және ғылым жаңалығын кең пайдаланатын инновациялық технологиялар жатыр. АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия «жолбарыстары» жылдық ішкі жалпы өнімнің 50-80% инновациялық технологиялар негізінде алынған. Осындай жолға түсу үшін ұлттық инновациялық жүйе, технопарктер, даму институттары құрылып жұмыс істеуі маңызды.

2008-2009 ж.ж. әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыс Қазақстан экономикасына теріс әсерін тигізді, одан тиісті қорытынды шығарылып дағдарыстан тез шығу шаралары көрілді.

Соның негізгісі 2010-2020жж. арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. Орындау мерзімі бес жылдан екі кезеңге бөлінген, мақсаты – экономика саласын, оның технологиялық, жаңашылдық деңгейі мен тиімділігі жағынан Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына қосу болып табылады.

Бұл бағдарламаның негізгі бағыттары:


  • индустриалдық негізде және керекті инфрақұрылымдарды жасақтай отырып экономиканың жедел және тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

  • еліміздегі адам капиталының бәсекеге қабілеттілігіне осы салаға инвестиция бағыттауды арттыру арқылы қол жеткізу;

  • халықтың тұрғын үйі, тұрмыс, әлеуметтік салаларының саласын арттыру.

Бағдарламаның мақсаттары:

  • ІЖӨ өсуі кемінде 30%;

  • өңдеуші салалардың өсімі игеруші салаларға жетеді немесе асып кетеді;

  • экономиканың шикізаттық емес салаларына жалпы инвестиция 30% артады;

  • 2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 трлн. теңгені құрайтын 294 инвестициялық жоба жүзеге асырылады;

  • еңбек өнімділігі жалпы экономикада 2 есеге, ал агроөнеркәсіпте 4 есеге артады;

  • халықтың азық-түлікке деген сұранысының 80% өз ауыл шаруашылық салаларында өндіріледі;

  • негізгі инвестиция өңдеуші салаларға 20 млрд. доллар тарту көзделген;

  • білім және ғылым саласына қазір ЖІӨ-нің 3,9% жұмсалса, бұл көрсеткіш артып әлемдегі орташа көрсеткішке жеткізіледі (5,1%).

Бақылауға арналған сұрақтар



  1. Қазақстанның экономикалық реформалауға таңдаған жолы.

  2. «Шоковая терапия» жолының мәні мен мазмұны.

  3. «Вашингтонский консесус» әдісінің маңызы.

  4. «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы және негізгі бағыттары, орындалу кезеңдері.

  5. Реформалаудың «Қазақстан жолының» нәтижелері мен жетістіктері.

  6. ҚР 2010-2020ж.ж. үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасы және негізгі бағыттары.

  7. Стратегиялық бағдарламаның негізгі мақсаттары.

  8. Кедендік одақ және Еуропалық экономикалық кеңістік.


Тапсырма - 6. Қазақстан индустриалды елге айналады

Қазақстанның 2010-2014 ж.ж. Үдемелі индустриалды инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын Президент Жарлығымен бекітілді. Ол еліміз өркендеуінің 10 жылдық стратегиясының алғашқы 5 жылдық индустриалды жоспары болып табылады.

Мұндағы барлық мақсат-міндеттер нақты тетіктермен, тиісті қаржыландырумен, тиімділік көрсеткіштерімен тиянақталған. Осы орайда Үкімет өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру схемасын, сондай-ақ республикалық және өңірлік маңызы бар жлбалар қамтылған индустриаландыру Картасы қабылданды. Бағдарламада экономиканың басым салалары белгіленген, олар:


  • агроөнеркәсіптік кешен;

  • металлургия;

  • мұнай өңдеу;

  • энергетика;

  • химия мен фармацевтика;

  • құрылыс материалдары;

  • көлік пен инфокоммуникациялар;

  • мәшине жасау;

  • уран және атом өнеркәсібі;

  • жеңіл өнеркәсіп;

  • туризм мен ғылым.

Осы бағдарламаның алғашқы жылы (2010 ж) Қазақстанды индустриаландыру картасына енген 152 нысан қатарға қосылды, олардың жалпы құны 800 млрд. теңгеден артық, сол кәсіпорындарда жаңадан 23 мың жұмыс орны ашылды. Оған қоса сол жылы отыздан астам инвестициялық сипаттағы іс-шараларды жүзеге асырып 9,6 млрд. АҚШ долларына тең келетін екі жақты 150 құжатқа қол қойылды. Өңдеуші кәсіпорындарға бағытталған инвестицияның көлемі 2 млрд. долларға артты.

Ал, 2011 жылы 200-ге жуық жоба іске қосылып, 21 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

Мемлекеттік бағдарлама аясында 13 салалық және 10 функциялық бағдарламалар қабылданды. Функциялық бағдарламалар қолдаудың жүйелік іс-шараларына орай жасалады. Қазір қазақстандық үлесті арттыру, тариф саясаты, бәсекелестік, сауда, инновация, минералдық-шикізат база, инвестиция тарту, электр қуатын дамыту, техникалық реттеу бойынша осындай бағдарламалар қабылданған.

Мемлекет басшысының ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасына орай отбасылық бизнестің ауылдық жерде жүзеге асыруға болатын 100 түрі бойынша ақпараттық анықтамалық материалдар дестесі әзірленген. Солардың ішінде: мал бордақылау, қыш-құмыра кәсіпшілігі, тыңайтқыш дайындау, шаштараз ашу, құлпынай өсіру тағы сол сияқты көптеген кәсіптер бар. Бұл құжаттар дестесінде шағын несие алудан бастап, бизнесті ашудың, жүргізудің технологиясы, экономикалық есептеулер егжей-тегжейлі жасалған.

Елімізде әлеуметтік мәселелердің шешілуі отандық өндірісті өркендетуге бағытталған жаңа экономикалық саясаттың қалай жүзеге асырылатындығымен тікелей байланысты. Жаңа экономикалық саясат негізі бұл – ұлттық экономиканы әртараптандыру және бәсекеге төзімділігін арттыру жоспарлары. Ал жоспарлар негізі қаржы көзі болып табылады, ол шетел инвестициясы екенін жақсы білген дұрыс.

Үкімет отырысында Елбасы инвестиция тарту ел байлығын арттырудың, халықтың әл-ауқатын жақсатрудың өзекті арнасы екендігін атап көрсетті. Инвестиция тартуды қолдау үшін арнайы іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Инвестиция тарту, арнаулы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөнінде салалық бағдарламалар бар.

Қазақстанның негізгі инвесторлары кімдер деген сұрақ туындайды? Ең алдымен «Форбс Глобал 2000» тізімінен 18 компанияны осы іске тартуды мақсат етіп отыр.

Елімізде шетелдік инвесторларды инвестиция салуға ынталандыру бойынша бірқатар шаралар іске асырылады:



  • индустрия және жаңа технологиялар министрлігі шетелдік инвесторлар үшін ортақ терезеге айналды;

  • 12 тілде Қазақстан туралы, елдің экономикалық саясаты жайында ақпарат тарататын инвестициялық веб-портал ашылған;

  • «Инвестициялар туралы» заңға сәйкес инвестициялық преференциялар: құрал-жабдықты және оларға қосалқы бөлшектерді импорттау кезінде кеден бажынан босату, жер бөлу, ғимарат беру сияқты гранттар ойластырылған;

  • шикізаттық емес салаға инвестиция тартуды ынталандыруға қатысты заңнаманы жетілдіру қажет;

  • экспорттаушыларға сервистік қолдауды жолға қою шаралары;

  • шетелдерде экспорт бойынша өңірліктер ашу, рыноктың жағдайын зерттеу.

Алдағы кезеңде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешен және ауылшаруашылық өңдеу істерінің көкейкесті болуына байланысты бірқатар жобалар іске асырылады.

Өнеркәсіпті және стратегиялық бағдарламаны орындау үшін энергетика саласына көңіл бөлінеді, 2014 жылы электр энергиясын өндіру 97,9 млрд. квт/сағатқа жетеді, ал тұтыну көлемі 96,8 млрд. квт/сағатты құрайды.


Талқылауға арналған сұрақтар

  1. 2010-2014 ж.ж. үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының мақсат-міндеттері;

  2. бағдарламадағы экономиканың басым салалары;

  3. бағдарламаның 2010 және 2011 жылдардағы негізгі көрсеткіштері;

  4. бағдарламаны қолдаудың жүйелік іс-шаралары;

  5. кәсіпкерлікті және отбасылық бизнесті дамыту шаралары;

  6. елімізде индустрияландыруда инвестицияның орны;

  7. қазақстанның негізгі инвесторлары кімдер?

  8. шетелдік инвесторларды инвестиция салуға ынталандыру шаралары.

Тапсырма -7. Қазақстан Республикасының ұлттық қоры

Ұлттық қордың негізгі мақсаты мемлекеттің қор жиынтығын қалыптастыру арқылы республикалық және жергілікті бюджеттің әлем рыногындағы баға құбылмалылығына тәуелділігін азайту яғни тұрақтылық қызметті атқару.

Ұлттық қор- ҚР Ұлтық Банкі үкімет шотында шоғырландырылған қаржы активтерінің жиынтығы. ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының 3-5 жылдық индекативті жоспары құрамында мұнайдың, металлдың және басқа экспортқа шығарылатын шикізаттық өнімдердің тұрақты есептік бағалары анықталады. Осы көрсеткіштер негізінде тауар өндірушілерге орташа өткізу бағалары белгіленіп соған сәйкес мемлекеттік бюджеттің шикізат секторынан түсетін табыстары айқындалады. Шикізат тауарларына тұрақты бағаларды белгілеу есептеулері әлемдік бағалардың динамикасын болжамының төменгі денгейі қабылданғаны дұрыс.

Қорды қалыптастыру үдерісінде оның экономиканы тұрақтандыру қызметін кепілді түрде атқару мақсатында бюджет түсімдерін орындау барысында бекітілген төлемнен және алымнан артқан шикізат салаларынан бекітілген төлем және міндетті алымдардың аудармаларының мына түрінен артқан мөлшері есептеледі:



  • табыс салығы;

  • қосылған құн салығы;

  • жоғары денгейлі пайдадан алынған салық;

  • бонустар;

  • роялттер.

Қордың жиынтық функциясын атқару төмендегілер есебінен қалыптастырылады:

  • мемлекеттік және жергілікті бюджетке салықтар және басқа міндетті төлемдер есебінен ресми трансферттер 10% мөлшерінде;

  • қорды басқарудан түскен инвестициялық табыс;

  • басқа түсімдер.

Қордың жұмсалатын шығындары:

  1. мемлекеттік және жергілікті бюджетке түсімдер ретінде, шикізаттық секторларға бекітілген салық және міндетті төлемдер және нақты түскен сомасы арасындағы айырманы яғни жоғалтулардың қайтарымы ретінде;

  2. ҚР Президенті, Үкіметі белгілеген мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттерге мақсатты трансферттер үшін;

  3. қорды басқару шығындарын қайтару үшін.

Қорды жинақтау және одан инвестициялық табыс алу мақсатында сенімді және өтімділігі жоғары қаржы активтеріне жайғастырылады.

Президент қорды басқару кеңесінің құрамын қалыптастырады және бекітеді:



  • кеңеске міндетті түрде атқарылатын нұсқаулар береді;

  • іс-әрекетін бақылайды, ал үкімет есеп және есептілік түзу ережелерін әзірлейді және бекітеді;

  • қорға аударма үлестер тәртібін анықтайды;

  • Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп ақпараттық материалдар ұсыну тәртібін әзірлейді;

  • қорды аудит жасауды қамтамасыз етеді;

  • Ұлттық банк инвестициялық операцияларын жасау және дербес қорды инвестициялау ережелерін әзірлейді және бекітеді.

Кеңестің қызметіне мыналар жатады:

  1. қорды пайдаланудың концептуалдық мәселелерін қарастыру және анықтау жолдары;

  2. қорды пайдалану көлемі, бағыттары бойынша ұсыныстарды және оның қалыптасуының жылдық есебін қолдану.

Қордың ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурстық негізде сыртқы аудит өткізіледі және қортындылары БАҚ-да жарияланады.

Қор 2001 жылы құрылған содан бері яғни 1.01.2011 жылғы мәліметтер бойынша түсім сомасы 40,0 млрд АҚШ долларынан асып, дамып келеді.

Сонымен қатар 100% мемлекеттік қорға «ҚР Даму Банкі» жатады. Оның қызметі ақша құралдарын белгілі мерзімге бейін жинақтап, болашақ ұрпаққа қаржы активтерін қалыптастыру, сыртқы қарыздарды қайтару, дефолтқа жол бермеу.

Талқылау үшін ұсынылатын сұрақтар



  1. сіздің пікіріңіз бойынша шынайы сектордан қаржы секторына ақшаны ығыстыру яғни Қазақстан экономикасынан ақшаны шығарып «Жатақ ақшаға» айналдыру қаншалықты дұрыс?

  2. Қорды бақылау және реттеу іс-әрекетіне қоғамдық институттарды қатыстыру керек пе?

  3. Екі банклік және қаржылық құрылымдар: ұлттық қор және «ҚР даму банкі» бірін-бірі қайталап тұрған жоқ па?

  4. Осы қаржыларды ғылымға қажеттілігі бар пайдалылығы жоғары салаларға бағыттап, көп пайда алатын және пайдасы жоғары салалардан тауаша тапқаны дұрыс емес пе?

Тапсырма -8. Шағын және орта бизнестің дамуына тосқауылдар қандай?

Бізге белгілі болғандай әрбір елдің экономикасы оның үлкен-кішілігіне қарамастан шағын және орта кәсіпкерлікке негізделіп даму табады. Дамыған мемлекеттерде шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 60-80% дейін жеткен. Бұл елдерде мөлшерлері шағын кәсіпорындар тұрғындарды жұмыс орындарымен, тауарлар және қызметтермен қамтамасыз етеді.

Орта және шағын бизнестің маңыздылығы рыноктық экономика дамыған елдерде арта түседі және құрылымдық факторларды қалыптастыруда басты рөлді ойнайды:


  • бәсекелестік ортаны дамытады;

  • рынокты тауарлар және қызметтермен толықтырады, ұлттық қолөнерін дамытады;

  • жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтады;

  • ауылдарды, кіші және орта қалаларды дамытуға септігін тигізеді.

Қазір елімізде 233,7 мың шағын және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істеп келеді, олардың ЖІӨ-дегі үлесі 20% артты, осы көрсеткішті екі-екі жарым есеге арттыру міндеті қойылған яғни 40-50% жеткізу.

Шағын кәсіпорындар негізінен сауда-саттыққа, автомобиль жөндеуге, үй-тұрмыста пайдаланылатын бұйымдарға мамандандырылған. Кіші кәсіпорындардың саудаға бейімделуінің себебі ол үшін қомақты капитал салымының айналма құралдық қажеті жоқ, сонымен қатар ақша қаражатының айналымын жеделдету мүмкіндігі бар.

Мемлекетімізде әрбір сегізінші ірі кәсіпорын өнеркәсіп саласында жұмыс істейді, бұл салаға шағын және орта кәсіпорындардың ықпалы мен әсері шамалы.

ҚР статистикалық агенттігінің мемлекеттік тіркелім негізінде заңды тұлғалар туралы деректер және олардың жіктелуі 1 кестеде келтірілген. Кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санына және өндірген өнім құнына байланысты: шағын (50 адамға дейін), орта (51-ден 250 адамға дейін) және ірі (250 адамнан көп) деп сыныпталған.


1 кесте. Шағын, орта және ірі кәсіпорындар туралы деректер (01.01.2007ж)

Түрі

Саны, мың

Соның ішінде зерттелген шағын кәсіпорындар

Саны, мың

Жұмыскерлер, мың адам

Өндірілген өнім, қызмет млн.тг

Шағын

233,7

95,9

780,6

4496,0

Орта

12,1

-

-

-

Ірі

2,6

-

-

-

Барлығы

248,4

-

-

-

Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ҚР Президентінің алғашқы жарлығы «Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру туралы» 1997 жылы шыққан. Одан бері осы саланы қолдау бойынша 4-5 өте маңызды құжаттар қабылданды.

Сол құжаттарда анықталған міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлікті қолдау Орталығы құрылған, ал облыстарда, қалаларда және аудандарда осы орталықтың бөлімдері құрылып жұмыс істейді. Олар сенімді телекоммуникациялық жабдықтармен және білікті кадрлармен қамтамасыз етілген. Олардың Еуроорталықтағы бизнес құрылымдары және сауда палаталарымен тікелей байланыстары бар, тиісті бизнес ақпарат алу мүмкіндіктері жасалған.

Сонымен қатар «Қазақстан Бизнес Сервис» қоғамдық қоры, Трейнинг-Орталық құрылып Еуропа мемлекеттерімен ақпараттық байланыс орнатылған, кәсіпкерлер форумдары, трейнингтері және басқа кездесулері болып тұрады.

Бұл орталықтар жекеменшік бизнесті қолдау, инвестиция тарту, бизнес-жоспар түзуге және консальтингтік қызметтерге көмектеседі.

Елбасы 2011 жылға халыққа Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуды экономикада басыңқылық берілетін сала ретінде атап өтіп арнайы міндеттер жүктеді.

Шағын және орта бизнесті дамытуға тосқауылдар мыналар:


  • әкімшілік тосқауылдар, шенеуніктердің бюрократиялық қарым-қатынасы және сыбайлас жемқорлық;

  • несиенің қол жетімділігінің күрделілігі;

  • салық жүктемесінің ауырлығы;

  • орынсыз тексерулер мен айыппұлдар.

Кәсіпкерлер есеп -қисаптың, салық салудың есебінің күрделілігін атап өтеді. Несиенің қол жетімсіздігінен айналма құралдың жетіспеушілігі шағын бизнестің дамуын тежейді. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша заңдар мен нормативтік актілердің орындалуының әлжуаздығы. Осы тосқауылдарды жою, кәсіпкерлік іс-әрекеттерді үйлестіру шағын және орта бизнесті дамытуға септігін тигізеді.

Бақылауға арналған сұрақтар



  1. сіздің пікіріңіз бойынша орта және шағын бизнесті дамытудағы өткір мәселелер қандай?

  2. сіздің пікіріңіз бойынша орта және шағын бизнесті дамытуға қандай тосқауылдар бар?

  3. не себебті екінші деңгейлі банклер шағын және орта бизнесті қаржыландыруға ынталы емес?

  4. шағын және орта бизнесті дамытуға салық жүйесінің кемшіліктері неден құралады?

  5. мемлекет шағын және орта бизнесті дамыту үшін қандай шараларды жүзеге асыруы керек?

6) шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының мақсаты қандай, болжамдар жасаңыздар.

Тапсырма -9. Қазақстанды өркениетке орташа тап жеткізеді

Қазақстан әлі өтпелі кезеңнен өте алған жоқ, әлі жолда тұрмыз. Бұл кезеңді айналып өтуге болмайды, АҚШ,Батыс Еуропа, Жапония басқа дамыған мемлекет құру үшін осы кезеңнен өту қажет, бірқатар маңызды мәселелерді шешу керек болады. Солардың бірі қазақ қоғамында орташа тапты қалыптастыру.

Орташа тапты қалыптастыру арқылы елдердегі жаңартуға, жаңғыртуға, экономика саласында тұрақты даму мен белсенділікке қол жеткізуге болады. Әлем өркениетке жету тек орташа тап арқылы орындалады.

Өте байлар мен өте кедейлер жіктелуінің ортасында осы тап дамыған елдерде халықтың 60%үлесін алады және қоғамның негізгі бөлігі болып саналады. Бұл тап өзінің кәсіби табысымен немесе еңбегіне алатын жалақысымен заман талабына сай өмір сапасын жанұясына қамтамасыз ете алатын адамдар. Сонымен қатар сол заманға сәйкес мінез-құлқы қалыптасқан, әлеуметтік және жаңашылдық белсенділігімен ерекшеленетін адамдар табы.

Қазақстан қоғамының орташа табы құрылып болған жоқ. Кейбір зерттеулерге сүйенсек оның үлесі біздің елімізде 15 % аспайды. Орташа таптың негізгі бөлігін кәсіпкерлер, ең алдымен шағын және орта бизнес өкілдері құрауы керек. Шағын және орта бизнестің үлесі ЖІӨ-де тек 30% құрайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 60% асады. Қазақстандағы экономикалық реформалардың қарама-қайшылығы және басты кемшілігі осында.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолында мемлекет тарапынан бірқатар қолдаулар көрсетіліп келеді: салықты жеңілдету, лицензия алуды шектеу, несие алуға көмектесу тағы басқалар. Дегенмен бұл салада серпінді алға жылжу мен белсенділік байқалмайды. Бұл салаға тосқауылдар жетерлік, оларға жататындар орынсыз тексеру мен бақлаудың көптігі, мемлекеттік қолдауды күшейту қажеттілігі бар. Бұл саланың негізін құрайтындар сауда, ұсақ-түйек жөндеу, қызмет көрсету, өңдеуші салаларда нашар дамыған, олардың инновациялық деңгейі төмен.

Бүгін халықтың 32% өзін-өзі қамтамасыз ететіндер және олардың басым көпшілігі ұсақ тауарлы шаруа қожалықтары, бұлардың тұрмыс деңгейі де, еңбек өнімділігі де төмен, жұмыссыздар деңгейін арттыру әлеуеті жоғары, олар аграрлық салаға бөлінген несиені пайдалана алмайды. Бүгінгі күнде бұлар индустриялды-инновациялық бағдарламаға қатынаса алмай шетте қалып отыр.

Орташа таптың екінші басым бөлігін құрайтындар жалдамалы және интелектуалдық мамандық иелеріде жатады: ғалымдар, кәсіби білімі жоғары инженерлер, менеджерлер яғни ой еңбегінің өкілдері. Сондай-ақ орта буын мамандары: дәрігерлер, мұғалімдер, бюджет және әлеуметтік қызмет көрсету салаларының қызметкерлері тағы басқалар. Елімізде қаржы саласының мамандары болмаса (банк, қаржы т.б.) басқаларының тапқан табыстары орташа тап құрылымына қосуға болмайды.

Кейбір әлеуметтік зерттеулер бойынша біздің елде орташа таптың санатына жату үшін жоғарыда аталған мамандардың орташа табысы жан басына шаққанда 2-2,5 мың доллар және 25-30 шаршы метр тұрғын үйі болуы керек. Басқа бір зерттеулер бойынша әрбір азаматтың орташа ең төменгі табысы 60-70 мың теңгеден кем болмауы керек. Біздің жағдайда бұл көрсеткіштерден алшақ жатқандар саны басым.

Салыстыру үшін еліміздің әлеуметтік саласының кейбір белгілі көрсеткіштерін келтірейік. 2001-2009 жылдары халықтың тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетуіне жұмсаған қаржысы 2,06 трлн. теңгеден 8,42 трлн. теңгеге дейін яғни 4 есеге өскен. Осы жылдардың орташа табысы жан басына шаққанда 7670 теңгеден 34736 теңгеге дейін яғни 4,5 есеге артқан. Тек соңғы жылдардың өзінде зейнет ақы, әлеуметтік көмек, шәкіртақы, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 2-2,5 есеге артты.

Бірақ жоғарыда көрсеткеніміздей бұл көрсеткіштер заман талабына сәйкес келмейді, сондықтан әлеуметтік саланы дамытуда мәселелер баршылық.

Орташа таптың үшінші өлшемі адами капиталды барынша дамытып, терең де сапалы білім беру жүйесін қалыптастыру, мамандар дайындауды әлемдік деңгейге жеткізу. Еліміздің халқының әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын барынша шыңдап, олардың жаңалыққа, жаңа экономикаға, еңбекке деген белсенділігін, инновациялық қабілетін арттыруға ынталандыру.

БҰҰ 2010 жылғы деректері бойынша Қазақстан 169 елдің ішінде осы көрсеткіш бойынша 66-шы орынды иеленген яғни жоғары деңгейде дамып келе жатқан елдер қатарына жатады. Бізбен қатарлас келе жатқан елдер Ресей, Украйна, Грузия, Армения тағы басқалар. Ал, Түркіменстан -87-ші, Өзбекстан-102-ші, Қырғыстан-109-шы, Тәжікстан-112-ші орында.

Ендігі біздің міндетіміз адами дамуы өте жоғары 42 елдің қатарына қосылу, бұларда жан басына шаққан ЖІӨ 20-35 мың доллар деңгейінде, ал орташа өмір сүру деңгейі 78-81 жасқа дейін. Біздің мақсатымыз осы деңгейге жақын келу.

Елбасы әлеуметтік жанғырту мәселелеріне көңіл бөле тұрып, осы бағыттағы аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды бекітті: білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту. Сонымен қатар Үкіметпен жергілікті органдарға жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын, тұрғын үй-коммуникалдық шаруашылықты дамыту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын жасап қабылдауды тапсырды.

Қазақстанда байлар мен кедейлердің арасы алшақ. Әлеуметтік сала мамандары қоғамдағы халықты табысы жағынан әрқайсысы 20% бес топқа жіктеген.

2001-2009 ж.ж. ең аз табысы бар бірінші топтың үлесі 7,3% дан 9,7% дейін өскен, ал ең көп табысы бар бесінші топтың үлесі 41,9% дан 37,0% төмендеген. Байлар сан жағынан аз болғанымен саясатқа, экономикаға ықпалы зор.

Алдағы уақытта ерекше көңіл бөлетін мәсе бұл ауыл экономикасы, ауылдың әлеуметтік жағдайы. Еңбек өнімділігі, өмір сапасы ең төмен осы сала.

Ауылдағы рыноктың дамуына тосқауылдар:


  1. шағын ауыл, үлкенді-кішілі ұжым болып істейтін ауыл адамдарының көбі біздегі рыноктық қатынастан өз орнын таба алмай отыр;

  2. әрбір шаруа қожалығын керек техника және технологиямен қамтамасыз ету үшін 200-300 мың доллар қаржы қажет, оларда ондай мүмкіндіктер жоқ;

  3. жер телімдері олардың иелерінен ұзақ жерде орналасқан, коммуникация желілері жоқ;

  4. мемлекет тарапынан қолдау жеткілікті емес, басқа елдермен салыстырғанда еселеп төмен;

  5. өңдеуші кәсіпорындар ауылда аз;

  6. кәсіби деңгейі жоғары мамандар аз,оларды толықтыру жұмысы жоқтың қасы.

Ауыл экономикасынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мына шараларды іске асыру қажет:

  1. жаңа озық техника негізінде көкөніс өндіретін, мал бордақылайтын, ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындарды дамыту қажет;

  2. жеке шаруашылықтарды қолдауды күшейту қажет;

  3. жоғарыдағы екі бағытқа кірмеген шаруа қожалықтарын біріктіріп оларды ӨК-терге, колхоздарға айналдыру дұрыс.

Осы жолдармен 2016 жылға ет экспортын 60 мың тоннаға жеткізіп, оның құнын 4 млн. тонна бидай құнына теңестіру, осы мақсатқа мемлекет тарапынан 130 млрд. теңгелей несие беру, 20 мыңнан астам жұмыс орындарын4 ашу көзделген. Ауылдағы шағын кәсіпкерлікке 2011 жылы 3,0 млрд. теңге микронесие беру, 2012-2015 ж.ж. 10-15 млрд. теңгеге дейін арттыру жобаланған.

Бақылауға арналған сұрақтар



  1. орташа тап түсінігі және көрсеткіштері;

  2. орташа тапты қалыптастырудың шетелдік тәжірибелері және оның өлшемдері;

  3. орташа тап және шағын-орта бизнестің байланыстылығы;

  4. орташа таптың құрылымдары және сипаттамалары;

  5. Қазақстанда әлеуметтік саланы жаңғырту бағыттары;

  6. ауыл экономикасын дамыту бағыттары және алға қойылған міндеттері.

Тапсырма -10. Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы

Әлемдік жұмыссыздықпен күресті жүргізетін беделді ұйым – Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ). ХЕҰ есебі бойынша 2010 жылы әлемде 250 млн. адам жұмыссыздықтың зардабын тартқан, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 27,6 млн. адамға артқан. Ал, 2011 жылы бұл мәселе өткірлігін төмендетпейді, себебі болжамдар бойынша жұмыссыздар саны 203,3 млн. адамды құрайды. Осы орайда Қазақстанда « Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қабылданды. Жұмыссыздықтың жалпы жағдайын талдау үшін әлемдік жағдайды сараптан өткізейік.

Жер шарында әрбір шаршы шақырымға орта есеппен алғанда 40 адамнан келеді, бұл көрсеткіш әлемнің әртүрлі аумақтарында ауытқиды. Мысалы, халық тығыз орналасқан жерлерде 1 шаршы шақырымға 100 адамнан келсе, ал сирек орналасқан жерлерде 1 адамнанда айналмайды. Батыс Еуропа мен Азияда 1ш/ш-ға 100 адамнан келсе, Австралияда 4 адамнан, Монғолия, Ливия т.б. 2 адамнан келеді. Жер шарында халықтың әртүрлі орналасуы табиғи ресурстардың тапшылығымен түсіндіріледі, бұл проблема халықаралық көші-қон (миграциясы) арқылы шешімін табады.

Жұмыссыздықпен күрестің әлемдік бірнеше әдістері бар:



  1. американдық модель бойынша еңбекке қабілетті азаматтардың елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі төмен, бірақ көп адамды қамтуға бағытталған жұмыс орындарын құру жолы;

  2. скандинавиялық модель бойынша мемлекеттік секторда табысы орташа, еңбек ақысы қанағаттанарлық жағдайдағы жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздарды солай қарай бағыттау. Бұл модель негізінен мемлекеттік қаржы есебінен орындалады;

  3. еуропалық модель бойынша еңбек өнімділігін арттыру арқылы халықты жұмыспен қамту, мұнда жұмысшылардың жалақысы біршама жоғары болады;

Капитализм өнеркәсіптің дамуына үлкен ықпал етті, соның нәтижесінде бұрын ауыл шаруашылығымен айналысып келгендердің басым көпшілігі бірте-бірте зауыт, фабрикаларға жұмыс істеуге ауысты.
Бұрынғы КСРО елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі.


Республикалар

Жұмыссыздар саны, мың адам

Жұмыссыздық деңгейі, %

Ресей

6832

9,2

Украина

1926

8,6

Грузия

63

14,0

Қазақстан

200

8,2

Армения

200

16,4

Әзербайжан

300

6,0

Түрікменстан

500

25,0

Өзбекстан

2000

20,0

Тәжікстан

200

7,4

Молдова

76

6,4

Литва

137

15,8

Эстония

95

15,5

Латвия

230

21,7

Қырғыстан

532

6,3

Өнеркәсіптегі ҒТП дамуы енді еңбекті автоматтандырып адамдарды түрлі автоматты-құрал жабдықтар алмастырды. Сүйтіп жұмысшылар қызмет көрсету салаларына қарай ойысуға мәжбүр болды. Қазіргі күні өнеркәсіптік дамыған елдерде халықтың 60 % қызмет көрсету салаларында еңбек етіп келеді. Осыған байланысты жұмысшы күштерінің бәсекелестік қабілетін барынша арттыра түсу қажеттілігі бар.

Бастауыш білімдері барлардың арасында жұмыссыздар 10,9%, толықтай орта білімі жоқтарда-8,4%, толық орта білімділер арасында 5,7 % және жоғары білімділер арасында-3,9% құраған.

Сондықтан Елбасымыз «Әр адам өз кәсібінің шыңына шығу үшін ол ең алдымен білімді болуы керек» деп жиі айтып жүр.

Еңбек қатынастары саласындағы халықаралық сарапшылар жұмыссыздықтың өзін бірнеше түрге бөледі:


  • фрикциондық;

  • құрылымдық;

  • циклдық;

  • маусымдық;

  • ерікті жұмыссыздық.

Осылардың ішінде Қазақстанға құрылымдық жұмыссыздық тән болып тұр.

Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз технологиялардың өзгеруімен дамуына байланысты болып келеді.

Елге жаңа технологиялар мен еңбек қатынастарының жаңа түрлері ендірілген кезде жергілікті халық сол технологияларда бірден жұмыс істеп кете алмайды. Осындай жағдайда құрылымдық жұмыссыздық пайда болады.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша жұмыссыз халықты қайта оқыту арқылы жаңа мамандық беру, жаңа жағдайға бейімдеу көзделген. Жұмыс іздеуші тиісті мемлекеттік органмен хабарласа отырып тіркелу мен бірге оқуға келісім шарт түзеді.

Әлемде кедейлікті туындататын басты фактор жұмыссыздық, олардың саны 1 млрд. адамды құрайды. Қазақстанда жұмыссыздықпен күрестің үш бағыты анықталған:


  1. адамдарды тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу арқылы жұмыспен тұрақты қамту. Бұл бағыт өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтиды. Оларға мынадай мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі:

  • кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тегін жолдама беріледі және оқу орнына бару шығындары төленеді;

  • лайықты бос жұмыс орындары іздестіріледі және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдем беріледі;

  • жұмысқа психологиялық бейімдеу шаралары ұйымдастырылады,

  1. жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық бейімділігін арттыру болып табылады.

  2. егер жұмыс іздеушінің жоғарыдағы екі бағытқа қосылуға мүмкіндігі болмаған жағдайда оған бағдарламаның үшінші бағыты ұсынылады.

Бұл бағыт жұмыс іздеушіні экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшіруге жәрдемдесу мақсатын көздейді. Көшіру бір ауданның немесе облыстың аумағында жүргізілуі мүмкін.
Талқылауға арналған сұрақтар

  1. әлемде жұмыссыздықпен күресетін халықаралық ұйым және міндеттері.

  2. жер шарында 1ш/ш келетін адамдар санын талдау;

  3. жұмыссыздықпен күрестің бірнеше әлемдік әдістері;

  4. бұрынғы ксро елдерінде жұмыссыздық деңгейінің талдауы;

  5. біліміне қарай жұмыссыздық үлесінің көрсеткіштері;

  6. жұмыссыздық түрлері және қазақстанға тән түрі;

  7. құрылымдық жұмыссыздықтың анықтамасы және мәні;

8) «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жұмыспен қамту бағыттары және олардың қағидаттары.
Тапсырма -11. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы

1. Еңбек өнімділігі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атауымен Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытудың басты көрсеткіштері айқындалған. Мысалы, еңбек өнімділігі 2014 жылға дейін 2 есе, 2020 жылға дейін 4 есеге өсуі көзделген.

Жолдауда белгіленген осындай міндеттерді орындау үшін саланы техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру қажет. Ол үшін жаңа ірі өндіріс орындарын салу бойынша инвестициялық жобаларды іске қосу маңызды рөл атқарады. Мұндай ірі шаруашылықтар яғни жаңаша жұмыс істейтін кәсіпорындардың үлес салмағы жалпы ауыл шаруашылық өндірісі көлемінде ұлғайта түсу бағдарламасы жүзеге асырылуы қажет.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау көрсетіледі:



  • техника және жабдықтарды лизингке беру;

  • жеңілдетілген несие беру;

  • аграрлық ғылымды дамыту;

  • өндіріске жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді ендіру;

  • инновациялық қызметтерді дамыту.

Егін шаруашылығын индустриаландыру бойынша мына шаралар жүзеге асырылуы жоспарланған:

  • егістік құрылымын әртараптандыру;

  • ауыспалы егіс жүйесіне көшіп, дара дақылдар егісін жою;

  • қазіргі заманғы ылғал сақтау технологиясын барынша кең қолдану;

  • ауқымды көлемді химияландыру;

  • жаңа жерлерді игеру, айналымнан шығып қалған суармалы жерлерді айналымға қосу.

2. Мал шаруашылығын дамыту.

1) сапалы және мол өнім беретін асыл тұқымды шетелдік малдарды импорттау;

2) жергілікті тұқымдардың тектік қорын жақсарту, осы мақсатта жергілікті жағдайға бейімделген жоғары генетикалық сипаттамасы бар тұқымдардың әлеуетін пайдалану;

3) елімізде етті мал шаруашылығын дамыту және оның экспортын арттыру бағытында жобаны іске асыру басталып кетті. Бұл жоба бойынша 2015 жылға қарай ірі қара мал етінің экспорты 65,0 мың тоннаға жеткізу көзделген, осы мақсатқа 87,0 млрд. тенге қаржы қарастырылған.

Экспорттың жалпы көлеміндегі ауыл шаруашылық өнімдері экспортының көлемі 2009 жылғы 4,1%, 2020 жылға қарай 8,0% жетеді.

3. Ауыл кәсіпкерлігін қолдау шаралары.

Ауыл халқын жұмыспен қамту денгейін көтеру және әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін және шағын бизнесті несиелендіру шаралары жүзеге асырылады:



  • бұл істерді бюджеттің қаражаты және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаржылары қолданылады;

  • «Жұмыспен қамту бағдарламасы -2020» жобасына сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іскерлікпен айналысатын азаматтарға 3 млн. тенге бес жылға береді, сыйақысын жергілікті органдар белгілейді;

  • шағын несиелеу бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде тұратын, бірақ жұмыс істемейтін және табысы күн көріс денгейінен төмен жеке тұлғаларға: шағын несие 3 жылға дейінгі мерзімге, жылдығы 9,5% ставкамен, 1 млн. тенгеге дейінгі мөлшерде беріледі. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 1,5 млрд. тенге бөлінген;

  • 2011 жылдан бастап ірі қара мал басының аналығын және ет тұқымды жас малды өндіру үшін «Сыбаға» бағдарламасы іске асырыла бастады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд. тенге қаржы қарастырылған. Бұл несие фермер шаруашылықтарына 7 жылға дейінгі мерзімде, 6,0% ставкамен, 7,5 млн. тенге сомасына дейін беріледі.

  1. Жаңа технологияларды ендіру.

Республикада өсімдіктің өсуіне қажетті ылғалды тиімді және үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін ылғал сақтау технологиясын енгізу көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді.

2010 жылы осы технология 11,2 млн. гектар дәнді дақылдар алқабында қолданылған, бұл көрсеткіш 2007 жылғы 6,2 млн. гектардан 2,2 есе артық.

Тамшылатып суару технологиясын салыстырғанда ағын суды 2-3 есе үнемдеу мүмкіндігін береді. Қоректі заттарды сумен бірге ертінді түрінде тікелей тамыр жүйесіне беру есебінен тыңайтқыштарды пайдалану коэффициентін 85-90% дейін көтерген. Арамшөптер болмағандықтан (пленкамен жабу есебінен) қатараралық өңдеу қажет емес. Сонымен қатар, тамшылатып суаруды ендіру суармалы жерлерді тұзданудан, батпақтану мен эрозиядан сақтандырады, өнімділікті 3-5 есеге дейін арттырады.

2010 жылы тамшылатып суарумен қамтылған егістік көлемі 10763,7 га құраған, бұл көрсеткіш 2007 жылғы 713 га-дан 15 есе артық. Алайда тамшылатып суару технологиясын жалпы көлемдегі үлесі 0,9% ғана құрайды, бұл өте аз.



5. Экспорт әлеуетін дамыту.

Мемлекетімізде соңғы 5 жылда (2006-20011ж.ж.) астық өндірісінің орташа жылдық көлемі 17,0 млн. тоннаны құрады, бұл көрсеткіш 2001-2005ж.ж. салыстырғанда 2,4 млн. тоннаға немесе 16,4% артық. Астық өндірісінің өсуі астық пен оның қайта өңделген өнімдері экспорт көлемін арттыруға септігін тигізді. 2006-2007ж.ж. астыққа шаққандағы ұнды қосып алғанда, астық экспортының орташа жылдық көлемі 7,7 млн. тоннаға тең болды. Осы мерзімде астық экспортынан 7,6 млрд. АҚШ доллары түсті, бұл алдынғы бесжылдықтағы 5,3 млрд. доллардан 1,3 есеге артық.

Қазақстан астығын үшінші мемлекеттерге экспорт жасау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағытта Ираннан Әмірабад айлағы арқылы Парсы шығанағына шығу көзделген. Иран, Капказ мемлекеттерінің рыногына шығу үшін көлік-логистикалық тізбе, терминалдар құру жүргізіліп, экспортты 3 млн. тоннаға арттыру жобасы орындалмақ. Бұл жобаға Иран, Түркменстан, Парсы шығанағы елдері, Оңтүстік және Оңтүстік Азия елдері қатынасады.
Талқылауға арналған сұрақтар

1. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында негізгі қаралған ауыл шаруашылық мәселелері қандай? 2. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру жолдары; 3. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары; 4. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру проблемалары; 5. Агросекторды несиелендіру бағдарламалары және жүйелері; 6. Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы және мақсаттары; 7. Ауыл кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы; 8. Жаңа технологияларды ендіру тиімділігі; 9. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті және бағыттары.


Ұсынылатын әдебиеттер

    1. ҚР 2010-2014 жылдарға және 2020ж. арналған «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» Егемен Қазақстан, 2010 жыл, қазан

    2. Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдауы, Егемен Қазақстан, 2011ж, 29 ақпан.

    3. А.Күрішбаев «Саланы дамытудың кілті-еңбек өнімділігін арттыру» // Егемен Қазақстан, 2011ж,25 наурыз

    4. Б.Серіков «Агроқұрылымдарды ірілендіру еңбек өнімділігін арттырудың кепілі», ҚазЭУ хабаршысы, №3, 2010ж.



Тапсырма -12. Қазақстандағы астық рыногы және оның даму перспективалары
Мемлекеттік азық-түлік корпорациясы (МАК) ауыл тауарөндірушілерінен астық сатып алумен айналысады. Корпорация мемлекеттік бағдарламаны бірегей атқарушы құқығына ие болып, басқа жекеменшік астық компанияларымен бағдарлама бағытын бөліскен жоқ. Бұл бағдарламадан МАК-тың қатынасуы көзделмеген болатын (барлық операциялар Ауылшаруашылығы Министрлігі қолдайтын астық компанияларға жүктелген болатын), тек мемлекет басшысының тапсырмасынан соң МАК өз үлесіне 1,5-2,0 млн. тонна астық сатып алу құқығын алды.

Азық-түлік корпорация басшылары өздерінің хабарламаларында барлық сатып алынатын астық көлемі тек ауыл тауарөндірушілер арасында бөлінетіндігін білдірді және құжаттармен жұмыс жасау, сатып алынған астық үшін есеп айрысу қарапайым механизм бойынша орындалатын ереже бекітілген. Құжаттарды рәсімдеу үрдісі Үкіметтің қаулысымен анықталып, ол бойынша бұл схемаға облыс әкімшіліктері қатынасады, онан соң азық-түлік корпорациясының өңірлік бөлімшелерінде жалғасады. МАК-тың орталық офисына құжаттарды жеткізуге біраз уақыт өтетін болды. Сондықтан Үкмет қаулысына ендірілген кейінгі түзетулерде, өндірушілерден астық сатып алуға рұқсат беру туралы шешімді жергілікті корпорация құрылымының басшысы шешім қабылдайды.

МАК басшылары осы операцияның жауапкершілігін толық өздеріне алып астық сатушылардың сұранысына 24 сағат ішінде жауап береді, сондай-ақ жедел мерзімде: 7 операциялық күнде сатып алынған астық үшін есеп айрысатын болды. Өндірушілердің комиссияға ұсынатын құжаттар жиынтығы қысқартылған (бұл топқа қатынасу үшін сұраныс хат, астықтың барлығын растау құжаты, қабылдау түбіртегі №10, элеватор беретін «сараптау карточкасы»). Жалпы мемлекет бекіткен 1 тонна астықтың бағасы 135-180 АҚШ доллары арасында ауытқыды, бұл ауытқулар тауардың сапасына қарай дифференцияланады. Жоғары сапалы астық яғни клейковинасы 25% және натуралдық құрамы 750 г 1 литрге тең болатын болса ең жоғарғы бағада төлем жасалады. Осылай етіп коопорация күшті фермерлердің жоғары сапалы бидай өндіруі үшін қызықтыру жұмысын алып барады.

Қазақстан экспортының әлеуеті 8-10 млн. тоннаны құрайды. Осы жағдайды пайдаланып коммерциялық немесе делдал компаниялар фермерлерден өнімді арзан сатып алып 1 тоннасынан 40-45 доллар маржа алады. Фермер шаруашылықтарында маркетинг қызметтері ұйымдастырылмаған, олардың «одақтары» және бірлестіктері тиімді жұмыс істейді. Мемлекеттік сатып алу бағдарламасы жеткілікті деңгейде қолайлы жағдай қалыптастырған.

Жоғарыда келтірілген мемлекеттік сатып алу көлемі жалпы өнім көлемі артқан жылдары барлық мәселені шешпейді, сондықтан фермерлер ұсыныстың артып бағаның төмендеген кезінде асығыстыққа жол бермеулері керек. Қазақстанның астық экспорттау мүмкіндігі ТМД елдері және Ресей рыноктарымен байланысты. Алыс шетелдерден астық сату болжамы бойынша ең көп импорт жасайтын елдерге яғни Иранға, Сауд Аравиясына бағытталған. Ал, Еуропа елдері тек өте жоғары сапалы бидайға сұраныс білдіреді.

Әлемде ең көп астық тұтынатын елдер Қытай және Үндістан, бірақ олар өздерін –өздері қамтамасыз ету қабілетіне ие, ал соңғысы экспортқа шығара бастады. Қазақстанның экспорттық әлеуеті Ақтау порты арқылы Парсы бұғазына шығып Иран, Марокко және басқа Парсы елдеріне астық өткізу. Қазақстан астығына субсидия бөлінбегендіктен, оның өзіндік құны жоғары, сондықтан ол рыноктарға енуі қиындықтар тудырады.

Ең жақын порттағы біздің бидайдың бағасы 150-160 АҚШ долларын құрайды, сондықтан көлік тасмалдау құны 55-60 доллардан артық болмауы керек. Осыған байланысты Қазақстанның шығындары аз, қашықтығы жақын рыноктарға ену әрекеті тиімді.

Мемлекеттік сатып алу бағдарламасы астық өндірісін реттеу және қолдаушы құралдар. Осы реттеуге астық сақтау және қоймалау үшін 40 артық элеваторлар қатынасады. Сатып алу төлемдерін жүзеге асыру үшін алдынғы жылғы астық өткізуден түскен қаржы құралын пайдаланады, жетпегені корпорацияның резервінен алынады. Корпорацияның астық сатып алудағы мемлекеттік реттеуі мен қолдауы фермерлердің экономикалық тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Талқылау үшін сұрақтар


  1. Қазақстан қазіргі кезде аграрлық елге жата ма?

  2. сіздің пікіріңіз бойынша мемлекет ауыл шаруашылығын дамытуға араласуы керек пе? Егерде керек болса, қандай деңгейде және қалайша?

  3. МАК-тың астық рыногындағы монополиялық жағдайына қалай қарайсыз?

  4. сіздің ойыңызша астық өндірушілердің пайдасын арттыру жүйесін қалай жақсартуға болады?

  5. астық сатып алушы жеке меншік фермерлер рыноктағы жағдайын нығайту үшін қандай саясат алып барулары керек?

  6. сіздің пікіріңіз бойынша Қазақстан республикасы астық ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге мамандандырыла алама және астық сату бойынша халықаралық рынокта өз сегментіне ие болады ма?

7) Біздің елімізде мемлекет тарапынан отандық ауыл шаруашылық тауарөндірушілерді қолдаудың нақты жағдайы қандай?
Тапсырма -13. Мақта және мақта өнімдері рыногы
Көп елдердің эксперттерінің бағалауы бойынша болашақта дамыған мемлекеттерде матаның қажеттілігі төмендеп, ал дамушы мемлекеттерде артады.

Әлемдік мата, киім-кешек және тоқыма бұйымдар рыногында Қазақстанның үлесі өте төмен. Қазақстанның ішкі рыногы негізінен импорт есебінен қалыптасқан. Кеңестік басқару кезеңінде республика халықтың тұтыну талабының 98% өзінің ішкі өндірісінің есебінен қанағаттандырған болса, қазіргі кезеңде бұл көрсеткіш 10% аспайды.

Елімізге импорт жолымен алып келінетін Қытайдың, Түркияның және басқалардың арзан қолды тауарлармен бәсекелестікке түсіп отандық тауарлар рынокта тиісті орнын ала алмай келеді. Оның себебі өндірістің техникалық деңгейінің және менеджменттің төмендігі мата, киім-кешек бұйымдарының және басқа азық-түлік емес тұтыну тауарларының өндірісін төмендетті.

Осы салаға мамандандырылған бірқатар ірі кәсіпорындардың өндірістік қуаты толық пайдаланылмайды, оның деңгейі 15% артпай тұр. Қазақстанда өндірілетін шикізат ресурстары: мақта, талшық, жүн, тері және басқа ресурстарының басым көлемі өңделместен үшінші мемлекеттерге сыртқы саудаға шығарылып жатыр.

Статистикалық көрсеткіштер бойынша жеңіл өнеркәсіп өндірісінің үлесі жалпы өнеркәсіпте төмендеу тенденциясы 1991-1999 жылдары байқалған болса, 2000 жылдан бастап оңтайлы өзгерістер байқалады. Республика Үкіметі тарапынан жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылып келеді. Әсіресе импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес 2001-2008ж.ж. жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қайтадан қалпына келтіру, Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта-мата өнеркәсіп фабрикаларының өндірістік қуаттарын қайта қалпына келтіру іс-шаралары көрілді. Мақта-мата, трикотаж және аяқ киім салаларындағы кәсіпорындардың жұмыстарын жандандырып қалпына келтіру үшін қаржылық қажеттілік 40-60 млн. тенгені құрайды.

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында халық тұтыну тауарларының отандық өндірісін қалпына келтіру қажет. Әлемдік тәжірибе бойынша бәсекелестікте жеңу үшін әрбір мемлекеттің ішкі рыногындағы сұраныс шетелдік фирмалардың тауарларына емес отандық тауарларға көп болу керек.

Халықтың саналуан тұтыну талабын қанағаттандыру үшін халық шаруашылығын түпкі дайын өнімі мақта, киім-кешек, аяқ киім, азық-түлік тағы басқа тауарлар өндірісін дамыту маңызды мәселе. Халық тұтынатын тауарлаға ішкі сұранысты арттырудың үш жолы бар:


  • әкімшілік басқару құралдарымен сұранысты қалыптастыру;

  • өндірілген тауарлардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру;

  • отандық рыноктағы шетел тауарларының интервенциясын шектеу.

Осы жағдайды алға жылжыту үшін әртүрлі мәселелерді шешуді қажетсінеді, солардың ішінде барлық кәсіпорындарға жалпы сипаттағы мәселелер: импорт тауарларының демпингімен күресу, тауар өндіруші желілерді қалпына келтіру, ал кейбір мәселелер кәсіпорындардың өздеріне жекелей қатысы барлары: фирманың имиджін қалпына келтіру, оның өндірген өнімдерінің ассортиментін жетілдіру, маркетингтік стратегияны таңдау т.с.с.

Осы мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында республиканың жеңіл өнеркәсібін дамыту бағдарламасын қабылдап, мақта-тоқыма кластерін дамыту болашағы бар. Ол үшін жеке меншік және шетел инвестицияларын тартқан жөн. Осы мақсатта ұйымдастырылған «Оңтүстік» АЭА-да (арнайы экономикалық аймақ) болашақта 15 жеңіл өнеркәсіп фабрикалары ұйымдастырылады, осы мақсатқа 200 га жер және инвестициялар бөлінген. Оңтүстік» АЭА-да қазіргі кезде сол бағдарламаға сәйкес 3 фабрика іске түсірілді: Хлопкопром-целлюлоза, ОхіL-texstil, Ютекс-kz жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне сұранысты арттырудың әкімшілік тетігін пайдаланып отандық тауарларға нақты төлем жасалатын мемлекеттік бұйыртпаны арттыру дұрыс. Бұл сұраныс әскер, күштік ұйымдар, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау (интернат, балалар үйі) салаларын қамтамасыз етеді.

Отандық тауарларға сұранысты арттырудың екінші жолы оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру. Ашық рыноктық экономика жағдайында яғни отандық тауар өндірушілер мен шетелдік фирмалардың тікелей жарысында бәсекелестікке қабілеттілік саланы қалпына келтірудің басты индикаторы болып есептеледі.

Отандық кәсіпорындар табысты жұмыс істеу үшін шығарылатын тауарлардың ассортиментін көбейтіп ғана қоймастан өнімнің моделдеуін және дизайнын жүйелі түрде жаңартып тұру қажет. Сондай-ақ ең үлкен мәселе – сол рыноктық жағдайға сәйкес маркетингтік саясатты жүзеге асыру тиімді. Отандық тауарлар импорттық тауарлармен салыстырғанда дизайн, сапасы, модаға сәйкестігі және тағы басқа көрсеткіштері төмен болғандықтан рынокта өз үлесін сақтап қалу қиын болады. Рыноктағы үлесін сақтап қалу мақсатында бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушыларға арзан бағадағы бұйымдарды ұсыну қажет.

Рыноктағы бөлшек сауда бағасы төмендегі тәсілдермен төмендетуге болады:


  • өткізу бағасын сату бағасынан қымбаттатып, жанама салықтарды азайту (қосылған құн салығы т.б);

  • өндіріс шығындарын төмендетіп, өнімнің өзіндік құнын арзандату.

Осы мақсатта яғни отандық тауарларды интервенциядан қорғау үшін 1998 жылы «ҚР-ның импорт тауарларынан ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» заңы қабылданған.
Талқылау үшін сұрақтар


  1. ҚР-дағы мата және киім кешек рыногында қалыптасқан жағдай қандай?

  2. елімізде не себепті мата, киім-кешек және басқа азық-түлік тауарлары емес бұйымдарының көлемі қысқарған?

  3. өндірісті дамыту үшін қандай шараларды жүзеге асыру керек?

  4. мемлекет осы мәселелерді реттеу және қолдау мақсатында қандай шаралар көрді?

  5. Оңтүстік» АЭА-ның мақсаттары мен маңыздылығы.

  6. отандық тауар өндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін не істеу керек?

Тапсырма -14. Әлемдегі мақта рыногының жағдайын талдау

Дүниежүзі бойынша 39 мемлекет мақта өсіру мен жалпы 80 мемлекет мақта талшығын өңдеумен айналысады. Мақта талшығының жалпы өндірісі соңғы бес жылда 21–26 млн. тоннаны құрайды, бұл көрсеткіш соңғы екі жылда 5,5 млн. тоннаға артқан. Салаға 200 млн-нан астам мақта өндірушілер мен, олардың жанұясы тартылып, осынша адам терім маусымында жұмысқа қатысады. Дүниежүзі бойынша өндірілетін мақтаның 70 астамы бес аумақта – Қытай, АҚШ, Үндістан, Пәкістан және Орталық Азияда шоғырланған. Соңғы жылдары мақта талшығын өндіруде едәуір табысқа жеткен мемлекеттер қатарында Қытай, АҚШ, Үндістан және Пәкістан бар. Ең жоғарғы көрсеткішке жеткен Қытай–6,3 млн. тонна, АҚШ және Үндістанның әрбірі 5,1 млн. тоннадан, ТМД елдеріндегі көлем 2003–2004 жылдары 1,4 млн. тоннаға, 2004–2008 жылдары 1,7 млн. тоннаға жеткен. Соның ішінде Өзбекстанның үлесі 60%, Қазақстанның үлесі–9–10%. Сонымен қатар Африка, Австралия, Грекия, Сирия, Түркия, Парагвай және Аргентинада бұл салада алға жылжу бар. Ал, Орталық Азияда, Мексикада, Бразилияда, Египетте, Перу, Колумбия және Израильде мақта өндірісінің төмендеуі байқалады.

Соңғы 50 жылда әлемде мақта өсірілетін егістіктің көлемі орташа 35 млн. гектарды құраған, ал оның мөлшері 29-39 млн. гектар аралығында ауытқиды. Мақта өсімдігі егістік көлемінің үлесі бойынша басқа ауыл шаруашылық егіндерінің арасында 3,8–4,8 аралығында өзгеріп тұрады.

Мақта өндірісінің өсімі негізінен АҚШ пен Қытайда едәуір болған. Оған себеп ҚХР–да бұрынғы әкімшілік – әміршілік жүйенің орнына жұмысты келісім-шартпен ұйымдастыру жүйесі ендірілген. АҚШ-та мақта өсіруді ұйымдастырудың құқықтық негізі мемлекеттік реттеу мен қолдау арқылы жүргізілді, яғни мақсатты баға белгілеп тауар өндірушілерді қаржылай қызықтырудың тиімді жолдарын қолданды. Осының ықпалымен мақтаның өнімділігі гектарына 10 кг/га–ға өсіп, орташа өнім 650 кг/га–ны құрады. Ал, экономистердің талдаулары бойынша 2000–2008 жылдары әлем рыногында мақта талшығына деген сұраныс 22–23,0 млн. тоннадан артқан.

Мақта өнімдерін көптеген елдер тұтынады, әсіресе Еуропа және Азия мемлекеттерінің фабрикаларында мақта өнімін пайдалануға басымдық берілген. Жалпы тоқыма өндірісінде пайдаланылатын талшықтың жартысын мақта өнімдері құрайды. Соңғы кезде Қытай, АҚШ, Үндістан, Пәкістан және Бразилия мақта талшығын өндірумен қатар оны пайдалануда да алда келеді. Бұл мемлекеттер дүниежүзілік мақтаның 58–60 сатып алады. Әлем бойынша экономикада мақтаны ең көп пайдаланатын мемлекеттер қатарында Ресей мен Жапония да бар. Бірақ олар мақта өсірумен емес импортталған талшықты терең өңдеумен айналысады.

Мақта бағасы, мақта өндірісі мен оның тұтыну көлемдеріне сәйкес әлемдік рынок та қалыптасады. Аталған факторларға мақта өсіретін мемлекеттердің әртүрлі ықпалы бар және, олар төрт түрлі экономикалық жолмен жүзеге асырылады:

– рыноктағы мақтаның бағасына ықпал жасамастан фермерлердің табысын арттыру;

– мақта өсіру саласында мемлекеттік реттеуді ендіру және бақылауға алу;



  • сыртқа мақта-маталардың және одан тігілген дайын киімдердің экспортын көбейту мақсатында мақта өнімдерінің ішкі рыноктағы бағасын реттеу;

  • еркін рынок саясатын жүргізу және қолдау.

Негізгі мақта өсіруші мемлекеттердің саясаты тауар өндірушілердің алатын табысын молайтуға бағытталған. Осы мәселеде АҚШ–тың бағдарламасы назар аударуға тұрарлық. Онда рыноктағы баға интервенция деңгейінен төмендеп кеткен жағдайда, ел үкіметі фермерлерге тікелей төлем жасап, олардың табыс деңгейін көтереді. Ал баға белгіленген мөлшерден төмендеп кетсе, үкімет жергілікті тоқыма фабрикаларына және Америка мақтасын экспортқа шығарушыларға төлем жасайды. Осылайша Америка рыногының баға бойынша бәсекелестікке қабілеттілігін сақтайды.

Соңғы кезде, ортаталшықты мақта өндірісін қолдау үшін мемлекет тарапынан жылына 1 млрд. доллардан астам қаржы жұмсалған. Сондықтан АҚШ–та мақта өндірісінің көлемі 5,1 млн. тоннаға жетті. Осы мақсатқа жету үшін үкімет әр жылы 34 цент/кг мөлшерінде немесе әрбір фунт өндірілген мақта үшін 15 центтен қаржы жұмсаған, «А» индексінің орташа деңгейі 1 фунт үшін 71 центті құраған, ал сол мақтаны Еуропаға жеткізу үшін тасымалдау шығындарын алып тастасақ 60 центке дейін төмендейді. Осы бағамен есептеулер жасағанда үкіметтің фермерлерді қолдау үшін бөліп отырған қаржысы барлық табыстың төрттен бірін құраған.

Бұл бағдарлама бойынша АҚШ фермерлерінде әр жылдың жағдайына қарай, белгілі мөлшерде мақта егістігінің көлемі мемлекет тарапынан реттеледі.

Мақта өсіру бойынша Еуропа Экономикалық Одағына мүше мемлекеттердің саясаты АҚШ–тың саясатына ұқсас. Еуродақта әр маусымда мақта бағасына интервенция жасалады. Ал рыноктағы баға интервенция бағасынан төмендеген жағдайда өндірушілерге, яғни фермерлерге мақта өңдеушілер арқылы субсидия беріледі. Мақта өндірісі болжам мөлшерінен артық болған жылдары субсидия қысқартылады, импортқа рұқсат беріледі және трансферттер дүниежүзілік бағамен жүзеге асырылады.

ЕЭО–ның 1987–1992 жылдары фермерлерді қолдау үшін жасаған қаржысы 203 млрд. экю–ге тең болды. Ал, жалпы өнімнің көлемі 1,6 млн. тонна талшыққа жетті, әрбір фунт мақта үшін жұмсалған шығын 0,674 экю-ға немесе жылына 89 центке тең. Осы кезеңде «А» индексі 73 цент, яғни субсидияның көлемі орташа рынок бағасынан 120 артық болған.
Талқылау үшін сұрақтар


  1. дүниежүзі бойынша қанша мемлекетте мақта өсіріледі?

  2. мақта талшығының өндіріс көлемі қандай?

  3. дүниежүзі бойынша мақта өндірісі дамыған мемлекеттер және олардың жалпы өнімі;

  4. мақта өсірілетін егістік көлемінің орташа мөлшері қандай?

  5. ҚХР-да мақта өндірісінің даму себебі;

  6. әлем рыногындағы мақта талшығына сұраныс көлемі;

  7. мақта өндірісінің даму жолдары қандай?

  8. АҚШ-та мемлекет тарапынан мақта өндірісін қолдау шаралары және оның көрсеткіштері;

  9. ЕЭО-ның фермерлері қолдау шаралары.



Тапсырма -15. Қытайда мақта өндірушілерді қолдау шаралары

Қытай үкіметі тоқыма өнеркәсібінің сұранысына сай және ауылдық жердің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында әр жылға өндірушілерден сатып алынатын мақтаның көлемін белгілейді, сатып алу бағасын бекітеді. Осыған орай жергілікті жерлердегі үкімет уәкілдері ұлттық жоспарды орындау үшін өндірушілермен алдын ала келісім–шарт жасап, мақта егістігінің көлемін, керекті болған өндірістік-материалдық ресурстардың түрлерін және мөлшерін, өндірілетін мақта-шикізатының ең төменгі деңгейін және сапасына қарай кепілденген сатып алу бағасын анықтайды. Осыған сәйкес үкімет фермерлерге өндірістік ресурстарды сатады және жеңілдетілген несие береді. Өндірушілер қызығатын баға белгілейді, өндірістік ресурстарға субсидия және несиелер беріп, қажет болған мақта көлемін өндіру үшін жан-жақты жағдай жасайды. Осы іс-шаралардың ішінде Қытай үкіметі ерекше көңіл бөліп отырған мәселе-мақтаны сатып алу бағасы. Мысалы, мақтаның 1 кг–ның бағасы 2003–2004 жылдары 14,5–19,5 юаньға дейін көтерілген. Бұл бағаны центпен есептесек 43 тен 84 центке дейін, яғни екі есеге жуық өскен.

Қытай мемлекеті мақта өсіруде орталықтанған жоспарлы жүйеден ауыл шаруашылық өңірлерде еркін рыноктық қатынастарға өтуге ұмтылыс жасауда, бұл әрекеттің өз ерекшеліктері болғанымен оның оң әсері бар. Мақта өндірудің көлемін бірқалыпты 5,5–6,0 млн. тонна мөлшерінде тұрақтандыруға мүмкіндік тудырып отыр. Қытай соңғы 30 жылдың ішінде әлемдегі ең басты мақта өндіруші мемлекетке айналып АҚШ–ты басып озды.

1980 жылы БСҰ–на енуінен бастап әлем рыногындағы жаңа тауашаларды кеңейте бастады. Бәсекелес халықаралық рыноктық жарыстарда Қытай кәсіпорындары шыңдалып сыннан өтті. Солай етіп жаһан рыногында Қытай өнеркәсібінің маңыздылығы арта түскен. Қытайда мақта-ауыл шарушылығының ең маңызды дақылы және өнімі, солай бола тұра мемлекеттік экономикада мақта өнімдерінің импорты орын алған. Ондаған жылдардан бері Қытай Үкіметі мақта өндірісіне қолдау саясатын белсенді жүргізеді. Сондықтан түрлі табиғи апаттардың болуына қарамастан мақта өнімі тұрақты артуда.

Егер 1950 жылы Қытай дүниежүзіндегі жалпы өнімнің 15% өндірген болса, бұл көрсеткіш 2000–2003 жылдары 25 % дейін артты (кесте 1).
Кесте 1 − Мақта өндірісінің әлемдегі және Қытайдағы даму деңгейінің салыстырмалы көрсеткіштері


Жылдар


Қытай,

млн. тонна



Дүниежүзі елдері, млн. тонна

Үлес

мөлшері, %



1950-1959

1,28

8,96

14,2

1960-1969

1,47

10,96

13,4

1970-1979

2,23

13,08

17,0

1980-1989

3, 4,

16,29

24,6

1990-1999

4,61

18,77

24,5

2000-2003

5,13

20,16

25,47

Ескертпе - ICAC мәліметтері

: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет