Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы



бет3/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Қытайдағы мақта өнімінің әлем деңгейіндегі үлес мөлшерінің артуы мақта өндірісінің ұйымдастыру тәсілінің ерекшелігінде, бұл «орталықсыздандыруға», өңірлердің топырағы және табиғи ерекшеліктеріне негізделген. Қытайда мақта өндіруші негізгі үш өңір бар– Янцзы, Сары өзендері ойпаттары және Хубэй. Негізгі мақта өндіруші өңірлерге 10 облыс және автономиялық әкімшіліктері кіреді.

Өңірлерде мақта өндірісімен ұсақталған фермерлер және жеке кішігірім жанұялық шаруа қожалықтарын да айналысады. Қазіргі кезде Қытайда жанұялық шаруа қожалықтарының саны 50 млн-нан артық, олардың әрбірінің жер көлемі орташа 0,1 га тең. Ауыл шаруашылығы құрылымдары, кооперативтер және ғылымның ықпалымен әрбір жанұяның өнімі артып келеді, оның деңгейі 2000 жылдан бастап дүниежүзілік көрсеткішке жақындаған.

Қытайда мақта өнімдерін тұтыну серпінді даму тенденциясын сақтап ке леді: 1980 жылдары 4 млн. тонна мақта тұтынып дүниежүзіндегі үлесі 20% құраған болса, бұл көрсеткіш 1990 жылдары тиісінше 4,5 млн. тонна, 25%, ал қазіргі кезде 6,5 млн. тонна, 30 % дейін жетіп, дүниежүзінде 1–ші орынға шықты. (кесте-2).


Кесте −2. Әлем рыногында және Қытайда мақта өнімдерін тұтыну

Жылдар


Тұтыну көлемі, млн тонна

Қытайдың дүниежүзі елдерінің арасында үлесі, %

Қытай

Дүниежүзі елдері

1997

4,5

19,0

23,7

1998

4,6

18,6

24,7

1999

4,7

20,0

23,5

2000

5,2

20,0

26,0

2001

5,6

20,2

27,8

2002

6,3

21,5

29,4

2003-2008

6,6

21,3

31,2

Ескертпе - ICAC.мәліметтері

Қытайда мақта сауда–саттығының әлем рыногына ықпалы күшейіп келеді. Соңғы он жылда мақта-тоқыма өнеркәсібі диверсификациялық даму жолына түскен. Мақта импорты және экспорты ырғақты жүргізіліп, ішкі рынокты реттеу үшін қоймаларда сақтау тәсілі ендірілген. Тоқыма өнеркәсібінің жоғарғы қарқынмен дамуына байланысты мақта өндірісі мен оны тұтыну көлемі жылдан-жылға артып келеді. 2004 жылы бұл салаға қосымша қаржы бөлініп импорттың көлемі артып, оның мөлшері ішкі рыноктың 39% құрады.

Мақта тұтыну рыногының сыйымдылығы және тоқыма өнеркәсібінің даму тенденциясына қарай алдағы ұзақ мерзімге мақта талшығы өндірісіне болжам жасалып, мақта импортының көлемі анықталады.

Соңғы 10 жылда мақтаның ішкі рыноктағы бағасын халықаралық бағалармен салыстыру және талдау барысында 1995 жылға дейін ішкі бағаны рынок емес, мемлекет белгілеп отырғандығы белгілі. Тек 1996 жылдан бастап ішкі бағаны рыноктағы қатынастар анықтай бастады және 1000 юань/ тоннадан төмен түскен жоқ. 2002 жылы Қытайдағы ішкі баға әлемдік бағадан 230 юань/тоннаға кем болып қалыптасты, жылдан жылға ішкі бағамен әлемдік бағаның арасындағы ауытқу кемейіп келеді.

Әр жылы өндірушілер тобымен 60 млн–нан астам келісім-шарт жасалынып, 3–4 отбасы кішігірім топтарға бірігіп жұмыс ұйымдастырады. Жергілікті өткізу кооперативтері өндіруші топтарға өнімнің 15 дейінгі көлемде алдын ала төлем жасайды. Үкімет бір кезеңде шитті мақта мен талшықтың бағаларын бекітіп отырады. Қытайдың Хубей провинциясының сақтандыру және өткізу кооперативтері федерациясы мақта өсіруді басқаруда ерекше үлгі боларлықтай жұмыс атқаруда. Бұл провинция мақта өсіру жер көлемі бойынша мемлекетте алтыншы орынды алады, оның мақта өндіру көлемі жалпы елдегі көлемнің 8–12 құрайды, 460 мың гектар жерден 491 мың тонна мақта талшығын өндіреді, әр гектардың түсімі 1067 кг. Кооператив мақта өсіру саласын өзінің құрамындағы мақта корпорациясы арқылы басқарады. Компанияның әрбір префектурада (аудан) тоғыздан бөлімдері, сондай-ақ мемлекет деңгейіндегі елуден астам бөлімшелері бар. Мақта өндірушілермен 1900 сатып алу бекеттері қызмет жасап, жеткізіп берілген өнімді таразыда өлшеп қабылдайды. Әрбір қаптан алынған үлгілер бойынша оның сапасы сұрыпталады. Жергілікті мақта өндірушілер қаржы тапшылығын сезсе оларға алдын ала болашақ өнімнің есебінен төлем жасалады.

Хубей мақта корпорациясының құрамында 248 өңдеу зауыттары – джиндер бар. Сақтандыру және өткізу кооперативінен тыс жұмыс жасайтын өндірушілер мен кейбір жеке тұлғалардың да өз алдарына бөлек джиндері бар. Сол сияқты Қытай әскерініңде өз құрамында да джиндері және тоқыма фабрикалары бар. Жалпы өндірілген өнімнің 70 астамы сақтандыру және өткізу кооперативтерінде өңделеді.

Хубей мақта корпорациясының іс-әрекеті кооперативтік қағидаттармен жүргізіледі. Әрбір жеке адамның қолына өзінің салған инвестициясының мөлшеріне немесе әр маусымда тапсыратын мақтасының көлеміне қарай акция беріледі. Акция иелері алынған пайдадан өз үлесін алады, сонымен қатар әр маусымның түпкі нәтижесі және корпорацияның жалпы алған пайдасына қарай сыйақы беріліп тұрады.

Хубей провинциясында мақта өсірумен жалпы 50 мың адам айналысады, әрбір жұмысшыға өндірілетін өнімнің көлемі 10 тоннаға тең келеді. Мақта компаниясы өзінде жұмыс жасайтындар мен олардың отбасыларын әлеуметтік қамқорлыққа алған. Олар тұрғын үй, білім беру және денсаулығын сақтау қызметтерін толық пайдаланады. Бұл әлеуметтік шаралар жалақысы және сыйақысынан басқа қаражат есебінен көрсетіледі.

Хубей провинциясында мақта өсіруді дамытудың негізгі бағыты –өндірушілерді қолдау. Мақта корпорациясы олармен мақта сатып алу келісім-шартын жасап, несие береді, тұқымдық шит және субсидияланған бағалармен жанар-жағармай, тыңайтқыштар бөледі. Сондай-ақ мақта алқаптарында түрлі зерттеу және жаңа технологияларды ендіру жұмыстарын жүргізеді, олардың оңтайлы, озық жетістіктерін барлық өндірушілерге жария етіп отырады.

Хубей мақта корпорациясында сыйымдылығы 20–дан 40 мың тоннаға дейін үш қойма, жүктеу алаңдары және тасымалдау паркі бар. Мақтаның экспорты осы қоймалар арқылы жасалады.

Өндірістік ресурстарды субсидияланған бағамен сату, өндірістік несиелер беру және өндірушілердің сеніміне кіру мақсатында Қытай үкіметі негізгі қызықтырушы фактор ретінде сатып алу бағасын көтеріп отырады. Келісім-шарт жүйесін ендіріп, бағаны көтеріп отыру фермерлерге өндірісті ұйымдастыруда еркіндік берді, осылардың нәтижесінде өндіріс ұдайы дамып келеді.

Мақта талшығының бағасы 1983 жылы 3,65 юань/кг болса, 2003–2004 жылдары 4–5 есеге көтеріліп , 14–15 юань/ кг дейін жетті. Бұл бағалар әлем рыногындағы мақтаның бағасымен салыстырғанда юаньның инфляцияға ұшырауына байланысты төмендеу, дегенмен жалпы мақта өндірісі 2,2 млн–нан 6,3 млн. тоннаға дейін жеткен.

1992 жылдың қазанында Қытай мемлекеттік Кеңесі «Мақтаның ұсынысын және бөлу жүйесін реформалау» туралы ережені бекітті. Бұл ұсыныстың негізгі мақсаты ішкі рынокты реттеу жолымен мақтаны сатып алу және сату бағасын белгілеу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру. Мақтаның экспорты мен импорты мемлекеттің бақылауында қалдырылған.

Тоқыма өнеркәсібі мақта сауда-саттық корпорациясы арқылы жұмыс жүргізеді, мақта компаниялары және өндірушілермен тікелей келісім–шартқа отырады. Өнімнің бағасы келісімді бағаға өтіп, алдынғы бір деңгейдегі баға жүйесін алмастырады. Осыған сай мақта сату және сатып алу құқығына ие лицензиялар беру жүйесін енгізді, бұл көптеген провинцияларда еркін рыноктың жаңа үлгісі ретінде таныла бастады. Еркін рыноктың қатынастардың оңтайлы әсерінен мақта өндірісі артқан және оның экспорты көбейген деген болжамы орындалған. Сонымен қатар тоқыма өндірісі дамыған провинцияларда мақтаның импорты артып, олар жіп иіріп, мата тоқып мақта тұтыну көлемін арттыруға қолайлы фактор болған.
Талқылауға арналған сұрақтар


  1. Қытайда мақта рыногын қалыптастыру және қолдау шаралары;

  2. фермерлер өнімдерін сатып алу бағасы арқылы қолдау;

  3. Қытайта мақта өнімнің тұрақты көлемі қандай болуы жоспарланған?

  4. Қытайдың әлемдегі мақта өндірісіндегі және тұтыну үлестері:

  5. Қытайда келісім-шарт жүйесінің дамуы және артықшылықтары;

  6. Хубей провинциясында мақта корпорациясының құрылымы және қағидаттары;

  7. Хубей провинциясында мақта талшығының өсу динамикасы.



Тапсырма -16. Азия мемлекеттерінде мақта өндірісі және рыногы

Мысыр және Сирия мемлекеттері мақта өсіру саласын дамытуды өз бақылауларына алған. Екі елде де фермерлер мақта өндірісін үкімет бекіткен бағаға сәйкес ұйымдастырады. Егістік жердің көлемін белгілеп, егілетін сұрыптардың түрлерін орналастыру және өндірістік ресурстарды пайдалану мемлекет жоспары бойынша жүргізіледі. Тоқыма өнеркәсібінің көпшілік бөлігі мемлекет меншігіне қарасты. Фермерлерге өндірген өнімі үшін төленетін баға әлемдік рыноктағы бағадан едәуір төмен.

Бірқатар мемлекеттің Үкіметтері мақта өсіру саласын басқаруда өндірушілер үшін салыстырмалы түрде бірқалыпты баға белгілейді. Ал тоқыма фабрикалары үшін талшық сатып алу бағасы бәсекелестік ортада қалыптасады. Сонымен қатар ішкі тұтыну мөлшерінен артық талшықты әлемдік рынок бағасымен экспортқа шығаруға рұқсат берілген.

Мақта өндірушілерге қолданыстағы бағаны олар пайдалана алмайтын жағдайлар кездеседі, өйткені ол баға еркін рыноктық қатынастағы бағадан төмен. Мұндай жағдай Пәкістан, Үндістан және Зимбабве мемлекеттерінде орын алған. Пәкістан өкіметі ішкі рыноктағы бағаға әсер ету мақсатында және мақта талшығының экспортын бақылауға алу үшін екі түрлі баға жүйесін қолданып келеді. Мемлекеттің экономикасында мақта өсіру саласының орны зор, жалпы валюталық табыстың 19 мақта талшығын экспорт жасаудан түседі, тоқыма тауарларынан түсетін табыс – 23 тең. Мақта өндірумен 2,5 млн-нан астам фермерлер айналысады, оған қосымша мақтаны баптау, жинау және өңдеу сияқты маусымдық жұмыстарға 1 млн. адам қамтылған. Пәкістанда қоғамдық секторда жұмыс жасайтын адамдардың үштен бірі мақта матасын өндіру саласында еңбек етеді. Сондай-ақ жекеменшік секторында, киім–кешек тігу өндірісінде 220 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

Пәкістанда мақта өсіру және мақта өнімдерін өңдеуге маңыз беріп, бұл салаға арнайы қызығушылық танытып отыр. Мақта кешенінде мақта жібін өндірушілер мен оны экспорт жасаушылар, фермерлер, джиншілер, мақта матасынан тауар өндірушілер және Үкімет өкілдерінің арасында қызу бәсекелестік жүреді. Соңғы жылдары Пәкістан Үкіметі тоқыма өндірісін ұлғайту мақсатында мақта талшығының экспортына шектеу қойып, фермерлерге мақта сату бағасына қолдау көрсетті, мақта экспортшыларына ішкі рыноктағы ең жоғарғы бағаны, ал экспорттық мақта талшығына ең төменгі бағаны қолданды. Мақтаны экспортқа шығарудың квотасын бекітті, мақта жеткізіп берушілерге әртүрлі салықтар белгіленді. Мақта жібі үшін экспорттық салықтан, ал тоқыма өнімдерін импорттан қорғау шараларын іске асырды.

Мақта шикізатын өндіруші фермерлер үшін сату бағасын қолдау жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша Үкімет өндірушіні алдын ала қолдау үшін сату бағасын белгілейді. Сол баға маусымның соңына дейін тұрақты болады. Егер фермерлерді қолдау бағасы әлемдік рыноктың бағасынан төмен болса, фермер өндірген мақтасын жеке алушыларға сату құқығына ие. Дегенмен фермерлерді қолдау бағасы олардың сенімін арттырып, мақта өндіруге деген ынтасын арттырған.

Пәкістан үкіметі өзге жолдармен де мақта өндіру саласына қызығушылықты арттырды. Соның ішінде пайдаланылатын материалдық ресурстарды субсидиялау, мақта тұқымының жақсартылған сұрыптарын бөліп беру сияқты жолдары бар. 1990 жылдары тыңайтқыштар алу, суландыру, электрмен жабдықтау және несие үшін 725 млн. рупий бөлінген яғни сол маусымда өндірілген мақтаның әр фунтына 3 АҚШ центі бөлінген. Осындай тиімді экономикалық шаралар мақта өнімінің көлемін арттыруға ықпалын тигізді, бірақ мақта талшығы мен жібінің арасындағы экспорттық арақатынас мөлшеріне әсері болмады.

Пәкістанда тоқыма өнеркәсібінің өркендеуіне, экспорттық қатынасты екі түрлі тауарлар – мақта талшығы және иірілген жіппен жүргізілуіне басқа да факторлар әсерін тигізді. 1990-2000 жылдардан бастап тоқыма өнеркәсібінің технологиялық жабдықтарына мемлекет тарапынан шектеу алынып тасталған соң бұл салаға капитал үшін инвестиция салуға бірқатар жеңілдіктер жасалды. Сондықтан жіптің өзіндік ішкі бағасы әлемдік бағадан төмен болып қалыптасты. Шетке экспорт ретінде мақта өнімдерін шығару толығымен мемлекеттің бақылауына алынып, монополист үкіметтің өкілдігі корпорациялар арқылы бұл мәселені бақылауға алды.

Азия банкі экономистерінің талдауы бойынша мемлекеттің ішкі бағалары әлемдік бағадан 15–ке төмен. Бұл тоқыма өнеркәсібінің дамуына оңтайлы экономикалық басымдық берді. Осындай жағдайларға байланысты жіп иіру өндірісі даму жолына түсті, тауарды экспорт жасау көлемі артты. Мақта экспортына деген мемлекеттік монополия 1992 жылы тоқтатылды, оның орнына екі баға жүйесі ендірілді. Бұл жолмен ерекше түрде ішкі бағаның деңгейі және мақта талшығының экспорты толық бақылауға алынды. Сонымен қатар үкімет жергілікті жіп иіру фабрикаларын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында мақта талшығына экспорт квотасын ендірді. Бұл жүйе бойынша ішкі бағаның болжамдалған деңгейі маусымды мерзімде жарияланып отырады. Ондағы мақсат – ішкі бағаны төмендетіп, жіп иіруші кәсіпорындарына экономикалық тиімді жағдай туғызу.

Екіншісі – болжамдағыдан жоғары немесе ең төмен экспорттық баға. Бұл баға Үкімет комитетімен әркүні белгіленеді. Осы бағаның негізінде мақтаның базалық типтері экспортқа шығарылып сатылады. Сондай-ақ кейбір жылдары мақта экспортаушы фирмалар болжамдағы баға мен ең төменгі экспорттық бағаның айырмасын толық мөлшерінде экспорт салығы ретінде төлейді. Бұл мақта экспорттаушы жеке тұлғаларға едәуір шектеу қойды, оның есесіне жергілікті жерде өндірілген мақтаның толық көлемі сол жердегі жіп иіру кәсіпорынында пайдалану үшін қалдырылатын болды.

Мақта өнімі өңдеуге жеткілікті болатын жылдары үкімет экспорттық салықты мүлдем алып тастайды немесе 60 дейін кемейту жолымен экспортқа қызығушылықты күшейтеді.

Халықаралық Өндірістік Федерациясының иірілген жіптің өзіндік құнын есептеу және зерттеулері бойынша осы іс–әрекеттерді ұйымдастыратын алты мемлекетте иірілген жіптің өзіндік құнының құрамында сатып алынған мақтаның үлесі 49–61 тең болған. Пәкістандағы жіп иірушілер басқа елдердеге қарағанда шикізатты 24 арзанға сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Ал, жалпы жіп иірушілерге тауардың өзіндік құнының тек 12–15 жеңілдіктері берілген. Басқа да зерттеулер бойынша Австрияның жіп иірудегі ең тиімді фирмасының пайда алу маржасының мөлшері, Пәкістандық жіп иіруші фабрикалардың алған пайдасынан аз немесе сапа бойынша бәсекеде Пәкістаннан импорт жасалған жіптің тиімділігі басым болған.

Осылайша әлемдік рынокта Пәкістан мақта жібінің экспорттық көлемі артты. Бір қатар мақта өндіретін мемлекеттерде оны өңдеуді өз елдерінде ұйымдастыра бастады, әлем рыногындағы мақта саудасы көлемінің төмендеуі байқала бастады.

Осы мерзімде мақтаны өз елдерінде пайдаланудың мөлшері әлемнің үш мақта державаларында –Үндістан, Пәкістан және АҚШ–та 950 мың тоннаға артқан. Сол сияқты Батыс және Шығыс Еуропада мақтаның ішкі тұтыну көлемі 570 мың тоннаға көбейген. Пәкістандық мақта жібі экспортының артуы экспортшылармен сауда–саттыққа да әсерін тигізді. Жапония, Гонконг, Оңтүстік Корей және Тайвань Пәкістанның 70 мақта жібіне импорт жасайтын болды. Бұл ықпалға мақта экспорттаушы АҚШ және Австралия да келісуге мәжбүр болды.

Пәкістанда жіп иіру өндірісі дамуының негізгі бөлегі және оның экспортының ұлғаюы мақта шикізатының мол өндірілуіне байланысты. Осындай ұтымды жағдай, кәсіби деңгейі жоғары жұмысшылардың жеткілікті болуы және тоқыма өнеркәсібіне қажетті технологиялық жабдықтарды сатып алуға жасалған инвестицияның өсуіне де негіз қалады.

Тағы бір ұтымды жағдай, жіп иіру өнеркәсібін өркендету мақсатында шикізат өндіру үшін арнайы субсидия бөлінді.

Мақта шикізатын өңдеуде алдыңғы қатардағы мемлекеттер ретінде Филиппин, Индонезия, Колумбия, Зимбабве, Пәкістан, Чили, Тайланд, Марокко және Иран аталады. Бұл мемлекеттерде 1998–2002 жылдары фабрикалардың мақта тұтыну мөлшері 74 асты, оның көлемі 1,33 млн. тоннаға дейін жеткен.

Үндістан елінде мақта шаруашылығымен 1 млн. шаруа қожалығы айналысады, әлемдік өнімнің 9% өндіріледі, 8,7 млн. адам жіп иіру және тоқумен қамтылған, 8 млрд. шаршы метр мақта матасы өндіріледі, тоқыма саласы өнеркәсіптің жалпы өнімінің 20% құрайды.

Пәкістан, Үндістан және Зимбаведе мақта өндірісінің көлемі орташа 9,8 млн. тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш соңғы маусымдардағы есептеулерге қарасақ, әлемдік мақта өндірісінің 1/3 жуық. Бұл мемлекеттерде ішкі баға халықаралық рыноктағы бағадан төмендеу, сондықтан еркін рыноктың қатынас рыногына өтіп кетсе мақта өндірісінің көлемін арттырудың әлеуеті едәуір жоғарылайды. Осы мәселелер бойынша мамандардың пікірінше еркін рыноктық қатынасқа өту, мақтаның бағасын мемлекеттік реттеу, табыстарына субсидия бөлу, өндіріске үкімет өкілдерінің қатысуы, мақта сатудағы әртүрлі кедергілерді жою сияқты іс-әрекеттер мақта өндірісінің жалпы көлемін арттырып, оның орташа бағасын төмендетуі мүмкін. Ал, мақта бағасының төмендеуі одан дайындалатын тауарлар мен бұйымдардың тұтыну сұранысын және бәсекеге қаблетін арттырады.

Әлем рыногының қазіргі жағдайын талдау АҚШ, Қытай, Пәкістан және мақта өсіретін бастапқы және терең өңдейтін мемлекеттерде рыноктың қатынастары жетілдіру, бәсекелестікке қабілеттілікті арттыруды озық, тиімді тәжрибелер бар екендігін көрсетеді.


Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Азия елдерінде мақта өсіру саласын дамыту шаралары;

  2. Пәкістан Үкметінің фермерлер шаруашылығын қолдау шаралары және көрсеткіштері;

  3. Пәкістанда тоқыма өнеркәсібін дамыту шаралары және қағидаттары;

  4. Азия банкі экономистерінің талдау нәтижелері қандай?

  5. Пәкістанда мақта өнімдерін өңдеу және экспорт әлеуетін арттыру жолдары;

6) Пәкістан, Үндістан және Зимбаведе мақта өндірісінің даму көрсеткіштері.

Тапсырма-17. Ірілендірілген «Кетебай» ӨК-нің артықшылықтары

Көп жылдық ізденістеріміз бен зерттеулеріміздің нәтижесіне және мақта өсіретін ірілендірілген шаруашылықтардың тәжірибесіне сүйенетін болсақ, төмендегі нақты мысалдарды келтіруге болады.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында ірілендірілген 184 агроқұрылым жұмыс істейді. Мұның 163–і өндірістік кооперативтер, 20 серіктестіктер, бір– бірден акционерлік қоғам және мемлекеттік кәсіпорын. Біздің зерттеулеріміз бойынша «Кетебай», «АШМ–сервис Орталығы», «Нұрлы жол» және «Арай» өндірістік кооперативтері жоғары және тұрлаулы өндірістік –экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізген. Еңбек шығыны аз, технологиялық операциялардың басым бөлігін техника күшімен орындап өнімділігін арттырған.

Төменде «Кетебай» ӨК құрылымы келтірілген (сурет-1)







Cурет 1 – «Кетебай» өндірістік кооперативінің құрылымы

«Кетебай» өндірістік кооперативі бұрынғы кеңшардың бөлімшесі негізінде «Қазақстан Республикасы өндірістік кооперативтер туралы» заңына сәйкес құрылған.

Кооперативтің 437 мүшесі пайға берілген жер және мүлік үлестерін біріктірген. Өдірістік кооперативтің барлық жер көлемі 1125 га, мұның 1006 гектары суармалы егістік. Ағын су К–25–1, К–25–2 шаруашылықаралық каналдары арқылы беріледі. Сонымен қатар 4 км ішкі ирригациялық жүйесі, 3 км қашыртқы – дренаж жүйесі бар.

«Кетебай» ӨК ауыл шаруашылық дақылдарын тиімді орналастыру құрылымында бірқатар ауытқулар бар. Дегенмен мұнда мақтаны басқа дақылдармен алмастырып егу іс–тәжірибесі ендірілген.


Кесте 1 – «Кетебай» ӨК ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру құрылымы


Дақыл түрлері

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Орташа 5 жылда

жер көлемі, га

үлес, %

жер көлемі, га

үлесі, %

жер көлемі, га

үлесі, %

жер көлемі, га

үлес, %

жер көлемі, га

үлесі, %

жер көлемі, га

үлесі, %

Барлық егістік жер

1040

100,0

1040

100,0

1040

100,0

1040

100,0

1040

100,0

1040

100,0

Соның ішінде: мақта

950

91,4

899

86,4

916

91,0

900

86,6

880

85,0

910

87,5

Жоңышқа

90

8,6

100

9,6

90

9,0

100,0

9,6

124

11,5

100

9,6

Басқа дақылдар

-

-

41

4,0

34

3,0

40

3,8

36

3,5

30

2,9




ӨК-тің 2004–2008 жылдардағы егістік құрылымында үш түрлі ауыл шаруашылық дақылдары егілген. Олар – мақта, жоңышқа және бақша. Орташа бес жылда барлық егістіктің 87,8% мақта, 9,6% жоңышқа және 2,9% бақша дақылдары болған. Мұндай жағдай 1993–2000 жылдары әлем рыногындағы мақта талшығы бағысының көтерілуімен, шитті мақта және оның талшығын өндіру тиімділігінің жоғарылауына байланысты қалыптасқан.

Ливерпуль тауар биржасында А.Котлук индексі 1993 жылы 70,59 (1556,23 АҚШ доллары), 1994–91,77 (2023,16$), 1995–85,61 (1887,36$), 1996–78,59 (1732,6$) 1997–72,21 (1591,94$). Бұл көрсеткіштер соңғы жылдары қалыптасқан бағадан (2000–2005 ж.) 1,3–1,6 есеге артық [184]. Сонымен қатар қалыптасқан шаруашылық жағдайда мақта өсіріп, баптау және өнімді жинауда ӨК техникамен толық қамтамасыз етілгендігі де есепке алынған. Өндірістік кооперативтегі жалпы техниканың баланстық құнының 62 % мақта өндірісіне бейімделген арнайы ауыл шаруашылық машиналары. Кооператив мақта саласына бейімделген кәсіби деңгейі жоғары білікті мамандар және жұмысшы – мақташылармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Олар – агроном, инженер – механик, гидротехник, механизатор және сушылар.

«Кетебай» ӨК–де ғылыми–техникалық прогрестің және инновацияның жетістіктерін өндіріске ендіруге мүмкіндіктер жеткілікті. Мақта егілетін жер көлемі, техника мен технология, кәсіби мамандар мен механизаторлар бұған алғы – шарт бола алады. Мақта өсіру және жинау технологиясындағы еңбек шығындарының жартысына жуығына жұмсалатын агрооперация – шитті мақтаны жинау. ӨК–те мақта жинайтын 27 машина бар, соның ішінде өнімділігі жоғары «Джон-Дир» (АҚШ) мақта теретін машинаның саны– 2.

«Кетебай» ӨК–ің ауыл шаруашылығы техникаларының түрлері және кадрлармен жабдықталуы туралы мәліметтер төмендегі кестелерде келтірілген (кестелер 2,3).


Кесте 2 – Ауыл шаруашылық техникаларының түрлері және олардың жылдық жүктемесі



Техника түрлері

Маркасы

Өлшемі

Жыл

2008 жыл 2004 жылмен салыстырғанда өсімі, %

2004

2008

Шынжыр табанды трактор

Т- 4А, Д -75, ВТЗ-90

бірлік

8

12

150,0

Орташа егістік жүктеме

-

га

130

86,7

66,7

Доңғалақты тракторлар соның ішінде баптау тракторы

Т28х4, МТЗ-80х

бірлік

15

19

126,6

Орташа егістік жүктеме

-

га

63,3

46,3

73,14

Мақта теретін мәшинелер

17ХНП-1,8 «Джон-Дир»

бірлік

21

25

119,0

Орташа егістік жүктеме

-

га

45,2

35,2

77,9

Тасымалдаушы тракторлар

МТЗ-80

бірлік

23


25


108-7


Тіркемелер

ПТС-793-2

бірлік

26

32

123,1

Механикалық жүктеушілер

ПЭ-0,8

ПУ-0,5


бірлік

4

5

125,0

Жем-шөп дайындау техникалары

Е-303

Кир-1,5


бірлік

2

3

150,0

Жоғарыдағы 4–кестеде көрсетілгендей, ӨК–те соңғы 5 жылда негізгі ауыл шаруашылығы техникаларының саны 119,0–150,1% өскен, ал орташа жылдық егістік жүктемесі 22,1–32,3% дейін төмендеген. Техникамен жарақтандырылу деңгейінің өсуі, орташа егістік жүктемесінің төмендеуі агротехникалық операцияларды дер кезінде және сапалы орындап, тұрақты өнім алуға мүмкіндік берген.

Қажетті мөлшердегі техникамен қамтамасыз етілуі, механизатор мамандарының кәсіби деңгейінің жоғарылығы әрбір жұмысшыға жүктемені 6–8 гектарға жеткізуге, сонымен қатар гектарынан 22–25 центнер өнім алуға өндірістік жағдай жасалған. Ірілендірілген кооперативтің артықшылығы сол, техниканы, жұмысшы күшін қажет кезінде ең жауапты кезеңдерде өндіріске шоғырландырып бағыттауға, тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ірілендірілген агроқұрылымның мөлшерінің жалпылама көрсеткіші – егістік алқабының параметрі. Бұл көрсеткіш жалпы өнімнің көлемі, өндірістің интенсивтік деңгейі туралы тұжырымдама жасауға негіз болған. Жалпы өнімі көп және егістік мақта алқабы ірі кешенді механизацияландырылған құрылымдарда еңбек өнімділігі жоғары, ал шитті мақтаның өзіндік құны төмен болған. Ірілендірілген агроқұрылымдардың артықшылығы әсіресе мақта жинау науқаны мен, келесі жылдың өнімі үшін күзгі-қысқы жұмыстарды жүзеге асыруда байқалған. Мұндай ұжымдарда жиын-терімді конвейерлік-тасқынды әдіспен атқарып, өз күшімен қысқа мерзімде аяқтауға болады.

Кесте 3 – ӨК-ің жұмысшы және механизатор кадрларымен қамтамасыз етілуі



Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Жыл

2007-2001 жылмен салыстырганда өсімі, %

2001

2003

2005

2007

Барлық егістік жер

га

1040

1040

1040

1040

100,0

Жұмысшылар саны

адам

320

310

305

299

93,4

Орташа егістік жүктемесі

га

3,3

3,4

3,5

3,5

104,2

Барлық трактор саны

бірлік

54

54

56

58

106,1

Механизаторлар саны

адам

69

65

60

62

89,0

Қамтамасыз етілу коэффиценті

бірлік

1,27

1,2

1,1

1,2

95,0

ӨК–те жұмысшылар саны 2001 жылы 320 адам болған, ал, 2007 жылы 299 адамға төмендеген, яғни 6,6 %. Сол мерзімде әрбір жұмысшыға орташа егістік жүктеме 3,3 га-дан 3,5 га–ға артқан немесе 6,1%.

Техникалық жетістікті өндіріске енгізуде кәсіби деңгейі жоғары жаңа техника және технологияны меңгерген механизатор кадрлары шешуші рөл атқарады. Бірақ олардың санының қысқару тенденциясы байқалады, 2001–2007 жылдар арасында 5,0% азайған. Нақты бар тракторлар мен комбайндарды механизаторлармен қамтамасыз етудің деңгейі төмендеген (1.27–ден 1.1–ге дейін).


Тапсырма 18. «Кетебай» ӨК-де мақта өндірісінің тиімділігі

«Кетебай» ӨК өндірістік – экономикалық көрсеткіштерін сараптау барысында оның мақта өсірілетін егістік жер көлемі мен жалпы өнімде жылдар бойынша ауытқулар болатын байқадық. Оның мөлшері 13,6-31,2 % дейін, 2004–2008 ж.ж егістік көлемі орташа – 910 га-ны, жалпы өнім 2051тонна, 1га –дан алынатын орташа өнім – 22,5 центнерді құраған. Бұл көрсеткіш Мақтаарал ауданының көрсеткішінен 3,3 центнерге, облыстық көрсеткіштен 2,7 центнерге артық. 1 тонна шитті мақтаны сатудың бағасы 120% дейін ауытқыған, 2004 жылы 1 тоннасы орташа 51,0 мың теңге болса, 2008 жылы 61 мың теңгеге дейін көтерілген. Мұндай ауытқулар мақтаның әлемдік рыноктағы бағасына сәйкес қалыптасқан.



Кесте -1 «Кетебай» ӨК өндірістік–экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіш

Жыл

Орташа

2004

2005

2006

2007

2008

5 жылда 2004- 2008

Егістік жер көлемі, га

950

889

916

900

880

910

Жалпы өнім, тонна

2500

2061

1724

2010

1960

2051

1 га алынған өнім ц/га

26,2

23,3

21,8

22,3

22,1

22,5

1 тонна өнімнің сату бағасы, мың теңге

51

47

51

56

58

49,4

Сатып өткізуден түскен табыс, млн. теңге

127,5

96,9

87,9

112,:

113,7

107,7

Таза пайда, млн.теңге

31,0

36,0

40,1

34,0

25,0

33,2

Пайдалылық деңгейі, %

30,4

36,6

42,9

31,0

23,0

32,8

Ескертпе- «Кетебай» ӨК бухгалтерлік балансының мәліметтері

Жоғарыдағы өндірістік және экономикалық көрсеткіштердің ауытқулары түпкі нәтижелердің – жалпы табыс, таза табыс және пайдалылық деңгейінің ауытқуларына алып келген (сурет 1).


Жыл

Cурет 1 − Ірілендірілген «Кетебай» ӨК 2004-2008 ж.ж. пайдалылық деңгейі

Ескертпе − «Кетебай» ӨК бухгалтерлік балансының мәліметтері 2004-2008 ж.ж.

Пайдалылық деңгейі 2004 жылы 30,4%, 2008 жылы 23,0% құраған, яғни ұсақ шаруа қожалықтарының көрсеткіштерінен ондаған есеге артық. «Кетебай» ӨК мақта өсіру мен жинауда ғылыми – техникалық жетістіктерді өндіріске ендіріп, оның тиімділігін және бәсекелестікке қабілеттілігін арттырған.

Кесте 2 − «Кетебай» ӨК мақта өсірудің экономикалық тиімділігі

Көрсеткіш

Жылдар

Орташа 5 жылда 2004-2008 ж.ж

2004

2005

2006

2007

2008

Жалпы сатылған өнімнің құны, млн. теңге (нақты қолданыстағы бағада)

127,5

96,9

879,9

112,6

113,7

107,7

1 га-дан алынған қаржы түсімі, мың теңге.

141,2

89,3

103,1

125,1

128,4

117,0

1 тұрақты жұмысшыға өндірілген өнімнің құны, мың теңге

353,9

228,9

264,4

241,0

219,4

261,1

Пайдалылық деңгейі, % де

30,4

36,6

42,9

31,0

23,1

32,8

Өндірістік кооперативтің жалпы сатылған өнімнен алынған табысы бес жылда (2004–2008 ж.ж) 127,5–113,7 млн. теңге аралығында ауытқыған, орташа көрсеткіш 107,7 млн. теңгеге тең. Осы көрсеткішке байланысты 1га егістіктен алынған түсімі, 1 тұрақты жұмысшыға өндірілген өнімнің құны, пайдалылық деңгейінде де ауытқулар бар.

Орташа 5 жылда (2004–2008 ж.ж) 1 га–ның қаржы түсімі–117,0 млн. теңгені, 1 тұрақты жұмысшыға өндірілген өнімнің құны 261,1 мың теңгені, ал пайдалылық деңгейі 35,8% құраған.

Мақта шаруашылығының ең қауырт кезеңі сәуір – мамыр айларының аралығы. Осы мерзімде кооперативте еңбек, техника және қаржы ресурстарын шоғырландыру арқылы тиімді пайдалануға, агротехникалық шараларды қысқа мерзімде, сапалы және аз шығындармен орындауға мүмкіндік береді. Жерді шит себуге әзірлеу және шит себу кезеңінде техника түрлері шоғырландырылады. Агрегаттар 5–6 бірліктен жасақталған отрядтарға топтасып жоғары өнімділікпен жұмыс атқарады. Дәл осындай жинау–тасымалдау отрядтары мақта жинау маусымындада ұйымдастырылады.

«Кетебай» ӨК–де жылдық нәтижеге орай мамандар мен жұмысшыларға табысқа қосқан үлестеріне сәйкес қосымша еңбекақы төленеді. 2004–2008 ж.ж. орташа түпкі нәтижесі бойынша жалпы жиналыс 20048 мың теңге қосымша ақы төлеуге шешім қабылдаған. Жалпы кооператив бойынша қосымша ақыны есептеу үшін үш түрлі коэффицент пайдаланылады. Яғни ең маңызды шешуші рөлге ие мамандар үшін (механизаторлар, сушылар және мамандар) –1,9, тұрақты жұмысшылар –1,2 және басқалар 1,0;

Осы жолмен есептегенде барлық жұмыс істеуші 437 адамның 130–на 1,9 коэффицентім қосымша ақы төленген. Екінші топтағы жұмысшыларға 11117 мың теңге, орташа 36,8 мың теңгеден қосымша ақы төленген. Өндірістік кооперативтің пайдалылық деңгейінің жоғарылығы шаруашылықты ұдайы дамытып, жұмысшыларды материалдық тұрғыдан қызықтыруға мүмкіндік туғызған.

Бұл өз ретінде «Кетебай» елді–мекенімен оның тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартты (кесте 29).

2004–2008 жылдары елді мекенде қожалықтар саны 82–ге өскен, ал тұрғындар саны 16,6 % артқан. Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру және тұрмыстық қызмет көрсету жүйелерінің көрсеткіштері де едәуір дамыған. Осы жылдары 340 орындық жаңа мектеп құрылып пайдалануға берілді. Сол мерзімде жеңіл автомобильдердің саны 39 бірлікке өскен, теледидар 80-ге көбейген. Бұл көрсеткіштер жанұялық бюджеттің өсуінің дәлелі бола алады. Елді мекенді көркейту, абаттандыру бойынша бағдарлама дайындалып жүзеге асырыла бастаған.


Кесте 3 – «Кетебай» елді мекенінің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіштердің аты

Өлшем бірлігі

Жыл

2004

2008

Елді-мекендегі қожалықтар

саны

967

1049

Тұрғындар саны

адам

7547

8801

Мектеп

саны

4

4

Оқытушылар

адам

185

201

Оқушылар

адам

2736

3084

Фельдшерлік пункте көрсетілетін қызметтер

адам

212

212

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің саны

адам

12

17

Тұрмыстық қызмет көрсету орындары

орын

-

3

Ауыз су торабы

км

48

48

Тас жолдар

км

41

41

Жекеменшіктегі жеңіл автомобиль

бірлік

201

240

Телевизор

дана

960

1040

Компьютерлер

дана

-

2

Телефон нүктесі

дана

2

2

Радио нүктесі

дана

-

-

Дүкендер

саны

2

4

Асхана

саны

-

1

Монша

саны

2

4

: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет