Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы



бет4/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Талқылау үшін сұрақтар

    1. ОҚО ірілендіру бағыты және орта, ірі шаруашылықтар түрлері мен саны.

    2. Ірілендірілген «Кетебай» ӨК құрылымы және басқару органдары қандай?

    3. «Кетебай» ӨК егістік құрылымы, техникамен жарақтану деңгейі қандай?

    4. «Кетебай» ӨК мақта саласындағы өндірістік экономикалық көрсеткіштерін талдау

    5. «Кетебай» ӨК мақта өсірудің пайдалылық деңгейін сараптау

    6. «Кетебай» елді мекенінің әлеуметтік жағдайының сипаттамалары қандай?

Тапсырма 19. «АШМ сервис Орталығы» ӨК - техникалық қызмет көрсететін инфрақұрылым

Инфрақұрылымдардың материалдық – техникалық әлеуетін қалыптастыруда рыноктағы басқа салалардың кәсіпорындарынан жаңа технологияны сатып алу мен жалға алудың маңызы ерекше.

Осыған байланысты рыноктық қатынасқа тән материалдық ресурстар мен қызметтер рыногы қалыптасты. Бұл ресурстарға сұраныстың алғы шарты өндірілген тауарға сұраныстың болуында. Мақта кешенінде өндіріспен айналысатын агроқұрылымдардың төлем қабілеті шитті мақтаның бағасына және пайдаға, тиімділігіне тікелей байланысты.

Мақта кешенінде пайдаланылатын ауыл шаруашылық техникаларының бағасы қымбат. Олардың 2006жылғы бағалары төмендегідей: Мақта теретін машиналар − «Джон-Дир» (АҚШ) – 15300 мың; ХНП-1,8 (Өзбекстан)-2000 мың, тракторлар МТЗ-80Х (Беларусь) –2400 мың, ТТЗ-80, ТТЗ–100 (Өзбекстан) –1200 мың, трактор тіркемесі 4ПТС–793–2—250 мың теңге.

Мұндай техниканы сатып алуға шаруа қожалықтарының қаржылай мүмкіндігі төмен. 2005–2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бар болғаны 181 трактор, 47 себу сеялкасы, 60 культиватор, 74 бүркігіш, 78–ден астам тіркеме сатып алынған [210, б. 3].

Сондықтан шаруа қожалықтары өндірістік кооператив, серіктестік, қауымдастық құрып қаржы қорын жасаулары керек. Оның екі жолы ұсынылады:

– шаруа қожалықтары, егістік жерін және басқа да капиталын біріктіріп, ірілендірілген шаруа қожалықтары жай серіктестіктерін, қауымдастығын және өндірістік кооперативтер құруы керек;

– ауыл шарушылығын мемлекеттік реттеу жолымен республика бюджеті есебінен лизингке техника сатып алу арқылы МТС– тер (мәшине технологиялық стансалар) ұйымдастыру қажет. МТС–тер өздерінің «Сервистік орталықтары» арқылы агротехникалық қызметтер көрсетеді.

Сонымен қатар МТС–тердің қызмет функциясына шаруалардың қолында бар техниканы жөндеу және қосалқы бөлшектерді қалпына келтіру кіреді. Қазақстан Республикасының бюджетінен ауылшаруашылық техникаларын алу үшін бөлінген қаржы сомасы (теңге есебімен).

2001 жылы – 1179,2 млн, 2002 жылы – 1069,9 млн, 2003 жылы – 3676,8 млн, 2004 жылы – 3800 млн. 2008 жылы ОҚО ауылшаруашылығына жәрдем қаражат көрсетуге 4,2млрд, 2009 жылға 5,045млрд теңге бөлінген.

Мақта саласында шаруа қожалықтарына агротехнологиялық қызмет көрсететін инфрақұрылымдар толық қалыптаспаған. Барларының материалдық – техникалық базасы ескірген, қызмет көрсету тарифтері жоғары, агротехнологиялық операциялардың сапасын қадағалау, дер кезінде орындау жүйесі және бақылау механизмдері жаратылмаған.

Агротехнологиялық және техникалық қызметтерді ұйымдастыруда үлгі-нысан ретінде «Ауыл шаруашылық машиналары сервис Орталығы» өндірістік кооперативінің өндірістік шаруашылық жағдайын қарастырайық.

Өндірістік кооператив бұрынғы «Қазауылшаруашылық техникасы» бөлімінің материалдық – техникалық базасының негізінде құрылған. Ол жаңа рыноктық қатынастарға өту реформаларына бейімделе отырып техникалық қызмет көрсетеді.

Ауыл шаруашылық өнімдері мен халық тұтыну тауарларына сұранысты толық қанағаттандыру мақсатында төмендегідей жұмыстар мен қызметтерді ұйымдастырады:

– ауыл шаруашылық агроқұрылымдарына агротехнологиялық, жөндеу және техникалық, тасымалдау тағы басқа қызметтер көрсету;

– ауыл шаруашылық өнімдерін соның ішінде мақта шикізатын және халық тұтынатын тауарларды өндіру, өңдеу және жеткізіп беру;

– тауарлармен қамтамасыз ету, жеткізіп беру, сату, сатып алу, коммерциялық, аралық және сыртқы экономикалық делдалдық іс–әрекетімен айналысу;

– жанар–жағармай бекеттерін құру және мұнай өнімдерін сату, тасымалдау қызметтерін атқару;

– трактор және ауыл шаруашылық мәшинелерін, олардың бөлшектерін, агрегаттарын жөндеу және қалпына келтіру.

Өндірістік кооперативтің балансындағы негізгі қорлардың жалпы құны 122 млн. 714 мың теңгеге тең. Соның ішінде жердің құны – 1,829 мың, ғимараттар – 34056 мың, мәшинелер, жабдықтар және беріліс құралдары – 68535 мың, көлік құралдары – 3200 мың, басқа негізгі құралдар – 882 мың және аяқталмаған құрылыс – 14217 мың теңгені құрайды.

Ғимараттар мен құрылыс нысандарына бас шеберхана құрамындағы 12 цех, АҚШ шығарған «Джон-Дир» мақта теретін машиналары мен агрегаттар, қосалқы бөлшектерді жөндеу, қалпына келтіру шеберханасы, еріту–құю, қосалқы тапсырыстарды орындау цехы, 3 ауыл шаруашылық мәшинелерін жарнамалау, сынау және сақтау алаңдары, жанар-жағармай бекеті механизаторлардың демалыс үйі, кеңсе және диспечерлік қызмет үйі кіреді.

Өндірістік кооператив мақта саласына жаңа техника мен технологияны ендіру бойынша жүйеліжұмыс жүргізген. Мақтаны өсіру және өнімді жинауда жаңа техникамен, агротехнологияны қолданудың экономикалық тиімділігі дәлелденіп өндіріске ендірілген.

2007 жылы «Ауыл шаруашылық машиналар сервисі орталығы» кооперативі «Джон-Дир» фирмасының 7810 модельді тракторын және сол фирманың 975 маркалы соқасын, 726 модельді чизель-култиваторын сатып алып, оны 665,8 гектар егістік жерде пайдаланады, салыстырмалы хронометриялық эксперименттер өткізіледі.

Ескі Т–4А маркалы тракторы және тіркемесі ауыл шаруашылығы машиналары мен жаңа − 7810 моделді «Джон-Дир» фирмасының тракторы, тіркеме агрегаттарының шығындарын салыстырғанда төмендегідей нәтижелер алынды.

Екі түрлі агрегаттың шығындарын салыстыру әдісімен есептегенде: 796,9 мың теңге қаржы шығыны жаңа техниканы пайдаланудан үнемделген. Сондай-ақ 665,8 га алқап жұмыстарының шығыны қысқартылып, 1312,9 мың теңге үнемделген немесе әрбір гектарға жұмсалатын өндірістік
Кесте 1 – «Ауыл шаруашылық машиналары сервис орталығы» ӨК-інде жаңа техника мен технологияны қолданудың тиімділігі (1 қаңтар, 2007 жыл).

Орындалған агротехнологиялардың аты


Орындалған көлемі, га

1 га қызметінің бағасы, теңге

Барлық сома, мың теңге

Жер жырту: трактор 7810, 975 «Джон Дир.» фирмасы.

761

7365

5605

Жер жыртудан соң микротегістеу.

215,8

2442,22

1099,0

Жер жыртудан соң арықшыларды тегістеу

ГН – 2,4


665,8

570,22

123,1

Сор шаюға дайындап пал алу МВ – 6

665,8

830-02

552,6

Палды тегістеу

665,8

452-16

301,1

Жерді тырмалау(ылғал жабу), трактор 7810

665,8

1200

799,0

Бірінші рет қопсыту, трактор 7810

665,8

3500

2330,0

Қопсытудан соң тырмалау, трактор 7810

665,8

1200

799,0

Шит себу трактор МТЗ-80Х

665,8

1260,18

839,0

Бірінші культивация, трактор МТЗ-80Х

665,8

1009,96

672,4

Екінші культивация, трактор МТЗ-80Х

665,8

1009,96

672,4

Үшінші және одан кейінгі культивация МТ 3-80

665,8

857,68

571,0

Суару: СНП – 500 насос агрегатын қолдану

454

3300

1498,2

Мақтаны дефолиация жасау. бүркегіш 6500

665,8

440

293,0

Мақтаны мәшинемен теру, «Джон – Дир.»комбайны 993

665,8

17008,22

11324

Мақта шикізатын МТЗ – 80 тракторымен тасымалдау.

-

38,93 т/км

-

: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет