Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы



бет5/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

«Джон–Дир» фирмасы 7810 моделді тракторының негізгі артықшылықтары:

– дизель отынының үнемді жұмсалуы;

– доңғалақтан жерге түсетін үлес қысымының кемдігі;

– жоғары жылдамдығы, басқарудың жеңілдігі;

– механизаторға жасалған жұмыс орнының қолайлылығы (жылы кабина, кондиционер, басқаруда компьютерді пайдалану т.с.с).

Жоғарыда келтірілген факторлар дер кезінде күзгі жыртуды аяқтап, жерді тегістеуге, сорын шайып, қысқа мерзімде шитті себуге мүмкіндік туғызады және мақта өнімінің артуына негіз болады.

«Ауыл шаруашылық мәшинелерінің сервис орталығы» өндірістік кооперативінің балансындағы және агроқұрылымдардың техникалары белгіленген уақытта ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуден өтеді.

Жөндеуаралық және техникалық қызмет көрсетудің мерзімін анықтауда қозғағыштың мото-сағаты мен шығын болған дизель отынының мөлшері негіз болды. Соңғы он жылда техникаларды күрделі жөндеудің қажеттілігі туындаған жоқ.

Себебі, «Джон–Дир» фирмасы шығарған техниканың жөндеуаралық мерзімі ұзақ. Мысалы мақта теретін мәшинені күрделі жөндеуден өткізу үшін ол 30000 мото–сағат жұмыс істеуі керек. Қазіргі тәжірибеге сүйенсек, орташа бір маусымда 600 мото–сағат жұмыс жасайды, яғни 50 жылға дейін күрделі жөндеусіз жұмыс істеуі мүмкін. Сондықтан, оларға маусым алдында техникалық қызмет көрсетіледі. Онан соң жұмыс жасаған уақытына қарай белгілі көлемдегі ағымдағы техникалық қызметтер жасалады.

«Джон–Дир» фирмасы шығарған техниканың кейбір қосалқы бөлшектері тозады, оларды жөндеуден өткізіп қалпына келтіру немесе толығымен алмастыру қажет. Мысалға, мақта теретін машинаның шпинделі 4 жылда бір рет, 975 маркалы соқаның пышағы 20 га жер жыртқан соң, 726 маркалы чизельдің казаяқ жұмысшы органы 20 га жерді өңдеген соң ауыстырылады. Сондықтан жасалған кесте бойынша өз уақытында техникалық қызмет көрсету тіркеме машинаның сапалы жұмыс жасауының негізгі шарты болып табылады.
Талқылауға арналған сұрақтар


  1. Мақта кешенінің инфрақұрылымын қалыптастырудағы «АШМ Сервис Орталығы»-ӨК орны;

  2. «АШМ Сервис Орталығы»-ӨК міндеттері мен қызмет көрсету функциялары;

  3. ӨК-тің негізгі қорлары және жаңа техникамен жарақтандыру деңгейі қандай?

  4. жаңа техника мен технологияны қолданудың экономикалық тиімділігі;

5) «Джон-Дир» фирмасы 7810 модель тракторының артықшылықтары.

Тапсырма 20. Суармалы егіншілік технологиясы және қажетті мәшинелер жүйесі
Ауыл шаруашылық дақылдарының құрылымы: егістік жер 2000 га (100%), соның ішінде: мақта – 1400 га (70%), жоңышқа –350 га (17,5%) және жүгері –250 га (12,5%).

1. Күздік жер жырту (сүдігер):

Күзгі сүдігер жырту – ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғарғы өнім алудың негізін қалайтын маңызды агротехникалық шара.

Оңтүстік Қазақстан облысының мақта кешенінде пайдаланатын суармалы жердің көлемі 200 мың гектардан артық. Бірақ осы жердің жартысынан көбірегі тиісті агротехникалық мерзімдерде, яғни 15 желтоқсанға дейін жыртылмайды. Жер жырту қаңтар – сәуір айларына дейін созылып көктемде орындалады, сапасы төмен болып, агротехника ереже талаптарына жауап бермейді. Бұл жерлердің соры шайылмайды, топырағы отырмайды, қозапая шірімейді, тағы сол сияқты кемшіліктер орын алады. Осының салдарынан әр гектар мақталықтың өнімділігі 6–8 центнерге төмендейді немесе 120–130 мың тонна шикізат (40–50 мың тонна талшық) алу әлеуеті жүзеге асырылмайды, осы себептермен өнімнің жалпы құны – 4,8 млрд. теңгеге азаяды.

Осы негіздемелерге және шаруа қожалықтарындағы техникалық қызметтерге сұраныстың артуына сәйкес, тауар өндірушілерге техникалық қызмет көрсету мақсатында машина-технологиялық қызмет (МТҚ) ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

Жақын және алыс шетелдерде шығарылып жатқан техникаларды іс-тәжірибеде пайдаланылып, ең үнемді, іс өнімділігі жоғары, экономикалық тиімдісі, бұл қазіргі заманғы жалпы қолданыстағы шетел тракторлары және ауыл шарушылық машиналар екендігін төмендегі есептеулер дәлелдейді.

1) «Джон–Дир» тракторы, моделдерді 7810 немесе 7820; ауысымдық өнімділігі 15 га х 2 ауысымда = 30 га; жер жырту маусымының мерзімі – 20 күн, маусымдық жүктеме: 30 га х 20 тәулік = 600 га; трактор қажеттілігі

2000 га: 600 га; = 4.

2) Жер тегістеу:

моделдері 7810 немесе 7820 «Джон–Дир» тракторы ұзын базалық тегістегішпен тіркемеленген,1000 га жыртылған жерге, 1 трактор.

3) Трактор Т–4А, «ПЖ пал жасаушы» жабдығымен тіркемелеу үшін, 1000 га жерге бір агрегат қажет.

2000 га:1000 га =2 трактор Т–4А маркалы.

4) Трактор Т–130, «Арық қазушы АТ– 1400», құрылымымен тіркемелу үшін 2000 га – 1 агрегат.

5) Бір соқаның жүктемесі 500 га, сонда 2000:500=4 соқа 995 моделі.

6) «Пал жасаушы ПЖ» 1000 га 1 дана; 2000га:1000га=2 дана ПЖ.

7) Бульдозер жабдығы Д–606, ДТ–75 М тракторына орнатылған 1000 га, 1 дана. 2000 га:1000 га = 2 бульдозер.

8) «Арыққазушы АҚ–1400», 2000 га қажеттілігі 1 дана АҚ –1400

9) «Ұзын базалы тегістегіш Д–719» 1000 га–1 дана 2000 га:1000га = 2дана Д–719 тегістегіш.

10) Тісті тырма ТТО–1, норма бойынша 100 га керегі 18 дана; 2000:100= 20х18= 360 тырма.

11) «Соқа–чизель Джон–Дир» норма бойынша 400 га 1 дана; 2000:400= 5 дана чизель «Джон–Дир».


1400 га мақта алқабын баптау үшін қажетті техника санының есептеулері.


1 Жүйек арасында баптау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бейімделген үш доңғалақты МТЗ–80 Х тракторы, норма бойынша 80 га –ға- трактор, 1400 га :100 га = 14 дана.

  1. Мақта шитін себу СПЧ–6 сеялкасы, 100 га қажеттілігі 1 дана; 1400 га : 100 га = 14 дана,

  2. Жүйек арасында баптау жүргізетін КХУ – 4 культиваторы, 80 га–ға 1 дана; 1400 га; 80 = 18 культиватор.

  3. Қоза шырпу агрегаты ЧВХ– 3,6, 1400 га алқапқа керегі 1 дана; 1400 га:140 = 10 дана ЧВХ 3,6 шырпу агрегаты.

  4. Мақта зиянкестерімен күресу және дефолиация жасау үшін ОВХ – 28А бүркегіш машинасі, 200 га алқапқа 1 дана. 1400 га: 200 га = 7 дана.

  5. Мақта алқаптарын суару үшін арық қазу және оны тегістеу жабдығы КЗУ – 0,3;500 га алқапқа ДТ – 75 м тракторына орнатылған 1 КЗУ–0,3 жабдығы керек. 1400 га :500= 3 арық қазу және тегістеу жабдығы керек.

  6. Машина теріміне мақта алқабын дайындау үшін айналу алаңдарын, жол және арық-атыздарды тегістеу үшін грейдер Д – 20 БМ машинасы, 500 га алқапқа 1 дана керек. 1400 га:500 = 3 дана грейдер Д-20 БМ.

  7. Мақта теретін машина, моделі 9935 «Джон–Дир» фирмасы; 1 мәшинеге жүктеме 120 га. 1400 га :120 га = 11 мақта теретін машина.

  8. Тасымалдау тракторы МТЗ – 80;200 га алқапқа 1 трактор есебінен, 2000 га: 10 трактор МТЗ – 80 маркалы.

  9. Трактор тіркемелері 2 ПТС – 4 – 793 А; мақта шикізатын, пішен,

сүрлем және минералды тыңайтқыштар тасымалдау үшін, 35 га егістікке 1 тіркеме есебінен: 2000:35 = 57 дана.

  1. Экскаватор ЭО – 2623, ЮМЗ–6 тракторына қондырған, 2000 га

егістікке 1 дана керек.

  1. Суару жүйесін жетілдіру мақсатында СНП – 500/10 сорап

қондырғысы; 400 га 1 дана керек. 1400 га : 400 га = 3 дана СНП

500/10 сорап қондырғысы.

Жоңышқаны өсіру және жинау. 350 га жоңышқалыққа қажетті техниканың санын есептеу.


  1. Астық және жоңышқа дәнін себу үшін сеялка СЗТ– 3,6; 120 га жерге 1 дана, 350:120 = 3 дана қажет.

  2. Жоңышқа өнімін ору үшін КПРН – 3 косилкасы. 100 га жоңышқаға 1 дана есебінен 350 га : 100 га = 4 косилка КПРН – 3 маркалы.

  3. Орылған жоңышқа пішенін жолаққа жинау үшін ГВК – 6 тырмасы, 160 га жерге 1 тырма есебінен 350: 160 = 2 дана

  4. Кептірілген шөпті жинау – сығымдау машинасі ПС –1,6 Б машинасі, 120 га үшін 1 дана есебінен, 350:120 = 3 дана ПС – 1,6 Б машинасі.

  5. Өзі жүретін косилка – жаймалағыш Е – 301 машинасі, 300 гектарға 1 дана.

  6. Жүктеуші – көде жасаушы ПФ – 0,5 машинасі. 300 га – ға 1 дана.

  7. Косилка жинаушы, ұстаушы және жүктеуші машинасы КУФ – 1,8, 200 га 1 дана есебінен, 350 га : 200 = 2 дана КУФ – 1,8.

  8. Ұсатылған шөпті тасымалдау үшін арнайы тіркемелер 2 ПТС –4 – 793 А, 100 га 1 дана есебінен, 350:100=3 дана тіркеме.

Жүгеріні дән үшін өсіру, баптау және жинау үшін керекті техника санын есептеу, жүгері алқабының көлемі – 250 га.

  1. Жүгері жинайтын «Херсонец – 7» маркалы комбайн есебінен 250 га :60 = 4 дана «Херсонец -7» комбайны керек.

  2. Культиватор – егісті қоректендіруші КРН – 4,2, 120 гектарға 1 дана есебінен 250:120= 2 дана культиватор КРН – 4,2;

  3. Астық жинау комбайны «Енисей» – 1 дана

  4. КСС сүрлем жасайтын комбайны – 2,6 – 1 дана.

Томендегі келтірілген (кесте 50) салыстырмалы көрсеткіштерді сараптаған соң , 7810 модельді тракторды пайдалану экономикалық жағынан тиімді екенін көреміз. 1 гектардан үнемделген барлық шығынның сомасы 3212,66,теңге.

Жалпы көлемге бір жылда 2000 га х 3212,66=642523 теңге. Жаңа модельді 7810 тракторын өндіріске ендіруден 1 жылда үнемделген шығын сомасы 6 млн 425,3 мың теңге. Екінші оңтайлы жағы 6 бірлік Т–4А тракторының орындайтын жұмыс көлемін 7810 моделді 1 трактор атқарады.

Ең тәжірибелі механизаторды таңдап алуға немесе кәсіби деңгейін жоғарылату үшін оқытуға болады.

Кесте -1 Т–4 пен «Джон–Дир», 7810 тракторларының техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру



Көрсеткіш



Жер жырту

Үнемделген ресурстар, теңге
Т-4

«Джон-Дир»

7810


1 га жерді 35-40 см тереңдікке жыртудың бағасы, соның ішінде ҚҚС-15% және несиені қайтару үшін 600 теңге, теңге

4729-66

2473

2256,66


Қозғаушының қуаты, ат күші

110

150

-

1 га дизель отының шығыны, литр

55

30

650,0

1 га жағармай шығыны,кг

2

1

86,0

Соқаның корпус саны, дана

2

4

-

Жұмыстағы қозғалыс жылдамдығы, км/сағат

4,0

8,0-10,0

-

1 сағат пайдалану уақытындағы іс өнімі,га/ сағат

0,3

1,8

-

Тракторшының еңбекақысы,теңге

300

80

220,0

Барлығы

x

x

3212,6

Ескертпе − Зерттеулер нәтижесінде автор әзірлеген

«Джон–Дир» фирмасының 7810 моделіндегі трактордың 995 моделіндегі соқасымен бірге қайтарымын анықтаудың есептеулері бойынша 5 жылда өзін-өзі толық ақтайтындығы дәлелденген.
Талқылауға арналған сұрақтар

        1. Күздік жер жырту (сүдігер) қажетті жаңа техника мен технологияны ендіру

        2. Мақта алқабын баптау үшін қажетті жаңа техника жүйесі

        3. Жоңышқа өсіру және жинау үшін қажетті техника

        4. Жүгеріні дән үшін өсіру, баптау және жинау үшін мәшинелер жүйесі

        5. «Джон-Дир» тракторының техника-экономикалық көрсеткіштерінің артықшылықтары.


Тапсырма 21. ОҚО-да мақта кешеніне жаңа техника және технологиямен жарақтандыру

Ұсынылған жоба бойынша ОҚО мақта кешенінде барлық суармалы егістік жер көлемі 200,0 мың га, соның ішінде мақта –130,0 мың (65,0%) жоңышқа 50,0 мың (25,0%), жүгері дән үшін –15,0 мың (7,5%), картоп, бақша және көкөніс грунтта –5,0 мың га (2,5%), базалық егістік көлемі және құрылымы етіп қабылдау ұсынылады.

Мақта кешенінде агроқұрылымдарды ірілендіру үдерісі жүзеге асырылып суармалы өңірде агробизнесті ғылыми жүйеде және рыноктық қатынасқа бейімді ұйымдастырудың маңызы зор. Осы бағытта ауыспалы егіс жүйесін енгізу, дақылдарды орналастыруды әртараптандыру яғни монодақылдылықты жою мақсатындағы базалық егістік құрылым жүйесін ендіру тиімділікті және бәсекелестікке қабілеттілікті арттырады, агробизнестің тартымдылығын жоғарылатады. Базалық егістік құрылымын ендіру және ірілендіруге байланысты мақта өндірісінің материалдық− техникалық базасын жаңа техника және технологиямен қайта жарақтандыру еңбек өнімділігін арттыру мақсат етіледі. Жоғарыдағы «АШМ сервис орталығы» ӨК –де негізгі салаларға қажетті жоғары өнімді қазіргі заманға трактор, ауылшаруашылық мәшинелер құрамы жүйесі анықталған. Осы үлгіде ОҚО – да мақта кешеніне қажетті техника саны мен есептеулері ұсынылады (кесте 1):
Кесте 1 – ОҚО мақта кешенін жаңа техника және технологиямен жарақтандырудың есептеулері мен болжаулары

а ) Мақта өсіру және жинау. Егістік көлемі 130.000га.



Негізгі технологиялық операциялар


Техника

маркасы


Шамамен

бағасы,


мың теңге

Маусым-дық

жүктеме,


га

Қажетті

техника


саны

Қолда

бар


техника

саны


Жетіс-

пейтін


техника

саны


Жалпы

құны,


млн.

теңге


1

2

3

4

5

6

7

8

Күздік жер жырту

трактор «Джон-Дир» 7820 моделі

15300,0

600

217

76

141

2157,3

Жер тегістеу

Тегістегіш

Д -71


560,0

1000

130

76

54

30,0

Жерді егіске дайындау-қопсыту

Соқа-газель 610 «Джон-Дир» (30)

1600,0

400

325

76

249

398,4

Жүйек арасын баптау тракторы

МВ-80Х

2400,0

80

1625

1040

585

1404,0

Шит себу сеялкасы

СПЧ-6

440,0

100

1300

1170

130

57,2

Мақта культиваторы

КХУ-4

300,0

80

1625

1075

550

165,0

Бүркігіш агрегат

ОВХ-28А

480,0

200

650

358

292

140,2

Шырту агрегаты

ЧВХ-3,6

100,0

140

9286

9036

250

25,0

Мақта теретін машина

Джон- Дир

9935 моделі



14400

120

542

350

192

2764,8

Тасмалдау тракторы

МТЗ-80

2390,0

200

650

475

175

418,3

Трактор тіркемелері

2ПТС-4-793А

250,0

40

2626

1848

778

194,5

Барлығы



















7754,9

б)Жүгеріні дән үшін өсіру және жинау. Егістік көлемі 15000 га

Жүгері жинайтын комбайын

«Херсон -7»

600,0

60х

250

67

183

109,8

Культиватор-қоректендіруші

КПН-4,2

250,0

120

125

87

38

8,5

Астық жинау комбайны

«Енисей»

1100,0

200

75

36

39

42,9

Барлығы



















161,2

в) Жоңышқа өсіру және жинау. Егістік көлемі 50 000 га.

Астық және жоңышқа себу сеялкасы

СЗТ-3,6

300,0

200

250

160

90

27,0

51− кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

Косилка

жаймалағыш



Е-301

4800,0

300

67

23

44

211,2

Косилка

КПРВ-3

550,0

100

100

58

42

23,1

Жолаққа жинау тырмасы

ГВК-6

220,0

160

78

40

38

8,4

Пресс-жинаушы

ПС-1,6Б

700,0

120

83

62

21

14,7

Жүктеуші көде жасаушы

ПФ-0,5

220,0

300

80

52

28

6,2

Косилка жинаушы -ұсатушы

КУФ-1,8

360,0

100

100

76

24

8,6


Барлығы



















298,3

Ескертпе − ОҚО облыстық ауыл шаруашылық мәліметтері бойынша автор әзірлеген

Мақта кешеніне, яғни мақта өсіру мен жинау үшін жаңа технология мен техникаға – 7754,9 млн., жоңышқа өсіру мен жинауға – 298,3 млн, жүгеріні дән үшін өсіру мен жинауға 161,26 млн. теңге, барлығы 8214,4 млн. теңге инвестиция бағыттау қажет. Бұл техниканы алудың қаржы көздері – «Қазагро холдингі», «Қазагро қаржы» АҚ, банк несиесі, лизинг және агроқұрылымдардың жекеменшік қаржысы.


Талқылауға арналған сұрақтар

              1. ОҚО мақта өсіру және жинауға арналған мәшинелер жүйесі

              2. Жүгеріні дән үшін өсіру және жинауға қажетті жаңа техникалар есептеулері

              3. Мал шаруашылығына қажетті жем-шөп қорын жасауға қажетті жаңа техника саны

              4. Жаңа техникаларды сатып алуға жұмсалатын инвестициялар көлемі


Тапсырма 22. Мақта кешенінде ирригация және мелиорация қорларын қалпына келтіру
Мақта кешені инфрақұрылымының тимділігін арттыруда ирригация -мелиорация қорларын қалыпына келтіру маңызды болып табылады:
− ирригация жүйелерінің пайдалы әсер коэффициентін шаруашылықаралық жүйелерде –0,80, ішкі шаруашылық жүйелерде –0,85 жеткізу;

− мелиорация жүйелерінің (коллектор –дренаж,тік дренаж) қалпына кетіруде жерді сорланудан сақтап, құнарлылығын қалыпты ұстау мақсат етіледі.

Мақта саласына мамандандырылған Мақтаарал, Түркістан, Шардара, Сарыағаш, Арыс, Ордабасы және Отырар аудандарында барлық ирригация жүиесі 8915,6 км, соның ішінде шаруашылық ара – 1416,8 км, ішкішаруашылық аралық-6690,0 км. Осы жүйелердің су өткізгіштігін және пайдалы әсер коэффициентіні жоғарылату үшін 2008–2012 жылдары төмендегі шараларды, жүзеге асыру жобаланған. Яғни канал арналарын бетондау –770,4 км, бетон плитамен қаптау –316,1км, бетон науалар орнату –668,3 км, механикалық тазалау –1106,0 км. Сонымен қатар суарудың үнемді жаңа технологиясы– тамшылатып суару 50,0 мың га жерде қолданысқа енгізіледі.

Коллектор – дренаж жүйесінің ұзындығы –4762,3 км, соның ішінде шаруашылық– аралық 779,1, ішкішаруашылық 3983 км, тік дренаждар– 645 дана, осы жүйелерді қалпына келтіру үшін 2008–2012 жылдары 1975,1км механикалық жолмен тазалау жұмыстары орындалады.


Кесте 1 – ОҚО ирригация және мелиорация қорларының тиімділігін арттырудың іс – шаралары


Нысан атаулары

Мақта

Арал


Түркіс

тан


Шар

дара


Сары

ағаш


Арыс

Орда

басы


Оты

рар


Барлығы

Мақта кешеніндегі суармалы жерлер, мың га

137,6

37,9

52,1

36,0

16,2

17,1

11,6

308,5

Ирригация

жүйесі,км



2538

1634,6

2253

1398

83

817

192

8915,6

Соның ішінде:

шаруашылықара,км



232,6

92

116,2

781

-

133

+62

1416,8

Ішкішаруашылық, км

2305,4

1512,8

1328

617

83

648

130

6690

Ирригация жүйесінің пайдалы әсер коэффициентін жоғарылату:

а) Фильтрацияға қарсы іс-шаралары: (2008-2010ж.ж.) арнаны бетондау

210,6

60,2

168

204

8,6

90

29,0

770,4

Плитамен қаптау

102,3

126

30,0

19,6

-

21,4

16,8

316,1

Бетон науа орнату

52,8

34,5

262

10

21

240

48

668,3

Механикалық тазалау

280

68,0

118,0

158

42

380

60

1106

б)Суарудың үнемді технологиясын ендіру (2008-2012ж.ж.), мың га

10,0

10,0

8,0

6,0

6,0

5,0

5,0

50,0

Коллектор- дренаж жүйесі барлығы,км

1146

280,8

2554

208,8

-

621,7

51

4762,3

Шаруашылықара, км

580




25




-

104,1




779,1

Ішкі шаруашылық, км

392

174

2459

71208

-

517,6

51

3083,2

Техникалық жағдайын қалпына (жобаға)келтіру

676,0

119,0

549,0

106

-

474,0

51

1975,1

Тік дренаж, дана

243

131

4

4

-

242

21

645

Инвестиция көздері,млн.тенге

2200

114,9

1640

535,4

60

920

85,0

5555,3

Соның ішінде: Даму банк, ЕДБ

1150

-

-

-




460

10

1620

Жергілікті бюджет

650

106,6

600,0

532,7

55?0

450

70

2467,3

Несие

-

4,3

32,0

-

-

-

5,0

41,3

АСПК

400

1,0

8,0

2,7

5,0

10

-

426,7

Ескертпе - «Оңтүстіксушар» МҚМ мәліметтері бойынша әзірленген.

Жоғарыдағы ирригация және мелиорация жүйелерін қалпына келтіру үшін 2008–2012 жылдары 5555,3 млн, тенге бөлу қарастырылған ішінде даму және коммерциялық банктерден –1620, республикалық және жергілікті бюджеттерден 2467,3 млн, несие ұйымдарынан –41,3 млн, су пайдаланушылар кооперативтерінен 426,7млн. теңге бөлінбек. Сонымен қатар «Достық» каналына Шардара су қоймасынан қосымша 60т/м су беру жобасы іске асыруылып, 87 мың га суармалы жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады. Оның сметалық құны 13,6 млрд. теңге.

Өндірістік инфрақұрылымдардың– ирригация және мелиорация жүйесінің, қазіргі заманғы агротехнологиялық және техникалық қызметтерді ұйымдастыру кешендегі еңбек өнімділігін арттырады, бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылатады.
Талқылауға арналған сұрақтар


    1. Мақта кешені инфрақұрылымындағы ирригация-мелиорация жүйесінің маңыздылығы

    2. Ирригация мүшелерінің пайдалы әсер коэффициенттерін жоғарылату шаралары

    3. Өңірдегі ирригация жүйесінің көлемі және қазіргі жағдайын талдау

    4. Өңірдегі ирригация және мелиорация қорларының тиімділігін арттыру шаралары


Тапсырма 23. «Ақалтын» ЖШС-де мақтаны дайындау және қайта өңдеу қызметтері
Мақта өндірушілердің түпкі экономикалық, қаржылық жағдайына мақтаны ауа райы ашық күндері жинап, оны мақта сатып алушыларға немесе сақтау және жеткізіп беру, өңдеу үшін қоймаға қою тиімді. Шитті мақтаны жинау мен оны жеткізіп беруге жалпы өндірістік шығынның жартысынан артығы жұмсалатыны анықталған.

Сонымен қатар өңдеуден соңғы алынатын мақта өнімдерінің сапасы, оның бәсекелестікке қабілеттілігі жинауды дұрыс ұйымдастыруға, стандарттар бойынша жеткізіп беруге, қабылдап алуға және қоймалда сақтау технологиясына тікелей байланысты.

Сондықтан жиын–терім маусымының алдында тауар өндіруші агроқұрылымдардың мамандары терімшілерді, қызметкерлерді мемлекеттік стандарт талаптары және мақта эталон үлгілерімен таныстырып, арнайы іс–тәжірибелер көрсетуі, кеңестер өткізіп өнім сапасын бақылауға алуы тиімділіғі мен өтімділігін арттырады.

Машина терімін ұйымдастырудан алдын механик-жүргізушілер үшін семинар–оқулар ұйымдастырып, сапалы өнім жинау, техниканы тиімді пайдалану, мақта терімінің агротехникалсын жақсарту, өнім жол бермеу тәсілдерін іс– тәжірибеде көрсетіп, үйрету керек.

Мақтаны машинамен жинауды ұйымдастыруда машина терімінде ең озық, ағымдағы технологияны пайдаланған тиімді, яғни алқап–бункер–тіркеме– қабылдау бекеті схемасы аса маңызды.

Машина терімі екі рет жүргізілуі керек:

Бірінші терім – қозаның әрбір түбінде 75–80% көсек ашылғанда;

Екінші терім – қозаның әрбір түбінде қалған 20–25% көсек ашылғанда. Жерде, мақтаның қауашағында қалған мақта қалдықтарын қолмен теріп, мақта қалдығын тазалаушы машинадан өткізу сапаны жоғарылатады. Жиналған өнім мақта теретін машиналардың бункерінен тіркемеге жүктеледі, онан соң қабылдау бекетіне жөнелтіледі. Мақта теретін машиналардың жоғарғы агротехникалық сапада жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, төмендегі іс–шараларды орындау қажет.

Олар:

– мақта теретін машинаны техникалық жағынан сапалы дайындау;



– түрлі агрегаттардың реттеулерін техникалық шарттарға сәйкес орындау;

– шпиндельдерге мақтаның оралуы мен жиналып қалуына жол бермеу;

– шпиндельдердің жүйелі түрде жуылуын, вентиляторлардың жұмысын қадағалау;

– машиналарды басқаруда тек сол жақ айналымды пайдаланып, артқы оң доңғалақты мақтасы терілген жүйекке түсіру;

– шитті мақта майланып сапасын бұзбау үшін мақта түптеріне, шпиндельдерге, алушы щеткаларға, ремендерге жанар-жағармайдың тамшылауына немесе жағылуына жол бермеу.

Мақта шикізатының сапасын бұзбау үшін өндірушілермен бірге мақта өңдеуші кәсіпорындар мен оның қабылдау бекеттері төмендегідей міндеттерді атқарулары тиіс:

– мақта өндіруші өндірістік кооперативтер, серіктестіктер және шаруа қожалықтары ұжымдарының мамандарын, басшыларын мақтаны мәшинемен және қолмен теруді сапалы түрде ұйымдастыру, оны дұрыс сұрыптау бойынша ережелермен таныстырып, оның толық орындалуын қамтамасыз етулері керек;

– мақта өндірушілер шитті мақтаның сапасы бойынша мемлекеттік стандарттар, оның бағасы және басқа да осы мәселеге арналған нормативті құжаттармен таныстырылады.

Шитті мақтаны өңдеу кәсіпорындарының қабылдау бекеттері қабылдауды екі мақсатта жүргізеді:

– шитті мақтаны келісілген бағамен сатып алып, өнімді және өңдеуден соң алынған өнімдерді толығымен өз меншігіне айналдырады.

– шитті мақтаны сақтау және өңдеу қызметін көрсетіп, тиісті төлемақысын алады, өңдеуден алынған талшық, линт, шит, тағы басқа өнімдер өндірушінің меншігінде қалады, әрі қарай дербес түрде рынокқа жеткізіп береді немесе сатады (сурет 1).

Қол және машинамен терілген шитті мақтаны қабылдау, сатып алу мемлекеттік стандарттарға сәйкес бес сұрыптамалар бойынша орындалады. I, II, III, IV, V – мұны мақтаның сыртқы көріністері, түрі, пісіп жетілуі, тығыздығы және талшықтың үзілу жүктемесінің мөлшері бойынша анықтайды.

Шитті мақтаны өңдеу нәтижесінде алынған талшық мемлекеттік стандарт бойынша жеті сұрыпқа бөлінеді. Ең жоғары сапалы талшық алу үшін қабылдаушы-тауаршы мұқият таңдау жасап сұрыптайды. Өткізуге алып келінген мақта шикізатының ішінен сыртқы көрінісі бойынша таңдап бөлекше жинайды. Мұндағы негізгі мақсаттар:

– бірінші сұрыпты мақтаның ішінен ең жоғары сапаға ие бөлігін бөліп алу, ол мақта бөлшектерінің сапалығына, тығыздығына және серпіну қасиетіне қарай бөлек жиналады. Мұндағы мақсат – осындай мақта шикізатын өңдеп іріктеп, сұрыпталған жоғары сапалы талшық алу.

Басқа сұрыптар бойынша дәл осындай іс–шаралар атқарылады, әр сұрыптың іріктеліп, таңдап алынған жоғары сапалы партиялар бөлек сақталады.

Шитті мақтаны қабылдау және сатып алу екі-үш аймақтық жүйе бойынша жүргізіледі. Үш аумақтың тәсілмен ұйымдастырылған қабылдау және сатып алу пункті келесі үш бөлімге бөлінеді:

– бірінші аумақтың қабылдаушы-тауаршысы мақтаның сапасына, оның ластығы мен ылғалдығының көрсеткіштеріне, үлгілерінің дұрыс алынуына жауап береді;

– екінші аумақтағы қабылдаушы-тауаршы мақта шикізатын өлшеу, қабылдау, дұрыс қоймалау, сақтау, тасымалдау және жүктеу мен түсіру бойынша толық материалды заттай жауапты тұлға болып есептеледі;

– үшінші аумақтағы қабылдаушы-тауаршы мақтаның партиялар бойынша қоймалануына, бунт пен қоймаға жиналуына, дұрыс сақталуына, өңдеу үшін зауытқа жіберілуіне жауап береді.

Мақта өндірушілер

Мақта дайындау бекеттері (шашыраңқы)



Сақтау және өңдеу қоймалары


Сатып алушы, делдалдар қоймалары




Бастапқы өңдеу кәсіпорны



Дайын өнім, қоймасы

(талшық, шит, линт)





Жергілікті мақта-тоқыма кластері (фабрикалар), май өңдеу кәсіпорындар

Экспорт (кеден бекеті, порттар)

Cурет −1 Мақта өнімдерін жеткізу байланыстары


Шитті мақтаны дайындау мен бастапқы өңдеуде бірқатар озық технологияны ендірудің тиімділігі жоғары:

– шетелдерде кеңінен қолданылатын контейнерлерге жинақтау әдісімен алқаптарда дайындап бастапқы өңдеуші кәсіпорындарға жеткізіп беру;

– сапасын анықтайтын экспресс-зертхана аспап-құралдарын енгізу арқылы сол мезетте ылғалын, ластығын және кондинциялық салмағын анықтау, одан шығатын талшықтың, шиттің, тағы басқа өнімдердің мөлшерін объективті анықтайтын жаңа радиоэлектроника және компьютер негізінде жасалған жабдықтарды ендіру андролептикалық анықтаудың қателіктерге жол бермейді;

– шитті мақтаны қабылдау және қоймалау үшін түсіру-жүктеу, сақтау үшін өнімділігі жоғары құрғату-тазалау технологиялық жабдықтар дыңалынуы, машиналармен жарақтануы сапалы және аз шығындармен дайындауды қамтамасыз етеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес шитті мақтаны бастапқы өңдеу кәсіпорындары жекешелендіріліп акционерлік қоғамдар және корпорациялар ұйымдастырылған.

Осындай жолмен ұйымдастырылған «Ақ алтын» ЖШС мақта рыногындағы бастапқы өңдеу кәсіпорны субъектісі ретінде оның шаруашылық-экономикалық іс-шараларынан мысал ретінде сараптаулар келтіреміз.

«Ақ алтын» ЖШС жарғысында төмендегідей негізгі қызметтері мен мақсаты анықталған:

– шитті мақтаны қабылдау және сақтау, өңдеу қызметін көрсету;

– шитті мақтаны сатып алу, өңдеу және талшықты рынокқа шығару;

– тауар өндіру мен өткізу, басқа кәсіпорындарға, жеке азаматтарға қызмет көрсету;

– агроқұрылымдарға сыртқы коммерциялық қызметтер көрсету;

– коммерциялық, маркетингтік, сараптау және консалтингтік қызмет.

Жауапкершілік серіктестік мақта өңдеу кәсіпорнының қуаты 60 мың тонна шикізат. Негізгі бәсекелестері «Мырзакент», «Мақтаарал», «Жетісай», «Нимэкс», «Контал», «Мақта корпорациясы», «Бағара» акционерлік қоғамдары мен серіктестіктері.

Акционерлік қоғамда жұмыс істеушілердің саны 750 адам, соның ішінде: өнеркәсіп өндірісіндегі персонал – 155, мақта шикізатын дайындау жүйесінде – 550 адам, өзгелері басқа құрылымдарда еңбек етеді.

«Ақ алтын» ЖШС мақта өңдеу зауыты жанында шитті мақтаны шоғырландыру және дайындау бекеті бар, сондай – ақ Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш аудандарында да 35 қабылдау бекеттері ұйымдастырылған. Олардың жылдық шитті мақта қабылдау көлемі 1,0 мың тоннадан 3–4 мың тоннаға дейін. Бұл қабылдау бекеттері негізінен маусымдық жұмыс атқарады. Мақта дайындау жүйесінде 4675 тауар өндірушілері, соның ішінде 3 –акционерлік қоғам, 44– өндірістік кооперативтер, жауапкершілігі шектелген серіктестіктер мен шаруа қожалықтары – 3175, 1448 жеке тұлғалар шаруашылық – экономикалық байланыста болып мақта дайындауды жүзеге асырады. Төменде сурет-2 «Ақ алтын» ЖШС бастапқы өңдеу технологиялық тізбегі келтірілген.

1 – Шитті мақта тасымалдау көлігі

2 – Мақта қабылдау бөлімі (М-салмақ, Л-ластық, Ы-ылғалдық)

2А– технологиялық зертхана

2Б – Таразы

3 – Құрғату –тазалау цехы

4 – шикізат шоғырландыру қоймасы

5 – тазалау цехы

6 – джиндеу (талшықты шиттен ажырату бөлімі)

7 – талшықты тазалау

8 – линтерлеу (мамықты ажырату) бөлімі

9 – линтті тазалау

10 – талшықты қалдықтарды тазалау бөлімі

11 – талшықты өнімдерді сығымдау бөлімі

12– 13– өнімдердің сапасын бақылау бөлімі

14 – өнімдерді сақтау, сату және жеткізіп беру бөлімі


1


1

1


1





М

2

Л,Ы.







3


5


4




7


6






10


11






9


8






13


14

12

Cурет-2 «Ақалтын» АҚ-да бастапқы өңдеудің технология тізбегі

Шитті мақтаны қабылдау тәсілдері көлемінің құрылымы әртүрлі болады. Мысалы, 2004 жылы өңдеу кәсіпорны сатып алған шикізат жалпы дайындалған өнімнің 51,2% құраса, бұл көрсеткіш 2005–2006 жылдары 74,2–75,2% дейін жоғарылаған. Осы факторлар акционерлік қоғамның атқарған іскерлік әрекеттерінің тәуекелдік деңгейін арттырған (кестелер1,2).

Сондай-ақ, фьючерстік келісім-шарттар бойынша дайындау көлемі 2,6%–тен 18,3%–ке дейін көтерілген. Сақтау мен өңдеуге берілген шитті мақта көлемі күрт төмендеп, 46,2%–тен 7,0%мке дейін түскен. Мұның негізгі себебі, соңғы екі маусымда шикізаттың сату бағасының күрт өсуі болды. 2003 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 1 кг шитті мақтаның сату бағасы 51,33 теңгеден 78,89 теңгеге дейін немесе 1,5 есеге артқан.


Талқылауға арналған сұрақтар


  1. Мақта шикізатының сапасын арттыру бойынша атқарылатын міндеттер қандай?

  2. Шитті мақтаны қабылдау және жеткізіп беру байланыстары.

  3. Шитті мақтаны қабылдау және бастапқы қайта өңдеудегі озық технологияның тиімділігі

  4. «Ақалтын» ЖШС жарғысында белгіленген міндеттері

  5. «Ақалтын» ЖШС-нің технологиялық тізбегінің схемасын түсіндіру


Тапсырма 24. «Ақалтын» ЖШС –нің агробизнесті ұйымдастыру және тауарөндірушілермен әріптестік жүйесі
Кесте-1 «Ақ алтын» ЖШС шитті мақта дайындау жүйелері мен оның бағасы (2004 – 2008 жылдар)

Жылдар


Жалпы қабылдан

ған көлем, мың

тонна


Соның ішінде, мың тонна және үлесі %

Орташа баға,

мың теңге/

тонна


Сатып

алынған


%


Фьючер-стік келісім-шарт бойынша

%

Сақтауға-өңдеуге тапсырғаны

%


2004

53,2

27,3

51,2

1,4

2,6

24,6

46,2

53,2

2005

62,9

28,9

45,9

6,4

10,2

27,6

43,9

32,4

2006

45,9

34,5

75,2

3,3

7,3

8,0

17,5

51,3

2007

41,4

30,7

74,2

7,8

18,8

2,9

7,0

78,9

2008

40,8

30,1

73,8

4,2

10,3

6,5

15,9

58,6

Орташа

5 жылда

50,9

30,4

59,7

4,7

9,2

15,8

31,0

Х

Тауар өндірушілер өз өнімін жоғары бағада сатуға мүдделі болған, яғни келешекте бұл бағаның тұрақты болып қалыптасуының тәуекелдік деңгейі жоғары болатындығын болжамдаған. Өндірушілердің бұл болжамдары расталып, 2004 жылдың бірінші жарты жылдығында талшықтың А Котлук индексі, одан алдыңғы жылғы деңгейден төмендеген.

Жалпы бастапқы өңдеу кәсіпорындарында шитті мақта сатып алу көлемінің төмендеу тенденциясы байқалады. Бұл - мақта дайындау жүйесінде бәсекелестік ортаның қалыптаса бастағандығының белгісі. Шитті мақта бағасының күрт жоғарылауы - бәсекелестік орта ықпалының нәтижесі. Сондай-ақ әлем рыногындағы бағаның, индекстің маусым кезеңінде өзгерушендігі де себеп болды.

Мақта рыногындағы осындай жағдайда шитті мақтаны сатып алу жолымен дайындаудың тәуекелділік деңгейін төмендетіп, оның зиянсыз ағымын қалыптастыруда өңдеу және сақтау үшін дайындау көлемін көбейткен тиімді. Өңдеу қызметін көрсетуден түсетін табыс және сақтау мен сатып алу көлемдерінің арасындағы арақатынасында бірінші тәсілге басымдық берген пайдалы.

Шикізат дайындау көлемінің азаю тенденциясы өндірістік қуаттың, негізгі және айналма қаржылардың, сондай-ақ еңбек ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігінің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан ЖШС–тің бәсекелестікке қабілеттлігін арттыру бағытында бірқатар жаңа экономикалық және қаржылық механизмдерді қайта қарап ендіру қажет. Бұл механизмдер тауар өндірушілер санын көбейтуге және олардың қызығушылығын арттыруға бағытталғаны дұрыс. Осы орайда бизнесті мемлекеттік реттеулер шарасын дұрыс пайдалана отырып, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудегі жеңілдіктер мен субсидияларды тауар өндірушілерге бастапқы өңдеу кәсіпорындарымен келісім-шарт негізінде жеткізіп беру оңтайлы нәтиже береді.


Кесте-2 «Ақ алтын» ЖШС фьючерстік келісім-шарттар негізінде жеткізіліп берілген ресурстардың орташа көлемі (2004-2008 жж.)


Материалдық ресурстардың аттары

Көлемі, тонна

Бағасы,

теңге


Жалпы құны,

мың теңге



Тұқымдық шит

1048,6

28500

29885,1

Минералды тыңайтқыштар

(аммиак селистрасы)



965

19000

18335,0

Дизель отыны

754

29,0

21866,0

Барлығы

Х

Х

70086,1

Каталог: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет