Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы



бет6/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Жоғарыда келтірілген кестеде көрсетілгендей, тауар өндірушілерге барлық құны 70 млн. теңгеден артық материалдық ресурстар жеткізіліп берілген. ЖШС-тің агроқұрылымдарға қызмет көрсету үшін көлік тасымалдау колоннасы ұйымдастырылған. Оның құрамында үлкен 4 жүк машинасы, 20 тасымалдау тракторлары және олардың тіркемелері 60 бірлікті құрайды. Одан басқа арнайы мақта шикізатын жүктегіш жабдықтар бар.

2004–2008 жылдары аумақтарда ұйымдастырылған мақта дайындау бекеттерінен 35263,4 тонна шитті мақта тасымалданған. Оған кеткен шығын 17140,9 мың теңге, орташа тасымалдау бағасы 1 т/км үшін – 8,24 теңге. «Ақ алтын» ЖШС-тің тасымалдау колоннасы бойынша – 7,15 теңге, ал сырттан жалға алынған тракторлар тіркемесі мен жүк машиналары бойынша – 9,36 теңге.

Жоғарыда атап көрсетілгендей, жаңа құрылған мақта өңдеу кәсіпорындары санының көбеюі және олардың өңдеу қуатының артуы шитті мақта ұсынысының тұрақты жағдайында кәсіпорындардың сұранысын арттырды, сатып алу бағасы бойынша бәсекелестік орта қалыптаса бастады. Осыған байланысты талшық өңдеу орташа көлемінің төмендеу тенденциясы байқалады.

«Ақ алтын» ЖШС–дегі мақта талшығын өндіру көлемі (кесте -3).
Кесте-3 «Ақ алтын» ЖШС-дегі мақта талшық өндірісінің көлемі


Жылдар


2000 ж.

2001ж.

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

Өндірілген талшық көлемі,тонна

21113,2

21617,9

15172,0

14338,5

14271,2

Индекс,%

100,0

102,4

71,9

67,9

67,6

Акционерлік қоғамда мақта талшығының көлемімен бірге қатарда мақта рыногында талшық бағасының конъюктурасы құбылмалы болған. Талшық бағасының өзгерушеңдігінің сызбасы төменде келтірілген.



Сурет-1 «Ақ алтын» ЖШС мақта талшығын сату бағасының ауытқулары


1–суретте көрсетілгендей, мақта талшығының баға конъюктурасы жыл сайын құбылмалы сипатқа ие. Әсіресе, 2005 жылы 1000 АҚШ долларына дейін күрт төмендеп, тауар өндірушілер үшін қолайсыз, зиянды жыл болды. 2007 жылдан бастап бағаның жоғарылау тенденциясы байқалады.

Өндірілген мақта талшығы негізінен Батыс Еуропаға 10 мың, Балтық бойына 4,2 мың және Оңтүстік Азия мемлекеттеріне 1,0 мың тоннадан артық экспортқа шығарылып сатылған. Серіктестіктегі маркетинг жүйесін халықаралық деңгейге сәйкестендіру үшін арнайы мамандармен толықтырып, бірқатар даму мен жетілдіру жұмыстарын атқару қажет.

Тауар өндіруші мен өңдеуші кәсіпорынның тауар айырбастауы келісім-шарт бойынша анықталады. Тауар өндіруші алған тауарлар, материалдық ресурстар және ақшалай қаражаты үшін 2004 – 2008 ж.ж. нақты тапсырылған шитті мақтамен есеп айырысқан. Бұл ЛМА (Ливерпуль мақта Ассоциациясы) индексі бойынша төмендегі формула негізінде жүзеге асырылғаны дұрыс:

Б = (Z – 10% – Kс – P) x Кш – Тш, (1.1)


бұл жерде, Б – 1 тонна шитті мақтаның АҚШ долларындағы бағасы;
Z – ЛМА-дағы сол күнгі 1 сортты 5 типті мақта талшығының А индексі 10% – дисконт (азайту, кеміту) келісім-шарт бойынша; Кс–ЛМА индексі бойынша коэффициент, мақта талшығының сұрыпына қарап анықталады;

1 сұрып шитті мақта – Кс = 0 %, 2 сұрып Кс = 5 %,


3 сұрып – Кс = 10%, 4,5 сұрыптар – Кс = 45%;

Р – өңдеуші кәсіпорынның 1 тонна мақта талшығын өңдеу қызметінің құны, теңге;

Кш – мақта талшығының шығымын есептейтін қолданыстағы коэффициент: сұрып - Кв = 32,7 %, 2 сұрып Кш = 30,9%, 3 сұрып Кш = 29,2%, 4 сұрып Кш = 27,3%, 5 сұрып Кш = 26,5 %; Кш – өңдеушінің шитті мақтаны өз көлігімен мақта қабылдау пунктіне тасымалдау шығындары.
Талқылауға арналған сұрақтар


  1. «Ақалтын» ЖШС-дегі шитті-мақта дайындау жүйесі және оның бағасы қандай?

  2. «Ақалтын» ЖШС-де фьючерстік келісім-шарт негізінде мақта дайындаудың тиімділігі

  3. Мақта талшығы өндірісі көлемін талдау

  4. Мақта талшығын сату бағасын салыстыру және пікірталас

  5. Баға белгілеуде Ливерпуль биржасы индексін қолдану әдісі және формуласы


Тапсырма 25. «Мақта» ЖШС-нің өндірістік-қаржылық жағдайын талдау
Шитті мақта бастапқы өндеуші кәсіпорындардың шаруашылық-қаржылық жағдайын салыстырмалы бағалау үшін «Мақта» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің өндірістік-экономикалық жағдайының талдауларын келтіреміз. «Мақта» ЖШС– жекешелендіру реформаларының негізінде ұйымдастырылған жекеменшік серіктестік. Ол шитті мақтаны қабылдау, дайындау және өңдеу бойынша Мақтаарал, Шардара аудандарында кәсіпкерлік іс- әрекет жасайды.

Мақта кешенінде шитті мақтаны бастапқы өңдеу кәсіпорындары өңдеген соң алынатын туынды өнімдердің шығым мөлшерінің деңгейі оның қаржы-шаруашылық жағдайына тікелей ықпалы бар. Әсіресе талшықтың, шиттің шығымының артуы табысқа және тиімділігіне тікелей пропорционалды ықпалы бар. Сондықтан эталон ретінде «Мақта» ЖШС-ның өңдеуден соң алынған өнімдерінің тепе-теңдігін және өндірістік – экономикалық көрсеткіштерін келтіреміз.





100







34-36

3-4

56-60

2-3

Cурет −1 «Мақта» ЖШС–да шитті мақтадан алынатын өнімдер тепе–теңдігі, (2004–2008 ж.ж.орташа шығымдары % )


Жоғарыдағы –суретте көрсетілген талшық, шит және линт шығымы өндірістің негізгі көрсеткіштері. Құндылық бойынша талшық – ең маңызды өнім, бұл көрсеткіштердің жоғары болуы шитті мақтаның (шикізаттың) сапасына және джиндеу технологиясына тікелей байланысты.
Кесте-1 «Мақта» ЖШС өндірістік – экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіш



Жылдар және үлесі

Орташа 5 жылдық көрсеткіш

2004

%

2005

%

2006

%

2007

%

2008

%

Өңделген жалпы өнім, тонна

43944

100,0

44909

100,0

33127

100,0

36760

100,0

38420

100,0

38613

100,0

Соның ішінде: талшық

14934

33,9

15699

34,9

11211

33,8

12535

34,1

12948,0

33,7

13143

34,0

Шит, тонна

24128

54,9

23932

53,3

17946

54,2

20072

54,6

21054

54,8

21042

54,5

Линт,тонна

2346

5,3

1823

4,05

1322

4,0

1470

4,0

1460

3,8

1587

4,1

Мамық, тонна

604

1,37

675

1,5

413

1,2

625

1,7

730

1,9

640

1,7

Улюк, тонна

1932

4,3

2118

4,7

402

1,3

1103

3,0

1076

2,8

1158

2,8

Құнсыз қалдықтар, тонна

607

1,3

662

1,55

1833

5,5

955

2,6

1157

3,0

1043

3,0

Негізгі қорлар құны, мың теңге

39941

-

56108

-

76472

-

72440

-

75590

-

68636

-

Жұмысшылардың

орташа саны,адам



904

-

913

-

979

-

922

-

926

-

926

-

Еңбек өнімділігі, мың теңге

484,4

-

496,6

-

365,6

-

398,4

-

421,6

-

423

-

Орташа еңбекақы, теңге

6820

-

7184

-

7781

-

8609

-

9201

-

8357



Жоғарыдағы - кестеде келтірілген көрсеткіштерді талдаудан мынадай тұжырымдар жасауға болады. Өндіріс көлемі 2004 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 5,2 мың тоннаға, немесе 11,4% төмендеген, 5 жылда орташа өндіріс көлемі 38,6 мың тоннаны құрайды, кәсіпорын қуатының 2/3 бөлігі пайдаланылған. Оған себеп жаңа кәсіпорындар – мақта өңдеу зауыттары құрылып, бәсекелестіктің артқан. Сондай–ақ, негізгі өндірістік қорлардың құны 40,0 млн-нан 68,6млн. теңгеге артқан, немесе 169,0 %, жұмысшы персоналдың саны 8,3 % асқан. Еңбек өнімділігі әрбір жұмысшыға шаққанда 484,8 мыңнан 423,0 мың теңгеге дейін, немесе 14,4 % төмендеген. Орташа еңбекақы 6820–дан 9201 теңгеге, яғни 134,9% артқан.



Сурет –2 «Мақта» ЖШС мақта туынды өнімдерінің шығымы

2– суретте шитті мақтаны өңдеуден кейінгі туынды өнімдер шығымдарының мөлшерлері келтірілген, (орташа 2004-2008 ж.ж.). Басты өнім– талшықтың шығымы 34,0%, шит – 54,5%, линт – 4,1%, мамық 1,7%, үлюк-2,8%, құнсыз қалдық 3,0%; жаңа инновациялық технологияны ендіру арқылы талшықтың шығымын 36,0%, шиттің шығымын 58-60% жеткізу мүмкіндігі бар. Бастапқы өңдеу кәсіпорындары мен тауар өндірушілер осы бағыттарда өндіріске, өңдеу технологияларын ендіруі тиімді және бәсекелестікке қабілеттілігін арттырады.

«Мақта» ЖШС–ның негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау төмендегі кестеде келтірілген.


Кесте –2 Негізгі капиталды пайдалану тиімділігі


Көрсеткіш

Жыл

Орташа 2004-2008 ж. ж.

2004

2005

2006

2007

2008

Қор қайтарымдылығы (құны 100 мың теңге негізгі өндірістік қорларға келетін тауарлы өнім)

1097,3

808

468

778

801

791


Қор сыйымдылығы (құны 100 мың теңге тауарлы өнімге келетін негізгі өндірістік қорларға қатынасы)

9,11

12,38

21,36

11,80

12,26

14,3


Пайда нормасы (пайданың негізгі

өндірістік қорларға қатынасы)



1,99

1,64

0,35

1,28

1,56

1,32


Ескертпе − «Мақта» ЖШС бухгалтерлік балансы мәліметтері

2008 жылы 2004 жылмен салыстырғанда қор қайтарымдылығы 1,4 есе төмендеген, қор сыйымдылығы 1,3 есе артқан. Сондай–ақ сол мерзімдегі өнеркәсіптің пайда нормасы, яғни алынған пайданың жалпы қорлардың құнына қатынасы 1,99–дан 1,56 дейін төмендеген, орташа 5 жылдық көрсеткіш 1,56 құраған.

2004–2008 жылдары жүзеге асырылған экономикалық реформалардың және қаржы менеджментін жақсартудың нәтижесінде «Мақта» ЖШС-да өндірістік шығындарды үнемді пайдалану, оның тиімділігін арттыру тенденциясы байқалады.

2007 жылы өнімді қораптау мен орау, ағымдағы басқа да шығындардың құны 39,2% және 28,6% кеміген. Жалпы материалдық шығындардың 1 тонна мақтаға үлес құны 3914,28–ден 3532,09 теңгеге дейін, немесе 9,8% арзандатылған. Сол мерзімде еңбекақы сомасы 60,3 млн-нан 47,4 млн. теңгеге азайтылған, алдыңғы кезде қол еңбегімен орындалатын технологиялық операцияларды механикаландыру, автоматтандыру іс-шаралары атқарылған.

ЖШС–те жөндеу, іссапар, банк және байланыс қызметтерін, электроэнергия, жанар-жағармай, коммуналдық шығындарды үнемді, тиімді пайдалану оң нәтиже берген.

Өндірістің жалпы өзіндік құны 185,2 млн–нан 118,1 млн–ға немесе 36,24% арзандатылған, өнімді өткізуден түскен түсім 238,9 млн-нан 172,1 млн. теңгеге кеміген немесе 27,97%. Алынған пайда 53,7 млн–нан 39,7 млн. теңгеге немесе 26,1% азайған, өндірістің рентабельдік деңгейі 29–30% болып, орташа екі жылдық деңгейі 29,5% құраған.

«Мақта» ЖШС 2004–2008 жылдары орташа әр жылдағы мақта шикізатының айналымға түскен көлемі 38,6 мың тоннаны құраған. Соның ішінде шаруа қожылықтарының меншігіндегі өнімді келісім-шарт негізінде сақтау және өңдеу үшін қабылдағаны 32,4 мың тонна, серіктестік меншігіне коммерциялық мақсатқа сатып алынғанының көлемі – 6,2 мың тоннаны құраған. Жоғарыдағы көрсеткіштерді сараптасақ, өнімді өткізуден түскен жалпы түсім 2004–2008 жылдары орташа 491,0 млн.теңгені, қосымша құн салығы 66,7 млн., қызмет шығындары 368,31 млн., алынған пайда 67,3 млн. теңгені құрағанын көреміз. Шитті мақтаны бастапқы өңдеу кәсіпорындарының экономикалық тиімділігінің және бәсекелестікке қабілеттілігінің, қаржылық жағдайының тұрақсыздану тенденциясы байқалады. Олардың басты себептері - негізгі қор жабдықтарының тозғандығы, кәсіпкерлікті ұйымдастыру деңгейінің және маркетинг қызметтері дәрежесінің төмендігі.


Талқылау үшін сұрақтар


  1. «Мақта» ЖШС-нің өңдеуден соң алынған өнімдер тепе-теңдігі қандай?

  2. ЖШС-тің өндірістік-экономикалық көрсеткіштерін талдау

  3. Шитті мақтаны бастапқы өңдеуден соң алынатын туынды өнімдер түрлері мен мөлшері

  4. «Мақта» ЖШС-тегі негізгі қорлардың өсімінің тиімділігі

  5. Серіктестіктегі еңбек өнімділігі

  6. «Мақта» ЖШС-тігінде орташа еңбек ақы есептеулері

  7. Негізгі капиталды пайдалану тиімділігі


Тапсырма -26. Ауыл шаруашылығына инвестицияны қаржылық талдау

Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты жеке меншікке негізделген ауыл шаруашылық құрылымдарының: жобадағы шаруа (фермер) қожалығының, өндірістік кооперативтің, серіктестік және қауымдастықтардың іс-әрекет нәтижесінің қаржылық тиімділігін бағалау. Бұл бағалауда әр бір жобаға қатынасушы инвестордың қаржылық мүмкіндігін талдау және қаржы жағдайына болжам жасау.

Рыноктық қатынаста материалдық ресурстарды тиімді пайдаланудың ең маңызды индикаторы, жобаның жалпы тиімділігі және агроқұрылымға берілген қарыздар төлемінің көрсеткіші. Басқаруды жетілдіру және тиімді өзгерістер енгізу мақсатында тиімділікті және бәсекеге қабілеттілігін анықтау маңызды мәселе. Қаржы талдаудың нәтижесі бойынша агроқұрылымның, басқарушылардың және жобаға қатысып қаржы салушының қызығушылығын бағалау үшін негізгі көрсеткіштер анықталуы керек.

Қаржы талдаудың бастапқы мақсаты бизнес-жоспар жасау арқылы барлық қатысушылардың қаржы жағдайының жобасын, қаржы көздерiн және жобаның өзiн қаржыландыруды шешу. Қаржы жоспары шаруа-қожалығының инвестиция салу, оның сомасын, мерзiмдерiн анықтау және сол инвестицияны жүзеге асыру мақсатында алынатын несиенiң төлемi, оның шарттарын анықтауды көздейдi. Осы негiздерге сүйене отырып инвестиция салудың жоспары жасалады және жобаға қатысушы заңды, жеке төлғалардың салған қаржысын қайтарудың мүмкiндiктерi есептеледi. Қорытындылап айтқанда, жоба үшiн бiртөтас қаржы жоспарының негiзiнде сыртқы жақтан қаржыландырудың мөлшерi мен уақыты анықталады. Яғни, мөның инвестициялық қорлардан немесе коммерциялық банкiлерден немесе халықаралық қаржы көздерден бөлiнетiнi белгiлi болады. Сонымен қатар алынған қарыздың қандай жолмен тезiрек қайтарылуы да, осы жоспарда айқындалады.

Бизнес-жоспар бойынша инвестиция шығындарының жұмсалу мерзiмдерi белгiленедi. Әсiресе жол, ирригациялық жүйелердiң құрылысы және өңдеу өнеркәсiбi үшiн айналма капиталдың мөлшерi анықталуы керек.

Инвестициялық жобаларды қаржы және экономикалық талдау үшiн негiзiнен бiр топ ең үлгiлi деген, өзiнiң жекеменшiк бюджетiне негiзделген шаруа қожалықтарының инвестициялық жобасын мұқият сараптаған дұрыс болады. Ең үлгiлi шаруа қожалығының бюджетi жобамен салыстырылып, оның орындалуы мұқият қадағаланады. Мұндай шаралар агробизнес жобасына қатынасып отырған шаруа қожалығы алатын пайдасының мөлшерiн анықтауға мүмкiндiк бередi және олардың жобаға қызығушылығын ояту үшiн қажет.

Шаруа қожалығының табысын талдау негiзiнен сол жылғы жетiстiктерiн анықтау үшiн қолданылады, ондағы мақсат шаруашылықты басқаруды жетiлдiруге көмектесу. ±зақ мерзiмдi күрделi инвестицияның сол жылда жұмсалған мөлшерiн анықтау үшiн талдауда қолданылған ағымдағы бағалар, аммортизацияның шектелген нормалары есепке қосылды. үйде тұтынған өнiм және заттық (натура) төлемдер сияқты қолма-қол емес көрсеткiштерi де қосылады. Сонымен қатар инвестиция жасалаған капиталдың шаруа қожалығының еңбегiнен түскен пайданың есебi жасалады, онан соң сол жерде өсiруге болатын балама дақылдарды егудiң пайдасымен немесе басқа жақтағы ұқсас мүмкiндiктерiмен салыстырады.

Инвестицияларды талдау өткiзудегi мақсат: шаруа қожалықтарына және басқа қатынасушыларға, сондай ақ бiртұтас қоғамға ұсынылып отырған инвестициялық жобаның тартымдылығын анықтау. Осы жолмен оның тиiмдiлiгiне болжам жасалады, инвестицияның нәтижесiнде алған табысына және инвестиция арқылы салынған капиталдың қайтарымының деңгейiне баға берiледi.

Мақта кешенiне арналған жобадан алынатын табыстар мөлшерi мен ағымын қарапайым тәсiл-жалпы егiстiктiң жер көлемiн болжамдағы өнiмге көбейту жолымен есептеуге болар едi. Мұндай жағдайда барлық жер бiртұтас шаруа қожалықтарына бөлiнбей шартты түрде алынады. Бiрақ, мұндай тәсiлде әр шаруашылық бойынша маңызды ақпараттар алу мүмкiндiгi болмайды. Соның салдарынан iс-тәжрибеде сыналмаған, қате ұсыныстар жасалады. Талдау заңды тұлғаға арналған жағдайда егiншiлiк жүйесiн талдауды және кәсiпорынның қаржылай тәуелсiздiгiн бағалауды қажет етедi.

Мақта кешенiн инвестициялау талдауларын бизнес-жоспарға енгiзудiң негiзгi мақсаты – жүзеге асырылатын iс-шаралар бойынша шаруа қожалықтарда жай талдау емес, олардың негiзгi типтерiн таңдап алу, болжам бойынша олар қатынасатын жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау, жүзеге асыратын мерзiмде болжамдар жасау. Талдауда iс-тәжiрибедегi егiншiлiк жүйесiне жан-жақты талдау жасап, оның есептеулерiн, кестелерiн дайындайды, шаруа қожалығы жобаға қатысқан жағдайда қажет болатын еңбек ресурстарын анықтайды. Сондай ақ, ай сайын еңбек бюджетiн, өндiрiске пайдаланатын материалдық ресурстардың мөлшерiн, осылар арқылы шаруашылықтың бюджетiн мұқият есептейдi, жобаның тиiмдiлiгiн, пайдалылық деңгейiн және қатынасушылардың алатын табысын анықтайды.

Сараптауда шаруа қожалығына ұсынылған типтiк жобаның қаржылай нәтижесiн бағалап, қатынасушылардың қызығушылығы мен оларды үкiметтiң экономикалық, аграрлық саясатына сәйкес ең кем табыс деңгейiмен салыстырады.

Менеджер немесе агробизнестi ұйымдастыратын мамандар өндiрiстi басқару жүйесiнде ең үлгiлi шаруа қожалығын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жиынтығын бередi, шаруа қожалығына салынатын инвестицияны анықтайды. Бiрiншi мәселе-шаруаның жерiн пайдалануды қалай ұйымдастыру керектiгiн анықтау керек. Оған жердi пайдалану, егiстiк жердiң көлемiн жылдар бойынша анықтау, жер теңгермесiнiң кестесiн түзу кiредi.

Бизнес – жоспарда кешендегi әрбiр жер пайдаланушылар мен дақылдар бойынша егiстiк көлемi анықталып, дақылдардың орналасу қөрылымы белгiленедi. Сонымен қатар мақта және басқа дақылдарды себу, агротехнология мен баптау мерзiмдерi және ағымдаға жылда егiстiктiң көлемi анықталады.

Ресурстарды пайдаланудағы екiншi мәселе – бұл еңбек. Шаруа қожалығына керек болатын керек болатын еңбектiң мөлшерiн анықтау үшiн дақылдар түрi бойынша оны өсiруге қажеттi, әрбiр гектарға шығын болатын еңбектiң мөлшерiн жылдар бойынша анықтау маңызды. Бөл мөлшердi технологиялық операциялар және карта бойынша және жылдың әр айы бойынша айқындаған дұрыс. Ол екi вариантта – бiрiншiсi жай (жобаға дейiн), екiншiсi жоба бойынша әрбiр жылға анықталады.

Егiншiлiк дақылдарының түрi бойынша 1 гектарға қажет болатын еңбек мөлшерi жылдың маусымдарына және күнтүзбек айларына бөлiнедi. Мұндай бөлудiң маңыздылығы, еңбек ресурстарының қажеттiлiгiн шаруашылыққа тек бiр жылдың қорытындысы бойынша жалпы емес, оның мерзiмдерi бойынша бөлшектену мөлшерi де анықталады. Ол шаруа қожалығының жанұясының еңбегi қай мерзiмге дейiн жеткiлiктi, қайсы мерзiмде қосымша еңбек ресурстары жалдау керектiгiн анықтауға қажет. Сонымен бiрге кейбiр шаруа қожалығын басқаруға қажет болған еңбек мөлшерiн күнтiзбек бойынша әрбiр күнге, аптаға бөлiп анықтайды. Сонда барып әр айға қажеттi еңбек ресурстары нақты белгiлi болады. Шаруа қожалығында мақта және мал шаруашылығы болған жағдайда малды бағуға жұмсалған еңбек шығындары бөлек септеледi. Оны бiлу үшiн табындағы бiр бас малға қажет болатын еңбектiң мөлшерi анықталады. Сондай ақ малдың бас санына қарай қажеттi жем-шөп мөлшерi белгiленедi. Осы мәселелердi талдау үшiн еңбек мөлшерiнiң әрбiр дақыл бойынша, әр айға бөлiнген кестесi түзiледi.

Еңбек бюджетi бойынша жалдамалы жұмыс күшi қажет болса, басқарушы осы жобаны жүзеге асыратын өңiрде жалға алуға болатын еңбек ресурстарының бар-жоғын сараптайды. Жалпылама жоба бойынша қажет болатын жалдамалы еңбектiң мөлшерiн анықтау мен шаруа қожалығына бағытталатын инвестицияны талдау жобаны жүзеге асырудың бiрден бiр кепiлдiгi.

Жалпы жалдамалы еңбектiң мөлшерi сан жағынан анықталған соң ол әрбiр дақылдардың арасында бөлiнiп, дұрыс операциялық шығындар жасау үшiн негiз болады. Үлгi үшiн алынған шаруа қожалығының жер және еңбек ресурстарын пайдалану есебi анықталған соң өндiрiс көлемi белгiленедi.

Арнайы егiстiк жер көлемдерi бойынша кесте жасалады, дақылдардың түрлерi бойынша өнiмдiлiк анықталады. Екi вариантта қарапайым және жоба бойынша өндiрiс көлемi, сонымен қатар қосалқы дақылдардың өндiрiс, оның қаншасы малға жем-шөп үшiн пайдаланылады, қаншасы сыртқа сату мүмкiндiгi барлығы айқындалады.

Шаруа қожалығында өнiмiнiң бағасын белгiлеу үшiн инвестиция үшiн дайындалған тiзiм бойынша бағалар кестесi жасалады.

Шаруа қожалығы инвестициялаудың соңғы жылында таза қалдық құн басқа қаржылар ағымымен бiрге шаруаның бюджетiне қосылып, жобаны инвестициялау есебiне кiргiзiледi. Қалдық құнның екiншi түрi – жұмысшы капиталы. үшiншiсi – жобаны орындауда едәуiр ұзақ мерзiмде пайдаланылатын қорлардың құны. Олардың құндылығы жоба бойынша инвестиция салудан асуы мүмкiн.

Өндiрiс көлемiнiң жалпы құны белгiлi болған соң қажеттi ресурстардың мөлшерi және құны анықталады. Оның құрамына инвестициялар, операциялық шығындар және жоба үшiн жұмысшы капиталының бағалары кiредi.

Ең маңыздысы, мақта кешенi жобадағы есептеулерге оған қажеттi шетел валютасының мөлшерi жан-жақты қаралуы керек. Шет ел инвестициялары төмендегiдей нысандарға бөлiнуi мүмкiн: жердiң қөнарлығын жоғарылату, қөрылыстарға, жабдықтар алу мен асыл тұқымды мал басын көбейтуге.

Операциялық шығыстар жоба бойынша кестеде әрбiр дақылдың түрi, мал басы және жабдықтар бойынша берiледi. Шаруа қожалығы ресурстарды пайдалануды реттеп тиiмдiлiгiн арттыру үшiн, оның бюджетiн жан-жақты сараптап шығуы керек. Жобаны талдау барысында шаруашылықтың бюджетi анықталған соң, негiзгi жобаны iс-жүзiнде асырудан алынатын жалпы пайданың мөлшерi белгiлендi. Сараптауда алдына ала жобаға дейiн алынған жалпы пайданы есептеп шығарады, онан соң жоба бойынша шаруа қожалығының бюджетi анықталады.

Егер жылдар бойынша агроқұрылымға кiрiс болып жатқан қаржы ағымдарынан, шығыс ағымдарына алып тастасақ қаржыландыруға дейiнге жалпы пайданың мөлшерiн анықтаймыз. Одан соң қарапайым, инвестициясыз алынған жалпы пайданың мөлшерi шегерiледi. Бөл көрсеткiштер кестелерде тұрақты түрде көрсетiлiп жобаға дейiн алынған тұрақты көрсеткiштiң жалпы пайдадан айырмасы әрбiр жоба жүзеге асырылған жылдар бойынша анықталып, таза жалпы пайда жиынтығы есептеледi.

Алғашқы жылдары жоба бойынша шаруа қожалығының бюджетiн қаржыландырғанға дейiнгi таза пайда мөлшерi терiс болуы мүмкiн. Мұның себебi, қаржыландыру үдерiсi ендi басталады. Бiрте-бiрте ағым оң белгi алады және шаруашылықта жобаны орындау барысында алынған қосымша өнiм көлемiнiң өлшемiне тең болады. Осы өлшемдi дисконттау арқылы жоба құндылығының өлшемдерiн шығаруға негiз жасалады. Яғни пайдаланылған ресурстардың ағымдағы таза бағасын, олардың пайдалылық деңгейiн немесе пайдаланылған ресурстардан алынған пайда мен инвестицияның ара қатынасын шығарамыз. Барлық ресурстарды тиiмдi пайдалануға негiзделген жобаның құндылығын бағалап көрсеткiштерiне талдау жүргiзiледi.

Жоба бойынша қаржыландырудан соң алынған таза қалдық пайданың құны, нақ осы көрсеткiштiң қарапайым вариантында алынған соммасына бөлiндiсi пайыз есебiмен шығарылады. Таза пайданың өсiмi шаруа қожалығы қатысқан жобаның жүзеге асыру мерзiмiнде алынған орташа табыстың өсiмiне шамалас болады. Таза пайда өсiмiнiң шаруа қожалығы жобаға қатысу үшiн жеткiлiктi болары және баламалы жобалардың тартымдылығын салыстыру арқылы жобаға қатысу мүмкiндiгi анықталады.

Шаруа қожалықтарының бюджеттерiнде несие алу жолдары есептеледi. Сондықтан да талдаушы алынған қарызды қайтаруға қажет болатын қаржының есебiн жасауы керек. Ол үшiн пайыздың және несиеге бастапқы алынған соманы қайтарып төлеу де төмендегiдей төжырымдамаларды пайдаланды.


  • жай пайыздың төленуi;

  • алғашқы алынған қарыз төлемi;

  • қарыз төлемдерiн бiр деңгейде бөлiп төлеу;

  • қарыз төлемдерiн бiр деңгейде бөлiп төлеумен бiрге пайызына капитализация жасау.

Агроқұрылымның жеке табысын ұлғайту мақсатында жобаға жаңа инвестиция салынады. Соның нәтижесiнде жеке қожалықтар табыстарын ұлғайтқан соң жобадан пайда тапқандар мемлекеттiк шығыстың қайсы мөлшерiн қайтаратындығы анықталады. Дұрыс саясат жүргiзiлiп үкiметтiң шығындары өз уақытында қайтарылса одан әрi ұжымның басқа мүшлерiне пайда келтiретiн жаңа жобаларға инвестиция жасау мүмкiндiгi туындайды. Егер жобаға жұмсалған шығындар қайтарылмаса пайда тапқан кейбiр жеке азаматтарға қоғамның басқа жобадан пайда табуға үмiткер мүшелерi төлеген субсидияға ұқсас жағдай болады.

Шығындарды қайтару саясатын тұжырымдауда маңызды екi мәселе бар. Оның бiрiншiсi – жобаны жүзеге асыру мерзiмiнде жасалған шығындар және оны қайтарудың есептеулерi. Екiншiсi – жеке кiсiлер алған пайданың бiр бөлiгiн (бұл көрсеткiш шығындардан көп болуы мүмкiн) тiкелей төлемдер арқылы шығындарды жабуға бағыттау және табыстың артуына байланысты төлемдердiң мөлшерiн анықтау. Шығындарды қайтарудың есептеулерiнде индикативтiк көрсеткiштердi пайдалану қажет.

Бұл мәселенi қарастырған кезде төрт негiзгi мақсат есепке алынуы керек: экономикалық тиiмдiлiк, табысты бөлу, бәсекеге қабiлеттiлiгi және қорлар.

Шығындарды қайтару туралы пiкiрлердi қалыптастыруға көмектесу үшiн әдетте екi көрсеткiш қаралады. Олар шығындарды қайтару, рентаны қайтару индекстерi. Бұлардың арақатынастары бiрiн-бiрi алмастыра алмайды, қайта бiрiн-бiрi толықтырады.

Шығындар мен пайда анықталған соң олар бағаланып, құндары белгілі болады. Мұнан соң талдаушы бірнеше жобаның ішінен қайсысын қолдайтындығын немесе қолдамайтындығы туралы қорытынды жасайды. Осы жағдайда қарама-қарсы екі нәрсе туындайды. Ол – жобаның ұзақ мерзімде жүзеге асырылатындығы және әр салада болжамдалған шығындар мен пайдалардың мөлшері. Бұл екі мәселені қарапайым жолмен немесе тәсілмен шешуге болады. Мақта кешенінде жобаларды пайдалануға оңтайлы дисконтталатын көрсеткіштер: таза ағымдағы құн, жобаның ішкі пайдалылық деңгейін және таза пайданың инвестицияға қатынасы. Осы дисконтталған көрсеткіштердің есептеулері олардың бір-бірімен ара қатынасын анықтауға жол ашады.

Талқылау үшін сұрақтар



  1. Ауыл шаруашылығына инвестициялық жобаны қаржылық талдаудың мақсаты;

  2. Бизнес жоспардағы қаржылық талдау әдістері;

  3. Мақта кешеніне арналған жобаларды талдаудың ерекшеліктері;

  4. Еңбек нарығы және оның есептеулерін талдау;

5) Агроқұрылымдардың кірісі мен шығыстарын талдау әдістері.

: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет