Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы


Тапсырма 27. ЖШС «Атакентте» бәсекені реттеу механизмдері



бет7/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Тапсырма 27. ЖШС «Атакентте» бәсекені реттеу механизмдері
Жаупкершілігі шектеулі серіктестік «Атакент» төрт қатынасушылардың ерікті бірлестігі. Жарғылық капиталы 957165 тг, ЖШС «Атакент» Қазақстан Республикасы Президентінің 2 мамыр 1995 жылғы «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Жарлығы және құрылтайшыларының (11 тамыз 1998ж) келісім-шарты негізінде құрылған.

«Атакент» ЖШС орналасқан жері: Мақтаарал ауданы, Атакент қалашығы, Амангелді көшесі, үй №16. ЖШС «Атакенттің» жоғарғы органы серіктестіктің қатынасушылардың жалпы жиналысы. Жалпы жиналыстар аралығында «Атакент» ЖШС жұмысын жүзеге асыратын – Басқарма.

«Атакент» ЖШС құрылу мақсаты оның қатынасушыларының табысын арттыру іс-әрекеті негізгі өндіріс саласынан пайда табу және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын тигізу.

Серіктестіктің негізгі міндеттері:



  • серіктестіктің ішкі шаруашылық ара қатынастарын және мемлекетпен өзара қатынасты ұжымдық реттеу;

  • барлық қатынасушылар үшін қалыпты өндірістік-экономикалық іс-әрекеттерге жағдай туғызу;

  • әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыру;

  • қатынасушылардың күшін, ой пікірін өндірілген өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін біріктіру және бағыттау.

Фирманың стратегиясы: сапалы өнімді көркем қорапта немесе ыдыста шығару, орташа бағада өткізу. ЖШС «Атакент» «Сары ағаш» минералды-асханалық газды су негізінде бес түрлі сусын ішімдіктерін шығарады.

Кәсіпорын емдік-асханалық қасиеті бар минералды суды сиымдылығы 1,5 литр полиэтилен ыдыстарға (РЕТ) құюмен айналысады.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұтынушыларды емдік-асханалық минералды сусынмен қамтамасыз ету аса маңызды проблема екендігі белгілі. Полиэтилен бутылкаларға (шыныларға) құйылған минералды сулар шығару СТРК 452-94 «Сусынның емдік және емдік-асханалық минералды сулар» стандартына сапасы бойынша сәйкес болуы үшін мына технологиялық үрдістерде ұйымдастырулары:


  • суды скважинадан алып келу және оны құю цехына жеткізіп беру;

  • минералды судың резервін қалыптастыру және оны суыту;

  • оның құрамын сутегі газын ендіріп толықтыру;

  • құю, тығындау, этикетка жапсыру, тексеру және қоймалау.

Минералды су бірқатар ауруларды емдеу үшін ұсынылады, оларға ішек-асқазан, заттар алмастыру, қуық жолы, эндокриндық жүйенің аурулары жатады.

Минералды судың сапасы жергілікті санитарлық эпидемиялық қызмет зертханаларында келісім-шарт бойынша: санитарлы-химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және басқа сараптаулардан өткізіледі.

Дайын өнімді сақтау арнайы құрғақ қоймаларда жүзеге асырылады. Тұтынушыға немесе сауда нүктелеріне жеткізіп беру жүзеге асырылады, бірқатар тексеруден және реттеуден өткізілгені дұрыс.

Кәсіпорын шағын болғандықтан мұнда маркетинг қызметі ұйымдастырылмаған, соның салдарынан 2010 жылдың екінші тоқсанында өндірілген өнім 1060220 тг (ҚҚс-сыз) болса, сатылғаны 1011394 тенгені құрады, сатылмай қоймада қалған қалдық өнімнің сомасы 48826тг тең болды. Аталған фирманың бәсекелестері сусын ішімдік шығаратын Алматының «Соса-Соla», Сарыағаштың, «Әсемай», Семейдің «Семей -суы» тағы басқа минерал су шығаратын фирмалары.

Шығарылған өнім бәсекелестікке қабілетті болу үшін ЖШС «Атакент» оның бағасын бәсекелес фирмалармен салыстыра отырып арзандатқан.

Өз өнімін халыққа кең түрде жеткізіп беру үшін жарнаманы дамытып, жарнама тақтайшаларын іліп, буклеттер шығарып тұтынушылардың көңлін аудару қажеттелігі бар. Бірақ, бұл іс-шараларға шығыс болатын қаржы ресурстары өнімнің өзіндік құнын қымбаттатады, пайданы азайтады. Сондықтан «Атакент» ЖШС аз шығынды, арзандау жолын тауып жергілікті «Мақтаарал» газетімен бартерлік негізде келісім шартқа отырып өз өнімін мерзімдік басылым арқылы жарнамалауға кірісті. Жоғарыдағы келтірілген шешімін табу қажет болған проблемаларға қосымша компанияның өзінің сауда нүктелері жоқтығы. Сондықтан менеджер өнімді рынокта жеке сауда нүктелеріне бұйыртпа бойынша өткізеді. Тұтынушылар арасында жүргізілген сауалнама «Атакент» ЖШС өнімдеріне ықласты екендігін танытты, себебі оның бағасы басқаларға қарағанда арзан, сапасы тартымды.


Талқылау үшін сұрақтар
1.Сіздің ойыңызша мемлекет ОҚО-на «Атакент» ЖШС бәсекелестерінің өнімін жеткізуге тосқауыл қоюы мүмкін бе?

  1. Осындай кәсіпорындарға жергілікті билік органдары қандай көмек бере алады?

3. Қазіргі жағдайда ЖШС «Атакент» өнімін өткізуге қандай қолайлы жағдай тудыруға болады, қандай тәсілдерді сіз ұсынар едіңіз?
Тапсырма 28. Қазақстандағы исламдық қаржыландыру жүйесін қалыптастыру және ерекшеліктері

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы болып исламдық банкингтің моделін құрып, классикалық банк жүйесімен ислам банкингін үйлестіру жұмыстарын жүргізуде. Ол үшін «Банктер және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңдарға және басқа бірқатар басқада нормативтік құқықтық актілерге елдегі исламдық қаржыландыруға қатысты түзетулер енгізіліп құқықтық жағдайлар жасалды.

Қазіргі кезде Қазақстанда мынадай исламдық қаржы институттары тіркеліп жұмыс бастады: AL Hilal банкі, Исламдық инвестиция қоры «Fattah finanse» және сақтандыруды жүзеге асыратын «Такафул» сақтандыру компаниясы ашылып тіркелген.

Қазақстанда исламдық қаржыландырудың дамуы инвесторларға инвестициялаудың баламалы құралдарын ұсынады, жалпы алғанда ел экономикасын қаржыландыруға қолдау көрсететін қосымша көздеріне айналады.

Қазіргі исламдық қаржыландыру секторы әлемдегі ең жедел дамушы сектор. Оның әлемдік активтері 1 трлн. долларға жеткен және өсу қарқыны 15-20% құрайды.

Исламдық қаржы жүйесінің артықшылықтары мен олқылықтары мынадай:

Артықшылықтары:


  • исламдық қаржы жүйесінің әлемдік қаржы дағдарысына қарсы едәуір тұрақтылығы;

  • дағдарыстан соң исламдық қаржыландыру институттары артық өтімділік көрсетіп отыр.

Исламдық қаржы жүйесінің тұрақтылығы мыналар мен қамтамасыз етілген:

  • мәмілеге қатынасушылар арасында тәуекелдер мен кірістердің әділ бөлінуінде.

Мәмілеге қатысушылардың екі торабы жобалардың табыстылығы мен инвестициялардың қайтарымдылығы үшін жауапкершілігі бірдей. Олардың арасында өзара сенімге, әділдікке, шындыққа, айқындылыққа және транспаренттілікке негізделген. Міне біздегі дәстүрлі қаржыландыру жүйесімен салыстырғандағы артықшылықтары осылар.

Сондай-ақ исламдық қаржыландыруда ақша тауар емес, ол тек құн шамасы ретінде қарастырылады, сондықтан валютамен алыпсатарлыққа тыйым салынған.



  1. исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарының негізгісі пайыздық ставкаға тыйым салынған, сондықтан депозиттер мен кредиттер жоқ.

  2. банк клиенттің жобасын қаржыландыра отырып, тең инвестор болады, сондықтан жобаның пайдасын да тәуекелділігін де екеу ара бөліседі.

  3. алыпсатарлыққа тыйым салынып, белгісіздікті болдырмайды. әрбір мәмілені жасамас бұрын оған мынадай талап қойылады: қатысушылары, мәні, мерзімдері және т.б. нақты айқындалуы тиіс.

  4. мына тауарлармен сауда жасауларына тыйым салынған: темекі, алкоголь ішімдік, қару-жарақ, шошқа еті, құмар ойындарын ұйымдастыру т.б.

Біздің елдегі ислам банктерімен жұмыс істеу қиындықтары:

  1. институционалдық және құқықтық базаның жеткіліксіздігі.

  2. исламдық қаржыландыру құралдарын реттеу, бақлау және салық салу тетіктерін қалыптастыру қажет.

  3. мемлекет және шариғат бақлауын жүзеге асыру үшін мамандардың жоқтығы.

Исламдық банк қаржыландыру географиясы төмендегідей:

  1. Таяу Шығыс елдерінде 71%активтері бар.

  2. Азия елдеріндегі активтері – 24% құрайды.

  3. Батыс елдерінде Ұлыбританияда активтері бар.

Мемлекеттерді алатын болсақ, олар: Иран, Сауд Арабиясы, Малазия, Кувейт, БАӘ, Бахрейн, Катар, Ұлыбритания, Туркия және т.б. елдер.

Қазақстандағы активтері 2011 жылы 70 млн. долларға жеткізу көзделген, соның ішінде: AL Hilal банкі телекоммуникацияға, сауда, құрылыс және басқа салалардағы жобаларға 23 млн. доллар қаржы бөлді.

Исламдық Даму Банкі (ИДБ) агроөнеркәсіп кешені үшін рынокке жабдық пен техника сатып алуға 30 млн. доллар, «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» көлік-тасмалдау жобасына 400 млн. доллар бөліп отыр. Жалпы 2011 жылы Қазақстан бойынша исламдық қаржы жүйесі арқылы 500 млн. доллар қаржы тартылды.

Ендігі кезекте Исламдық Банк, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ Ұлттық Холдингі және олардың еншілес компаниялары құрылған исламдық арнайы қаржы компаниялары исламдық бағалы қағаздардың (сукук) эмитенттері болуға жұмыс алып барады. Мұндай компнаия ТМД және Орталық Азия елдерінде бірінші болады.


Исламдық банкинг глоссарийі
Мудабара – пайда мен зиянды бөлу.

Мушарака- бірлескен қызмет туралы келісім.

Мурабаха – сатып алу – сату шарты.

Кард Хасан – заем. Заем талап ету бойынша кері қайтарылады. Несиелік пайызға тыйым салынған, бірақ кредиторға сыйлық беруге болады.

Иджара – осы операцияның негізінде арендаторга заттай түскен кірісті пайдалану құқығы беріледі.

Такафул – исламдық сақтандыру.

Сукук – исламдық бағалы қағаздар, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылады.

Бай ал-Кали би ал-Кали – борышты борышқа сату, мысалы, форварттық келісім-шартты ол үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыра отырып сату.

Riba – өсім алу – борыштан несиелік пайыз алуға тыйым.

Charar – белгісіздік – қажетті шектен шығып кеткен қасақана тәуекелге тыйым және келісім шарттағы белгісіздік.



Maisar- құмарлық – кездейсоқ жағдайдың тоғысуы нәтижесінде пайда алу. Тыйым салынған тауарлар мен, қызметтермен мәмілелерге тыйым салынған.

II Бөлім. Қысқаша анықтамалар мен тапсырмалар
1-тапсырма. «Кәсіпорын экономикасы» пәніндегі негізгі түсініктер мен анықтамалар

Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) – бұл кәсіпорынның тұтынушылар сұранысын, тапсырмасын және өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірілетін өнімі. Мысалы: Өнім ( жұмыс, қызмет көрсету). Тұтынушылар талабын орындауда, тұрмысқа қажетті өнім өндіру және жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету жұмыстарын айтуға болады.

Өнім номенклатурасы – топтар тізімі, тұтыну тауарлары мен бұйымдары, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өнімдері және табиғи айтылуындағы өнім ұстанымы. Мысалы: азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық мәшинелер мен құралдар, автокөлікті жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу немесе өнімнің бірнеше түрін өндіру және халыққа қызмет көрсету.

Өнім ассортименті – өнімнің түрі бойынша құрамы, үлесі, сорты, нормасы, маркасы, артикулы және т.б.

Тауарлы өнім (ТӨ) – бұл өнім сыртқа сату және өткізу үшін өндірілген өнім.

Ішкі өндіріс айналымы (ІӨА)- бұл өнім, кәсіпорынның ішкі қажеттілігіне арналған өнім. Мысалы, егер кәсіпорын екі бірдей бұйымды өндіріп, оның біреуін сыртқа сатуға арнап, ал екіншісін – кәсіпорынның ішкі қажетіне арнаса, онда бірінші жағдайда бұйымды тауарлы өнімге, ал екінші жағдайда -ІӨА құрамына жатқызады. Кәсіпорында шығарылатын өнімнің дайындалу деңгейін анықтауда іс-тәжірибеде қолданатын мезгілдер.

Аяқталмаған өндіріс (АӨ)– өнім барлық стадиядан өтпеген (фазадан, қайта жасаудан) өңделмеген, технологиялық үрдісі орындалмаған, сол сияқты бұйым жабдықталмаған, техникалық қабылданбаған және қабылдау бақылауынан өтпеген бұйымдар мен өнімдер жатады.

Дайын өнім (ДӨ) – дайындалып біткен және сапа жағынан талапқа сай келген өнімді дайын өнімге жатқызамыз. Белгіленген түрде кәсіпорынның бухгалтериялық құжатын өзінің уақытысында және тиісті есепті мезгілде толтырылған өнімнің дайындығын анықтайтын құжаттар: дайынын өнім жөніндегі актісі, тауар көлік тіркеме қағазы, ішкі тасымалдау тіркеме қағазы т.б.

Жалпы өнім (ЖӨ) - өнімнің дайындық дәрежесіне байланыссыз жалпы өндіріс көлемі. Дайын өнім бухгалтерлік есепте өткізілген немесе сатылған (СӨ) бұл өнім тұтынушының қармағына толық иелікке құқығы рәсімделгеннен кейінгі үрдісті білдіреді. Ал өткізілмей қалған дайын өнімді – бухгалтерлік есепте өткізілмей немесе сатылмай қалған қалдық өнім болып нақтыланады.

Баға (Б) - өнім және қызмет, жұмыс бірліктер санының белгіленген валютадағы ақшалай құнының көрсетілуі. Мысалы, Сыртқы сатуға арналып дайындалған жабдық бағасы 28000 теңге. Кәсіпорынның мұқтажына керекті дәл осындай жиһаз бағасы 212500 теңге. Екінші жағдайдағы жасалынған бұйымның бағасы едәуір арзан, өзінің мекемесі үшін жасалынған жиһаздан пайда түспейді.

Ағымдағы баға (АБ) – бұл қолданыстағы рыноктық баға. Мысалы, қазіргі жағдайдағы баға, 1 кг күріштің бөлшектеп сату бағасы 120 теңге. Салыстырмалы баға (СБ) – бұл баға белгілі бір мерзімде белгіленген және қолданылған тауарлы өнімнің бағасымен салыстыру. Мысалы: салыстырмалы бағада тауарлы өнімді алуға болады. Салыстырмалы мезгіл 01.01.09, осы мезгілде 1 кг өнімнің бөлшек бағасы 30 теңге болса, бүгін осы өнімнің 3 кг өнімнің салыстырылатын бағасы 01.01.09 бөлшек бағамен қанша болмақ? Шешімі: 30*3 = 90 теңге.

Өнімнің өзіндік құны (ӨҚ) – бұл өндіріс үрдісінде пайдаланылатын табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия қуаты, негізгі қорлар, еңбек, сонымен бірге өнім бірлігін өндіруге және сатуға жұмсалған тағы басқа шығындардың құнымен бағалануы. Басқаша айтқанда, өнімнің өзіндік құны – бұл кәсіпорында өнім бірлігін өндіруге және сатуға жұмсалған ағымдағы шығындардың ақшалай мәні.

Өнімнің өзіндік құнын (ӨҚ) арқылы белгілеп, ал өнімнің (С) сомаларының көбейтіндісі арқылы сатуға арналған өнімді анықтауға болады, яғни:

і

СӨ = ∑ ӨҚ * С (1.1)



1

Мұндағы, СӨ - сатуға арналған өнім, теңге

ӨҚ - өзіндік құн, дана/ тенге

С - өнім саны дана

Ағымдағы (АӨ), сонымен бірге және салыстырмалы (СӨс) бағадағы және жағдайдағы өнімнің өзіндік құнын есептеп шығаруға болады. Өнімнің өзіндік құнына көптеген факторлардың әсері зор. Кәсіпорында пайданың өсуіне ықпалын тигізетін жағдай қалыптастыру үшін өнімнің көлемін өсіре отырып, шығын көлемін барынша сол деңгейде ұстап тұру немесе төмендету керек. Бұл құбылыс әдебиеттерде «өндіріс тиімділігінің тетігі» деп аталып, ондағы өзіндік құнға жан-жақты ықпалын қорытындылай келе бір фактордың әсеріне байланыстыруға болмайды.

Осы жағдайға қарамастан, қаралып отырған мәселеде кейбір қызықты тәуелділік бар, әсіресе бизнес – жоспарда кең қолдану табатын- зиянсыз нүктені және пайдалылық деңгейін анықтау маңызды. Мұнда өндірілген өнімнің саны, оны өндіруге кеткен шығыны сатудан түскен табысқа тең болады. Табыстың шығынға теңдік мүмкіндігін мына формуламен анықтауға болады:

Тс = АШ+ТШ (1.2)

мұндағы, Тс – өнімді сатудан түскен табыс, теңге;

АШ – өндірістің айнымалы шығыны, теңге;

ТШ – өндірістің келтірілген тұрақты шығыны, теңге;

Бизнес-жоспарын түзуде қаржы есебінің жобасын әзірлеу маңызды. Оның негізгі үш көрсеткіші бар. Олар пайда және өзіндік құн бойынша есептеулер, сонымен қатар ақша айналымының есебін шығару қажеттілігі. Бұл есептер кәсіпорынның, агроқұрылымдардың бизнестегі іс-әрекетінің нәтижелігін нақты сандық көрсеткіштермен сипаттай алады. Бизнестің табыстылығы, рыноктағы және баға белгілеудегі стратегияны, жалпы бизнестің жағдайына талдау жасауға көмектеседі. Пайда мен зиян туралы есептеулер барлық жағдайда өткізуден (сатудан) түскен табыс пен таза пайданы есепке алады. Ақша айналымында қаржы көздері мен шығындары, одан қалған қалдықтар есептеледі.

Бизнесті ұйымдастырудан алдын-ала пайдалылық деңгейін анықтау және зиянсыздық сызбасын әзірлеу қажет болады. Бизнестің пайдалылық деңгейі, зиянсыздық сызбасы таза пайда мен шығындардың, өнім өндіру көлемі мен бағаның арасындағы қатынастармен анықталады.

Пайдалылық деңгейі таза пайданың өнімнің өзіндік құнына қатынасының пайыз өлшемімен анықталады.


ПД=

ТП

. 100 (1.3)

ӨҚ



Мұнда: ПД – пайдалылық деңгейі, % есебімен;

ТП – таза пайда, теңге;

ӨҚ – жалпы өнімнің өзіндік құны, теңге.

Мысалы: «Ақалтын» Өндірістік кооперативінің мақтаны сатып өткізуден түскен таза пайдасы 1003,8 мың теңге, осы көлемде өнімнің өзіндік құны 1920 мың теңге, агроқұрылымның пайдалылық деңгейін анықтау қажет.



ПД=

1003,8

. 100=52,3% (1.4)

1920

Каталог: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет