Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы



бет8/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Зиянсыздық сызбасы бойынша шаруа қожалығының пайда ала бастайтын өндіріс көлемінің ең төменгі деңгейін анықтауға болады. Сызбаны әзірлеу үшін тұрақты және айнымалы шығындарды, сату-өткізу көлемін, ағымдағы бағаны айнымалы шығындардың өнім өндіру көлеміне қатынасын анықтау керек.

Төменде «Ақалтын» өндірістік кооперативінің шитті мақта өсірудегі зиянсыздық деңгейінің сызбасы келтірілген.

млн. теңге

Сатып-өткізу өлемі,тн

2,5


Айнымалы шығындар,тг

2,0
1,5 • зиянсыздық нүктесі

тұрақты шығындар,тг

0,5


0

10 20 30 40 50 60 тонна

Сурет-1 Зиянсыздық деңгейінің сызбасы
Жоғарыдағы сурет-1 көрсетілгендей өндірістік кооперативтің шитті мақта өндірісінде өзін-өзі ақтау көлемі 35 тоннаны, сату-өткізуден түскен табыс 1750 мың теңгені құрайды. Әр гектардың түсімі 1,7 тоннадан кем болмауы керек. Бұл көрсеткіш төмендесе бұл бағада бизнес зиянды болады.

Осы орайда бизнес –жоспардың басты мәселесі – пайдалылық және зиянсыздық деңгейлерін айқындап алу болып табылады.

Жалпы анықталған зиянсыз нүктені есептеуде төмендегі формуланы пайдалануға болады:

С Ө= (АШ+ ТШ) : Б (1.5)

Мұнда: СӨ- шығарылған өнімнің саны, дана,кг, тонна;

АШ- өнім бірлігінің айнымалы шығыны, теңге;

ТШ – өнім бірлігіне жұмсалатын тұрақты шығын, теңге;

Б- өнім бірлігін сату бағасы.


Баға мен айнымалы шығын айырмасын – маржа немесе жалпы пайда (маржиналды пайда - МП) депте аталады:
МП =Б - АШ, демек АШ + МП = Б (1.6)
Егер осы өрнектелген формуланы жеке өнім бірлігінің бағасына (Б) бөлшектесек, онда:
(АШ : Б) + (МП : Б) = 1, немесе АШК + МПК = 1 (1.7)

Мұнда, АШК - айнымалы шығын коэффициенті;

МПК – маржиналды пайданың коэффициенті.
Соңғы ара қатынастардың тұжырымы, пайдалылық деңгейінің өзгеруіне қарай айнымалы шығын мен маржинальды пайданың ара қатынастарының коэффициенттерінің қосындысы өзгермей және тең қалпында 1.0 тең болып қалады.

Мысалы, айнымалы шығын мен маржиналды пайданың коэффициенттерін есептеу тәсілдер төмендігідей:

Өнім бірлігініңі бағасы – 125 теңге.

Айнымалы шығынның бірлігі – 75 теңге.

Осы мәліметті қолданып (АШК) және (МПК) есептеу керек.
Шешімі: АШК = 75 : 125 = 0,6;

МПК = (125 - 75) : 125 = 50 : 125 = 0,4;


Тексеру: 0,6 + 0,4 = 1,0


Бақылау сұрақтары:


  1. Кәсіпорын экономикасы пәні, мазмұны мен мақсаты.

  2. Өндірістік кәсіпорынның және фирманың сипаттамасы және жалпы экономика дамуындағы рөлі.

  3. Кәсіпорын экономикасы пәнін оқуда практикалық сабақтардың, есеп шығару, бақылау және тест сұрақтарының маңыздылығы.

  4. Өнім (жұмыс, қызмет) түсінігі

  5. Тауарлы өнім (ТӨ)

  6. Өнім номенклатурасы және ассортименті

  7. Аяқталмаған өндіріс (АӨ)

  8. Дайын өнім (ДӨ)

  9. Жалпы өнім (ЖӨ)

  10. Баға (Б)

  11. Өндірілген өнімнің көлемі (ӨК)

  12. Өнімнің өзіндік құны (Өқ)

  13. Зиянсыз нүкте ұғымы

  14. Пайда (П)

  15. Өнімнің пайдалылық деңгейі (ПД)

  16. Айнымалы шығындар және маржиналдық пайда коэффициенттерінің ара қатынасы қағидасы.

Есептер


Мысалы, зиянсыз нүктені есептеу.

Смета бойынша белгілі өнім түрін өндірудегі айнымалы шығыны 300 мың теңге, ал тұрақты – 200 мың теңге құрды. Егер өнімнің бірлік бағасы 125 теңге болса, зиянсыз нүктені анықтау керек.

Шешімі: С Ө= (АШ+ ТШ) : Б (1.8)
СӨ = (300000 + 200000) : 125 = 4000 дана;
Мысалы, зиянсыз нүктені анықтау.

Өнім бірлігінің бағасы – 125 теңге. Айнымалы шығын бірлікке – 75 теңге. Тұрақты шығын – 200000 теңге. Осы мәліметтерді пайдаланып зиянсыз нүктені есептеп шығару керек:

Шешімі: жоғарыда өрнектелген формуланы қолдана отырып:
СӨ = ТШ : (Б - АШ) (1.9)

СӨ =200000 : (125 - 75) = 4000 дана


2 – тапсырма. Рыноктық экономикада кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Халық шаруашылығы дамып, экономикалық өркендеу кезінде, өндірістің негізгі түйіні – кәсіпорынның мәні, маңызы тереңдеп, атқаратын рөлі арта түседі. Кәсіпорын рыноктық экономика жағдайында алға қойған мақсатын орындау жолында, төмендегі өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы мол табыс таба алады. Оларға: еңбек ресурстары, техника, өнім өндіру технологиясы, табиғи ресурстар, өндірістің негізгі және айналым құралдары, капитал және менеджмент т.б. жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қызметі еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге өзінің үлесін қосады.

Рыноктық экономиканың басты принципіне байланысты қандайда болмасын шаруашылық субъектілері, ол жеке тұлға болсын, жанұя, топ, ұжым, кәсіпорын, мүмкіндіктер шеңберінде жұмысты іске асыруына және экономикалық қызметте кәсіпкерлік түрін таңдап алуына құқықты.

Экономикалық қызметте кәсіпкерлік түріне әртүрлі өнім, тауар өндіру, қызмет көрсету, сол сияқты сауда – делдалдық, қаржы – несие, ғылыми – ақпарат, басқару жұмыстары, яғни өндіріс шеңберіндегі кез – келген жұмыс түрі, бөлу және қайта бөлу, айырбас, тұтыну және қоғамдық өнімді пайдалану және т.с.с. жобалануы қажет. Бұлардың бәрі заңға сәйкес, оған қайшы келмейтін іскерлік болуы керек.

Кез – келген экономикалық өндіріс үрдісінде жаңалау цикліндегі: (өндіріс – айырбас – бөлу – тұтыну) экономикалық қызметтерді кәсіпкерлік жұмыстарды, өндірістік, коммерциялық және қаржылық түрлеріне бөлуге болады.



Өндірістік кәсіпкерлік – бұл түріне өндіріс тауарларын өндіруге бағытталған, өнімді тұтынушыларға сату, жеткізу жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат ұсыну жатады. Сонымен қатар, өндіріс міндетінде негізгі мақсаттан, атап айтқанда өндірістік ресурстармен қамтамасыз етілуінен басқа: өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және т.с.с. қосымша қызметтер кәсіпорынның негізгі міндетін толықтырады.

Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл түріне негізінен тауар – ақша және тауар айырбастау міндетіндегі операцияларды жатқызуға болады. Мысалы, тауарды сатып алу барысында сатудың төмендегідей негізгі коммерциялық кезеңдері анықталады:

  • тауардың (қызметтің) түрін таңдау;

  • жоғары сапалы тауарға сату-өткізу, сатып алу бағаларын белгілеу;

  • өндірген тауарға деген сұранысты бағалау.

Қаржылық кәсіпкерлікте сатып алу және сату объектісі ретінде құнды қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және қолхаттар т.б.) валютаны, ақшаны жатқызуға болады.

Қаржылық мүмкіндігі мол сатып алушыларды анықтау және оларды тарту, іздеу жөнінде маркетингтік жұмыс пен рыноктағы құнды қағазға талдау жүргізу арқылы қаржы – несие келісімдерді іске асыруға жол ашылады. Қаржы кәсіпкерлігінде негізгі қатысушы ретінде қаржы биржасы саналады. Қазіргі кезде құнды қағаз рынок агенттеріне биржалардан басқа коммерциялық банктер, кәсіпорындар, мекемелер, жеке азаматтар, кәсіпкерлер жатады.


Кәсіпкерліктің түрлері төмендегі схемада көрініс тапқан (сурет-2)


өндірістік




коммерциялық




қаржылық




консультативтік






















инновациялық




саудалық




банкілік




жалпы басқару






















ғылыми-техникалық




саудалық-сатып алу




сақтандыру




әкімшілік басқару






















тауар өндіру




саудалық-делдалдық




аудиторлық




қаржылық басқару






















қызмет көрсету




тауар биржалары




лизингтік




кадрларды басқару






















тауарларды өндірістік тұтыну










қор биржалары




маркетинг






















қызметтерді өндірістік тұтыну
















өндіріс






















ақпарат
















ақпараттық технология








































арнайы қызметтер

2-сурет. Кәсіпкерліктің түрлері
Бақылауға арналған тест сұрақтары:

    1. Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері қандай құжатпен анықталады?

а) ҚР – ның салық кодексімен;

б) ҚР – ның Азаматтық кодексімен;

в) еңбек туралы заңмен;

г) ҚР – ның Конституциясымен;

д) дұрыс жауабы жоқ


    1. Бірнеше ірі фирмалар рыногы бұл:

а) монополия;

б) табиғи бәсеке;

в) олигополия;

г) монополиялық бәсеке;

д) монопсония


    1. Көптеген сатушылар санынан тұратын (сатып алушыларға біртектес өнім ұсынатын), рынок түрі және бұл жерде бір фирмаға рыноктық бағаға әсер ете алмайтын рынок түрі қандай?

а) табиғи емес бәсеке;

б) табиғи бәсеке;

в) олигополия;

г) монополия;

д) дұрыс жауабы жоқ


    1. Рынокта бағалар келесі жағдайда көп өзгеріске ұшырамайды:

а) олигополия;

б) монополия;

в) еркін бәсеке;

г) монополистік бәсеке;

д) дұрыс жауабы жоқ


    1. Шағын бизнестің артықшылығы:

а) ірі бизнеске қарағанда өсіңкілігі жоғары;

б) жұмысшы күші мен капиталдың алмасуын жеңілдетеді;

в) жаңа өнім немесе қызмет түрін тез игереді;

г) өндіріс құрылымын жетілдіреді;

д) барлық жауап дұрыс


    1. Сұраныс заңы:

а) сатып алынатын тауарлар саны бағалар деңгейіне тәуелді;

б) баға өскен сайын, сұраныс өседі;

в) сатып алынатын тауарлар саны бағалар деңгейіне байланысты емес;

г) табыс деңгейінің кемуі сұранысты өсіреді;

д) дұрыс жауабы жоқ


    1. Ұсыныс заңы:

а) бағаның кемуіне байланысты рынокқа тауарлар көбірек түседі;

б) бағаның кемуіне байланысты рынокқа тауарлар азырақ түседі;

в) ұсыныстың көбеюімен тауар бағалары арзандайды;

г) бағаның өсуіне байланысты рынокқа тауарлар көбірек түседі;

д) дұрыс жауабы жоқ


    1. Тепе – теңдік рыноктық баға мына жағдайда қалыптасады:

а) ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен көбірек;

б) рынокта не артық өндіру, не тапшылықтың жоқтығы;

в) сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артық;

г) жоғарыдағының барлығы жатады;

д) дұрыс жауабы жоқ


    1. Рынокта тауардың сұраныстан артық жағдайында баға қалай өзгереді?

а) өзгермейді;

б) төмендейді;

в) өседі;

г) болар – болмас өседі;

д) а + б жауаптары дұрыс


    1. Үлесті немесе меншікті куәлендіретін бағалы қағаз бұл:

а) депозит;

б) облигация;

в) акция;

г) вексель;

д) дивидент


    1. Ресурстарды бөлуде мемлекет тарапынан атқармайтын экономиканы не деп атаймыз?

а) аралас;

б) еркін рынок;

в) мөлшерлі;

г) мемлекеттік;

д) орталықтандырылған


    1. Өзінің негізгі мақсаты таза табыс табуға бағытталған заңды құқығы бар мекемені қалай атаймыз?

а) коммерциялық емес ұйым

б) мемлекет мекемесі;

в) коммерциялық ұйым;

г) қоғам бірлестігі;

д) ассоциация


    1. Коммерциялық кәсіпкерлікке жататындар:

а) тауар биржасы;

б) аралықтағы сауда делдалы;

в) сатып алу және сату;

г) сауда;

д) барлық аталғандар жатады


    1. Мүліктік жарна мен мүшелердің бірлігін және еңбекке тікелей қатысуы негізінде, кәсіпкерлік жұмысында бір мүшелікте азаматтардың өз еркімен бірігуі қандай деп аталады?

а) шаруашылық серіктестік

б) акционерлік қоғам

в) өндіріс кооперативі

г) мемлекеттік кәсіпорын

д) коммандиттік серіктестік


    1. Шағын партиямен, жеке адамдарға және басқадай сатып алушыларға тауар сатылуын не деп атаймыз?

а) сатып алу

б) маусымды сауда

в) рынок саудасы

г) бизнестік сауда

д) бөлшекті сауда
3 – тапсырма. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы
Кәсіпорынның жылдық өндірістік бағдарламасына сәйкес келешекте даму жоспарының негізінде тұтынушылар мен шаруашылық келісім – шарттарды, мемлекеттік тапсырыс және жабдықтаушы мекемелермен өндіріс қуаттылығын нығайтып өнім номенклатурасы, өнімді дайындау мерзімі мен өндіріс көлемінің жоспары анықталады.

Өндіріс бағдарламасы төмендегідей мәселелерді қамтуы қажет:



  • жоспарланған жылы тұтынушылармен келісім-шарт негізінде сатылатын өнімнің барлық номенклатурасы және ассортименті анықталады;

  • жоспарланған мезгілде қоймадағы дайын өнім босалқысы, тиеліп өткізуге жіберген өнім көлемі, сол сияқты керекті босалқылардың өндірісте өзгеруі, алдағы мерзімде күтілетін есептеулер әзірленеді;

  • аяқталып бітпеген өндіріс деңгейінің нормасы және оны жоспарлау мерзімінде орын алатын керекті өзгерістері анықталады.

Өндіріс бағдарламасын жоспарлауды табиғи, еңбек және материалдық ресурстар құндық өлшемдермен бағаланады. Табиғи өлшемдер арқылы кәсіпорынның жұмысшылар күшіне, шикізатқа, отынға, электроқуатына, жабдықтарға қажеттілігі анықталады.

Табиғи өлшемдерді кеңейту шеңберінде шартты – табиғи көрсеткіштерді қолдануға болады. Бұл жағдайда шартты бірлікте бірдей бұйымның бірін қабылдап, ал қалғанын еңбек сыйымдылығы, материал сиымдылығы немесе басқадай белгісімен соған қарай теңестіріліп қабылдауға болады, мысалы, шығымдылығы 35 пайызды құрайтын шитті-мақта, 1 тонна шартты белгідегі отын және 1 бас шартты мал басы т.с.с.

Өндіріс көлемінде еңбек өлшемін айқындауда, норма бойынша, мөлшер – сағат және еңбек өнімділігін, еңбек ақы төлеу нормасын, өндіру нормасын және т.б. анықтау үшін бұл көрсеткіштерді келтіру жолымен үйлестіріледі.

Өндіріс көлемі құн өлшемінде жинақтаушы көрсеткіш ретінде кәсіпорынның барлық жоспарлау тарауларын бір – бірімен байланыстыратын әмбебап түрінде қолданады. Өндіріс көлемі жалпы тауарлы және сатылған өнімдер көрсеткіштерімен сипатталады.



Тауарлы өнімнің көлемі немесе сатуға арналған дайын өнім мына формула бойынша анықталады:
ТӨ = КӨ + ӨІ + Өжф + Өнқ (2,0)
Мұнда, ТӨ – сыртқа сатуға дайындалған дайын өнім бұйымдары (қызмет, жұмыс);

ӨІ – кәсіпорында өзінің ішкі шаруашылығына күнделікті керекті дайын бұйымның құны;

Өжф – сыртқа сатуға арналған өзі өндірген жартылай фабрикаттардың құны;

Өнқ - өзі өндірген негізгі қорлардың құны.



Жалпы өнім көлеміне, жалпы жұмыс көлеміне есепті жылы орындауға белгіленген және орындалған барлық өнім және қызмет түрлері жатады:
ЖӨ = ӨТ + (Өс - Өб) + (ӨАс - ӨАб) (2.1)
Мұнда, Өс , Өб – аяқталып бітпеген өндірістің тиісінше соңындағы және бастапқы мезгілдегі құны;

ӨАс , ӨАб - өзі өндірген арнаулы аспаптар, жартылай фабрикаттардың тиісінше соңындағы және бастапқы мезгілдегі құны.



Сатылған немесе жеткізіліп берілген өнімнің көлемі – кәсіпорыннң негізгі көрсеткіштерінің бірі, осымен кәсіпорыннң өндіріс – қаржылық қызметінің қорытындысына баға беруге болады:
ӨС = ӨТ + (Рб – Рс) + (СӨб – СӨс) (2.2)
Мұнда, Рб , Рс – сатылмай қалған өнімнің тиісінше бастапқа және соңғы мезгілдегі құны;

СӨб – СӨс – сатып алушыға сақталуға берілген өнімнің тиісінше бастапқы және соңғы мезгілдегі құны.

Өнімнің жеке түрлеріне немесе шығарылатын бұйым көлеміне, табиғи бірліктегі көрсеткіштер (дана, тонна т.б.) белгіленеді. Кәсіпорын бойынша жалпы, тауарлы және сатылған өнімдер мәнде есептелінеді.
Кәсіпорынның өндіріс бағдарламасы және бақылауға арналған тест сұрақтары
1. Кәсіпорын өндіріс бағдарламасында құн көрсеткіштеріне жататыны:

а) тауарлы өнім;

б) жалпы өнім;

в) сатылған өнім;

г) тауарлы өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығын;

д) негізгі қордың құны

2. Кәсіпорынды дамыту жоспарындағы орталық бөліміне не жатады?

а) өндіріс тиімділігін арттырудағы экономикалық жоспары;

б) қаржы жоспары;

в) өндіріс бағдарламасы;

г) ғылымды және техниканы дамыту жоспары;

д) инвестиция жоспары

3. Кәсіпкерліктің басты мақсаты:

а) пайда алу;

б) кәсіпкерлік жұмысты кеңейту;

в) жоспарланған өнім көлемін шығару;

г) ғылымды және техниканы дамыту жоспары;

д) акционерлік қоғамды құру

4. Бизнес – жоспардың негізгі бөлімі:

а) кәсіпкерлік келісімнің мақсаты мен міндеті және оның тиімділігі;

б) ұйымдастыру шарасы мен жоспардың бағдарлама әрекеті;

в) қорытындылаушы түйіні, негізгі шамасы мен кәсіпкерлік жоспардың көрсеткіші;

г) кәсіпкерлік жұмысты кеңейту үрдісі;

д) жұмсалған шығынды қайтару

5. Жаңа тауарды өндіріске ендіруге жасалып жатқан кезеңдегі қаржылық мақсатқа жататыны:

а) пайданы жоғарлату;

б) өндіріс шығындарын қысқарту;

в) шығынсыздықты қамтамасыз ету;

г) шығын айналымын жеделдету;

д) дұрыс жауабы жоқ

6. Тауар саясатындағы саланы шешуге жататыны:

а) баға белгілеуді жетілдіру;

б) маркетингтік зерттеуді жүргізу;

в) өндірістен ескірген тауарды шығару;

г) өнімнің сапалы көлемін арттыру;

д) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтау

7. Кәсіпорынның тұтынушылар алдында жауапкершілігін шақыруға керектісі:

а) тауар несиесін ұсыну жағдайы;

б) тауарды пайдалану ережесімен сатып алушыларды таныстыру;

в) өндіріс өнімдерінің номенклатурасын кеңейту;

г) қосымша қызмет көрсету;

д) дұрыс жауабы жоқ

8. Кәсіпорынның мәдени - әлеуметтік ортасын анықтайтын:

а) жұмысшылар күшіне сұраныс

б) тауарға сұраныс

в) өндірісте энергоресурстарға сұраныс;

г) кәсіпорынның орналасқан орны;

д) негізгі және айналым капиталына сұраныс



Есептер

1. Кәсіпорын негізгі өнімді 325,6 мың теңге сомасына шығарды.

Шетке орындалған жұмыс құны 41,15 мың теңгені құрды. Өзі өндірген жартылай фабрикат – 23,7 мың теңге, оның ішінде 80% өзінің өндірісінде пайдаланды. Жыл аяғында аяқталмаған өндіріс көлемі 5,0 мың теңгеге көбейді. Материалдық шығын тауарлы өнімнің құнынан 40% - ды құрды.

Сатылған өнім, жалпы және таза өнім көлемін анықтау керек:

Шешімі:


  1. ӨТө = 325,6 + 41,15 + 23,7 * 0,2 = 371,49 мың теңге

  2. ЖӨ = 371,49 + 5,0 = 376,49 мың теңге

  3. ӨСө = Тө = 371,49 мың теңге

  4. Өт = 0,6 * 371,49 = 222.89 мың тенге

2. Кәсіпорынның есепті мезгілінде жоспарлы және нақты мәліметі бойынша өнім шығару келесі кестеде көрсетілген:


Тауарлар

Шығару, мың теңге

Жоспар бойынша

Нақты орындалған

А

81,75

80,23

Б

92,73

93,5

В

44,8

44,8

Г

-

20,32

Д

31,6

-

Е

26,85

47,34

Өнім көлемі бойынша жоспарды орындау пайызы және ассортиментін анықтау керек.

Шешімі:


  1. Жоспар шегіне жақын нақты орындалған (жоспарды ассортименті бойынша орындалған есеп):

ЖӨжосп.нақты = 80,23 + 92,73 +44,8 + 26,85 = 244,61 мың теңге

  1. Жоспар бойынша өнімді шығару:

ЖӨжос = 81,75 + 92,73 + 44,8 + 31,6 + 26,85 = 277,43 мың теңге

  1. Нақты шығарылған өнім:

ЖӨнақты = 80,23 + 93,5 + 44,8 + 20,32 + 47,34 = 286,19 мың теңге

  1. Өнім көлемі бойынша жоспарды орындау пайызы:

286,19 мың теңге * 100 = 103,2%

277,43 мың теңге

5. Өнім ассортименті бойынша жоспарды орындау пайызы:

244,61 мың теңге * 100 = 88,2%

277,43 мың теңге

3. Есепті мезгілде кәсіпорынның өнімін шығару жоспарының орындалуын келесі кесте мәліметтерінен көруге болады:


Тауарлар түрлері

Шығару, мың теңге

Жоспар бойынша

Нақты орындалған

А

95,8

92,1

Б

84,3

86,8

В

45,7

45,7

Г

-

21,3

Өнімнің ассортименті және көлемі бойынша жоспарды орындау пайызын анықтау керек.

Шешімі:


Тауарлар

Шығару, мың теңге

Жоспар бойынша

Нақты

Жоспарға жақын нақты орындалған

А

95,8

92,1

92,1

Б

84,3

86,8

84,3

В

45,7

45,7

45,7

Г

-

21,3

-

Жиынтығы

225,8

245,9

222,1

1. Жоспар бойынша өнім көлемінің орындалу пайызы:



245,9 мың теңге * 100 = 108,9%

225,8 мың теңге

2. Ассортимент бойынша жоспарды орындау пайызы:

222,1 мың теңге * 100 = 98,4 %



225,8 мың теңге
4 – тапсырма. Кәсіпорынның ресурстары және еңбек өнімділігі
Кәсіпорында келісім – шарт бойынша жұмыс істейтін жалданған барлық жұмысшылар саны және тұрақты немесе уақытша жұмыс орындайтын, еңбек ақы алатын жұмысшылар оның еңбек ресурстарына жатады.

: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет