Бағдарламасы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының 10 класс оқушыларына арналған



жүктеу 201.08 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі201.08 Kb.
түріБағдарламасы
: metod -> 2006
2006 -> Бағдарламасы және күнтізбелік жоспары Құрастырған: Қ. Р. Жәкешева №21 орта
2006 -> Бағдарламасы (10 кластарға арналған) Ақтөбе 2006ж. Қалалық білім бөлімі Ақтөбе, 2006ж
2006 -> Жалпы білім беретін №17 мектеп-гимназиясы Ақтөбе қаласы. «Химиядан олимпиада есептерін шығару»
2006 -> 10 класқа арналған Қазақстан тарихынан тест жұмыстары
2006 -> 37 орта мектеп бағдарлама «Математикалық логика»
2006 -> Пояснительная записка программы курсов «Основы цитологии» и«Основы генетики»
2006 -> 11 класс Қазақ тілі – 1 нұска
2006 -> 10-класс І тоқсан І нұсқа (Қоғамдық- гуманитарлық бағыт) Көне түркі дәуірі жазба ескерткіштері қайсысы?
2006 -> Ақтөбе қаласының Білім бөлімі 10-11 класқа арналған «Шешендік өнер» арнайы курсының бағдарламасы
2006 -> Жұмыс бағдарламасы Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Ақтөбе қалалық білім беру бөлімі

№24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы



«Әлем халықтарының әдебиеті» арнаулы курсының оқу бағдарламасы

Ақтөбе – 2006

«Әлем халықтарының әдебиеті» арнаулы курсының оқу бағдарламасы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының 10 класс оқушыларына арналған

№24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының әдістемелік кеңесінде талқыланып, мақұлданған

Құрастырған: Матенова Ғ.Ж.

№24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімі


Пікір жазған: Бермағамбет С.Ж.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент

Мұғалім Ғазиза Жаймухамбетқызы Мәтенованың 10 сыныпқа арналған «Әлем халықтарының әдебиеті» арнаулы курсының бағдарламасына



П І К І Р
Әлем әдебиетінің тарихы бүкіл әлемдік мәдениет пен өнердің тарих пен философияның дамуымен тығыз байланысты. Әлемдік әдебиет мұраларын оқыту бұл кезге дейін кешенді түрде жоғары оқу орындарының филология, журналистика факультеттерінде жүзеге асырылып келді, ал оның мектепте оқытылуы тәуелсіз Қазақстанның келешек жастарына жан-жақты білімді етіп тәрбиелеуге және әлемдік мәдениетпен сусындап өсуіне септігін тигізері сөзсіз.

Мұғалім Ғ.Ж. Мәтенованың «Әлем халықтарының әдебиеті» байланысты арнаулы курсының бағдарламасы осындай үлкен мақсатты көздей отырып, жүйелі әрі мектеп оқушысының білім деңгейіне қолайлы құрылған. Бағдарлама әлем әдебиетінің екі үлкен тақырыбы - батыс және шығыс әдебиеті мұраларын оқытуға арналған. Бағдарлама мазмұнында әдебиет тарихы жүйелі түрде кезеңдерге бөлініп, бір-бірімен сабақтаса оқытылу көзделген. Сонымен қатар мектептің оқушыларына бұрыннан таныс Д.Лондон, Э.Хемингуэй, Г.Бичер Стоу, В.Скотт, Д.Дефо, Д.Свифт шығармалары, Абай аудармасы арқылы қазақ оқырмандарына жеткен Гете поэзиясы, Шығыс классиктерінің туындылары жоғары сынып оқушыларының деңгейінде қарастырылған.

Бағдарлама бөлінген сағат санына және оқытылу аудиториясына сай өз деңгейінде құрылған.

Пікір жазушы: Бермағамбет С.Ж.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент

Алғы сөз
«Әлем халықтарының әдебиеті» деп аталатын пән Қазақстан Республикасы университеттері мен педагогика институттарының оқу жоспарына соңғы жылдары ғана қосылғандықтан, әлі де бұл курсты толық қамтамасыз ететін оқулық жасала қойған жоқ. Сол сияқты аталмыш пән бойынша арнайы бекітілген бағдарлама да құрастырылмаған.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі басты мақсат – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дамыту болып тұрғандықтан, әрі өскелең ұрпақты әлемдік деңгейге көтеру міндетінен осы бағдарламаны құрастыру мәселесі жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаның мектепте оқытылуы тәуелсіз Қазақстанның келешек жастарына жан-жақты білім беруде және әлемдік мәдениетпен сусындап өсуіне септігін тигізері сөзсіз.

«Әлем халықтарының әдебиеті» арнаулы курсының бағдарламасын жасауда бұрынғы «СССР халықтары әдебиеті тарихының программасы» мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология магистрі М.Балтымованың «Әлем әдебиетінің тарихы» бағдарламасы басшылыққа алынды.

Аталған бағдарлама бойынша әлем әдебиетінің екі үлкен тақырыбы – батыс және шығыс әдебиеті мұраларының дәуірлері, олардың арасындағы әдеби байланыстар, әрине әр кезеңнің көрнекті өкілдерінің ірі-ірі туындылары аталған сынып оқушыларының деңгейінде қарастырылып, қазақ қаламгерлерінің аудармалары арқылы толық таныстырылады. Батыс – еуропалық әдебиеттің аса көрнекті өкілдерінің бірі Гомердің «Илиада» мен «Одиссеясынан» бастау алған курста одан әрі түркі халықтарының ауыз әдебиеті үлгілерін, Египет, Қытай, Үнді, парсы-тәжік әдебиеттерін талдау жұмыстарымен жалғастырылады.




«Әлем халықтарының әдебиеті» арнаулы курсының мақсат - міндеттері:


  • Әлемдік әдебиеттің аса үздік үлгілерінен дәріс беру, әлем әдебиетінің тарихи-әдеби дәуірлерін, шешендік өнер тарихи және философиялық проза талаптарына сай келетін құндылықтарын таныту;

  • Әдебиет пәнінің шеңберін одан әрі кеңейтіп, білім мазмұнын тереңдете түсу, оқушылардың эстетикалық талғамын молайтып, олардың бойларына адами асыл қасиеттерді дарыту;

  • Оқушыларға әдебиеттен берілген білім парасаттылық, зиялылық негізде, олардың интеллектуалдық қуатын жетілдіретін, іргесі берік, толық білім болуын жүзеге асыру.


«Әлем халықтарының әдебиеті» арнаулы курсын оқыту процесінде оқушылардың білім мен икем дағдыларына қойылатын талаптар:


  • әлем әдебиеті дамуының негізгі кезеңдерін, тақырыптарын;

  • әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өміріне, шығармашылығына байланысты мәліметтерді;

  • оқылған шығармалардағы негізгі түйінді тауып, олардың көркемдік мәнін білу;

  • шығарма кейіпкерлеріне дара және салыстырмалы мінездеме беру;

  • оқиға, кейіпкерлер жөнінде ауызша ой қорыта білу;

  • өз ойын жеткізе білу, пікірін қорғай білу;

  • көркем, мәдениетті сөйлей білуге дағдылану.

Аталған арнаулы курс лекциялық әдістер мен практикалық сабақтардан тұрады. Дәрістер әлем әдебиетінің даму тарихы, дәуірлері, ол дәуірлердегі қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы турасында ғылыми-теориялық білім беруді мақсат тұтады. Практикалық сабақтар алынған теориялық білімнің мазмұнына байланысты ой қорытындысын жасауға, оларға талдау жүргізуге, ауызша, жазбаша тіл дамытуға арналады.

Арнаулы курс 34 сағатқа лайықталған, аптасына 1 рет өткізілуге жоспарланған.


Кіріспе (1 сағат)

«Әлем халықтарының әдебиеті» курсына кіріспе. Курстың құрастырылу, жүргізілу қажеттілігі. Арнаулы курстың мақсат-міндеттері. Оқушыларға қойылатын талаптар. Курстың маңыздылығы.


І тақырып

Әлем халықтарының әдебиеті (2 сағат)

Әлемнің батыс, шығыс бөліктерін қоныстанған халықтардың әдебиеті мен мәдениеті жөнінде жалпы шолу. Әлем әдебиетінің түрлері: Батыс әдебиеті және Шығыс әдебиеті. Батыс, шығыс әдебиетінің кезеңдері.


ІІІ тақырып

Батыс әдебиеті (2 сағат)

Батыс әдебиетінің кезеңдері. Қайта өрлеу дәуірі. XVII-XVIII ғ. әдебиеті, классицизм. ХІХ-ХХ ғ. әдебиет Гомерден бастау алған батыс әдебиетінің аса ірі құндылықтары.


ІV тақырып

Антикалық дәуір. Гомер. (4 сағат)

Европалық әдебиеттің белгілі өкілі Гомердің өмірінен қысқаша мәлімет. Көне ескерткіштер саналатын батырлық эпостары «Илиада» «Одиссея» поэмаларының негізгі сюжетімен, шығу тарихымен таныстыру. Қазақтың батырлық жырларымен үндестігі.


V тақырып

Қайта өрлеу дәуірі (2 сағат)

Қайта өрлеу дәуірінің әлемдік әдебиеттің дамуындағы негізгі кезең екендігі, тарихи маңыздылығы «Қайта өрлеу» терминінің шығуы. В.Шекспирдің «жоғары» трагедиялары. «Ромео мен Джульетта», «Гамлет».


VІ тақырып

ХVІІ-ХVІІІ ғ. әдебиеті (5 сағат)

Д.Дефо (3 сағат)

Классицизм . Қайта өрлеу дәуірінің шегіне жетуі.

ХVІІ ғ. әдеби күрес. Д.Дефо. Публицистикасындағы ағартушылық көзқарас. Жат жерді игеру. Робинзон крузоның еңбектен қуаныш табуға талпынысы. Романның шынайы өмір жөніндегі негізі.
VІІ тақырып

Д.Свифт (2 сағат)

Колонияльдық тәртіпке қарсы күрестегі Ирландия халқының лидері Д.Свифт. «Гулливердің саяхаттары» романы – аналитикалық сатира. Памфлеттерінің актуальдығы, әлеуметтік шындықты орнатудағы ролі.


VІІІ тақырып

ХІХ ғасыр әдебиеті (2 сағат)

Гете, Дж.Г.Байрон, В.Скотт, О де Бальзак шығармашылығы. Ақындардың әдеби қызметтерінің кезеңдері, үндестігі. «Фауст» трагедиясы. Пьесаның әдеби қайнар көзі, әлемдік маңызы. Абай-Лермонтов-Гете, Гете – ақын, драматург, прозаик, эссеші, Балзак «Гобсек».


ІХ тақырып

ХХ ғасырдағы Батыс әдебиеті (2 сағат)

Э.Хемингуэй шығармашылығындағы «жоғалған» ұрпақ тақырыбы. Психологизм. «Қош бол, қару-жарақ», «Шал мен теңіз» романдары. Бірінші дүниежүзілік соғысты адамгершілік тұрғыда талқылау.

Х тақырып

Д.Лондон «Мексика ұлы» (2 сағат)

Шығармашылығы. Көзге ашаң, әлсіз көрінген Ривераға қуат берген, күш берген өзі сияқты қара нәсілдер намысы екендігі ривераның атаққа, ақшаға сатылмайтындығы. Ривера мен Денни портреттері.


ХІ тақырып

Ги де Мопасан (2 сағат)

Өмірі мен шығармашылығы. Новеллаларының өзіндік көркемдік ерекшеліктері. Новеллист – Мопасанның шеберлігі. «Өмір», «Сүйкімді дос» роман – памфлеті.


ХІІ тақырып

Шығыс халықтарының әдебиеті (1 сағат)

Шығыс елдерінің Х-ХV ғ. Тарихи әлеметтік жағдайы.

Шығыс әдебиетіндегі қайта өрлеу. Шығыс әдебиетінің дәуірлері. Шығыс поэзиясы мен қазақ әдебиетінің сабақтастығы. Шығыс әдебиетінің өкілдері.
ХІІІ тақырып

Түркі халықтарының әдебиеті (2 сағат)

Түркі халықтарының ауыз әдебиетінің үлгілері.

«Манас», «Алпамыс», «Қорқыт ата кітабы», «Көрұғлы», «Алпамыс», «Қырық қыз», «Мың бір түн» (жалпы шолу). Ұқсастығы, жиналуы, зерттелуі.
ХІV тақырып

Абдрахман Рудаки (859-941) (1 сағат)

Тәжік елі, тарихы. Иран-тәжік классикалық поэзиясының негізін салушы – А. Рудаки. Өмірі, шығармашылығы. Шығармаларындағы адамгершілік, әділеттілік, тәлім-тәрбие мәселесі. Әдеби мұрасының зерттелуі, қазақ тіліне аударылуы.

ХV тақырып

Ә.Фирдоуси (934-1026) (2 сағат)

Ә.Фирдоусидың өмірі мен әдеби мұрасы. «Шаһнама» дастанының жазылу тарихы, әлем әдебиетіндегі орны. Дастанның тақырыбы мен идеясы. Сақталуы, қазіргі дәуірге дейін жетуі. Аудармалары.


ХVІ тақырып

Омар Һайям (2 сағат)

Омар Һайям (1040-1123). Ұлы ғалым, философ, математик, астроном Омар Һайямның рубаиларының құндылығы. Ақындық шеберлігі. Зерттелуі. Рубайларының тақырыптары.


ХVІІ тақырып.

Низами Ғанжауи (1 сағат)

Әзірбайжан әдебиетінің көрнекті өкілі, Низамидың ақындығы, «Хамса» (бес дастан) үлгісінің негізін салушы. («Сырлар қазынасы», «Құсырау мен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті сұлу», «Ескендір нама»). Низами гуманизмі.


ХVІІІ тақырып

Әлішер Науаи (1441-1501) (1 сағат)

Өзбек әдебиетіне шолу. Ә.Науаи өмірі мен шығармашылығы. «Төрт кітап» жинағы. Өлеңдерінің негізгі тақырыптары. «Фархад - Шырын» дастаны. Науаи шығармашылығының маңыздылығы.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. История всемирной литературы 9 т.М, 84-93 г.

  2. Сборник програм по мировой литературе А, 1998

  3. Литературный энциклопедический словарь М, 1997

  4. Мировая литература 4 т. М, 2000

  5. Античная литература М, 1989

  6. Шетел әдебиеті VІІІ-Х сыныпқа арналған «Мектеп» 1972

  7. Қабдолов З. Сөз өнері «Жазушы» 1991

  8. Сатбаев Ш. Әдеби байланыстар А, 1974

  9. Ғашық-наме қ: Ү.Сүбханбердина А, 1976

  10. Дастандар 1 том. А, 1990

  11. Күмісбаев Ө. Терең тамырлар А, 1994

  12. Байрон Дж. Таңдамалы «Жазушы» 1970

  13. Бальзак О де. Үзілген үміттер. «Жазушы» 1988

  14. Мопасан Ги де. Өмір А, 1970

  15. Хемингуэй Э. Шал мен теңіз «Жазушы» 1986

  16. Артамонов С. 40 веков мировой литературы. 4 том. М. 2000


«Әлем халықтарының әдебиеті»арнаулы курсын жүргізуде мұғалімге қойылатын талаптар
Қазіргі замандағы білім беру жүйесіндеі басты мақсаьымыз – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дамыту. Бұл жолда оқушы өзіміздің төл әдебитіміздің үлгілерін меңгере отырып, әлемдің әдебиеттіңі де аса бай түрлерімен тұщынуы қажет.

Өскелең ұрпақты білімдарлықтың әлемдік деңгейіне жеткізу мақса-тындағы бұл курсты жүргізуде мұғалім мынадай жайттарды басты назарда ұстауы қажет:



  • әлем әдебиетінің ең үздік үлгілерін, әлем әдебиетінің даму кезеңдерін білу;

  • әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерін, олардың өмірі мен әлем әдебиетіндегі орнын танына білу;

  • әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдері көтерген сол дәуірдегі проблемелардың біздің елімізде қалай көрініс беруіне сараптама жасай білу;

  • әлемдің әдебиет үлгілерін халқымыздың әдеби құндылықтарымен салыстырып, ұқсастықтары мен айырммашылықтарын таба білу;

  • әдебиет – сөз өнері болғандықтан оқушының тіл шеберлігі мен сөйлеу мәдениетіне басты назар аудара отырып, өз ойын ашық айта біліп, қорғай алатын, өзіндік ой қорытындысы жасай алатын сөзге шешен тұлғаны дамытуға жол аша білу;

  • шығармаларды меңгертуде оқытудың қазіргі заманғы озық үлгілерін пайдалана білу.

(М: әлемдік әдебиет үлгілерінің басым көпшілігі киноға түсірілген. Шығарманың өзін оқудан гөрі фильм көру тиімді болады)


«Әлем халықтарының әдебиеті» арнаулы курсының тақырыптық – күнтізбелік жоспары



р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

1

«Әлем халықтарының әдебиеті» курсына кіріспе

1




2

Әлем халықтарының әдебиеті

1




3

Әлем әдебиетінің түрлері

1




4

Батыс әдебиеті, оның кезеңдері

1




5

ХVІІ – ХVІІІ ғ.ғ. әлем әдебиеті

1




6

Антикалық дәуір

1




7

Гомер өмірі, шығармашылығы

1




8

«Илиада» поэмасы, сюжеті, шығу тарихы

1




9

«Одиссея» поэмасы. Қазақтың батырлық жырлаымен үндестігі

1




10

Қайта өрлеу дәуірі. Шекспир «Ромео мен Джульетта» трагедиясы

1




11

«Ромео мен Джульетта» трагедиясына талдау жасау

1




12

Кейіпкерлеріне талдау

1




13

ХVІІ – ХVІІІ ғ әдебиеті. Классицизм

1




14

ХVІІ ғ. әдеби күрес. Д.Дефо. Робинзон Крузо жайындағы еңбегі

1




15

Д.Свифт «Гулливердің саяхаттары» романы

1




16

Памфлет жанры, аналитикалық сатира

1




17

ХІХ ғасыр әдебиеті. Гете, Д.Г.Байрон, В.Скотт шығармашылықтары

1




18

О де Бальзак шығармашылығы

1




19

ХХ ғасырдағы Батыс әдебиеті. Э.Хемингуэй шығармашылығы

1




20

«Қош болу, қару-жарақ», «Шал мен теңіз» романдары

1




21

Д.Лондон «Мексика ұлы»

1




22

Ривера мен Денни портреттері

1




23

Ги де Мопасан-новеллашы

1




24

Шығыс халықтарының әдебиеті

1




25

Түркі халықтарының әдебиеті

1




26

Ұқсастығы, жиналуы, зерттелуі

1




27

Абдархман Рудаки өмірі мен шығармашылығы

1




28

Э.Фирдоуси өмірі мен әдеби мұрасы

1




29

«Шаһнама» дастаны, жазылу тарихы, тақырыбы мен идеясы

1




30

Омар Һайям өмірі мен шығармалары

1




31

Омар Һайямның рубаилары

1




32

Низами Ғанжауи ақындығы

1




33

Әлішер Науаи өмірі мен шығармашылығы

1




34

Қорытынды сабақ

1






Сабақтың тақырыбы: «Шығарма шырайы – шынайы махаббат»

(У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясы

бойынша)

Сабақтың мақсаты: б і л і м д і к: Уильям Шекспир шығармашылығын

қорытындылау. Жазушы және оның шығармалары

жөнінде мәліметтер беру. «Ромео мен Джульетта»

трагедиясынан алған білімдерін бағалау.



т ә р б и е л і к: Жазушы қаламынан туған шығарма

арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу; адал

махаббатқа тәрбиелеу; трагедиядан үлгі-өнеге алуға

шақыру.


д а м ы т у ш ы л ы қ: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына

ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу; шығармашы-

лықпен жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным,

түсініктерін дамыту.



Сабақтың жабдығы: Уильям Шекспир шығармаларының толық жинақтары,

драматург туралы мәлімет беретін фото-суреттер,

естеліктер, Венн диаграммасы.

Сабақтың әдісі: Жазу мен оқуды сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,

шығармашылық ізденіс, талдау, салыстыру.



Пән аралық байланыс: тарих, кино.

Сабақтың түрі: қорытынды – қайталау сабағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. «Ой шақыру»Не білеміз?


  1. Драматург туралы мәлімет беру (драматург өмірі мен шығармашылығына арналған фотосуреттер, шығармаларының толық жинақтарын пайдалану).


У.Шекспир өмірі мен шығармашылығына шолу сұрақтары:
1.Драматургтың балалық, жастық шағы туралы әңгімелеңіз.

2.У.Шекспирдің қандай қосымша мәліметтер білесіз?

3.Драматург өмірінен қандай қосымша мәліметтер білесіз?

4.У.Шекспирді қандай қаламгер деп бағалайсыз?


ІІІ. «Ой қозғау» Не білдік?
«Ромео мен Джульетта» трагедиясының қысқаша мазмұнына тоқталу.
ІV. «Ой талқы» (шығармаларын талдау)


  1. «Ромео мен Джульетта» трагедичсының тақырыбы не?

  2. Аталған шығарма қазақ әдебиетінде қандай шығармаға ұқсайды?

2.1 Венн диаграммасы

  1. Кейіпкерлеріне талдау.

  2. Махаббат - өмірі өзегі (өзегі емес).

  3. Екі жастың қайғылы өміріне кім кінәлі?


V. «Ой толғау»
1.Трагедия кейіпкерлеріне хат жазу

2.Махаббат тақырыбына өлеңдер оқу.


VІ. «Ой қорыту» (сабақтың эпиграфтарын пайдалану)
... Махаббат кейде тәтті, кейде ащы

Бол риза балына да, уына да

Тұрсынзада
«Любовь – безумье, мудрое; оно

И горечи и сладости полно»

Шекспир
VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма


  1. «Махаббатсыз – дүние бос» деген тақырыпта шығарма жазу

  2. Болашақта У.Шекспир шығармаларын үзбей оқып, өмірлік сабақ алу.



Сабақтың тақырыбы: Ги де Мопасан – новеллашы

Сабақтың мақсаты: Жазушы шығармашылығын таныту

Сатақтың міндеттері: Білімдік: Ги де Мопасан шығармашылығын

қорытындылау. Жазушы және оның шығармалары

жөнінде тың мәліметтер беру. Оқушылардың алған

білім деңгейін бақылау.



Тәрбиелік: Жазушы қаламынан туған шығармалар

арқылы оқушыларды адаи қасиетерге баулу. Автор

көтерген тағылымдар арқылы оқушылардың азамат-

тық бейнесін көрсету арқылы оқушыны үлгі - өнеге

алуға шақыру.

Дамытушылық: Әр оқушының ой-қиялына ерік бере

отырып, өзінше ой түруге баулу; шығармашылықпен

жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы түсініктерін

дамуты. Оқушының талдау, салыстыру, жинақтау

сияқты таным мүмкіндіктерін анықтау.

Сабақтың әдісі: Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,

көрнекілік, сөздік.


Сабақтың барасы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа қатысымын, сынып бөлмесінің сабаққа әзірлігін тексеру; оқушы назарын сабаққа аудару.


ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Сабақтың өту жоспары

І. «Ой қозғау». Нені білеміз? (Ги де Мопасан өмірі мен шығармашалаға турасында шолу сұрақтары)
1.Жазушының балалық, жастық шағы туралы әңгімелеңіз?

2.Ги де Мопасан қандай қызметтер атқарды?

3.Қандай шығармаларын білесіз?

4.Шығармаларында көтерілген басты-басты тақырыптар қандай?

5.Ги де Мопасан қандай қаламгер деп бағалайсыз?

6.Ги де Мопасан шығармалары қазақ әдебиетінде қай жазушының

шығармаларымен үндес келді деп ойлайсыз?
Франциуздың аса көнекті жазушысы Ги де Мопасан 1850жылы дүниеге келген. Балалық шағы Нормандияда өткен Мопасан жас кезінен халық арасында болып, елінің ауыр тағдырын, теңіздің қасында өмір сүргендіктен балықшылар мен крестьяндардың тұрмыс-тіршлігін көріп өскен. Өзінің сөзімен айтқанда, Ги де Мопасан «әдебиетке метеор секілді еніп, найзағайдай жоқ болып кеткен». Оның ірі-ірі «Өмір», «Сүйкімді дос», «Монт - Ориоль», «Пьер және Жанн» сияқты әлемдік деңгейде жоғарғы бағаға ие болған романдары, романға бергісіз «Ай жарық», «Ұл», «Махаббат», «Әшекей», «Мұра», «Отбасында», «Жалғыздық», «Суда» және тағы сол сияқты көптеген новелла-лары бар. Шығармаларының бәрі со замандағы әлеуметтік мәселелерді көтеріп, шынайы реалистік сарынмен көркем, әрі түсінікті тілмен жазылған. Негізгі тақырыптары: күшті мен әлсіз арасындағы теңсіздік, махаббат, адам бойындағы жат қасиеттерді сынау, ананың балаға деген қатігездігі, тағы сол сияқты. Сол кездегі француз жерінде орын алған жағдайлардың қазіргі біздің елде кездесуі - өмір заңдылығы.

ІІ. «Ой толғау» Нені білдік? («Кубизм» стратегиясы, шығармаларына топтық талдау)

1)Талдауға ұсынылған новеллалары:

а) «Қызметші қыз хикаясы» новелласы

б) «Орындық өруші қыз» новелласы

в) «Қайыршы» новелласы

Тапсырмалардың түрлері



  1. Берілген новелланың мазмұнын өз сөзіңмен қысқаша баяндап беріңіз

  2. Қарсы топтардан қойылған сұрақтарға шығармадан дәлелді мысалдар келтіру арқылы қазіргі өмірмен байланыстыра отырып жауап беріңіз.

(Бір топ жауап беріп жатқанда, қалған екі топ мұқият тыңдап, продлемалық сұрақтар береді, бірге талдайды)

  1. Жалпы сыныптық тапсырма:

«Құбыжықтардың шешесі» атты новеллаға толық талдау жасау.

«Кубизм» стратегиясы бойынша берілетін тапсырмалар:

1 – топ. Мінездеме беріңіз

2 – топ. Қазіргі өмірмен байланыстырыңыз

3 – топ. Не жақтаңыз, не қарсы болыңыз

ІІІ. «Ой қорыту» Не түйдік?

Мақсаты: Ұсынылған немесе сабақ барысында туатын тақырыптар негізінде пікір таластыру


  1. «Ги де Мопасан шығармалары өміршең немесе сол заманның өзекті мәселелерін ғана көтерген шығармалар».

  2. «Махаббатқа негізделген өмірде бәрі де жүзеге асырылады немесе асырылмайды».

  3. «Махаббат - өмірдің алтын діңгегі немесе діңгегі емес».

Оқушылардың берген жауаптарынан үзінді

Бөлекбаев А.

«Қайыршы» новелласын оқып тастанды, арбаға таңылған мүгедек бала Колоколдың басындағы ауыр жағдайды оқып, көзіме жас келді. Оның өмір сүруге деген талпынысы, құлшынысы мені қайран қалдырды. Сонымен қатар бір деревняда тұратын оның ауылдастарының, жендеттердің қатігездігі мен мейірімсіздігі де қатты ойландырды. Ал қол-аяғы бүтін, он екі мүшесі сау қазіргі өмірдегі адамдардың жатыпішерлігі, қалдық жәшіктерін аралап, қаңғыбастық кешіп, қайыршылықпен өмір сүріп жүргендігі кешірілмейді деп ойлаймын. Ги де Мопасан Колоколдың ауыр халін өте керемет шеберлікпен суреттей алған. Шығарманы оқи отырып, Колокол бейнесін көз алдыма ап-анық елестете алдым. «Өмір - кұрес» дегендей, оның тартқан сындарына сынбай, алға қарай ұмтылу керек. Колокол бейнесінен көп үлгі алдым.
Кенжеғұлова Н.

«Құбыжықтардың шешесі» новелласының негізгі тақырыбы - өзінің ішінен шыққан сәбиін (құбыжық сәбиін) көрсету арқылы ақша тапқан ананың қатігездігі. Баланы, оның дене мүшелерін сату қазіргі заманда, тіпті біздің елде де кездесіп баланың өз несібесі болады. Біздің еліміздегі демографиялық проблемалардың түпкі шығу төркіні де осыған келіп саяды. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дегендей, шет жерге сатылып жатқан қара көз қандастарымыздың тағдыры мен» қатты ойлантады?


Әбдірахманова А.

Махаббат адам өмірінің түп қазығы болуы тиіс деп ойлаймын. Екі новеллада да өмірдегі барлық нәрсе соған негізделетіндігін көрсеткен. Бұл тәлім кейінгі бізге үлгі болу керек. Себебі дәл қазіргі заманда бұл ұлы тақырып ақша, байлық деген ұғымдардан кейінгі орындарды алуда. Қыз сезімін аяққа таптаған жігіттер де, арын сатқан қыздар көбеюде. Соның нәтижесінде қаншама қазақ баллары жетімдер үйінде тәрбиеленуде, тіпті одан да сорақы жайлар кездесуде. «Ұл ұятымен, қыз қылығымен», «Қызға қырық үйден тыю» деген тәрбиелі сөздерді естен шығармауымыз керек. Себебі біз ұлт болашағымыз. Болашақ бұлдыоаса, халық қайда бармақшы. Ги де Мопасан новеллалары маған өте ұнады, үлкен-үлкен ой тастап, алдағы өміріме сабақ боларлықтай көп дүние, тәлім – тәрбие алдым.


ІV. Венн диаграммасы (Сабақты қорытындылау)
«Құбыжықтардың анасы» «Қайыршы»




Түйін: Өмір – адамға бір-ақ рет қана берілетін матеордай, найзағайдан өткінші құбылыс. Адам - өмірге қонақ. Мақсат – бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, адамша өмір сүруге тырысу. Ги де Мопасан шығармаларын оқуды одан әрі жалғастырып, өмірлік сабақ алу.

V. Бағалау.

VІ.Тапсырма. Ги де Мопасан кейіпкерлеріне хат жазу.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет