БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Механика» пәні бойынша



жүктеу 56.87 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі56.87 Kb.
түріБағдарламасы
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

«6M061100– астрономия»

мамандығы бойынша МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012


4. Емтихан тақырыптарының тізімі
«_Механика_» пәні бойынша
Механика дегеніміз бақылаулардың, күнделікті өмірдегі тәжірибелердің және арнайы жасалған эскперименттердің жалпылама қорытындысы екенін көрсету. Механика-эксперименттік ғылым болғандықтан студенттерді бақылау, физикалық шамаларды өлшеу және эксперимент жасаудың негізгі әдістерімен таныстыру қажет, пәнді оқыту физикалық демонстрациялар көрсетумен және жалпы физикалық практикумның лабораториялық жұмыстарын жасатумен қоса жүргізілуі қажет.


  1. Координат жүйелері. Векторлық және координаттық формаларда материялық нүктенің орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуін сипаттау.

  2. Орташа және лездік жылдамдық және үдеу. Бірқалыпты айнымалы қозғалыстың кинематикасының формулалары.

  3. Салыстырмалық принціпі. Жарық жылдамдығының тұрақтылық принціпі. Лоренц түрлендірулері.

  4. Табиғаттағы күштер және әсерлесулер. Дененің массасы, күші және импульсы. Ньютонның үш заңы.

  5. Импульс моменті және күш моменті. Нүкте үшін және материялық нүктелер жүйесі үшін моменттер теңдеуі. Жүйенің импульс моментінің сақталу заңы.

  6. Күш жұмысын анықтау. Потенциалдық және потенциалдық емес күштер.

  7. Потенциалдық энергия және оны нормалау. Механикалық энергияның сақталу заңы.

  8. Релятивтік бөлшектің энергиясы мен импульсінің арасындағы қатынас. Тыныштық массасы мен энергиясы арасындағы байланыс. Байланыс энергиясы. Массалар дефектісі.

  9. Қатты дененің қозғалмайтын өстің маңайындағы айналуы. Өске қатысты дененің инерция моменті.

  10. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі.

  11. Қатты дененің ілгерілемелі, айналмалы және жазық қозғалыстарының кинетикалық энергиясы

  12. Қатты денелердегі деформация. Гук заңы. Юнг модулі.

  13. Идеал сұйықтың стационар ағысы үшін Бернулли заңы

  14. Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Рейнольдс саны. Сұйықта қозғалатын денеге әсер ететін күштер.

  15. Тұтас ортадағы толқындар үшін Доплер эффектісі



«_Электр және магнетизм _» пәні бойынша
”Электр және магнетизм” пәнін оқыту барысында тәжірибе және ғылыми эксперимент арқылы алынған нәтижелерді жалпылау негізінде электромагниттік құбылыстардың негізгі заңдылықтарын мазмұндау.



  1. Вакуумдағы тұрақты электр тоғы. Электрмагниттік әсердің табиғаттағы және практикадағы маңызы. Микроскопиялық зарядтар. Зарядтың сақталу заңы.

  2. Тұрақты электр өрісі. Кулон заңы.Кулон заңының өрістік интерпретациясы. Гаусс теоремасы. Кулон заңының дифференциалдық түрде тұжырымдалуы.

  3. Электростатикалық өрістің потенциалдығы. Электрстатикалық өрістегі жұмыс. Скалярлық потенциал.

  4. Әртүрлі заңдылықпен таралған зарядтардың потенциалын есептеу. Лаплас және Пуассон теңдеулері.

  5. Өткізгіштердегі электростатикалық өріс. Өткізгіш жаңынан пайда болған өріс механизмі.

  6. Оңашаланған өткізгіш электрсыйымдылығы. Конденсаторлар және олардың электр сыйымдылығы.

  7. Үзіліссіз таралған зарядтардың дипол моменті.

  8. Поляризацияланудың электр өрісі кернеулігінен байланыстылығы. Поляризацияның электр өрісіне әсері.

  9. Электрлік ығысу. Жазық конденсатордың өрісі.

  10. Диэлектриктер үшін Гаусс теоремасы.

  11. Дискретті зарядтардың энергмясының байланысы. Электр өрісінің энергия тығыздығы. Зарядталған конденсатордың энергиясы.

  12. Поляры және полярлы емес диэлектриктердің механизмі.

  13. Тұрақты электр тогы. Ток күші және оның тығыздығы.

  14. Ток бар кездегі зарядтардың сақталу заңы.

  15. Біртекті өткізгіш бөлігі үшін Ом заңы. Кирхгоф ережелері.



«Жалпы астрономия» пәні бойынша

“Жалпы астрономияң пәнін оқытудың мақсаты: студенттерге қарастырылатын аспан денелерінің механикалық қозғалысының негізгі заңдарын терең түсіндіру, астрономиялық құбылыстарды зерттеудің теориялық және практикалық тәсілдерін меңгеруге және студенттерге алған білімдерін өз бетімен іс жүзінде қолдануды үйрету.




  1. Астрономия пәні, негізгі мәселелері, әдістері мен аспаптары.

  2. Аспан координаттар жүйелері.

  3. Уақыт өлшеу жүйелері және күнтізбе.

  4. Жер атмосферасының бақылау жағдайларына әсері.

  5. Кеплер заңдары және планеталар қозғалысы.

  6. Аспан денелерінің массасын, өлшемдерін, пішінін және оларға дейінгі қашықтықты анықтау.

  7. Жұлдыздардың сәулелерін сараптау әдістері.

  8. Телескоптар және спектрдың әр диапазонына арналған сәуле қабылдағыштар.

  9. Күн активтігі. Күн жүйесінің үлкен планеталары.

  10. Жұлдыздардың спектры мен жарқырауы.

  11. Біздің Галактика. Жұлдыздар шоғырлары.

  12. Галактиканың айналуы мен массасы.

  13. Жұлдызаралық тозаң, газ және космостық сәулелер.

  14. Галактикалар түрлері, олардың құрылысы мен физикалық сипаттамалары.

  15. Галактикалардың ядросының активтігі және квазарлар.

  16. Галактикалардың кеңістіктік үлестірілуі және эволюциясы.

  17. Біртекті изотропты Әлем моделдері.

  18. Астрофотометрияның негізгі түсініктері. Жұлдызыдық шамалар

  19. Жұлдыздардың спектрлік классификациясы.

  20. Жұлдыздардың динамикалық тепе-теңдігі.


6. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:

  1. Ольховский И.И. Курс теоретической механики для физиков. М., 1970.

  2. Бухгольц Н.Н. Основной курс теоретической механики. Ч.1.2, М., 1965.

  3. Ландау Л.Д., Лифшиц Е.М. Механика. М., 1972.




  1. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. – М.: Высшая школа, 1983 (1989). – 439 с.

  2. Сивухин Д.В. Общий курс физики, Т.3 Электричество и магнетизм. – М.: Высшая школа, 1977 (1985). – 687 с.

  3. Парселл Э. Берклеевский курс физики, Т.2. Электричество. – М.: Наука, 1975. – 439 с.

  4. Иродов И.Е. Основные законы электромагнетизма. – М.: Высшая школа, 1991. – 203 с.

  5. Бәйімбетов Ф.Б., Рамазанов Т.С. Электр және магнетизм. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 199 б.

  6. Иродов И.Е. Задачи по общей физике. –М.: Наука, 2000. – 416 с.

  7. Қосымша:

  8. Фейнман Р., Лейтон Р., Сэндс М. Фейнмановские лекции по физике. Т.5, Т.6 –М.: Мир, 1976.

  9. Калашников С.Г. Электричество. –М.: Наука, 1985. – 592 с.

  10. Ақылбаев Ж.С., Ермағанбетов Қ.Т. Электр және магнетизм. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003 . – 480 б.

  11. Абдуллаев Ж. Физика курсы. – Алматы: Кітап, 1994.

  12. Савельев И.В. Жалпы физика курсы. Т.2. Электр және магнетизм. –Алматы: Мектеп, 1977.

  13. Трофимова Т.И. Курс физики. – М.: Высшая школа, 2002.

  14. Бәйімбетов Ф.Б., Аймауытов Д., Құрманбеков А. Физика есептері (Электр және магнетизм). – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 216 б.



Негізгі әдебиет:

  1. Кононович Э.В., Мороз В.И. Общий курс астрономии - М. ,УРСС, 2001. – 544с.

  2. Жаров В.Е. Сферическая астрономия – М., 2002.

  3. Ковалевский Ж. Современная астрометрия – М. Век-2, 2004. – 480 с.

  4. Машонкин Л.И., Сулейманов В.Ф. Задачи и упражнения по общей астрономии – Казань, КГУ, 2002.

  5. Kovalevsky J. Modern Astrometry - Berlin: Springer, 1995.

  6. ESA. The HIPPARCOS and TYCHO catalogues-VI. Introduction and Guide to data, 1997.

  7. Иванов В.В., Кривов А.В., Денисенков П.А. Парадоксальная Вселенная. 175 задач по астрономии - С-Пб., СПбГУ, 1997.

  8. Монтенбрук О., Пфлегер Т. Астрономия на персональном компьютере - С-Пб., Питер, 2002. – 320с.

  9. Ранцини Ж. Космос. Сверхновый атлас Вселенной / – М., Эксмо, 2005.-216с


Қосымша әдебиет:


  1. http://www.sai.msu.ru

  2. www.astronet.ru

  3. http://astra.prao.psu.ru




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет