Бағдарламасы алматы 2012 Мазмұны 6М050600-Экономика мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаты және міндеттері



Дата03.05.2016
өлшемі135.92 Kb.
түріБағдарламасы
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ғылыми-әдістемелік кеңесінің

отырысында Бекітілді

хаттама№ ________________

«_____»______________2012 ж.

6М0501800 - Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының

бағдарламасы

АЛМАТЫ 2012

Мазмұны

1. 6М050600-Экономика мамандық бойынша қабылдау емтиханының мақсаты және міндеттері.

6М050600 - Экономика мамандығы бойынша магистратураға түсуші тұлғалар үшін, қабылдау емтиханы мынадай мақсатты ұстанады-магистранттарды даярлаудағы білім беру бағдарламасын одан әрі менгеру үшін қажетті базалық міндетті және кәсіби пәндер бойынша сәйкесінше даярлық денгейін анықтау.

Қабылданушылар міндетті:

  • Ғылыми пәндегі қазіргі жағдайларды бейнелейтін үрдістерді сыни бағалауды білу және жүйелі білімді менгеру;

  • Алған білімді тәжірибеде қолдануды таба білу;

  • Жеке ғылыми зерттеулерінде қолданылатын әдіс және техникаларды түсіну;

  • Нақты практикалық есептерді шешуде теориялық білімді қолдануды білу, микро және макроэкономикалық терминологияларды игеру

Қабылдау емтиханының формасы- жазбаша емтихан.

Емтихан тапсырушы сұрақтар жауабын шифрланған түрдегі, емтихан коммисиясы тексеретін «жауап парағына» жазады.

2. Магистратураға қабылданушы тұлғаның даярлық денгейіне талаптар.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиті.

Макроэкономика

Эконометрика

Кәсіпорын экономикасы



4. Емтихан тақырыптарының тізбесі

«Макроэкономика» пәні

Тақырып 1. Макроэкономикаға кіріспе

Макроэкономика пәні. Макроэколномикалық теорияның басты сұрақтары. Негізгі түсініктер. Экономикалық теория және модельдер. Экзогенді және эндогенді айнымалылар. Экономикадағы қорлар және ағындар. Статистикалық ақпарат. Макроэкономикалық саясат. Макроэкономикалық модельдер. Номиналды және нақты көрсеткіштер. Экономиканың негізгі субьектілері. Нарық жіктелімдері. Шеңберлі ағындар модельдері. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жалпы жағдайы.



Тақырып 2. Макроэкономикалық өлшемдер

Кіріс және шығыс, қосымша құн бойынша Жалпы ішкі өнімді өлшеу. Жалпы ұлттық өнім. Номиналды және нақты ауыспалылар. Дефляторлар және баға индекстері. Басқа да ұлтық есеп жүйесінің көрсеткіштері, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, билігіндегі табыстар. Кірістер және шығыстар шеңберлі айналымы. Негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.



Тақырып 3. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Экономикалық циклдар. Жұмыссыздық. Инфляция.

Экономикалық цикл және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы. ЖҰӨ әлеуеті. Жұмыссыздықтың нысандары және оның табиғи денгейі. Оукен заңы. Жұмыссыздық денгейін реттеу.



Тақырып 4. Инфляция және жұмыссыздық.

Шығындар инфляциясы. Күтілетін және күтілмеген инфляция. Инфляция және ұсыныс шокы. Баға динамикасы. Жұмыссыздықтың табиғи денгейі. Оукен заңы. Нақты жалақы және жұмыссыздық денгейі. Эмпирикалық бақылау және Филлипс қисығы.



Тақырып 5. Ұлттық табыс: өндіріс, бөлу, және тұтыну.

Өндіріс факторлары. Өндірістік функция. Өндірістік функцияның қасиеті.Ұлттық табысты бөлу. Еңбек нарығы, капитал нарығы. Ұлттық табысты тұтыну. Тұтынуға шекті бейімділік. Пайыз мөлшерлемесі және инвестициялық қызмет. Қызмет және тауар нарығындағы жалпылама тепе-теңдік үлгісі.



Тақырып 6. Жиынтықты сұраныс және жиынтықты ұсыныс. АD-AS үлгісі (моделі).

Жиынтықты сұраныс және факторлары, оны анықтауыштар. Ақша теңдігі. Жиынтықты ұсыныстағы классикалық тәсілдер. Икемді жалақы. Жиынтықты ұсыныс қисығының құрылуы. Жиынтық ұсыныстың Кейнстік тәсілі. Икемсіз жалақы.



Тақырып 7. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ мерзім кезеңдері үшін жиынтықты ұсыныс және жиынтықты сұраныс тепе-теңдігі.

Жиынтықты ұсыныс және жиынтықты сұраныс үлгілеріндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Қысқамерзімді тепе-теңдіктен ұзақ мерзімді тепе-теңдікке көшу.



Тақырып 8. Сұраныс және ұсыныс шоктары.

Тұрақтандыру саясаты.



Тақырып 9. Тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдіктер. «IS-LM» үлгісі.

Игілік нарығы: нақты және жоспарлы шығыстар. Кейнс кресті. Табыс денгейінің теңдігі. Кейнстің мемлекеттік табыстар мультипликаторы. Инвестицияларды ығыстыру эфектісі . Игіліктер нарығындағы тепе-тендік. IS-қисығы.


Тақырып 10. Ақша нарығы.

Ақшаның қызметтері. Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық теориясының теңдігі. Ақша айналым жылдамдығы. Ақша нарығы. Нақты және номиналды пайыз мөлшерлемесі. Фишер тендігі. Ақшаға сұраныстың классикалық және кейнстік теориясы. Нақты және номиналды пайыз мөлшерлемесі. Фишер тендігі. Өтімділікті жоғары бағалау теориясы. Ақшаға сұраныс функциясы. Ақша ұсыным моделі. Ақша мультипликаторы. Монетарлы саясат құралдары. Ақша нарығындағы тепе-тендік. LM-қисығы.



Тақырып 11. Жалпы тепе-теңдік моделі.

АD-AS , кейнстік крест және IS-LM модельдерінің өзарабайланысы. IS-LM қисығының шешімі. IS-LM моделіндегі тепе-теңдік. Бюджет-салықтық саясат оның IS-LM моделіндегі тепе-теңдікке әсері. IS-LM моделіндегі монетарлы және фискалды саясаттың кері тиімділігі.


Тақырып 12. Ашық экономика.

Шағын ашық типтегі экономика. Төлем баланысы. Ағымдық есеп,Капиталдар қозғалысының есебі, ресми қорлар.



Тақырып 13. Валюталық курс.

Сатыпалу қабілеттілігі паритеті. Ашық экономика үшін IS-LM моделі. Айырбас курсы және ақша шығаруда ақша саясаты мен фискалдық экспансияның әсері. Ашық экономикадағы жиынтықты сұраныс. Экспорт және импорт үшін тәуелділік. Сауда баланысы және сіңіру.



Тақырып 14. Ашық экономика үшін IS-LM моделі.

Капиталдың шоғырлануы. IS-LM қисығына айырбас бағамы мен басқадай факторлардың әсері.



Тақырып 15. Экономикалық өсу.

Экономикалық өсу факторлары және типтері. Ұзақ мерзімді өсу Солоу моделі. Көлемділіктен қайтарым. Моделдерді графикалық ұсыну.



Тақырып 16. Жинақ және инвестиция.

Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі. Берілген жинақ нормасында капиталмен жарақтандыру денгейінің тұрақтылығы. Жинақтың «алтын ережесі». Капитал қорының денгейі және экономика қалпы.



Тақырып 17. Халық өсімінің әсері және технологиялық прогресс.
«Эконометрика» пәні
Тақырып 1. Теоретикалық және таңдамалық сипаттама

Теоретикалық және таңдамалық сипаттама: математикалық күтім, дисперсия, арифметикалық орташа, вариация, ковариация коэффициенті және корреляция.


Тақырып 2. Интервалдық бағалау

Интервалдық бағалау: бағалаудың жалпы сызбасы; басжиынтық орташасы үшін сенімділі интервал және түсімділіктің бас жиынтығы.


Тақырып 3. Гипотезаны байқау

Гипотезаны байқау: жалпы сызбасы, орташа таңтамалықтың гипотезасын байқау, таңдамалық түсім негізінде; екі басжиынтық дисперсиясы; екі таңдаманың орташа өлшемін салыстыру. Біржақты және екіжақты тестісі.


Тақырып 4. Статистиканы бағалаудың қасиеттері

Статистиканы бағалаудың қасиеттері: ығыстырылмағандық, жағдайлылығы, тиімділігі.


Тақырып 5. Жұптық сызықтық регрессия

Жұптық сызықтық регрессия: сызықтық регрессияның қарапайым моделі; геометрикалық интерпретация.


Тақырып 6. Сызықтық байланысты бағалау кезіндегі гипотезаны байқау

Сызықтық байланысты бағалау кезіндегі гипотезаны байқау. Кіші квадраттар әдісі және оның геометрикалық интерпретациясы. Ауытқудағы теңдеу.


Тақырып 7. Көптік сызықтық регрессия

Көптік сызықтық регрессия; негізгі алғышарттары, Кіші квадраттар әдісімен көптік сызықтық регрессия коэффициентінің есебі (әр түрлі әдісімен).


Тақырып 8. Сызықтық регрессия теңтеу коэффициенттің мәнділігін статистикалық тексеру

Сызықтық регрессия теңтеу коэффициенттің мәнділігін статистикалық тексеру.


Тақырып 9. Регрессия теңдеуінің жалпы сапасын тексеру

Регрессия теңдеуінің жалпы сапасын тексеру: детерминация коэффициенті, түзетілген детерминация коэффициенті екі таңдамалық үшін регрессия теңдеуін ұқсас гипотезасын тексеру.


Тақырып 10. Сызықтық регрессияны талдаудағы сенімділік интервал

Сызықтық регрессияны талдаудағы сенімділік интервал: тәуелдi айнымалы үшін сенімділік интервалдың түрлері.


Тақырып 11. Гетероскедастикалық

Гетероскедастикалық. Пайда болу себептері және гетероскедастикалықтың салдары. Гетероскедастикалықты анықтаудың жолдары. Гетероскедастикалықты түзетудің әдістері.


Тақырып 12. Мультиколлинеарлық

Мультиколлинеарлық. Мультиколлинеарлықтың пайда болуы. Түсіндіруші айнымалылардың арақатынасы.


Тақырып 13. Регрессия коэффициентеріндегі мультиколлинеарлықты бағалаудың салдары.

Регрессия коэффициентеріндегі мультиколлинеарлықты бағалаудың салдары. Мультиколлинеарлықты жоюдың әдістері. Бекітілген айнымалылыр.


Тақырып 14. Автокорреляция

Автокорреляция: автокорреляцияны анықтаудың әдістері және оны жою жолдары. Хилдрет-Лу тәртібі. Кохрейн-Оркатт әдісі .


Тақырып 15. Сызықтық емес эконометрикалық модельдер

Сызықтық емес эконометрикалық модельдер. Регрессияның сызықтық емес модельдері. Айнымалыларды түрлендіру. Логарифмдік, жартылай логарифмдік регрессиялық модельдер. Регрессияның дәрежелік және басқа да модельдері.


Тақырып 16. Эконометрикалық модельдің формасын таңдау

Эконометрикалық модельдің формасын таңдау. Өндірістік функцияларды бағалау. Кобба-Дуглас функциясы.


Тақырып 17. Айнымалылар спецификациясы

Айнымалылар спецификациясы. Жеке корреляция. Модельге нақты айнымалыларды енгізбеу салдары. Модельге маңызды емес айнымалыларды енгізу. Көптік сызықтық регрессия моделіндегі жеке коррелияция. Моделдің қалдық мүшесін зерттеу


Тақырып 18. Динамическалық қатар

Динамическалық қатар. Уақыт қатарындағы корреляция. Динамикалық қатарды өңдеу әдістері. Автокорреляция.


Тақырып 19. Біруақыттық теңдеулер жүйесі

Біруақыттық теңдеулер жүйесі. Теңдеулер жүйесінің сәйкестігі.


Тақырып 20. Гаусс-Марков теоремасы

Гаусс-Марков теоремасы: алғышарттары, теореманы дәлелдеу.



«Кәсіпорын экономикасы» пәні
Тақырып 1. Кәсіпкерлік қызметтің мәні және түрлері.

Шағын кәсіпорынның құрылуы және дамуы. Кәсіпорын қызметінің мақсаты және міндеттері. Кәсіпорын қызметінің құқықтық негізі және ұйымдық-құқықтық формалары. ҚР да кәсіпорындарды құру және тіркеу ерекшеліктері.


Тақырып 2. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы.

Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының негізгі элементтері және бағыттары. Өндірістік бағдарлама тиімділігінің көрсеткіштері. Өнім номенклатурасы мен оңтайлы ассортиментінің қалыптасуы.


Тақырып 3. Кәсіпорындағы негізгі қорды пайдалануды талдау.

Кәсіпорындағы негізгі қорлар құрылымы және құрамы. Негізгі қорлар қозғалысы және оның құнын бағалау. Кәсіпорынның айналым құралдарын тиімді пайдалану көрсеткіштерін талдау.


Тақырып 4. Кәсіпорынның айналым құралдары

Кәсіпорынның айналым құралдары құрылымы және құрамы. Айналым қорларының мөлшерлеу және қозғалысы. Қорлар оның түрі және материалды ресурстарға оңтайлы қажеттіліктер. Кәсіпорынның айналым қорларын пайдалану көрсеткіштері.


Тақырып 5. Кәсіпорын қызметкерлерін басқару.

Кәсіпорынның кадрлық саясатының мәні. Кәсіпорындағы жұмысшылардың есептік саны және кадрға қажеттілік есебі. Жұмысшылардың еңбек өнімділігіне талдау.


Тақырып 6. Кәсіпорында еңбек ақы қорының қалыптасуы және еңбек ақы төлемі.

Еңбек ақы төлеу қорының қалыптасу көздері және мәні. Еңбекақы төлеу түрлері және жұмысшыларға еңбекақы төлеу есебі оның түрі бойынша.


Тақырып 7. Өнімнің өзіндік құны және өндіріс шығындары

Өнім өндіру түрі бойынша шығындарды талдау. Өнім сметасы және калькуляция.Өнімнің өзіндік құнының түрі және қалыптасуы. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.


Тақырып 8. Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы

Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі үшін маркетингтің маңыздылығы. Кәсіпорын сәттілігінің маңызды факторлары. Өнімнің өмірлік циклына талдау және кәсіпорынның маркетингтік қызметінің міндеттері. Жаңа тауар өндірісі.


Тақырып 9. Кәсіпорында баға құру саясаты.

Кәсіпорында бағаның ролі мен мәні. Өнім бағасының құрылымы. Бағаны қоюдың әдісі. Кәсіпорында баға құру стратегиясы.


Тақырып 10. Кәсіпорында материалдық ағындарды басқару тиімділігі.

Кәсіпорын қорларын басқару сызбасы. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін логистиканың ролі.


Тақырып 11. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.

Кәсіпорын қаржысының құрылымы және қаржылық ресурстың қайнар көзі. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының типі және факторлары. Кәсіпорын өтімділігі және төлем қабілеттілігі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері.


Тақырып 12. Кәсіпорынның күйреуі (банкроттығы).

Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігінің себептері және мәні. Күйреудің белгілері және түрлері. Кәсіпорынды сауықтыру шаралары.


Тақырып 13. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты.

Капитал салымының түрі және мәні. Капитал салымы тиімділігінің көрсеткіші және қалыптасу көздері. Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау.


Тақырып 14. Кәсіпорынның инновациялық саясатының маңыздылығы және мәні.

Кәсіпорын қызметіндегі инновация ролі және оның түрлері. Кәсіпорын дамуындағы инновациялық стратегия. Кәсіпорын қызметінің инновациялық көрсеткіштері.


Тақырып 15. Кәсіпорын дамуының экономикалық стратегиясы

Кәсіпорынның экономикалық стратегиясының негізгі бағыттары. Кәсіпорында бағдарлау және жоспарлаудың ролі. ҚР –да кәсіпорындардың стратегиялық дамуының ерекшеліктері.



5. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

«Макроэкономика» пәні

Негізгі әдебиеттер:

  1. Сакс Д., Ларрен. Макроэкономика: глобальный подход. М.: Изд-во МГУ, 1998.

  2. Мэнкью Н.Г. Макроэкономика. М.: Изд-во МГУ, 1994.

  3. Дорнбуш Р.,Фишер С. Макроэкономика.- М.: Изд-во МГУ, 1997.

  4. С.Фишер, Р.Дорнбуш, Р.Шмалензи. Экономика. М.: Дело, 1993.

  5. В. М. Гальперин, П.И.Гребенников, А.И. Леусский, Л.С. Тарасевич. Макроэкономика . – Санкт- Петербургский государственный университет экономики и финансов. – 1997. -720с.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Долан Э.Дж. Макроэкономика. С.- Петербург, 1994.

  2. Микро – макроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. С.- П.,1994.

  3. Кругман П.Р., Обстфелбд М., Международная экономика. Теория и политика: Учебник для ВУЗ-а. Пер.с англ.под ред. В.П. Колесова. – МГУ экономический факультет, ЮНИТИ, 1997 – 799с.

  4. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: Учебник. – МГУ. – 1997.-416с.

  5. Бурда М., Виплош Ч. Макроэкономика. – С-Пб.: Судостроение. – 1998.- 544с.

  6. Макконелл К., Брю С. Экономикс. Т1, -М., 1992.

  7. Самуэльсон П. Экономика Т.1,2. – М.: НТО «АЛГОН» ВНИИСИ,1992.

  8. Хейне П. Экономический образ мышления./ Пер.с англ. – М.: Новости, 1991.

  9. О.Линвуд, Т.Гайгер. Макроэкономическая теория и переходная экономика. – М.: Инфра, 1996.

  10. Лэйард Р. Макроэкономика. Курс лекций для российских читателей.- М.: Джон энд Санз, 1994

«Эконометрика» пәні

Негізгі әдебиеттер:

  1. Доугерти. Введение в эконометрику. – Пер.с англ. М.:ИНФРА-М, 2004.

  2. Тихомиров Н.П., Дорохина Е.Ю. Эконометрика. – М.: Экзамен, 2003.

  3. Эконометрика. Под ред. Елисеевой И.И. – М.: Финансы и статистика, 2005.

  4. Практикум по эконометрике. Под ред. Елисеевой И.И. – М.: Финансы и статистика, 2001.

  5. Мухамедиев Б.М. Эконометрика и эконометрическое прогнозирование. – Алматы: Қазақ университеті. 2007. – 250 с.

  6. Козлов А.Ю., Шишов В.Ф. Пакет анализа MS EXCEL в экономико-статистических расчетах. – М.: ЮНИТИ, 2003.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Сигел Э. Практическая бизнес-статистика. – М. – СПб.- Киев: Вильямс, 2002.

  2. Айвазян С.А., Мхитарян В.С. Прикладная статистика и основы эконометрики. – М.: ЮНИТИ, 1998.

  3. Многомерный статистический анализ в экономике. Под ред. Тамашевича В.Н. – М.: ЮНИТИ, 1999.

  4. Елисеева И.И., Князевский В.С., Ниворожкина Л.И., Морозова З.А. Теория статистики с основами теории вероятностей. – М.: ЮНИТИ, 2001.

  5. Дорохина Е.Ю., Преснякова Л.Ф., Тихомиров Н.П. Сборник задач по эконометрике. – М.: Экзамен, 2003.

«Кәсіпорын экономикасы» пәні

Негізгі әдебиеттер:

  1. Экономика предприятия/под ред. проф. О.И. Волкова и доц. О.В. Девяткина – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Инфра-М, 2006. –928с.

  2. Экономика предприятия/под ред. Беа Ф., Дихтла Э., Швайтцера М. - М.: ИНФРА-М, 2001. – 928с.

  3. Экономика предприятия /под ред. Волкова О.И., Девяткина О.В. – М.: ИНФРА-М, 2002. – 600с.

  4. Экономика предприятия/под ред. Кантора Е.Л. - СПб.: Питер, 2002. – 352с.

  5. Экономика предприятия/под ред. Горфинкеля В.Я., Швандара В.А. - М.: ЮНИТИ, 2001. – 719с.

  6. Экономика предприятия/под ред. Сафронова Н.А. - М.: Юристъ, 2002. – 606с.

  7. www.aup.ru

  8. www.kaznu.kz

  9. www.cfin.r

Қосымша әдебиеттер:

  1. Государственная программа форсированного индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2010-2014 годы, Астана, 2009

  2. Государственная программа развития и поддержки малого предпринимательства в РК на 2007-2009 годы

  3. Паламарчук А.С., Паштова Л.Г. Экономика предприятия. – М.: ИНФРА-М, 2001. – 176 с.

  4. Мокий М.С., Скамай Л.Г., Трубочкина М.И. Экономика предприятия. – М.: ИНФРА-М, 2002. – 264 с.

  5. Скамай Л.Г., Трубочкина М.И. Экономический анализ деятельности фирмы. – М.: ИНФРА-М, 2004

  6. Зайцев Н. Л. Экономика промышленного предприятия. Практикум. — М.: ИНФРА–М, 2001. — 190 с.

  7. Бухалков М.И. Внутрифирменное планирование. - М.: ИНФРА-М, 2001. – 400 с.

  8. Царев В.В. Внутрифирменное планирование. - СПб.: Питер, 2002. – 496 с.

  9. Бердникова Т.Б. Анализ диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2001

  10. Егорова Н.Е., Смулев А.М. Предприятия и банки. – М.: Дело, 2002

  11. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент. - М.: Высш. школа, 2004.

Каталог: content -> files -> pages -> folder9724
folder9724 -> Программа вступительного экзамена по специальности для поступающих в магистратуру по специальности «6M020400 культурология»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «050419 Музей ісі және ескерткіштерді қорғау»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder9724 -> Утверждено на заседании
folder9724 -> «6M070400- бағдарламалық қамтама және есептеуіш техника»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақыраптарының тізімі Пән «Математикалық талдау»
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Химиялық физика» пәні
folder9724 -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі «Химиялық физика» пәні
folder9724 -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет