БАҒдарламасы арал қаласы, 2012 ж. Арал аудандық мәслихатының



жүктеу 1.53 Mb.
бет1/9
Дата01.05.2016
өлшемі1.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
: audan ekime apparat -> memlekettik organyn kyzmeti -> doc
audan ekime apparat -> «бекітемін» Аудан әкімі Н. Мұсабаев
doc -> «Арал ауданы әкімінің аппараты» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары
audan ekime apparat -> Аудан бойынша қала, кент және ауылдық округтерде орнатылған тұрғындардың ұсыныс – пікірлерін жинақтау жәшіктері мен сенім телефондары



АРАЛ АУДАНЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Арал қаласы, 2012 ж.
Арал аудандық мәслихатының

2012 жылғы «19» желтоқсандағы

кезекті ХІ сессиясының №

шешіміне қосымша



МАЗМҰНЫ


1.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ




2.

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА ТАЛДАУ




2.1

Арал ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы




2.2

Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау




2.3

Арал ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама




2.4

Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау




3.

АУДАН ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ




4.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР МЕН НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ







1 Бағыт: Аудан экономикасын дамыту







2 Бағыт: Әлеуметтік даму







3 Бағыт: Инфрақұрылым







4 Бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту. Экология







5 Бағыт: Мемлекеттік қызметтер




5.

ҚАЖЕТТІ ҚАРЖЫ




6.

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ







  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ




Бағдарлама атауы

Арал ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Оны дайындауға

негіздеме

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 Жарлығы

Ауданның негізгі сипаттамасы

Арал ауданының аумағы 5,5 млн га жерді алып жатыр. Ауданда 1 қала, 2 кент, 21 ауылдық округ бар.

Аудан халқы 73,7 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы шақырымға 1,2 адамнан келеді. Әкімшілік орталығы Арал қаласы болып табылады.



Бағыттары

Аудан экономикасын дамыту;

Әлеуметтік даму;

Инфрақұрылым;

Ауылдық аумақтарды дамыту. Экология;

Мемлекеттік қызметтер


Бағдарлама

мақсаттары

Ауданның дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың ахуалын жақсартуды қамтамасыз ету.

Міндеттері

Экономиканың өңдеу саласын дамыту;

Агроөнеркәсіп кешені (одан әрі-АӨК) өнімдері экспорты және өндірісін тұрақты өсіру есебінен ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету;

Инвестициялық қолайлы ахуал құру, қарым-қатынасты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау;

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндірісті жетілдіру және әртараптандыру;

Ауданның инвестициялық жобаларында және тауар, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алуда қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайту;

Мектептегі білім беру деңгейін арттыру;

Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

Бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату;

Әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету және тұрғындардың денсаулығын жақсарту;

Аудан халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және ықпал жасау;

Кедейшілік деңгейін төмендетуге ықпал жасау;

Аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету;

Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету;

Мәдениет саласындағы отандық өнімдердің талап етілу өсіміне жағдай жасау;

Жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы;

Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

Туристік имиджді қалыптастыру және ұсынылатын қызмет сапасын жоғарылату;

Мемлекет және азаматтық қоғам институттарының қарым–қатынастарын және мемлекеттік ақпарат саясатының тиімділігін арттыру;

Елдің даму Стратегиясын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту;

Азаматтық қоғам институттарының елдің стратегиялық дамуына қатысуын кеңейту;

Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

Есірткі бизнесі, нашақорлық және қылмыстармен күрес тиімділігін арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсіздігін қажетті деңгейде қолдау;

Техногенді апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау;

Байланыс және телекоммуникация саласында сапалы қызметпен қамтамасыз ету;

Жол инфрақұрылымын дамыту;

Көлік қызметін дамыту;

Ауданның коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығын дамыту;

Ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Ауданның ауылдық елді мекендерін дамыту;

Экожүйені қайта қалпына келтіруге және сақтау бойынша жағдай жасау;

Орман және орман өндірісін өсіруге жағдай жасау;

Жергілікті атқарушы билік қызметінде тиімділікті арттыру



Іске асыру кезеңі

2011-2015 жж.

Мақсатты

индикаторлар

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2015 жылы 102,8% болады;

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі 100,9%;

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 101,0%;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің нақты көлем индексі 102,5 %;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі 113,0%;

Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлем индексі 80,0%;

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық мазмұн үлесінің ұлғаюы тиісінше 63 және 93 пайызды құрайтын болады;

Халықтың білімнің қолжетімділігі мен сапалылығына қанағаттанушылық деңгейі 47,9%;

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту 75,2%;

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік (14-24 жас) жастағы жастардың үлесі 4,9%;

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 78,0% болады;

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл 69 жасты құрайды;

1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімділікті төмендету 5,5%;

Жұмыссыздық деңгейі 5,2%;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі 5,5%;

Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 56,0%;

Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі 70%;

Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі 100,0%;

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту 25,0%;

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру 55%;

Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі 77,0%;

Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығын болмайды;

Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 100,0%;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 105,0%;

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру 18360 шм;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 62%;

Жүк айналымының көлемі 1300 млн тн ш;

Жолаушылар айналымының көлемі 198 млн ж ш;

Тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапалылығына қанағаттанушылық деңгейі 35%;

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру 70,0%;

Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер саны 2 бірлікке жетеді;

Мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарының көлемі 577150 га болады;

Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі 80% жетеді.


Қаржыландыру көздері

мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық және аудандық бюджет, инвесторлардың дербес қаражаты, қарыздық қаражат.

Қаржыландыру көлемі:

2011 жылы __________млн. теңге

2012 жылы __________млн. теңге

2013 жылы __________ млн. теңге

2014 жылы __________ млн. теңге

2015 жылы __________ млн. теңге

Барлығы: _________ млн. теңге Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджетті бекіткен кезде Қазақстан Республикасының заңдылықтарына орай қаржылық жылға сәйкес нақтыланады.



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙҒА ТАЛДАУ
Ауданның жалпы сипаттамасы.

Арал ауданы солтүстік және солтүстік-батыс жағынан алсақ Ақтөбе облысы Шалқар ауданымен шекаралас болса, солтүстік-шығыс пен оңтүстіктен Қазалы ауданымен, оңтүстік-батыс жағынан Қарақалпақстанмен шекаралас. 80 жылдық тарихы бар Арал ауданының орталығы - Арал қаласы ескі қалалардың бірі.

Аудан аумағы 5,5 млн га жерді алып жатыр. Аудан халқы (2012 жылдың 1 қаңтарына) – 73,7 мың адам немесе облыс халқының 10,4%.

Арал ауданы ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған өлке, бұл оған бәсекелестікте бірегей басымдықтар береді. Аудан халқының 49,0% еңбек етуге қабілетті жаста. Аудан аумағының геологиялық құрылымының ерекшелігі-жер қойнауы табиғи кен байлықтарына бай. Аудан аумағында ас тұзы, кварц топырағы, мұнай-газ және құрылыс материалдары шикізатының мол қоры бар. Осы қазба байлықтарды өндіру бағытында ауданда бірнеше мекеме жұмыс атқаруда, олардың ішінде еңбек етіп жатқан шетелдік кәсіпорындар да жеткілікті.

Аудан аумағы Азия аймағы, Таяу және Орта Шығыс пен Европа мемлекеттері арасын байланыстыратын экономикалық тиімді түйіспе (теміржол және автомобиль) жолдарды қамтиды. Туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені курортты-рекреациялық аймақтар, тарихи-сәулет ескерткіштер бар.
2.1 Арал ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы.
Арал ауданы – облысымыздағы экономикалық тұрақты даму аймағы болып табылады.

Соңғы бірнеше жылда ауданда макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісінің оң динамикасын қамтамасыз ететін қолайлы экономикалық ахуал қалыптасты, сонымен бірге өндірістің өсуімен қоса халық кірісінің ұлғаюына жол берілді.

ҚР Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жылы Арал ауданындағы өндірілген өнім көлемі ағымдағы бағамен 3576,1 млн теңгені құрады.

2009 және 2011 жылдар аралығында ауыл шаруашылық өнімдерінің тұрақты өсуі байқалды. 2009-2011 жылдары ауыл шаруашылығының үлестік салмағының едәуір ұлғаюына қолайлы ауа райы мен қажетті агротехникалық шараларды сапалы жүргізу ықпал етті.

Арал ауданының экономикалық құрылымы алға басушылығы және әртараптандырылғандығымен сипатталады.

Аудан аумағының геологиялық құрылымының ерекшелігі-жер қойнауы табиғи кен байлықтарына (ас тұзы, кварц топырағы, мұнай-газ, құрылыс материалдары) жер асты суларына бай. Оңтүстік Қазақстанда титан өндірумен айналысатын жалғыз кен орны Ақеспе-Солтүтік Арал маңында орналасқан. Арал маңындағы Көкарал аумағындағы мұнайгаз бассейні геологиялық зерттеу жұмыстары жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.

Арал ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған аудан. Соңғы үш жылда «Жан Рос XXI-ғасыр» ӨК-і (органикалық тыңайтқыш), «Жер Ана Групп» ЖШС (ас шаяны), «Аралбалық өнеркәсібі» ЖШС, «Арал» СДО» ЖШС-і (балық өңдеу), «Аралвагон» ЖШС (вагон құрастыру), «Қалует» СТК (шұбат), «Шоқ Су» ЖШС (газдалған су), кіші сыра зауыты (сыра), орталық аурухана жанынан «емдік балшық және шипалы сумен емдеу» бөлімшесі ашылды.

2009 жылы ауданның экономикалық белсенділік деңгейі 49,0% құрады. 2011 жылы экономикалық белсенді халық саны 35,2 мың адамды қамтыды


2.2. Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

Өнеркәсіп.

Арал ауданының 2009-2011 жылдардағы жалпы өнім көлемі көрсеткіштері




Көрсеткіштер атауы

2009

2010

2011

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, (млн. теңге)

1 950,8

2 693,4

3 576,1

Кен өндіру өнеркәсібі (мың теңге)

482 086

635 158

729 902

Өңдеу өнеркәсібі (мың теңге)

880 474

1 454 552

2 330 366

Тамақ өнімдерін өндіру (мың теңге)

267 336

720 823

908 843

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау (мың теңге)

305590

320564

191045

Сумен жабдықтау

588 245

320 564

324755

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі негізінен «Аралтұз» АҚ-на және «Қамқор Локомотив» ЖШС-і филиалы Сексеуіл локомотив жөндеу депосы үлесінде.


Агроөндірістік кешен.

2008-2011 жылдары ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі ауа-райы жағдайларына байланысты өзгеріп отырды. Өндіріс көлемі игерілуінің негізгі факторлары-егістік алқаптарын кеңейту, ауылшаруашылық жануарларының санын көбейту.


Ауылшаруашылық өнімдері өндірісінің құрылымы

пайызбен



Көрсеткіштің аты

2008

2009

2010

2011

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ - барлығы

100,0

100,0

100,0

100

соның ішінде:













Егіншілік шаруашылығы

2,9

16,9

17,0

3,1

Мал шаруашылығы

97,1

83,1

83,0

96,9

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің жалпы көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 14 пайызға көбейді және 2012,8 млн. теңгені құрады, соның ішінде егіншілік шаруашылығында – 61,3 млн. теңге, мал шаруашылығында – 1951,5 млн. теңге.


Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі


Көрсеткіштің аты

2008

2009

2010

2011

Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі, млн. теңге

1178,6

1764,5

2007,0

2012,8


Өткен жылы, %:

103,4

101,6

113,7

100,3

Соның ішінде:













Егіншілік шаруашылығы, млн. теңге

34,3

298,4

341,0

61,3

Өткен жылы, %

113,7

70,6

114,3

80,3

Малшаруашылығы, млн. теңге

1144,3

1466,1

1666,0

1951,5

Өткен жылы, %

103,2

102,4

113,4

101,0

Өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің 96,9 % мал шаруашылығының үлесіне келеді. Салада ауылшаруашылығы малының тұрақты өсу қарқыны мен өнім өндірісінің көлемі сақталып келеді.

Шаруашылықтың барлық категорияларында малдың басы көбейді. 2011 жылды 2009 жылмен салыстырғанда ірі қараның басы 4,7 %, қой мен ешкі 3,9 %, жылқы 3,9 %, түйе 3,9 %, құс 2,3 %, өсті.
Мал шаруашылығы саласының даму көрсеткіштері


Аты

Өлшем бірлігі

2008 ж.


2009 ж.

2010 ж

2011 ж


2011 ж/

2008ж


Мал мен құстың басы




Ірі қара мал

мың.бас

37,9

38,1

39,1

39,9

104,7

Соның ішінде сиырлар

мың. бас

16,5

15,8

15,8

15,9

100,6


Қой мен ешкі

мың.бас

120,7

121,5

124,6

126,2

103,9

Жылқы

мың.бас

15,5

15,5

15,9

16,1

103,9

Түйе

мың.бас

17,8

18,1

18,5

18,8

103,9

Құс

мың.бас

4,1

4,3

4,4

4,4

102,3

Өндірілген өнім

Ет тапсыру (тірі салмақта)

мың.тонна

3,6

3,7

3,7

3,73

100,8


Сүт

мың.тонна

8,4

8,7

8,8

8,9

101,1

Жұмыртқа

мың.дана

201,0

187,0

164,0

157,0

83,9

Саладағы бәсекелестікке қабілеттілікті көтеру бойынша елеулі жұмыстар асыл тұқымды мал шаруашылықтары есебінен жүргізіледі. 2011 жылы асыл тұқымды мал саны: ірі қара – 729 бас, қой – 741 бас, жылқы – 1956 бас, түйе – 1007 бас болды. Ауданда 5 асыл тұқымды субьектлер жұмыс істейді, оның ішінде ірі қара бойынша – 1, қой бойынша – 1, жылқы бойынша – 3, түйе бойынша – 1 (Құланды ЖШС-інде асыл тұқымды жылқы және түйе бар). Аудан бойынша асыл тұқымды малдың үлес салмағы: ірі қара – 1,8 %, қой – 1,0 %, жылқы – 12,1 %, түйе – 5,3 %

Аудан бойынша барлық ауылшаруашылық малының 85,4 % жеке меншікте, 2,2 % мал – ауылшаруашылық кәсіпорындарында және 12,4 % - фермерлік шаруашылықтарда. Бұл жағдай селекция жетістіктерін, малды қоректендіру мен алдыңғы технологияларды пайдалануды қиындатады.

Егіншілік шаруашылығында картоп, көкөніс өнімдерінен гектарына алынған өнімнің өскендігі байқалады.

Егіншілік шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемі


Аты

Өлшем бірлігі

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

Жалпы өнім жинау




Бақша

тонна

886

1065

1326,5

1134,0

Картоп

тонна

149

190

234

141,6

Көкөністер

тонна

106

213

275,5

211,7

Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі




Бақша

центнер/гектар

104,2

106,5

107

107

Картоп

центнер/гектар

74,5

77,3

78

78,7

Көкөністер

центнер/гектар

70,8

72,2

72,5

73



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет