БАҒдарламасы «Ақша,несие, банктер»



жүктеу 271.5 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі271.5 Kb.
түріБағдарламасы
: attachments
attachments -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
attachments -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
attachments -> «атф и ее роль в клетке. Ферменты» Карагулян Олеся Владимировна
attachments -> Программа дисциплины «Западноевропейское искусство и дизайн (XX-XXI век)»
attachments -> Тәуелсіз эксперттердің филиалдар, өкілдіктер тізімі
attachments -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
6М050900- «Қаржы» мамандығы бойынша

магистратураға қабылдау емтихандарының



БАҒДАРЛАМАСЫ

«Ақша,несие, банктер» пәні

Ақша түсінігі және оның пайда болуының ақшаның пайда болу табиғаты бойынша рационалистік және эволюционистік теориялары. Ақшаның тауарлы табиғаты. Тауардың қарама– қайшылықтары және құн формаларының дамуы. Құнның салыстырмалы және эквиваленттік формасы - құнның екі қарама-жақтары.Эквиваленттік құн формасының ерекшеліктері. Ақша жалпылама құн эквиваленті ретінде. Ақша тауарының спецификасы. Акшаның тарихи, қоғамдық және экономикалық категория ретіндегі жаратылысы туралы.

Ақшаның қызметтері және олардың ерекшеліктері. Ақша құн өлшемі кұралы ретінде және баға масштабы. Баға – құнның ақшалай көрінісі. Құн заңы және оның орындалуы.

Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналысы заңы. Шаруашылық айналымының ақшаға деген қажеттілігін бағалау. Ақша айналысының тұрактылығының негізі. Акшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Төлем айналымы және оны ұйымдастырудың негізгі заңдылықтары. Ақшаның қор жинау немесе қазына жасау ретіндегі қызметі. Қоғамда қор және қазына жасаудың негізгі формалары және олардың перспективалары.

Ақшаның дүниежүзілік қызметі.Ақшаның дүниежүзілік формаларының дамуы. Дүниежүзілік ақшаның құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор жинау құралы ретіндегі қызметтері. ¥лттық валюталарды және халықаралық есеп бірліктерін дүниежүзілік ақша қызметінде қолдану. Алтынның қазіргі кездегі рөлі.

Ақша айналымы,ақша айналысы және ақша жүйесі

Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік. Қызмет көрсетуші ақша формалары: толық құнды, толық - қағаз және несие ақшалары. Қолма-қол және қолма-қол ақшалар айналысы. Акшаның және төлем құралдарының түрлері. Ақша айналысының эволюциясы. Металл ақша айналысы. Қағаз ақша айналысы. Электронды төлем құралдары. Ақша базасы, ақша массасы, ақша агрегаттары. Ақша айналысы заңы. Ақша жүйесі, оның элементтері мен негізгі типтері.

Инфляция.Инфляцияның себептері. Инфляцияның элеуметтік-экономикалық салдарлары және мемлекет тарапынан оған қарсы күрес әдістері.

Ақша реформалары

Ақша дағдарыстары. Ақша реформаларының тарихи мағынасы. КСРО-дағы 1922 - 1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдері.

КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы маңызы. 1961 жылғы КСРО-дағы баға масштабының өзгеруі. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және оның қажеттілігі мен жүргізілу ерекшеліктері.

Қарыз капиталы, пайыз және несие

Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы. Тауар өндірісі және коғамдық ұдайы өндіріс - несие қатынастарында дамуының негізі. Несиенің қажет ететін негізгі жэне айналмалы қорлардың (капитал) айналым зандылықтары. Қарыз капиталын - құру көздері. Біздің елемезде қарыз қорын қүрудағы ерекшеліктері. Экономикалық категория ретіндегі несиенің мәні мен оның сипаттамасы.

Қарыз капиталы және қарыз қорларының (несие ресурстары) сипаттамалары және олардың арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер. Қарыз капиталының және несие ресурстарының нарығы. Қарыз пайызының (қарыз проценті) экономикалық мәні. Тауарлы өндіріс және несие қатынастары – қарыз пайызының дамуының негізі.Қарыз пайызы бойыншы қарым-қатынастарындағы субъектілер. Пайыз нормасын анықтайтын факторлар. Пайыз мөлшерлемелері, түрлері және олардың ерекшеліктері. Пайыз төлеу көздерінің қарыз алушылар мен қарыз берушілер арасындағы қарым-қатынастарға байланыстылығы.

Несие қызметтері. Несиенің қайта бөлу қызметі. Уақытша бос ақша қаражаттарын қайта бөлу механизмі. Нағыз ақшаларды несиелік ақшалар және операциялармен алмастару әрі айналыс шығындарын үнемдеу қызметі. Несие формалары.Банк несиесі – ең кең дамыған несие формасы. Банк несиесінің түрлері, олардың біздің еліміздегі және шетелдердегі даму ерекшеліктері. Коммерциялық несие және оның мәні, ерекшеліктері. Тұтыну несиесі, оның түрлері және әр елдердегі даму ерекшеліктері. Мемлекеттік несие.Халықаралық несие.



Несие және банк жүйесі. Несие мекемелерінің түрлері

Несие жүйесі туралы ұғым, оның қызмет ету шарттары.Несие жүйесінің құрылымы және негізгі элементтері. Несие мекемелерінің түрлері:банктік және банктік емес несие – қаржы институттары. Банк мекемелерінің түрлері. Эмиссиялық банктер және олардың түрлері мен құқықтық формалары. Эмиссиялық емес банктер:әмбебап және операциялардың кейбір түрлеріне маманданған банктер. Маманданған несие – қаржы институттары және олардың типтері мен қызмет көрсету ерекшеліктері. Факторингтік, лизингтік, брокерлік, қаржылық компаниялар, ломбардтар, клирингтік палаталар және т.б. Олардың ұйымдастыру және қызмет ету ерекшеліктері. Басқа елдердегі арнайы несие – қаржы мекемелерінің түрлері. Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оның құрамдас элементтері, қызметтері, әр экономикадағы рөлі. Банк жүйесінің типтері.

Екі деңгейлі банк жүйесі. Екі деңгейлі банк жүйесінің қызмет ету механизмі мен құрылымы. Жоғары және екінші деңгейлі банктердің қызмет етуін ұйымдастырудағы өзіндік ерекшеліктері Қазақстандағы екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасу және даму ерекшеліктері. Шетелдердегі банк жүйелерінің қызмет ету ерекшеліктері.

Мемлекеттің Орталық банкісі, оның қалыптасуы және дамуы

Орталық эмиссиялық банктердің пайда болуы, түрлері және мемлекет экономикасындағы рөлі. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Қазаққстан Республикасы 1995ж. 30 наурыздағы заңы. Қазақстан Республикасының Орталық банкісі – Ұлттық банк ҚР Президентіне ғана есеп беру құқығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің құрылымы, статусы. Қазақстан Ұлттық банкісінің негізгі мақсаттары және міндеттері. Қазақс- тан Республикасында баға тұрақтылығын қамтасыз ету. Мемлекеттік ақша – несие саясатын жасау және оны жүйелі Валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге алатын Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.Ұлттық банктің капиталы, резервтері және табысы. Ұлттық банктің басқару органдарын құру тәртібі. Ұлттық банктің жоғары органдарын құру ерекшеліктері.



Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің функциялары мен операциялары

Ақша – несие саясатының түрлері: рестрикциялық, экспансиондық, деф- ляциялық және селективтік.Ұлттық банктің ақша – несие саясаты. Ақша айналымын басқару.Ресми қайта қаржыландыру мөлшермелемесін бекіту. Ақша – несие саясаты- ның істегі операцияларының түрлері. Минималды резервтік талаптардың нормативтерін бекіту. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату. Ақша – несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшермеле- рін бекіту. Сыйақы мөлшермелерін бекіту. Банктердің қарыз алулары- ның жалпы көлемін реттеу. Валюталық интервенцияларды жүргізу. Де- позиттік саясат.Ұлттық банк – “банктердің банкісі ”. Ұлттық банк – Үкіметтің бас банки- рі, қаржылық кеңесшісі және агенті ретінде. Ұлттық банктің бақылаушылық және қадағалаушылық функциялары.



Коммерциялық банктер, олардың қызметтері мен іс-әрекетін ұйымдастыру.

Коммерциялық банктердің құқықтық негіздері “Қазақстан Республика- сындағы банктер және банктердің қызметі туралы” 1995 ж. 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы. Банктердің негізгі қызметтері. Банк- тің іс-әрекетін қалыптастыру, қайта ұйымдастыру және оны тоқтату тәртібі. Банктік лицензия түсінігі. Банктердің банкротқа ұшырауы бары- сындағы қолданылатын іс-қимылдары.



Банктердің актив және пассив операциялары

Банктердің актив және пассив операцияларының сипаттамасы. Пассив операциялары. Банктердің өз қаражатын құру әдістері. Банктердің өз қа- ражатының және тартылған қаражатының құрылымы. Депозит деген ұғым және оның түрлері.

Банктердің актив операциялары. Несиелік операциялар. “Несиелік желі” түсінігі, қозғалмайтын мүліктерді кенілдеп берілетін ссудалар.Вексель- дер және басқа бағалы қағаздармен операциялар. Инвестициялық, факто- рингтік, лизингтік, консорциялық операциялар. Банктердің комиссиялық – делдалдық және сенім операциялары. Банктер интерактивті бизнесте.

Банктің пайдасы. Банк пайдасын қалыптастыру көздері, құру әдістері мен оның құрылымы. Коммерциялық банктер табыстары мен шығыс- тары деңгейіне әсер етуші фактор банктердің өтімділігі және оны анық- тайтын факторлар.



Банк практикасындағы тәуекелдер

Банк практикасындағы тәуекелдер және олардың жіктелуі. Несиелік, валюталық, өсімақы тәуекелдері. Баланстанбаған өтімді нарық конъ- ютурасының өзгеруі, экономикалық, саяси және табиғи апаттары тәуе- келдері әр-түрлі тәуекелдерге сақтану жолдары. Олардың қысқаша си- паттамасы және іске асыру тәртіптері.


Бағалы қағаздар нарығы

Бағалы қағаздар және олардың түрлері: акциялар, облигациялар, мемле- кеттік қазыналық міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексель. Баға- лы қағаздар эмиссиясының тәртібі. Бағалы қағаздар шығару және айналысқа түсіру тәртібі.Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы жылдың 2 шілде- сіндегі “ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңы.



Қор биржасы

Қор биржасының пайда болуы мен дамуы. Дамыған нарықтық елдердегі қор биржаларын басқару мен ұйымдастыру. Қазақстан Республикасын- дағы қор биржаларының қызметі мен мақсаты. Қор биржасы мүшеле- рінің міндеттері мен құқықтары. Биржалық мәмілелер. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар. Оның кәсіби мамандары: бро- керлер мен диллердің қызметі. Бағалы қағаздар нарығының институцио- налды инвесторлары.



Халықаралық валюталық – несиелік қатынастар. Валюта жүйесі және валюталық қатынастар түсінігі

Валюта жүйесін ұйымдастыру формалары: ұлттық, аймақтық (халықара- лық), дүниежүзілік. Валюта жүйесінің элементтері. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму көздері: 1867 ж. Париж конферен- циясы, 1992 ж. Генуя, 1994ж. Бреттон – Вудс, 1976 ж. Ямайка конферен- циялары. Төлем балансы және оның құрылымы. Есеп айырысу балансы және оның төлем балансынан айырмашылығы. Төлем балансына әсер етуші фактор- лар : инфляция, халықаралық саудадағы өзгерістер. Валюта курсы туралы түсінік. Шетел валютасымен несиелеу мен есеп айырысу, оларды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Валютамен халықара- лық есеп айырысудың жүргізудің тәртібі. Валюта саясаты және банктің валюта – қаржы портфелінің басқару. 2005 жылдың 13 көкегіндегі Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Заңы.



Халықаралық валюталық – несиелік институттар

Халықаралық валюта қоры(ХВҚ – МФВ) және оның халықаралық қатынастарда алатын орны мен қызметі. Әлемдік банк тобы, оның құрылым бөліктері: халықаралық қаржы кор- порациясы (ХҚК – МФК), халықаралық даму ассоциациясы (ХДА – МАР), Инвестициялардың кепілдігі жөніндегі жақты агенттік (ҚЖКА – МАГИ), халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚКДБ – МБРРР). Әлемдік банктің (ХҚКДБ) міндеті мен мақсаты және құрылымдық ұйым- дастырылуы мен басқарылуы.Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚКДБ) мақсаты мен қызметі.Азиялық даму банкі (АзДБ – АзБР), оның міндеті мен қызметтері.Халықаралық қаржы – несие институттарымен Қазақстан Республикасы- ның қарым – қатынастарының қалыптасуы.


Негізгі әдебиеттер

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы Қазақстан Президентінің 1993 жылдың 12 қарашадағы жарлығы.



  1. “Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы.

  2. “Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкі туралы” ҚР-сы Президентінің заң күші бар. 1995ж. 30 науырыздағы жарлығы

  3. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР Президентінің күші бар 1995 ж. 31 тамыздағы жарлығы.

  4. “Төлемдер мен ақша аудару туралы” ҚР-ның 1998 29 маусымдағы Заңы.

  5. “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” ҚР-ның 1997 28 сәуірдегі Заңы

  6. “Бағалы қағаздар нарығы туралы” 2003ж. 2 шілдедегі Заңы

  7. “Валюталық реттеу және валюталық қадағалау туралы” 1998 ж. 13 маусымдағы ҚР Заңы.

  8. “Ұлттық валютаның айырбас бағамының саясаты туралы 1998 ж. Сәуірдегі ҚР – сы үкіметінің 360 қаулысы.

  9. “Үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру концепциясы және ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуы туралы” 2000 ж. 18 тамыздағы ҚР – сы үкіметінің 1290 қаулысы.

«Қаржы» пәні

Қаржының мәні, қызметтері.Қаржылар түсінігі.Қаржылық қатнастардың дамуы.Қаржының қызметтері.Құндық экономикалық категориялардың өзара қозғалысы мен өзара байланысы. Қаржылық саясат және қаржылық механизм.Қаржылық саясаттың мазмұны, міндеттері, мақсаты және принциптері.Қаржы механизмінің мазмұны және құрылымы.

.Қаржыларды басқаруды ұйымдастыру. Қаржыларды басқарудың түсінігі.Қазақстан Республикасында қаржыларды басқаруды ұйымдастыру.Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйелері.

.Қаржылық жоспарлау және болжау.Қаржылық жоспарлау және болжаудың мәні.Қаржылық жоспарлар жүйесі.Қаржылық көрсеткіштер.

Қаржылық бақылау.Қаржылық бақылаудың мәні, мағынасы және сыныптамасы.Қаржылық басқарудың әдістері.Қаржылық басқаруды ұйымдастыру.Шаруашылық субьектілерінің қызмет ету негіздері.Шаруашылық субьектілерінің сыныптамасы.Коммерциялық бастамада іс жүргізетін шаруашылық субьектілерінің ұйымдық-құқықтық формалар. Коммерциялық бастамада іс жүргізетін шаруашылық субьектілерінің қаржылары.Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық қорлары.Кәсіпорынның өндірістік қорлары.Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері.Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржылары.Коммерциялық емес қызметтегі ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздері.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығындары. Мемлекеттік экономикалық қызметі.Мемлекеттік экономикалық қызметі.Қоғамдық тауарлар, игіліктер және оның құрамы. Мемлекеттік қаржылар түсінігі және оның құрамы. Мемлекеттік кірістер.Мемлекеттік кірістердің мәні.Мемлекеттік кірістер.Мемлекеттік кірістердің сыныптамасы.Салықтар және салықтардың жүйесін ұйымдастыру.Салықтар түсінігі және әлеуметтік- экономикалық мәні.Салық жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы салық түрлері.Қазақстан Республикасындағы салық режимдері.Қазақстан Республикасындағы алымдар, баждар және төлем ақылар.Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшілік. Мемлекеттік шығындар.Мемлекеттік шығындардың мәні.Мемлекеттік шығындардың сыныптамасы.Қазақстан Республика-сындағы мемлекеттік шығындардың құрылымы. .Мемлекеттік бюджет.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және рөлі.Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы.Бюджнт балансы. Бюджет тапшылығы. Бюджет тапшылығын қаржыландыру.Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджет құрылысы.Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесс.

Жергілікті қаржыларды ұйымдастыру.Жергілікті қаржылардың мәні және маңызы.Жергілікті бюджеттің кірістері.Арнайы экономикалық аймақтар қаржылары.. Бюджеттен тыс қорлар. Бюджеттен тыс қорлардың мәні.Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың ерекшелігі.Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз.Мемлекеттік несие мәні.Мемлекеттік несиенің формалары мен әдістері.Мемлекеттік қарыздың мәні.Мемлекеттік қарызды басқару.Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардаптары. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз.Мемлекеттік несие мәні.Мемлекеттік несиенің формалары мен әдістері.Мемлекеттік қарыздың мәні.Мемлекеттік қарызды басқару.Мемлекеттік қарыздың экономикалық зардаптары. Сақтандыру.Сақтандыру түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні.Қазақстан Республикасындағы сақтандыру сыныптамасы.Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының дамуы.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі және оның сыныптамасы.Макроэкономикалық тепе-теңдік.Фискальдық саясат.Нарықтың тепе-теңдікке салықтардың әсері.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі және оның сыныптамасы.Макроэкономикалық тепе-теңдік.Фискальдық саясат.Нарықтың тепе-теңдікке салықтардың әсері.

Қаржы нарығы.Қаржы нарығы туралы түсінік.Бағалы қағаздар нарығы олардың түрлері.Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар.Қор биржасы. Қаржы нарығы.Қаржы нарығы туралы түсінік.Бағалы қағаздар нарығы олардың түрлері.Бағалы қағаздарды эмиссиялау. Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар.Қор биржасы. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар.

Сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыттары.Сыртқы экономикалық қызметті реттеу формалары мен әдістері.Мемлекеттік және кәсіпорынның валюталық ресурстарының қалыптасуы мен қолдануы.

Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар. Сыртқы экономикалық қызмет және оның даму бағыттары.Сыртқы экономикалық қызметті реттеу формалары мен әдістері.Мемлекеттік және кәсіпорынның валюталық ресурстарының қалыптасуы мен қолдануы. Қаржылар және инфляция. Инфляция табиғаты және оның қаржылармен өзара байланысы.Қаржылар және инфляция. Инфляция табиғаты және оның қаржылармен өзара байланысы.


1. Қаржы. Оқулық/ С. Құлпыбаев Алматы, 2007 ж

2.Ақша, несие банктер. Оқулық. / Ғ.С. Сейтқасымов, Алматы Экономика, 2001.

3.Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.

4. Қазақстан Республикасының заңдары



  1. Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005.

  2. Мельников В. Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: ФинЭко, 2001.

  3. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы. Учебник для вузов. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005.

  4. Финансы. Учебник для вузов. Под ред. М:В: Романовского и др. – М.: Перспектива. «Юнити», 2002.

  5. Финансы. Под ред. А.Г. Грязновой, Е.В. Маркиной. – М.: Финансы и статистика, 2004.

  6. Финансовый бизнес-план. Учебн. пособие под ред. В. М. Попова, Росс. экон. академия им. Плеханова. – М.: Финансы и статистика, 2000.

  7. Вавилов Ю. Я. Государственный кредит. Учебн. пос.для вузов. –М.: Финансы и Финансовое право. Учебник / Отв. Ред. Н.И. Химичева. – М.: Юристъ, 1999.

  8. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. Учебник. – М.: Изд. дом «Дашков и К», 2000.

13. Большаков С.В. Финансовая политика государства и предприятия. Курс лекций. – М.: Книжный мир. 2002.


Банк ісі пәні

Банк ресурстарының құрылымы “Банк ресурстары” терминінің түсінігі. Банк ресурстарының құрылымы.Банктің меншікті капиталы. Жарғылық капитал. Резервтік капитал. Қосымша капиталдар. Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер). Бөлінбеген банк пайдасы. Арнайы қорлар. Депозит. Депозиттік қаражаттар. Депозиттік емес қаражаттар. Талап етілетін депозиттер. Мерзімді депозиттер. Жинақ салымдары. Депозиттік сертификат. Жинақ сертификаты. Банкаралық несие. Овернайт. Күндізгі заем.

Банк активтерінің құрамы мен сапасы Банк активтері. Касса және оған теңесетңн ақшалай қаражаттар. Берілген несиелер. Бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар. Жоғары өтімді активтер. Өтімді активтер. Ұзақ мерзімді өтімді активтер. Касса. Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар. Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары. Коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар. Екінші реттегі резервтер.

Вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар. Талап етілетін (онкольдық) несиелер. Бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер. Банктік несиелік портфель. Инвестициялық портфель. Активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелінген. Провизиялар. Жалпы провизиялар. Арнайы провизиялар.

Банктің есеп-айырысу кассалық операциялары . Банктің инвестициялық қызметі Несиелік операцияларды ұйымдастыру Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру Жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру . Банктің қарызды қайтаруды қамтамасыз ету үлгілері . Банктің лизинг, траст, факторинг және форфейтинг операциялары .Банктің Банктік қадағалау. Валюталық операциялар және валюталық тәуекелді басқару. Банктік тәуекелдерді басқару. Банктің өтімділігін және төлем қабілетін басқару

Негізгі әдебиеттер


  1. Мақыш С.Б., Ілиясов А.Ә Банк ісі. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті 2004

  2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.

3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердiң операциялары. Оқу құралы. Алматы. Издат- маркет. 2004

4.Банковское дело Под ред. Г.С. Сейткасымова // Алматы “Қаржы-Қаражат” 1998.

5. Банковское дело Под ред. О.И. Лаврушина // Москва “Финансы и стататистика” 2004

6.Панова Г. С. Кредитная политика коммерческого банка. – М. ИКЦ ДИС, 1997.

7.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред. В. Платонова, М. Хиггниса. - М.: “Консалтбанкир”, 1998.

8.Банки и банковские операции / Под ред. Е.Ф. Жукова. - М., 1997.

9.Брокеры и регистраторы на рынке ценных бумаг. Учебное пособие Алматы. “ИРБИС“,2000.

10.Хамитов Н.Н. Банковский надзор и его эффективность. Алматы. 2001.

11.Гвоздев Б.З. Факторинг. – М. : Ассоциация авторов и издателей “ТАНДЕМ”. Изд. ЭКМОС, 2000.

«Қаржы менеджменті» пәніні

. Қаржымен басқарудың әдістері. Есеп айрысудың жүйелері мен нышандары. Несие беру жүйесі мен нышандары. Қаржылық несие беру бағыттары. Банк аралық несие мен жеделдік қарыз.Депозит.сақтандыру және хеджирлеу.Қаржымен басқару функциясындағы кепілдік және ипотека әдісі.Қаржы қаражатты кепілге бері әдісі. Трансферт. Факторинг. Трастық операциялар.Жалға беру. Лизинг.Инжиниринг.

Ақпараттық база көрсеткіштерінің құрамы. Ақпараттық база көрсеткіштерінің құрамы. Елдің жалпы экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер. Кәсіпорынды салаға қатысты сипаттайтын ақпараттық көрсеткіштер. Қаржы нарығының конюктурасын сипаттайтын көрсеткіштер. Кәсіпорынның ішкі ақпараттық көздері арқылы қалыптасатын көрсеткіштер.

Тәуекел және табыстылықТәуекелді анықтау және өлшеу. Нарықтық тәуекелді талдау. Корпорациялық тәуекелдердің тұрпаттарын анықтау және өлшеу. Сақтандыру негіздері. Мүлік шығындарының тәуекелділікке ұшырауы. Қаржылық шығындардың тәуекелділікке ұшырауы. Қаржылық тәуекелді басқарудың мәні. Қаржылық тәуекелді басқарудың негізгі фазалары. Тәуекел менеджменті. Тәуекелді капитал. Қаржылық тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтері. Қаржылық тәуекелді түрлері мен әдістері. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруінен болатын тәуекел. Міндемелерді орындау үшін қолма қол ақша мен қысқа мерзімді активтердің жетіспушілігінен болатын тәуекел.

Активтер портфелін басқару. Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау.Капитал рыногының сызығы. Бағалы қағаздар рыногының сызығы. Баламалы теориялар. Баға белгілеу төрелігі теориясы. Тәуекелділік құн. Фирманың ағымдағы шығындарын басқару. Шығындардың жіктелуі. Заласыздықты талдау, заласыздық графигі. Заласыздық нүктесін сату бірлігіндегі және ақша түрінде есептеу. Заласыздық нүктесі.

Қапитал және дивиденттік саясатты басқару.

Қаржылық ресурстардың шығу көздері туралы түсініктер. Қаржылық тұтқалар. Актив, пассив. Табыс және пайдамен олардың бөлінуі. Пайда кәсіпкерлік табыс. Пайданың өнімді сату мен қызмет көрсетуге сай баланстық және жалпылық таза түрлерінің қалыптасуының схемасы. Бөлек өткізілген өнімнен және өткізілуден тыс өнімнен түскен пайда. Салық салынатын және таза пайданың қалыптасуы мен бөлінуі. Амортизация туралы түсініктер. Амортизацияны есептеу әдістері.

Капиталдың құны. Капитал мен табысты дисконттау. Капиталды Ұлғайтудың қаржылық әдістері. Дивиденттер және дивиденттік саясат. Дивиденттік саясаттың маңызы, түрлері және факторлар. Дивидентті есептеу және төлеудің нысандарымен тәртібі. Ақша қаражаттарын басқаруАқша қаражаттарын басқарудың мақсаты. Ақша айналымын ұйымдастыру. Қолма-қолсыз ақша. Ақшаның қаржылық айналымы. Кәсіпорынның өндірістік қаржы үғымы, оның міндеттері мен қызметтері.Ақшаның несиелік айналымы. Ақша айналымының түрлері. Қолма-қолсыз есеп айрылысудың негізгі нысандары. Қысқа мерзімді банктік кредиттер. Ақшаның уақытша құнының принциптері. Бизнестің алтын «ережесінің» мазмұны. Қаржылық тәжірбиеде кездесетін ақша ағының үш түрі. Ақша ағының сандық сипаттамасы. Тиімді пайыздық ставканың қолданылуы. Қаржылық операциялардағы ақша ағынындағы аннуитета

Инвестициялық жобаларды талдау әдістері.

Өндірістік бағдарламалар, жедел және ағымдағы жоспарлар. Бизнес жоспардың қаржы бөлімінің мақсаты. Қаржылық жоспардың құрамына кіретін құжаттардың сипаттамасы.Ағымдағы қаржылық жоспардың айырмашылығы. Қаржылық стратегияның қажетілігі.Айналым активтері және қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару.Қысқа мерзімді қаржыландыру көздері. Қысқа мерзімді қаржыландырудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Қысқа мерзімді кредиттерді қамтамасыз ету. Босалқы қорларды басқару.Босалқы қорларды басқарудың мақсаты. Босалқы қорларды басқару процессінде қабылданатын шешімдер. Босалқы қорларды талдау және есебін жүргізу. Дебиторлық борыштарды басқару. Кредиттік саясат. Дебиторлармен жұмыс жүргізу саясаты.
Әдебиеттер

1. Қаржы. Оқулық/ С. Құлпыбаев Алматы, 2007 ж

2.Ақша, несие банктер. Оқулық. / Ғ.С. Сейтқасымов, Алматы Экономика, 2001.

3.Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.

4. Қазақстан Республикасының заңдары


  1. Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005.

  2. Мельников В. Д., Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: ФинЭко, 2001.

  3. Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы. Учебник для вузов. – Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005.

  4. Финансы. Учебник для вузов. Под ред. М:В: Романовского и др. – М.: Перспектива. «Юнити», 2002.

  5. Финансы. Под ред. А.Г. Грязновой, Е.В. Маркиной. – М.: Финансы и статистика, 2004.

  6. Финансовый бизнес-план. Учебн. пособие под ред. В. М. Попова, Росс. экон. академия им. Плеханова. – М.: Финансы и статистика, 2000.

  7. Вавилов Ю. Я. Государственный кредит. Учебн. пос.для вузов. –М.: Финансы и Финансовое право. Учебник / Отв. Ред. Н.И. Химичева. – М.: Юристъ, 1999.

  8. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. Учебник. – М.: Изд. дом «Дашков и К», 2000

  9. 13. Большаков С.В. Финансовая политика государства и предприятия. Курс лекций. – М.: Книжный мир. 2002.


Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру» пәні

Инвестицияның мәні экономикадағы мазмұны. Инвестициялық қызмет ұғымы, субъектісі мен объектісі. Инвестицяи түрлері. Инвестициялық портфель. Инвестициялық жобалар. Инвестициялық жобаның мәні, инвестициялық цикл. Жобалардың типтері. Техникоэкономикалық негіздеме. Бизнес-жоспар. Қаржылық салымдар. Қаржылық салым көздері. Бағалы қағаздар. Қор биржасы. Инвестициялық қаржыландыру көздері. Инвестициялық институттар. Меншік капиталы бойынша қаржыландыру көздері.Капиталдық құрылыс. Капиталды құрылыс - өндірістік процесс. Капиталдық салымдардың ұдайы өндірістік құрылымы.ҚР инвестицялық климат және саясат. Инвестициялық климаттың факторлары. Инвестиция тарту. Инвестициялық саясаттың міндеттері мен бағыттары. Инвестициялық саясатты жүзеге асыратын институттар. Инвестициялық саясатты жүзеге асыру механизмдер. ҚР шетел инвестициялары. Шетел инвестицияларының көлемі мен құрылымы. Тікелей шетел инвестицияларының елдік құрылымы. Тікелей шетел инвестицияларының салалық және аймақтық құрылымы.

Инвестициялық тәуекелдер және төмендету жолдары. Тәуекел түсінігі мен түрлері. Тәуекелді төмендету жолдары. Сақтандыру стратегиясы.

Инвестицияны қолдану деңгейі бойынша талдау. Инвестициялық жобаны талдау түсінігі. Инвестициялық жобаны талдау түрлері. Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалау. Инвестициялық жобалар тиімділігін анықтау және бағалау мәні, маңызы. Инвестициялық жобаларды салыстыру көрсеткіштері. Тиімділік көрсеткіштері және оларға әсер ететін факторлар. Жылжымайтын мүлік рыногы.Жылжымайтын мүлік рыногы құрылымы. Жылжымайтын мүлік рыногына әсер ететін факторлар.Жылжымайтын мүлік рыногының қатысушылары. Жылжымайтын мүлікті бағалау әдістері. Шығындық әдіс сатылары. Рыноктық әдісті жізеге асыру жолдары. Табыстық әдіс – нормалары. Инвестициялық сферадағы несие беруді ұйымдастыру.Банктің несиелік саясаты.арыз алушының несие қабілеттілігін талдау. Несиелік шарт жасау оны орындау. Несиелік шарт міндеттемелерінің маңызы.Несиелік шартта қарастырылатын негізгі пункттер



Несиені қайтаруды қамтамасыз ету жолдары. Несиені қайтару формасының жолдары.Мүлік және құқық кепілі. Жауапкершілікті сақтандыру жолдары

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен

  2. М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финансирования.»//Москва 1999 год//

  3. Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2006 г,

  4. Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент” Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год.

  5. Бочаров В.В. “Управление денежным оборотом предприятий и корпораций. Москва Финансы и статистика 2001.г.

  6. Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.

  7. Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.

  8. Интернет сайт WWW.WFIN.KZ

  9. Косжанов.Т.Н. “Промышленная и инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,

  10. Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006 г.

  11. Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г

  12. Ковалев В.В. Финансовый анализ Алматы Финансы и статистика. 2004 год.

  13. Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар

  14. Маулимбердина С.Т. “Рынок ценных бумаг” вводенме в проблему. //Саясат, 10-11,2006 г.

  15. Методические рекомендации по оценке эффективности иевестиционных проектов: Официальное издание. – Москва Экономика 2000г

  16. Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл. 479-492б

  17. Нурланова. Н.К. “Инвестиционная ситуация в Казахстане и перспективы ех позитивных сдвигов” //Европейское сообщество. М 3. 2004 г,

  18. Реформировамие экономики Казахстана: Про их решения. Алматы, 2004, С. 343.

  19. РЦБК 2004-2006 жылдар

  20. Стоянова Е.М. “Финансовый менеджмент: теория и практика.

  21. Хес О. //Совмещение акцептов с количества иа качество иностранных инвестиции// Панорама. -24.08.2005 г.

  22. Конституция/ Основной Закон РК / - Алматы , 2000 г.

  23. Гражданский кодекс РК от 27 декабря 1995 г.- Алматы, 2000г.

  24. Кодекс РК о налогах и других обязательных платтежах в бюджет (налоговый кодекс) от 12.06.2001 г.- Алматы : издательский дом «БИКО».

  25. Крылова Э.И., Журавкова И.В., Анализ эффективности инвестиционной деятельности предприятия: Учебное пособие. М,:2001 год.

  26. Н.Ш. Әлжанова Алматы 2006 жыл Оқу құралы.

  27. ҚР «Инвестиция туралы» заңы.


Жобаларды талдау пәні
Мемлекет меншігін мемлекет иелігінен шығару. Бағалы қағаздар нарығына анықтама беру. Бағалы қағаздар нарығының субъектілері мен объектілеріне, бағалы қағаздар нарығының мақсаты мен міндеттеріне тоқталып кету.Бағалы қағаздар нарығының эмитенттері мен инвестрлары. Бағалы қағаздар нарығын реттеу туралы түсінік

Реттеудің түрлеріне тоқталу, оның мақсаты мен міндеттерін атап өту. Өзін-өзі реттейтін ұйымдармен таныстыру.Акцияларға жалпы түсінік. Акционерлік қоғамдар жайында айту.Акциялардың түрлерімен танысу. Артықшылығыбар акциялардың әртүрлігі.

Облигацияларға жалпы сипаттама. Облигацияның квалификациялық түрлері.Облигация бойынша табыстарды төлеудің көздері.Табыстарды облигация бойынша купонды өтеу. Облигацияның табыстылығы. Мемлекеттік бағалы қағаздардың сипаты Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері. Мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылығы. Туынды бағалы қағаздардың жалпы сипаты

Туынды бағалы қағаздардың түрлері. Опционның түрлері. Қор нарығының жағдайын анықтайтын экономикалық факторлардың жіктелуі.Биржалық дағдарыс туралы түсінік және оның пайда болу формалары.Қор биржасының қызмет етуі мен құрылуының мақсаты

Қор биржасының акционерлері мен құрылтайшыларының санаттары. Қор биржасын басқару органдарының құрамы. Қор индекстерінің мәні. Қор индекстерінің есептеу әдістері. Нарықтық индикаторлар. Қазақстан қорларының индикаторлары. Бағалы қағаздарды толтыру, шығыру және айналысқа түсіру бойынша олрдың турлері. Нарықтан тыс бағалы қағаздардың және нарықтық бағалы қағаздардың мәні.Андеррайтинг және андеррайтер деген тусініктер. Бағалы қағаздар нарығының пайда болу себептері. Бағалы қағаздар нарығын қалыптас-тыру мен дамытудың заңнамалық негіздері.Қор биржаларында бағаны белгілеудің мәні және мазмұны. Біріңғай баға белгілеудің әдістері. Фиксинг баға белгілеу тәсіл ретінде.

Негізгі әдебиеттер


  1. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5.03.1997ж.

  2. Жуков Е.Ф. «Ценные бумаги и фондовые рынки» М. - 1995.

3. «Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі» Б.Көшенова, оқу құралы, Алматы, 2007ж.

4. Карагусов Ф.С. «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздармен операциялар» Қаржы қаражат, Алматы

5. «Қаржы нарығы және делдалдары» Ұ.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева, Алматы, 2008ж.

«Салық және салық салу» пәніні

Салықтардың экономикалық мәні. Салық және салық салудың құрылу негіздері. Салықтардың міндеті. Салықтардың фискалды міндеті. Салықтардың экономикалық ынталандыру құралы ретінде қолданылуы. Салықтық элементтер туралы ұғым және оған сипаттама.салық төлеу көздері. Салық салынатын және салық салынбайтын табыс, салық салынбайтын минимум.Салық ставкалары және оның салық салу жүйесіндегі мәні, салық салу әдістері және оның сипаттамасы.салық жеңілдіктері және олардың табыстарды ретеп, өндірісті ынталандырудағы ролі.Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы.1. Мүлік салығының төлеушілері. Салық салу объектлері. Салық ставкалары. Мүлікке салынатынг салықтар бойынша қолданылатын жеңілдіктер мен оның қолданылуы. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және оларды қолдану ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібі. Мүлік салығы бойынша ағымдағы сомалар есебін жүргізу тәртібі. Мүлік салығы бойынша декларация мазмұны.

Көлік құралдарына салынатын салық. Көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері. Салық салу объектісі. Ставкаларды қолданудың ерекшеліктері.Жеке және заңды тұлғалардың түрлі көлік құралдары бойынша салықты есептеу мен төлеу тәртібі. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеңілдіктер. Көлік құралдары салынатын салық бойынша декларациялар тапсыру мен толтыру механизмі. Көлік құралдары иелерінің салықты төлеудегі жауапкершілігі.

Жер салығы. Жер салығын төлеушілер.Салық салу объектісі. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі. ҚР түрлі санаттағы жерлеріне салық салудың ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың жерлеріне салық салу ерекшеліктері. Кейбір санаттағы жер салығын төлеушілердің салық сомасын түзету. Жер салығы бойынша жеңілдіктер.Жер салғын есептеу мен төлеу тәртібі. Жер салығы бойынша есеп айырысуды тексеру тәртібі.

Қосылған құнға салынатын салық. 1. ҚҚС есепке қою және есептен шығару тәртібі. Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт.ҚҚС бойынша салық ставкасы және оны қолданудың ерекшеліктері.

Бюджетке төленетін салық сомасын анықтау. Есепке алынатын ҚҚСС сомасын анықтау механизмі. ҚҚС салығы бойынша есепке жатқызу (барабарлық және бөлек есептеу әдісі бойынша) механизм. Салық салынатын имортты анықтау. ҚҚС босатылатын импорт. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым. ҚҚСС есептеудің тәртібі және төлеу мерзімі. Салықтық шот-фактура. Салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімі.

ҚҚС бойынша бюджетпен өзара қатынас.

Акциздер. Акциздердің жанама салықтар жүйесіндегі атқаратын ролі. Салық салу объектісі мен төлеушілері. Салық салынатын айналымды анықтау.Акциз ставкалары (адвалорлық және тұрлаулы) мен жеңілдіктері. Бензин мен дизель отыны бойынша акциз есептеу механизмі. Спирттік және алькагольді өнімдерге акциз есептеу тәртібі. ҚР кедендік шекарасынан бажсыз өткізілетін тауарлар нормасы.Акцизделетін тауарлар импортына салық салу ерекшеліктері. Акциздерді төлеу тәртібі мен мерзімі. Декларация толтыру мен тапсыру ерекшеліктері. акциздердің бюджетке уақытылы тапсырылуына жауапкершілігі

Жеке табыс салығы.. Жеке табыс салығының құрылу негіздері: төлеушілері мен салық салу объектісі. Жеке тұлғалардың салық салуға жатпайтын табыстары. Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарының құрамы мен құрылымы. ЖТС ставкасы және оны қолданудың ерекшеліктері.Салық салу объектісін анықтау кезінде халықаралық шарттарды қолдану тәртібі. Адвокаттар мен жеке нотариустар табысы. Жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табыстарын анықтау. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша ЖТС есептеу мен төлеу тәртібі. ЖТС бойынша декларация тапсыру тәртібі.

Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі мен төлеушілері. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі.Салық ставкалары және оларды қолдану тәртібі. Салық декларациясын толтыру мен тапсыру тәртібі. Мемлекеттік әлеуметтік қорға аударылатын әлеуметтік жарналар. Әлеуметік төлемдердің түрлері. Әлеуметтік міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар.Әлеуметтік жарналарды аудару тәртібі.

Корпоративтік табыс салығы.

Корпорациялық табыс салығының ставкалары. Кейбір санаттағы салық төлеушілерге салық салу ерекшеліктері.Сақтандыру компаниялары. Коммерциялық емес ұйымдар.Әлеуметтік сферада қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер. Мемлекеттің инвестициялық саясаты және оны жүзеге асырудағы салық құралдарының атқаратын рөлі.Жеке және заңды тұлғалардың резиден және резидент еместігін анықтау тәртібі.



Арнаулы салық режимі және қолданудың ерекшелігі. Арнаулы салық режимінің қолдану аясы. Арнаулы салық режимін қолдану жағдайы.Бір жолғы талон негізіндегі АСР. Патент негізіндегі АСР. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған АСР. Ойын бизнесі салығы. Ойын бизнесі салығын төлеушілері. Салық салу объектісі. Ставкаларды қолданудың ерекшеліктері. Тіркелген салық. Тіркелген салығын төлеушілері.. Салық салу объектісі. Ставкаларды қолданудың ерекшеліктері.

ЖҚП-дың төлейтін арнайы салықтары мен төлемдері

Жерқойнауын пайдаланушылардан алынатын төлемдердің экономикалық мәні мен мазмұны. ҚР жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың даму эволюциясы.ҚР жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттардың салық режимінің үлгілері.

Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын төлем түрлері. Бонустарды алу мен төлеу тәртібі.Рояльтиді алу мен есептеу тәртібі. Үстеме пайда салығы: объектісі мен төлеушілері. Келтірілген таза құнды анықтау тәртібі. Үстеме пайда салығының ставкалары.

Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер

“Алым” туралы ұғым және оның басқа салықтар мен төлемдерден айырмашылығы. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде алынатын алым.

Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді,теңіз, өзен кемелері мен азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алым. Аукциондардан алынатын және елтаңбалық алым. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым. Қазақстанның салық жүйесіндегі төлемақылар: олардың экономикалық мазмұны мен ерекшелік белгілері. Жер учаскелерін және жер үсті су көздерін пайдаланғаны үшін төлемақы. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы. Жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы. Салық салудан бас тартқаны үшін шаралар. Салықтардан жалтару мен ауыртпалығын аудару түрлері. Салықтардан жалтару мен ауыртпалығын аударуға қарсы шаралар. Салықтардан жалтару мен ауыртпалығын аударудың алдын алу.

Негізгі әдебиеттер

1.ҚР Конституциясы

2. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексі, 2009 жыл.

3.Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. -552 бет.

4.Идрисова Э.К. Налоги и налогообложения в Казахстане// учебное пособие.-Алматы, 2003ж.

5.Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане / Учебное пособие. - Алма­ты: «LEM» - 2002 г.

6.Үмбетәлиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Салық және салық салу: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006 ж.

7. Ермекбаева Б.Ж. Лесбеков Г.А. Основы налогообложения /Учебное пособие.- Алматы, 2002ж.



8. «Налоги»:- оқу құралы (құрастырған-профессор Черник Д. И.)-М.: Финансы и статистика, 2000 ж.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет