БАҒдарламасы астана, 2010 жыл Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның Қазақстан Республикасын үдемелi



жүктеу 1.93 Mb.
бет1/13
Дата17.04.2016
өлшемі1.93 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Қазақстан Республикасының үдемелi индустриялық-инновациялық
дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2010 жыл



Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның        Қазақстан Республикасын үдемелi
атауы                индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi
                     мемлекеттiк бағдарлама

Әзiрлеу үшiн           1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009
негiздеме            жылғы 2 маусымдағы № 326 өкiмiмен бекiтiлген
                       Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Нұр
                       Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009
                       жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезiнде
                       берiлген тапсырмаларын iске асыру жөнiндегi
                       iс-шаралар жоспарының 1-тармағы;
                         2) Қазақстан Республикасының Президентi
                       Әкiмшiлiгi Басшысының 2009 жылғы 19
                       қыркүйектегi № 01-30.27 бұйрығымен бекiтiлген
                       2009 жылғы 1 қыркүйектегi Қазақстан
                       Республикасының Парламентi төртiншi
                       шақырылымының III сессиясында Қазақстан
                       Республикасының Президентi берген
                       тапсырмаларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар
                       жоспарының 3 және 4-тармақтары.

Әзiрлеушi              Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
                       және сауда министрлiгi, Қазақстан
                       Республикасының Индустрия және жаңа
                       технологиялар министрлiгi

Бағдарламаның          Экономиканы әртараптандыру және оның
мақсаты               бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру арқылы орнықты
                       және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету

Мiндеттерi             Экономиканы әртараптандыруды және оның
                       бәсекеге қабiлеттiгiнiң өсуiн қамтамасыз
                       ететiн басым секторларын дамыту
                         Экономиканың басым секторларын дамытудың
                       әлеуметтiк тиiмдiлiгiн күшейту және
                       инвестициялық жобаларды iске асыру
                         Индустрияландыру үшiн қолайлы орта жасау
                         Экономикалық әлеуеттi ұтымды аумақтық
                       ұйымдастыру негiзiнде экономикалық өсу
                       орталықтарын құру
                         Экономиканың басым салаларын дамыту
                       процесiнде мемлекет пен бизнестiң өзара тиiмдi
                       iс-қимылын қамтамасыз ету

Iске асыру мерзiмi     2010 - 2014 жылдар

Қажеттi ресурстар      Мемлекеттiк бюджет және ұлттық компаниялар
мен қаржыландыру     мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қаражатын
көздерi               қоса алғанда, кәсiпорындардың, ұйымдардың
                       қаражаты. Республикалық және жергiлiктi
                       бюджеттерден қаржыландыру көлемi жоспарланатын
                       кезеңге арналған тиiстi бюджеттердi
                       қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

Нысаналы               Мыналарды: ЖIӨ-нi кемiнде 7 трлн. теңгеге,
индикаторлар         2008 жылғы ЖIӨ-нiң шамамен 50 %-на, нақты
                       мәнде ЖIӨ-нiң өсiмi 15 %-ын құрайды;
                         ЖIӨ құрылымындағы өңдеушi өнеркәсiптiң
                       үлесiн кемiнде 12,5 % деңгейiне дейiн;
                         шикiзаттық емес экспорт үлесiн экспорттың
                       жалпы көлемiнiң кемiнде 40 %-ы деңгейiне
                       дейiн;
                         шикiзаттық емес экспорт көлемiн өңдеушi
                       өнеркәсiптiң жиынтық өндiрiс көлемiнiң кемiнде
                       43 %-ы деңгейiне дейiн;
                         өңдеушi өнеркәсiптегi еңбек өнiмдiлiгiн
                       кемiнде 1,5 есеге;
                         агроөнеркәсiптiк кешендегi еңбек өнiмдiлiгiн
                       ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiн бiр адамға
                       3000 АҚШ долларынан бастап кемiнде 2 есеге;
                         мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық
                       басқарушы холдингiнiң, ұлттық холдингтер мен
                       компаниялардың тауарларды сатып алуда
                       қазақстандық қамту үлесiн - 60 %-ға дейiн,
                       жұмыстар мен қызметтердi сатып алуда 90 %-ға
                       дейiн;
                         инновациялық белсендi кәсiпорындардың үлесiн
                       жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар санының 10
                       %-на дейiн ұлғайту;
                         Мыналарды:
                         шикiзаттық емес сектордың өзiндiк құнының
                       құрылымындағы көлiк шығыстарының үлесiн
                       кемiнде 8 %-ға;
                         ЖIӨ-нiң энергия қажетсiнуiн 2008 жылғы
                       деңгейден кемiнде 10 %-ға азайту.

Кiрiспе

      Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) Мемлекет басшысының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезiнде берген тапсырмасын, Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын iске асырудың екiншi кезеңi болып табылатын Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарының түйiндi бағыттарына сәйкес әзiрлендi.


      Бағдарлама экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру арқылы орнықты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз етуге бағытталған.
      Бағдарлама экономиканы әртараптандырудың жүргiзiлiп отырған саясатының қисынды жалғасы болып табылады әрi құрамына Индустриялық-инновациялық дамудың 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының, «Қазақстанның 30 корпоративтiк көшбасшысы» бағдарламасының, сондай-ақ индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттардың негiзгi тәсiлдерiн бiрiктiрдi.
      2015 жылға дейiнгi кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын және орта бизнес, кейiнгi қайта бөлу және қайта өңдеу үшiн жаңа бизнес-мүмкiндiктердi мультипликациялаумен экономиканың дәстүрлi экспортқа бағдарланған секторларында iрi инвестициялық жобаларды iске асыру үдемелi индустрияландыру саясатының негiзгi басымдығы болмақ.
      Iрi жобаларды iлгерiлетудiң бастамашысы «Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының iрi жүйе құраушы компаниялары, сондай-ақ стратегиялық шетелдiк инвесторлар болып табылады.
      Шикiзат секторымен байланысты емес және iшкi, ал кейiннен өңiрлiк нарықтарға бағдарланған (Кеден одағы, Орталық Азия елдерi) экономика салаларын қалыптастыру және/немесе күшейту қатар жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекет озық технологиялар трансфертiне, кейiннен олардың экспортқа бағдарлануын дамыта отырып, қазiргi заманғы импорт алмастырушы өндiрiстi құру үшiн шетел инвесторларын тартуға бағытталған қазақстандық орта және шағын бизнес бастамаларын қолдайды.
      Индустриядан кейiнгi экономиканың негiздерiн қалыптастыру мақсатында ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамыту және коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми-технологиялық негiздердi қолдау жалғасады.
      Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттiк қолдау макро және секторлық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелi шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды қолдаудың селективтi шараларын iске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Экономикалық саясаттың жүйелi шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру жөнiндегi шараларға шоғырланатын болады.
      Селективтi шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакетi негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекет өзiнiң бизнеспен өзара iс-қимылын республикалық және өңiрлiк деңгейде де тиiмдi ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негiзiнде жүйелi түрде құрады.
      Экономиканың объективтi жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейiнгi индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен iшкi келiсушiлiкте болады. Бағдарламаға енгiзiлетiн экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетiктердiң жүйелiк сипаты:
      қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;
      бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;
      жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйенi дамытуды;
      адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етедi.
      Экономиканың басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешiмдерiн келiсудiң интерактивтi процесiмен, мониторингтiң қазiргi заманғы ақпараттық жүйелерi мен iске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бiрге жүредi.

Ағымдағы жағдайды талдау

      2000 жылдың басында негiзi салынған индустриялық-инновациялық даму бағыты Қазақстан экономикасының негiзгi тәуекелдерiнiң стратегиялық дұрыс екенiн көрсеттi: экономиканы әртараптандырудың және шикiзатқа тәуелдiлiктен кетудiң баламасыз бағыты таңдалды.


      Бұл кезеңде индустрияландырудың базалық институционалдық негiздерi:
      экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ететiн Ұлттық қор;
      серпiндi бағыттарды iске асыруға мемлекеттiң әлеуетiн шоғырландыратын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
      әртараптандыру процесiн қамтамасыз ететiн даму институттары;
      мемлекет пен бизнестiң өзара iс-қимылы мен әрекеттерiн үйлестiру үшiн келiссөз алаңдары құрылды.
      Инвестициялық саясат шеңберiнде инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негiздерiн анықтайтын заңнамалық база жетiлдiрiлдi.
      Бұл шаралар мұнай-газ өндiру секторының өсуiмен байланысты экономиканың белсендi өсуi кезеңiнде экономиканың мұнайға қатысты емес секторының да барабар өсуiн қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнестiң одан әрi қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Белгiлi бiр нәтижелерге қарамастан, әртараптандыру және инновациялық даму саясаты дамушы нарығы бар елдердiң объективтi ресурстық экономикаларына тән бiрқатар жүйелi әсерлердiң бар болуына байланысты толық түрде iске асырылған жоқ:
      ресурстарды (инвестициялық, еңбек) шикiзат секторларына қайта бөлу әсерiн жаңғыртуға ықпал ете отырып, экономиканың «голланд ауруы» белгiлерiнiң көрiнуi;
      бұл кезеңде нарықтық тетiк экономиканың жекелеген секторларының «қызып кетуiн» болдырмайтын белгi беруге мүмкiндiгi болмады және мемлекетке экономиканың «дұрыс» құрылымын құруға көмектесе алмады;
      әртараптандыру саясаты оны iлгерiлету үшiн қажеттi шектi көлемнiң болмауына кезiктi.
      Әртараптандыруға бөлiнген мемлекеттiк инвестициялардың көлемi жеткiлiксiз әрi шашыраңқы болды, ол қандай да бiр маңызды құрылымдық iлгерiлеушiлiкке әкелмедi.
      Нәтижесiнде экономика құрылымы шикiзаттық бағытын сақтап, ал жұмыспен қамтылу құрылымы еңбек әлеуетiн пайдалану тиiмдiлiгiнiң төмендiгiн сипаттайды. 2008 жылы ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiн халық саны 31,5%-ды, осы сектордың ЖIӨ құрылымындағы өнiмнiң үлес салмағы небәрi 5,8%-ды құрады. 2000 - 2008 жылдар кезеңiнде ЖIӨ-де өңдеушi өнеркәсiп үлесi 16,5%-дан 11,8%-ға дейiн қысқарды, ал кен өндiру үлесi 13%-дан 18,7%-ға өстi.
      Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң басты факторы - өнiмдiлiк бойынша, соңғы жылдардың оң серпiнiне қарамастан Қазақстан дамуы жағынан орта деңгейлi елдерден де артта қалды: 2008 жылдың деректерi бойынша сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша Қазақстандағы еңбек өнiмдiлiгi бiр адамға 22,6 мың долларды құрайды, ал бұл көрсеткiш Ресейде - 33,4, Жапонияда - 68,2, АҚШ-та - 98,1.
      Шикiзат экспортынан тез пайда алуға бағдарланған iрi қазақстандық бизнес өсуiнiң қарқынды сипаты әлемдiк конъюнктураның өзгеруi кезiнде барынша жоғары қайта бөлулерге және iшкi нарыққа ауысуға мүмкiндiк бермедi.
      Мемлекет бастамалары бизнес-қоғамдастықтан қажеттi қолдау таппады, өйткенi жас ұлттық бизнес әртараптандырудың белсендi ойыншысы болып көрiнетiндей және Қазақстан үшiн жаңа инновациялық бизнестi құру, әлемдiк нарыққа шығу және бәсекеге түсу үшiн стратегиялық әрiптес ретiнде әлемнiң жетекшi компанияларын тарта алмайды.
      Дағдарысқа дейiнгi кезеңде Қазақстанның нарықтық экономикасы эволюциялық түрде құрылды. Өткен циклдiк даму экспорттық шикiзат секторы өсуiнiң серпiнiмен және сыртқы қаржылық нарықтарда арзан инвестициялық ресурстардың қолжетiмдiлiгiмен көрiндi.
      Қазақстанда орта және шағын бизнестiң ұлттық ерекшелiгi инвестициялардың тез қайтарымына кепiлдiк беретiн бос тауашаны алу мүмкiндiгiмен анықталды (сатылмайтын iшкi экономика секторлары: жылжымайтын мүлiк, сауда, жергiлiктi құрылыс индустриясы, сауда-делдалдық сектор мен қызметтер саласы).
      Тиiсiнше, бизнес басымдықтары, қосылған құны жоғарғы өңдеу өндiрiстерiн дамыту жөнiндегi мемлекет басымдықтарына сәйкес келген жоқ. Бұл үрдiстер даму институттарының, сонымен қатар екiншi деңгейдегi банктердiң инвестициялық жобаларының тиiстi портфелiнде көрiндi. Бұл ұлттық бизнестiң қалыптасуының объективтi эволюциялық үрдiсiн көрсетедi. «Көбiктi» үрлеген дағдарыс жаңа нарықтарды және инновациялық өнiмдердi iздетедi. Қазақстанның дағдарыстан кейiнгi дамуының оңтайлы жолына жеделдете индустрияландыру жатады.
      Әлемдiк тәжiрибе индустрияландыруға қатысты әртүрлi әдiстердiң бар екенiн көрсетiп отыр: «қуып жетушi даму», «дәстүрлi мамандандыру», «индустрияландырудан кейiнгi даму» стратегиялары. Ұлттық экономика құрылымына сүйенетiн болсақ, Қазақстан экономикасының ең қолайлы индустрияландыру стратегиясына шикiзаттық өндiрiстердi жоғары бөлiнiстерге ауыстырумен шикiзат секторына сүйене отырып «дәстүрлi мамандандыру» стратегиясы болып табылады.
      Дәстүрлi мамандандыру секторлары мен қалған экономика арасындағы тұрақты байланыстар сервистiк қызмет арқылы дамуға мүмкiндiк беретiн бiрқатар қосымша салаларды құрайды. Бұл сонымен қатар, шикiзаттық емес сектор кәсiпорындарының жанында шағын және орта бизнес кластерлерiн қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.
      Бүгiнгi таңда, дамушы нарықтардағы бәсекелестiк күшейгенде, iшкi және әлеуеттi сыртқы нарықтарда тез орнығып, 170 млн. адамдық қолжетiмдi нарығы бар Кеден одағының әлеуетiн барынша iске асыру қажет. Бұдан басқа, Қазақстанның бiрегей географиялық орны Азия мен ТМД елдерiнде (Ресей, Орталық Азия, Қытай, Иран, Үндiстан) тиiмдi жаһандық серiктестiк ұстанымын жүзеге асыру және иелену мүмкiндiгiн жасай алады. Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының белсендi болуының қолжетiмдi нарықтарын кеңейту мақсатында агроөнеркәсiптiк кешеннiң, тоқыма өнеркәсiбiнiң және туризмнiң шикiзаттық емес экспорттың белсендi қолдауын қамтамасыз ету.
      Қосымша «болашақ экономикасы» секторларына селективтi қолдау жасау қажет, олар келесi 15-20 жылда әлемдiк экономикадағы басым рөлге ие болатындар.
      Индустрияландыру саясатының табысты iске асырылуының негiзгi шартына өндiрiс факторлары өнiмдiлiгiнiң өсуi және ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жатады.
      Алда тұрған индустрияландыру өңiрлердi бiрқалыпты даму саясатынан өсудiң жоғарғы әлеуетi мен жоғарғы экономикалық белсендiлiкке ие қалалар мен аумақтарды дамытудағы дәлме-дәл әдiске ауысуды талап етедi.
      Индустрияландыру саясатының тиiмдiлiгi бизнес пен мемлекеттiң күш-жiгерiн экономиканың басым секторларын дамытуға шоғырландыру, сондай-ақ олардың тиiмдi институттары мен өзара әрекет ету тетiктерiн қалыптастыруға байланысты болмақ.

Бағдарламаның мақсаты, басымдықтары, мiндеттерi мен принциптерi

      Мақсаты - әртараптандыру мен оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру арқылы экономиканың орнықты және теңгерiмделген өсуiн қамтамасыз ету.


      2015 жылға нысаналы индикаторлар:
      мыналар:
      ЖIӨ-нi кемiнде 7 трлн. теңгеге, бұл 2008 жылғы ЖIӨ-нiң шамамен 50%-ға ұлғайып, нақты мәнде ЖIӨ-нiң өсiмi 15%-ын құрайды;
      ЖIӨ құрылымындағы өңдеушi өнеркәсiптiң үлесi кемiнде 12,5 % деңгейiне дейiн;
      экспорттың жалпы көлемiндегi шикiзаттық емес экспорт үлесi кемiнде 40 % деңгейiне дейiн;
      өңдеушi өнеркәсiптiң жиынтық өндiрiсi көлемiнен шикiзаттық емес экспорт көлемiнiң үлесi кемiнде 43 % деңгейiне дейiн;
      өңдеушi өнеркәсiптегi еңбек өнiмдiлiгi кемiнде 1,5 есеге;
      агроөнеркәсiптiк кешендегi еңбек өнiмдiлiгiн ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiн бiр адамға шаққанда 3000 АҚШ долларынан бастап кемiнде 2 есеге;
      мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтер мен компаниялардың тауарларды сатып алуда қазақстандық қамту үлесi - 60 %-ға дейiн, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу 90 %-ға дейiн;
      жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар санынан инновациялық белсендi кәсiпорындардың үлесi 10 %-ға дейiн ұлғаяды.
      Мыналар:
      шикiзаттық емес сектордың өзiндiк құн құрылымындағы көлiк шығындарының үлесi кемiнде 8% деңгейiне дейiн;
      ЖIӨ қуат сыйымдылығы 2008 жылдың деңгейiнен кемiнде 10 %-ға төмендейдi.
      Басымдықтар:
      ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi өсуiнiң маңызды шарты ретiнде өндiрiс факторларының өнiмдiлiгiн арттыру;
      экспортқа бағытталған жаңа жоғарғы технологиялық өндiрiстердi жасауға басым тiкелей шетел инвестицияларын тартуға екпiн беру;
      ұлттық инновациялық жүйенi дамыту мен нығайту;
      экономиканың шоғырландырылу деңгейiн төмендету және индустрияландыру процесiнде шағын және орта бизнестiң рөлiн күшейту;
      экономикалық әлеуеттiң ұтымды кеңiстiгiн ұйымдастыру.
      Мiндеттер:
      Әртараптандыру мен бәсекеге қабiлеттiлiк өсуiн қамтамасыз ететiн экономиканың басым секторларын дамыту;
      Экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтiк тиiмдiлiгiн күшейту және инвестициялық жобаларды iске асыру;
      индустрияландыру үшiн қолайлы ортаны құру;
      экономикалық әлеуеттi ұтымды аумақтық ұйымдастыру негiзiнде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру;
      экономиканың басым секторларын дамыту процесiнде мемлекет пен бизнестiң өзара тиiмдi әрекетiн қамтамасыз ету.
      Бағдарлама мынадай принциптерге негiзделедi:
      бизнес-бастамаларға бағдарлану;
      шикiзаттық емес секторда «серпiндi» жобаларды және кластерлiк бастамаларды қолдау;
      мемлекет пен жеке меншiк сектор арасындағы тәуекелдердi оңтайлы бөлу және индустрияландыру процесiнде олардың рөлдерiн нақты айқындау;
      жаңа бизнес-мүмкiндiктердi мультипликациялау;
      итеративтiк, Бағдарламаны iске асыру барысында қатысушылар құрамынан жобаларды пысықтау деңгейi бойынша перманенттi нақтылаумен байланысты;
      транспаренттiк - Бағдарламаға қатысушылардың, мастер-жоспарлардың мазмұнының, өтiнiш берушiлердiң сұрауларының, мемлекеттiк қолдау шараларының, Бағдарламаны iске асыру мониторингiнiң нәтижелерiнiң ашықтық принципi;
      тең қолжетiмдiлiк - Бағдарлама қатысушысы отандық, сонымен қатар шетелдiк компания да, iрi және орта, шағын кәсiпорындар да болуы мүмкiн;
      бәсекелестiк - тиiмдi жобаларды iлгерiлету және экономикалық емес әдiстердi пайдаланудың алдын алу негiзi ретiнде;
      трансферттiк (қолданылу әсерi) - нормативтiк-құқықтық және нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiруге қатысты (бизнес-ортаны жақсарту) мемлекеттiк қолдау шаралары, экономикалық қызметтiң барлық субъектiлерiне қолданылады;
      сабақтастық - iске асырылып жатқан бағдарламалық құжаттарда көзделген мемлекеттiк саясаттың аса тиiмдi шаралары осы Бағдарламаны iске асыру кезiнде қолданылатын болады.

Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары

1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге
қабiлеттiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн басым секторларын дамыту

      Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердiң жеделдетушiсi болатын «дәстүрлi мамандандыру» салаларын дамыту арқылы басым шикiзаттық емес секторды озыңқы дамытуға бағытталған болады.


      Мемлекеттiң күш-жiгерi экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға топтастырылады:
      дәстүрлi: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешенi, шикiзат өндiрiстерiн кейiннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсiбi;
      жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негiзделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;
      шикiзаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндiрiстер: агроөнеркәсiптiк кешен, жеңiл өнеркәсiп, туризм;
      келесi 15-20 жылда әлемдiк экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметi.
      Көрсетiлген секторлардың тiзбесi толық емес әрi Бағдарламаның iске асырылу барысында толықтырылып отырады.
      Экономиканы сәттi әртараптандыру республиканың тұрақты дамуымен, соның iшiнде тұрақты дамуды басқару жүйесiн оңтайландыру және көмiрсутегi төмен экономиканың, сондай-ақ инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, табиғи экожүйелерге антропогендiк жүктемелердiң керi әсерiн азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссиясын азайту, қалдықтарды кешендi қайта өңдеу мәселелерiнде «жасыл» саясатты енгiзу жолымен республиканың тұрақты дамуымен үздiксiз байланысты.
      Экономиканы әртараптандыруды жеделдету процесiнде мемлекет тиiмсiз жобалардың iске асырылуына қарсы тұратын болады, сондықтан жобаларды қолдаудың негiзгi өлшемдерiн таңдауға ең алдымен Кеден одағының әлеуетiн iске асыру мүмкiндiгiмен байланысты өнiмдiлiк, энергия тиiмдiлiгi және экспортқа бағдарлану жатады.

1.1 «Дәстүрлi индустриялардағы» өндiрiстi әртараптандыру

Мұнай-газ секторы

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      2009 жылы республикада мұнай мен газ конденсатын ендiру шамамен 76,5 млн. тоннаны құрады, газ өндiру 35,6 млрд. текше метрдi құрады. Мұнай мен газ конденсатының экспорты 68,1 млн. тоннаны құрады.


      Мұнай өңдеу зауыттары (бұдан әрi - МӨЗ) 2009 жылы 12,1 млн. тонна мұнай өңдедi.
      Мұнай өндiрудi одан әрi дамыту теңiз жобаларымен, Теңiз және Қарашығанақ кен орындарын кеңейту жобаларының нәтижелерiмен өзара тығыз байланысты.

Негiзгi мiндеттер

      1. Мұнай мен газ конденсатын өндiру және оларды қайта өңдеу жөнiндегi белгiленген көрсеткiштердi орындау.


      2. Iшкi нарықтың мұнай өнiмдерi мен газға қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.
      3. Мұнайды тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыру.

Нысаналы индикаторлар

      1. 2014 жылы мұнай өндiру көлемiнiң өсуi 85,0 млн. тоннаға (2008 жылы 120,4 %) дейiн, шикi газ 54 млрд. текше метрге дейiн (2008 жылға 61,4%) жетедi.


      2. 2014 жылға қарай мұнай экспорты 75 млн. тоннаны құрайды (2008 жылы 119,4%).
      3. 2014 жылы қазақстандық МӨЗ-де мұнайды өңдеу көлемiнiң өсуiн мұнайды өңдеу тереңдiгiн 87% - 90%-ға дейiн ұлғайта және отандық мұнай өнiмдерiн Еуро сапа стандарттарына дейiн жеткiзе отырып, 15,0 млн. тоннаға дейiн (2008 жылға 122,1 %) қамтамасыз ету.
      4. «Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ» газ құбыры бойымен газды тасымалдауды:
      2012 жылы - жылына 3,6 млрд. текше метрге дейiн;
      2013-2014 жылдары - жылына 5,0 млрд. текше метрге дейiн;
      2015 және одан кейiнгi жылдары - жылына 10 млрд. текше метрге дейiн қамтамасыз ету.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет