Бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) бекітілсін



жүктеу 0.68 Mb.
бет3/5
Дата02.05.2016
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5
: sites -> fad -> files
sites -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
sites -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
sites -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
sites -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
sites -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
files -> Акционерлiк қоғамдар туралы
files -> Егемен Қазақстан
      Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қараған кезде кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай критерийлерінің негізінде ұсынымдар береді:
      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау - маркетингтік талдау);
      2) бизнес-жобаның енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, кәсіпкерді орналастыру үшін үй-жайдың өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).
      Бизнес-жобаның міндетті шарты оны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды берілетін грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде кәсіпкердің қоса қаржыландыруы болып табылады.
      Кәсіпкерлер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалана алады:
      1) негізгі құралдар мен материалдарды;
      2) материалдық емес активтерді сатып алу;
      3) технологияларды;
      4) франшизаға құқықтарды сатып алу.
      Бағдарлама шеңберіндегі грант қаражатын жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.
      Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының, қаржы агентінің қатысуымен қалыптастырылады.
      Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша (мемлекеттің қала түзуші кәсіпорындармен) әріптестік бағдарламаларын іске асыру шарттары.
      Мемлекеттің қала түзуші кәсіпорындармен әріптестік бағдарламаларын іске асыру «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тәжірибесінің үлгісінде ірі компаниялардың, мемлекеттің және қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы өңірлерде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту мен қолдауға бағытталатын болады.
      Республикалық бюджеттен Бағдарлама шеңберінде мыналарды қамтитын құралдардың инвестициялық пакеті ұсынылатын болады:
      1) кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
      2) инфрақұрылымды жеткізу;
      3) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау;
      4) бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік жасау, ІТ-қызметтер, заңдық мәселелер, кедендік рәсімдер, сапа менеджменті жүйесін енгізу мәселелері бойынша жобаларды сервистік қолдау;
      5) «Іскер байланыстар» жобасы шеңберінде квоталар беру.
      Әріптестік бағдарламаларын іске асырудағы ірі компаниялардың рөлі:
      1) жергілікті өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ету, моноқалалардың кәсіпорындары шығаратын өнімдерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қамқор Менеджмент» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «АрселорМиталл Теміртау» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Еуразия энергетикалық компаниясы» АҚ сияқты ірі кәсіпорындардың сұранымына ие өнімдер тізбесіне қосу;
      2) «келесі қайта жасауды» дамыту үшін шикізатқа квоталар беру;
      3) баламалы қызмет түрлерін дамыту жөніндегі жобаларды қолдау болып табылады.
      Халықаралық ұйымдар:
      1) технологиялар тартуға және жабдықтар сатып алуға;
      2) оқыту бағдарламалары мен мамандандырылған тренингтерді ұйымдастыруға;
      3) консультациялар беру үшін тікелей кәсіпорындарға біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға жәрдемдесетін болады.
      Әріптестік бағдарламаларын іске асыру тетіктері:
      1) әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ірі компаниялармен бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу;
      2) әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ірі компания, жергілікті атқарушы органдар, «Даму» КДҚ» АҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою;
      3) жергілікті кәсіпкерлер қауымдастықтарын құру;
      4) сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесінің негізінде жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алу үшін пилоттық бағыттарды, жауапты тұлғалар мен өзара іс-қимыл форматын ірі компаниямен бірге айқындау;
      5) жергілікті ШОБ субъектілерінің өзекті тізілімін құру мен жүргізу және оларды өнім түрлері бойынша бөлу;
      6) жүйе түзуші компаниялардың, әкімдіктің, «Даму» КДҚ» АҚ-ның қатысуымен моноқаланың ШОБ субъектілерімен мерзімді кеңестер өткізу;
      7) ШОБ-тың мүдделі компаниялары қатарынан әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олар үшін таңдалған пилоттық бағыттар бойынша мамандандырылған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру; бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру; жаңа қызмет түрін қалпына келтіру, бизнес-жоспар әзірлеу, технологиялар мен жабдықтар сатып алу, маркетинг пен сатуды ұйымдастыру және т.б. мәселелер бойынша кәсіпкерлерге жеке консультациялық көмек көрсету;
      8) жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау;
      9) қаржыландыруды ұсыну, жеткіліксіз инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге жәрдемдесу мәселелерін шешу.
      Микрокредит ұйымдары бар бизнес-инкубаторлар құру шарттары
      Кәсіпкерлерді қолдау үшін барлық моноқалаларда бизнес-инкубаторлар құрылатын болады. Бизнес-инкубаторлардың қызметі үй-жайларды жалға беруді, консультациялар беруді, бизнес-жоспар әзірлеуді қоса алғанда, кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетуді, шағын кредиттер беруді, сервистік қызметтер көрсетуді, кәсіпқойлар желісімен, әлеуетті тұтынушылармен байланыс жасауды қамтитын болады. Осыған байланысты бизнес-инкубатор аумағында микрокредит ұйымдары, сервистік компаниялар мен консультанттар орналасатын болады.
      Халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының бағдарламалары шеңберінде «Даму» КДҚ» АҚ қызметкерлерін, сол сияқты шетелдік мамандарды да тарту арқылы инкубаторлардың қызметкерлерін тұрақты түрде оқыту жүзеге асырылатын болады, кейіннен олар табысты жұмыс істейтін халықаралық аналогтарда тағылымдамадан өткізіледі. Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту үшін әріптестік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ірі компаниялар тартылатын болады.
      Бизнес-инкубаторлар жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, сондай-ақ әріптестік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ірі компаниялардың демеушілік қаражаты есебінен құрылатын болады. Бизнес-инкубаторлардың қызметін әдіснамалық қолдау халықаралық ұйымдардың ресурстарын тарта отырып, «Даму» КДҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру шарттары.
      Кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар адамдарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету үшін моноқалаларда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылатын болады.
      Орталықтар көрсететін қызметтер кешені:
      1) бизнесті ашу және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар беруді;
      2) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы хабардар етуді;
      3) қаржы институттарымен жұмыс істеу шарттарын түсіндіруді және қолдау алу үшін құжаттар жинау бойынша консультациялар беруді;
      4) құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беруді қамтиды.
      Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары адамдардың көрсетілетін қызметтерге қолайлы қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ұсынған Халыққа қызмет көрсету орталықтары үй-жайларының операциялық залдарында тегін негізде орналастырылатын болады.
      Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары консультанттарының оператор ұсынатын қызметтеріне республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін болады.
      «Даму» КДҚ» АҚ кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру жөніндегі оператор болып табылады.
      Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыссыз және табысы аз тұрғындарға кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу және микрокредит беру шарттары
      Моноқалалардың және оларға әкімшілік бағыныстағы аумақта орналасқан елді мекендердің өз ісін ұйымдастыруға және кеңейтуге ниет білдірген және мүмкіндігі бар тұрғындары аталған бағытқа қатысушы бола алады.
      Осы бағыт шеңберінде мынадай мемлекеттік қолдау түрлері көрсетіледі:
      1) кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту;
      2) микрокредиттер беру.
      Аталған шаралар моноқалалардағы жұмыспен қамту орталықтары арқылы іске асырылады.
      Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
      Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын және бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесетін ұйымды іріктейді.
      Кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту:
      1) кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды;
      2) бизнес-жоспарды әзірлеуге жәрдемдесуді;
      3) жобаларды сүйемелдеу жөніндегі консультациялық (сервистік) көрсетілетін қызметтерді қамтиды.
      Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тікелей моноқалаларда жүргізіледі.
      Микрокредиттер беру.
      Микрокредиттер беру халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасы болып табылады, ол моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
      1. Республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға 0,01 % жылдық сыйақы ставкасымен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 5 жылға беріледі;
      кредит беру мерзімі - 5 жылдан аспайды;
      игеру кезеңі - Бағдарламаның үйлестірушісі бюджеттік кредитті алған сәттен бастап 5 жыл;
      бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты - өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру;
      кредит тұтынушылық мақсаттарға, өткен қарыздарды өтеуге, жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалға алу ақысын төлеуге берілмейді;
      кредиттің ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;
      кредит бойынша түпкілікті қарыз алушыға, микрокредит ұйымдарына және/немесе кредиттік серіктестіктерге кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезеңі ұсынылуы мүмкін.
      2. Облыстық маңызы бар жергілікті атқарушы орган уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды.
      3. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі уәкілетті өңірлік ұйымға кредит береді және онымен кредит беру туралы келісім жасасады.
      Мыналар:
      1) қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым үшін кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы 0,01 % мөлшерінде белгіленеді;
      2) басқа заңды тұлғалар үшін кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздар кірістілігінің қалыптасқан орташа өлшемді ставкасы деңгейінде белгіленеді.
      4. Уәкілетті өңірлік ұйым Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысынасәйкес Микроқаржы ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидаларындаайқындалған өлшемдерге сәйкес микрокредит (микроқаржы) ұйымдарын іріктейді.
      Уәкілетті өңірлік ұйым Қағидаларда айқындалған шарттарда микрокредит (микроқаржы) ұйымдарына кредиттік ресурстар ұсынады.
      Кредиттік ұйымдарға кредиттік ресурстар жеделділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында ұсынылады.
      Түпкілікті қарыз алушыға арналған кредиттік ресурстар бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы ставкасын уәкілетті өңірлік ұйым ӨҮК-пен келісім бойынша белгілейді.
      5. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдардың кәсіпкерлігін дамыту шеңберінде салалық шектеусіз мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну былайша жүзеге асырылады:
      1) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген адамдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға Бағдарлама шеңберінде микрокредит алудың ықтимал нұсқалары туралы консультация беріледі.
      Конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредит) ұйымдары арқылы кредит қаражатын алуға ниет білдірген жағдайда, қатысуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш пен мынадай құжаттарды береді:
      жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы, аталған адамның моноқалада/ауданда тұратыны туралы);
      еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (жұмыс істейтін адамдар үшін) көшірмесі;
      жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс.
      Жеке ісін кеңейтуді және айналым қаражатын толықтыруды жоспарлайтын адамдар:
      төлем қабілеттілігін (егер адамға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктің немесе оның филиалының адамның банктің немесе оның филиалының алдындағы (адам екінші деңгейдегі бірнеше банкттің немесе филиалдың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда, аталған анықтама осындай банктің әрқайсысынан беріледі) міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берген күннің алдында мерзімі үш айдан асып кеткен берешегі жоқ екені туралы анықтамасының қол қойылған және мөр басылған түпнұсқасы) растайтын құжаттарды қосымша ұсынады;
      2) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштер мен құжаттарды қарайды, мемлекеттік қолдауды алу түрлері бойынша үміткерлердің тізімдерін және бизнес-ұсыныстар тізбесін қалыптастырады және құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
      Бағдарламаға қосу не одан бас тарту үшін үміткерлердің тізімдерін және бизнес-ұсыныстар тізбесін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне;
      үміткерлер ұсынған өтініштерді, құжаттарды, үміткерлердің тізімдерін және бизнес-ұсыныстар тізбесін конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредит) ұйымдарына немесе кредиттік серіктестіктерге жібереді;
      3) құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына:
      Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі - ұсынылатын жобаның өңірде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі туралы қорытындыны және жобаны Бағдарламаға қосу туралы шешімді не негізделген бас тартуды;
      конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредит) ұйымдары, кредиттік серіктестіктер - үміткерлерге кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытындыны ұсынады;
      4) халықты жұмыспен қамту орталығы жоғарыда көрсетілген қорытындыларды, Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы шешімдерді немесе негізделген бас тартуды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде үміткерлерді бұл туралы жазбаша хабардар етеді;
      5) халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды оқыту жөніндегі ұйымдарға жібереді, онда бір айға дейінгі оқу мерзімімен оларды кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, оларға бизнес-жоспар дайындауға жәрдемдесу қамтамасыз етіледі.
      Бұл реттеЖұмыспен қамту 2020Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 және Бизнестің жол картасы 2020бағдарламалары шеңберінде бұдан бұрын кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен, оқуын растайтын сертификаттары бар адамдардың микрокредит алуға құқығы бар. Оқытуды растайтын құжаттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;
      6) Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және Бағдарламаға қатысушыларға кредит беру құқығын алған микроқаржы (микрокредит) ұйымына микрокредит алуға арналған өтініммен жүгінеді;
      7) микроқаржы (микрокредит) ұйымы жобаны бағалауды жүргізеді, қорытынды береді және микрокредит беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
      Микрокредитті кредиттік серіктестік арқылы алған жағдайда, Бағдарламаға қатысушы жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және уәкілетті өңірлік ұйым Қағидаларға сәйкес өткізетін кредиттік серіктестіктерді іріктеу жөніндегі конкурсқа қатысатын кредиттік серіктестікке жүгінеді.
      Микроқаржы (микрокредит) ұйымдары және кредиттік серіктестіктер үміткерлерге микрокредит бергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісін хабардар етеді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.11.2013 № 1169 қаулысымен.

       Үшінші бағыт: Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерден және экономикалық өсу орталықтарынан өз еркімен көшіруді ынталандыру арқылы моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату.


      Осы бағыт халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуші белсенді шараларды іске асыру жолымен еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату шараларын қарастырады.
      1. Моноқалалар тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналасуларға жәрдемдесу.
      Моноқалалар тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидатышеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      2. Моноқалалар тұрғындарын техникалық және кәсіби білім беру салаларындағы облыс оқу мекемелерінде оқытумен қамтамасыз етуді.
      Моноқалалардағы жастарды оқыту Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      Болашақта тоноқалалардың жастарын енді салынып жатқан өңіраралық кадрлар даярлау орталықтарында (Атырау, Өскемен, Екібастұз, Шымкент) оқыту, сонымен қатар моноқалалардың тұрғындарын ірі өндірістік компанияларға орналасуға нысаналы іріктеу, олардың оқу орталықтарында оқыту мәселелері пысықталатын болады.
      3. Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына ерікті түрде көшіруге ынталандыру.
      Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуді ұйымдастыру кезінде мемлекеттік қолдау алуда жастар басым құқыққа ие болады.
      Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар санынан Қазақстан Республикасы азаматтарын төмен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар моноқалалардан жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар моноқалаларға және экономикалық өсу орталықтарына көшіру бір облыс шегінде жүзеге асыралуы мүмкін.
      Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша өңірлік комиссиялар берген өтініштер мен ұсыныстардың және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы операторының қорытындысы негізінде азаматтарды республиканың басқа облысына көшіру жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ерікті көшіруге мемлекеттік қолдау көрсетілетін моноқалалар тұрғындары келесі критерийлерге сәйкес келуі қажет:
      1) өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар санатына жатуы;
      2) соңғы үш жылда әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен моноқалаларда тұруы.
      Бағдарламаның қатысушыларын мемлекеттік қолдау мыналарды:
      1) көшіруге субсидиялар ұсынуды;
      2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқуды, сонымен қатар жаңа тұрғын орнында жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді;
      3) заңнамада бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтарына қызметтік үйлер беруді;
      4) психологиялық бейімделуді қамтиды.
      Көшіруге байланысты субсидиялар көшіруге кететін шығындардың орнын толтыруды қамтиды.
      Аталған бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қағидаттары мен тетіктері бойынша жүзеге асырылады.
      Бағдарламаның аталған бағытында қатысу жағдайы және мемлекеттік қолдауды ұсыну Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шараларға және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге қатысатын тұлғалардың ұтқырлығын жоғарылатуға жәрдемдесу ережелерінде қарастырылған.
      Сондай-ақ, облыс әкімдіктері әзірлейтін моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларында жүйе құрушы кәсіпорындармен бірге тұрғын үй салу қарастырылатын болады.
      Төртінші бағыт: Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есептей отырып дамыту.
      Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыру мақсатында моноқаланың даму әлеуетінің деңгейіне байланысты ұзақ мерзімді перспективаларды ескере отырып жүзеге асырылады.
      Пилоттық және кейінгі жылдары республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде моноқалалардағы көшелерге жарық жүргізу және абаттандыру, тұрғын-үй қорларын сақтау және қоқыстарды шығару, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтарды және мал көмінділерінің полигондарын жайластыру, жылыту су құбырларын, кәріз жүйелерін жөндеу, балалардың аула ойын алаңдарын орнату, қала ішілік автомобиль жолдары мен әлеуметтік объектілерді жөндеу, аулаларды, скверлерді, көшелерді жайластыру, арық желісін жөндеу бойынша шығындар қаржыландырылады.
      ВАК одан әрі дамыту бойынша шешім қабылдаған әлеуеті жоғары және орташа моноқалалар бойынша инвестициялық жобалар бюджеттік заңнамада бекітілген тәртіпте қаржыландырылады. Бұл ретте, бірінші кезектегі тәртіпте қала тыныс-тіршілігінің неғұрлым өткір мәселелері шешіледі (жылумен, сумен, электрмен, газбен жабдықтау, жолдар, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді ысыру, абаттандыру және экология), сондай ақ әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерін салу және қайта жаңарту. Әлеуметтік инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалардың қуатын моноқаланы дамытудың құрылымы мен өндірісті одан әрі әртараптандыру және халық санының өсу немесе төмендеу серпінін есепке ала отырып ескеру керек.
      Әлеуеті жоғары және орташа моноқалалар үшін:
      1. Бекітілген нормативтерге дейін жеткізумен әлеуметтік объектілер инфрақұрылымын жаңғырту және (немесе) салу.
      Бұл ретте қолданыстағы мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін реконструкциялау және (немесе) салу іс-шаралары жүргізілетін болады, соның салдарынан бір салалы қалалар халқы әлеуметтік саладағы қол жетімді және сапалы қызметтермен қамтамасыз етіледі.
      Облыстардың әкімдіктері әзірлейтін моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларында кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің оқу-өндірістік базасының деңгейін арттыру, оның ішінде жатақханалар салу үшін қаражат көзделетін болады.
      2. Тыныс-тіршілік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына қатысты реконструкциялау және (немесе) салу (сумен-, жылумен-, электрмен-, газбен жабдықтау, кәріз және телекоммуникация, жолдар, экология) көзделеді.
      Бұл үшін қаржыландыру көздерінің мүмкіндіктерімен сомалардың теңгерімділігі және құны есептелген, инвестициялауға жататын объектілері айқындалған әрбір перспективалы бір салалы қаладағы нақты жағдайлар қарастырылады.
      Сумен жабдықтау. «Ақ бұлақ» бағдарламасының критерийлеріне сәйкес іске асырылатын моноқалада шағын кәсіпкерлікті және қайта өңдеу өндірістерін, ауыл шаруашылығын дамыту үшін су ресурстарының тапшылығын азайту және моноқаланың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар.
      Электрлендіру. Жаңа электр желілері құрылысы, электр беру желілерін реконструкциялау және жөндеу.
      Жолдар. Моноқалаларды ірі қалалармен немесе облыс орталығымен байланыстыратын жолдарды реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу.
      Газдандыру. Газ тарату желілерінің құрылысы, сұйылтылған газбен толтыру және баллон алмастыру орталықтандырылған пункттерін техникалық жарақтандыруды арттыру.
      Моноқалаларда аварияларға, апаттарға және зілзала апаттарға қарсы тұру инфрақұрылымын дамыту. Жаңа және қазіргі бар өрт сөндіру депосына және суда құтқару станцияларына күрделі жөндеу жүргізу, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту, инженерлік қорғау құрылыстарын салу, шаруашылық ауыз сумен және өртке қарсы сумен жабдықтауға күрделі жұмыс жүргізу.
      Әлеуеті төмен моноқалалардағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жағдайы орташа республикалық деңгейде болады.
      Моноқалаларда жөндеу және қалпына келтіру, ал жекелеген қалаларда апатты тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі іс шаралар іске асырылады.


1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет