БАҒдарламасы екібастұз қаласы 2015 жыл Дене шынықтыру және спорттың ағымдағы жағдайының талдауы



жүктеу 106.73 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі106.73 Kb.
түріБағдарламасы
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары






«КЕЛІСІЛДІ»

Екібастұз қаласы әкімінің

орынбасары
____________М.Адасбаева

«КЕЛІСІЛДІ»

Павлодар облысының

дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ-ның басшысы

____________ М. Айдашев



2011-2015 жылдарға арналған Екібастұз қаласы аймақтарын дамыту

БАҒДАРЛАМАСЫ

Екібастұз қаласы

2015 жыл
Дене шынықтыру және спорттың ағымдағы жағдайының талдауы
Мемлекет Басшысының тұрғындарды бұқаралық спортқа 30% қамту туралы тапсырмасына сәйкес, Екібастұз қаласы аймақтарын дамыту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде, 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде спорт бөлімімен іс-шаралар өткізілді.

Осы кезеңде дене шынықтыру және спортпен айналушылардың саны тұрақты өскені байқалады.

Егер 2011 жылғы аймақты дамыту Бағдарламасын іске асыру басында дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың саны 36 792 мың адамды құраса (қала тұрғындарынан 25,2%), 2012 жылы - 27%, 2013 жылы - 27,5%, 2014 жылы – 28,3%, 2015 жылы - 29% өсті.

Қаламызда бұқаралық спорт тұрғындардың өз ойын білдіру және дамыту, өзін дамытудың жетістігі, сонымен қоса әлеуметтік құбылыстарға қарсы күрестің таптырмас құралы, сауықтыру механизмі болды.

Аталған процестің әсері спорттық көрермендердің, спорттық қызмет секторларының көбеюіне, тұрғындардың қажеттілігін есептегенде дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын дамытуға ықпал етті.

Соған байланысты, спорттық инфрақұрылымды дамытуға және қолжетімділікті кеңейту бойынша іс-шаралар кешені өткізілді.

Өткен бес жыл ішінде 150 мыңдай адамдардың қамтылуымен қалалық және облыстық, республикалық деңгейде 7 мыңнан аса спорттық акциялар өткізілді. (2014ж.- 42592 адамның қамтылуымен 138 спорттық шаралар; 2013ж.- 56000 адамның қамтылуымен 131 спорттық шаралар; 2012ж.- 46700 адамның қамтылуымен 128 спорттық шаралар; 2011ж.- 35000 адамның қамтылуымен 107 спорттық шаралар).

Бұлар волейболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты, жастар арасындағы дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионаты, еркін және әйелдер күресінен Республикалық турнир, жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының Чемпионаты, бадминтоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты, шайбалы хоккейден Республикалық турнир және т.б. Ол үшін барлық жағдайлар жасалады7



Инфрақұрылым дамытылуда. 2011-2015 жыл кезеңінде әртүрлі жеке меншік иелігіндегі кәсіпорындардың қатысуымен және бюджет қаржысынан 30 спорттық ғимараттар салынды.

Арқан тарту, қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі сияқты спорт түрлерінен 300-ден аса қатысушылар облыстың аудандары мен қалалары арасындағы спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлерінен 17 Облыстық Спартакиаданың спортшылары делегациясын Екібастұзда қабылдауға спорттық объектілер жағдайының деңгейі мүмкіндік берді.

БЖСМ базасында сауықтыру топтарын, оқу-жаттықтыру, спорттық секциялар, дене шынықтыру ұйымдарын (одан әрі- ДШҰ) құру жолымен ересек тұрғындарды, жастарды және балаларды тәрбиелеу және дамыту үшін жағдайлар жасалды.

Қалада 5 балалар жасөспірім спорт мектептері (БЖСМ) жұмыс атқарады, онда оқушылар санынан 26,6% құрайтын 4 783 оқушылардың қамтылуымен спорттың 29 түрі дамыған (барлығы Екібастұз аймағы бойынша 2015 жылғы 01.12. жағдайына 17938 оқушылар).

Кешкі және демалыс күндері ересек тұрғындар мен жастар үшін дене шынықтыру және спортпен айналысуға мүмкіндік берілген.

Сонымен, 1000 аса ересек тұрғындар кешкі және демалыс күндері балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің (одан әрі-БЖСМ) спорт залдарында айналысады.



Дене шынықтыру және спортты насихаттау сәтті жүзеге асырылуда.

Саламатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды спортқа баулуда белсенді түрі болып спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрінен кәсіпорындар арасындағы қалалық жұмыс Спартакиадасы, мемлекеттік қызметшілер арасындағы Спартакиада, құқық қорғау саласы және медицина мекемелері арасындағы Спартакиада, оқу орындары арасындағы қалалық кешенді Спартакиада болып табылады. Спартакиаданың қортындысы жыл соңында болады.

Тұрғылықты мекен-жайы бойынша 13 спорт нұсқаушыларының жұмыстары ұйымдастырылған. Олардың жұмыстары 13 аула жеткіншектері клубтары және мектептерімен тығыз байланыста.

Ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше назар бөлінген. Сонымен, №1 БЖСМ, №3БЖСМ, «Жасыбай» БЖСМ-да ұлттық спорт түрлерінен - тоғызқұмалақ, қазақ күресі, ат спорты түрлері жүргізіледі.

Қалалық қазақ күресі Федерациясы құрылып, әділет органына тіркелді.

Ұлттық ат спорты түрлері – көкпар, теңге ілу, аударыспақ Ақкөл, Екібастұз ауылдық округтерінде белсенді дамытылуда. Мұнда 4 үлкен және жастар командасы ұйымдастырылған.

Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны Спартакиада есебіне енгізілген.

Дене шынықтыру және спортқа дағдылану әдісін қолданумен мүгедектердің әлеуметтік дағдылануы және оңалдырудың оң нәтижесі байқалады. Спорттың ғимараттарға бару үшін жағдайдар жасалды.

«Өмір» РШО-мен бірлесіп жарыстар өткізіледі, облыстық жарыстарға іс сапарға жіберу ұйымдастырылған.

Мүгедектер спортын дамытуға 300 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін әлеуметтік тапсырыс өсті.

Көру, есту, тірек- қимыл мүшелері зақымданған 459-дан аса мүгедек жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тартылған, ол осы санаттағылардың жалпы есебінен 103 пайызы.

Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Тестілеуін тапсыру бойынша іс-шаралар сәтті іске асырылуда. Президенттік тестің нормативті спорт түрлері еңбек ұйымдары, жастар, оқушылар және т.б. арасындағы қалалық спартакиаданың Бағдарламасына енгізілген. 2015 жылы Президенттік тестілеуге 40 058 немесе 26,3% адам қатысты (2014 ж. -37898 немесе 24%).

2013-2016 жылдарға арналған Павлодар облысындағы қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша бағдарлама нысаналы бағытта іске асырылуда.

Қалада және ауылдық аймақтарда жаппай сырғанау үшін мұз сырғанақтары құйылуда. Сонымен, қысқы кезеңде 37 сырғанақ құйылады, соның ішінде қаланың шағын аудандарында 13 хоккей қорабы, мектептерде 12 сырғанақ, ауылдарда 12 сырғанақ, оның ішінде 2 хоккей қорабы құйылған, «Промсервис Отан» ЖШС жабық Мұз алаңында сырғанау ұйымдастырылған.

Екібастұз қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан «Снежинка» шаңғы базасының қызмет етуі есебінен тұрғындардың қысқы демалысы жаппай және әркелкі өтетінін атап өту керек. Бұнда 300 метр ұзындығымен арқан жолы жабдықталды. Шаңғы трассасы үшін 500 метрге дейін әртүрлі қашықтықта тау беткейі таңдап алынды, қиындық деңгейі – орташа.

Әуесқойлардың қысқы демалысының белсенді жұмысына – үш шаңғы трассасы, оқу беткейі, жарықтандыру және бугельді көтермелері бар. Жылыту пунктері, кафетерий, нұсқаушылар қызметі, дәрігерлік пункт, күзет және сақтау камерасы қызмет атқарады, киіз үй орналасқан.

Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес жыл сайын қыскы уақытта қалалық спортық іс-шаралар өткізіледі. «Шахтер» қалалық мәдениет және демалыс саябағында оқушы жастар , ересек тұрғындар және шаңғы спортының әуесқойлары арасында шаңғы жарысынан жарыс ұйымдастырылады және өткізіледі. Мұнда шаңғыларды жалға беру ұйымдастырылған.

Бюджет және демеушілер қаржысы есебінен 2 хоккей қорабы жиыны, 100 жұптық шаңғы құралдары, 200 жұп коньки сатып алынды.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы бюджеттік бағдарламаны іске асырудың арқасында спортшыларды тәрбиелеу мен спорттық резервке дайындау бойынша кезекті және жүйелі жұмыс қамтамасыз етілді. Мұнда оң нәтижеге қол жеткізілді.

Өткізілген қалалық спорттық жарыстардың қортындысы бойынша есептік кезеңде 2000-нан аса спортшыларға «Үшінші, екінші, жасөспірімдер арасындағы үшінші, екінші және бірінші спорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушысы және спорт төреші санатын беру туралы» спорттық санаты берілді.

Салауатты өмір салын насихаттау бойынша, дене шынықтыру және спорты дамытуға ақпараттық-насихаттау жұмысы тұрақты түрде қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында, Екібастұз қалалық телеарнасында, қалалық сайтта және kazinform сайтында жарық көреді. Дене шынықтыру және спорт жүйесі жағдайының мәселесі: алғашқы кезекті тапсырмалары мен басымдылығы қала әкімдігінің отырысында қарастырылған.

Жалпы, дене шынықтыру және спорты дамыту қаламызда әлеуметтік-экономикалық дамуға және аймақтың жалпы-саясаттық дамуына оң нәтижесін берді.

Сонымен бірге, талдау, спорттық ғимараттардың құрылыстарына және қайта құруға, күрделі жөндеу үшін мемлекеттік қолдау шараларын қажеттілігін қарастыруды көрсетеді.



Ішкі жағы:
- дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қамтуды арттыру:

-спорттық инфрақұрылымды және дене шынықыру-сауықтыруды дамыту;


Сыртқы жағы:

- БЖСМ-да спорт түрлерінен мамандардың жетіспеушілігі;

- спорттық құралдар мен жабдықтардың материалды-техникалық жабдықтарының жетіспеушілігі;
Талдау


Мықты жағы

Мүмкіндіктері

1) дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қамтуды арттыру:

2) спорттық инфрақұрылымды және дене шынықыру-сауықтыруды дамыту;



1) Спортшыларды тәрбиелеу және спорттық резервті дайындау;

2) тұрғындардың спорттық ғимараттарға баруын қамтамасыз ету.




Әлсіз жағы

Қауіптері

1) БЖСМ-да спорт түрлерінен мамандардың жетіспеушілігі;

2) спорттық құралдар мен жабдықтардың материалды-техникалық жабдықтарының жетіспеушілігі;



1) БЖСМ-дағы шұғылданатын жеткіншектер мен балалардың санының төмендеуі;

2) ауылдық округтерде шұғылданатындардың санының төмендеуі.




«Екібастұз қаласы әкімдігінің

дене шынықтыру және

спорт бөлімі» ММ басшысы З. Нұркенова

№2 Қосымша



2.5. Дене шынықтыру және спорт
Мақсаты: Бұқаралық спортты дамыту

р/с

Мақсатты

индикаторлар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жауаптылар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамту санын арттыру, %

25,2

27,0

27,5

28

29,0

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі

Негізгі тапсырмалар



п/п

Көрсеткіш атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жауаптылар

1

2

3

4

5

6

7

8

Тапсырма 2.5.1. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, балалар мен жеткіншектерді қамту

1

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын, балалар мен жеткіншектерді қамту, %

26,6

28,7

28,4

28,5

26,6

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі

2

Дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдану үшін, жұмыс істейтін нысандар саны, бірлік

255

256

263

265

266

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі


3

Өткізілген спорттық-бұқаралық іс-шаралардың саны, бірлік

121

128

131

138

801

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі



Жетістікке жету жолдары:

Қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту үшін келесі шаралар қолданылатын болады:

тұрғындар арасында қалалық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізу ;

спортшыларды спорт түрлері бойынша облыстық біріншіліктерге, облыстық чемпионаттарға іс-сапарға жіберу;



саламатты өмір салты мәселесі бойынша мемлекеттік емес мекемелерді «дөңгелек үстелге», байқауларға, тренингтерге, акцияларға тарту, телебағдарламалар, телеканалдардағы хабар таратушы видеороликтердің жолымен дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тұрғындардың түсінігін қалыптастыру;

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен сабақтан тыс секциялық жұмыстар жүргізу.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет