Бағдарламасы «Экспериметтік психология»



жүктеу 427.9 Kb.
бет3/6
Дата28.04.2016
өлшемі427.9 Kb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Тақырып: Эмпирикалық зерттеу жүйесіндегі бақылау әдісі. 1сағат.


Мақсаты: Психологиялық бақылау әдіс және бақылау берілулерінің объективтілік және субъективтілік критерилері, бақылау процедурасының әдіснамасы туралы студенттерге түсінік беру.

Жоспар:

1.Психологиялық бақылау әдіс және әдістеме ретінде.

2.Бақылау берілулерінің объективтілік және субъективтілік критерилері. 3.Бақылау процедурасының әдіснамасы туралы.

4.Психологиялық зерттеудің басқа әдістерімен бақылаудың қатынасы.



Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Бақылау – ғылыми зерттеулердің ең ескі әдістерінің бірі. Тәжірибе жолымен алынған кез – келген ғылыми білім адам іс - әрекетін немесе табиғат құбылыстарын бақылау негізінде алынған. Сондықтан кең мағынада бақылау деп – эмпирикалық білім алудың кез – келген түрін айтуға болады.



Зерттеуші – бақылаушы тұрмыстық мағынадағы бақылаушы сөзіне

ерекшеленеді:

1. Танымдық мақсаты бар. Осы мақсат бақыла үрдісін жанама етеді және таным шеңберін ары қарай жылжытады. Бақылау пәні ретінде – адамның мінез – құлқы, эмпирикалық көрінулері, адамдардың қарым – қатынасы және топтардың өзара әрекеттері, сонымен бірге ойлар, пікірлер т.б. қарастырылады. Бақылауды зерттеу әдісі ретінде және әдістеме ретінде түсіну қарама – қайшылық тудырмайды, бір –бірін толықтырады. Мақсатына байланысты бақылаушы зерттелетін құбылысты мақсатты қабылдауға немесе сұрыптап іріктеуге тырысады. Танымдық мақсаттар пәндік мазмұнды сұрыптауға әкеледі – нені болжау керек, нені бақыланған факті деп есептеу керек.

2. Бақылаушының белсенділігі – бақылау үрдісін ұйымдастыру, бақылау жағдайын даярлау және таңдау. Берілулерді тіркеуде.

Психологияда бақыланатындар деп есептейді:


  • Индивидтардың мінез – құлқы;

  • Бөтен адамдар іс - әрекеті, оның өтуінің сыртқы формасы;

  • Басқа индивидтардың тілдік санасы, олардың түнде көрінуі;

  • Эмоциялық күйлердің формалары;

  • Жеке адамдар қасиеттері, қылығында көрінетін жеке адамдардың өмірбаяндық жолы.

2. а) Бақылау және зерттеу мақсаттары. Зерттеу мақсаттары

мазмұнына байланысты:



б) Сипаттау бірліктерінің тәуелділігін бақылау.

Жүйелі бақылаубақылаушы ұғымдарды құрылымдаудың белгілі ережелері бойынша жүзеге асырады.

Бақылау жүйелілігізерттеу мақсатына сай бақылау бағыттарының болуы, объектінің жақтарын қарастыру, анықтау.

в) Болжамды тексеруге қатысты бақылау.

Эвристикалық бақылауболжамды тексеруге бағытталған.

г) Бақылаушының позициясын есепке алу көзқарасындағы бақылау.

  • Сырттан бақылаубақылаушы зерттелетін объектіден толықтай бөлінген;

  • Қосылу бақылау – объектіні бірге жүріп бақылау, бақыланушы – топ адамдарының бірі болады;



  • Іштей бақылаудың өз артықшылығы және кемшілігі бар.Бір жағынан ол зерттелетін шындыққа тікелей қосылуға көмектеседі, екінші жағынан тікелей қосылу бақылаушының есебінің объектілігіне әсер етуі мүмкін. Кейбір бақылау түрлері сырттай және іштей бақылаудың арасында болуы мүмкін. Мысалы, ұстаздың сыныпты бақылауы, психологтың, кеңес берушінің бақылаулары.

д) Ұйымдастырылуына байланысты бақылау түрлері. Бақылау жағдайына байланысты 3 топқа бөлінеді:

  • Далалық – бақыланушы табиғи өмір жағдайында болады. Бақылаушы жағынан бастама болмайды

  • Лабораториялық – адамның мінез – құлықтарын, психикасының басқарылу көріністерін, формаларын, зерттеудегі жасанды жағдай.

  • Табиғи жағдайды арандату бұл табиғи экспериментке ұқсас болып келеді.

е) Бақылауды хронологиялық ұйымдастыру. Бұл үш түге бөлінеді:

  • Лангитюдті – бұл ұзақ уақыт жүргізіледі, көптеген жылдар, зерттеу объектісімен үнемі қатынаста болады.

  • Кезеңдік – хронологиялық ұйымдастырудың кең таралған түрі.

  • Жеке – жеке жағдайды сипаттау түрінде болады.Жүйелі немесе кездейсоқ бақылау нәтижелерінің құбылыстарының типтік көрінуі.

ж) Бақылау және бақылау есептерінің түрлері. Сипаттау тәсіліне байланысты:

  • Стандартталған – бақыладың негізгі категориялары көрсетілген, қайсысын тіркеу керек екені, бақылау реті, оның кезектігі және т.б.

  • Стандартталмаған – белгілі мақсаттармен тіркейді, бірақ арнайы шектеусіз, неге назар аудару керек, қандай сәттерін тіркеу және т.б.

Зерттеу протоколы. Бақылау схемасына бақылау барысында бақылаушының есебінің белгілі сәттері кіреді. Бақылау берілулері хаттама, күнделік, естелік немесе жеке жазулар формасында тіркеледі.

Хаттама (протокол) – жиі пайдаланылатын жазу формасы, ол кезеңдік бақылауларда пайдаланылады және бақылау барысында тікелей жүргізіледі.

Күнделік – жалғасқан бақылауда қолданылатын жазу формасы, жазу күніне бір рет, бірнеше күнде бір рет жазылады, бақылаушы есте сақтағанын еркін түрде жазады, оның зейінін өзіне аударғанын жазады.

Жеке жазулар (естелік) – жеке бақылауларды немесе бақылаудың қосымша тәсілі ретінде пайдаланылғанда тіркеледі.

Бақылау процедурасы ұғымына: бақылау әдісін нақтылау және оны жүзеге асырудың негізгі этаптарының кезектерін анықтау және берілулерді тіркеуге пайдаланылған техникалық құралдарды пайдалану.

Бақылау процедурасы белгілі әдістемені жүзеге асыру ретінде:



  • Даярлық кезеңі – бақылау объекті туралы бастапқы көрінулерді салыстыру, жағдай, зерттеушілер бақылау әдістемесін таңдау.

  • Бақылау схемасын жасау кезеңі - немесе нақты жоспарлар, бақылау технологиясын таңдау, оны пайдалану керектігін анықтау. Жоспарды нақтылау үшін алдын ала сеанс жүргізеді немесе генеральная репетиция.

  • Бақылау өткізу кезеңі – бұл эмперикалық (тәжірибелік) материалдар алу үрдісі, оның нәтижесі протокол болып табылады, яғни бақыланатын жағдайды тіркейтін құжат.

  • Соңғы кезең – нәтижелерді өңдеу және талдау.





1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет