Бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »



жүктеу 3.38 Mb.
бет25/53
Дата25.04.2016
өлшемі3.38 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
: attributes
attributes -> Бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »
attributes -> Дуллоҳ Шариф Нашрга тайёрловчи
attributes -> Росулуллоҳнинг овқат олдидан таҳоратлари, таомдан аввал ва кейин айтадиган дуолари ҳамда қадаҳлари баёни ҳақидаги боблар

43. Компьютерлік қызмет



1. Жалпы ақпарат. Сіз клиенттеріңізге ұсына алатын компьютерлік қызмет көрсетудің өте кең спектрі бар, мәселен, компьютерлік сервис, компьютерлік техникаға абоненттік қызмет көрсету, компьютерлерді жөндеу.

Бизнесті өркендету мақсатында клиенттеріңіздің көңілін оларға антивирустық бағдарламаларды тегін сыйлау арқылы аулауыңызға болады. Мысалы, бәсекелестерге қарағанда телефон арқылы тегін кеңестер беру сіздің бір ерекшелігіңіз бола алады. Тұтынушылардың қалауы бойынша оқыту шараларын да ұйымдастыруға болады.



Көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту мақсатында кәсіби компьютерлік қызмет көрсетумен қатар, компьютерлерді жедел жөндеу, компьютерлік жүйелерді салу мен іске қосу, программалық қамтамасыз етуді жасау және оларды орнатуды жүзеге асыруға болады.

Клиенттерге жасалған жағдайлар:

  • Әр клиентпен тәулігіне 24 сағат жұмыс жасау;

  • Кез келген компьютерлік қызмет көрсетуді ұсыну.

  • 1 сағат ішінде белгіленген жерге барып, компьютер жөндеу.

  • Телефон арқылы тегін кеңестер беру.

  • Тәжірибелі мамандар.

Мұндай проблемаларды жылдам әрі сапалы шешуді тек тәжірибесі мен арнайы құрал-жабдығы бар мамандар орындай алады.

2. Ғимарат. Бастапқы кезеңде сіз бұл бизнес түрін үйде отырып-ақ жүзеге асыра аласыз, арнайы орынды жалға алудың қажеті жоқ. Уақыт өте келе бизнесіңіз жүре бастағанда, тұрақты клиенттер пайда болғанда, кеңсені жалға ала аласыз.

3. Көрсетілетін қызмет түрлерінің шарттары. Маманның келуі үшін клиент төлемейді, ол тегін баратын болады. Әдетте алдын-ала телефон арқылы болған әңгіме барысында негізгі проблеманың басы ашылады. Бұл көлік және қосымша басқа шығыстарды қысқартып, клиенттерді тартуға көмектеседі, шақырылған маманның сапалы қызмет көрсетуі үшін дәл сол жағдайға қажет құрал-жабдықтарды ала баруына септігін тигізеді. Мұндай қызмет көрсету үшін сіздің түрлі құрал-жабдықтарыңыз болу керек. Егер шақырылған жерге келіп, өзімен бірге әкеле алмайтын үлкен көлемді арнайы жабдықтарсыз компьютерді жөндеу мүмкін болмай жатса, онда маман керекті құжаттарды толтырып, оны заманауи құрал-саймандармен жабдықталған компьютерлік орталыққа жеткізіп салады. Егер жедел жөндеу барысында белгілі бір бөлшек ауыстырылса, онда клиент ол затқа 1 жылға кепілдік алады. Сонымен қатар, оған жинақтаушы жеңілдіктер жүйесі ұсынылады.

Сіз көрсете алатын қызмет түрлері:

  • компьютерлерді үйге келіп жөндеу;

  • компьютерлік көмек;

  • бағдарламаларды іске қосу, ретке келтіру;

  • компьютерлерді ретке келтіру;

  • Windows XP, Vista, 2000 қайта қою;

  • вирустарды емдеу мен жою;

  • LAN және WI-FI жүйелерін іске қосу мен реттеу;

  • компьютерлерді жинау;

  • кеңсеге құлып салу;

  • ноутбуктарды жөндеу мен апгрейд;

  • мекемеге абоненттік қызмет көрсету;

  • кез-келген перифериялы жабдықпен жұмыс және басқа да компьютерлік қызмет көрсетулер.

4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығыстар:

Құрал-жабдықтар жиынтығы – 6 000 теңге.



4.2. Табыс:

  • операциялық жүйе орнату – 3 000 – 4 000 теңге.

  • бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату (қызмет) – 1 000 – 1 500 теңге.

5. Пайдалы сілтемелер:

http://help-user.ru/

http://kursymaster.ru/

http://www.bgsha.com/ru/learning/course/lesson.php?COURSE_ID=7&ID=408

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «компьютерлік қызмет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

44. Корпоративтік тамақтандыру (кейтеринг)





  1. Жалпы ақпарат. Кейтеринг   қызмет көрсету саласындағы жаңа бағыт. Бұл бизнесте клиенттерге қызмет көрсетудің екі түрі бар. Бұл көшпелі кейтеринг (шақырған жерге барып қызмет көрсету), онда банкеттер, мерейтойлар мен фуршеттер ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетіледі. Бұндай қызмет көрсетулер көшпелі мейрамхана түрінде жүргізіледі және кейтерлердің өздерінің айтуынша аса рентабельді болып табылады. Мұндай шаралардан түсетін табыс шамамен 30%-ды құрайды.

Кейтерингтің басқа санаты – бұл корпоративтік клиенттерге стационарлық қызмет көрсету, оларға «абоненттік» негізде, яғни тағамды күн сайын әзірлеп, жеткізіп беру. Мұның табыстылығы төмендеу, бірақ тұрақты клиенттерге бағытталуы есебінен бұл қызмет көрсетудің түрі кейтерлердің күнделікті табысын қамтамасыз етеді.

  1. Ғимарат. Бизнестің бұл түрін тамақты өз үйіңізде жасау арқылы бастаған жөн. Бастапқы салым мүлдем аз, бірақ айналым да көп емес. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, тіпті мұндай жағдайда да ай сайынғы таза табыс аз емес. Оның үстіне, сіз клиенттермен сенімді, тіпті қарапайым қатынас орнатасыз және әрқайсысының тапсырысын қанағаттандыра алатын боласыз.

  2. Құрал-жабдықтар. Бұл бизнесті жүзеге асыру үшін арнайы құрал-жабдықтардың қажеті жоқ. Сізге тек мыналар ғана керек болуы мүмкін:

  • калькуляция мен бухгалтерия жүргізу үшін бір компьютер;

  • телефон аппараты, хабарландыру беріп, тапсырыстар алу үшін;

  • жеке тапсырыстар үшін бір реттік ыдыстар;

  • тапсырыстарды орындау үшін ас үй ыдысы.

  1. Технология. Қоғамдық тамақтандырудың кейтерингтік сегментіндегі шығыстарға мыналар жатады: азық түлік пен бірреттік (ланч бокстар) ыдыс аяқтарды сатып алу, ас дайындау, түскі асты корпоративтік клиенттерге жеткізу. Бұл бизнестің табысты болуы үшін жеткізілетін азық түліктің сапасы мен оны дайындау маңызды болып табылады.

  2. Сату. Кейтеринг үшін тағы бір маңызды нәрсе, коммерциялық тұрғыдан алғанда, қызықты клиенттер іздеу болып табылады. Бұл жерде баға сапа қатынасын сәйкесінше сақтау маңызды. Қызметтің бағасы ең алдымен клиент компания басшылары үшін, ал ас сапасы тұтынатын жұмысшылар үшін маңызды. Компаниялардың, орта есеппен алғанда, тамақтануға ай сайын бір қызметкер үшін 10-12 мың теңге жұмсайтынын негізге алу керек. Кейтерингтік қызмет жарнамасы үшін интернеттегі жарнама, директ мейл, әлеуетті клиенттерге телефон шалу маңызды. Клиенттерді іздеу барысында ескеретін тағы бір мәселе, бұл бизнестегі ең жақсы жарнама – көрсетілетін қызмет сапасына қатысты клиенттердің жақсы пікірлері мен ұсыныстары.

Өз кейтерингтік бизнесіңізді құру барысында ескеретін маңызды мәселелер:

  • Бәсекеге қабілетті баға. Көптеген компаниялар бірінші кезекте корпоративтік тамақтандырудың бағасына назар аударады.

  • Сапа. Бұл жағынан бәрі түсінікті, ұдайы жоғары сапалы түскі ас ұсына алмайтын компаниямен ешкім де ұзақ жұмыс істемейді.

  • Ассортимент. Корпоративтік тамақтандыруды ұйымдастыруда үнемі жаңартылып тұратын ас мәзірін ұсына білу керек.

  • Түскі ас алдын ала келісілген уақытта жеткізілуі қажет, кешіктіре беру клиенттен айырылып қалуға әкеп соқтырады.

Кейтерингтік бизнесті ұйымдастыруда ең қиыны – барлық нәрседе (тағамнан бастап жеткізіп беруге дейін) тұрақты жоғары сапаны қамтамасыз ету. Корпоративтік клиенттер ақша төлеуге әрқашан дайын, бірақ ұсынылатын қызметке жоғары талап қояды. Бір компания ішінде сапалы әрі арзан, ассортименті кең аспаздықты, түскі ас жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін сауатты логистиканы, шағын автопаркті, сыпайы қызметті сәтті үйлестіру қажет.

  1. Кофе брейк және түскі ас ұйымдастырудың болжамды есептеулері.

Орта есеппен алғанда, кофе брейктің адам басына белгіленген бағасы – 800-1000 теңге, ал оның өзіндік құны – 200-250 теңге.

Әдетте кофе-брейк тәтті және бутербродты жеңіл тағамның үш түрінен немесе тәтті наннан, кофе мен шайдан тұрады. Сонымен қатар, бұл бағаға қызмет көрсету, дастархан, қала ішіндегі көлік, майлықтар мен ыдыстар кіреді.

Бір адамның түскі асының бағасы 1 500-2 000 теңге, ал оның өзіндік құны 300-400 теңге. Әдетте бұл бағаға екі ыстық тамақ пен салат, 0,3 литр шырын, нан, майлық, ыдыс, дастархан, көлік шығыны кіреді.


  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.eastline-catering.ru/book10.php - калькуляция туралы ақпарат

http://www.menu-cafe.ru/

uRI&hl=ru&ei=AZlFTITOG9nesAbu39SSAQ&sa=X&oi=book_result&ct=result&resnum=10&ved=0CDoQ6AEwCQ#v=onepage&q&f=false

http://www.classic.su/

http://grilltime.com.ua/publ/kejtering_ili_kak_zarabotat_v_obshhepite_ne_imeja_svoego_restorana/1-1-0-7

http://www.blackcoffee.ru/modules/articles/singlelink.php?lid=93

http://www.prostobiz.ua/biznes/biznes_start/putevoditeli/na_obedah_v_ofis_mozhno_zarabotat_do_1000



1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет