Бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »



жүктеу 3.38 Mb.
бет3/53
Дата25.04.2016
өлшемі3.38 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
: attributes
attributes -> Бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »
attributes -> Дуллоҳ Шариф Нашрга тайёрловчи
attributes -> Росулуллоҳнинг овқат олдидан таҳоратлари, таомдан аввал ва кейин айтадиган дуолари ҳамда қадаҳлари баёни ҳақидаги боблар

5. Күнбағыс өсіру

1. Жалпы ақпарат. Күнбағыс – күрделі гүлдесін тұқымдасына жататын өсімдік. Оның шамамен 90 ға тарта біржылдық және көпжылдық түрлері кездеседі. Үлкен гүлшоғырлары бар күнбағыстың ашық сәулелі жапырақшалары бір қарағаннан-ақ күнді еске түсіреді. Бұдан бөлек, бұл өсімдік басын үнемі күнге қаратып, шығыстан батысқа дейінгі күн ізімен оның соңынан еретін ерекше қабілетке ие.


Өндіріс циклі көктемде басталып, күзде аяқталады және сорты мен технологиясына қарай бар жоғы 100-150 күнге созылады. Бұл бастапқы өніп-шығу кезеңінен гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді, дәлірек айтқанда біздің климатымызға бейім өсімдік болып табылады.

Сондықтан, күнбағыс өсіру – аса қарапайым, қаржы салымын аз мөлшерде қажет ететін, жоғары рентабельді, өзін-өзі аз уақыт ішінде ақтайтын ақша табудың түрі.

Кұнбағыстың пістелері (дәндері) өте пайдалы. Олардың құрамында май, құнды өсімдік ақуыздары, көмірсулар, өзек, лецитин бар. Түрлі микроэлементтерге бай, сондықтан да магний, темір, мырыш, селенит, йод жетіспеушілігі кезінде көкөніс дәндерінің пайдасы тиеді.

2. Күнбағыс түрлері. Ең көп тараған түрі – майлы күнбағыс. Күнбағыстың бұл түрі әлемнің барлық жерінде өседі және күнбағыс майын өндіру үшін пайдаланылады. Майлы күнбағыстың 4-5 метрлі толық сабақтары, кәдімгі немесе бұтақты, бір немесе бірнеше кішкене бастары болады; жалғыз бастыларының ені кейде жарты метрге (әдетте – 15-20 см) дейін жетеді; шетіндегі гүлдері сары, орта тұсы күлгін түсті болып келеді. Күнбағыстың жемісі – сопақша, төрт қырлы немесе бүйірінен сығымдалған дән, ол жеміссеріктен (қабық немесе қауыздан) және тұқым қабығымен жабылған ақ дәннен (өзек) тұрады.

Сондай ақ күнбағыстың көп тараған түрінің бірі – біржылдық. Сабағы тығыз, биіктігі 2,5 м дейін тік өседі. Жапырақтары кезекпе кезек, ірі, жүрек тәрізді, бұдырлы, ұзын сап бойына орналасқан. Гүлдері сары, жоғары ұшты, үнемі күнге қарай бұрылып тұратын ірі себетке жинақталған. Жемісі – жолақты немесе қара түсті сопақша жұмыртқа тәріздес дән. Ол ұдайы күннің сәулесін, топырақтағы ылғал мен құнарлы заттардың болуын қажет етеді.



3. Өсіру әдістемесі және технологиясы. Күнбағыс өсіру қиын емес. Ол кез келген бақша топырағында жақсы өседі, алайда жеңіл және құнарлы топырақты ұнатады. Оның өсетін орнын күн жақсы түсетін жерден таңдау керек. Күнбағыс көктемде топыраққа тұқымын себу арқылы көбейеді, ал көпжылдық түрлері – көктемде немесе күзде түптерінің бөлінуі арқылы өседі. Тұқымды сәуір мамыр айларында тікелей ашық топыраққа 30 х 40 см тәсілі бойынша 2-3 дәннен 2-5 см. тереңдікке себеді. Тұқым +5С температурада өне бастайды. Күнбағыстың гүлдеуі көктесін пайда болғаннан кейін 75-80 күн өткен соң ғана басталады. Өсімдік ерекше күтімді қажет етпейді. Тұқым 3-4 жыл өнгіштікті сақтайды. Күнбағысты 3-4 жыл өтпей бұрынғы егілген орнына қайта өсіруге болмайды. Оған тағайындалған учаскені күзден бастап 20 см.-ден кем болмайтындай етіп аудару керек.

Күнбағыстың күтімі өте қарапайым: қатарлар арасы арамшөп өсімдіктерінен еркін, ал топырағы борпылдақ болуы керек. Күнбағысты уақытылы егу оны қыркүйек айының басында жинауға мүмкіндік береді. Осы уақытта көбінесе қажетті ылғал деңгейіндегі жоғары сапалы пісте алуды қамтамасыз ететін қолайлы ауа райы болады.

Өнімді жинауға шамамен бір жарым ай уақыт кетеді. Күнбағысты басын өткір пышақпен қесу арқылы қолмен жинайды. Өте ылғалды пістелерді 8-10 күн бойы сабағының түбіріне кесілген себеттерді кигізу арқылы кептіреді. Егістіктен жиналған күнбағыстар қырманға – қоймадағы арнайы орынға жеткізіледі, ол тек екі қабырғаға орналастырылады, өйткені қойманың алдыңғы жағындағы қабырғаның болмауы, қажетті ауа алмасуын қамтамасыз етеді.

Бірден кептіру жақсы желдетіліп тұратын қараңғы қоймаларда жүзеге асады. Кептірілетін орындағы температура 40-50°С болуы тиіс. Матадан жасалған қаптарда 2 жылға дейін сақтайды.



4. Өткізу. БАҚ та күнбағыс тұқымын көтерме сату туралы хабарландыру беруге болады. Одан кейін қуыру және бөлшектеп сату үшін, күнбағыс майын шығаруға, сондай ақ нан тоқаш және кондитерлік өндіріске пайдалануға болады.

5. Болжамды есептеулер.

5.1 Шығыстар жерді жалға алмайтыныңыз ескеріліп есептелген.

1 га жерге егу үшін 5-10 кг тұқым қажет. Мәселен, Сізде 10 га * 10 кг = 50 кг * 70 теңге = 3 500 теңге.



5.2. Табыс:

1 га жерден 8-10 центнерге дейін өнім алуға болады. 10 га * 8 ц = 80 ц өнім = 800 кг * 70 теңге/кг = 56 000 теңге.



6. Пайдалы сілтемелер:

http://www.farmer-business.info/view_ideas.php?id=2

http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D1%81%D0%BE%D0%BB%D0%BD%D0%B5%D1%87%D0%BD%D0%B8%D0%BA

http://flower.onego.ru/other/helianth.html

http://www.ask-technik.kz/product/show/id/14

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «күнбағыс өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

6. Шалғам өсіру



1. Жалпы ақпарат. Шалғам – қыстың күні ағза үшін таптырмас пайдалы заттардың қайнар көзі. Шырынды, кіртілдек шалғам көптеген өзектерден, пектинді заттардан және минералды тұздардан тұрады. Құрамында темірі жоғары, оның үстіне оңай сіңетін болғандықтан шалғам гемоглобинді арттырып, қан түзілуіне жәрдемдеседі. Онда құнды дәрумендер мол: С, В1, В2, РР. Әрине, аталған дәрумендер апельсинде, қырыққабатта және қарақатта айтарлықтай көбірек, бірақ шалғам түйінінің құрамындағы С витамині жарты лимонды, үш қызанақты немесе оншақты қараөрікті алмастыра алады. Ал бұл осы дәруменге деген тәуліктік адам қажеттілігінің жартысы деген сөз. Шалғамның ащы дәмі мен жұпар исі көбінесе оның құрамындағы органикалық қышқылдарды және эфир майы – сульфорафенді білдіреді.

Шалғамнан жасалған тағам, әсіресе жеңіл салаттар, бірқалыпты өт айдайтын және ісікке қарсы қасиетке ие, сонымен қатар тәбетті де ашады. Шалғамның құрамындағы ферменттер ақуызды тағамдардың жақсы сіңуіне септігін тигізеді, зат алмасуды күшейтеді. Ал бұл семіздіктен, сусамыр (қант диабеті) және тұз байлану ауруларынан зардап шегетіндер үшін маңызды. Осы ауруларға шалдыққандар үшін шалғам шырыны өте пайдалы.



2. Шалғам сорттары. Шалғамның еуропалық сорттары тез пісетін (20-25 күн) және гүлденуге орнықты болып келеді. Олар: Ерте қызыл, Дека, Заря, Жара, Сакса, Мұзды сүңгі, Француз таңғы асы де. Қытай шалғамының сорты біраз кешірек (40-50 күн) піседі, оларды жазғы уақытта егіп, өсірген дұрыс, тамыр жемістері тауарлық сапасын 2-3 айға дейін сақтайды, бұлар: Қызыл Алып, Дарози сурх, Эртапишар.

3. Шалғамды өсірудің әдісі мен технологиясы. Жазда шалғамды бау бақшаларда және бақша маңы учаскелерінде өсіреді. Өсіру технологиясы сәбіз бен қияр және т.б. ұқсас болып келеді.

Шалғамды қыстың күні үй жағдайында өсіруге болады, әрі ол мұндай жағдайда тәттірек және ірірек болады. Қапырық та, жаңбыр да, жел де үйде өсірілетін шалғамға кедергі келтірмейтіндіктен ол әрбір үшінші аптада тұрақты түрде өнім береді. Бір апта оны сатуға кетеді және жаңа ай басталғанда жаңа партиясын өсіруге болады.

Өсірілетін жер кең, жарық, мәселен үйдегі бөлмелердің бірі, жақсы гараж немесе абаттанған жертөле болуы керек. Шалғамды қыстың күні өсіру үшін топырақ, жәшіктер және оның тұқымы керек. Топырақтың кез келгені жарайды, тіпті бақшадан да алуға болады, ең бастысы онда арамшөп болмауы үшін оны електен өткізіп алу керек. Жәшіктерді оргалиттен жасауға, ал тұқымды дүкеннен сатып алуға болады – олар жыл бойы сатылады. Бөлмелерде барлық қабырғаларға сөре жасап, ортасына стеллаждар қойған жөн. Содан кейін жәшіктерді електен өткен топырақпен толтырып шалғамның тұқымын отырғызу керек. Бірақ өсімдіктердің аз уақыт ішінде бір-біріне кедергі келтіруіне алып келетін тығыздап отырғызудан сақтану үшін, тұқым егудің алдында қатарларды маркермен өлшеп белгілеу қажет, содан соң ғана белгіленген ұяшықтарға 1 тұқымнан сепкен дұрыс. Алайда, тұқымның өнгіштігін тексеруді ұмытып кетпеңіз, ол 85%-дан төмен болмауы керек. Ерте сорттылар үшін өсімдіктердің арақашықтығы 5х5 см. Жазғы сорттылар үшін қатарлап егу кезінде - 7х7 см сақтаған, маркерсіз жоғарыда көрсетілген қашықтықта жиектеу қажет.

Жаңадан бастап жүрген көпшілік бақшашылар өсімдік арасын уақытылы сиректетпеген үшін шалғамнан мол өнім ала алмайды. Өсімнің алғашқы кезеңінде көп суғарудың қажеті болмайды, бірақ тамыр жемісі қалыптаса бастаған кезден ұдайы суғарған тиімді. Су жетіспеген жағдайда тамыр жемісі ұсақ, ағаш сияқты, ұзын кедірлі түбірге айналып шығады. Суғарудан бөлек аптасына бір рет минералдармен тыңайту қажет. Ал үш апта өткен соң өнімді жинап, сатуға шығаруға болады.



4. Өткізу нарығы. Шалғамды сататын уақыт келгенде оны кез келген көкөніс дүкендеріне, базарларға өткізуге болады. Бәлкім, сіз үнемі барлық өнімді бірден сатып алатын, Сізбен келісім жасайтын саудагерді тауып аларсыз. Ондай жағдайда, өзіңіз өсірген өнімнің барлығын бірден нақты ақшаға өткізесіз және табысды есептеп, сатып алушыны іздеп шаршамайсыз. Орнықтылық үшін газетке жарнама беріп қоюға да болады, оны мынадай мазмұнда жазса орынды сияқты: «Шалғамды көтерме бағада сатамын» ары қарай оның дәмділігі мен ағза үшін маңыздылығы туралы бір-екі ауыз сөз қосқан артық болмас. Барлық жақын маңдағы мейрамхана, дәмханаларға өзіңіздің ұсынысыңызды айтып, қоңырау шалып шығыңыз, мүмкін олар шалғамды үнемі алып тұру үшін сізбен келісімшарт жасағысы келер.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

  • Тұқымы - 10 қорапша (10 данадан) * 350 теңге (1 қорапшаның құны) = 3500 теңге.

  • Минералды тыңайтқыштар (1 қорапша) = 250 теңге.

  • Жәшіктер -10 дана * 100 теңге = 1000 теңге.

Барлығы: 4 750 теңге

5.2. Табыс:

Жазда шалғам сату 1 байламы (5 шалғам) - 150 теңге, 20 байлам үшін барлығы = 3 000 теңге.



Қыста 1 байлам үшін - 400 теңге, 20 байлам үшін барлығы = 8 000 теңге.

6. Пайдалы сілтемелер:

http://www.delaysam.ru/sadovodstvo/sadovodstvo37.html

http://www.vashsad.ua/plants/open_ground_plants/more_plants/show/2391/

http://www.fermer.ru/sovet/rastenievodstvo/3008

http://www.supersadovnik.ru/article_plant.aspx?id=1000568



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет