БАҒдарламасы есік 2014 Құрылымы №



бет1/9
Дата01.05.2016
өлшемі1.32 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ

БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ


ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Есік 2014
Құрылымы




Атауы




1.

ПАСПОРТ




2.

Ағымдағы жағдайды талдау




2.1.

Өңірдегі жағдайдың оң және кері жақтарын бағалау, сонымен бірге олардың елдің әлеуметтік экономикалық және қоғамдық саяси дамуына тигезетін әсері




2.2.

Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау




2.2.1.

Экономикалық даму







Өнеркәсіп







Қазақстанның мазмұнның дамуы







Ауыл шаруашылық







Туризм







Құрылыс







Шағын және орта бизнес







Сауда мен қызмет көрсету саласы







Мемлекеттік бағдарламаның жеделдетілген индустриалды инновациялық даму бойынша жүзеге асыру







Инвестициялық қызмет







Индустриалдық-инновациялық даму







Аумақтың экологиялық түйінді мәселелері







Бәсекелестікті дамыту




2.2.2.

Әлеуметтік сала







Демографиялық әлеует







Еңбек нарығы







Халық өмірінің деңгейі







Денсаулық сақтау







Білім беру







Мәдениет







БАҚ







Тілдер







Cпорт







Мемлекеттің үкімет емес ұйымдармен әріптестігі







Ұлтаралық келісім, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуі, жастар саясатын дамуы







Қоғамдық қауіпсіздігін және құқылық тәртібін қамтамасыз етуі







Азаматтық қорғаныс




2.2.3.

Инфрақұрылымдық кешені







Электрмен жабдықтау







Сумен жабдықтау және суды бөлу







Газбен жабдықтау







Автомобиль жолдары мен көлік







Инфокоммуникация




2.2.4.

Аумақтық (кеңістіктік) дамуы




2.2.5.

Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі




2.3.

Орта мерзімді келешектегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері мен бәсекелестік артықшылықтарының, тежеу факторының, тәуекелдерінің негізгі келелі мәселелердің кешенді сипаттамасы




3.

ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ







Шешуші индикаторлар




4.

НЕГІЗГІ МАҚСАТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР МЕН НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ







1 БАҒЫТ. Экономика







1-мақсат. Экономиканың сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз етуі







2-мақсат. Жоғары технологиялық, экспортқа бағытталған өндірістерді құрумен үдемелі индустриалды-инновациялық даму арқылы өнеркәсіпте құрылымдық өрлеу







3-мақсат. Агро өнеркәсіп кешенінің бәсеке қабілеттілігінің өсімі







Цель 4. Шағын және орта кәсіпкерлікті







Цель 5. Инновацияларды дамыту және инвестицияларды тарту







2 БАҒЫТ Әлеуметтік сала







1-мақсат. Білім сапасын мен қол жетімділігн қамтамасыз ету







2-мақсат. Халық денсаулығын жақсарту







3-мақсат. Азаматтардың әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі







4-мақсат. Отандық мәдениетін жария ету мен мемлекеттік тілді дамыту







5-мақсат. Бұқаралық спорт пен туризм индустриясын тұрақты дамыту







6-мақсат. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуі







3 БАҒЫТ. Инфрақұрылым







1-мақсат. Құрылыс







2-мақсат. Көлік инфрақұрылымын жақсарту







3-мақсат. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту







4 БАҒЫТ. Ауылдық аумақтарды дамыту, экология







1-мақсат. Ауылда қалыпты өмір сүру жағдайын жасау және ауылдық жерлердің әлеуетін жақсарту







2-мақсат. Ауданның экологиялық ахуалын жақсарту







5 БАҒЫТ. Мемлекеттік қызметтер







1-мақсат. Мемлекеттік жергілкті басқару және өзін-өзі басқару органдары қызметнің тиімділігін арттыру




5.

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР




6.

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ





1. ПАСПОРТ



Атауы

Еңбекшіқазақ ауданының 5 жылға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу

негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» № 827 жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 1 ақпанындағы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық дамуы» №922 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы туралы» № 958 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Аудан аумағының көлемі 8,3 мың км (Алматы облысының жалпы көлемінің – 3,7%), облыстың ортасында орналасқан.

Әкімшілік орталығы – Есік қ. Шығысында – Ұйғыр, оңтүстікте – Райымбек, батыста – Талғар, солтүстікте – Кербұлақ ауданмен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 200 км, оңтүстіктен солтүстікке – 60 км созылады.

Аудан құрамында 1 қала (Есік қ.) аудандық бағынысты және 25 ауылдық елді мекен.

Халық саны 2014 жылдың 01 қаңтардағы көрсеткіші бойынша 283,3 мың адам, халқының орналасу тығыздығы орташа есеппен 1 км2 жерге 26,4 адамды құрайды. Халық құрамы 46 ұлт пен ұлыстардан тұрады.

Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы – Алматы қаласының жақын орналасуы маңызды фактор болып табылады.

Бағыттары

Аудан экономикасының дамуы;

Әлеуметтік сала мен адам әлеуетін дамуы;

Инфрақұрылым кешенінің дамуы;

Өңірлік (кеңістіктік) 09рылымды дамыту;



Мемлекеттк жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін дамыту

Бағдарламаның мақсаттары

- Экспортқа бағытталған, жоғары технологиялық өнімдерді шығару арқылы, индустриялдық-инновациялық үдемелі даму жолымен өнеркәсіптегі құрылымдық серпініс;

- Ауылшаруашылығы өнімін өңдеудің жетілдірілген жүйесін жасауға бағытталған агроөнеркәсіп кешенің дамыту;

- Бизнес ортаны жетілдіру;

- Әлеуметтік сала мен еңбек ресурстарын дамыту есебінен тұрғындар өмірінің деңгейн көтеру, барлық сапалы әлеуметтік қызмет көрсету түрлерімен қамтамасыз ету;

- Экономика мен халық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін инфрақұрылым кешенін дамыту;

- Аумақтың серпінді дамуы есебінен облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін теңестіру;

- Жергілікті атқару органдарының мемлекет саясатын іске асыру жұмысын мейлінше жетілдіру және аппарат жұмысының тиімділігін арттыру

Міндеттер

- Өңдеу өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қаблеттілігін арттыру;

- Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

- Азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешеннің шикізат қорының сапасын жоғарылату;

- Экспортқа шығаруға бағытталған кластерлі негіздегі ауыл шаруашылығы өнімін өңдеудің дамыған жүйесін құру;

- Өңір экономикасының инновациялық, өндірістік және басқа да салаларында шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

- Сауданы, қызмет көрсету мен туризмді дамыту;

- Жаңа келешекті бағыттарды дамытуға инвестиция тарту;

- Барлық білім деңгейінің мүмкіндігі мен сапасын арттыру;

- Азаматтардың денсаулығын нығайту, ауруларды бәсеңдетуі, денсаулық сақтау ұйымдарының қаржыландыру мен басқаруды жетілдіру, медициналық жәрдем мен дәрілердің сапасын және тиімділігін қамтамасыз етуі, елді мекендерді дәріхана пунктімен 100 % қамту, соның ішінде жылжымалымен, салауатты өмір салтын жүргізуге жағдай жасау, кадрларды даярлау және қайта даярлау жолымен біліктілікті арттыру;

- Жұмыссыздықтың азаюы, еңбек ресурстарын кәсіпқой түрде даярлаушылық және әлеуметтік көмегін көрсету, мұқтаж болған халық топтарына арнайы қызметін көрсету;

- Өңірдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізуі және қатаң қор жинау саясатын жүргізу;

- Көлік инфрақұрылымы мен ауданның транзиттік әлеуетін дамыту;

- Газбен қамту және сумен жабдықтау жүйелерін дамыту және жаңғырту;

- Қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету және табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану;

- Ауылдық елді мекендердің кешенді тәсілдемесін дамуын қамтамасыз етуі;

- Жергілікті атқару органдардың жұмысының нәтижелелігі мен тиімділігін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту.

Жүзеге асыру кезеңдері

I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 – бірінші кезектегі іс-шараларды жүзеге асыру.

II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар. Бағдарламада койылған міндеттерді шешуге арналған жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру және ауданның әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз жасау.

Мақсатты

индикаторлар

- Өңдеу өнеркәсібінде шығарылған өнім өндірісінің нақты көлем көрсеткіші 2015 жылы 107,9 % құрайды;

- Мүйізді ірі қара мал етінің экспортын даму деңгейін жемдеу алаңдардың салу жолымен 2015 жылы – 132 тоннанды құрайды;

-Өңдеу өнеркәсіпке инвестиция көлемі 2015 ж 1,8 есе өседі;

-Мектепке дейінгі балалардың оқытуы мен тәрбиеленуін қамту бойынша, білім ұйымдарда 53,5% жетеді;

- Халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 2015ж. – 71,1 жасты құрайды;

- жалпы өлім деңгейі 2015 ж 1000 адамға шаққанда 9,6 азаяды;

- ана өліміне жол берілмейді;

-нәрестенің шетінеуі – 1000 нәрестеге шаққанда 2015 ж 11 азаяды;

- туберкулездің өлімінен 100 мың адамға шаққанда 2015 ж 1 азаяды;

- азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын қамту 2015 ж 25 % құрайды;

- Жұмыссыздықтың деңгейі 2015 ж 4,4 % азаяды;

- облыстық және аудандық маңызы бар көлк жолдарының 72% орта есеппен жақсы және қанағатты жағдайда;

- орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қол жеткізе алатын халықтың үлестік салмағы 2015 ж 79,7 % құрайды;

- халықтың су бөлу қызметтерімен қамтамасыз етілуі деңгейін арттыру 2015 ж 16,5 % құрайды;

-халықтың әлеуметтік маңызды қызметтер сапасын қанағаттану деңгейі 2015 ж 100 % құрайды;

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншікті қаражаты, шетел инвестициялары, қарыз қаражаттар.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 г. – 31,9 млрд. теңге, оның ішінде РБ – 2,1, ЖБ – 2,6, БК – 27,2 млрд. теңге.

2012 г. – 37,1 млрд. теңге, оның ішінде РБ – 3,6, ЖБ – 2,7, БК – 30,8 млрд. тенге.

2013 г. – 28,5 млрд. теңге, оның ішінде РБ –4,5, ЖБ – 3,1, БК – 20,9 млрд. теңге.

2014 г. – 33,1 млрд. теңге, оның ішінде РБ – 6,7, ЖБ – 5,2, БК – 21,2 млрд. теңге.

2015 г. – 27,4 млрд. теңге, оның ішінде РБ – 4,6, ЖБ – 6,5, БК – 16,3 млрд. теңге.

Барлығы: 158,0 млрд. теңге.


2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Өңір жағдайының оң және кері жақтарына баға беру, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері.
Енбекшіқазақ ауданы маңызды өндірістік-экономикалық әлеуеті бар айқын аграрлы-индустриялық өңірлерге жатады. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласының жақын орналасуы маңызды фактор болып табылады.

Ауыл шаруашылығының әлеуеті облыстың және Алматы қаласының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сыртқы нарыққа экологиялық таза өнімдермен шығуға мүмкіндік береді.

Кең көлемді шикізат базасының болуы жеміс пен көкөніс және сүт кластерлерін, Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Жел қуатының маңызды әлеуеті бар, әсіресе Шелек дәлізі жанынан.

Табиғи-рекреациялық ресурстар (Іле Алатауы ландшафттары, тау көлдері, өзендері, минералды су көздері және басқалары) туризмді дамытуға қолайлы жағдай туғызады.

Экономикалық реформа мен аумақ құрылымының қарқынды дамуы облыстағы экономикалық белсенді тұрғындар санының 3 %-ке көбеюіне, бір жанға шаққанда ақшалай табыс көлемінің 2,7 есеге артуына, жұмыссыздық деңгейінің 4,5%-ке төмендеуіне әкелді. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет нысандарының материалдық-техникалық жағдайы едәуір жақсарды.

Білім беру ұйымдары өзіндік даму мен шығармашылыққа талпынған, білімді, адамгершілігі жоғары, сыни ойланатын, дене бітімі мен рухани жағынан дамыған азаматты қалыптастыруға ықпал ететін дағдыларды дамытады және академиялық білім ұсынады.

Сонымен бірге, бар әлеуетті толығымен қолдануға мүмкіндік бермейтін және аудан экономикасының дамуын тежейтін келеңсіз жақтар да бар.

Білім беру саласындағы келеңсіз жақтар 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуының төмен болуынан, білім беру ғимараттарының рухани және физикалық тұрғыда едәуір тозғандығынан, мектепке дейінгі, орта және кәсіптік-техникалық білім беру нысандарының тиісті жабдықпен және мүлікпен қамтылу дәрежесінің төмендігінен көрінеді.

Қазіргі заманғы техникалық жабдықтың төменгі дәрежедегі жарақтандыру және маңызы бар негізгі өндірістік қорының ескірдігінен мекемелердің көбісі қуат-, еңбек-, шикізатсыйымдылығын өсуіне және бәсекеге қаблетті өнімнің өндірісінің бәсеңдетуде.

Ауыл шаруашылығындағы шаруашылықтың ұсақ тауарлығы және кіші көлемді жер үлестері кең ауқымды сұрыптау-тұқымдық жұмыс өткізуге, ғылыми тұрғыда егіс айналымы, қазіргі заманғы технологияны кең қолдануға, өндіріс үдерісін механикаландыру мен автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.

Суармалы жүйесінің техникалық жағдайдың нашарлауына байланысты егістк жерінің оңтайлы пайдаланбауы және ауылшаруашылық өнімінің төмендеуіне әкеп соқты.

Ауылшаруашылық техниканың тоздылығы 80 % құрайды, бұл еңбек өндірісінің төмендеуіне әкеледі, өнімнің өзіндік құнының жоғарлауына және бәсекелестіктің деңгейінің төмендеуіне әсер етеді.

Туристтік инфрақұрылымның нашарлауы, туризм нысандарына апаратын жолдардың нашар жағдайы, сервисттің қызметінің нашар жағдайы және кәсіпқой кадрлардың жоқтығынан туризмнің дамуын тоқтатып тұр.

Облыс халқының 85%-і ауылдық мекендерде тұрады, бұл тұрғындардың тіршілік деңгейінің жоғары болмауын, еңбек әлеуетінің біліктілік дәрежесінің жеткіліксіз болуын, ауылдан қалаға жағымсыз көші-қон ағымын алдын ала айқындайды, ауыл аймақтарының дамуы баяулайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет