Бағдарламасы ф мр 042 01. 2013-01 «Орман қорғау» пәнінің оқу бағдарламасы



жүктеу 154.81 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі154.81 Kb.
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МСЖ құжат 4 деңгейлі

Оқу бағдарламасы

Ф МР 042-1.01.-2013-01




«Орман қорғау» пәнінің оқу бағдарламасы

Басылым № __ «___»______20___жыл






Аграрлық факультеті

Агротехнология және орман ресурстары кафедрасы
Екінші курс, күндізгі оқу түрі

(білім беру траекториясы «Орман ресурстарын күзету»)

5В080700 «Орман ресурстары және орманшылық» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалаврын дайындау үшін
«ОРМАН ҚОРҒАУ»
ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2013

Алғы сөз
Пәннің оқу бағдарламасы элективті пәндер каталогіне негізделіп құрастырылған «___»______20_____жыл.

- «Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және рәсімдеуге қойылатын ортақ талаптар» ТБС 042-ГУ-4-2013 Университет стандарты;

- «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны және құрылымы» ҚП 042-1.01-2013 Құжаттық процедура.
1 ҚҰРАСТЫРҒАН

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Агротехнология және орман ресурстары» кафедрасы

Бағдарлама жетекшісі,



доцент қ.а., в.ғ.к .___________ «____»_____2013ж. Г. Джаманова
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

Оқу бағдарлама кафедра мәжілісінде талқыланды

Каф. меңгерушісі ___________ «____»_____2013ж. С. Сейлгазина

Хаттама №____ «____»_____2013ж.


3 КЕЛІСІЛДІ

Оқу бағдарлама факультеттің оқу-әдістемелік бюросында келісілді

ОӘБ Төрағасы ___________ «____»_____2013ж. А. Тлеубаева

Хаттама №____ «____»_____2013ж.


4 ПІКІР БЕРУШІЛЕР

«Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология

негіздерімен» кафедрасының доценті, в.ғ.к. С. Тугамбаева

РММ МОТР «Семей орманы»

бас директорының орынбасары Д. Сагадиев
5 БЕКІТІЛГЕН

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор,

ОӘК Төрағасы ________ «__»__2013ж. Г. Искакова
6 Бірінші рет ЕНГІЗІЛГЕН

МАЗМҰНЫ
1 Түсіндірме жазбахат

2 Пәннің (модулдің) құрылымы

3 Пәннің (модулдің) мазмұны

3.1 Модуль 1

3.2 Модуль 2

4 Пәннің (модулдің) оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздандыруы

5 Материалдық-техникалық қамтамасыздандыру



1 Түсіндірме жазбахат
Пәннің (модулдің) тағайындалуы

«Орман қорғау» пәні 5В080700 «Орман ресурстары және орманшылық» мамандығының білім алушыларына арналған.

Бұл пән «Орман ресурстары және орманшылық» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалаврларын кәсіби дайындау дәрежесін анықтайтын, жаратылыстану пәндері арасында маңызды орын алады.

«Орман қорғау» пәнін зерттеу, «Орман ресурстары және орманшылық» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалаврлары үшін іргелі база болып табылады, тәжірбие барысында елді мекендерді көгалдандыру объектілерін жобалау, құрылыс, тасымалдау сұрақтарының іске қосуда қолданбалы маңызы бар.

Пәнді меңгеру білім алушылардың ары қарай жұмыстарында тәжірибелік білімін қолдана білуге дағдыландырады және орман ресурстары және орманшылық саласында өз еркімен жұмыс істей білуге мүмкіндік береді Пәнді (модулді)зерттеудің мақсаты

Пәнді зерттеудің мақсаты: студенттердің ауру қоздырғыштар мен жәндіктердің биологиясы мен экологиясы саласында теориялық білім алуы, қоршаған ортаны есепке ала отырып, орманды зиянкестер мен аурулардан қорғауда әдістер мен тәсілдерді меңгеру және тәжірибелік машықтандыру.



Пәнді зерттеудің міндеті

Пәнді зерттеудің негізгі міндеті: студенттердің теориялық ережелер мен тәжірбиелік дағдыларын меңгеру:

- орманды аурулар мен зиянкестерден қорғау бойынша теориялық негіздерді қалыптастыру;


  • аурулар мен зиянкестердің талдамасы бойынша тәжірибелік машықтану;

  • орман көшеттерінің зиянкестері мен ауруларына қарсы қорғаныштық шараларды дұрыс ұйымдастыру және өткізу.

Пәнді игеру нәтижесінде студент білуі керек:

  • орман көшеттерінің зиянкестері мен ауруларының негізгі түрлік құрамы;

  • ауру қоздырушылар мен зиянкестердің морфологиясы мен биологиясы;

  • экологиялық факторлардың орман ауруларының дамуы және зиянкестер популяциясының өзгерісіндег орны;

  • энтомофагтардың орман зиянкестерінің санының азаюындағы рөлі;

  • зиянкестер мен аурулардан орман қорғаудың қазіргі әдістері.

Қабілеті болуы керек:

  • орман көшеттерінің зиянкестері мен ауруларының талдауын жүргізу;

  • зиянкестер мен ауруларды есепке алуды жүргізу;

  • қоршаған ортаны есепке ала отырып, орман қорғау шараларының кешенін тиімді және дұрыс жүргізу керек.

Компетенции обучающихся, формируемые в результате освоения дисциплины (модуля):

Пәнді (модулді) меңгеру нәтижесінде қалыптасатын білім алушылардың құзіреттілігі:

Жалпы құзіреттілік:

Осы бағыттағы маман міндетті:

1 Үш ортақ міндетке лайықты болу: зерттеуші (ғалым) - басқарушы (менеджер) – іскер адам;

2 Этикалық және құқықтық мөлшерлерді білу, оларды өндіріс барысында қолдану.

Кәсіби құзіреттілік:

Осы бағыттағы маман дайын болуы керек:

1 Орманды аурулар мен зиянкестерден қорғау және күзетудің жалпы жүйесін құру.

2. Орман шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары;

3. Мамандық профилі бойынша жоғарғы орташа арнайы оқу орындарында педагогикалық қызмет.

Пререквизиттер: «Орман ботаникасы», «Дендрология», «Орман аңдары мен құстарының билогиясы», «Орман шаруашылығы жұмыстарының механизациясы», «Орманшылық және орман пирологиясы».

Постреквизиттер: «Орман екпелері», «Орманды пайдалану»

«Орманды басқару»


2 Пәннің құрылымы
Пәннің жалпы еңбек сыйымдылығы 2 (екі) кредитті (90 сағат) құрайды, соның ішінде дәріс сабақтары – 1 кредит (15 сағат), тәжірибелік (семинар сабақтары) – 1 кредит (15 сағат). Білім алушының өздік жұмысына – 60 сағат бөлінеді.
3 Пәннің (модулдің) мазмұны
3.1 Модуль 1

«Орман отырғызуларының аурулары мен зиянкестерінің экологиясы және даму динамикасы»

Модуль 1 мазмұны.

Экологиялық факторлар және олардың жіктелуі. Жәндіктер мен аурулардың пайда болуына сыртқы жағдайлардың әсері. Орман отырғызулары мен ауру қоздырғыштар және жәндіктердің өзара қарым қатынасы. Орман жәндіктерінің өміршеңдігі, өсімталдығы, мамандандыруы, қоректену сипаты.

Ауру қоздырғыштары және микроағзалардың паразиттілігінің түрлері. Патологиялық үрдістердің дамуы және олардың фазалары. Орман екпелеріндегі эпизоотилер және эпифитотилер, олардың пайда болуы мен даму заңдылықтары.

Орман екпелерін зиянкестер мен аурулардан қорғаудағы иммунитеттің маңызы. Орман шаруашылығы жағдайындағы өсімдіктердің аурулар мен зиянкестерге қарсы тұруы қасиетін арттыру жолдары.
3.2 Модуль 2

«Орманды аурулар мен зиянкестерден қорғау әдістері мен құралдары» Модуль 2 мазмұны.

Орман қорғаудың әдістері жайлы жалпы түсініктер және олардың классификациясы. Орман қорғаудың аймақтық жүйелері және олардың экологиялық, экономикалық негіздемелері. Орман патологиялық бақылау түрлері және олардың мақсаттары мен ұйымдастыру принциптері. Зиянкестер мен аурулардың сараптау әдістері. Карантин және оның іс-шаралары. Зиянкестер мен аурулардың дамуын болжау. Зиянкестер мен аурулардың дамуын ескертудің селекциялық-тұқымдық және физикалық-механикалық әдістері.

Орманды биологиялық қорғау жайлы түсінік. Орман қорғауға энтомофагтар мен энтомопатогендерді қолдану. Негізгі биопрепараттардың сипаты және оларды қолданудың технологиясы, өнімділігінің есебі. Жәндіктермен қоректенетін құстар мен сүтқоректілерді қолдану. Орманның жануар әлемін қорғау. Өсімдіктерді химиялық қорғау жайлы түсінік. Пестицидтер классификациясы. Инсектицидтер. Фунгицидтер. Орман шаруашылығында қолданылатын негізгі пестицидтер сипаттамасы.
3.3 Модуль 3

«Орман зиянкестерінің негізгі биологиялық қырлары. Орман зиянкестері-жәндіктерінің негізгі экологиялық топтары»

Модуль 3 мазмұны.

Жәндіктердің сыртқы құрлысы. Дене сегментациясы. Бас, кеуде, көкірек, аяқтары. Жәндіктердің дамуы мен көбеюі. Метаморфоз. Дәрнәсілдер мен қуыршақтардың түрлері.

Жәндіктер систематикасының негізгі принциптері. Негізгі отрядтардың сипаттамасы (термиты, тікқанаттылар, жартылай қатты қанаттылар, тең қанаттылар, трипстер, қатты қанаттылар, жүйелі қанаттылар, қабық қанаттылар, жарғақ қанаттылар, қосқанаттылар).



Орман зиянкестері – жәндіктердің негізгі экологиялық топтары. Тұқымдар мен жемістер зиянкестері. Топтың жалпы сипаттамасы. Орманда таралған түрлік құрам, биологиялық, экологиялық ерекшеліктер, энтомофагтар және экономикалық маңызы. Еменнің негізгі тұқымдарының генеративті мүшелерінің зиянкестері (жаңғақ біз тұмсығы), қылқан жапырақты және жапырақты (бүршік жапырақ жегіш, бүршікті қан көбелек бүршікті шайыршы өркен шырмауық және т.б.). Қылқанды және басқа да тұқымдылардың бүршіктері мен тұқымдарынын жетілуі, жинауы және сақтауы кезіндегі қорғау.

Тамыр зиянкестері. Топтың жалпы сипаттамасы. Түрлік құрам, биологиялық ерекшеліктер, топырақта мекендейтін жәндіктердің топырақ тіршілігіне бейімделу, топырақ ортасы факторларының әсері, паразиттер мен аурулар, сан динамикасы, тигізетін зияның сипаты, орман шаруашылығындағы маңызы. Негізгі түрлерге шолу. Таспа мұрттылар (шұбар зауза қоңыз, маузым зауза қоңызы, тамыр кеміргіштер), шыртылдақ, қараденелер, аюбас; олардың орман шаруашылығы үшін маңызы, биологиясы, экологиясы. Ағаш тұқымдылардың тамыр зиянкестерімен күресу шаралары.

Тұқым бақтар, орман екпелері және жас екпелердің зиянкестері. Топтың жалпы сипаттамасы және оның орман шаруашылығындағы маңызы. Зиянкестердің жекелей түрлеріне шолу: өсімдіктердің көпқоректі зиянкестері бейімделу фазасында (жебір қоңыз, піл тұмсықтар, кеміруші көбелектер); жас ағаштарды кеміруші зиянкестер (бүршік жегіштер, ұзын тұмсықтар, жапырақ жегіштер); жас ағаштарды сорушы зиянкестері (тамыр кеміруші қандала, жапырақ биті, галлицалар, жаңғақ жегіштер, кокцид). Орман екпелеріндегі және тұқым бақтардағы зиянкестермен күресу шаралары.


Қылқан және жапырақ кеміргіштері. Топтың жалпы сипаттамасы. Биологиялық ерекшеліктері, тіршілік циклдері, абиотикалық ортаның факторларына әсері. Энтомофагтар және энтомопатогендер. Қылқан және жапырақ кеміргіштер санының динамикасы. Әртүрлі орман экологиялық жағдайлардағы жаппай көбею ошақтарының орын алуы. Қазақстан аумағындағы ошақ белдеулері. Негізгі түрлерге шолу: емен айдарлы көбелегі; күмісай ойықты көбелек; қарағайлы, майқарағайлы; қарағайлы, майқарағайлы жібекқұрты; жұпсыз құрттар; алтын құйымшақ; қарағайлы көбелек; қарағайлы егеушыбындар; жапырақты тұқымдардағы егеушыбындар. Тоқушылар. Қылқан және жапырақ кеміргіш жәндіктер.

Діңдік зиянкестер. Топтың жалпы сипаттамасы. Биологиялық ерекшеліктері, ағаштарды таңдау және олардың орналасу қатарлығы. Діңдік зиянкестердің экологиялық топтарын қалыптастыру және ағаштардың әлсіздену типтері. Топтық көбею ошақтарының пайда болу себептері. Діңдік зиянкестердің санының динамикасы. Қабық құрттар. Тұқымдастар, түрлердің сипаттамасы (қылқанды тұқымдарға: қарағай қоңыздар, қабық құрттар – алты тісті, шыңдық және т.б.; жапырақты тұқымдарда – емендік, қайыңдық, шегіршінді шелқабықтар және т.б.). Қаяздар, тұқымдастары, түрлердің сипаттамасы (қылқанды тұқымдарға: қара қылқанды қаяздар, қара шыршалы қаяздар – тетропиудар, ұзын мұртты сұр қаяздар; жапырақты тұқымдарда – үлкен еменді қаяз, түрлі-түсті емен қаязы, көктеректі көктеректің скрипундар). Зер қоңыз, тұқымдастары, түрлердің сипаттамасы (қылқанды тұқымдарға – көгілдір қылқанды, төртбұрышты, сағыз қарағайлы зер қоңыз; жапырақты тұқымдарда – жасыл жіңішке денелі, емендік қола). Бізтұмсықтар-ешкімия, түрлердің жалпы сипаттамасы (қарағайды шыңды, діңдік, шыршалы). Мүйізқұйрықтар, тұқымдастың, түрлердің сипаттамасы (үлкен, қылқанды, көк, қайыңды мүйізқұйрықтар). Ағаш құрттылар, тұқымдастың, түрлердің сипаттамасы (ағашты жегіш). Мөлдір қанат көбелектер (үлкен теректі, қара қанатты). Діңдік зиянкестермен күресу шаралары.



Техникалық зиянкестер. Топтың жалпы сипаттамасы. Общая характеристика группы. Биологиялық ерекшеліктері, қоректену физиологиясы, экономикалық маңызы. Басты тұымдастары мен түрлеріне шолу: қайраушылар (жихаздық, үйлік), үй қаязы (үйлік, қара), бұрғылаушы (жапырақты, қылқан жапырақты ішім), бізтұмсықтар (трухляк - бізтұмсығы), термиттер. Олармен күресу шаралары.

Пайдалы жәндіктер. Ормандағы пайдалы жәндіктердің басты экологиялық топтарының сипаттамасы: энтомофагтар, өсімдік қопсытқыштар, детритофагтар, топырақ жақсартқыштар, әсемдік өсімдіктер түрлері, паразитті жәндіктер иелері және т.б. ормандағы пайдалы жәндіктерді пайдалану және қорғау.
3.4 Модуль

Өсімдік ауруларының сипаттамасы және олардың жіктелуі. Ағаш тұқымдарының ауру қоздырғыштары.

Модуль 4 мазмұны.

Өсімдік аурулары туралы түсінік. Ауырған өсімдіктегі анатомдық-морфологиялық және физиологиялық-биохимиялық зақымданулар. Ағаш ауруларын тудыратын себептер. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар. Аурулардың жіктелуі және сипаттамасы. Жұқпалы үрдісінің дамуы. Аурулардың пайда болуына сыртқы ортаның әсері. Орман өсімдіктерінің зақымдануы, жұқтыру жолдары, таралуы.

Ағаш тұқымдарының ауру қоздырғыштары. Саңырауқұлақтар – ағаш өсімдіктерінің басты ауру қоздырғыштары және сүректі қиратушы ретінде. Саңырауқұлақтардың жіктелуі және сипаттамасы. Саңырауқұлақтардың морфологиясы, биологиясы және экологиясы. Саңырауқұлақтардың орналасу тәсілдері, дамуы, көбеюі. Орман фитоценозындағы саңырауқұлақтың рөлі. Негізгі фитопатогенді және ағаш бұзушы саңырауқұлақтар. Орманда өсетін улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтар. Бактериялық ауру түрлері.
3.5 Модуль

«Сүректі екпелер, көшеттер, жас отырғызулар және ересек отырғызулар тұқымдары мен жемістерінің аурулары»

Модуль 5 мазмұны.

Тұқымдар мен жемістердің негізгі аурулары: тат, мумификация, деформация және көгеру. Көшеттер мен орманның жас отырғызуларының жұқпалы және жұқпалы емес аурулары, олардың қоздырғыштары, пайда болу белгілері.

Жемістер мен тұқымдар аурулары және олардың қоздырғыштарымен танысу. Аурулардың негізгі сыртқы белгілері: қылқандар мен жапырақтардың сарғаюы және құрғауы; өсімдіктің нашарлауы; жапырақтың, қылқаның, өркеннің шіруі; жапырақтар мен өркендегі ұнтақты тат; жапырақ пен қылқанның тат, дақтану, деформациясы; бұтақтардың созылуы; бұтақтар, діңдер, тамырлардың ісігі; жапырақтардың жұқпалы хлорозы.

Діңдердің арамшөптермен және басқа да гүлді өсімдіктермен зақымдануы және олармен күресу шаралары.

Жұқпалшы емес аурулар және олардың себептері. Пайда болудың сыртқы белгілері: қылқаны мен жапырақтың сарғаюы, құрғауы, дақтануы; өркендер, бұтақтардың құрғауы, солуы; механикалық зақымданулар.



Ересек екпелердің аурулары. Ересек ерпелердің жұқпалы аурулары, оларды қоздырғыштар, тигізетін зияны. Тамырлы, ісік аурулары. Олардың даму ерекшелігі, экологиялық және басқа да факторлардың әсері. Басты аурулар: шегіршіндердің голландық аурулары; емен мен үйеңкінің трахеомикозы; емен, бүк, терек, және басқа да тұқымдар қабығының некрозы. Осы топтағы ауру түрлерімен ормандарда, қорғаныштық екпелерде, саябақтар мен орман саябақтарындағы күресу шаралары.

Қылқанды және жапырақты тұқымдардағы діңдік және жараланған шіріктер, оларды қоздырғыштар: қарағайқұлақ, шыршақұлақ, жапырақты құлақ, көктерек саңырауқұлағы, еменқұлақ, нағыз ағаш саңырауқұлағы, қайыңқұлақ т.б. Экологиялық факторлар әсерінен шіріктердің даму ерекшеліктері, олардың халық шаруашылығына тигізетін зардабы. шірулердің діңдерде орналасуы, олардың шаруашылық және экономикалық залалы. Діңдік шірік ауруларымен ормандарда, қорғаныштық екпелерде, саябақтар мен орман саябақтарындағы күресу шаралары.

Ағаш бөрікбасының гүлді паразиттермен зақымдануы және олармен күресу шаралары.
3.6 Модуль

«Сүректің қирауы. Ауруларды болжау және есепке алу әдістері»

Модуль 6 мазмұны

Зақымданған жас екпелер мен көктеулердің аурулары мен қоздырғыштарын анықтау (орманда, кесу орындарында, коймаларда). Ағашты қирату үрдісінің жылдамдығы. Саңырауқұлақтар туғызатын қауіп.

Ағаш кесу орындары мен қоймалардағы ағаштарды қираудан сақтайтын физикалық және химиялық тәсілдер. Химиялық қорғауды сақтау тәсілдері, құралдары және әдістері.

Сүректің құрылыстарда, ғимараттарда шіруі, оның себептері, халық шаруашылығына тигізетін зардабы. Үй саңыпрауқұлақтары, олардың дамуына әсер етеін шарттары. Үй саңырауқұлақтарымен күресу шаралары.



Ауруларды болжау және есепке алу әдістері. Фитопотологиялық зерттеулердегі ауруларды есепке алу техникасы мен әдістері. Тұқымбақтарды, жас көшеттерді, ересек ағаштарды және саябақтарды, зерттеу әдістері, олардың ерекшеліктері және жүргізу техникасы.

Өсімдіктердің зақымданған және ауру түрлеріне байланысты материалдарды жинау, өңдеу және сақтау.


Зертханалық сабақтар тақырыптарының үлгілі тізімі

  1. Бунақденелілер типінің класымен танысу. Жәндіктердің денесін бөлімдерге бөлшектеу (зауза қоңыз): басы, кеудесі, қарыны, аяқтары, қосалқы бөліктері.

  2. Ағаш тұқымдарының зақымдану типімен танысу.

  3. Жәндіктер отрядын ересек және балаңқұрт фазалары бойынша анықтау.

  4. Қатты қанатты, қабыршық қанатты, жарғаққанаттылар, қос қанаттылар, тік қанаттылардың негізгі тұқымдастарын анықтау.

  5. Жұмыртқалар, балаңқұрттар, қуыршақтар салушылар түрлерiмен танысу және олардың құрылысы.

  6. Жас ағаштардың діңі, өркені, бүршігі және жапырақтарының зақымдануы бойынша зиянкестермен танысу.

  7. Сүректің зақымданған бөліктерімен бірлесіп діңгекті зиянкестердің құрттарын анықтау.

  8. Сүректің басты техникалық зиянкестерімен таныстыру және пайдалы жәндіктерді көрсету, олардың фенологиясымен танысу.

  9. Ағаш тұқымдастары ауруларының негігі типтерін анықтау.

  10. Мицелий, оның түрінің өзгеруін зерттеу және саңырауқұлақтардың көбеюі.

  11. Жемістер мен тұқымдар аурулары және олардың қоздырғыштарымен танысу.

  12. Қылқан, жапырақ аурулары және олардың қоздырғыштарымен танысу.

  13. Тамыр аурулары, қатерлі ісік ауруларымен танысу.

  14. Зақымданған жас екпелер мен көктеулердің аурулары мен қоздырғыштарын анықтау.

  15. Қоймаларда ағаш бояушы және ағаш қиратушы саңырауқұлақтармен, қоймадағы, құрылыстағы, ғимараттардағы үй саңырауқұлақтарының морфологиясымен танысу.


Өздік жұмыстарға арналған тақырыптар тізімі

  1. Жәндіктерге сыртқы ортаның әсері және аурулардың пайда болуы.

  2. Орманды зиянкестерден қорғау үшін сүтқоректілер мен жәндік жегіш құстарды пайдалану. Орман шаруашылығында қолданылатын негізгі пестицидтердің сипаттамасы.

  3. Жас ағаштардың сорушы және кеміргіш зиянкестері. Орман екпелері мен тұқымбақтардағы зиянкестермен күресу шаралары.

  4. Басты түрлерге шолу жасау: қарағай самырсыны, қысқы жаукөбелек. Басты түрлерге шолу жасау: жапырақты тұқымдардағы егеушыбындар

  5. Ағаш тұқымдарының тамырлы зиянкестерімен күресу шаралары.

  6. Ағаш құрты, мөлдір қанат көбелектер сипаттамасы, туыстығы, түрлері.

  7. Түрлерге шолу: бізтұмсықтар, ақ құмырсқалар. Ормандарда пайдалы жәндіктерді пайдалану және күзету.

  8. Аурулардың пайда болуына сыртқы ортаның әсері.

  9. Вирусты және кішіплазмалы аурулардың басты типтері.

  10. Сүректі және бұталы тұқымдарстары жемістері мен тұқымдарының зиянкестерімен күресу шаралары жүйесі.

  11. Тұқымбақтар мен жас отырғызуларда қорғаныштық шаралар жүйесі.

  12. Діңгектердің арамшырмауықтармен және басқа да жоғарғы гүл өсімдіктерімен зақымдануы және олармен күресу шаралары.

  13. Қылқанды және жапырақты тұқымдардың ісік аурулары.

  14. Ағаш қирауы үрдісінің жылдамдығы.

  15. Тұқымдар мен жеміс аурулары; тұқымбақтардағы жас екпелер аурулары; ағаш кесу орындары мен орман отырғызуларындағы өзін-өзі себу – зерттеу және диагностика әдістері.


4 Пәнді оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздандыру

Негізгі әдебиеттер

1. Лесная энтомология / [Е.Г.Мозолевская, А.В.Селиховкин, С.С.Ижевский и др.] / - 2011


Қосымша әдебиеттер

1.Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология.. – Москва.-1980 год..

2. Соколова Э.С. ,Семенкова Н.Г. Лесная фитопатология– Москва.,-1981год

3. Костин А.И. Жуки-дендрофаги Казхстана. – Алма-Ата.-1973 год..

4. Цирюлик А.В.,Шевченко С.В. Практикум по лесной фитопатологии. Киев -1983год.

5. Воронцов А.И. Лесная энтомология.- Москва., 1982 год

6. Воронцов А.И., Мозолевская Е.Г. Практикум по лесной энтомологии. – Москва.,-1978 год.

7.Справочник по защите леса от вредителей и болезней,–Москва. 1980 год.

8.Стадницкий Г.В. и др. Вредители шишек и семян хвойных пород. - Москва,1978 год.

9.Шевченко С.В. Лесная фитопатология. –Москва.-1978год.

10. Соколова Э.С. ,Семенкова Н.Г. Лесная фитопатология– Москва.,-1981год

11. Федоров Н.И., Рептунович Е.С. Лабораторные занятия по лесной фитопатологии.Минск.-1980год.


Оқытылатын пәннің профилі бойынша журналдар тізімі

Орман тану, Орманшылық, Орман журналы, Орман ресурстар



Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар, ұсыныстар және басқа да материалдар

    1. Сабаққа арналған әдістемелік материалдар – ПОӘК 3 бөлім.



Бағдарламалық қамтамасыздандыру

Microsoft Word, Microsoft Power Point, Microsoft Exsel. ПОӘК-тің электронды нұсқасы, видио-роликтер, үлестірме материалдар, презентациялар.


5 Материалдық-техникалық қамтамасыздандыру

Ноутбук, проектор, 5 оқу ғимараты, агротехнобақ.








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет