БАҒдарламасы I қауіпті зиянды организмдердің фитосанитарлық мониторингі



жүктеу 165.11 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі165.11 Kb.
түріБағдарламасы
: attachments
attachments -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
attachments -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
attachments -> «атф и ее роль в клетке. Ферменты» Карагулян Олеся Владимировна
attachments -> Программа дисциплины «Западноевропейское искусство и дизайн (XX-XXI век)»
attachments -> Тәуелсіз эксперттердің филиалдар, өкілдіктер тізімі
attachments -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
6D081100-Өсімдік қорғау және карантин мамандығы

бойынша Ph.D докторантураға түсу емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ
I ҚАУІПТІ ЗИЯНДЫ ОРГАНИЗМДЕРДІҢ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ МОНИТОРИНГІ
КІРІСПЕ
Ауылшаруашылық дақылдарында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын болжау – жалпы мемлекеттік және аймақтық өсімдік қорғауды жоспарлаудың негізі. Зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің фенологиясын зерттеу, сондай-ақ олардың зияндылығын болжау, олармен күресудің тиімді мерзімін белгілеу мен өсімдік қорғау препараттарын ұтымды пайдаланудың негізі болып табылады. Жоғарыда аталған мақсаттарды шешу үшін ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестерін, ауруларын және арамшөптерін айқындау және есептеу әдістерін жете меңгеруі керек. Фитосанитарлық мониторинг мәліметтері негізінде ауылшаруашылық дақылдарының егісіндегі зиянды организмдер популяциясының тығыздығы бойынша өсімдікті қорғау жүйесінің тиімді әдісін дұрыс таңдай білу қажет.

Фитосанитарлық диагностиканың міндетіне танаптарды, екпелерді және ауылшаруашылық егістерін, зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің, пайда болуына байланысты тексеру, зиянды объектілердің жағдайын, егіс пен екпелердің жағдайын бағалау, алынған мәлімент бойынша олардың өзара байланысын талдау жатады.

Өсімдік қорғау бойынша фитосанитарлық диагностика мен болжау қызметінің және басқа да мекемелердің мамандары зиянды организмдердің сан мөлшерін және таралуын есептеуде, олардың зияндылығын анықтауда, басты зиянкестердің сан мөлшерін, арамшөптер мен аурулардың дамуын есептеу мен бақылаудың осы заманғы әдістемелерін меңгерулері аса қажет.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I.1 Ауылшаруашылық дақылдарының қауіпті зиянды организмдердің фитосанитарлық мониторингі
I.1.1 Зиянкестер мен аурулардын болжаудың теориялық негізделуі
Популяция динамикасының осы заманғы біріккен теориясы – ауылшаруашылық дақылдарының басты зиянкестерінің ғылыми болжамда-рының негізі. Зиянкестердің көбеюі мен даму динамикасының фазалық өзгергіштігі: күйзеліс, мекендену, жаппай көбею, сан мөлшерінің жоғарлауы, сан мөлшерінің төмендеуі. Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерінің сан мөлшері динамикасының фазалық өзгергіштігін анықтайтын басты экологиялық факторлар ортасы.

Ауылшаруашылық дақылдарының жұқпалы ауруларының пайда болуы мен даму жағдайы. Аурулардың эпифитотиялы даму шарты. Ие-өсімдіктің ролі. Патологиялық үрдіске өсімдік реакциясының сорттық ерекшеліктері. Сорттық біркелкіліктегі аурудың даму қарқындылығы. Ауру қоздырғыштың ролі. Қоздырғыштардың бейімделуі және паразиттік деңгейі. Патогендік қасиеттің маңызы. Эпифитотиялық үрдістердің жылдамдығына, сыртқы орта факторларының текелей және қосымша әсер етуіндегі ролі.


I.1.2 Болжау түрлері мен белгіленуі, олардың құру принциптері

Болжау түрлері: көпжылдық ұзақ мерзімді (жылдық пен маусымдық ) қысқа мерзімді. Көп жылдық болжау: көп жылдық болжауды құрудың маңызы, критериі. Қысқа мерзімді болжаудың негізгі мақсаты. Агроценозда қорғау шараларын жүргізудің қолайлы мерзімдерінің ескертулері. Ескерту әдістері: қорғалатын дақылдың жағдайы бойынша; зиянкестің фенологиясын тікелей бақылау, сан-мөлшерінің динамикасын стациалды бөлінуін; зиянкестерді белгілі даму фазасын айқындау үшін арнайы бөліктерінде бақылау; фенологиялық күнтізбе мен фенологиялық ескертуді пайдалану; тиімді температураның жиынтығы бойынша және температуралық-фенологиялық номограмманың көмегімен мерзімдерді анықтау; феромондық, түрлі-түсті аулағыштарды және басқа әдістерді қолдану.

Ауру қоздырғыштардың көп жылдық болжауы және оның маңызы. Мәдени өсімдік ауруларына көпжылдық болжау үшін негізгі қажетті мәліметтер. Өсімдік ауруларының ұзақ мерзімді болжауы және оның белгіленуі. Ұзақ мерзімді маусымдық болжамдар үшін, қажетті негізгі ақпараттар мен мәліметтер. Өсімдік ауруларының дамуы туралы көпжылдық мәліметтерді жинау, өңдеу және сыртқы ортаның түрлі факторларымен корреляциялық байланыс. Көпжылық болжау құруда ауру қоздырғыштардың биоэкологиялық ерекшеліктеріне және патолоияық үрдістің ерекшеліктеріне байланысты метерологиялық жағдайдың әсерін есептеу. Қысқа мерзімді болжау және оның міндеті. Қысқа мерзімді болжауды құруда жұмыстың және бақылаудың негізгі этаптары. Қысқа мерзімді болжау құруда қажетті ауа-райының факторлары. Өсімдік ауруларының қоздырғыштары үшін төменгі және жоғарғы температура шектері. Тиімді температура. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығын есептеу әдістері.
I.1.3 Фитофагтардың зияндылығы және оны бағалау әдістері
Негізгі зиянкестердің (зиянды бунақденелілер, кенелер және кемір-гіштер) зияндылық шегі және олардың өсімдік қорғаудағы ролі. Зияндылық шегін есептеу әдістері. Энтомофагтардың тиімділік деңгейі. Қорғау шараларын қолдануда биологиялық тиімділікті анықтау.

Қазақстан Республикасының табиғи – экономикалық аумақтары. Олардың қысқаша топырақ-климаттық сипаттамасы. Ауылшаруашылық дақылдарының басты зиянкестерін аумақ бойынша бөлу.


I.1.4 Ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянкестерін болжаудың ақпараттық қамтамасыздандырылуы ұшін есептеу әдістері
Ауылшаруашылық дақылдарының егіндері мен егістеріндегі зиянкестердің мекендеуін стационарлық бақылау. Стационарлық бақылау жүргізудің әдістемесі мен мақсаты.

Маршруттық тексеру. Маршруттық тексеру жүргізудің әдістемесі мен мақсаты. Маршруттық тексеруде үлгі алу схемасы. Зиянкестердің сан мөлшерін айқындау және есептеу әдістері. Есеп жүргізуге қойылатын негізгі талаптар. Топырақты мекендейтін зиянкестерді есептеу. Топырақ бетінде қозғалатын зиянкестерді есептеу. Сабақтың жасырын зиянкестерін есептеу. Өсімдіктерді сілку жолымен зиянкестерді есептеу. Зиянды бунақденелілерді аулағыш қап әдісімен есептеу. Зиянкестерді феромон, түрлі-түсті, жарық және т.б. аулағыштардың көмегімен есептеу. Тышқан тәрізді кеміргіштер мен саршұнақтарды есептеу әдістері. Зиянкестерді есептеудің басқа әдістері.

Шегірткелердің сан мөлшерін есептеу әдістері: Күбіршік бойынша тексерудің көктемгі бақылауы, дернәсілі бойынша көктемгі-жазғы тексеру, қанаттанған шегіртке бойынша жазғы тексеру, күбіршік бойынша күзгі тексеру. Көпқоректі топырақты мекендейтін қатты қанаттыларды есептеу. Көпқоректі кеміргіш және жапырақкеміргіш көбелектерді есептеу әдістері. Дәнді дақылдар мен күріш зиянкестерінің сан мөлшерін есептеу. Бір жылдық бұршақ дақылдары мен көпжылдық бұршақ тұқымдасы шөптердің зиянкестерін айқындау және есептеу әдістемелері. Техникалық және майлы дақылдардың зиянкестерінің популяциясының тығыздығын айқындау және есептеу әдістері. Көкөніс дақылдарының зиянкестерін есептеу. Жеміс, жидек дақылдарының және жүзім сабағының зиянкестерінің популяциясының тығыздығын есептеу әдістемелері. Астық қорлары мен оның қоймадағы өңделген өнімдерінің зиянкестерін анықтау және есептеу әдістері.

Мәдени өсімдіктердің зақымдалуын және зақымдалу сатысын есептеу әдістері. Ауылшаруашылық егістеріндегі мекендеуін сипаттайтын көрсеткіштер: мекендеу коэффициенті, популяция тығыздығы, өсімдіктің зақымдалуы, балдық баға. Қорғау шараларының биологиялық тиімділігі. Зиянкестер популяциясы жағдайының негізгі көрсеткіштері: стационалды таралуы, популяция тығыздығы, популяция құрылымы, популяцияның морфофизиологиялық жағдайы, паразиттердің мекендеуі мен аурумен залалдануы және т.б. Гидрометеорологиялық және агротехникалық мәліметтер.


I.1.5 Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларын болжау және

есептеу әдістері


Ауылшаруашылық дақылдардың егістері мен екпелерін бағыттық тексеру арқылы ауруларды есептеу әдістері. Стационарлық учаскелерде өсімдік ауруларының дамуын бақылау. Өсімдік ауруларын есептеудің негізін құрайтын бөліктері: өсімдіктің даму фенофазасы; ортаны үлгі алудың бағыты мен қатары; есеп жүргізу үшін үлгі алудың сандық мөлшері. Есептеу эелементтері. Аурудың таралуы мен даму қарқындылығын есептеу әдістемесі. Шаруашылық район, болыс бойынша аурудың таралуы мен дамудың орташа өлшемдерін есептеу. Өсімдік ауруларынан өнімінің жойылуын есептеу.

Дәнді дақылдардың қара күйе ауруларымен залалдануын есептеу. Қара күйелер-ен өнімінің жойылуын есептеу. Дәнді дақылдарда таттың жеке түрлерін есептеу. Дәнді дақылдардың татпен залалдануын есептеу кезінде өсімдіктің даму фенофазасы. Есеп жүргізудегі орташа үлгіні іріктеп алу. Есептеу шкалалары. Есептеу нәтижелерін жазу. Дәнді дақылдарда урединиоспоралардың аумақ шамасының артылуын есептеу. Тат ауруларынан дәнді дақылдар өнімінің жойылуын болжау. Тат ауруларынан өнімінің жойылуын номограмма мен кестелер мәліметтерін қолдану. Астық дақылдарының тат ауруларына қысқа мерзімді болжау. Дәнді дақылдардың тат қоздырғыштарының бастапқы инфекциясын айқындау тәсілдері: аралық өсімдіктерді бақылау; дәнді дақылдардың татпен залалдануын есептеу; спора аулағыштарды орнату. Татпен залалдану мүмкіндігін есептеу жолымен және номограмманың көмегімен анықтау метеорологиялық мәліметтерді жинау. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығын есептеу және урединий ұрпағының аяқталу мезгілін белгілеу.

Дәнді астық дақылдарының ақ ұнтақпен залалдануын есептеу. Астық дақылдарының дақ түзетін ауру түрлерімен (септориоз гельминтоспориоз және т.б.) залалдануын есептеу. Дәнді дақылдардың ақ ұнтақ және дақ түзетін ауруларымен залалдану дәрежесін есептеу үшін иллюстрациялық шкаланы қолдану. Дәнді дақылдардың ақ ұнтақ және дақ түзетін ауруларынан өнімінің жойылуын болжау және есептеу. Дәнді дақылдардың тамыр шіріктерімен залалдануын есептеу. Зияндылық шкаласы мен корреляциялық деңгейін қолдану арқылы әртүрлі шірік түрлерінен өнімнің жойылуын болжау және есептеу.

Техникалық, көкөніс, бақша дақылдарымен картоп ауруларын есептеу әдісі мәдени өсімдіктердің жоғарғы, орта және төменгі қабаттарына ярустарына жүргізіледі. Жапырақтың, сабақтың, түйнектің. Тамыржемістің және жемістің залалдану дәрежесі арнайы шкаламен есептеледі. Фитофтороздан картоп өнімінің төмендеуін корреляциялық моделдердің көмегімен уақытысынан үш күн бұрын даму дәрежесі туралы мәліметтер негізінде есептеу.

Шекілдеуікті жеміс дақылдарының жапырақтары мен жемістерінің таз-қотырын есептеу. Таз-қотырдың пайда болуы мен дамуының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжамдары. Жүзім сабағының милдьюін есептеу. Милдьюдің инкубациялық кезеңнің ұзақтығын есептеу жолымен және сызбалар көмегімен есептеу.
I.1.6 Ауылшаруашылық дақылдарының гербологиялық мониторингі
Гербологиялық мониторингтың этаптары. Арам шөптердің өсу фазасында егістерді көктемгі-жазғы тексеру. Арам шөптерге қысқа мерзімді болжамдар. Химиялық өңдеу жүргізу үшін жедел тексеру уақыты. Өнімді жинау алдында жазғы-күзгі тексеру. Агротехникалық және химиялық қорғау шараларын жоспарлау және ұзақ мерзімді болжамдар. Арам шөптердің тұқымымен танаптардың қамтамасыздығын дәлелдейтін күзгі тексеру. Топырақтың егістік қабатын талдау әдістері. Арамшөптілікті анықтау әдістері. Мальцев шкаласын қолдану арқылы көз мөлшерімен есептеу. Танаптық дақылдар егістеріндегі арамшөптіліктің дәрежесін анықтау үшін сандық есеп. Арамшөптілік дәрежесінің өрбуі. Арам шөптердің тұқымы мен топырақтың арамшөптілік шамасын есептеу. Арамшөптіліктің балдық бағасы. Гербицидтермен өңдеуге жатқызылатын жер көлемін болжаудың принциптері. Тиімді температура. Арамшөптермен күресу шараларының биологиялық тиімділігін анықтау. Ауылшаруашылық дақылдарының егістері мен егіндеріндегі арамшөптердің басым түрлерінің экономикалық зияндылық шегі.
II ӨСІМДІКТІ ЗИЯНДЫ ОРГАНИЗМДЕРДЕН ИНТЕГРАЛДЫ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ
КІРІСПЕ
«Өсімдікті зиянды организмдерден интегралды жүйеде қорғау» пәні, құрылымы және міндеті, оның басқа агрономиялық пәндермен байланысы. «Өсімдік карантині туралы» Қазақстан Республикасының заңы. «Өсімдік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Республика, облыс, район және шаруашылық деңгейінде өсімдік қорғаудың құрылымы, міндеті және қызметі. Пәннің жалпы теориялық және қолданбалы сипаты. Өсімдікті зиянды организмдерден интегралды жүйеде қорғау туралы осы заманның ұсынылымы.

Зиянкестердің түр құрамын, биологиясын, популяция тығыздығын, аурудың даму сатысын, егістердің арамшөптену дәрежесін және отырғызыл-ған мәдени өсімдіктердің арамшөптерін, зияндылығын білуге байланысты және өсімдікті интегралды жүйеде қорғаудың тиімді элементін таңдай білу зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау шараларының жетістігі. Шаруа қожалығы, фермерлік және басқа да шаруашылықтар жағдайында өсімдікті зиянды организмдерден интегралды жүйеде қорғау-дың (агротехникалық және шаруашылықты ұйымдастыру, биологиялық, химиялық, механикалық, физикалық және өсімдік карантині) негізгі элементтері.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
II.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерінің түр құрамы
Көпқоректі зиянкестер өнімдерінің түр құрамын анықтау. Турақант-тылар отряды (шегірткелер, шек-шектер, шілделіктер), қаттықанаттылар немесе қоңыздар (тақтамұрттылар, шыртылдақтар, қараденелілер) және қабыршаққанаттылар немесе көбелектер (түнкөбелек жұлдызқұрттары және қанкөбеклектер).

Астық дақылдары зиянды организмдерінің түр құрамы. Астық дақылдары зиянкестерін анықтау: қандалалар, қоңыздар, бүргелер, түн көбелектері, егегіштер, шыбындар. Астық дақылдары ауруларын анықтау – қара күйе, тат, ақ ұнтақ, қастауыш, тамыр шіріктері, сұлының қуыршақтануы, септориоз.

Бұршақ дақылдары зиянды организмдерінің түр құрамы. Бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың зиянкестері – бұршақ қоңызы; көпжылдық бұршақ шөптері – кенелер, бізтұмсықтар, жоңышқа жуанаяқтысы. Өсімдік ауруларын анықтау – қоңыр дақ, тат, аскохитоз, антракноз, жалған ақ ұнтақ, мозаика, ақ ұнтақ.

Техникалық дақылдардың зиянды организмдерінің түр құрамы. Қант қызылшасының зиянкестері – бізтұмсықтар, бүргелер, қандалалар; мақта зиянкестері – түнгі көбелектер, бітелер; күнбағыс зиянкестері – күнбағыс сүгені, күнбағыс қан көбелегін анықтау. Қант қызылшасының аурулары – церкоспороз, фомоз, жалған ақ ұнтақ, тамыр жегі, ризомания; күнбағыстың – пероноспорозы, ақ және сұр шіріктері; мақтаның - гоммозы, вилтын анықтау.

Картоп және көкөніс дақылдарының зиянды организмдерінің түр құрамы. Картоп зиянкестері – қоңыздар, түн және күйе көбелектерін; көкөніс дақылдары – қандалалар, бүргелер, күйелер, ақ көбелектер, түн көбелектер, шыбындарды анықтау. Картоп аурулары – макроспориоз, фитофтороз, ризоктониоз, рак, қара сирақ, сақиналы шірік және вирусты аурулары көкөніс дақылдары: қырыққабат – қара сирақ, фомоз, пероноспороз, кила, түтікті және шырышты бактериоздар; қияр – ақ ұнтақ, пероноспороз, тамыр шіріктері, бактериоз; қызанақ – фитофтороз, макроспориоз, септориоз, қоңыр және ақ дақтар, столбур және вирусты аурулар.
II.2 Өсімдікті интегралды жүйеде қорғаудың ғылыми негіздері
Өсімдікті интегралды жүйеде қорғау туралы түсінік, егіншілік жүйесі-нің құрамдас бөлігі ретінде саналады.

Өсімдікті интегралды жүйеде қорғаудың жалпы экологиялық және агроэкологиялық міндеттері. Ауылшаруашылық егістерінің зиянды орга-низмдерінің сан мөлшерін реттеу үшін, олардың зияндылығын төмендету мақсатымен қолданылатын агротехникалық, химиялық, биологиялық және басқа әдістер мен тәсілдер кешені - өсімдікті интегралды жүйеде қорғау болып табылады. Ауылшаруашылық дақылдарының фитосанитарлық мони-торингі, зиянды организмдердің пайда болуы мен дамуын болжау және хабарлау, олар мен күресу мерзімі. Зиянды организмдердің зияндылығының экономикалық шегі.


II.3 Зиянды организмдерден өсімдікті интегралды жүйеде

қорғаудың элементтері


II.3.1 Өсімдікті интегралды жүйеде қорғауда агротехникалық тәсілдің ролі
Агротехникалық немесе шаруашылықты ұйымдастыру тәсілдері - өсімдік қорғауда зиянды организмдердің көбеюі мен дамуын алдын ала ескертетін шаралар.

Ауыспалы егістің өсімдік қорғаудағы ролі. Зиянды организмдердің дамуына топырақты өңдеу, себу мерзімі мен себу әдістері және өнімді жинаудың әсері. Зиянкестер мен ауруларға өсімдік төзімділігін арттыруда микро және макро тыңайтқыштардың ролі. Арамшөптермен күресу. Орман алқаптарының егісті сақтаудағы маңызы. Фитофагтар мен фитопатогендерге сорттардың төзімділігін анықтайтын факторлар.

Зиянды организмдерге өсімдіктің төзімділігі және толеранттылығы. Төзімді сорттар шығару әдістері. Эпифитотиялар мен инвазиялардағы төзімді сорттардың маңызы. Жаппай және жеке сұрыптау, будандастыру, оның категориялары. Мутациялық селекция. Инфекциялық орта, инфекция-лық мөлшер. Инфекциялық орта жасау әдістері.
II.3.2 Өсімдікті интегралды жүйеде қорғауда биологиялық

қорғау әдістерінің ролі


Зиянды организмдер мөлшерін биоценозда реттеуші энтомофагтар, акарифагтар, гербифагтар және микроорганизмдердің маңызы мен тиімділігі. Бунақденелілердің саңырауқұлақты, вирусты, бактериялы аурулары. Микробиологиялық препараттарға сипаттама, оларды өндіру және қолдану. Антогонистер мен гиперпаразиттер өсімдік ауруларының қоздырғыштары.

Биологиялық иммунизаторлар – ваксиндер, интерферондар және антибиотиктер, оларды өсімдік ауруларымен күресуде қолдану мүмкіндігі.

Сәулелік және химиялық ұрықсыздандыру. Цитоплазмалық түраралық үйлесімсіздік. Өсімдік зиянкестерімен күресуде бунақдене гормондары мен жыныс феромондарын популяция жағдайын хабарлау және бақылауда қолдану.
II.3.3 Өсімдікті интегралды жүйеде қорғауда химиялық

қорғау әдістерінің ролі


Өсімдік қорғаудың химиялық тәсілін қолданудағы агротехникалық биологиялық және басқа да қорғау әдістерінің өзара байланысы. Ауылшаруа-шылық дақылдарының егістерінде пестицидтерді қолдану қажеттілігі, сақтандыратын және агротехникалық әдістерді ескере отырып санитарлық алдын-алу шарасы ретінде немесе жою шаралары болып есептеледі.

Зиянкестердің, аурулардың және арам шөптердің түр құрамдарына, даму фазалары мен кезеңдеріне байланысты пестицидтерді таңдау. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымды себерде және отырғызылатын материалдарды өңдеуге препараттарды таңдау; оларды қолдану технологиясы. Мәдени өсімдіктерге себер алдында және вегетациялық кезеңдерінде пестицидтерді қолдану. Инсектицидтерді, акарицидтерді, фунгицидтерді, гербицидтерді, биопрепараттарды біріктіріп және даралап қолдану. Ауылшаруашылық дақылдарында пестицидтерді енгізу мөлшері, мерзімі және тәсілі.

Мәдени дақылдардың егістері мен екпелерін жағалай өңдеу; ауылшаруашылық егістерін тосқауылды және жолақты өңдеу. Қоймаларды, жылы жайларды және т.б. залалсыздандыру, зарарсыздандыру технологиясы және өсімдік қорғаудың химиялық заттарын таңдау. Зиянды организмдердің даму сатысы мен ауа-райы жағдайына байланысты пестицидтерді мүлтіксіз қолдану әдісі.

Зиянды организмдерден өсімдік қорғаудың механикалық және физикалық әдістері; олардың өсімдік шаруашылығы өсімдік сақтау және вегетациялық кезеңдеріндегі маңызы. Өсімдік карантині; оның өсімдікті интегралды жүйеде қорғаудағы ролі мен орны. Сыртқы және ішкі карантинді объектілерді айқындау мен жоюдың әдістемелік негізі.


II.4 Ауылшаруашылық дақылдарын интегралды жүйеде қорғау
Жаздық, күздік бидайлар, арпа-тары, сұлы, жүгеріні интегралды жүйеде қорғау.

Дәнді бұршақ дақылдары – қытай бұршақ, ас бұршақ, үрме бұршақты интегралды жүйеде қорғау. Азықтық бұршақ дақылдары – жоңышқа, эспарцетті интегралды жүйеде қорғау.

Техникалық дақылдар – қант қызылшасы, мақта, күнбағыс және темекіні интегралды жүйеде қорғау.

Картоп, көкөніс дақылдары – қияр және қызанақ (ашық және жабық алаң), қырыққабат, пиязды интегралды жүйеде қорғау.

Жеміс дақылдары – шекілдеуікті және сүйекті жеміс ағаштарын интегралды жүйеде қорғау.

Жүзім мен жидек дақылдарын интегралды жүйеде қорғау.


II.5 Ауылшаруашылық дақылдарын зиянды организмдерден

интегралды жүйеде қорғауды ұйымдастыру және бағалау


Тұқымды себер алдында өңдеуді (дәрілеу) ұйымдастыру. Инсектицид-терді, фунгицидтерді, гербицидтерді және биологиялық препараттарды қолдануда себер алдында және вегетациялық кезеңдегі технологиялық үлгіні жасау. Түрлі шаруашылық ұжымдарында өсімдік қорғауды ұйымдастыру ерекшеліктері. Шаруашылықтарда өсімдік қорғау бойынша қызменттік міндетті бекіту. Өсімдік қорғау жүйесі және техникалық қауіпсіздікті сақтау жұмысын іске асыру жөніндегі кадрлар оқуын ұйымдастыру. Пестицидтерді жылдық жоспарға сәйкес қамтамасыз ету және оны сақтауды ұйымдастыру. Өсімдік қорғау және карантин бойынша санитарлық; алдын-алу және шаруашылықты ұйымдастыру шараларына бақылау жүргізу. Фитосанитарлық диагностика мен болжам әдістемелік орталығының филиалдарымен байланысы.

Өсімдікті интегралды жүйеде қорғаудың экологиялық бағасының көрсеткіштері: ауылшаруашылық дақылдарына зияндылық келтіретін пайдалы және зиянды түрлерінің ара қатынасын сақтау: дақылға қауіпсіз деңгейдегі аурулардың даму сатысын және популяция тығыздығын сақтау; өсімдіктерде, топырақта және суда пестицидтердің және олардың метаболиттерінің жинақталуына және мүмкіндік туғызбау. Зиянды организмдерден өнімнің жойылу мүмкіндігін анықтау. Қорғау шараларының биологиялық, шаруашылық және экономикалық тиімділігін анықтау.


ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:

1. Драховская М. Прогноз в защите растений. М., Изд – во сельскохозяйственной литературы. 1962.

2. Методические указания по учету и выявлению вредных и особо опасных вредных организмов сельскохозяйственных угодий. Астана, 2009, 312с.

3. Методические указания по мониторингу численности вредителей, сорных растений и развития болезней сельскохозяйственных культур. Ответственный за выпуск Сулейменова З.Ш. Астана, «Фолиант», 2004,272с.

4. Поляков И.Я., Персов М.П., Смирнов В.А. Прогноз развития вредителей и болезней сельскохозяйственных культур. Л., «Колос»,1984, 318с.

5. Интегрированная защита растений. Под ред. Фадеева Ю.Н., Новожилова К.В. М., «Колос», 1988, 336с.

6. Справочник по защите растений. Под ред. Фадеева Ю.Н. М., «Агропромиздат», 1985, 416с.

7. Справочник агронома по защите растений. Под ред. Нурмуратова Т.Н., Шека Г.Х. Алма – Ата, «Кайнар», 1983, 184с.

8. Справочник агронома по защите растений. Под ред. Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. Алматы, «РОНД», 2004, 320с.

9. Ченкин А.Ф., Черкасов В.А., Захаренко В.А., Гончаров Н.Р. Справочник агронома по защите растений. М., «Колос», 1990, 367с.

10. Чулкина В.А., Чулкин Ю.И. Управление агроэкосистемами в защите растений. Новосибирс, 1985, 202с.
Қосымша:

1. Ажбенов В.К. Сроки обследования и проведения защитных мероприятий в борьбе с зерновой совкой (рекомендации). Алма – Ата, «Қайнар», 1988, 23с.

2. Макарова Л.А., Минкевич И.И. Погода и болезни культурных растений. Л., «Гидрометеоиздат», 1977.

2. Методические указания по составению прогноза бурой ржавчины и защите посевов пшеницы. М., «Колос», 1982.

3. Методические указания по составлению прогноза стеблевой ржавчины пшеницы. М., «Колос», 1982.

4. Методические указания по определению сроков химических обработок картофеля против фитофтороза на основе краткосрочного прогноза погоды. М., 1979.

5. Методика по организации и учету вредных организмов. М., Центр научно - технической информации, пропаганды и рекламы. 1993, 66с.

6. Поляков И.Я., Левитин М.М., Танский В.И. Фитосанитарная диагностика в интегрированной защите растений. М., «Колос», 1995, 209с.

7. Прогноз появления и учет вредителей и болезней сельскохозяйственных культур. Под ред. Колосова В.В., Полякова И.Я. М., 1958.

8. Прогноз развития вредителей сельскохозяйственных растений. Под ред. Полякова И.Я., Л.,«Колос», 1975, 239с.

9. Рекомендации по учету и выявлению вредителей и болезней сельскохозяйственных растений. Под ред. Щуравенкова Ю.Б. и Ченкина А.Ф. Воронеж, 1984.

10. Руководство по проведению мониторинга и защитных мероприятий против особо опасных организмов. Астана. Издания за все годы.

11. Справочник агронома по защите растений. Под ред. Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. Алматы. «РОНД», 2004, 320 с.

12. Теория, методы и технология автоматизации фитосанитарной диагностики. (Сборник научных трудов ВИЗР). Санкт – Петербург, 1993.

13. Фитосанитарная диагностика. Под ред. Ченкина А.Ф. М., «Колос», 1994, 322с.

14. Бондаренко Н.В. Биологическая защита растений. М., «Агропромиздат», 1986, 246с.

15. Груздев Г.С., Зинченко В.А., Калинин В.А., Словцов В.И. Химическая защита растений. М., «Агропромиздат», 1987, 416с.

16. Интегрированная защита овощных культур от вредителей, болезней и сорняков в открытом грунте. Методические рекомендации. Л., ВАСХНИЛ – ВИЗР, 1987, 43с.

17. Методические указания по мониторингу численности вредителей, сорных растений и развития болезней сельскохозяйственных культур. Ответствен-ный за выпуск Сулейменова З.Ш. Алматы, «Фолиант», 2004, 272с.

18. Поляков И.Я., Персов И.М., Смирнов В.А. Прогноз развития вредителей и болезней сельскохозяйственных культур (с практикумом). Л., «Колос», 1984, 319с.

19. Поспелов С.М. Основы карантина сельскохозяйственных растений. М., «Колос», 1986, 246с.

20. Рекомендации по защите различных сельскохозяйственных культур от вредителей, болезней и сорняков. За все годы.

21. Список пестицидов (ядохимикатов), разрешенных к применению на территории Республики Казахстан на 2003 – 2012 годы. Астана, 2003, 103с.

22. Степановских А.С. и др. Учебное пособие. Интегрированная защита сельскохозяйственных культур от вредителей и болезней при интенсивной технологии возделывании в Зауралье. Омск, 1988.

23. Фадеев Ю.Н., Воронина К.Е. Интегрированная защита зерновых культур. М., «Колос», 1981.

24. Чулкина В.А., Торопова Е.Ю., Чулкин Ю.И., Стецов Г.Я. Агротехнический метод защиты растений. М., 2000, 334с.

25. Шебер – Бутин, Гарбе, Бартельс. Илюстрированный атлас по защите сельскохозяйственных культур от болезней и вредителей. Перевод и издание

на русском языке. Издательская группа «Контэнт», 2005,232с.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет