Бағдарламасы «Инженерлік графика және дизайн»



жүктеу 38.25 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі38.25 Kb.
түріБағдарламасы
: downloads -> ekzameny
ekzameny -> «Филология: Қазақ филологиясы. Қазақ тіл білімі», «Қазақ тілі мен әдебиеті: Қазақ тілі» траекториялары бойынша магистратураға түсушілерге арналған бағдарлама
ekzameny -> Љазаљстанныў ежелгі тарихы љазаљстанныў Кине жшне ежелгі тарихы
ekzameny -> Оқужылына 6М060800 Экология мамандығына түсуге арналған бағдарлама
ekzameny -> Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері Механика
ekzameny -> Сұрақтардың тақырыптары Сызықтық автоматты басқару жүйесінің теориясы
ekzameny -> 6М060700- биология мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны
ekzameny -> Коммуникация в структуре человеческой цивилизации. Политическая коммуникация как общение больших социальных групп
ekzameny -> Бағдарламасы Бейорганикалық химия
ekzameny -> Бағдарламасы 6М050800 «есеп және аудит» мамандығы астана 2014
ekzameny -> 6D020300-Тарих мамандығы бойынша PhD докторантураға түсуге арналған емтиханының мақсаты үміткердің кәсіби білімінің тереңдігін және дербес ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге дайындығының деңгейін анықтау
6M042100 «Дизайн» мамандығы магистратурасына 2013-2014 оқу жылы түсуге арналған арнайы пәннен емтихандар бағдарламасы
«Инженерлік графика және дизайн» кафедрасы
Арнайы пәндер:

  • Дизайн тарихы және теориясы;

  • Жобалау (дизайнның бағытына орай): Клаузураны орындау;

  • Берілген тақырып бойынша эссе.



Дизайн тарихы және теориясы
Дизайнның негізгі қағидаттары және заттық орта мен әлеуметтік-экономикалық құбылыстармен байланыс көздерін анықтау, таңдалған мамандыққа қызығушылығын нығайту, көз алдына елестету және жобалау қабілеттерін дамыту. Мұра мен отандық мәдениетті, техниканы және онымен ежелгі уақыттан қазіргі таңға шейінгі байланысты ғылым бағыттарын шығармашылық игеру; жобалау тәжірибесінде қолданылатын негізгі көркемдік шығармаларды, мәнерлеу құралдарын суреттеуді аналитикалық уйренудің тәсілдерін, шеберлігін және білімін иелену; нақты жобалау барысында сәулет және дизайнның түрлі өнер шығармашылықтарын стильдік және жанрлық ерекшеліктерімен еркін жұмыс жасай білу; дизайнның бейнелік құрылымы мен ішкі құрылымын терең түсіну.

Дизайнның Ресейде дамуы. Ресейдегі дизайнның даму тарихы. Пішін қалыптастырудың тарихи кезеңдері. Дизайн-жобалаудың теорисы және әдіснамасы. Дизайнның анықтамасы және түрлері. Дизайнның қалыптасу және даму тарихы. Жаңа аса жетілдірілген заттардың пайда болуы. Үйлесімді заттық ортаның қалыптасуы. Өндірістік дизайнның бастауы. Пропорция жене пропорциялау. Пішіннің тұтастығы және мазмұны. Өндірістік дизайн. Дизайнның түрлері, ерекшеліктері мен өзіне тән қасиеттері. Өндірістік дизайн түсінігі, оның заты, мақсаты мен нұсқалары. Көркемдік құрылымдау процесінің кезеңдері. Жобалау-көркемдік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде дизайнның қалыптасуы. Коммерциялық дизайн пионерлері. Өнер мен техниканы өзінде біріктіретін құбылыс. Өндірістік дизайн, еуропалық дизайнның пайда болуы мен дамуы және оның негіздерін оқып үйрету мәселелері. Ойлау мен орындаудың арасындағы алшақтықты жеңу. Американдық дизайнның пайда болу алғышарттары. Дизайн тарихы және көркемдік құрылымдау ерекшеліктері. Қолөнер өндірісі дәуіріндегі заттық әлем. "Веркбунд" және "Баухауз" ("Құрылыстық үй") дизайндарының қалыптасуы. Саябақтық "жасыл" құрылыстың композициялық өнері. Дизайн даму тарихы. Дизайн жобалау және көркемдік өнердің ең ықпалды түрі ретінде. Дизайн даму теориясы: негізгі кезеңдері және зерттеу хронологиясы. Дизайн дамуының тарихи кезеңдері және олардың сипаттамалары. Ғылыми-техникалық процесстің әсері. Ағылшын суретшілері – дизайн саласындағы зерттеушілер У. Моррис және Д. Рескин. Интерьердегі классикалық дизайн. Жобалау-көркемдік іс-әрекет ретіндегі дизайнның қалыптасу қысқаша тарихы. Дизайн стильдері, олардың түрлері және сипаттамалары. Ежелгі Грециядағы классикалық стиль мен қалақұрылысының тарихы, оның ерекшелігі мен интерьердегі қолданылуы. Дизайн негіздері. Мақсаты өндірістік бұйымдардың формалды сапасы, әлем мен Қазақстандағы қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, қазіргі заман үрдісі мен келешегі болып табылатын шығармашылық іс-әрекет ретіндегі дизайн. Дизайн тұрпаттары, олардың айырмашылық белгілері. Түрлі өндіріс салаларындағы (жиһаз, автокөлік, киім) италиандық дизайнның жалпы сипаттамасы. Италиандық дизайн феномені, оның бүкіл әлемдегі беделі, стильдер мен бағыттардың әрдайым өзгеруі. Атақты италиан дизайнерлері Марио Беллини, Андре Бранци, Марио Ботта. Италия автокөліктері: Ferrari және Fiat маркаларының тарихы. Беделді сән және дизайн мектептері.


Емтиханға арналған жетекші сұрақтар:

1. Дизайн - мәдениеттің негізгі элементі ретінде.

2. Дизайн тарихын анықтаудың түрлі әдістері.

3. Ежелгі Египеттің материалдық мәдениеті.

4. Ортағасыр дәуіріндегі қолөнер.

5. Өркендеу дәуіріндегі қолөнер, ғылым мен техниканың дамуы.

6. XVIII ғ. еуропалық өнер стильдері. Барокко және рококо.

7. X-XVIII ғғ. Ресей декоративті-қолданбалы өнері мен қолөнер кәсібінің дамуы.

8. Мануфактуралық өндіріс жағдайындағы көркемдік жобалаудың ерекшелігі.

9. Техникалық төңкерістің басталуы. Өндірістің пайда болуы және пішін қалыптастыру мәселелері.

10. Алғашқы ресейлік өндірістік көрмелер. Ресейдің халықаралық өндірістік көрмелерге қатысуы.

11. XIX ғ. өндірістік көрмелері және олардың дизайнның дамуына қосқан үлесі.

12. Ресейдегі көркемдік-өндірістік училищелер. Строганов училищесі.

13. XIX-XX ғғ. заттық- кеңістіктік ортадағы пішін қалыптастыру мәселелері.

14. У. Моррис шығармашылығындағы теория және тәжірибе.

15. Модерн стилі.

16. Конструктивизм и функционализм.

17. XX ғ. басындағы өндірістік құрылымдау мектептері.

18. Немістік Веркбунд.

19. Баухауз: өндірістік бұйымның пішінін қалыптастыру қағидаттарын жасалуы.

20. ВХУТЕМАСтың құрылуы, оның 1920 – 1930 жж. КСРО-дағы өндірістік өнердің қағидаттарын жасаудағы маңызы.

21. Кеңестік дизайн пионерлері.

22. АҚШ өндірістік дизайнының қалыптасу алғышарттары.

23. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ дизайнының дамуы.

24. Коммерциялық дизайнның негізгі қағидаттары.

25. Р. Лоуи – коммерциялық дизайн пионері.

26. Ульмдағы пішінқалыптастыру жоғарғы мектебі: дизайн-қалыптасудың жаңа тұжырымдамасы.

27. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия дизайнының даму ерекшеліктері.

28. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Франция дизайнының даму ерекшеліктері.

29. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Англия дизайнының даму ерекшеліктері.



30. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия дизайнының даму ерекшеліктері.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет