Бағдарламасы және күнтізбелік жоспары Құрастырған: Қ. Р. Жәкешева №21 орта



жүктеу 104 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі104 Kb.
: metod -> 2006
2006 -> Бағдарламасы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының 10 класс оқушыларына арналған
2006 -> Бағдарламасы (10 кластарға арналған) Ақтөбе 2006ж. Қалалық білім бөлімі Ақтөбе, 2006ж
2006 -> Жалпы білім беретін №17 мектеп-гимназиясы Ақтөбе қаласы. «Химиядан олимпиада есептерін шығару»
2006 -> 10 класқа арналған Қазақстан тарихынан тест жұмыстары
2006 -> 37 орта мектеп бағдарлама «Математикалық логика»
2006 -> Пояснительная записка программы курсов «Основы цитологии» и«Основы генетики»
2006 -> 11 класс Қазақ тілі – 1 нұска
2006 -> 10-класс І тоқсан І нұсқа (Қоғамдық- гуманитарлық бағыт) Көне түркі дәуірі жазба ескерткіштері қайсысы?
2006 -> Ақтөбе қаласының Білім бөлімі 10-11 класқа арналған «Шешендік өнер» арнайы курсының бағдарламасы
2006 -> Жұмыс бағдарламасы Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Ақтөбе қаласының білім бөлімі

Профильді мектептің қоғамдық – гуманитарлық

бағытпен оқытатын 10-сыныпқа арналған
« Тіл стилі »
арнайы курс бағдарламасы және күнтізбелік жоспары
Құрастырған: Қ.Р. Жәкешева - №21 орта

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі.

Ақтөбе, 2006


Қоғамдық –гуманитарлық бағытпен оқитын 10-сыныпқа арналған «Тіл стилі» арнайы курсының бағдарламасына

ТҮСІНІК ХАТ

Профильді мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытымен оқитын сынып оқушыларының әдебиет жөніндегі білімін кеңейтуіне, көркем шығармадан оқығанын терең талқылай білуге,өзінің алған әсерін, сезімін, ойын жазбаша түсіре білуге баулитын арнайы сағат керек. «Тіл стилі» арнайы курсының негізгі мақсаты-оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту, олардың қабілет, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу. Осы мақсатпен бағдарламаны жасаудағы нысанамыз:

-әдеби тіл ,оның даму тарихынан мәлімет беру;

- қазақ тілінің қоғамымыздағы рөлі;

-мәтін құру, мәтін түрлері бойынша шығармашылық жұмыс ұйымдастыру:

-стиль түрлерінен мағлұмат беру, лингвостилистикалық талдау жасауға үйрету:

Әрбір тараудан соң практикалық жұмыс сағатын беріп отырмыз.Бұл сағатты өткізуге мұғалім ерекше ізденіспен келуге міндетті.Себебі арнайы жаттығу .тапсырмалар

дайындап, өтілген тақырыпты бекітіп, өткізуі тиіс.

Негізгі мақсат- шығарма жаза білуге бағыттау болғандықтан, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма жазуға 2 сағаттан бөлінеді. Шығарма тақырыптарын мұғалім әдебиеттен өткізіп жатқан тақырыбына орай өзі белгілеуі тиісті.

Бағдарламаның әр тарауынан соң мұғалім үшін арнайы курсты өткізуге пайдалана алатын ғылыми – зерттеу әдебиеттер тізімі берілді. Бұл әдебиеттер осы курстың бағдарламасын жасауда пайдаланылды.



Оқушылар игеруге тиіс негізгі білім, икем, дағдылар:

  • тіл ұстарту амалдарын дұрыс ажыратып, орынды қолдана алу;

  • тілдің қоғамдық маңызын, ана тілінің қадыр-қасиетіп түсіне білу;

  • әдеби тілдің даму тарихынан олу, дамуын саналы түрде түсіне білу;

  • стиль түрлерін ажыратып алу;

  • шығармашылық жұмыстардың орындалу техникасын меңгеру;

  • көркем шығармадан автордың стильдік қолданысын түсініп, талдай білу;

  • мәтінді тақырыпқа сай баяндап, суреттей, талдайбілу;

  • жазбаша жұмыстарға талдау жасай білу, өз көзқарасын, әсерін кірістіріп, қоры-

тындылай алу.
Сабақ кезінде бағдарламалық материалды меңгеруге бөлінген сағат оқушыларға шығармашылық тапсырмалар орындатуға,оның жолдарын үйретуге жете бермейді. Сондықтан бұл арнайы курсқа бөлініп отырған 2 апталық сағат осы олқылық орнын толтырады деп ойлаймыз.


Тіл стилі

орта мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша оқитын 10-сыныпқа арналған

арнайы курс бағдарламасы
Апталық сағаты- 2 сағат, жылдық сағаты – 68сағат.

I. Әдеби тілдің даму тариxынан – 10 cағат

1.Әдеби тіл бойынша жалпы мағлұмат

әдеби тіл бойынша жалпы түсінік, ұғым беру.

2.Қазақ әдеби тілі, оның даму кезеңдері

Әдеби тілдің сөйлеу тілінен айырмашылығы.қазақ әдеби тілі бойынша ғалымдар пікірі.

Әдеби тілдің зерттелуі. Стильдік тарамдары.

3.ХV- ХVIIIғ. қазақ көркем әдеби тілі.

Ақын-жыраулардың сөз қолданысы.Дидактикалық толғаулар,арнауөлеңдер,поэтикалық образ жасау ерекшеліктері.

4.ХVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілі

Ақындар мектебі . Бұқар жырау тілі,теңеу,метафоралық қолданыстар.

5.ХІХ ғасырдағы әдеби тіл

Махамбет ақынның сөз қолданысы.

Ақындар тіліндегі фразеологизмдер, эпитеттер.

6.Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі

Ы.Алтынсаринның , Абайдың ұлттық жазба әдеби тілді дамытудағы рөлі

7. Тарау бойынша практикалық-шығармашылық жұмыстар.

Қолданылатын әдебиеттер:



  1. Сыздықова Р. XVIII – XIX ғғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы 1984

  2. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы 1990

ІІ.Қазақ тілі, оның халықаралық маңызы – 4 сағат

1.Қазақ тілі – Мемлекеттік Тіл, қызметі, коммунакативтік рөлі.Қазақ тілінің ұлтаралық

қарым-қатынастағы рөлі.

2.Практикалық-шығармашылық жұмыс.

ІІІ.Стиль. Стилистика – 21 сағат

1.Стиль туралы ұғым.Стиль түрлері.

2.Көркем шығарма тіліне лингвистикалық және стилистикалық талдау жасау туралы ұғым.

3. Абай өлеңдеріне лингвостилистикалық талдау жасау.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Сегізаяқ», «Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы».

4. М.Жұмабаев»Қазақ тілі» өлеңіне лингвостилистикалық талдау.

5. К.Ахметова « Бауыр» өлеңіне лингвостилистикалық талдау.

6. Стиль түрлері. Ғылыми стиль.

Ғылымистильдің лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшелігі.

7. Публицистикалықстиль, оның ерекшелігі.

Публицистикалық сипатта жазылғантүрлі мәтіндерді: табиғат көрінісі,мекеме орындары,

Көрмелер,мәдени орталықтар жайлы ұсыну, оларды толық немесе қысқаша ауызша не жазбаша мазмұндату.

8.Қазақ пуьлицистикасындағы Б.Бұлқышев рөлі.

9.Қазіргі кездегі публицист-журналистер шығармашылығы.

Қ.Олжай, Д.Амантай, А.Шөкіш және т.б. шығармашылығы бойынша.

10.Ауызекі сөйлеу стилі,оның ерекшеліктері.

11.Тіл мәдениеті.

Сөйлеудің түрлері.Сөз мағынасы-тауып сөйлеудің кілті. Диалог пен монолог. Тіл тазалығы.

12.Көркем әдебиет стилі, оның ерекшеліктері.

Классик ақын – жазушылар :М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов шығармаларынанжазу-шылар дың жазу ерекшеліктерін анықтатып,көз жеткізу.

13.Практикалық-шығармашылық жұмыстар



Қолданылатын әдебиеттер:

Сыздық Р.,Шалабай Б.,Көзкем мәтінді лингвистикалық талдау (Оқу құралы)-Алматы:»Ғылым»,2002.

2.Шалабаев Б. Көркем проза тілі (Оқу құралы) – Алматы:»Білім», 1994.

3.Уәлиев Н. Сөз мәдениеті – Алматы: « Мектеп», 1984.

4.Құрманова Н.Ж. Мухлис К. Текст теориясы және текст талдау әдістемесі. Алматы

2000.


5.Охина Г. Тағылым мен тәжірибе. – Алматы:» Өлке», 2004.

6.Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы,1999.


IV. Әдебиет – сөз өнері. Тіл ұстарту – сөз өнерін игеру негізі – 33 сағат

1.Әдебиет – сөз өнері. Тіл ұстарту – сөз өнерін игеру негізі

2.Идея және тақырып. Сюжет және композиция.

Тақырып таңдау.Мәтін құрату. Өзі тақырып қоя білу. Тақырып бойынша сюжет құрау.

Сюжет композициясын құрастыру.

3.Мәтін түрлері. Баяндау, сипаттау және суреттеу мәтіндері.

Мәтін турлерінің айырмашылықтарын білу, жеке мәтіндер бойынша түрлерін анықтату.

Түрлі сипаттағы мәтіндер арқылы сөз таптарының түрлену жүйесі жөніндегі түсініктерін кеңейту.

4.Абзац, ондағы ой бөліктері

Абзацтың рөлі, мәтін құрап, ондағы ой бөліктерін келтіру.

5.Талқылау және мінездеу мәтіндері

Сөздерді мақсатқа сай, мәтін мазмұнына сай қолдана білу. Талқылау, мінездеу мәтіндерін беріп ,оның не үшін қолданылатынын білу, айыру. Мәтін құрату.

6.Тіл байлығы және сөздік қор. Сөздің көп мағыналылығы. Полисемия.

Тіл байлығы – ұлттың рухани қазынасы. Тіл байлығының адамға сөз мәдениетіне қатысы.

7.Тіл көркемдігінің бір сыры – мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестер

Фразеологизмдердің ойды әсерлі берудегі мәні. Фразеологизмдердің синониммен, антониммен байланыстылығы. Мақал –мәтелдерді, тұрақты тіркестерді кірістіріп мәтін

Құрау.

8.Әңгіме. Әңгіме жазу.



Отбасы,сыныптас құрбылар, табиғат, дала өзгерісі, ауыл-қала тіршілігі,шаруашылығы

Тақырыбына әртүрлі әңгіме жаздыру.

9.Шығарма. Әдеби тақырыпқа жазылатын шығарма. Шығарманың басқа да түрлері

Шығарма жазуға қойылатын талаптар. Жоспар құру, эпиграф таңдау.

10.Шығарманың басқа түрлері: пейзаждық шығарма және суреттеме

Табиғат көрінісін, жыл мезгілдерін суреттеу, затты немесе адамды суреттеп жазу.

11.Мәтінді қысқарту жолдары: тезис пен конспект. Аннотация.

12.Рецензия. Оны жазу жолдары.

Оқыған кітабына, әңгімеге,көрген киносына рецензия жазу. Автордың көзқарасын анық-

Тай білуі, шығарма кейіпкерлеріне лара.салыстырмалы мінездемеберуі. Көркем шығарма-идеялық көркемдік ерекшелігіне баға бере білуі.

13.Реферат, оған қойылатын талаптар.

Әдеби тақырыпқа бір дерек бойынша реферат әзірлеу. Реферат жоспары, пайдаланатын әдебиеттер тізімін жасау,тезистеу, конспектілеу. Қорытынды ой,пікірдің болуы.

14.Шығармашылық , практикалық жұмыстар.

15. Оқыған білімді жүйеге түсіру, қайталау.

16. Қоғамдық білім байқауы.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Қабдолов З. Сөзөнері.- Алматы: «Санат», 2002.

2. Әбдібекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту (көмекші құрал), Алматы «Рауан» 1994.

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №12 2003.

4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №2, №4 1992.

5. Чижова Т.И. основы методики обучения стилистики средней школе – СПб: «Специальная литература», 1998.

6. Русский язык 11 класс: Поурочные планы. Автор-сост. Тропкина Л.А. – Волгоград: - Учитель, 2003.



«Тіл стилі» арнайы курсының бағдарламасы бойынша

мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқау

«Тіл стилі» арнайы курстың бағдарламасын қазақтың әдеби тілінің даму кезеңдері жайында мағлұмат беруден бастап отырмыз. Әдеби тілідің даму тарихына берілген 10 сағатта мұғалім оқушыға нені айтып, жеткізуге тиісті екені көрсетіліп берілді. Бұл сағаттарда өткізуде қолданылатын әдебиеттерді осы тарау соңында берілген. Негізінен, бағдарламаның осы тарауы академик, тілші- ғалым Р. Сыздықованың « ХVІ-ХІХ ғ қазақ әдеби тлінің тарихы» монографиясынан алынды. Сондықтан сабақ өткізетін мұғалім осы кітапқа сүйенгені орынды.

Бағдарламаның осы бөлімін мұғалім өзі түсіндіріп, лекцикалық әдістен бастағаны жөн деп есептейміз. 4-5 сағаттарда, яғни, «Ақын-жыраулардың сөз қолданысы» және «ХVІІІғ қазақ әдеби тілі, оның тіліндегі теңеу, метаоралық қолданыстар» сабағын өткен кезде, сабақ берудің топтық, жұптық тәсілдерін пайдаланған жөн.

«Махамбет ақының сөз қолданысы» тақырыбын өткенде ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін оның өлеңдерін оқи отырып, талдау арқылы «Қазақ тілі, оның халақаралық маңызы» бөлімінің сабаққа негізгі көмекші, дайындық құралы етіп, Ж. Нығметтің « Қазақ тілінің хрестоматиясы» (Алматы, 2004) кітабын пайдалануға болады. Күнтізбелік жоспардағы шығарма тақырыбын өзгертуге болады немесе мұғалім оқушыларға бірнеше тақырып ұсынып, қалағанын жаздыруға болады.

«Стиль. Стиль түрлері» тарауы бойынша қолданылатын әдебиеттер тізімі берілген. Стиль түрлерін өтпестен бұрын лингвостилистикалық талдау жасау туралы ұғым және жекелеген көркем лингвостилистикалық талдауға беріліп отырған поэзиялық шығармаларды өтуде мұғалім оқушыларға өлеңдер мәтінін таратады. Сабақ үстінде оқушы алдында өлең мәтіні болуы керек. Тіпті үй тапсырмасы ретінде алдын-ала оқып келуге, талдау сұрақтарымен үйге беруге де болады. Мысалы, К. Ахметованың «Бауыр» өлеңіне мынадай сұрақ -тапсырмаларды үйге тапсырма ретінде беруге болады.

1.Өлеңді қай жанрға жатқызар едің?

2.Өлеңге арқау болған қандай сюжет деп ойлайсың?

3.Әкім мен ақынды сипаттайтын жерлерін дәптерге теріп жпз.

4.Балладағы ең шешуші оқиға қай жерінде? (шумағында) Өз ойыңды айтып дәлелде.

5.Әйелге қандай мінездеме берер едің? Әйел тек өз басын ойлайтын адам ба? Ақын қай сөйлем арқылы әйел бейнесін ашып тұр деп ойлайсың?

Осындай сұрақ-тапсырмалар арқылы үйден оқып, ойланып келген оқушымен класта талдау сабағын өткізу аса қиын болмайды. Және осындай сұрақ-тапсырмалар арқылы шығармашылық жұмыс орындауға да үйренеді.

«Стиль түрлерін» өткенде әр стиль түрлері жеке ерекшелігі түсіндіріледі. Жаттығу жұмыстарына мұғалім өзі ізденіп, газет-журнал маетриалдарынан мәтіндер тауып, алдын- ала компьютерге бастырып, оқушыларға таратуға міндетті. Шығармашылық және практикалық жұмыстарды қалай құрам десе де, мұғалімнің өз еркінде.

«Стиль» тақырыбы бойынша ресми және іс –қағаздар стилі туралы бағдарламаға қоспадық. Себебі, бұл тақырыптарға қоғамдық –гуманитарлық бағыттың оқулықтарында біраз сағат бөлініп, оқу материалдары толық берілген.

Курс стиль туралы болғанмен, тіл ұстарту, шығармашылыққа бағыттау- біздің негізгі мақсатымыз. Күнделікті өмірде әдеби материалды жақсы білетін, бірақ шығарма жазуға шорқақ, ойын жеткізе алмайтын оқушылар көп кездеседі. Сондықтан бағдарламаның «Әдебиет- сөз өнері. Тіл ұстарту –сөз өнерін игеру негізі» бөліміне оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулуды көздеп, тақырыптар ұсынып отырмыз. Әр тақырыптан соң қолданылатын әдебиеттер тізімі ізденген мұғалімге жеткілікті материалдар болатыны сөзсіз.

«Тіл байлығы және сөздік қор» тарауы бойынша практикалық сабақта мақал –мәтелдерге өз пікір, көзқарасын жазу, мақал- мәтел бойынша әңгімелеп жазу тапсырмаларын білуге болады.

Жазба жұмыстарға мұғалім әуелі жұмыс алгоритмін ұсынып, бағалау өлшемдерін (критерийін) ұсынған дұрыс деп ойлаймын.

Әр тоқсан сайын оқыған білімді жүйеге түсіру үшін қайталау сағатын ұсынып отырмыз.

Жыл соңында оқушылардың орындаған жұмыстары бойынша «Білімнің қоғамдық байқауын» ұйымдастырған жөн. Бұл оқушылар ізденісін, шығармашылық көрсеткіштерін көпке ұсыну арқылы оқушыларды белсендіру, ынталандыру көзделеді.


«Тіл стилі» арнайы курсын өткізуде керекті әдебиеттер тізімі:
1) Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. – Алматы «Рауан» 1994.

2) Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту: Алматы «Мектеп баспасы» 2003.

3) Богомолова Т.И. обучение анализу поэтического произведения. – Калуга издатель Бочкарева Н.Ф. 1997

4) Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, «Санат» 2002.

5) Сыздықова Р. XVIII-XIX ғғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы Алматы «Мектеп» 1984

6) Сыздық Р., Шалабай Б., Әділова. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау. – Алматы «Ғылым» 2002

7) Шалабаев Б. Көркем проза тілі: Алматы «Білім» 1994

8) «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №2, №4 1992

9) Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. Алматы «Мектеп» 1984

10) Чижова Т.И. Основы методики обучения стилистике в средней школе. – СПб: «Специальная литература», 1998

11) Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы «Рауан» 1994

12) Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. Алматы 2000

13) Құрманова Н.Ж ., Мухлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. Алматы Абай ат. Алматы мемлекеттік университеті, 2000
Жәкешева Қ. Р. –

№21 орта мектепте қазақ



тілі мен әдебиеті мұғалімі



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет