БАҒдарламасы және мысырдың Ұстанымы



Дата27.04.2016
өлшемі70.17 Kb.
ИРАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ МЫСЫРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ
Әбдіқадырова Ж.Б.,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аспиранты


Мысыр Араб Шығысындағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың, Таяу Шығыс аймағының жаппай қырып жоятын қару-жарақтан азат аймаққа айналуының белсенді жақтаушысы. Сондықтан Мысыр Араб Республикасы (МАР) жетекші аймақтық державалардың бірі ретінде таяу шығыстық аймақтағы тұрақтылық үшін үлкен маңыздылығын ескере келе, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселеден шет қала алмайды. Мысыр бірнеше араб елдері – Сирия, Алжир, Йемен және Либиямен қатар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Басқарушылар кеңесіне мүше. Бұған қоса АЭХА басшысы Мұхамет әл-Барадеи – мысырлық дипломат [1]. Мысыр өкіметі біржақты қолдау немесе айыптау мәлімдемелеріне жол бермей, Иранның «ядролық досьесіне» қатысты «алтын орта» тактикасын жүзеге асырады [2]. Мысалы, мұндай ұстаным 2006 жылы тамыз айының аяғында Каирде Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Реза Бакири мен АҚШ-тың АЭХА-дағы өкілі Грегори Шальт ирандық ядролық досьедегі өз елдерінің ұстанымдарына қатысты МАР-дың қолдаймын деген уәдесін алуға талпынған кезде көрінісін тапты. Нәтижесінде Мысыр дағдарыстан шығудың дипломатиялық жолдарын іздеуді жақтап сөйлей келе, онымен бір уақытта әскери мақсаттағы мүмкін болатын ирандық ядролық бағдарламаны дамытуды тоқтату деген американдық талапты қолдады [3]. Бұдан ертерек сол жылдың қаңтарында Мысыр президенті Хосни Мубарак пен Иордания королі Абдулла II БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне істі тапсыру алдында ирандықтарға «тағы бір мүмкіншілік» беру үшін АҚШ-ты Иранмен оның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді жалғастыруға шақырды [4]. Дегенмен де Мысыр қазіргі кезеңдегі екі жақты қатынастардың әжептәуір жағымды сипатына назар аудара келе, ирандық ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық әдістермен реттеуге мейлінше мүдделі [5].

Бір жарым онжылдықтан аса уақыт ішінде дағдарыстық жағдайда болған мысыр-иран сұхбатының жақсаруы араб әлемімен стратегиялық серіктестікті қалыптастыруға бет алған ирандық саяси өмірдегі орташа күштер өкілі Мұхамет Хатамидің 1997 жылы президент болып сайлануынан кейін байқала бастады. Каир Иранның мемлекеттік қайраткерлерінің саяси сөздерінен ислам революциясының экспорты тезисі ғайып болғаннан кейін оған азырақ күдікпен қарай бастады. Өз кезегінде ирандық өкімет араб елдерін «Таяу Шығыста шейіт қаупі жоқ» деп сендіреді [6]. 2003 жылдың желтоқсанында Женевада екі ел жетекшілерінің ұзақ уақыт ішіндегі алғашқы кездесуі барысында тараптар қатынастарды толық көлемде қалпына келтіру, аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мүддесіндегі өзара ынтымақтастықты орнату ынталарын білдірді. Бұдан көп кешікпей 2004 жылдың қаңтарында Иран екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың қалпына келтірілуінің басты тосқауылдарының бірін жоюға барды. (Елдің болашақ президенті Махмұт Ахмадинежад әкім болған) Иран астанасы Тегеранның қалалық басқармасы мысырлық президент Әнуар Садатты өлтірген адамның атымен аталған көшенің атын өзгертіп, солайша «Иран мен Мысырды татуластыру үшін маңызды қадам жасады». Көшенің атын өзгерту талабы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтірудің міндетті шарты ретінде ресми Каирмен ұсынылған болатын [7].

Араб елдерімен тығыз саяси сұхбат орнатуды көздеген Иран басшылығы ағымдағы өзекті мәселелерді талқылау үшін де, сондай-ақ екі жақты стратегиялық серіктестікті дамыту үшін де жетекші араб саясаткерлері, дипломаттары, әскерилері және кәсіпкерлерімен кездесулерді қолдануға тырысып, белсенді «шөлнек дипломатиясын» [8] жүзеге асырады. 2006 жылдың 10-11 маусым аралығында Иран Ислам Республикасы (ИИР) Ұлттық қауіпсіздіктің жоғарғы кеңесінің (ҰҚЖК) хатшысы Әли Лариджани Каирге сапар шекті. Каирдегі сапары барысында Әли Лариджани МАР президенті Хосни Мубаракпен, Мысырдың сыртқы істер министрі Ахмет Әбу әл-Гейтпен және Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) бас хатшысы Амр Мұсамен кездесті.

Ресми Каир Иранның бейбіт ядролық энергетика құқығын қолдайтын, ирандық «ядролық досье» төңірегіндегі дағдарысты бейбіт жолмен реттелуін жақтайтын Мысыр ұстанымын қайта растады. Ирандық ядролық бағдарламаны реттеудің ең жақсы құралы – Иран мен Батыс арасындағы сұхбаттың жалғасуы деп есептейді Хосни Мубарак. Бұдан ертерек 2006 жылдың 16 қаңтарында Мысырдың сыртқы істер министрі Ахмет Әбу әл-Гейт оның елі ИИР-дің ядролық технологияларды жасап шығару құқығын қолдайтынын, алайда Тегеранға «бұл технологиялар тек қана азаматтық мақсаттарға арналғанына халықаралық қауымдастықты сендіру қажет» екенін ерекше баса айтты [9]. Тіпті 2006 жылы 23 желтоқсанда ИИР президенті Махмұт Ахмадинежадтың өз республикасын ядролық ел ретінде жариялауы, мысырлық дипломаттың ойы бойынша, бұл мемлекет аймаққа зиян тигізетіндей ядролық әскери қуатқа ие екенін мүлде білдірмейді [10]. Таяу шығыстық арабтарды шейіттер ықпалының артуы Сауд Арабиясы мен Мысырға қарама-қарсы аймақтық көшбасшылыққа ұмтылған жалғыз ғана Иранның мүддесіне сай келетін сүниттер мен шейіттердің діни қасарысуы [11] көбірек алаңдататын көрінеді.

Сондай-ақ АМЛ бас хатшысы Амр Мұса да Әли Лариджанимен кездесу барысында ирандық ядролық мәселені шешуде дипломатия ең жақсы құрал болып табылатынын баса айтты. Ол Таяу Шығыстың кезкелген мемлекеті бейбіт мақсатта атом қуатын қолдануға құқылы екенін ескертті. Иран-араб қатынастарының қазіргі жағдайына тоқталған кезде, Амр Мұса Тегеранның палестиналық халықты қолдауын айрықша ескере келе, Ислам Республикасын араб әлемінің «одақтасы» және «жан досы» деп атады [12].

Мысыр Ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шартқа қол қойған Тегеранды бейбіт атомды алу құқығы жөнінде қолдайтыны жайлы 2006 жылдың 11-16 қыркүйек аралығында Гаванада өткен Қосылмау қозғалысының мемлекет және үкімет басшыларының 14-ші конференциясында тағы бір мәлімдеді. Сонымен бірге МАР Иранды өзінің атомдық бағдарламасы әскери мақсаттарға ие емес екенін көрсете келе, бағдарламасына деген халықаралық қауымдастықтың сенімін нығайтуға үндеді [13]. Саммит жұмысы нәтижесінде қатысушылар ирандық «атомдық досьеге» қатысты арнайы мәлімдеме жасап шығарды. Онда Қосылмау қозғалысының мүшелері Иранның бейбіт ядролық бағдарламаны жүзеге асыру құқығын қолдады. Декларацияда сонымен бірге барлық елдер бар халықаралық келісімдерді орындауларын есепке алғанда, бейбіт мақсатта атом қуатын қолданудың ажырамастай құқығына ие екені баса айтылады. Құжатта сондай-ақ бұл салада «міндеттемелерді орындауды тексеру үшін тек қана Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік пәрменді орган болып табылатыны» айтылады. Қосылмау қозғалысының мүше-елдері Иранның АЭХА-мен ынтымақтастығын қолдады және қазіргі мәселелердің шешімін табу үшін Тегеранды бұл ынтымақтастықты «белсенді және толық түрде» жалғастыруға шақырды. Қосылмау қозғалысы «алдын ала шарттарсыз келіссөздерді жандандыру және барлық қажетті тараптардың қатысуымен ынтымақтастықты кеңейту – мәселені шешудің жалғыз жолы» болатынын ескере келе, Иранның бейбіт ядролық бағдарламаны жүзеге асыру мәселесін дипломатиялық тәсілдермен шешуді алға тартты [14].

Сонымен, Иранның бейбіт мақсатта ядролық қуатты қолданудың ажырамастай құқығын Араб мемлекеттері лигасы [15], «ирандық досье» ісіндегі басты бастаушы Мысыр болатын Қосылмау қозғалысының мүше-елдері, және тіпті М. әл-Барадеи бастаған АЭХА басқармасы қолдайды. Солайша 2006 жылдың наурыз айында мысырлық дипломат Иран бейбіт ядролық бағдарламаға құқылы, бірақ сонымен бір уақытта бұл бағдарламаның толық айқындылығын қамтамасыз ету және «шектемелерді орындайтынына әлемді сендіру» керек екенін мәлімдеді [16]. Ол сонымен қатар «сұхбат және өзара ынтымақтастық» қалыптасқан жағдайдан шығудың жалғыз жолы болып табылатынын ескеріп өтті [17].

Мысырдың ресми билігі ғана емес, діни ұйымдардың кейбір рухани көсемдері де араб елдерін ирандық ядролық досье мәселесіне қатысты Иранды қолдауға шақырады. Солайша, «Мұсылман ағайындардың» рухани көшбасшысы Мұхамет Мехди Акефтің пікірінше, «әлемнің барлық елдері, ол Ұлыбритания, Индия, Иран, Мысыр және Либия болсын, бейбіт мақсатта атом қуатын қолдану бағдарламаларын жүзеге асыруға құқылы». «Араб және мұсылман елдері Иранның ұстанымын ол бірінші кезекте сионистердің мүддесі үшін қызмет атқаратын АҚШ пен Батыстың алдында жалғыз өзі қалмауы үшін қолдауы қажет», - деп нандырды ол 2006 жылдың 20 сәуірінде жасаған мәлімдемесінде [18].

Иранның өзіне келетін болсақ, ол өзі АҚШ пен Израильдің тарапынан болатын қоқан-лоққы мен орынсыз мінеулеріне тап болып, Израильдің ядролық шамданушылығына қарсы әрекет етуде арабтардың одақтасына айналды. Тегерандық билік: «Израиль Ядролық қаруды таратпау туралы келісім-шартқа қол қойған мемлекеттер қатарына жатпайды, әлемдік қауымдастықта қатаң және өрескел шараларды қолданатын ел болып қалып отыр, ядролық қару-жараққа ие және аймақта қиратушы саясат жүргізеді, сондықтан біз бұл мемлекеттің ешқандай құқығын мойындамаймыз», - деп мәлімдейді. Мұсылман елдерін АҚШ қолдауындағы еврей мемлекеті Таяу Шығыста жаппай қырып жоятын қаруы бар жалғыз мемлекет болғысы келетіні шындап алаңдатып отыр. Израильдің ядролық қаруға ие болуы, сондай-ақ оны Иранға қарсы қолдану бай-баламдары Мысырмен және аймақтың басқа да елдерімен еврей мемлекетінің біршама әскери тепе-теңдікті бұзып, Таяу Шығыста өз үстемдігін орнатуға деген ұмтылысы деп бағалануда. Сонымен, Иран және араб елдері, оның ішінде Мысыр ұстанымдарының жақындасуы сонымен қатар аймақта Израильдің күшеюіне қарсы әрекет ету салдарынан да өрбуде.

1. Abdul Rahman Al-Rashed. The Egyptian nuclear bomb // Asharq Аl-Аwsat, 04.10.2006 // http://www.asharq-e.com/news.asp?section=2&id=6597

2. Мамед-заде П.Н. Египет и ядерная программа Ирана // http://www.iimes.ru/rus/stat/ 2006/16-02-06а.htm

3. Куделев В.В. Ситуация в Египте: август 2006 г. // http://www.iimes.ru/ rus/stat/2006/12-09-06b.htm

4. Об изменениях в военно-политической обстановке на Ближнем Востоке и в Северной Африке (16 - 22января 2006 г.) // http://www.iimes.ru/rus/stat/2006/ 23-01-06.htm

5. Приложение. О политике руководства Египта в деле обеспечения внешней безопасности страны // Об изменениях в военно-политической обстановке на Ближнем Востоке и в Северной Африке (13-19 февраля 2006 года) // http://www.iimes.ru/rus/stat/2006/ 20-02-06с.htm

6. Мамед-заде П.Н. Египет и ядерная программа Ирана // http://www.iimes.ru/rus/stat/ 2006/16-02-06а.htm

7. Ibid.


8. Розов А.А. «Челночная дипломатия» Али Лариджани // http://www.iimes.ru/rus/stat/ 2006/29-01-06с.htm

9. Nuclear Chronology 2006 // http://www.nti.org/e_research/profiles/Egypt/Nuclear/1697_ 6247.html

10. Egypt slams Iranian President // Asharq Al-Аwsat, 26.12.2006 // http://www. Asharq-e.com/news.asp?section=1&id=7446

11. Ibid.

12. Мамед-заде П.Н. Об итогах визита Али Лариджани в Египет // http://www.iimes.ru/ rus/stat/2006/19-06-06b.htm

13. Мамед-заде П.Н. Саммит Движения неприсоединения в Гаване в фокусе ближневосточных проблем // http://www.iimes.ru/rus/stat/2006/26-09-06. htm

14. ИТАР-ТАСС. 17.09.2006.

15. Об изменениях в военно-политической обстановке на Ближнем Востоке и в Северной Африке (12-18 июня 2006 года) // http://www.iimes.ru/rus/stat/2006/ 19-06-06а.htm

16. Об изменениях в военно-политической обстановке на Ближнем Востоке и в Северной Африке (27 марта – 2 апреля 2006 года) // http://www. iimes.ru/rus/stat/2006/03-04-06.htm

17. Об изменениях в военно-политической обстановке на Ближнем Востоке и в Северной Африке (12-18 июня 2006 года) // http://www.iimes.ru/rus/stat/2006/ 19-06-06а.htm



18. Куделев В.В. Ситуация в Египте (апрель 2006г.) // http://www.iimes.ru/rus/stat/2006/ 16-05-06а.htm
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет