Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған



жүктеу 193.11 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі193.11 Kb.
түріБағдарламасы
: CDO -> 2013-2014 -> OmrZoo -> Data
Data -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
Data -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат
Data -> Химия және Биология» факультеті. «Химия- биология» кафедрасы
Data -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ

Ф-УК-007/050

“Сырдария ” университеті


«Химия-биология» факультеті

«Химия және биология» кафедрасы



«Зоология» пәнінен

мемлекеттік емтихан

бағдарламасы

Жетісай 20 ж




МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрастырған: Р.А.Кошкаров


Кафедра мєжілісінде қаралған

Хаттама № __ « ____» _________ 20 _ж.


Кафедра меңгерушісі ______________ _______________

қолы аты-жөні, ѓылымти атыѓы


Факультеттің Оқу-әдістемелік Кеңесіеде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 20 _ж.

ОӘК төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы


Университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітілген

Хаттама № __ « ____» _________ 20 _ж.


ОӘК төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы



Мазмұны

Кіріспе


І. Мемлекеттік емтихан бағдарламасы
ІІ. Мемлекеттік емтихан бағдарламасының сұрақтары
ІІІ. Мемлекеттік емтиханды бағалау өлшемдері

КІРІСПЕ
5В060700-биология мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ҚР МЖМБС 5.08.263-2006 студенттеріне арналған.

Бағдарламада ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.03.2008 ж №125 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың негізгі ережелері және мемлекеттік емтихан құрамына кіретін пәндердің негізгі бөлімдерінің мазмұны берілген.

Мемлекеттік аттестацияның құрамына МЖМБС сәйкес комплексті емтихан және диплом жұмысын қорғау кіреді.

Мемлекеттік емтиханның мақсаты түлектердің білім деңгейін және кәсіптік мәселелерді жетік және нақты шеше алу дағдысын анықтау.

Мемлекеттік емтихан міндетті пәндер бойынша комплексті түрде өтеді.

Комплексті мемлекеттік емтихан бағдарламасының құрамына «Омыртқалылар зоологиясы» пәндері кіреді.

Мемлекеттік емтиханда түлектер экологиялык - фаунистикалық және географиялық ic-әpeкeтi нәтижесінен өзгеруші болжаудағы, жануарларды қорғаудағы, кәсіптік маңызы бар түрлерді тиімді пайдаланудағы және адамға зиянды жануарлардың түрлерінен сақтаудың маңызы бойынша өз білімдерін көрсетуі керек.



І. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Кіріспе
Тіршілік жоғары ұйымдасқан материя қозғалысының формалары. Прокариоттар мен эукариоттар. Эукариотты организмдер дуниесі саңырауқұлақтар, өсімдіктер мен жануарлар. Жануарлардың басқа организмдерден айырмашылығы мен ұқсастықтары. Зоология жануарлар дуниесінің көп түрлілігін, оның эволюциялық дамуын тipшілік жағ дайларымен байланысты және табиғатағы, әpi адам өміріндегі маңызын зерттейтін комплексті ғылым екендігі.

Жануарларды зерттейтін негізгі пәндер: морфология, систематика, физиология эмбрология, онтогенетика, экология, зоогеография, палеонтология, филогенетика. Жануарлардың әртүрлі топтарын зерттейтін зоология тараулары: протистология, минтология, орнитология, териология т.б. Зоологияның жаратылыстанудың баска салаларымен байланысы.

Зоология пәнінің ауыл шаруашылығы, медицина мал дәрілік, кәсіптік аңшылық, балық шаруашылығындағы маңызы. Омыртқалылар зоологиясының жоғары ұйымдасқан екінші ауыздылар туралы бөлімі екендігі және мұны жеке курс ретінде қарастырудың себептері. Омыртқалылар зоологиясының ғылым ретінде даму тарихы. Кезеңдер. Қазіргі зоологияның дамуында Қазақстандық ғылымдардың ролі. Зоологияның бұл бөлімінің биология ғылымдарымен байланыстылығы.Курс материалдарының биологияның теориялық проблемаларын шешудегі маңызы және оларды ауыл шаруашылығында аңшылық, балық және орман шаруашылығында, халықтық денсаулығында және мал дәрігерлік салаларында пайдалану. Омыртқалылар зоологиясы және экологиялық проблемалар.
Зоология тарихынан қыскаша мәліметтер

Жануарлардын алғашкы (Аристотель - б.э.дейінгі IV г.) систематикасы. Қайта өрлеу дәуірінде зоологиялық мәліметтердің жинақталуы К.Линней - систематиканың негізін салушы. Линней жасаған жануарлар систематикасы. Ж.Кювье мен Э.Жоффруа Сент-Иллердің жануарлардың салыстырмалы анатомиясын негіздеудегі жұмыстарының маңызы. Ж.Б.Ламарк және оның эволюциялык теорисы. Омыртқасыз жануарлар систематикасын жасау салыстырмалы эмбриология жайында К.М.Бор жұмыстары. Клеткалық теория. Өсімдіктер мен жануарлар құрылысының біртұтастығы идеясының дамуы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының зоологияда эволюциялық бағытты дамытудағы маңызы. Зоологияның XX ғ. табыстары. Қaзipгі зоологияны дамытудағы зоолог ғалымдардың А.Н. Северцов, И.И. Шмальгаузен, В.Н. Беклемишев, Л.А. Зенкевич, М.С. Гиляров, В.А. Догель, А.А. Захваткин, Е.Н. Павловский, К.И. Скрябин, А.В. Иванов т.б. poлi. Жануарлардың жойылып бара жатқан және сирек кездесетін түрлерін қорғау үшін ұйымдастырылған халықаралық және ұлттык "Қызыл кітап".

Жануарларды классификациялаудың нeriзгi принциптері, табиғи система және басты систематикалык категориялар (түр, туыс, тұкымдас, класс, тип) ұғымдары туралы тусінік. Жануарлар дуниесінің қазіргі систематикасы.

Жануарлар биосфера компоненті. Олардың биоценоздағы маңызы.

Қазакстан Республикасындағы жануарларды зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы. Жануарларды зерттеу орталықтары. Қазакстандағы ғылыми және қолданбалы зоологияның жетістіктері.

Хордалылар типі.

Типтің жалпы сипаттамасы. Құрылысындағы айырықша ерекшеліктері мен белгілері және омыртқасыздармен жалпы сипатталығы (дененің 2-ші қуысы, екінші ауыздылық метамерия т.б.) Табиғаттың зат айналымындағы және адам өміріндегі хордалылардың маңызы. Типтің классификациясы.


Тип тармағы. Басқаңқасыздар.

Тип тармағьның жалпы сипаты. Басқаңқасыздардың ең қарапайым хордалылар екендігі. Басқаңқасыздардың ең қарапайым хордалылар екенді. Басқаңқасыздардың құрылысының ланцетниктер құрылысьндағы айырмашылыктар. Ланцетниктің эмбрионалдық дамуы хордалы жануарлар филогенезінің бастапқы кезеңдерін көрсететіндігі. Систсматикасы, тарлуы.



Тип тармғы. Личинка хордалылар немесе қабықшалылар.

Асцидия мысалында қабықшалылардың дене құрылысы, биологиясы, онтогенезі, таралуы. Личинкахордалылардың классификациясы. Сальпа класы. Құрылысы, көбеюі дамуы. Жеке және колониялық түрлері. Аппендикуляр класы. Қабықшалылырдың шығу тегі туралы гипотезалар. Хордалылардың шығу тегі. Бассүйексіздер мен қабықшылылар тип тармақтарының басқа екінші ауыздармен филогенездік байланысы. Тип тармағын зерттеуде А.О.Ковалевскийдің және А.Н.Северцовтың еңбектерінің маңызы.



Тип тармағы. Омыртқалылар немесе басқаңқалылар.

Қозғалысты тіршілік етуіне активті қоректенуіне және әр түрлі тіршілік орталарына таралуына байланысты омыртқалы жануарлардың хордалылар типіндегі прогрессивті тармағы екендігі.

Омыртқалы жануарлардың құрылысындағы негізгі белгілері, (жабыны, тірек қимыл аппараты, асқорыту, тыныс алу, қан айналу, сыртка шығару және жыныс, нерв системалары, сезім органдары). Омырткалар эволюциясында сулы ортадан құрылықтық -aya тіршіліктік ортаға көшу және эмбрионалдық бейімдеушіліктер (анамнилер және амниоттар). Зат алмасу және жылықандылық эволюциясы. Омыртқалы жануарлардағы онтогенез бен филогенездің қатынастар (К.М.Бэр, А.Н.Северцов). Омыртқалылардың геологиялық тарихы. Тип тармағьның классификациясы.

Ұрык қабы жоқ омыртқалылар

1-топ. Жаксыз ауыздылар

Дөңгелек ауыздылар класы

Жартылай паразитті тіршілік етуге мамандануына байланысты осы кездегі омыртқалылардың ең қарапаймы - дөңгелек ауыздылардың құрылысы мен тіршілік әрекеті. Миноғаның мысалындағы дамуын сипаттау. Тіршілік жағдайларының өзгеруіне байланысты онтогенездегі болатын құрылыстық өзгерістер. Дөңгелекаудылардың систематикасы.

Миногатәрізділер отряды. Теңіздік және өтпелі түрлері, биологиясы таралуы.

Миногалардың Қазақстанда таралуы.

Миксинтәрізділер отряды – теңіздік типті жануарлар. Таралуы шаруашылық мәні.

11-топ. Жақ ауыздылар.

1-класс тобы. Балықтар

Балықтардың алғашкы жақ ауыздылар екендігі. Жақтың және жұп жүзу қанаттарының дамуы. Тіршілік жағдайларының әр түрлігіне сай морфологиялық, физиологиялық және энтологиялық адаптациялар.

Балықтардың систематикасы.

1-класс. Шеміршекті балықтар.

Бұлардың эволюциялық ертедегі морфологиялық қарапайым, тек теңіздік жануарлар тобы екендігі.Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы. Систематикасы.

1-класс тармагы. Тақтажелбезектілер
1-отряд тобы. Акулалар. Активті тіршілік етуіне байланысты құрылыстық ерекшеліктері. Отрядтарының қысқаша сипаттамасы: алжапқышты акула тәрізділер, көпжелбезекті акула тәрізділер, әртүрлі акула тәрізділеркөпжелбезекті акула тэрізділер , әртүрлі акула тәрізділер,ламна тәрізділер,кархарин (ара тісті) тәрізділер қатран тәрізділер, арамұрын тәрізділер, скватин (теңіздік пері) тәрізділер.

2-отряд тобы. Скаттар. Су тубінде тіршілік етуіне байланысты құрылыстық ерекшеліктері.отрядтарының қысқаша сипаттамасы.: аратұмсық тәрізділер, гнус (электрлі скат) тәрізділер, рохл тәрізділер, ромба тәрізділер, орляк тәрізділер.Химер тәрізділер отряды биологиясы, таралуы, шеміршекті балықтардың мінез-құлқы таралуы. Шеміршекті балықтардың эколономикалық мәні.



2-класс тармағы. Тұтас бастылар.

Тұтас бастылар класс тармағы өкілдерінің құрылыстық және тіршілік негізгі ерекшеліктері. Химер тәрізділер отряды, биологиясы, таралуы.

Шеміршекті балықтардың мінез-қылығы.тіршілігі,таралуы.Шеміршекті балықтардын экономикалық мәні.

II-класс. Суйекті балықтар

Сүйекті балықтардың сыртқы және iшкi кұрылысы. Экологиялық тіршілік орталарының алуан түрлі болуына байланысты сүйекті балықтардың түрлері мен сандарының көп болуы. Сүйекті балықтардын систематикасы. 1 -класс тармағы. Сәулеқанатты балықтар

Сәулеқанаттылар-сүйекті балықтардын ең көп түрі, әpi көп санды тобы, кұрылысы, морфофизиологиялық ерекшеліктері, сипаттамасы.

1-отряд тобы. Ганоидты балықтар. Бұлардын сәулеқанатты балықтардың ең қарапайым тобы екендігі. Отрядтарының қысқаша сипаттамасы.

Бекіре тәрізділер отряды. Бұлардың негізінен өтпелі балықтар екендігі. Кұрылысындағы ерекшіліктер. Расалары. Бекіретәрізділердің жер шарында және Қазақстанда таралуы. Маңызы.

Көпқанаттылар отряды. Кұрылыстық ерекшелігі, биологиясы, экологиясы, таралуы.

Амний тәрізділер отряды. Кұрылыстық ерекшелігі, биологиясы, экологиясы.

Майшабақ тәрізділер отряды. Бұлардын нағыз cүйекті балықтардың ең қарапайым екендігі. Негізінен пелагияды және маңызды кәсіптік балықтар екендігі.

класс. Қосмекенділер

Сулы ортада және кұрлыкга тіршілік етуіне байланысты класқа жалпы сипаттама. Кұрылысына салыстырмалы-анатомиялық шолу. Kөбeюі мен дамуы. Тіршілік жағдайларының өзгерістеріне байланысты сыртқы және ішкі кұрылыстарының өзгерістері (бақа метаморфозы мысалында). Қосмекенділердің систематикасы.

Бауырмен жорғалаушылар

Бауырмен жорғалаушьшардың кұрылыстық ерекшеліктері. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты морфологиялық және физиологиялық адаптацияны жабынның, каңқасының, ішкі органдар жүйелерінің мысалында көрсету Жұмыртка қабы мен ұрык қабығының пайда болуы - кұрлыкта көбеюге бейімделудің нәтижесі екендігі. Бауырмен жорғалаушылар систематикасы.

Құстар


Кұстарға омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген прогрессивті тармағы ретінде жалпы сипаттама. Жеке мүшелер жүйесінің (тepi жамылғысы, нерв жүйесі мен

сезім мүшелері, қанқасы, тыныс aлy мен қан айналу мүшелері т. б.) мысалында тіршілік адаптациялар: ас қорыту мүшелері және олардың пайдаланатың қөрегінің сипатына және қорегін ұстау әдістеріне байланысты қызметінің ерекшілігі. Жұмыртқаның құрылысы. Ұрықтың дамуы. Құстардағы метоболизмнің дәрежесі. Жылу реттелудің механизмі. Құстардың систематикасы.


Сүтқоректілер немесе аңдар

Сүтқоректілер омыртқалы жануарладың ең жоғарғы сатысы екендігі. Сыртқы және ішкі құрылымдарының ерекшіліктері және тіршілік әрекетінің негізгі сипаты. Орталық нерв системасы құрылысының прогрессивтілігіне байланысты сүтқоректілердің мінез

Қылығының бейімделуші формаларының күрделілігі. Сезім органдары. Сүтқоректілердің дивергентті және конвергентті эволюциясы. Эмбрионалдық дамудың ерекшіліктері. Сүтқоректілердің систематикасы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Негізгі:


1.Акимушкин И. Причуды природы. Смоленск, русич, 1999

2.Догель В.А. Зоология безпозвоночных М. 1981

3.Наталии В.Ф. Зоология безпозвоночных М. 1975

4.Орақбаева А.О. Бір клеткалы жанурлар тармағы А. 1991

5.К.Ә. Дәуітбаева Омыртқассыздар зоологиясы А 1991

6.Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. М.1982

7.Демеуов И.Д. Қазақстан фаунасы А. 1995

Қосымша


8.Қ. Амергазиев Адам және жануарлардың паразит құрттары А. 1983

9.Б.А. Ахметова Омыртқасыздар зоологиясынан лабораториялық сабақтар өткізуге арналған методикалық нұсқаулар. А.1989

10.Орнитология М., МГУ 1995

11.Фридмани Э.П. Приматы



12.А.Ф. Ковшарь. В мире редких животных А.1985

ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ

  1. Құстардың экологиялық топтары, және маусымдық циклі және миграциясы.

  2. Желбезектыныстылар тип тармағы өкілдерінің құрылысы мен физиологиясы.

  3. Алты аяқтылар немесе бунақ денелердің құрылысы және даму ерекшеліктері.

  4. Қазіргі кездегі бауырмен жорғалаушылардың систематикасы және экологиясы.

  5. Сүліктер класы өкілдерінің құрылысы мен физиологиясы.

  6. Кірпікшелі инфузориялар класының жалпы сипаттамасы.

  7. Құстардың прогрессивті белгілері және морфологиялық ерекшеліктері.

  8. Мақта дақылдарының зиянкестерінің дамуы және экологиясы.

  9. Маржан политиптерінің құрылысы және табиғаттағы маңызы.

  10. Күндізгі жыртқыш құстар отрядының экологиясы.

  11. Сорғыш құрттар класы өкілдерінің құрылысы.

  12. Өрмекшітәрізділер класының систематикасы және дамуы.

  13. Құстардың ас қорыту жүйесінің ерекшілігі.

  14. Таспа құрттар өкілдерінің экологиясы.

  15. Бунақденелердің ауыз аппараттардың типтері, олардың құрылысы

  16. Құстардың экологиялық топтары.

  17. Жануарлар әлемінің жүйесі.

  18. Сорғыш класының өкілдерінің құрылысы мен физиологиясы.

  19. Бауырымен жорғалаушылардың құрылысы және экологиясы

  20. Жалпақ құрттар типінің жалпы сипаттамасы, систематикасы және экологиясы

  21. Басаяқтылар құрылысы және басқа былқылдақ денелілерден жоғары сатыда тұруы

  22. Сүйекті балықтардың ас қорыту, тыныс алу және көбеюінің ерекшелігі

  23. Таспа құрттардың құрылысы мен физиологиясы және классификациясы

  24. Шаянтәрізділерге, өрмекшітәрізділерге, көпаяқтыларға және насекомдарға тән ортақ белгілер

  25. Қосмекенділер класының құрылысы, көбеюі мен дамуы

  26. Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы, құрылысы мен дамуы.

  27. Нематодтар класс өкілдерінің құрылысы мен физиологиясы және систематикасы

  28. Шеміршекті балықтардың өзіне тән құрылыс ерекшелктері және экологиясы

  29. Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы және систематикасы

  30. Адам аскаридасының құрылысы мен дамуы

  31. Қосмекенділердің тіршілік ету жағдайлары және жалпы таралуы

  32. Буылтық құрттар типінің жалпы сипаттамасы және систематикасы

  33. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері, экологиясы

  34. Бауырымен жорғалаушылардың құрылысы және экологиясы

  35. Таспа құрттардың көбеюі және дамуы

  36. Солитерлер отрядының құрылысы және экологиясы

  37. Қабыршақтылар отрядының құрылысы, көбеюі және дамуы

  38. Басаяқтылардың құрылысы мен физиологиясы

  39. Өсімдік зиянкестерімен күресу тәсілдері

  40. Дөңгелек ауыздылардың құрылысы мен экологиясы

  41. Жұмыр құрттардың асқорыту, зәр шығару және қан айналу жүйесінің құрылысы

  42. Шаянтәрізділердің көбеюі және дамуы

  43. Қосмекенділердің көбеюі және дамуы

  44. Азқылтанды құрттар класының құрылысы мен экологиясы

  45. Қосжақтаулылар класс өкілдерінің құрылысы мен дамуы

  46. Шеміршекті балықтардың систематикасы

  47. Бауыраяқтылар класс өкілдерінің құрылысы мен дамуы

  48. Балықтардың негізгі экологиялық топтары

  49. Құстардың көбеюі және дамуы

  50. Былқылдақ денелілер типінің жалпы сипаттамасы.

  51. Қарапайымдылардың жануарлар дүниесіндегі орны.

  52. Құстардың нерв жүйесі және сезім органдарының құрылысы.

  53. Тақтажелбезектілер класс тармағының жалпы сипаттамасы. Құрылысы мен физиологиясы

  54. Насекомдардың дене құрылысының ерекшелігі.

  55. Құстардың тері жамылғысы, қаңқасының құрылысы.

  56. Насекомдардың тыныс алуы және қан айналу жүйесінің ерекшелігі.

  57. Кірпікшелі инфузориялардың классификациясы және экологиясы.

  58. Балықтар құрылысының ерекшеліктері.

  59. Шаянтәрізділер класының систематикасы және экологиялық топтары.

  60. Зоологияның даму тарихы.

  61. Балықтардың негізгі экалогиялық топтары.

  62. Жануартектес талшықтылар класс тармағы өкілдерінің табиғаттағы маңызы.

  63. Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі.

  64. Шеміршекті сүйекті балықтардың систематикасы мен экалогиясы.

  65. Маржан полиптері класының құрылысы мен физиологиясы.

  66. Жалпақ құрттар типінің филогениясы.

  67. Қосмекенділердің қан айналу жүйесінің ерекшелігі.

  68. Сецерненттер класс тармағы өкілдерінен систематикасы және экологиясы.

  69. Насекомдардың географиялық таралуы.

  70. Хордалылар типінің өкілдеріне тән белгілері және экологиясы.

  71. Пайдалы насекомдар. Бал араларының , құмырсқалардың биологиясы.

  72. Құс жұмыртқасының жорғалаушылардың жұмыртқасынан қандай айырмашылығы бар?

  73. Насекомдардың дене құрылысының ерекшелігі.

  74. Адам мен жануарлардың ауруларын тарататын насекомдар.Күресу әдістері.

  75. Азқылтанды құрттар өкілінің экологиясы.

  76. Насекомдардың географиялық таралуы.

  77. Энтомофагтардың табиғаттағы маңызы.

  78. Гельминтология ғылымының маңызы мен міндеттері.

  79. Сүтқоректі жануарлардың экологиялық топтары.



ІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНДЫ БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ


  1. Баға қоюдың негізгі өлшемдері

1.1. «А», «А-» (өте жақсы)

а) студент билеттің барлық сұрақтарына толық жауап берді;

б) материалды ойлы, дәлелді, нақтылы баяндап берді;

в) студент оқу және нақтылы материалды жинақтау қабілетін танытып, ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттердің негізгісін бөліп айта алады.





    1. «В+», «В», «В-» ( жақсы)

а) студент толықтай жауап берген кезде негізгі материалды баяндауда кейбір дәлелсіздіктерге жол береді;

б) баламалы тұжырымдарға баға бере алады;

в) толықтыру сипатындағы қосымша сұрақтарға дұрыс жауап береді.





    1. «С+», «С», «С-», «D+», «D» (қанағаттанарлық)

а) студент нақты материалды білуде кемшіліктерге жол береді, оның жауаптары толық емес және үзінді күйінде келеді;

б) негізгі және қосымша сұрақтарды қамтыған кезде студент дәрістердің конспектісімен шектеледі;

в) биологиялық терминдер мен түсініктерді жетік білмейді;




    1. «F» (қанағаттанарлықсыз)

а) студент нақты материалды білуде айтарлықтай кемшіліктерге жол береді;

б) негізгі биологиялық терминдер мен ұғымдар туралы түсінігі толық емес;

в) материалды нақты және түсінікті баяндай алмайды;

г) толықтыру сипатындағы қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.


  1. Бағаларды анықтау кезіндегі талаптар

2.1. Білімді бағалаған кезде осы билеттің сұрақтарына жауаптар ескеріледі

2.2. Емтихан алушы бағаны негіздейді

2.3. Мемлекеттік емтиханға комиссия мүшелері билет мазмұны бойынша қосымша сұрақтар қоя алады

2.4. Қорытынды баға мемлекеттік емтихан комиссиясының барлық мүшелерінің дауысымен қойылады.


Білім алушылардың бағаларының балдық-рейтингтік жүйесі


Бағалаудың әріптік жүйесі


Баллдары

Бағалаудың %-тік мазмұны

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4.0

100

Өте жақсы



А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы


В

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық



С

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанғысыз









©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет