БАҒдарламасы жоғары оқу орнының соңғы курсында немесе соңғы курстың



бет1/9
Дата17.04.2016
өлшемі1.2 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ 2012-2013 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН

БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

(жоғары оқу орнының соңғы курсында немесе соңғы курстың



алдындағы курста оқуы үшін)


«БОТА» қоғамдық қорының миссиясы
2008 жылдың мамыр айында құрылған «БОТА» Қоғамдық қоры (бұдан әрі - Қор) әлеуметтік жағдайы төмен балалар мен олардың отбасыларының игілігі үшін қызмет ететін көшбасшы тәуелсіз қоғамдық қорға айналуға ұмтылады. Қордың миссиясы - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік жағдайына инвестиция жасау арқылы жақсарту. Біздің басты ұстанымдарымыз жағдайы төмен отбасылар мен жастарға мақсатты көмек пен қолдау көрсетуді қамтамасыз етудегі анықтық пен тиімділік.
БІЛІМ грантТАРЫ бағдарламасына шолу
«БОТА» Қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алуын тамамдағысы келетін, бірақ оқуын төлеуге қаражаты жоқ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын 29 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы және тұрғыны болып табылатын жастарға білім гранттарын береді. Әрбір бір жылдық мерзімге ұзарту мүмкіндігімен стипендиаттың академиялық үлгерімі жақсы болған жағдайда жалпы мерзімі 2-жылға дейін беріледі.
2009 жылы Білім гранттары бағдарламасы (БГБ) 87 талапкерге, 2010 жылы – 234 талапкерге, ал 2011 жылы Қазақстанның түгел аймақтарындағы талапкерлерге өздері таңдап алған колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуы үшін 328 грант берілді.
2012 жылы «БОТА» ҚҚ жоғары оқу орындарыстуденттерінің келесідей санаттарына арналған 75 грантқа дейін бөлмек:


  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының академиялық үлгерімі жақсы (А, В бағалары), жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай 2012-1013 жылдары оқуының соңғы курсын немесе соңғы курстың алдындағы курсын (күндізгі бөлім, бакалавриат) төлеуге қаржылық қаражаты жоқ студенттері;




  • Жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай 2012-2013жж. оқуының (күндізгі бөлім, бакалавриат) соңғы курсын немесе соңғы курсының алдындағы курсын тамамдауы үшін академиялық үлгерімі жақсы (А, В бағалары), 2010-2011 жж. оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылған студенттер.


Грант ҚР-ның аккредитациясының болуына, солай-ақ ұлттық және шетелдік рейтингтердегі позициясының болуына сай жоғары сапалы қызмет көрсететін жоғары оқу орындарында (жоғары оқу орындарының тізбесі тіркелген) оқуының соңғы курсын немесе соңғы курстың алдындағы курсын тамамдап, бакалавр дәрежесін алуы үшін 2012-2013 оқу жылына беріледі. Яғни, БГБ байқауына тек тізімде көрсетілген оқу орындарының студенттері ғана қатыса алатынын білдіреді.
Әлеуметтік салада жұмыс атқаратын «БОТА» ҚҚ Қор миссиясына сай мамандықтарды таңдаған талапкерлерге басымдық береді. Талапкерге ұсынылған жоғары оқу орындарында кез-келген мамандық бойынша оқуға мүмкіндік беруімен қатар, Қор әлеуметтік /техникалық бағыттағы оқуды (мамандықтар тізімі тіркелген) таңдаған талапкерлерге басымдық береді. Осы бағыттарды таңдаған талапкерлерге бағалау барысында бағалау ұпайларының жалпы санының 15% көлемінде қосымша ұпай беріледі. Яғни, егер екі талапкер бірдей бағаланған болса, әлеуметтік/техникалық бағытта оқуды таңдаған талапкер «БОТА» Қорының білім грантын алуға басқа мамандықтар бойынша оқуды таңдаған талапкерге қарағанда басымырақ мүмкіндікке ие болады.
Әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мақсатында барлық стипендиаттарға еріктілік жобаға қатысып, соған оқу жылы ішінде кем дегенде 20 сағат бөлуі керек. Ол коммерциялық емес ұйымдардағы ерікті жұмыс болуы, немесе жергілікті балалар үйіндегі, мектепте немесе сол тәріздес мекемелердегі қызмет болуы мүмкін.
Солай-ақ, стипендиаттар Қор ұйымдастырған оқу семинарлары мен кәсіби даму бағдарламаларына қатысып, жылына екі рет сессияларының нәтижелерін көрсететін транскриптіні, академиялық үлгерімі туралы жазбаша есептер мен бөлінген грант бойынша қаржылық есепті (ЖОО-ның шот-фактурасы, кеңсе тауарларын алғанын көрсететін чектер) тапсыруы тиіс.
Гранттың бөлінуінің қаржылық талаптары:
Грант келесі шығыстарды өтейді:


  • Жоғары оқу орнының күндізгі түрінде оқу төлемін жәнеміндетті төлемдерін ;

  • Туған ауылы/қаласы мен жоғары оқу орны арасындағы бару/қайту жолына жұмсалатын жол шығыстарын;

  • Шәкіртақыны;

  • Басқа қаладан келген студенттердің тұрғын жайын;

  • Оқу материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуын және көлік шығыстарын (қала ішіндегі көлік).


«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

«БОТА» Қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алуын тамамдағысы келетін, бірақ оқуын төлеуге қаражаты жоқ жастарға білім гранттарын береді. Бағдарламаға жынысына, діни және этникалық тобына қарамастан жасы 29 толмаған, Қазақстан Республикасының азаматы және тұрғыны болып табылатын үміткерлер қатыса алады. Бағдарламаға қатысуға Қазақстанның жоғары оқу орындарының академиялық үлгерімі жақсы, бірақ 2012-2013 жылғы оқуының соңғы курсын немесе соңғы курстың алдындағы курс оқуын (күндізгі бөлім, бакалавриат) төлеуге қаржылық қаражаты жоқ немесе академиялық үлгерімі жақсы, бірақ 2010-2011 жж. кезеңінде оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылған күндізгі бөлім студенттері (күндізгі бөлім, бакалавриат) шақырылады.


Келесі талапкерлер бағдарламаға қатысуға құқылы:


  • Қазақстан жоғары оқу орындарының академиялық үлгерімі жақсы (А, В бағалары), жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай 2012-1013 жылдары оқуының соңғы курсын немесе соңғы курстың алдындағы курсын (күндізгі бөлім, бакалавриат) төлеуге қаржылық қаражаты жоқ студенттері;

  • Жоғары оқу орындарының ұсынылған тізіміне сай 2012-2013жж. оқуының (күндізгі бөлім, бакалавриат) соңғы курсын немесе соңғы курсының алдындағы курсын тамамдауы үшін академиялық үлгерімі жақсы («А», «В» бағалары), 2010-2011 жж. оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылған студенттер


Бағдарламаға қатысу үшін талапкерлер:


  • 2012 жылдың 13 сәуіріне дейін толтырылған сауалнаманы ұсынуы керек (егер сауалнама пошта арқылы жіберілсе, пошталық мөр 2012 жылдың 13 сәуіріне дейін қойылуы тиіс);

  • Академиялық үлгерімі «В» (академиялық транскрипт) бағасынан төмен болмауы тиіс;

  • Отбасының кірісі ҚР-ның ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен болуы тиіс.


Білім гранттары бағдарламасына келесі талапкелер ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ:


  • Қазақстан азаматы болып табылмайтын басқа елдің азаматтары;

  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын тұлғалар;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім гранттарына немесе өзге көздерден грантқа ие болған тұлғалар;

  • Академиялық үлгерімі «В» бағасынан төмен талапкерлер;

  • 2012 жылдың 13 сәуіріне дейін толық және дұрыс толтырылған сауалнамаларды тапсырмаған талапкерлер.

«БОТА» Қоғамдық қорының және IREX-тің қызметкерлері мен кеңесшілерінің отбасы мүшелері (жұбайлары, ата-аналары, балалары, аға-інілері және апа-сіңлілері) Білім гранттары бағдарламасының байқауына қатыса алмайды.


Сауалнаманы ұсыну тәртібі

«БОТА» қоры сауалнамада көрсетілген барлық мәліметтерді тексеру құқығын сақтайды. Егер сауалнамадағы мәліметтерде қандай да бір қарама-қайшылықтар табылса, немесе олар жалған болса, сауалнама бірден жарамсыз болып танылады. Егер талапкердің бағдарламаға қабылданғанынан кейін ұсынған қандай да бір мәліметі жалған болып танылса, студент гранты жедел кейін қайтарылады. Қор қызметкерлері іріктеу процесінің кез-келген сатысында талапкерлерден отбасының демографиялық және/немесе қаржы жағдайына қатысты жазбаша дәлелдерді талап етуі мүмкін.


«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ

Талапкерлерді іріктеу процесі және оларға қойылатын талаптар

Білім гранттары бағдарламасы ашық байқау ретінде өтеді, талапкердің қаржылық жағдайы мен академиялық әлеуеті есепке алынады.


Талапкерлерді іріктеудің тоғыз кезеңі:


  1. Барлық қабылданған сауалнамаларды «БОТА» қорының қызметкерлері Білім гранттарының техникалық талаптарына сәйкестігін тексереді (білімі, Қазақстан азаматтығы және т.б.).

  2. Техникалық іріктеуден өткен сауалнамалар үміткерлердің қаржылық жағдайының деңгейлері бойынша бағалау үшін қойылған 22-34 сұрақтарға берілген мәліметке байланысты бөлінеді.

  3. Техникалық және қаржылық іріктеуден өткен сауалнамаларды «БОТА» ҚҚ қызметкерлері бағалайды. Бұл кезеңде эссенің 18-21 сұрақтарына берілген жауаптардың сапасы келесі критерийлері бойынша бағаланады: анықтық, логикаға сәйкестігі және жауаптардың толықтығы.

  4. Байқаудың алғашқы үш кезеңінен өткен үміткерлер БГБ қызметкерлеріне келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  • Жоғары оқу орнында оқыған жылдарының ресми бланкіде жасалған, жоғары оқу орнының мөрі басылған және барлық қажетті қолдары қойылған транскрипт;

  • 2010 немесе 2011 жж. соңғы курсының немесе соңғы курстың алдындағы курсты аяқтамастан оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылғанын дәлелдейтін құжат;

  • Деканның, кураторының немесе ғылыми жетекшісінің ресми бланкіде жасалған, оқу орнының мөрі басылған және ұсыныс жасаушының байланыс деректері көрсетілген ұсыныс хаты.

  • БГБ қызметкерлері жоғары оқу орнының соңғы курста немесе курстың алдындағы курста оқыту үшін тапсырылған құжаттар негізінде үлгерімі ең жоғары және академиялық әлеуеті биік студенттерді іріктеп алады.

  1. Ең жоғары баға алған талапкерлер байқауға қатысуын жалғастырып, тәуелсіз іріктеу комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасуға шақырылады. Іріктеу комиссиясы жоғары оқу орнының соңғы курсында немесе соңғы курсының алдындағы курста оқыту үшін әлеуетті талапкерлерді таңдап алады. Талапкерлер БГБ қызметкерлері талап еткен талапкерлердің қаржылық және отбасылық жағдайын дәлелдейтін құжаттарды тапсыруы тиіс.

  2. Талапкерлердің сауалнамада көрсетілген қаржылық және отбасылық ақпаратты тексеру үшін Қор қызметкерлері талапкерлердің құжаттарын тексеріп, олардың үй шаруашылықтарына барады.

  3. Мемлекеттік немесе басқа білім гранттарына ие болған БГБ талапкерлері БГБ байқауынан шығарылады, және «БОТА» ҚҚ гранты балама талапкерге ұсынылуы мүмкін.

  4. Жоғарыда аталған барлық кезеңдерден өткен және мемлекеттік немесе басқа оқу гранттарына ие болмаған талапкерлер «БОТА» Қорының білім грантына ие болады. 2010 немесе 2011 жж. оқуын төлемегені үшін оқудан шығарылған талапкерлер ақылы негізде оқуын қайта қалпына келтіру үдерісін дербес аяқтауы тиіс.

  5. БГБ департаменті «БОТА» ҚҚ, жоғары оқу орны мен студент арасында үшжақты білім беру қызметтерін көрсету келісімшарттын үш данада жасап, бірінші семестрдің құнын төлейді. Басқа қалалардан келген студенттер жоғары оқу орнының жатақханасынан орын алу үшін өтініш тапсырады. Жатақхана болмаған жағдайда, ол жоғары оқу орнының анықтамасымен дәлелденуі тиіс, мұндай жағдайда 2012 ж. БГБ стипендиаты тұрғын жай (бөлме) жалдауға құқылы, оны Қор төлейді.


Іріктеу критерийлері

  • Талапкерлердің қаржылық жағдайы. Жиынтық отбасылық кірісі Қазақстан Республикасы бойынша ең төмен күнкөріс мөлшерінен төмен талапкерлерге басымдылық беріледі;

  • Талапкерлердің академиялық әлеуеттері, академиялық үлгерімінің ең төмен бағасы - «В»;

  • Оқуын төлемегіні үшін оқуының соңғы немесе соңғы курсының алдындағы курсқа дейін 2010-2011 жж. шығарылғанын дәлелдейтін құжаттар;

  • Талапкер деканының/кураторының/ғылыми жетекшісінің ұсыныс хаты.



«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ САУАЛНАМАСЫН ТОЛТЫРУ ЖӨНІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ

АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Талапкерге арналған сауалнаманы толтыру бойынша жалпы нұсқаулар


  • Сауалнаманы анық етіп қара немесе көк сиямен жазылуы немесе басып шығарылуы тиіс. Түсініксіз немесе толық емес толтырылған сауалнамалар қарастырылмайды;

  • Жауап үлгілері көрсетілген сұрақтарда, таңдап алынған нұсқаның қасына Х әрпін жазу керек;

  • Толық байланыс мәліметтерін, соның ішінде ұялы және үй телефонын қалааралық кодты анықтай отырып көрсетіңіз.Егер үй телефоны немесе ұялы телефоныңыз болмаса, «БОТА» Қорының қызметкерлерін Сізбен байланыстыра алатын адамның телефондарын (мысалы, туыстарыңыздың, достарыңыздың, көршілеріңіздің және т.б. телефондары) көрсетіңіз. Солай-ақ барлық мекенжайларға арналған пошталық индекс, барлық телефондар мен факстерге арналған облыс/қала/аудан кодтары көрсетілуі тиіс.


Ерекше сұрақтарды толтыру бойынша нұсқаулық
8. Мекенжай: Ресми құжаттардағы мекенжайыңыздан өзге болса да, қазіргі кезде тұрып жатқан және хатты қабылдай алатын нақты мекенжайды жазыңыз.
Телефон: Ұялы не үй телефоныңыз бар болса да, кейіннен «БОТА» Қорының қызметкерлерін сізбен байланыстыра алатын адамның ұялы не үй телефонын қосымша жазғаныңыз дұрыс. Оқу орныңыздың телефон нөмірін басқа нөмірлер болмаған жағдайда ғана жазыңыз. Егер Сізде не отбасыңыздың мүшелерінде үй телефоны немесе ұялы телефон болмаса, онда басқа тұлғалардың нөмірін міндетті түрде жазыңыз.
9 - 10. Жеке куәлігіңіздің нөмірі мен жеке сәйкестендіру нөмірі

Егер жеке куәлігіңізде Жеке Сәйкестендіру Нөмірі болмаса, онда тек жеке куәлігіңіздің нөмірін жазыңыз, ал «Жеке Сәйкестендіру Нөмірі» тармағында «0» деп жазыңыз.


11. Салық төлеушінің ТІРКЕУ нөмірі (СТтН): «БОТА» Қорының барлық стипендиаттарында салық төлеушінің тіркеу нөмірі болуы тиіс. Егер СТНН-ңіз болмаса, бұл бағанға «0» санын жазыңыз, бірақ содан кейін салық комитетіне барып, СТТН жасап алыңыз.
13.СІЗ ҚАНДАЙ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ОҚИСЫЗ (ОҚЫДЫҢЫЗ)? Өзіңіз оқып жатқан және оқуыңызды қалпына келтіруді жоспарлап отырған жоғары оқу орнының атауын белгілеңіз (қосымшадағы тізімнен көрсетіңіз). Байқауда тек тізімде көрсетілген жоғары оқу орнында оқитын (оқыған) студенттер қатыса алады. Егер талапкер оқу орнынан оқуын төлемегені үшін шығарылған болса, ол өзінің оқыған жоғары оқу орнына қайта қалпына келтірілуі тиіс.
15. СІЗ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ОҚЫДЫҢЫЗ?

Берілген тізімнен өзіңіздің мамандығыңызды таңдаңыз. Егер сіздің мамандығыңыз тізімде жоқ болса, онда ӨЗГЕ деген бағанда өзіңіздің мамандығыңызды жазып көрсетіңіз.


Білім гранттары бағдарламасы Сізге тізімдегі ұсынылған Қазақстан Республикасы аумағындағы жоғары оқу орындарында және кез-келген мамандық бойынша күндізгі бөлімінде оқуыңызды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Талапкерге кез келген мамандық бойынша оқуға еркін таңдау беруімен қатар, Қор әлеуметтік/техникалық бағыттарда оқуды таңдаған талапкерлерге басымдылық береді. Бағалау кезінде аталған бағытты таңдаған талапкерлерге бағалаудың жалпы ұпайы санының 15% көлемінде қосымша ұпай тағайындалады. Яғни, екі талапкер бірдей бағаланған жағдайда, әлеуметтік/техникалық бағытта оқып жатқан талапкердің басқа бағытта оқып жатқан талапкерлерге қарағанда «БОТА» Қорының білім грантын алуға мүмкіндігі басымырақ болады.
17 a. ерекше әлеуметтік мәртебе: егер жетім (әкесі де, анасы да жок) не мүгедектігі бар тұлға болсаңыз, осы нұсқаны таңдаңыз.
17 b. Тұрғын жағдайыңыз: Егер 17 а сұрағына жауап берсеңіз, онда 17 b сұрағындағы сәйкес келетін жауапты таңдаңыз. Сіз кіммен тұрып жатқаныңызды жазыңыз – туысқандарыңызбен, қамқоршыңызбен, жалғыз немесе басқа жерде (мысалы, балалар үйі). Егер сіз балалар үйінде немесе өзге мемлекеттік ұйымДа тұрАТЫН БОЛсаңыз, онда сауалнаманың тек 1-ші сұраҒЫНан 23-ші сұраҒЫНа дейінгі аралығын толтыруыңыз қажет. Алайда, Балалар үйінде немесе өзге мемлекеттік ұйымда тұрмасаңыз, онда сауалнаманың барлық СҰРАҚТАРЫН толтыруыңыз керек.
18-21. Эссе сұрақтары: жауап беруге арналған орынға жауабыңызды неғұрлым толық және анық етіп жазғаныңыз дұрыс. Әрбір сұраққа кемінде 200 (екі жүз) сөзбен жауап беріңіз. Бағдарлама қызметкерлері сайыстың бір кезеңі ретінде жазылған эссенің сапасын бағалайды, сондықтан эссенің жазылуына жеткілікті уақыт бөлгеніңіз жөн.
22-23. Үй шаруашылығы туралы ақпарат және отбасы мүшелерінің тізімі:
«БОТА» Қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасының негізгі мақсаты - Қазақстандағы жоғары оқу орындарында білім алуын жалғастырғысы келетін, бірақ оқуын төлеуге қаражаты жоқ жастардың мүмкіндігін кеңейту. «БОТА» қоғамдық қоры қазіргі уақытта әлеуетті студенттер білім алуға арналған ақыны төлеуге байланысты қиындық көріп жатқанын ескере отырып, Қор жоғары оқу орнында оқуға арналған 75 грантқа көптеген сауалнаманың түсуін күтуде. Сіздің отбасыңыздың материалдық жағдайын және Сіздің кандидатураңыздың бағдарламаның іріктеу критерийлеріне сәйкестігін дұрыс түсінуі үшін Қор Сіздің үй шаруашылығыңыздың (отбасыңыздың) құрамы туралы және кейбір отбасылық шығыстарыңыз жайлы ақпарат беруіңізді сұрайды. 22-34 сұрақтар Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің 2010 жылғы отбасыларды жыл сайынғы сұраулауынан алынған және олар Қорға талапкердің өмірлік жағдайын түсінуге көмектеспек. Қор бұл ақпаратты талапкерлердің экономикалық жағдайын өзара және мемлекеттік деректермен салыстыру үшін пайдаланбақ.

22 және 23 сұрақтар Сіздің үй шаруашылығыңыздың (отбасыңыздың) мүшелеріне, яғни Сізбен бірге бір шаңырақта тұрып, бірге тамақтанып жатқан адамдарға қатысты. Әдетте, мұндай адамдар бір-біріне туыс болып келеді.

Кейбір сұрақтардың жауабын үй шаруашылығы (отбасы) мүшелерінен сұрауыңызға тура келуі мүмкін (мысалы, тұрғын үйіңіздің ауданы немесе жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің жиынтық табысы). Ал кейбір сұрақтар Сіздің үй шаруашылығыңызға (отбасыңызға) қатыссыз болуы мүмкін. Берілген мәліметтің барлығы шындыққа сай болуы тиіс. «БОТА» қоры талапкер берген жауаптардың құпиялылығына кепілдік береді.





  • 22-сұрақта өзіңізден бастап, содан кейін үй шаруашылығыңыздың (отбасыңыздың) барлық мүшелерін үлкенінен кішісіне қарай, яғни, ең үлкен адамнан бастап, жасы ең кіші адаммен аяқтап атап шығыңыз.

Үй шаруашылығыңыздағы тұратын барлық мүшелерді қосу керек, соның ішінде:


  • тұрақты тұрып жатқан ересектер мен балаларды,




  • осы үй шаруашылығында соңғы үш айдан бері уақытша тұрып жатқан үй шаруашылығы мүшелерін,




  • осы үй шаруашылығында тұрақты тұрып жатқан, бірақ соңғы бір айдан кем уақыт ішінде үйде болмаған мүшелерді,




  • егер үй шаруашылығы мүшелері ол үшін тұрақты қаржылық шығыстарды көтеріп жатқан болса, басқа қалада оқып жатқан студенттерді де қосыңыз.


Бұл тізімге бір айдан аса сіздермен бірге тұрмаған адамды, ол туысқаныңыз болса да немесе Сіздің үйіңізде тіркелген болса да, үй шаруашылығы (отбасы) мүшелері тізіміне қоспаңыз (мысалы, турмысқа шығып, бөлек тұратын әпкеңізді, немесе әскердегі ағаңызды, және т.б.).
Тізімге өзіңізді қосуды ұмытпаңыз.
Егер үй шаруашылығыңыз (отбасыңыз) 5 мүшеден артық болса, онда үй шаруашылығыңыздың (отбасыңыздың) қалған мүшелерін жеке параққа нөмірлеуді (6, 7, 8 және т.б.) жалғастыра отырып, жазуыңызға болады.


  • 23-сұрақта отбасының әрбір мүшесі туралы қосымша мәлімет беріңіз. Әрбір тұлғаға қатысты ақпаратты жеке параққа толтырыңыз (қажетінше 27-парақтың көшірмесін түсіріп, үй шаруашылығының (отбасының) барлық мүшелері туралы мәліметті көрсету үшін қолдансаңыз болады. 23-сұрақтағы отбасы мүшелеріне қатысты қолданылған нөмірлеу 22-сұрақтағы нөмірлеуге сәйкес келетініндігін тексеріңіз.)




  • 23-сұрақтағы жұмыс туралы сауалдар үй шаруашылығының (отбасының) 15 жастан бастап одан жоғары жастағы мүшелеріне ғана, ал білім жайлы сұрақтар 18 жастан бастап және одан жоғары жастағы мүшелеріне ғана қатысты жауап берілуі тиіс.




  • 23-сұрақтың 5.3 тармағында үй шаруашылығы (отбасы) мүшелерінің жасына байланысты алатын зейнетақы мөлшерін көрсетіңіз.



СауалнамаДАҒЫ 22, 23 CҰРАҚТАРДЫ ТОЛТЫРУДЫҢ мысалы

22. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ (Отбасы) туралы мәлімет
22, 23 сұрақтарға қалай жауап беру керектігі кестеде Әйгерім атты талапкердің мысалында көрсетілген.


Отбасы мүшесі

Аты-жөні

Төменде көрсетілген тұлғаларға қатысты қосымша мәліметтер 23- сұрақта берілген бе?

1-тұлға (талапкер)

РАИМОВА ӘЙГЕРІМ НҰРЖАНҚЫЗЫ

Иә 

Жоқ __

2 -тұлға

(әжесі)

РАИМОВА ГҮЛНӘР СЕРІКҚЫЗЫ

Иә 

Жоқ __

3 -тұлға

(әкесі)

РАИМОВ НҰРЖАН ҚАНАТҰЛЫ

Иә 

Жоқ __

4 -тұлға

(анасы)

РАИМОВА ӘСЕМ ЕРЛАНҚЫЗЫ

Иә 

Жоқ __

5 - тұлға

(ағасы)

РАИМОВ МҰРАТ НҰРЖАНҰЛЫ

Иә 

Жоқ __

Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет