БАҒдарламасы (колледжге түсу үшін) «бота» қоғамдық қорының миссиясы



жүктеу 1.11 Mb.
бет1/7
Дата17.04.2016
өлшемі1.11 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7





2012-2013 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ

БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

(колледжге түсу үшін)


«БОТА» қоғамдық қорының миссиясы
2008 жылдың мамыр айында құрылған «БОТА» Қоғамдық қоры (бұдан әрі - қор) Қазақстандағы жағдайы нашар отбасылардағы балалар мен отбасылардың мүддесі үшін қызмет ететін алдыңғы қатарлы тәуелсіз қоғамдық қор. Қордың миссиясы - Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалар мен жастардың әл-ауқатын олардың денсаулығы, білімі мен әлеуметтік жағдайына инвестиция жасау арқылы жақсарту. Біздің басты ұстанымдарымыз жағдайы нашар отбасылар мен жастарға көмек пен қолдау берудегі анықтық пен тиімділік деп білеміз.
БІЛІМ грантТАРЫ бағдарламасынЫҢ СИПАТТАМАСЫ
«БОТА» ҚҚ-ның Білім гранттары бағдарламасы Қазақстан колледждерінде күндізгі бөлімде оқығысы келетін, бірақ оқудың ақысын төлей алмайтын Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі азаматтары үшін білім гранттарын береді (бұдан әрі - гранттар). Талапкер жақсы үлгерім көрсетсе «БОТА» ҚҚ Білім гранттары бағдарламасы тарапынан қаржыландыру бөлінген жағдайда әрбір грант бір жылға беріледі және әрбір грант алушыға оқуын жалғастыру үшін дипломды алған сәтіне дейін барлығы 2 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
2012-2013 оқу жылына 50 грантқа дейін бөлінеді. 2009 жылы Білім гранттары бағдарламасының (БГБ) саны 87 грант болса, 2010 жылы – 234, ал 2011 жылы үміткерлерге өздері таңдаған Қазақстанның университеттері мен колледждерінде оқуға 328 грант берді.
2012 жылы Білім гранттары бағдарламасы талапкерге Қазақстан аумағындағы кез келген колледжге және кез келген мамандықтың екі жылдық бағдарламасын (күндізгі бөлім) таңдауға мүмкіндік береді.
2012 жылы «БОТА» ҚҚ білім гранттарын ҚР-ның белгілі бір колледждерінде оқу үшін береді. Колледжге іріктеудің негізгі критерийі болып түлектерге жұмыс берушілердің олардың түлкетерге берген бағалауы табылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіби білім беру департаменті (бұдан әрі – ТжКБ) жыл сайын «Үздік оқу мекемесі», 1-орын, 2-орын, 3-орын сынды 4 номинация бойынша экономика салалары бойынша үздік оқу мекемесіне байқау өткізеді. ҚР Білім және ғыым министрлігі 2010 жылға үздік ТжҚБ ұйымдарының тізімін ұсынды. БГБ дәл осы тізім негізінде жұмыс істейді.


Әлеуметтік салада жұмыс істейтін «БОТА» Қоғамдық қоры, қор миссиясына сәйкес келетін мамандықтарды таңдаған талапкерлерге артықшылық береді. Сонымен қатар, Талапкерге ұсынылған колледждердің бірінде кез келген мамандық бойынша оқуға мүмкіндік береді, дегенмен Қор әлеуметтік/техникалық бағыттар (тізім тіркеліп отыр) бойынша оқу түрін таңдаған үміткерлерге артықшылық береді. Осы бағыттарды таңдаған үміткерлерге жалпы бағалау ұпайына қоса қосымша 15%-ға дейін ұпай қосылады. Яғни екі талапкер бірдей бағаланса, төмендегі көрсетілген мамандықтардан басқасын таңдаған талапкерге қарағанда, әлеуметтік/техникалық бағыттарды таңдаған талапкерге «БОТА» қорының Білім гранттын алуына артықшылық беріледі.
Әлеуметтік жауапкершілікті нығайту мақсатында барлық грант алушылардан жыл сайын 20 сағат ақысыз қоғамдық қызмет істеу талап етіледі. Бұндай қызмет тұрақты коммерциялық емес ұйымдарда қоғамдық жұмыстар немесе жергілікті жетімдер үйінде, мектептерде не сол секілді ұйымдардағы еріктілік жұмыс болуы мүмкін.
Сонымен қатар, грант алушылардан «БОТА» Қоғамдық қоры ұйымдастыратын оқу және біліктілікті жоғарылату семинарларына қатысу және жылына екі рет академиялық транскрипті , академиялық үлгерім туралы жазбаша баяндама мен бөлінген грант бойынша қаражаттық есеп (оқу орнынан шот-фактураны, кітап пен кеңсе жабдықтарды сатып алғанын растайтын чек) беруі талап етіледі.
Грант ұсынудың қаржылық шарттары:
Грант келесі шығындарды қамтиды:

  • Күндізгі оқу үшін және колледжге міндетті түрде төленетін төлемдер;

  • Талапкердің тұратын қаласы/ауылынан колледжге дейінгі және кері жол ақысы

  • Шәкіртақы;

  • Тұратын қалаларынан/ауылдарынан тыс жерде оқитын студенттердің панажайы;

  • Кітап пен жабдықтарды алуға, сонымен қатар, жергілікті қоғамдық көлікте жүруге арналған төлемдер.


«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

«БОТА» Қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасы Қазақстан колледждерінде кәсіби/техникалық білім алуға ниет білдірген, бірақ оқу ақысын төлеуге мүмкіндігі жоқ Қазақстан Республикасының жас азаматтарына грант береді. Бағдарламаға дініне және ұлтына қарамастан кез келген Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі азаматтары болып табылатын және Қазақстанда тұратын талапкерлер қатыса алады. Бағдарламаға ұсынылған Қазақстан колледждерінде екі жылдық бағдарлама бойынша күндізгі бөлімде оқығысы келетін, бірақ оқудың ақысын төлей алмайтын мектеп түлектерін қатысуға шақырамыз.


Келесі талапкерлер бағдарламаға қатысуға құқылы:


  • Ұсынылған колледжге бірінші рет тапсырып жатқан, не бұған дейін қабылданбаған 11-сынып оқушылары мен түлектері (колледж тізімі тіркелген).


Бағдарламаға қатысу үшін талапкерлер:


  • 2012 жылғы 13 сәуірге дейін қорға толтырылған сауалнаманы ұсынуы керек (егер сауалнама пошта арқылы жіберілсе, пошталық мөр 2012 жылғы 13 сәуірден кейін болмауы тиіс).

  • Ұсынылған колледжге қабылдау емтихандарын тапсыру

  • Қор қызметкерлері талапкерлерге қабылдау емтихандарын тапсыруға көмектеспейді.


Келесі талапкелер Білім гранттары бағдарламасына ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ:


  • Қазақстанның азаматтары болып табылмайтын басқа елдің азаматтары;

  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын тұлғалар;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім гранттарына немесе өзге көздерден грантқа ие болған тұлғалар;

  • Колледж студенттері;

  • 2012 жылғы 13 сәуірге дейін толық және дұрыс толтырылған сауалнама жібермеген талапкерлер.

«БОТА» Қоғамдық қорының және IREX-тің қызметкерлері мен кеңесшілерінің отбасы мүшелері (жұбайлары, ата-аналары, балалары, аға-інілері және апа-сіңлілері) Білім гранттары бағдарламасына қатыса алмайды.


Сауалнаманы ұсыну тәртібі
«БОТА» қоры сауалнамада көрсетілген барлық мәліметтерді тексеру құқығын сақтайды. Егер сауалнамадағы мәліметтерде қандай да бір қарама-қайшылықтар табылса, немесе олар жалған болса, сауалнама бірден жарамсыз деп танылады, оқушы қатысу құқықтарынан айырылады. Егер талапкердің бағдарламаға қабылданғанынан кейін ұсынған қандай да бір мәліметі жалған болып танылса, студент грантынан бірден айырылады. Қор қызметкерлері іріктеу процесінің кез келген сатысында талапкерлерден отбасының демографиялық және/немесе қаржы жағдайына қатысты жазба құжаттары талап етілуі мүмкін.

«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН ІРІКТЕУ ПРОЦЕСІ

Талапкерлерді іріктеу процесі және оларға қойылатын талаптар
Білім гранттары бағдарламасы ашық байқау ретінде өтеді, талапкердің қаржылық жағдайы мен академиялық әлеуеті есепке алынады.
Талапкерлерді іріктеудің он кезеңі:


  1. Қор қызметкерлері Барлық қабылданған сауалнамаларды техникалық құқықтылығына тексереді (білім деңгейі, Қазақстанның азаматтығы және т.б.).

  2. Техникалық іріктеуден өткен сауалнамалар үміткерлердің қаржылық мәртебесін ранг бойынша бағалау үшін қойылған 22-34 сұрақтарға берілген мәліметке байланысты бөлінеді.

  3. Техникалық және қаржылық іріктеуден өткен сауалнамалар «БОТА» ҚҚ қызметкерлерімен бағаланады. Бұл кезеңде талапкерлердің 18-21 сұрақтарға берген жауаптарының сапасы анықтық, қисындылық және толықтық критерийлері бойынша бағаланады.

  4. Ең жоғары бағаланған талапкерлер тәуелсіз іріктеу комитеті мүшелерімен сұхбаттасудан өту үшін шақырылады. Іріктеу комитеті колледжді сәтті аяқтай алатын әлеуетті үміткерлерді таңдайды.

  5. Қор қызметкерлері сұхбаттасудан сәтті өткен талапкерлердің отбасылық және қаржылық жағдайы бойынша құжаттарды тексереді.

  6. Қор қызметкерлері сауалнамада көрсетілген талапкердің қаржылық және отбасылық мәліметтерін тексеру үшін талапкердің үйіне барады.

  7. Талапкерлерге қабылдау емтихандарын тапсырып, қор ұсынған тізімнен таңдаған колледжге (колледж және мамандықтардың тізімі тіркелген) түсу үшін қажет балды жинау қажет.

  8. Мемлекеттік білім гранттары байқауы нәтижесі жарияланғаннан кейін мемлекеттік білім грантына немесе өзге оқу гранттарына ие болған БГБ талапкерлері байқаудан шығады, ал «БОТА» ҚҚ гранты баламалы талапкерге берілетін болады.

  9. Жоғарыда аталған кезеңдерден өткен және мемлекеттік білім гранттары немесе өзге оқу гранттарына ие болмаған талапкерлер «БОТА» қорының білім гранты иегері атанады. Талапкер ақылы негізде оқуға құжаттарды өз бетімен тапсыру керек.

  10. БГБ департаменті «БОТА» ҚҚ, колледж және студент арасында білім беру қызметтерін көрсетуге үш данада үшжақты білім беру қызметін көрсету келісім шартқа отырып, алғашқы семестрдің ақысын төлейді. Басқа қаладан келген студенттер колледж жатақханасында орын алу үшін өтініш жазады. Колледждің ресми анықтамасымен расталған жатақханада орын болмаған жағдайда 2012 жылғы БГБ студенті қор төлейтін панажайды (бөлме) жалға ала алады.



Іріктеу критерийлері:


  • Талапкердің қаржылық жағдайы. Артықшылық жалпы отбасылық табысы Қазақстан Республикасы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен бағаланатын талапкерлерге беріледі.

  • Талапкерлердің академиялық әлеуеті.

  • Талапкердің колледждегі оқу бағдарламаларын сәтті бітіре алатын әлеуеті.


«БОТА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ САУАЛНАМАСЫН ТОЛТЫРУ БОЙЫНША ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ

АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Талапкерге сауалнаманы толтыру бойынша жалпы нұсқаулар


  • Сауалнаманы анық етіп қара немесе көк сиямен жазуыңызды немесе басып жазуыңызды өтінеміз. Түсініксіз немесе толық емес толтырылған сауалнамалар қарастырылмайды.

  • Жауап үлгілері көрсетілген сұрақтарда, таңдап алынған нұсқаның қасына «Х» әрпін жазу керек. Егер ұялы немесе үй телефоныңыз болмаса, онда байланысуға болатын тұлғалардың нөмірін жазыңыз (мысалы: досыңыздың, көршіңіздің, туысыңыздың т.б. ұялы немесе үй телефоны)

  • Ұялы және қалааралық код көрсетілген үй телефондарын қоса, толық байланыс мәліметтерін көрсетіңіз. Егер ұялы немесе үй телефоныңыз болмаса, онда байланысуға болатын тұлғалардың нөмірін жазыңыз (мысалы: досыңыздың, көршіңіздің, туысыңыздың т.б. ұялы немесе үй телефоны). Сонымен қатар барлық телефон мен факске облыс/қала/аудан кодтары мен барлық мекенжайларға пошталық индексті көрсету қажет.



Ерекше сұрақтарды толтыру бойынша нұсқаулық
8. Мекенжай: Ресми құжаттардағы мекенжайыңыздан өзге болса да, қазіргі кезде тұрып жатқан және хатты қабылдайтын нақты мекенжайды жазыңыз.
Телефон: Ұялы не үй телефоныңыз бар болса да, танысыңыздың қосымша ұялы не үй телефонын жазғаныңыз дұрыс. Кейіннен сол адам арқылы «БОТА» қоры сізбен хабарласа алады. Оқу орныңыздың телефон нөмірін басқа нөмірлер жоқ болған жағдайда ғана жазыңыз. Егер Сізде не отбасы мүшелерінде үй телефоны немесе ұялы телефон болмаса, онда басқа тұлғалардың нөмірін жазуыңызды сұраймыз.
9 - 10. Жеке куәлігіңіздің нөмірі мен жеке сәйкестендіру нөмірі


Егер жеке куәлігіңізде Жеке Сәйкестендіру Нөмірі жоқ болса, онда тек жеке куәлігіңіздің нөмірін жазыңыз, ал «Жеке Сәйкестендіру Нөмірі» тармағында «0» деп жазыңыз.



11. Салық төлеушінің нөмірі (СТТН): «БОТА» қорының барлық стипендиаттарында салық төлеушінің нөмірі болуы керек. Егер СТТН болмаса, онда бұл бағанада «0» деп жазыңыз. Дегенмен салық комитетіне барып, СТТН алуыңыз қажет.
14. ҚАЙ КОЛЛЕДЖГЕ ТҮСУДІ ЖОСПАРЛАП ЖҮРСІЗ?

Колледж аттары келтірілген тізімнен таңдаған оқу орныңызды белгілеңіз.


15. ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚҚА ТҮСУДІ ЖОСПАРЛАП ЖҮРСІЗ?

Берілген тізімнен қалаған мамандықты таңдаңыз. Егер қалаған мамандығыңыз тізімде жоқ болса, онда ӨЗГЕ деген жолда таңдаған мамандығыңызды көрсетіңіз.


Білім гранттары бағдарламасы сізге ұсынылған тізімдегі Қазақстан аумағындағы кез келген колледжді және кез келген мамандықтың күндізгі бөлімін таңдауыңызға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік салада жұмыс істейтін «БОТА» Қоғамдық қоры, қор миссиясына сәйкес келетін мамандықтарды таңдаған талапкерлерге артықшылық береді. Сонымен қатар, талапкерге ұсынылған колледждердің бірінде кез келген мамандық бойынша оқуға мүмкіндік береді, дегенмен Қор әлеуметтік/білім беру/техникалық бағыттар бойынша оқу түрін таңдаған үміткерлерге артықшылық береді. Осы бағыттарды таңдаған үміткерлерге жалпы бағалау ұпайына қоса қосымша 15%-ға дейін ұпай қосылады. Яғни екі талапкер бірдей бағаланса, төмендегі көрсетілген мамандықтардан басқасын таңдаған талапкерге қарағанда, әлеуметтік/техникалық бағыттарды таңдаған талапкерге «БОТА» қорының Білім гранттын алуына артықшылық беріледі.
17а. ерекше әлеуметтік мәртебе: бұл сұраққа жетім (әкесі де, анасы да жок) не мүгедектігі бар тұлға болсаңыз, жауап беріңіз.
17b. Тұрғын жағдайыңыз: Егер 17а сұрағына жауап берсеңіз, онда 17b сұрағына сәйкес келетін жауапты таңдаңыз. Сіз кіммен тұрып жатқаныңызды жазыңыз – туысқандармен, қамқоршымен, өзіңіз не басқа жерде (мысалы, балалар үйі). Егер сіз балалар үйінде немесе өзге мемлекеттік ұйымДа тұрАТЫН БОЛсаңыз, онда тек сауалнаманың 1-сұрақтан 23-сұраққа дейінгі аралығын толтыруыңыз қажет. Алайда Балалар үйінде немесе өзге мемлекеттік ұйымда тұрмасаңыз, онда сауалнаманың барлық бөлігін толтыруыңыз керек.
18-21. Эссенің сұрақтары: жауап беруге арналған орынға толық әрі нақты жауап бергеніңіз дұрыс. Әрбір сұраққа кемінде 100 (жүз) сөзбен жауап беріңіз. Бағдарлама қызметкерлері байқаудың бір кезеңі ретінде жазылған эссенің сапасын бағалайды, сондықтан эссенің жазылуына жеткілікті уақыт бөлгеніңіз жөн.
22-23. Үй шаруашылығы мен отбасы мүшелерінің тізімі:
«БОТА» Қоғамдық қорының Білім гранттары бағдарламасының негізгі мақсаты - тұрмысы нашар отбасылардағы жастардың Қазақстан колледждерінде күндізгі бөлімде білім алу мүмкіндігін кеңейту. «БОТА» қоғамдық қоры қазіргі уақытта әлеуетті студенттердің колледжде білім алуға арналған ақыны төлеуге қабілетсіз екенін түсіне отырып, күндізгі бөлімінде оқуға ұсынылатын 50 стипендияға үміткерлердің саны көп болуы мүмкін деп отыр. Қор үй шаруашылығыңыздың (отбасыңыздың) материалдық жағдайын және кандидатураңыздың бағдарламаның іріктеу талаптарына сәйкес келуін анықтау үшін үй шаруашылығы (отбасы) жағдайыңыз және кейбір отбасылық шығындарыңыз жайлы мәлімет беруіңізді өтінеді.

22-34 сұрақтар Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агентіктің 2010 жылғы сұрақтарынан алынған. Осы сұрақтар арқылы «БОТА» қоры үміткердің тұрмыс жағдайын түсінуге тырысады. «БОТА» Қоғамдық қоры бұл мәліметтерді үміткерлердің экономикалық жағдайын өзара және мемлекеттік мағлұматтармен салыстыру үшін пайдаланады.



22 және 23 сұрақтар сіздің үй шаруашылығыңызға қатысты. Отбасы бір шаңырақ астында тұратын, шаруашылықты бірге атқаратын және бір жерден тамақтанатын адамдардан құралады. Әдетте мұндай адамдар туысқандар болып келеді.

Кейбір сұрақтардың жауабын үй шаруашылығы (отбасы) мүшелерінен сұрауыңызға тура келуі мүмкін (мысалы, тұрғын үйіңіздің ауданы немесе жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің жалпы табысы). Ал кейбір сұрақтар сіздің үй шаруашылығыңызға (отбасыңызға) қатыссыз болуы мүмкін. Берілген мәліметтің барлығы шындыққа сай болуы тиіс. «БОТА» қоры талапкер берген жауаптардың құпиялылығына жауап береді.





  • 22-сұрақта өзіңізден бастап, үй шаруашылығыңыздың (отбасыңыздың) барлық мүшелерін атап шығыңыз және оларды үлкенінен кішісіне қарай белгілеңіз. Үй шаруашылығыңыздағы тұратын барлық мүшелерді қосу керек, соның ішінде:

  • тұрақты тұратын ересектер мен балаларды,

  • осы үй шаруашылығында соңғы үш айдан бері уақытша тұратын үй шаруашылығының мүшелерін,

  • осы үй шаруашылығында бір айға дейін уақытша тұрмаған, алайда осы үйде тұрақты тұратын мүшелерді,

  • егер отбасы мүшелері үнемі шығындалатын өзге қалада оқитын студенттер болса, онда оларды көрсету.


Бұл тізімге туысқаныңыз немесе үйіңізге тіркелген болса да, бір айдан аса сіздермен бірге тұрмайтын адамды үй шаруашылығы (отбасы) мүшелері туралы тізімге қоспаңыз (мысалы, тұрмысқа шығып, бөлек тұратын әпкеңізді, немесе әскердегі ағаңызды, және т.б.).
Тізімге өзіңізді қосуды ұмытпаңыз.
Егер үй шаруашылығыңыз (отбасыңыз) 5 мүшеден артық болса, онда үй шаруашылығыңыздың (отбасыңыздың) қалған мүшелерін нөмірлеуді (6, 7, 8 және т.б.) жалғастыра отырып, жеке параққа жазсаңыз болады.


  • 23-сұрақта отбасының әрбір мүшесі туралы қосымша мәлімет беріңіз. Әрбір тұлғаға қатысты ақпаратты жеке параққа толтырыңыз (қажетінше 27-парақтың көшірмесін түсіріп, отбасының барлық мүшелері туралы мәліметті көрсету үшін қолдансаңыз болады. 23-сұрақтағы отбасы мүшелеріне қатысты қолданылған нөмір 22-сұрақтағы нөмірлермен сәйкес келетінін тексеріңіз.)




  • 23-сұрақтағы жұмыспен қамтылу туралы сауалдар 15 және одан үлкен жастағыларға, ал білім жайлы сұрақтар 18 және одан үлкен жастағы үй шаруашылығы мүшелеріне жауап беруі үшін арналған.




  • 23-сұрақтың 5.3 тармағында үй шаруашылығы (отбасы) мүшелерінің жасына байланысты алатын зейнетақысын көрсетіңіз.


СауалнамаДАҒЫ 22, 23 CҰРАҚТАРДЫ ТОЛТЫРУДЫҢ мысалы

22. ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ (Отбасы) туралы мәлімет
Кестеде Әйгерім атты талапкердің мысалында 22-23 сұрақтарға қалай жауап беру керектігі туралы үлгі көрсетілген.


тұлға

Аты-жөні

Төменде көрсетілген тұлғаларға қатысты қосымша мәліметтер 23 сұрақта берілген бе?

1-тұлға (талапкер)

РАИМОВА ӘЙГЕРІМ НҰРЖАНҚЫЗЫ

Иә 

Жоқ __

2 -тұлға

(әжесі)

РАИМОВА ГҮЛНӘР СЕРІКҚЫЗЫ

Иә 

Жоқ __

3 -тұлға

(әкесі)

РАИМОВ НҰРЖАН ҚАНАТҰЛЫ

Иә 

Жоқ __

4 -тұлға

(анасы)

РАИМОВА ӘСЕМ ЕРЛАНҚЫЗЫ

Иә 

Жоқ __

5 -тұлға

(ағасы)

РАИМОВ МҰРАТ НҰРЖАНҰЛЫ

Иә 

Жоқ __



23. Отбасы мүшелері туралы қосымша мәлімет
Әйгерім Нұржан атты әкесімен, Әсем атты анасымен, Мұрат атты ағасымен және Гүлнәр атты әжесімен бірге бір үйде тұрады. Әйгерімнің әкесі аяқ-киім жөндеу шеберханасының иесі және өзі де сол жерде еңбек етеді. Әйгерім қазіргі кезде орта мектептің 11-сынып оқушысы. Оның ағасы колледждің ақылы бөлімінде оқиды. Анасы – мұғалім. Әжесі – зейнеткер және Әйгерімнің анасына үй шаруасына көмектеседі.
Келесі беттерде Әйгерімнің отбасы мүшелерінің көмегімен әрбір отбасы мүшесіне қатысты ақпаратты дұрыс толтырған үлгісі көрсетілген.
Назар аударыңыз:

Міндетті түрде үй шаруашылығының (отбасы) әрбір мүшесінің туған күнін қоса, талап етілген барлық бөлімдерді толтырыңыз!





2.Туған




күні:










Күні




Айы

Жылы







2

5




0

6




1

9

9

4
1-ТҰЛҒА ТАЛАПКЕР


1. Аты:




Ә

Й

Г

Е

Р

І

М














3. Бұл адамның жынысы: 4. Бұл тұлғаның 1-нөмірлі

талапкерге жақындығы (бір жауапты таңдаңыз):




Ер







Х

Әйел

: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет