БАҒдарламасы микробиология және вирусология



жүктеу 218.38 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі218.38 Kb.
түріБағдарламасы
: attachments
attachments -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
attachments -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
attachments -> «атф и ее роль в клетке. Ферменты» Карагулян Олеся Владимировна
attachments -> Программа дисциплины «Западноевропейское искусство и дизайн (XX-XXI век)»
attachments -> Тәуелсіз эксперттердің филиалдар, өкілдіктер тізімі
attachments -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама



6М070100 - Биотехнология мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы

БАҒДАРЛАМАСЫ

МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ВИРУСОЛОГИЯ
Микроб жасушасындағы физиология мен метаболизмді зерттеудегі жаңа бағыттар. Микроорганизмдер физиологиясы мен биохимиясының биотехнологиямен байланысы. Микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру. Жинақтаушы дақылдары мен элективті принциптер. Микроорганизмдердің таза дақылдары, оларды анықтаудың және алудың әдістемелері. Штамм, клон туралы түсінік. Моно – және араласқан дақылдар.

Өсіру үшін пайдаланатын орталардың негізгі түрлері. Қоректік орталарды жасау принциптері. Табиғи және синтетикалық орталар. Аэробты және анаэробты және фототүзуші микроорганизмдерді өсіру. Үстіңгі бетінде және тереңде өсіру. Мерзімдік және үздіксіз өсіру. Үздіксіз өсіруге арналған аппараттар (хемостат пен турбидостат). Өнеркәсіптегі микроорганизмдердің қасиеттерін зерттеу үшін үздіксіз өсірудің әдістемесінің мәні.

Микроорганизмдердің өсуі. Теңгермелі және теңгермесіз (басталған және баслалмаған) өсу. Микроорганизмдер дақылдарының өсуін анықтау тәсілдері. Мерзімді өсірілетін дақылдар популяциясының өсу заңдылықтары. Оларды өсу қисық сызығы және фазаларының ерекшеліктері. Өсу жылдамдығын, генерация мезгілін, жасуша өнімін анықтау. Диауксия. Жасушалардың өсу шектелуінің және өсу шектелуін және өлуінің себептері. Үздіксіз дақыл микроорганизмдердің өсуі, өсудің математикалық көрсеткіші. Синхронды өсетін дақылдар, оларды алудың тәсілдері және маңызы.

Микроорганизмдердің өсуін бақылау. Ортаның түрлі факторларына микроорганизмдердің қатынасы. Өсуіне температураның әсері. Психрофилдер, мезофилдер, термофилдер, олардың ерекшеліктері және температураға әртүрлі қатынасы болуының себептері. Вегетативті жасушалардың және олардың тынышталған түрлерінің термотөзімділігі. Жоғары температураны зақымсыздандыру үшін, ал төмен температураны микроб дақылдарын сақтау үшін қолдану.

Гидростатикалық және осмотикалық қысымдарының әсері. Осмофил және галофилдердің ерекшеліктері. Микроорганизмдердің оттекке қатынасы: аэробты және анаэробты (факультативті және облигатты). Оттектің нағыз анаэробтардың өсуін тежеу себебі.

Қоректік ортаның тотығу- тотықсыздандыру потенциалымен рН- тың әсері. Алколофильдер, қышқылдыққа тұрақты және ацедофильді микроорганизмдер.



Микроорганизмдердің өсуіне ылғалдық әсері. Дақылдарды құрғату. Лиофилиздеу. Антимикробты (микробтарға қарсы) факторлар. Антимикробтық заттардың табиғаты мен тегі (абиотикалық,биотикалық). Олардың ерекшеліктермен тигізетін әсерінің механизмі. Микробстатикалық пен микробцидтік әсері. Түрлі антимикробтық қосындыларды пайдалану. Ең маңызды химиотерапевтік препараттар, сақтау, дезинфекциялау және зақымсыздыру құралдары.

Микробтарды тежейтін физикалық факторлар. Радиация, олардың микроорганизмдерге тигізетін әсері. Микроорганизмдердің ультракүлгін және ионизациялаушы сәулелерге өзгермейтіндігінің тұрақтылығы. Ультрадыбыс пен жиілілігі жоғары тоқты пайдалану. ЗАТ АЛМАСУ (МЕТАБОЛИЗМ)

Қоректену. Энергия мен көміртек көздеріне байланысты түрлері. Прототрофтар, ауксотрофтар, паратрофтар. Сапрофиттер мен паразиттер.

Микроорганизмдер пайдаланатын органикалық және бейорганикалық азот қосындылары, олардың зат алмасудағы ролі.

Даяр аминқышқылдарға дәрі мендерге (витаминдерге) және басқада өсіру факторларына микроорганизмдердің мұқаждығы. Ауксотрофты микроорганизмдерді пайдалану.

Түрлі күкірт пен фосфор қосындыларын микроорганизмдердің пайдалану қабілеттері. Микроорганизмдер үшін темір, магний, калий, кальций, натрий, марганец, молибден тағы да басқа элементердің қажеттілігі. Олардың зат алмасудағы ролі. Қоректік заттардың цитоплазмалық мембранадан өтіп, жасушаға енуі.Энергиялық процестер. Энергияны алу тәсілдері. Тотығатын субстраттар. Микроорганизмдердің электрон тасымалдаушылары және электрон тасымалдау жүйелері, олардың ерекшеліктері. Соңғы электрон акцепторлары. Микроорганизмдердің пайдаланатын энергия түрлері(электрохимиялық,АТФ). Олардын пайда болу жолдарымен атқаратын қызметі.Гексозаларды ыдырату жолдары: гексозодифат, пентозофосфат, КДФГ-жолдары. Ашу процесі. Ашу туралы анықтама. Соңғы бөлініп шығатын заттарға байланысты ашудың түрлері: спирт, сүт қышқылы, пропион қышқылы, май қышқылы, ацетон. Ашу процестерінің екі фазалық өтуі. Түрлі ашуды қоздыратын микроорганизмдердің сипаттамасы.Анаэробты тыныс алу. Ол туралы түсінік. Анаэробты тыныс алудағы электрондардың донорлары мен акцепторлары. Нитраттарды және басқада азот қосындыларын тотықсыздандыратын микроорганизмдер. Денитрификация.Сульфатредукция. Тотығатын субстраттар. Метантүзуші, көмір қышқыл газын электрон акцептор ретінде пайдаланатын бактериялар. Аэробты тыныс алу. Түрлі субстраттарды тотықтыратын оттектің қатынасатын жолдары. Органикалық және бейорганикалық қосылыстарды тотықтыру. Толық және жартылаы тотықтыру. Бактериялардың көмір қышқыл газын, микромицеттердің органикалық қышқылдарын түзу. Органикалық заттарды шІРітетін бактериялар (аммонификаторлар), көмірсутектілерді тотықтыратын бактериялар, уробактериялар. Метан, метанол және басқада бір көміртектік субстраттарды тотықтырушы микроорганизмдер(метилотрофтар).

Бейорганикалық заттарды тотықтыратын автотрофтар мен гетеротрофтар. Хемолитотрофтардың топтары: нитрификациялаушы, күкірт бактериялары(тион), сутек бактериялары, темір бактериялары. Облигаттық және факультативтік хемолитоавтотрофтар. Хемолитогетеротрофтары.

Нитрификация, процестің сатылары. Автортофтық пен гетеротрофтық нитрификация. Молекулярлық сутекті тотықтыру. Күкірт, темір, марганец, сурьманы және басқа элементтерді тотықтыру. Бұл процестердің маңызы.

Күн көзін энергия ретінде қолдану. Фототүзуші прокариоттар, қара қошқыл мен жасыл бактериялардың, цианобактериялардың прохлофиттердің негізгі қасиеттері. Бояулардың құрамы, фототүзу аппаратының құрлысы, бактериялар атқаратын фототүзу процесінің ерекшелігі. Оттегін бөлетін және бөлмейтін фототүзу процестері. Хлорофилсіз фототүзу.иосинтез. Конструктивті зат алмасудағы негізгі мономерлері(органикалық қышқылдар мен аминқышқылдар , нуклеотидтер мен қанттар). Оларды түзу жолдары. Гетеротрофтардың, автотрофтардың, жасыл күкірт бактериялардың, метан түзуші бактериялардың көмірқышқыл газын сіңіру жолдары. Формальдегидті пайдалану жолдары: метилотрофты бактерияларда рибулезомонофосфаттық және серин циклі. Үш карбон циклі мен глиокцилат шунтының биосинтетикалық процестер маңызы.

Азот қосылыстарын сіңіру. Ассимиляцялық нитратредукция. Молекулалық азотты сіңіру процесінің механизмі. Бос тіршілік ететін және өсімдіктермен бірлесіп тіршілік ететін азот сіңіруші бактериялар.

Амин қышқылдардың пайда болу жолдары, оларды пайдалану. Негізгі биополимерлерді түзу: нуклеин қышқылдарын, липидтерді, полисахаридтерді, көміртектерді парфитин қосылыстарды. "Екінші реттік метоболиттердің түсінігі.

Зат алмасуды реттеу. Реттеудің биохимиялық негіздері және зат алмасудың реттеуші сатылары. Фермент түзу процесін реттеу (индукциялау, репрессиялау). Ферментердің белсенділігін реттеу. ВИРУСТАРДЫҢ РЕПРОДУКЦИЯСЫ Вирустардың құрылысы. Позтивті геномы бар РНК-құрамды вирустар. Негативті геномы бар РНК-құрамды вирустар. Құрамында ДНК-сы бар вирустар. Ретровирустар.Негативті, позитивті геномы бар вирустардың репродукциясы. Бір және екі жіпшелі ДНК-сы бар вирустардың репродукциясы.Вирустардың дақылдануы. Ұлпалы дақылдардың әдісі, клетка дақылдардың әдісі,тауық эмбриондарында дақылдау әдісі.

Бактериофагтар. Фагтардың химиялық құрамы мен құрылымы. Фагты геномдардың типтері. Фагтардың дақылдану әдістері. Фагтардың тазаланған препараттарын алу, тазалау және концентрация әдістері.

Вирус пен клетканың өзара әсерлесуі. Репродукция этаптары. Вирус бөлшектерінің адсорбциясы. Нуклеин қышқылын егу. Бастапқы және Соңғы белоктардың және нуклеин қышқылдарының синтезі. Вирус бөлшектерін жинақтау және клеткадан шығуы. Баяу және вирулентті фагтар. Лизогения. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің вирустық аурулары. Вирутық инфекциялардың диагностикалық ұстанымдары. Вирустан қорғау. Вирусқа қарсы әсердің механизмдері. Вирусқа қарсы препараттар. Интерферондар: типтер, биологиялық эффектілер өнімделуі. Нуклеозидтердің туындылары (ацикловир, идоксуриндин,рабивирин). Римандатин және амантадин. ГЕНЕТИКА. Мутагенез. Микроорганизмдердің спонтандық және индукциялық өзгергіштігі. Өзгергіштіктердің түрлері. Микроорганизмдер популяциялардың морфологиялық және биохимиялық әр түрлілігі. Мутациялар, олардың түрлері, олардың пайда болуының молекулярлық жолдары. Мутагендік факторлар, олардың әсері. Физикалық және химиялық мутагендер қоздыратын зақымдануларды түзету.Рекомбинациялар. Прокариоттардың генетикалық рекомбинацияларының түрлері: трансформация, трансдукция, коньюгация. Плазмидтер, оларды жіктеу және олардың биологиялық маңызы, интеграциясы.

Эукариот микроорганизмдердің рекомбинациясы. Жыныстық және парасексуалдық процестер. Гибридологиялық талдаудың негізі. Саңырауқұлақтардың митотикалық ажырауын талдау. Цитоплазмалық тұқымқуалаушылық. Фагтардың рекомбинациясы. Бактериофагтар мен мутациялардың түрлері.Сұрыптау. Аутосұрыптаудың әдістемелері. Мутациялық сұрыптау. Пайдалы мутациялардың жиілілігі мутагендердің түрлеріне және олардың мөлшеріне байланысты. Өте жоғарғы денгейде аминқышқылдары мен басқа азотты қосылыстардың түзілуі. Мутасинтез. Гендік инженерияның әдістемелері.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Шлегель Г.Общая микробиология. М., 1987. 567с.

  2. Мишустин Е.М., Емцев Е.Т. Микробиология. М., 1987. 391 с.

  3. Гусев М.В. Микробиология. М.: МГУ. 1992. 448 с.

  4. Стейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Мир микробов в 3-х томах. М.: Мир 1979.

«Жануарлар биотехнологиясы»


ұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері: ДНҚ және РНҚ. Бір организмдегі әр түрлі ұлпалардың соматикалық клеткаларының геномы ұрық геномынан аумауы. Жануарлар жүйелігіндегі құрылымдық және функциональдық белоктар және оларды кодтаушы гендер. Геннің нәзік құрылымы. ДНҚ-ның кодтаушы және реттеуші жиіліктері. Прокариоттық және эукариоттік гендердің промоторының құрылысы. Транскрипцияның терминаторлары. Транскрипцияның “күшейтуші” жиіліктері. Реттеллуші промоторлар.

Тотипотенттілік, мультипотенттілік, плюропотетенттілік. Генедрдің ұлпа және уақытқа тән экспрессиясы. Клеткалардың дифференциациясы. Эпигеномдық тұқымқуалаушылық және промоторлар құрылымының ерекшеліктерінің ролі, ДНҚ метилдеуі, транскрипциядағы реттеуші белоктардың мәні, онтогенездегі клетка дифференциациясындағы дифференциальды гетерохроматизациясы.

Жануарлар биотехнологиясындағы гендік инженерияның принциптері.Рестриктеуші эндонуклеазалар. Молекулалық клондауға арналған векторлар: плазмидалар, фагтік векторлар,космидтер, фосмидттер, ретровирустар және геномның мобильді элементтері негізіндегі векторлар, жасанды хромосомалар. ДНҚ геномының библиотекасын жасау. кДНҚ библиотекасының көмегімен құрылымдық гендерді клондау.

Сүтқоректілердің көбеюін гормональдық түрде реттеу. Көбеюді реттеуде гипоталамус пен гипофиздің рөлі. Аналық без бен аталық бездің құрылысы мен функцианалдық ерекшеліктері. Жыныстық циклдардың топтары. Жыныстық гормондар: андрогендер және эстрогендер.

Онтогенездің клеткалық негіздері. Гаметогенез: сперматогенез және оогенез. Фолликулогенез. µрықтандыру және партеногенез. Онтогенездің алдыңғы сатысында ядро мен цитоплазманың рөлі. Имплантация алдындағы даму: бөлшектену және бластуланың қалыптасуы. Ерте дамудағы детерминация, эмбрионды реттеуші және индукциялық процесс. Клеткалық жіктеудің механизмі. Клетка аралық әрекеттестік. Даму бүтіндігінің проблемасы. Өсу және регенрация. Ядро мен хромосоманы зерттеудің жалпы кіріспесі. Ядро: морфологиясы, интерфазадағы ядро құрысының жалпы сипаттамасы. Клетка бөлінуі. Митоз. Митозды талдау. Клетка орталығы және митоздық аппарат. Мейоз. Мейозды талдау. Жануарлардың көбейту биотехнологиясы. Жануарлардың көбейту биотехнологиясының әдістері. Жануарларды көбейту биотехнологиясының ашылуының себептері.Ауылшаруашылық жануарларының көбею биологиясы негіздері. Жануарлардың репродуктивтік жүйесі. Репродукцияның физиологиясы. Гипоталамус – гипофиз – гонадалардың өзара байланысы.

Донорлар мен өндірушілерді таңдап алу. Донорларға, өндірушілерге және рецепиенттерге қойылатын талаптар.

Аналықтарды сұрыптау: аналық - донор және аналық - рецепиент. Аналықтарды сұрыптау ережелері. Аналық - рецепиент: тұрақты және аралық.

Овуляция нормасы. Ұрғашы жануарлардың ''жыныстық (репродуктивтік) әлсіреуі''. Овуляция нормасын бақылайтын механизм. Донорлардың суперовуляциясы. Суперовуляцияланған фолликулогенез. Суперовуляция деңгейі. Экзогормондар – аналық безінің қосымша фолликулдарының өсуі мен дамуына белсендетуші (стимулятор) ретінде. Аналық бездің экзогормондарға реакциясы. Аналық бездің дұрыс және бұрыс реакциясы. Суперовуляцияланған ұрғашы малдың организмінде өтетін физиологиялық репродуктивтік өзгерістерге гормоналдық статусының әсері.

Күйіт пен овуляцияны қоздыратын препараттар. Фолликулды белсендетуші препараттар. Овуляция мен эструсты қоздыратын препараттар. Суперовуляция кезінде қолданылатын қосымша препараттары. Қолданылған фармакологиялық гормондар препараттарына байланысты суперовуляцияны шақыру әдістері. Жануарлардың түріне байланысты суперовуляцияны шақыру әдістері. Донорлар мен рецепиенттер арасындағы жыныстық циклды сәйкестендіру (синхронизация). Жыныстық циклды сәйкестендіру препараттары. Рецепиенттерді гормональді өңдеуге әсер ететін факторлар.

Қолдан жасанды ұрықтандыру: шәуетті алу, бағалау және сақтау. Қолдан жасанды ұрықтандыру техникасы және оның популяцияның генетикалық прогрессіне әсері. Суперовуляцияланған аналық - донорларды ұрықтандыру ережелері. Эмбриондарды трансплантациялау – бұл табындағы жануарлардың өнімділігін және бейімділігін арттыру арқылы құнды генотиптер ұрпақтарын көбейту тәсілдері. Мал шаруашылығында қолданатын эмбриондарды трансплантациялау әдістері. Трансплантациялаудың хирургиялық және хирургиялық емес әдістері. Эмбриондар трансплантациялауының жетістіктері мен кемшіліктері. Эмбриондарды трансплантациялау нәтижесінеә әсер ететін факторлар.

Донорлардан жуып алынатын биологиялық клеткалық материал. Суперовуляцияланған ооциттер. Ұрықтанған және ұрықтанбаған ооциттер. Суперовуляция деңгейіне әсер ететін факторлар. Суперовуляцияланған ооциттерді іn vіvo жағдайында ұрықтандыру. Гаметаларды ұрықтандыруына әсер ететін факторлар.

Донорға – биотехнологиялық тиімділіктің көрсеткіші ретінде қарау. Трансплантациялау кезінде суперовуляцияланған ооциттер мен алынған эмбриондар арасындағы арақатынас.

Эмбриондарды жуып алу. Донорлардың жыныс жолдарынан жуып алынған эмбриондарды биологиялық материал ретінде қарастыру. Биологиялық жарамды және жарамсыз жануарлар эмбриондары. Эмбриондарды жуып алу, бақылау және селекциялау үрдістеріне қарай пайыздық шығынын анықтау. Шығын себептері. Жуып алған уақытына байланысты биологиялық материалдың сапасы. Трансплантациялау кезіндегі суперовуляцияланған ооциттер, жуып алынған биологиялық жарамды және тұрақтаған өміршең эмбриондар арасындағы өзара байланысы. Суперовуляцияланған донорлардан биологиялық құнды эмбриондар шығару. Биологиялық жарамды эмбриондар шығуына әсер ететін факторлар.

Эмбриондарды көшеттеу. Эмбриондар даму сатысы және оларды көшеттеу орны. Трансплантациялау кезінде жануарлар эмбриондарының өміршендігі. Тұрақтаған өміршең және дамыған эмбриондар. Эмбриондар өміршендігін олардың сапасына, даму сатысына және санына қарай анықтау. Рецепиенттерде эмбриондар өміршендігін анықтау. Трансплантациялау кезінде донорлар, эмбриондар және реципиенттер арасында өзара байланысы. Асыл тұқым құндылығы және трансплантантарды қолдану.


Гаметалар мен эмбриондарды қолдан өсіру. Гаметалар жетілуінің цитогенетикалық және эндокриндік аспектері. Қолдан өсіру тәсілдері. Іn vіvo және іn vіtro жағдайда ооциттерді қолдан өсіру. µрықтану тиімділігін анықтайтын әсер. Сперматозоидтарды ұрықтануға дайындау (сперматозоидтардың ''флотация'' әдісі). Ұрықтандыру техникасы.

Қолдан өсіру уақыты бойынша эмбриондардың даму сатылары. Қолдан өсірген эмбриондардың даму сатысын ''биологиялық стандарт'' арқылы анықтау.



Криоконсервациялау. Гаметалар мен эмбриондарды төмен температурада консервациялауының теориялық аспектері. Суыту жылдамдылығының маңызы: сыртық жіне ішкі клеткалық кристалдануының рөлі. Мұздату процесіне қарай гаметалар мен эмбриондардың құрылымдық - метаболикалық өзгерістері. Мембраналық - тұрақтандырушы орта және криопротекторлардың рөлі. Криотехникасы. Жануарлар түріне байланысты гаметалар мен эмбриондардың криоконсервациясы. Мұздату барысында эмбриондардың даму сатысы. Витрификация. Тоңған гаметалар мен эмбриондарды жылыту әдісі. Гаметалар мен эмбриондардың төмен температуралық банкі және оны клиникалық қолданудағы мәселесі.

Мал шаруашылығындағы клеткалық технологиялар

Мал шаруашылығындағы эмбриоинженерлік зерттеулер. Клеткалар деңгейінде микрохирургиялық жүргізу. Монозиготалы /бір жұмыртқалы/ егіздер. Монозиготалы егіздері алу процедурасы /саты бойынша эмбриондарды сорттау, пеллюцид аймағын жою, клеткаларды диссоциация және дисекция/. Химерлі /аллофенді/ жануарлар. Химерлер түрі және оларды алу. Генетикалық мозаиктарды құру әдістері. Химерлік жүйедегі клеткалық маркерлер /Н-2-антиген, АДБ, Х-инактивациясы, ұқсастық клеткалардың сыртық маркерлері/. Маркерлеу нәтижесінің интерпретациясы /мозаиктерді табу арқылы ұлпалар экстраттарын және көретін мозаикалық патерндерді талдау/. Монозиготалы эәне химерлі жануарлар алудың маңызы мен елешегі.

Ядро деңгейінде микрохирургиялық манипуляциялар. ядролардың трансплантациясы және клеткаларды қайта құру. Энуклеирленген жұмыртқа клеткасына дене клеткасынан ядроларды көшеттеу жолымен жануарларды клон арқылы көбейту. Сүтқоріктілер ядроларын трансплантациялау техникасын келешегі мен кемшілектері.

Партеногенетикалық жануарларды алу. Гендерді көшеттеу әдісімен трансгенді жануарларды алу. Трансгенді организм. Трансгенді жануарларды алуының үш негізгі әдістемелік тәсілі: осы әдістерінің сипаттамасы және негізгі айырмашылықтары. Сомалық және генеративті трансгенді жануарлар: алу әдістері және пайдалануы.


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Джамалова Г.А. Биотехнология животных. Алматы, 2004.

  2. Джамалова Г.А. Практикум по биотехнологии животных, Алматы, 2004.

  3. Бегімқұлов Б.К . Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. Алматы, 2001

  4. Глик Б., Пастерная Т: Молекулярная биотехнология, Москва, 1991г.

  5. Сингер М., Берг П., Гены и геномы, Т1,2Москва, 1998г.

  6. Шевелуха В.С. и др.: Сельскохозяйственная биотехнология, Москва, 2003г.

  7. Эйснер Г.И. Сельскохозяйственная биотехнология: Векторные системы молекулярного клонирования, Москва, 1991г.




«ӨСІМДІК БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ»
ІN VITRO ӨСІРІЛЕТІН КЛЕТКАЛАР ЖӘНЕ ҰЛПАЛАР БИОЛОГИЯСЫ

Өсімдік клеткаларын өсірудегі теориялық және әдістемелік қағидалар. Клеткаларды өсірудге қолданылатын қоректік орталар: минералдық тұздар, көмірсулар, фитогормондар, витаминдер, органикалық қоспалар. Клеткаларды in vitro өсіруге қажетті жағдайлар. Каллусты алу және оны өсіру. Клеткаларды қатты және сұйық ортада өсіру. Клеткалар суспензиясын алу. Суспензиядағы клеткаларды өсіру әдістері. Іn vitro өсетін клеткалардың биологиясы. Дифференциациялану, дедифференциациялану. Компетенция. Детерминация. Клеткалардың in vitro жағдайында өсуі. Іn vitro өсудегі морфогенез жолдары. Органогенез. Соматикалық эмбриогенез. Регенерация. Экономикалық маңызды заттарды өндірудің клеткалық технологиялары. Өсірілетін клеткаларда қосымша заттардың қоры жиналуына әсер ететін факторлар. Клеткаларды өсіру жүйелері. Иммобильденген клеткалар.


ӨСІМДІКТЕРДІ КЛОНАЛЬДЫ МИКРОКӨБЕЙТУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ

Клональды микрокөбейтуді өсімдік шаруашылығы және селекцияда пайдалану. Клональды микрокөбейтудің әдістері. Қолтық бүршіктердің дамуын индукциялау. Клональды микрокөбейту кезеңдері. Клональды микрокөбейту процесіне әсер ететін факторлар. Дәрілік, көкөніс, жемісжидек, ағаш-бұта тектес және басқа да өсімдіктерді клональды микрокөбейту. Отырғызылатын материалдарды вирустардан сауықтыру. Апикальды меристемалар культурасы.

Алшақ будандастыруда прогамдық сәйкессіздік. Іn vitro ұрықтандыру. Алшақ будандастыруда постгамдық сәйкессіздік. Оқшауланған ұрық культурасы. Эмбриокультураға әсер ететін факторлар. Эндосперм культурасы.

ГАПЛОИДТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ. Гаплоидтық өсімдіктердің селекциядағы маңызы. Тозаңқап және тозаңдарды өсіріп гаплоидтық өсімдіктерді алу технологиясы. Тікелей андрогенез және жанама андрогенез. Андрогенезге әсер ететін факторлар. Аналық гаметофитті өсіріп гаплоидтық өсімдіктерді алу. Гиногенез. Аналық гаметофиттің in vitro дамуына әсер ететін факторлар. Гаплоидтық өсімдіктерді гаплопродюсер әдісімен алу.



КЛЕТКАЛЫҚ СЕЛЕКЦИЯ. Клеткалық селекция - өсімдіктердің жаңа құнды генотиптерін алу үшін қолданылатын әдіс. Сомаклондық өзгергіштіктің себептері. Сомаклондық өзгергіштікке әсер ететін факторлар. Клеткалық селекция әдістері. Төзімді клеткаларды сұрыптау.Төзімділік белгісінің тұрақтылығы. Индукцияланған мутагенез. Тұзға, қуаңшылыққа және басқа да стресс факторларға төзімді өсімдіктерді клеткалық селекция әдісімен алу.

Протопластарды бөліп алу және оларды өсіру. Өсімдіктердің протопластар культурасында регенерациясы. Протопластардың қосылу әдістері. Клеткаларды сомалық будандастыру. Сомалық будандастырудың қағидалары және генетикалық негіздері. Сомалық будандарды сұрыптап алу әдістері. Сомалық будандарды талдау әдістері. Сомалық будандарды тәжірибеде пайдалану.


ӨСІМДІКТЕРДІҢ ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯСЫ

Басқа организмге тасымалданатын қажетті генді бөліп алу. Гендерді тасымалдайтын векторлар. Агробактерия плазмидаларын вектор ретінде қолдану. Гендердің өсімдіктерге тасымалдануы және олардың экспрессиясы. Клеткаларды мұздатуға дайындау. Культураларды мұздату және сақтау. Криопротекторлар. Клеткаларды еріту және криопротекторлардан тазарту. Клеткаларды қайтадан өсіру (рекультивациялау) және оларды криосақтаудан кейін бағалау.



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Уәлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы. Алматы. Қазақ

университеті, 2009, 335 бет.

2. Бутенко Р.Г. Биология клеток высших растений in vitro и

биотехнологии на их основе. – М..: ФБК – ПРЕСС, 1999.

3. Калашникова Е.А., Родин А.Р. Получение посадочного материала

древесных, цветочных и травянистых растений с использованием

методов биотехнологии. – М: Изд-во МГУЛ, 2004.

4. Глик Б., Пастернак Дж. Молекулярная биотехнология. Принципы и

применение. – М.: Мир, 2002.

5. Сельскохозяйственная биотехнология. Учеб/ под ред. Шевелуха В.С.

– М. 2003, 472 с.

6. Муромцев Г.С., Бутенко Р.Г., Тихоненко Т.И., Прокофьев М.И.

Основы сельскохозяйственной биотехнологии.- М. - Наука,1999. –

384с.

7, Сүлейменова С.Е., Садуақасов С.С. Өсімдік биотехнологиясы



пәнінің оқу-әдістемелік нұсқауы. Алматы 2008. – 40 б.

«Экологиялық биотехнологиясы»

Ағын сулардың негізгі сипаттамасы. Тұрмыстық, өндірістік және ауылшаруашылық ағындылары, олардың құрамы және сапасын анықтау критерийлері ОХП (оттегіні химиялық пайдалану) және ОБП (оттегіні биохимиялық пайдалану) әдістерін анықтау, олардың сипаттамалық және болжамдық маңызы. Түрлі өндіріс орындарының ОХП және ОБП мәліметтері бойынша мысалдар.

Ағын суларды тазарту әдістеріне сипаттама, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Микроорганизмдерді қолданушы тазартқыш құрылымдар операцияларының түрлері. Ағын суларды тазартудың экстенсивті және интенсивті жүйелері.

Тұрмыстық және өндірістік ағын суларды қайта өндеудің интенсивті әдістерін жетілдірудің биотехнологиялық жолдары. Түрлі микробтық консорциумдарды кеңістіктік бөлу әдісімен тазалау процесін интенсификациялау, бұл әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері. қышқылдануы қиын, жоғары токсинді және ароматикалық заттарды утилизациялау үшін рекомбинантты штаммдарды қолдану. Ағын суларды тазартудың аэробты және анаэробты процестері, олардың сипаттамасы.

Ағын суларды аэробты тазарту үшін қолданылатын реакторлар. Гомогенді реакторлар жұмысының жүйесі.

«Активті лайдыңң популяциялық мәселелері. «Активті лайдыңң ценоздарының қалыптасуы. «Активті лайдыңң микроорганизмдері, олардың өзара қатыстылығы және жеке консорциумдардың маңызы. Микроорганизмдер популяциясының симбиозы болып табылатын ортақ шырышты қабықты зооглейдің қалыптасуы.

«Активті лайдыңң тиімді жұмысындағы қарапайымдардың ролі. ОЗЖ (органикалық зат бойынша лай жүктемесінің көрсеткіші) аэрация станциясын жобалаудағы аса маңызды параметр.

Екінші тұндырғыш жұмысын басқару.

Жылжымайтын биопленкасы бар реакторлар – биофильтлер және оларда жүретін процестер. Биофильтрлерді қолдану арқылы өтетін процестердің технологиялық схемасы. Тазарту тәсіліне, жүктеме жасау материалының түріне және сұйықты беру режиміне байланысты биофильтрлерінің жіктелуі. Биофильтрлерді лайландыру.

Микроорганизмдердің иммобилизацияланған клеткаларында ығыстырғыш стеклоершті пайдаланып аэротенкті қолдану.

Ағындарды аэробтық тазартудың экстенсивті әдісі – биологиялық тоғандар, суармалы танаптар, фильтрация танаптары. Оларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Тұрмыстық және өндірістік ағын суларды анаэробтық әдіспен тазарту. Аэробтық процеспен салыстырғанда ағын суларды анаэробтық процеспен тазартудың артықшылығы, тазарту жылдамдығы.

Метантенктер, метантенкте болып өтетін ашу процестерінің сипаттамасы. мЕтантенктің микрофлорасының қалыптасуы, оның құрамы симбиотикалық бірлесудегі өзара қарым-қатынасының сипаттамасы. Метантенктердің тиімді тіршілік етуіндегі метан түзуші бактериялардың маңызы. Ластаушылардың шекті концентрациясы жөніндегі түсінік. Ластаушыларды деградациялау жылдамдығын және газ түзілу интенсивтілігін арттырудағы араластыру және температуралық режимнің ролі.

Ағындарды биологиялық тазартуға арналған өнеркәсіптік аппараттарға сипаттама. Септикотенктер. Жылжымайтын биопленкасы бар реакторлар.

Металлургиялық кәсіпорынның ағын суларын тазартуда және олардан металдар алуда активті лай микроорганизмдерін пайдалану.

Қышқылдану процестері / металдардың қалпына келуі немесе олардың гетеротрофты микроорганизмдерде тұнуы. Ағынды сулардан металлдарды алып тастау үшін пайдаланылатын активті лайдың сипаттамасы, жасанды биофлоктардың маңызы. Мысалдар.

Металдардың тұнуында сульфатредукциялаушы бактериялардың қолданылуы, олардың тіршілік ету шарттары. Ағын суларда металл тұнғанда болып өтетін процесстердің химизмі, анаэробты гетеротрофты микроорганизмдер арқылы өсімдік қалдықтарының органикалық заттарының минералдануы, оттегі құрамының азаюы және анаэробты сульфатредукциялаушы бактериялар белсенділігінің артуына байланысты шарттарды ОВП ұлғаюы, күкіртті көмірқышқылында металдың тұнуы артады. Сульфатредукциялаушы бактериялардың мыс, сынап, вольфрам және молибден тұнбаларындағы ролі.

Өндірістік ағын суларды Pseudomonas putіda пластмассаға немесе ағаш жаңқаларына иммобилизацияланған клеткаларының көмегімен мышьяктан тазарту.

Құрамында хромы бар ағын суларды құрамында Pseudomonas dechromatіkans бар “активті лайдың” көмегімен хромнан тазарту.

Металдарды биосорбциялау үшін микроорганизмдерді қолдану. Уран және нитраттарды көмір бөлшектеріне иммобилизацияланған денитрификациялайтын бактериялар биомассасымен биосорбциялау. Микробтық экзополисахаридтермен металдарды биосорбциялау.

Түрлі өндірістердегі өнеркәсіптік қалдықтарды биологиялық қайта өндеу.

Микроорганизмдердің иммобилизацияланған клеткаларын сүтті өндеуші, ашытқы және басқа тамақ өндірісінің ағындыларын қайта өндеуде қолдану.

Химиялық кәсіпорындар ағындарын биологиялық қайта өндеу мәселелері.

Целлюлоза - қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын биологиялық қайта өндеу.

Көмірсутегі деструкторларының микроорганизмдерін мұнайды қайта өндеуші кәсіпорындардың ағын суларын және мұнаймен ласталған топырақты тазартуда пайдалану.

Ауыр металлдармен, радионуклеидтермен, органикалық заттармен және басқа да токсиканттармен ластанған топырақты биоремидиациялау технологиясы. Негізгі сатылары – биообъектілерді поллютанттардың гипераккумуляторларын таңдап алу – оларды өсіру әдістерін, токсикантты бөлу және алып тастау әдістерін тандау.

Биотехнологияда қолдану үшін микроорганизмдердің штаммдарың өнімділігін арттыру тәсілдері.

Генді инженерия әдістерімен алынған микроорганизмдерді және микробтық синтездің кейбір өнімдерін пайдаланудың қауіпсіздік мәселелері.

Болжамдық экология – сыртқы ортада трансформацияланған организмдердің болашақтағы тәртібін жан-жақты бағалауды мақсат еткен ғылым.


МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ОҚЫЛУЫ ТИІС ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бейли Дж., Оллис Д. Основы биохимической инженерии. Пер с англ. в 2-х частях -М., Мир, 1989.

2. Биотехнология: Учебное пособие для вузов в 8-ми кн. - М.: Высшая школа, 1987.

3. Экологическая биотехнология: пер. с англ./ Под ред. К.Ф.Форстера, Д.А.Дж. Вейза. -Л.: Химия, 1990. -384 с.

4. Громов Б.В., Павленко Г.В. Экология бактерий: Учебное пособие. –Л.: Изд-во ЛГУ, 1989. -248 с.

5. Кузнецов А.Е., Градова Н.Б. Научные основы экологической биотехнологии. —М. Мир, 2003.

6. Промышленная микробиология / Под ред. Н.С. Егорова —М.: Высшая школа, 1989. -688с.


«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ»

Сарқын суларды тазарту әдістерінің сипаттамасы, олардың артықшылықтары және кемшіліктері. Сарқын суларды биохимиялық тазарту әдістердің артықшылықтары және кемшіліктері. Сарқын суларды тазартуда қолданылатын экстенсивті және интенсивті жүйелер. Тұрмыстық және өндірістік сарқын суларды қайта өндеудің интенсивті әдістерін биотехнологиялық жетілдіру. Сарқын суларды аэробтық және анаэробтық тазарту процестері, оларға сипаттама. Сарқын суларды аэробтық тазарту үшін қолданылатын реакторлар. Қозғалыссыз биопленка – биосүзгіштері бар реакторлар. Аэробты биохимиялық процестер.Тұрмыстық және өндірістік сарқын суларды тазартудағы анаэробтық әдістер. Метантенктер, метантенктерде жүретін процестерге сипаттама. Метантенктерде микрофлораның түзілуі, олардың құрамы. Сарқындарды биологиялық тазарту үшін қолданылатын өндірістік аппараттарға сипаттама. Септитенктер.

Қалдықтарды биологиялық қайта өндеу. Лайдың анаэробтық ашуы. Лайдың аэробтық ашуы. Лайды пайдалану. Қатты қалдықтардың биодеградациясы. Қоқыс тастайтын жерде түзілген өнімдерді пайдаға асыру.

Биогеотехнология. Бактериялық сілтісіздендіру. Сілтісіздендіру процесіне қатысатын бактериялар. Өндірістік сарқын суларды металдардан тазарту. Металдардың биосорбциясы. Ауыр металдар, радионуклеидтер, органикалық және басқа улы заттармен ластанған топырақ биоремедиация технологиясы. Улағыштарды ажырату тиімділігінде өсімдік пен топырақ микроорганизмдерінің арақатынасының рөлі.

Өсімдіктерді биологиялық әдістермен қорғау. Биопестицидтер. Жәндіктер және өсімдіктердің ауруларын қоздыратын микроорганизмдер. Жәндіктерге қарсы күресте қолданылатын бактериялық препараттар. Саңырауқұлақ негізіндегі биопестицидтер. Вирустық биопестицидтер.

Сабанды қордалау және биодеградациясы. Сабанның биодеградациясы.

Мал азығын сүрлемдеу. Мал шаруашылығындағы пробиотикалық препараттар. Пробиотиктер. Микробты тыңайтқыштар. Бұршақ тұқымдас өсімдіктер симбиозының бактериялары. Металдардың биозақымдалуы. Экологиялық мәселелерді шешу үшін қолданылатын жаңа биотехнология. Гендік инженерия әдісімен және кейбір микробтық синтез өнімдерінен алынған микроорганизмдерді пайдалануда қауіпсіздік мәселелері.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Экологическая биотехнология: пер. с англ./ Под ред. К.Ф.Форстера, Д.А.Дж. Вейза.- Л.: 1990.- 384 с.

2. Кузнецов А.Е., Градова Н.Б. Научные основы экологической биотехнологии. – Мир, 2003.

3. Шевелуха В.С. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. - М., Высшая школа - 2003 г. 472 с.

4. Громов Б.В., Павленко Г.В. Экология бактерий: Уч.пособие - Л..:Изд-во ЛГУ, 1989.-248

5. Степановский А.С. Прикладная экология: охрана окружающей среды: Учебник для Вузов М: ЮНИТИ-ДАНА. 2003. 751с.

6. Шевелуха В.С. и др. Сельскохозяйственная биотехнология. - М., Высшая школа - 2003 г. 472 с.

1. Стаднитский Т.В., Радионов А.Н. Экология. - М.: Высшая школа, 1979. 272с.

2. Касьяненко В.П. Контроль качества окружающей среды. - М.: Высшая школа, 1999. 5 Анапияев Б.Б. Гаплоидная биотехнология. - Алматы, 2001.

3. Варежкин Ю. М., Михайлова А. И., Терентьев А. М. Методы интенси­фикации процесса биологической очистки сточных вод. М., 1987.

4. Голубовская Э. К. Микроорганизмы очистных сооружений. Л.: ЛИСИ, 1985.

5. Ротмистров М. Н., Гвоздик П. И. И др. Микробиологическая очистка воды. Киев: Наукова думка, 1978.

6. Синев О. П. Интенсификация биологической очистки сточных вод. Киев: Техника, 1983.

7. Юровская Е. М. Микробиологическая очистка промышленных сточных. Киев: Здоровье, 1984.

8. Яковлев С. В., Скирдов И.В., Шевцов В.Н. и др. Биологическая очистка производственных сточных вод: Процессы, аппараты и сооружения. – М.: Стройиздат, 1985. – 208 с.

9. Данилович Д. Л., Монгайт А. И. Анаэробная очистка концентрированных сточных вод. М., 1989.

10. Дрыгина Е. С. Анаэробная очистка сточных вод. М., 1987.

11. Туровский И. С. Обработка осадков сточных вод. М,: Стройиздат, 1988.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет