Бағдарламасы «Омыртқасыздар зоологиясы»



жүктеу 210.46 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі210.46 Kb.
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қаласының шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-35.1. 01

/01-20___




ПОӘК

Оқытушыларға арналған пәннің бағдарламасы



«Омыртқасыздар зоологиясы»

№ 2 басылым

16.06.2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Омыртқасыздар зоологиясы

«5В011300» – «Биология» мамандығыүшін


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014

1.ӘЗЕРЛЕГЕН


Құрастырушы__________«____»_____ 20___ж., б.ғ.к. Қуанышбаева М.Ғ.
« Биология» кафедрасының доценті


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Биология кафедрасында отырысында

«____»___________ 20___ж.№____хаттама
Кафедра меңгерушісі_______Тлеубаева А.В.
2.2. Жаратылыстану ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

«____»___________ 20___ж. №____ хаттама


Төрайымы____________ Абдишева З.В.

3. БЕКІТІЛДІ

Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған

«____»___________ 20___ж. №____ хаттама


ОӘК төрайымы____________ Искакова Г.К.
4.БІРІНШІ РЕТ КІРГІЗЕЛГЕН

Мазмұны

1.


Жалпы ережелер

2.


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3.


Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

4.


Курс форматы

5.


Курс саясаты

6.


Баға қоюдың саясаты

7.


Әдебиет тізімі


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер:

Қуанышбаева Меруерт Галымовна, биология ғылымдарының кандидаты‚ доцент

Биология кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел: 34-90-19, оқу ғимараты № 3, кабинет № 112

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 122

Берілген пән бойынша кредиттер саны - 2


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Омыртқасыздар зоологиясы» пәні бакалавр дайындау барысында маңызды орын алады және «Биология» мамандығында оқитын студенттер үшін негізгі пәндер блогының міндетті бөлігі болып табылады, өйткені, студенттерге профессионалды жұмыс барысында көп нәрсені біліп, істей алу тиіс.


1.3 Пәнді оқып-білудің мақсаты: студенттердің жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, ортаға бейімделушіліктерін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және оның табиғаттағы қорын сақтау болып табылады.

1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:

Зоологияның міндеттері – жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу. Халықаралық ғылыми терминдерді меңгерту. Зертханалық құралдармен жұмыс істеуді үйретіп, тірі организмдерді бақылап, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Жануарлар әлемінің алуан түрлілігіне және оларды зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты зоология екі үлкен бөлімге бөлінеді: омыртқалылар зоологиясы – хордалылар типіне жататын жануарларға қатысты деректерді біріктіреді және омыртқасыздар зоологиясы – жануарлар дүниесінің қалған 22 типтерін зерттеумен айналысады. Осы ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешені омыртқасыздар зоологиясын оқуға арналған.


1.5 Оқып-білудің нәтижелері:

Пәнді оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды:



  • өздік жұмыстарды белсендіру;

  • білім сапасын көтеру;

  • омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың эволюциясындағы тіршілік құрылымының барлық деңгейлерін және негізгі этаптарын білу;

  • омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың барлық таксономиялық рангілерін білу;

  • жануарларды анықтау бойынша практикалық дағдыларды меңгеру;

  • объектілерді морфологиялық зерттеудің қарапайым әдістемелерін білу.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Жалпы биология

1.6.2 Жануарлар экологиясы

1.6.3 Палеозоология

1.6.6 Жануарлар ұлпалары
1.7 Курстың постреквизиттері:

1.7.1 Зоогеография

1.7.2 Омыртқасыздар зоологиясының үлкен практикумы

1.7.3 Гидробиология

1.7.4 Топырақ биологиясы

1.7.5 Педагогикалық практика.


2 Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
1 кесте

т/б


Тақырып атауы

Сағаттар

Әдебиет

Дәріс

ЗС

БОӨЖ

1.

Кіріспе. Зоология пәні. Даму тарихы.

1

1




7.1.1-7.1.13


2.

Жануарлар патшалығы. Патшалық тармағы – бірклеткалы жануарлар Protozoa. Саркомастигофоралар типі. Апикомплекстер типі. Инфузориялар типі.

1

1




7.1.1-7.1.13


3.

Көпклеткалы организмдер патшалық тармағы Metazoa. Губкалар типі.

1

1




7.1.1-7.1.13


4.

Нағыз көпклеткалылар бөлім үсті. Сәулелілер бөлімі. Ішекқуыстылар типі.

1

1

15

7.1.1-7.1.13


5.

Екіжақты-симметриялы жануарлар бөлімі. Алғашқы ауыздылар қатары. Жалпақ құрттар типі. Трематодтар класы. Таспа құрттар класы.

1

1




7.1.1-7.1.13


6.

Алғашқықуысты құрттар типі. Нематодтар класы.

1

1

15

7.1.1-7.1.13


7.

Буылтық құрттар типі. Көпқылтанды құрттар класы.

1

1




7.1.1-7.1.13


8

Буылтық құрттар типі. Азқылтанды құрттар класы, Сүліктер класы.

1

1




7.1.1-7.1.13


9

Былқылдақденелілер типі. Бауыраяқтылар класы. Тақтажелбезек-тілер класы.

1

1




7.1.1-7.1.13


10

Буынаяқтылар типі. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы.

1

1




7.1.1-7.1.13


11

Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы.

1

1

15

7.1.1-7.1.13


12

Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Бунақденелілер класы.

1

1




7.1.1-7.1.13


13

Жасырынжақтылар класс тармағы. Толық түрленбей дамитын бунақденелілер.

1

1




7.1.1-7.1.13


14

Толық түрленіп дамитын бунақденелілер.

1

1

15

7.1.1-7.1.13


15

Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі.

1

1




7.1.1-7.1.13





БАРЛЫҒЫ:

15

15

60





3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Омыртақсыздар зоологиясы курсын оқыту өзара байланысты төрт форманы қажет етеді: дәріс, зертханалық сабақ, ОСӨЖ-оқытушының студентпен өздік жұмысы, және СӨЖ- студенттің өздік жұмысы.

Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспекті оқулықтардан және оқу құралдарынаналынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспекті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Зертханалық сабағына дайындалуда келесі қажет болады: зертханалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдарды зерттеу; практикум немесе нақты әдістемелік нұсқаулардан жұмыстың мазмұнымен, қажетті құралдар, реактивтер, ыдыспен танысу; алғашқы сабаққа жіберілу алыңған соң жеке тапсырма орындау; қорытындысымен орындалған жұмыстың есебін жазу және оны қорғау. ОСӨЖ және СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, зертханалық сабақтарға дайындалады.
4 КУРС ФОРМАТЫ

«Омыртақсыздар зоологиясы» – 2 кредит.

Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 50 минуттық практикалық сабақ және 50 минуттық ОСӨЖ аптасына 1 рет болады. Дәрістерге, зертханалық сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысуға студент міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Зертханалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір жануарларды анықтамалық кітаптан тауып, жазып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес студент практикалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді.


5 курс саясаты

Студентпәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда баллдарды алу түрінде штрафтар салынады.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды.

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген
«Омыртақсыздар зоологиясы» пәні бойынша балдардың таратылуы

2 кесте


Апта

Бақылау түрі

Балдардың барлығы

Қосымша

1-7

8-15


Аудиториялық сабақтарына қатысу және даярлық

30

Оқытушы электрондық журналда оқушының тек сабаққа қатыспау фактісін көрсетеді

Зертханалық жұмыстарды орындау (қорғау)

1

Микроскоптың құрылысы. Бірклеткалылар патшалық тармағы.




Зертханалық сабақта

2

Споралылар типі. Инфузориялар типі.

18

Зертханалық сабақта

3

Губкалар типі.

18

Зертханалық сабақта

4

Ішекқуыстылар типі.

18

Зертханалық сабақта

5

Жалпақ құрттар типі.

18

Зертханалық сабақта

6

Жұмыр құрттар типі.

18

Зертханалық сабақта

7

Буылтық құрттар типі.




Зертханалық сабақта

8

Буылтыққұрттар типі.




Зертханалық сабақта

9

Былқылдақденелілер типі.

15

Зертханалық сабақта

10

Буынаяқтылар типі. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы.

15

Зертханалық сабақта

11

Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы.

15

Зертханалық сабақта

12

Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Насекомдар класы.

15

Зертханалық сабақта

13

Насекомдардың отрядтары.


15

Зертханалық сабақта

14

Насекомдардың отрядтары.


15

Зертханалық сабақта

15

Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі.




Зертханалық сабақта

Білім алушының өздік жұмысы

4

Бірклеткалы жануарлар.


60

Сабақ кестесіне сәйкес

6

Губкалар және ішекқуыстылар типтері.


60

Сабақ кестесіне сәйкес

11

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типтері.


60

Сабақ кестесіне сәйкес

14

Буынаяқтылар типі.

60

Сабақ кестесіне сәйкес

7 апта

Межелік бақылау

60

Сабақ кестесіне сәйкес

15 апта

Межелік бақылау

60

Сабақ кестесіне сәйкес

1 апта мен 7 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270




8 апта мен 15 апта аралығында оқу нәтижелері бойынша балдардың барлығы

30+270




Емтихан балдарының барлығы

400




Академиялық мерзімде балдардың барлығы

1000



Студенттердің білім бағалау шкаласы:




Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А

4,0

95-100

Өтежақсы

А-

3,67

90-94

-«-
В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

75-79


-«-

В-

2,67

-«-

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

-«-

С-

1,67

60-64

-«-

Д+

1,33

55-59

-«-

Д

1,00

50-54

-«-

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1 тапсырма: Бірклеткалы жануарлар.
1) Бірклеткалылардың жануарлар әлеміндегі алатын орны.

2) Кестені толтыр. Бірклеткалылардың салыстырмалы сипаттамасы.



Бірклеткалылар сипаттамасы

Амеба протей

Жасыл эвглена

Кірпікшелі кебісше

Дене пішіні










Қозғалу органоидтары










Қоректену органоидтары










Жиырылғыш вакуоль










Ядролық аппарат










Көбеюі










3) Кестені толтыр. Бір клеткалылардың қоректену ерекшеліктері.




Түрі

Қоректенудегі ұқсастықтар

Қоректенудегі айырмашылықтар

Амеба протей







Жасыл эвглена







Кірпікшелі кебісше






4) Бірклеткалы жануарлардың көбею тәсілдері.



2 тапсырма: Губкалар және ішекқуыстылар типтері.
1) Ропалия, статоцистің қызметтері қандай?

2) Губкалардың клеткалық элементтерін ата және әрқайсысының қызметтерін көрсет.

3) Губкалардың көбею жолдары қандай?

4) Кестені толтыр. Гидраның клеткалық құрылысы.





Клеткалар типі

Олардың орналасқан дене қабаттары

Қызметі

1










2










3










4










5










6












3 тапсырма: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типтері.
1) Тегумент дегеніміз не?

2) Кейбір ауылшаруашылық өсімдіктерінің түсімінің төмендеуіне нематодтардың да әсері бар. Өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін нематодтар туралы не айтуға болады?

3) Суретте қандай құрттың даму циклі берілген? Суреттегі сандардың жанына атауларын жаз.


4) Кестені толтыр. Еркін және паразиттік тіршілік ететін жалпақ құрттарды салыстыру.


Жалпақ құрттар сипаттамасы

Ақ сұлама

Өгіз солитері

Бауыр сорғыш құрт

Жалпақ құрттар класы










Тіршілік ету орны










Дене жабыны










Қоректенуі және ас қорытуы










Дене мөлшері және пішіні










Тыныс алуы










Зәр шығаруы










Жүйке жүйесі










Сезім мүшелері










Көбеюі












4 тапсырма: Буынаяқтылар типі.
1) Шаянтәрізділердің буынаяқтылардан басқа кластарынан бөліп тұратын негізгі белгілері.

2) Улы және зиянды өрмекшітәрізділер.

3) Кестені толтыр. Өрмекші мен бунақденеліні салыстыру.

Сипаттамасы

Крест-өрмекші

Зауза қоңызы

Тіршілік әрекеттері және таралуы







Дене бөліктері







Аяқ сандары







Аяқтарының орналасуы







Ас қорыту жүйесінің және қоректенуінің ерекшеліктері







Тыныс алу жүйесінің ерекшеліктері







Көбеюі және дамуы






4) Кестені толтыр. Адам денсаулығына зиян келтіретін бунақденелілер.




Насеком түрі

Адамға тигізетін зияны

Күрес және профилактика жолдары

Кәдімгі маса







Бас биті







Адам бүргесі







Төсек қандаласы







Жалпақаяқты шіркей







Өгіз сонасы








7. ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҚОРЛАР

Негізгі әдебиеттер

  1. Казенас В.Л., Чильдебаев М.К., Николаев Г.В., Жданко А.Б., Митяев И.Д., Джанокмен К.А., Кащеев В.А., Есенбекова П.А., Кадырбеков Р.Х., Ященко Р.В., Златанов Б.В. Насекомые. Энциклопедия (Серия «Животные Казахстана»). - Алматы: Атамұра, 2010. -368 с.


Қосымша әдебиеттер

  1. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2.

  2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

  3. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2.

  4. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981.

  5. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966.

  6. Омыртқасыздар зоологиясы пәнінен студенттердің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралы /Салина Р.М., Дәуітбаева К.Ә., Сатыбалдиева Г.Қ., Исадықов Н.С. –Алматы, 1999.

  7. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969.

  8. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990.

  9. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981.



: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет