Бағдарламасы «Өсімдіктер систематикасының үлкен практикумы»



жүктеу 431.71 Kb.
бет1/3
Дата25.04.2016
өлшемі431.71 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2   3
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-35.26

/03-2013



ПОӘК

Мұғалімдерге арналған пәннің бағдарламасы



«Өсімдіктер систематикасының үлкен практикумы»

№ 2 басылым

16.06.2014 ж.


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Өсімдіктер систематикасының үлкен практикумы
«5В011300» – «Биология» мамандығы үшін
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014 ж


Мазмұны:
Глоссарий

Зертханалық сабақтар

Оқушының өздік жұмыстары (ОӨЖ)

ГЛОССАРИЙ




  1. Протонема- гаметофиттің алғашқы даму сатысы.

  2. Архегоний және антеридий - аналық және аталық жыныс органдар

  3. Спорофит- жыныссыз ұрпақ

  4. Гаметофит- жынысты ұрпақ

  5. Спорофилл- споралы масақтың сыртында орналасқан жапырақтың өзгерген түрі.

  6. Споракарпий- марсилея су папоротнигінің сорустар орналасқан орган атауы.

  7. Сорустар- папоротниктер бөлімдеріне тән үйінді

  8. Архегонияттар – архегония түзетін өсімдіктер бөлімдері жатады

( жоғары споралы бөлімдер мен жлаңаш тұқымдылар бөлімдері)

  1. Гигроскопиялық құбылыс- қуаңшылық жерлерде домаланып шар тәрізді күйдегі өсімдік түрлері ылғалды кезеңде жазылып бастапқы қалпына келеді.

  2. Мезофильді өсімдіктер- ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктер.

  3. Изоспоралар- әртүрлі споралар.

  4. Актиноморфты- гүл серіктері дұрыс

  5. Зигоморфты- гүл серіктері бұрыс.

  6. Тұқым-алғашқы спорофитті (диплоидты) генерация мегаспорангийлердің дамыған және өзгерген түрі.

  7. Перистома- қорапша жиектерінде түзілген гироскопиялық клеткалар жиынтығы.

  8. Акрокарпті- жасыл мүктерде архегонийлері мен спорондарының өркеннің ұшында орналасу

  9. Плеврокарпті- жасыл мүктерде архегонийлері мен спорондарының өркеннің бүйір тармақтарында орналасу

  10. Вайялар немесе макрофиллалар - папоротник тәрізділердің жапырақтары.

  11. Филлалар- мүк тәрізділердің жапырақтары.

  12. Микрофилла немесе филлоидтар- плаундар бөлімінің жапырақтары

  13. Филогения- топтардың шығу тегіне және эволюциясына сүйене отырып өзара байланысын анықтау.

  14. Политипті- туыс көп түрден тұрады.

  15. Олиготипті- туыс бірнеше түрден тұрады

  16. Монотипті- туыс тек бір ғана түрден тұрады.

  17. Мұртша- ұзын келген жатаған өркен.

  18. Псаммофиттер- құмды топырақта өсетін өсімдіктер

  19. Галофиттер- тұзды топырақта өсетін өсімдіктер топтары.

  20. Апогамия- антеридий мен архегонийдін түзілуіне қарамастан, спорофит гаметофит немесе ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан

( партеногенез) дамиды.

  1. Апоспория- гаметофит спорангийдің тағанынан, қабығынан немесе жапырақтарынан дамиды, бірақ спора түзбейді.

  2. Подария- кактустардың сабақтарында жапырақтарының редукциялану нәтижесінде түзілген жұрнақтар

  3. Ареолдар- кактустың жапырағының орнына түзілген тікенектер, қылқандар, түктер.П

  4. Поллиний- сүйсіндер тұқымдасының гүл тозаңдардың өзара желімделіп түйіртпек түзілуі.

  5. Проторм- сүйсіндер тұқымдасының тұқымынан түзілген алғашқы өскін.

  6. Лодикула- астық тұқымдасының жоғарғы гүл қабыршақтарынның үсітінде орналасқан ақ жұқа келген пленка.

  7. Гинобазиальдық аналық мойын- аналық мойын жатын бөлімінің арасындағы қуысқа батыңқы орналасады.

  8. Терминальді аналық мойын- аналық мойын жатынның жоғарғы бөлігінде шығыңқы орналасады.

  9. Мирмекохорлы- тұқымдары құмырысқалар арқылы тарайтын өсімдіктер топтары.

  10. Эндозоохорла- жемістері жануарлар арқылы тарайды

  11. Эпизоохорлар- жемістері адам мен жануарлар аяқтары арқылы таралады.

  12. Паппустар- жатынның жоғарғы бөлігінде түзілген қылтанақтар мен түктер немесе оларды айдарлар деп те атайды.


2. Зертханалық жұмыстар
Өсімдіктер систематикасының үлкен практикалық сабағы.
1,2,3 Зертханалық сабақ (6 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Ертіс өзенінде және оның жағалауларында балдырлар құрамы.

Сабақтың мақсаты :

Балдырларды анықтап, жіктеу. Балдырлардың негізгі маңызы және таралуы. Балдырларды анықтау барысында Ертіс өзен жағалауларында, тоқтап қалған су тоғандарында, Жерновка, Озерка, Лепсі, Қарашоқы т. б. жерлерден жинақталған балдырлар түрлерін анықтау қажет.

Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішінде фото-автотрофты өсімдіктердің қатарына жатады. Бұлардың тіршілік ортасы көбінесе су немесе ылғалды жерлер болып келеді. Сол сияқты топырақтың астыңғы және топырақтың үстіңгі беттерінде қоныстанған түрлерімен қатар, ағаштардың қабықтарында, тастарда кездесетін түрлері әліде болса мұқият зерттеуді қажет етеді. Әртүрлі экологиялық жағдайларға байланысты қоныстанған балдырлар түрлері бірігіп ценоз түзеді. Яғни, белгілі ортаға белгілі бір балдырлар түрлері тән көк жасыл балдырларды, нағыз ядросы, хромотофорасы, митохондриясы жоқ болған себептен, бактерияларға біріктіріп, прокариотты топтарға жатқызады. Ал қалған балдырлар топтары эукариоттарға, яғни ядролы өсімдіктер топтарына жатады.

Төменгі формадағы саңырауқұлақтардың сыртқы қабығы жоқ, жалаңаш, тек сыртқы қабаты цитоплазма қабығымен ғана қапталған.

Ал жоғарғы формадағы балдырлардың клетка қабықшасы бар, олар пектиндік заттардан және гемицеллюлозадан тұрады. Клеткада вакуоль, эндоплазмалық тор, рибосома, митохондрия, Гольджи аппараты, хромотофорлар орналасқан. Көк-жасыл балдырлардан басқаларында өзге органеллалармен қоса хромотофорлар жақсы көрінеді. Олар жасыл өсімдіктерде хлоропласт деп аталса, бұларда хромотофора деп аталады. Бұл жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоропластармен салыстырғанда әртүрлі пішінді, атап айтқанда дән, белдік, жіпше, жұлдызша спираль т.б. формада болады.

Барлық эукариотты балдырларда ерекше пиреноид бар, ол көбінесе хромотофораның ішінде, немесе одан тысқары орналасады. Клеткасы балдыр түріне байланысты бір немесе көп ядролы болады.

Балдырлардың көбеюі.

Вегетативтік көбеюі талломдары бөлінуі арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда протопласт ешқандай өзгерістерге ұшырамайды.

Жыныссыз көбеюі. Бір клетка екіге, төртке, сегізге бөлініп, соған сәйкес зооспора түзіледі. Коньюгаттарда, хараларда, диотомдылардың кейбір түрлерінде, қоңыр балдырлардың фукус туысына жататын түрлерінде жыныссыз көбею процесі байқалмаған.

Жынысты көбею жолы. Бұлар барлық балдырларға тән. тек жынысты көбею жолы көк жасыл балдырларда ғана жоқ. Жынысты көбею дегеніміз екі жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Олар арнайы аналық клеткаларда-гаметангияларды түзеді. Олар қосылып зигота түзеді. Жыныс процессі бірнеше этаптан тұрады. Екі гаметаның цитоплазмасы қосылған кезең кариогамия деп аталады. Сонымен зиготаның ядросы дипоидты, яғни жұп хромосомды. Жыныс процесінің соңғы кезеңінде диплоидты ядро редукциялық жолмен (мейоз) бөлінеді. Яғни, хромосом саны екі есе азаяды.

Қосылатын гаметалардың морфологиялық айырмашылықтарына байланысты изогамия, гетерогамия, оогамия деп бөлінеді.

Тағы бір жынысты көбею жолдарына коньюгация жатады. Бұл процесс физиологиялық жағынан гаметалардың қызметін атқаратын, вегетативтік дифференцияцияланбаған, екі клетканың ішіндегі заттардың қосылуы арқылы жүреді. Балдырларда ұрпақ алмасу бар диплоидты жыныссыз спорофит және гаплоидты жынысты гаметофит. Екі ұрпақ та морфологиялық жағынан бірдей болса, оларды изоморфты ұрпақ алмасу дейміз. Ал егер сыртқы пішіні жағынан әртүрлі болса, оларды гетероморфты ұрпақ алмасу дейміз. Изоморфты ұрпақ алмасу теңіз балдырлары мен жасыл балдырлардың арасында ульваға, энтероморфтыларға, кладофораға, хетеморфаға тән. гетероморфты ұрпақ алмасу көбінесе қоңыр балдырларға тән, сол сияқты жасыл және қызыл балдырларда да кездеседі.

Балдырларды анықтау барысында Ертіс өзен жағалауларында, тоқтап қалған су тоғандарында, Жерновка, Озерка, Лепсі, Қарашоқы т. б. жерлерден жинақталған балдырлар түрлерін анықтау қажет. Сабақ барысында алдын- ала жоғарғыда көрсетілген жерлерден балдырлар түрлері банкаларға жинақталады. Жинақталған балдырлар түрлері микроскоптің көмегімегімен қаралып арнаулы анықтағыштар арқылы анықталады. Анықталған балдырлар жіктеліп қысқаша сипаттамалы беріледі.
Көк-жасыл балдырлар (Cuanophyta).

Хроококкалылар класы – микроцистис жатады. Олар судың гүлденуін туғызады. Олар шар тәрізді балдырлар коллонияларын түзеді де, сырты шырышпен қапталады. Глеокапс – шар тәрізді, суда ақ түсті шырыш, ал құрғақшылықта қызыл, жасыл, сия көк түсті шырыш түзеді.

Хамесифондылар класы. Субстраттардың төменгі бөліктерінде алмұрт немесе бұршақ тәрізді бекнген экзоспоралары арқылы көбейетін түрлерге хамесифон жатады.

Гормогондықтар класы. Жіпше тәрізді формаларына Осциллятория топырақтың беткі ылғалды қабатында көк-жасыл келген жабынды түзсе, су астындағы және су бетіндегі субстраттарда көк-жасыл өңез түзеді.

Анабена – бір немесе бірнеше жіпше бірлесіп тіршілік ететін балдырлардың қатарына жатады.



Жасыл балдырлар бөлімі

Хлорококкалылар немесе протококкалылар қатары.

Хлорокок тұщы суларда, топырақта, ағаштың қабығында және көптеген қыналардың құрамында кездеседі. Клеткаларының формалары шар тәрізді, бір немесе көп ядролы, табақ тәрізді хроматофорасы бар, бірнеше пиреноидтары болады. Жиырылғыш вакуолячы және көзшесі жоқ.

Колониялы формаларына су торшасы жатады. Hydrodictyon.

Бұлар ағыны баяу тұщы суларда, немесе тоқтап қалған, азотқа бай су тоғандарында кездеседі. Бұлардың сыртқы формалары қапшық тәрізді: ұзындығы 30 см-ге дейін жететін цилиндр, немесе жалпақ сопақ келген клеткалары үш бұрыштарымен қосылып тор құрайды .

Жасыл балдырлардың тармақталған бір ядролы жіпше тәрізді өкілі ретінде улотрикс зонатаны қарастырамыз. Клеткалары цилиндр пішіндес, қысқа, протомплазмасындағы хроматофорасының пішіні белдеу тәріздес. Бұл бір ядролы өсімдіктердің қатарына жатады .

Белбеулі улотрикс ағыны қатты бұлақтарда, өзендерде, сол сияқты суы мол көлдердің жиектерінде кездеседі. Олар су астындағы тастар не басқа да қатты субстраттарға беки өседі.

Драпарнальдия балдыры таза жерде, аэрациясы жақсы, ағыны қатты өзендер мен бұлақтарда тіршілік етеді. 10метр тереңдіктерде өте көп мөлшерде түзіледі. Драпарнальдия балдырының жіпшелері ұзын, аздап бұтақтанған, хроматофорасы белдік тәрізді, шеттері тілімшеленген. Түзілген бұтақтарда топтанып шоқтар орналасады. әрбір қысқа келген жіпшелердің бас жағы ұзын келген түссіз талшықтармен аяқталады.



Коньюьюгаттар және харалы балдырлар.

Зигнемалықтар қатары.

Көп клеткалы, бұтақтанбаған; тұщы ағынды суларда тіршілік етеді. Олар көбінесе судың беткі немесе астыңғы қабатында тіршілік етеді. Клеткасы цилиндр тәрізді, қалың қабықпен қапталған.

Өкілі: спирогира (275 түрі бар). әрбір клетканың протоплазмасында, қабыққа жақын жерде, лента тәрізді, шеті иректелген спираль түрінде оратылған жасыл түсті хромотофора орналасқан . Оның маңайнда крахмал дәндерімен қоршалған пиреноидтар орналасқан. Клетканың ортаңғы үлкен бөлігін клетка шырыны толған вакуоль алып жатыр.

Десмидиум жіпше немесе жіңішке шынжыр тәріздес болып кледі. Басты ерекшеліктерінің бірі екі жақты симметриялы клетка қабығы екі жақтау түзеді. Бұл әдетте балдырлардың көбейген кезінде ғана байқалады. Десмидиум балдырлары тұщы суларда, топырақта шым тезекте, батпақты, әсіресе кальций тұздары аз жерлерде тіршілік етеді.



Харалы балдыр. Харалардың ұзындығы кейде 50 см-ден асады. Сыртқы пішіні қырық буындыларға ұқсас (хвощ). Талломы буынға және буын аралықтарына бөлінген.

Өсімдік денесі «сабақтан» және оларда шоғырланып оргаласқан «жапырақтан» тұрады . Су астындағы көптеген ризоидтармен субстратқа бекініп тұрады, онда крахмал жинақталатын түйнектері бар.



Диатомды балдырлар. Диотомды балдырларға бір клеткалы, колониялы немесе жіпше тәрізді қоңыр-сары түсті балдырлар жатады. Кремнеземнан құралған қабық екі жақтаулы болып келеді де, бір-біріне киіледі. Олардың үлкен жақтауы эпитека, ал кіші жақтауы гипотека деп аталады. Клеткасы бір ядролы, бір немесе бірнеше хромотофорадан тұрады. Жинаөталған материалдардың арасанда диатомды балдырлардың басқа түрлерін атап айтқанда навикула, табеллярия, фрагилярия және т.б. түрлерін тауып анықтау қажет.
4,5,6 Зертханалық сабақ (6 сағат)
Сабақтың тақырыбы:Саңыруқұлақтар. Семей өңірінде кездесетін қалпақты саңыруқұлақтар. Оларды түр құрамдарын анықтау. Қалпақты саңырауқұлақтардың экологиялық топтары. 6- сағат

Саңырауқұлақтар өте ұлкен организм топтарын құрайды. Жер бетінде 100 мыңдай түрді біріктіреді. Олардың құрамында хлорофилл пигменті жоқ, сол себептен де дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни гетеротрофты қоректену жолдары тән. Саңырауқұлақтың негізгі вегетативтік денесі мицеллий немесе гирбиницадан тұрады. Олар әріқарай жіңішке келген гифтарға тармақталады. Ол субстраттың үстінде немсе ішінде орналасады да, қоректік заттарды бүкіл денесімен сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтың мицелийлері клеткаларға бөлінбеген немесе клетка қабықшасы жоқ, тек протоплазмадан тұрса, оларды салыстырмалы түрде төменгі формадағы саңырауқұлақтарға жатқызамыз. Вегетативтік денесіндегі жіпшелері бір-бірімен матасып, жалған ткань плеткенхима түзеді. өзгерген гифтар бір-бірімен қосылып тәж түзеді. Оларды ризоморфтар деп атайды. Олар әртүрлі қалыңдықта болады. Тәждің сыртқы гифтері қоңыр, ішкі жағы ақ болады.

Кей жағдайларда оның іші өткізгіш түтікке ұқсайды. Мицелийдің ерекше өзгерген түрі склероций өте тығыздалған гифтан тұрады. Бұлардың негізгі тақаратын қызметі қоректік заттар жиналатын орын немесе көбею органдарының қызметін атқаратын органдар болып саналады.

Саңырауқұлақтар гетеротрофты өсімдіктер. Олар субстратты шірітеді, минералдайды. Аздаған бөліктері жануарлар өлекселерінде тіршілік етеді. Басым көпшіліктері паразитті өсімдіктер қатарына жатады. Көбінесе саңырауқұлақтардың өсімдік субстратында болуы, олардың клеткаларында арнаулы углеводтарды ыдырататын ферменттердің болуы арқылы сипатталады. Тіршілік ететін ортасы қышқылдық орта, олар қышқыл ортаға төтеп бере алады.

Ал белокқа бай жануарлар субстратында тіршілік ететін саңырауқұлақтар бактериялармен тең түсе алмайды, себебі сілтілік орта саңырауқұлақтарға қарағанда бактерияларға қолайлы.

Базидиомицеттер класы. Базидиомицеттер класының өкілдері.

Гименомицеттердің агариктер қатары.

1. Агарикалықтар қатарына шампиньондар тұқымдасы жатады. Тұғырлдарында сақина түрінде жабындық қалады, пластинкалары бос. Спораларының түсі ақтан қара түске дейінгі аралықта болады. Бұлардың ішінде кең тарағантуыс агарикус, шатырша.

2. Мухоморлар тұқымдасы Amanitaceae. Пластинкалары бос, споралары ақ және қызғылт түсті. Жалпы жабындығы бар, өскеннен кейін жабындығы тұғырында сақина түрінде қалады. Улы түрлеріне Amanita phalloides (бледная поганка немесе сасық мухамор) жатады (8-сурет).



Сыроежка тұқымдасы – Russulaceae.

Жемісті денесі үлпілдек келеді. Споралары ақ, крем түстес, орнаментті. Қылқан жапырақты орманда өсетін түрлеріне рыжик (lactarius deliciosus), волнушка (l. torminosus), груздь настоящий тағы басқа түрлері жатады.

Бұлардың барлығы жеуге жарамды саңырауқұлақтар.

Капрофиллдер тұқымдасы – Coprinaceae.

Қалпағы жұмыртқа немесе цилиндр тәрізді. Споралары қара, сиякөк, қоңыр сұр түсті. Жемісті денесі нәзік, тез омырылғыш келеді. Сапрофитті түрде қоректенеді: көңде, ағашта, тағы басқа жерлерде кездеседі. Бұлардың ішінде Caprinus comatus (ақ капрофилл) жеуге жарамды.



Трутовик тұқымдасының әртүрлі кезеңдерге жататын нағыз трутовик, жалған трутовик, қызғылт трутовик т.б. түрлерінің жемісті денелерінің коллекцияларын қолдана отырып анықтау және олардың қысқаша сипаттамасын жазу қажет..

Гастеромицеттер (Gasteromycetales) қатарлары.

Дождевиктер – (Lucoperdales). Түйреіш, шар, жұлдыз тәріздес жемісті денесі жер астында өседі. Глеба көптеген камералардан тұрады да, өскен кезде жойылады. Негізгі туыстары дождевик, головач, порховка т.б.

Васелектар қатары – Phallales (фаллюс).

Глебасы етжеңді немесе желатин тәріздес. өте көп камераларға бөлінген. Спорасы өскенде қатаяды; жас кезінде денесі шырышты, өте жағымсыз иісі болады, ол глебаның бүлінуінің әсерінен болады. Өлексенің иісі бар спора көбінесе шыбын арқылы таралады.

Сабақ соңында гименомицеттердің экологиялық топтарын қарастыру қажет . Субстратқа байланысты олар төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Ксерофиллдер-ағаш сүректерінде тіршілік етеді. /Опенок осенний-Armillariella mellea/

2. Топырақтағы сапрофиттер.

3. Микоризді саңырауқұлақтар.

4. Капрофиллді түрлері. Шөппен қоректенетін жануарлар қиында тіршілік етеді.

5. Карбофиллді түрлер жанған ағаштарда қоныстанады. /Pholiota/.

6. Микрофиллді саңырауқұлақтар басқа гименомицеттерде паразиттік түрде тіршілік етуі. Жоғарғыда көрсетілген экологиялық топтарға байланысы бірнеше мысалдар келтіріңіздер. Сонымен қатар ормандарда , жазық жерлерде және үй маңайында кездесетін саңырауқұлақтар түрлерін жинақтап анықтау қажет.

ЗИГОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ.

Мукорлар қатары.

Мукорлар тұқымдасы.

Мукор көбінесе олар ақ немесе сұр түсті үлпілдек ұлпа түрінде өсімдік тектес ас тағамдарында (нан, варенье, жеміс, көкөніс өнімдері), сол сияқты, қоймалардағы тұқымда дамиды. Мицелий субстратта өседі: олардың тұғырларында көп споралы спорангийлер орналасады. Сонымен қоса кішкентай спорангиолалар түзіледі, оларда спора саны аз жыныссыз конидийлер болады.

Арнаулы ыдысқа салынған нан кесіндісіне су тамызып 2-4 күн аралығында термостатта ұстайды. Түзілген мукор мицелиилерін лупа арқылы қарау қажет.

Мицелийдің кішкене бөлігін ине ұшымен заттық шыныға салып, үстіне бір тамшы су тамызып, жабындық шынымен жабу керек. Уақытша препараттан микроскоп арқылы мукордың мицелийін және спора тасушы органдарын қарап, суретін салу қажет.Мукордың 10-12 күн аралығында өсірілген дақылынан жасалған уақытша немесе тұрақты препатараттардан, мукордың жыныс органдары мен зиготасын тауып, суретін салып, белгілеу керек.



Эуаскомицет класс тармағы. Плактомицеттер қатар тобы.

Жемісті қалталылар. Бұларға Aspergillus, Penicillium, Acremonium т.б. жатады. Аспергилл және пеницилл саңырауқұлақтары сыртқы құрылыстары жағынан бір-біріне ұқсас келеді. Бұлар конидия сағағының құрылыстары арқылы және ұнтақ көкшіл, жасыл, сары, қара т.б. түсті зеңдері арқылы ажыратылады. Аспергилдің конидия сағағы бір клеткалы цилиндр пішінді, жоғарғы шоқпарланған радиальді клеткалы стергималарында бір клеткалы, олардың жоғарғы жағындағы 2-3 тармақталған стеригмаларда конидийлер орналасқан.

1. Аспергилл және пеницилл саңырауқұлақтарын лабораториялық жағдайда өсіру үшін ылғалды нан үзіндісі немесе лимон қабығы 25-270С термостатта 7-10 күн аралығында ұстау қажет.

2. Тұғырлы конидийлі пеницилл препаратын дайындау үшін ине ұшымен дайындалған субстраттың үстінен ортаңғы бөлімінен бастап шеткі бөлімдеріне қарай жүргізу керек. Заттық шыныдағы глициринмен араластырылған су тамшысына, ине ұшындағы саңырауқұлақ мицелийін салып бетін жабындық шынымен жабу керек. Уақытша жасалған препараттан микроскоптың үлкен объективі арқылы көп клеткалы мицелий және конидийлі тұғырларындағы бұтақтанған стригмаларды тауып, суретін салу қажет.

3. Пеницилл клейстотецийінің препаратын дайындау. Дайын пеницилл дақылдарынан препараттық ине арқылы алынған клейстоттецийлерді заттық шыныдағы 5-10 пайыздық КОН ерітіндісінің тамшысына салып, микроскоппен қарау қажет. Аскі мен аскоспоралардың суретін салып белгілеңіз.

4. Аспергилл саңырауқұлағының уақытша препараты да жоғарғыда көрсетілгендей әдістермен дайындалынады.


7 -8 Зертханалық сабақтар (4 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Қыналар. Семей өңірінде таралған қыналардың түрлік құрамы. Түрледі анықтау. Таралуы.

ҚЫНАЛАР (LICHENES) бөлімі. Қыналар саңырауқұлақ пен балдырлардың симбиоздық түрде тіршілік етуі нәтижесінде пайда болған ерекше өсімдіктер тобы болып саналады.

Жоғарыда айтылғандай қынаның денесі балдыр мен саңырауқұлақтан тұрады.

Олардың құрамына кіретін балдырлар көк-жасыл және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады, олардың табиғатта өз бетінше тіршілік ететін түрлерінен еш өзгешелігі жоқ.

Қыналар құрамындағы жасыл балдырлардың түрлерінен хлорелла, цистококк, кладофора, трентеполия кездеседі, соңғы екеуі жіп тәрізді формалар. Бұндай қыналар жасыл түсті болып келеді. Көк жасыл түсті балдырлардан түрлеріне глеокапса, хроококк тағы басқалары кездеседі.

Қынаның құрамына кіретін саңырауқұлақтардың түрлерінің басым көпшілігі аскомицеттер класын құрайтын саңырауқұлақтар. Оларға пиреномицеттер мен дискомицеттер жатады. Ал базидиомицеттерден телефора туымы кіреді. Жоғарыда аталған саңырауқұлақтардың табиғатта жабайы өсетін түрлерімен салыстырғанда ұқсастығы шамалы. Олар анатомиялық құрылысына байланысты гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді.

Гомеомерлі типі қарапайым құрылысты болып келеді. Олардың денесін құрайтын саңырауқұлақ және балдыр клеткалары денелерінде біркелкі таралған. Бұлар балдыр бөліп шығарған кілегейдің ішінде орналасады. Кепкен кезде морт сынғыш келеді де, суға салса ісінеді.



Мысал ретінде Коллема қынасының қара түсті, жастық пішінді талломын алуға болады, ол носток колониясынан және саңырауқұлақ жіпшелерінен тұрады.

Лептогиум – бұл қынаның денесі төменгі және жоғарғы қабаттарға бөлінеді де, субстратқа төменгі жағындағы ризиналар арқылы бекінеді. Ортаңғы бөлімі коллемаға ұқсас.

Гетеромерлі талломның құрлыс ерекшеліктерін ксантория мен пармелия сияқты жапырақшалы қыналардың көлденең кесінділерінен байқауымызға болады. Кесінді препаратынан талломның үстіңгі қабатының өте тығыз шиыршықтала оралған жуан қабықты саңырауқұлақ гифтерінен тұратындығын көреміз. Бұл жалған ткань плектенхима деп аталады. Плектенхима бірнеше қабатты, оның ең үстіңгі қабаты түсті, ал төменгі қабаттары түссіз болып келеді.

Қынаның көбеюі.

Олар жай екіге бөлінуі арқылы немесе автоспора түзу арқылы көбейеді. Кейде гамета арқылы жынысты көбейеді. Қынаның құрамындағы саңырауқұлақ өзіне сай спора құратын орган түзеді. Перитеций қына қабатына кіріп томпайып орналасады.

Апотеций ол қына қабатының бетінде дөңгелек астау тәрізді немесе төмпешік тәрізді өсінділер түрінде болады.

Құрамында қалталы саңырауқұлақтары бар қыналарда жыныс процесі тән.

Аскомицеттерден пайда болған аскоспора маңайында өздеріне сай балдыр болса, оны орап қынаның қабатына айналады.

Қыналар соредий және изидий деп аталатын орган арқылы вегетативті көбейеді. Соредий жапырақты, бұталы қынаға тән.

Бұталы қыналарда түзілген бірінші реттік талломдардан, екінші реттік талломдар түзіледі де олар бұтақтанады немесе бұтақтанбауы да мүмкін. Екінші реттік бұтақтанған талломдарды подециялар деп атайды. Подециялар көбінесе кладония түрлеріне тән, олардың формалары тебен, таяқ, жоғары бөлігі жұмырдана кеңейген бокал пішіндес болып келеді және жиі тармақтанып бұтақтануы мүмкін. Бокал тәрізді формаларында поденциялардың шеткі жақтарын жағалай жаңадан подециялар түзіледі.

Кладония және стереокаулон туыстарының подецияларында қабыршақтанған филлокладиялар түзіледі.

Қыналардың т өмендегідей экологиялық топтарға бөлінеді:


  1. Топырақ бетіндегі қыналар мен эпигейлі қыналар. Олар жер бетінде таралған жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен бәсекеге түсе алмайды, сол себептен жер бетінде аз мөлшерде кездеседі. Ашық жерлерде өсетін қынылардың қатарына пельтигера, стереокаулон, кладония, цетрария т.б. туыстар түрлері жатады.

  2. Эпифитті қыналардың қатарына ағаштар мен бұталарда қоныстанған қыналар түрлері жатады. Бұл топтағылар жапырақта қоныстанса-эпифильді, жалаңаш ағаш діңдерінде қоныстанса-эпиксильді деп аталады. Оларға фисция, уснея т.,б. туыстары жатады.

  3. Эпилитті қыналар- олар тастарда, құздарда, жартасатрда тіршілік етеді. Олардың қатарына коллема, гаспарриния, леканора туыстары жатады.

  4. Суда тіршілік ететін қыналардың қатарына-гидротирия қынасын жатқызуға болады.

Қыналар әртүрлі субстратта мекендейді. Мысалы, оларды темірдің үстінде, шыныларда, картон қағаздарда, сүйек үстінде, өртенген ағаштарда т.б. жерлерден кездестіруге болады. Жазғы далалық практика барысында Семей тауынан, Қалба тауынан, Тармабағатай тау сілемдерінен , далалы аймақтардан және орманды жерлерден жинақталған қыналардың коллекцияларын жасау қажет. Сонымен қоса жинақталған қыналарды түрлерін анықтап қысқаша сипаттамаларын келтіріңіздер Сабақ соңында Семей өңірінде кездесетін 20 жуық қыналар түрлерін тапсыру қажет .
9 Зертханалық сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: Мүктер бөлімі. (Bryophyta).

Мүктер су жағалауларында, ормандарда, батпақты жерлерде , ағаш қабықтарында тағы басқада ылғалды жерлерде өседі.

Студенттер лабораториялық- практикалық сабақ барысында , гербарийде берілген бірнеше мүктердің түрлерін, анықтағыштардың көмегімен анықтаулары қажет. Жұмыс барысында мүктердің экологиясы, анатомиялық-морфологиялық құрлыстары, даму циклдері , қорапшасының құрлысы тағыда басқа ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді.

Тапсырма:



  1. Мүктердің бірнеше түрін қолдана отырып, сыртқы морфологиялық айырмашылықтарына және анатомиялық құрлыстарына назар аударыңыз.

  2. Берілген тұрақты препараттан антеридий мен архехонийдің құрлысымен танысып, сүретін салып белгілеңіз.

  3. Уақытша препарттан мүктің қорабша, жапырақ және сабақтарының құрлыстарымен танысып, схема түріндегі суретін салыңыз.

  4. Сабақта берілген мүктің даму циклінің схемасын көрсетіңіз.

Қайталау сұрақтары:

1. Кәдімгі маршанцияның құрлысы және даму циклі.


  1. Мүктердің гаметофитінің құрлысы.

  2. Мүктердің классификациясы.

  3. Бауыр тәрізді мүктер класы мен жапырақты мүктер класының негізі ерекшеліктері және айырмашылықтары.

  4. Қорабша түрлерінің құрлысы.

  5. Мүктердің вегетативті көбейу жолдары.

  6. Спорофиттік және гаметофиттік дамуы.

  7. Көкек зығырның құрлысы.

  8. Сфагналық мүктің құрлысы.

  9. Анықтағыштарды пайдала отырып мүктердің бірнеше түрін анықтаңыз. Сонымен қатар, төменде берілген өсімдіктер түрлерін жатқа білу қажет. ( жүзгіш риччия- риччия плывушая ( Riccia fluitans), қисықсабақты дитрих- дитрих кривостебельный (Ditrichum flexicaule), аршалы политрих -политрих можжевельниковый (Polytrichum juniperinum), ақшыл брий-брий -бледный (Bryum pallens S ), шымды брий- брий дернистый (Bryum caespiticum), орташа мний- мний средний (Mnium medium), үшкір басты мний-мний остроконечный ( Mnium cuspidatum), үрленген скорпидий-скорпидий вздувающийся ( Scorpidium turgescens M), гигант каллиэргон- каллиэргон гигантский( Calliergon giganteum . K), қатпарлы ритидий-ритидий морщинистый ( Rhytidium rugosum . K т. б. жиі кездесетін түрлерге көңіл бөлу қажет.)

10 Зертханалық сабақтар (1 сағат)



Қырықбуындар бөлімі

Қырықбуындар (Equisetataceae) тұқымдасы.

Қырықбуындар сабақтары буын және буын аралықтарынан тұратын ,тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдіктер .

Тапсырма:


  1. Қырықбуындылардың бірнеше түрін салыстырып, негізгі морфологиялық және анатомиялық құрлыстарының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  2. Спиртте немесе формалинде сақталған қырықбуының споралы масағын лупа арқылы қарап, спрофиллі, спорангиясы, спорасы және элатерасын тауып суретін салу керек.

  3. Тұрақты препараттан дала қырықбуынының гаметофитінің құрлысын қарап, суретін салып белгілеу қажет.

  4. Дала қырықбуынының даму циклін схема түрінде көрсетіңіз.

Тақырып бойынша қайталау сұрақтары:



  1. Қырықбуынның морфологиялық ерекшеліктері. Дала қырықбуынының құрлысы.

  2. Көбейу ерекшеліктері.

  3. Қырықбуын гаметофитінің құрлысы.

  4. Спорофиті мен гаметофитінің құрлыстарын салыстырыңыз.

  5. Дала қырықбуындарының көктемгі және жазғы өркендерінің ерекшеліктері.

6. Гербарийде берілген бірнеше қырықбуындар түрлерін анықтағыштар арқылы анықтау қажет. Кең тараған түрлеріне: қысқы қырықбуын- хвощ зимующий ( Equisetum hiemale ), орман қырықбуыны – хвощ лесной ( E. silvaticum ), батпақ қырықбуыны-хвощ болотный (E . palustre) т. б. түрлерін білу қажет.

10. Зертханалық сабақтар (1 сағат)




  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет