БАҒдарламасы өскемен қ., 2014 жыл 1 Паспорт



жүктеу 3.92 Mb.
бет10/20
Дата25.04.2016
өлшемі3.92 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен

2.2.3.1 Телекоммуникация және байланыс

Облыста телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 32 кәсіпорын, жұмыс істейді.

2013 жылы телекоммуникация және байланыс қызмет көрсетулерін іске асырудан түскен кіріс 13061,2 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 1,3 есе артты.
2012-2013 жылдардағы телекоммуникация және байланыс қызмет көрсетулерін іске асырудан түскен табыстың өзгеру динамикасы

34 сурет

Байланыс қызметін көрсету саласында 7 мыңнан аса адам еңбек етуде. Бұл кәсіпорындар бойынша орташа еңбекақы орта есеппен 70-90 мың теңгені құрайды.

2012 жылы телефон станцияларын салу, қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстарын жүргізудегі жалпы шығын 1033,1 млн. теңгені құрады.

4 ауылда ескірген байланыс желілерінің орынына спутниктік байланыс желілерін қолданумен көлік желілерін жаңғырту жүргізілді. «Қазақтелеком» АҚ-ның өз қаражаты есебінен облыстың 35 ауылында сандық АТС жаңғыртылып, пайдалануға берілді.



Аймақтық желілерді жаңарту:

1. жалпы ұзындығы 333 км. ішкі аймақтық ВОЛС құрылысы жүргізілуде,

-Өскемен - Таврия - 50 км;

- Семей - Шүлбі - 73 км;

- АТС-42 Семей - Курчатов – 150 км. ;

- Қалбатау - Шар – 60 км.

2. ВОЛС 295 км жобалау орындалды.:

- Семей – Қараул;

- Қалбатау – Шар – Әуезов.

3.Құрылысы жүргізілуде:

- Енрекей а. контейнерлі және инфрақұрылымды АМС (для ЦРРЛ Қараул);

- Семей қ. Шүлбі к, NGN желісін дамыту үшін инфрақұрылымдар мен ЛКХ.

Ауылдық желілерді жаңарту (9 АЕМ).

2014 жылғы 1 жартыжылдықта 5 БС CDMA 450 пайдалануға енгізілді (Красный кордон, Контрольный, Холодный ключ, Мәдиниет, Баршатас). Көкпекті ауданы Сарыбел а. аналогты АТС ЦАТС ауыстырылды. ВЛС (121 км.) жою және шалғай елді мекендерде телефон байланысы қызметтеріне сұранысты қанағаттандыру үшін желіден босатылған спутниктік станциялар орнатылды (Аягөз ауданы Қарабұлақ, Шағрай, Күршім ауданы Үшбұлақ а).

Облыстың 763 ауылдық елді мекені телефондандырылды.

Ауылда CDMA-450 стандартындағы сымсыз радио технологиясын қолдану нәтижесінде және телефондарды орнатуға кезекке тұруды болдырмау, ауа байланыс желілерін оңтайландыру кезіндегі сұранысты қанағаттандыру мақсатында 9 АЕМ-дегі ұқсас АТС абоненттері CDMA-450 радио желісіне ауыстырылды.

Облыс аумағында Beeline, K-Cell, Activ, Dalacom, Pathword сияқты мобильдік байланыс операторлары жұмыс істейді, 1000 адамнан асатын ауылдық елді мекеннің қамтылуы 98 %-ды құрайды.

Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті пайдаланушылар тығыздығы (100 тұрғынға) барлығы 28,2 бірлік, соның ішінде ауылдық жерже 20,98 бірлік, бұл 25,7 %-ды құрады.

Саланың даму жағдайына SWОT талдау:

Күшті жақтары:

1) телекоммуникация қызметі жүйесін дамыту;

2) АТС жаңа сандық Next Generation Networks технологиялармен ауыстыру;

3) интернет желісін барлық жерде тарату.

Әлсіз жақтары:

1) тіркелген байланыс абоненттерінің тығыздығының төмен деңгейі;

2) тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;

3) интернет желісіне кең ауқымды қол жетімділіктің төмен дамуы;

4) ұялы байланысқа жоғары тарифтер.

Мүмкіндіктер:

1) тұрғындар мен ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс қызметімен қамту;

2) азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең қолдануына ауысу;

3) АЕМ халқының байланыстың универсальды байланыс қызметімен қамту.

Қауіптер:

1) телекоммуникациялық нарықта нақты бәсекелестіктің дамымауы;

2) азаматтық тағайындаудағы радио жиіліктің шектеулігі.


2.2.3.2. Құрылыс

Құрылыс басқа салалардан ерекшеленетін және ұйымдардың және басқармалардың ерекше формаларының құрылыс өндірісінің қажеттілігін мәжбүрлейтін ерекшеліктерге ие.

Бұл – құрылыс процессінің қатысушыларының көптүрлілігі, капиталдың қатысты баяу айналуы және тәуекелдің жоғары деңгейі.

Құрылыс саласын әрі қарай дамыту, сондай-ақ қауіпсіздікті және құрылыс өнімінің сапасын арттыру қазіргі жағдайларда негізгі экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені жалпы экономикаға зор әсер етеді, бұл әлеуметтік саладағы жағдайға маңызды емес.

14-кесте

мың теңге



атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

өсу қарқыны 2013/2012

Барлық құрылыс жұмыстары

96 182,5

118 122,6

137 495,2

116,4

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

68 213,3

82 245,5

104 425,3

127,0

Ағымдағы жөндеулер

15 348,6

20 021,9

17 156,0

85,7

Күрделі жөндеу

12 620,6

15 855,2

15 913,9

100,4

Статистика деректеріне сәйкес, 2013 жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 263,4 млрд.теңгені құрады, бұл алдыңғы жылғы деңгеймен салыстырғанда 14,3 %-ға жоғары.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының 104,4 млрд. теңге көлемі игерілді немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 127,0%.

Тұрғын үйлер құрылысына 19,3 млрд. теңге бөлінді және жалпы ауданы 291,3 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 119,4%.

15 -кесте


көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2011 ж.

2012ж.

2013 ж.

Негізгі капиталға тартылған инвестициялар, соның ішінде:

Млн. теңге

239 634,029

263361,7

301 104,3

Шетел инвестициялары

Млн. теңге

4687,6

1098,3

8 975,2

Құрылыс жұмыстарының көлемі

Млн. теңге

96182,4

118122,7

137 495,2

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына тартылатын инвестициялар

Млн. теңге

105372,6

122429,5

141 112,5

Тұрғын үйлер құрылысына тартылатын

Млн. теңге

12361,9

15102,6

19305,6

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру

Мың шаршы метр

240,5

244,010

291 302

Құрылыс ұйымдарының саны

бірлік

746

778

648

SWOT- саланың даму жағдайын талдау:

Мықты жақтары:


  1. ағымдағы және күрделі жөндеулер көлемдерінің өсуі;

  2. тұрғын үйлер құрылысы сияқты секторларда құрылыс материалдарына деген сұранымдың тұрақты дамуы;

  3. индустриализациялау картасы аясында өндіріс салаларының дамуы және жобалардың іске асырылуы.

Әлсіз жақтары:

  1. құрылыс саласы мамандарының көптеп жетіспеушілігі;

  2. қысқы айлардағы қуаттылықтың аздығына (шығындардың артуына) негіз болатын құрылыс тарапынан түсетін сұранымның жыл мезгілділігі;

  3. құрылыстың сметалық-нормативтік базасының ескіруі.

Мүмкіндіктері:

  1. облыс аумағындағы басымды салаларда құрылыс материалдарын өндіру бойынша жаңа қуаттылық құру;

  2. құрылыс жұмыстарының жыл мезгілділігіне және аумақтық орналастыруға байланысты проблеманы шешу мақсатында, жаңа және жетілдендірілген жобаларды құру есебінен өндіріс ағымдарының, құрылыс материалдарымен қамтудың, тұтынудың теңгерімді сұлбаларын әзірлеу;

  3. жыл бойы ритмді құрылысты ұйымдастыру;.

Қауіптер:

  1. қысқы айларда құрылыс материалдары шығынының артуы;

  2. құрылыс саласында білікті мамандарының жеткілікті болмауы.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тұрғын үй қажеттілігі адамның өмір сүруінің негізгі қажеттілігі және бүкіл қоғамның басты поблемасы болып келеді және болып қала береді, ал тұрғын үй құрылысын дамыту – қоғам дамуының басымды міндеті болып қала береді.

Облыс бойынша тұрғын үйге кезекте тұрғандар саны 17 мың адамнан астам.

2005 - 2013 жылдар кезеңінде облыс бойынша 2082521 шаршы метр тұрғын үй салынды, соның ішінде:

2005 жылы – 206014 шаршы метр;

2006 жылы – 245488 шаршы метр (2005 жылғы деңгейден 119%-ға өскен);

2007 жылы – 194003 шаршы метр (2006 жылғы деңгейден 21% төмен);

2008 жылы – 230117 шаршы метр (2007 жылдан 19% жоғары);

2009 жылы – 208654 шаршы метр (2008 жылдан 9% төмен);

2010 жылы – 222411 шаршы метр (2009 жылдан 7% жоғары);

2011 жылы – 240522 шаршы метр (2010 жылдын 8% жоғары);

2012 жылы – 244010 шаршы метр (2011 жылдан 1,5% жоғары).

2013 жылы – 291302 шаршы метр (2012 жылдан 19,4% жоғары).

2013 жылдың қорытындысы бойынша «Қолжетімді тұрғын үй -2020» Бағдарламасы шеңберінде жоспар 261 мың шаршы метр болғанда 291,302 мың шаршы метр пайдалануға берілді, жоспар 111,6%,-ға асыра орындалды, 2012 жылмен салыстырғандағы өсімі 19,4 %.

17 үй пайдалануға тапсырылды, оның ішінде: 9 үй Өскемен қаласында, 2 үй Семей қаласында, 3 үй Риддер қаласында, және Ұлан, Зайсан, Шемонаиха аудандарында бір-бір үйден, сондай-ақ 78 жеке тұрғын үй (36 ЖТҚ Өскемен қ., 10 ЖТҚ Көкпекті ауданында, Жарма ауданының Қалбатау ауылында 6 ЖТҚ, Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында 4 ЖТҚ, Ұлан ауданында 1 ЖТҚ, Шемонаиха ауданында 11 ЖТҚ, Тарбағатай ауданында 10 ЖТҚ сатылып алынды.

2014 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 320 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

SWOT- саланың даму жағдайын талдау:

Мықты жақтары:


  1. жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер телімдерінің болуы;

  2. тұрғын үйлер құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

Әлсіз жақтары:

  1. жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникациялардың болмауы;

  2. қаржыландырудың жеткіліксіздігінен, жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысының әлсіз дамуы;

  3. құрылыс индустриясының тиімді қалыптаспаған нарығы;

  4. халықтың экономикалық белсенді тобының негізгі бөлігінің, соның ішінде жас отбасыларының қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етілмегендігі.

Мүмкіндіктер:

  1. жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

  2. тұрғын үй құрылысына жеке инвесторларды тарту және мемлекеттік – жеке меншік әріптестікті ынталандыру.;

  3. апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу;

  4. бірінші кезекте экономды (үнемді) кластағы тұрғын үй құрылысын ауқымды жүргізу мақсатында, аумақтарды кешенді игеру және салынған аумақтарды дамыту;

  5. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Қазақстандық ипотекалық компаниясы сияқты қаржы институттарын дамыту;

  6. Құрылыс индустриясын жаңа заманауи технологияларды енгізу арқылы, энергиялық тиімділік және экологиялық талаптарға сай келетін құрылыс материалдарын, құрылымдарды және бұйымдарды өндіруді арттыру, тұрғын үй құрылысында қазақстандық үлесті арттыру жолымен дамыту.

Қауіптер:

тұрғын үй құрылысының, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының төмендеуі.



2.2.3.3. Жолдар және көлік

Жолдар.


Өңір Республикадағы ең ұзын 11 835,8 км жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын алып жатыр, соның ішінде: республикалық маңызы бар – 3 414 км (28,9 %), облыстық маңызы бар - 3 186 км (26,9 %) және аудандық маңызы бар – 5 235,8 км (44,2 %).

Оның ішінде асфальт-бетон жамылғысымен жабылғаны – 748,5 км, қара қиыршықтасты жамылғысымен – 6331,9 км, қиыршықтасты және шағылтасты жамылғысымен – 3984,4 км және топырақты жамылғысымен – 771 км, сонымен қатар олардың үстіне 504 көпір және 6629 су өткізу құбырлары орнатылған.


16 кесте

2011-2013 жылдары жөндеу жұмыстарының өзгеру динамикасы




Техникалық-эксплуатациялық жағдайдың өзгеру динамикасы

2011 ж

2012 ж

2013 ж

км

км

%

км

%

%

эксплуатациялық жағдай бойынша

 

Жақсы

736,4

8,7

807,7

9,6

1260,2

15

Қанағаттанарлық

4 860,0

57,7

4 955,2

58,8

4978,5

59,1

Қанағаттанарлықсыз және бұзылу сатысында

2825,4

33,6

2658,9

31,6

2183,1

25,9

Өткізілген талдауға сәйкесінше, 2011 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықтағы облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының техникалық – пайдаланушылық мониторинг жағдайы және техникалық – пайдаланушылық көрсеткішінің қатынасы келесі жағдайда өзгерген:

1) жақсы техникалық жағдайдағы жол ұзындығы 736,4 км-ден 1260,2 км-ге дейін өсті, 523,8 км дейін артты;

2) қанағаттанарлық жағдайы 4860,0 км-ден 4978,5 км-ге дейін қысқартылды, немесе 118,5 км дейін азайды;

3) қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы 642,3 км-ден 2825,4 км- ге дейін 2183,1 км қысқартылды.

Күрделі және маңызды проблемалар автожол көпірлерінің және жолдардың көліктік-пайдалану жағдайы болып табылады. 2010 жылға дейін облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда көпірлерді, жолдарды, су өткізгіш құбырларды сайманды тексеру бойынша жұмыстар өткізілген жоқ. 2010 жылы облыстық маңызы бар үш автомобиль жолдарының паспорттауы жүргізілген болаты, оның нәтижелері бойынша көпірлердің және су өткізгіш құбырлардың техникалық жағдайы ерекше қауіпті тударыда, 85 %-дан астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр және жөндеуді қажет етеді.

17 кесте

2011 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы




Салалық бағытты қаржыландыру, млн. тенге

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Жиыны

қаржыландыру көзі бойынша

БАРЛЫҒЫ

7 786,698

10 371,667

7 508,21

26 666,575

Республикалық бюджет

2 883,059

3 533,896

2510,232

8 927,187

Облыстық бюджет

1 480,145

2 187,696

2 847,178

6 515,019

Басқа көздер

 299,75

 







Қалалық / аудандық бюджеттер

3 423,494

4 650,075

2 150,8

10 224,369
















Жөнделді, км

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Жиыны

жөндеу түрлері бойынша

БАРЛЫҒЫ

140,1

207

172,5

523,1

Құрылыс, қайта жаңарту

8

12

18,3

38,3

Күрделі жөндеу

40

47

44,5

131,5

Орташа жөндеу

92,1

148

113,2

353,3

Ағымдағы жөндеу және мазмұны

3186

3186

3186



2011 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықтағы автожол саласындағы бюджеттік инвестицияның соммасы 26,7 млрд. тенгені құрайды

Барлық жөндеу жұмыстары түрлері аталған қаражат есебінен елді мекендер мен қала көшелері және автомобиль жолдарының 573,2 км жөнделді, соның ішінде төмендегідей жұмыс түрлері:


  1. құрылыс, қайта жаңарту –38,3 км (7,3%);

  2. күрделі жөндеу – 131,5 км (25,1%);

  3. орташа жөндеу – 353,3 км (67,6%).

Сонымен бірге, «Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту» және «Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» көрсеткіштері 2013 жылы орындалған жоқ.

Күрделі және орташа жөндеу бойынша ұзындығы 157,7 км 21 жоба іске асырылды, жылдық жоспар 208 км болған.

Көрсеткішті жақсарту үшін 2014 жылы 244 км автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу қарастырылған.

Назар аударатыны, егер құрылысқа қаржы қоры көбірек жұмсалатын болса, күрделі жөндеу жұмыстары да және қайта жаңарту жұмыстары да бірнеше жылға шыдар еді, алайда қаржы қоры бұрынғысынша аз бөлінгендіктен, жолдарыдың мерзіміне жетпей бұзылуына әкеліп соғады. Жасанды құрылыстар және жол төсемесінің қызмет ету мерзімінің қысқаруы, автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне қаржының толық мөлшерде жұмсалмауымен байланысты.

Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жыл сайын орта есеппен алғанда 200 км бұзылады екен, бір жылда орта есеппен 150 км жол жөнделеді. Желі ұзындығын еске ала отыра, қазіргі таңда қайта жаңартуды және жөндеуді талап ететін жол 5,9 км құрайды, мұны жөндеу үшін қаржыландырудың қазіргі деңгейі сақталатын болса, 25 жылдан артық уақытты қажет етеді.

Ұстау нормаларын қатаң сақтаған жағдайда ғана уақытынан бұрын бұзылу үрдісін тоқтатуға болады. Бұл бірінші кезекте қайта құру және қайта жаңартудан өткен телімдерге қатысты. Сонымен қатар қаржының жетіспеушілігінен орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының уақытында жүрмеуіне жол береді. Осының салдарынан кейін толығымен қайта салуды талап ететін жолдардың саны жылдан-жылға көбеюде.

Қаржы салымының шектеулігі мамандандырылған жол-құрылыс және жол пайдалану техникаларында да көрініс табуда. Ағымдағы жұмыстарды атқаратын негізгі машиналар және механизмдердің жетіспеушілігі автожол түріне тәуелсіз. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың қысқы уақытта ұсталатын қарын тазалау техникалары нормативтік қажеттіліктің 48 % құрайды, 25-30 жыл қолданыста болғандықтан оның 50 % техникасы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Көгалдандыру бойынша орман жолақтарын кесіп әкеліп отырғызу іс – шарасы жақсы дамыған, ал жаңадан отырғызып оны баптау жұмыстары мүлдем жүрмейді.

Саланың даму жағдайын SWOT талдау:

Күшті жақтары:



  1. жеке өңірлер үшін жеке көліктік қатынас автожолдар болып табылады;

  2. рұқсаттама қабілетінің резервтері;

  3. көліктің түрлерінің инфрақұрылымының дамығандығы.

Әлсіз жақтары:

  1. негізгі құралдардың маңызды табиғи және моральді тозуы (инфрақұрылым және қозғалмалы құрамы);

  2. инновацияны және процесстерді автоматтандырудың төмен деңгейі.

Мүмкіндіктер:

  1. мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін дамыту;

  2. автомбиль жолдарының, көпірлердің көлік-пайдалану көрсеткіштерің жақсаруы және олардың тұтыну құманың жоғарылауы;

  3. автомобиль жолдары желілерін сақтау және дамыту;

  4. автомбиль жолдарын қайта жаңғыртудан және күрделі жөндеуден кейін телімдерде жөндеу аралық аралық мерзімдерді сақтау;

  5. автожол саласына сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу.

Қауіптер:

  1. ішкі және сыртқы конъюктурасының нашарлау мүмкіндігіне байланысты макроэкономикалық тәуекелділіктер;

  2. бюджеттік қаржыландыруды қысқарту;

  3. бағалық тәуекелдер;

  4. заңнамалық тәуекелдер;

  5. техногендік және экологиялық тәуекелдер;

  6. кадрлық тәуекелдер;

  7. темір жол көлігінде жоғары тозудың және құралдың бұзылуының салдарынан апаттардың және техногендік катастрофалардың тәуекелділігі;

  8. қолданыстағы жол-пайдалану техникасының жоғары тозуы байқалады.


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет